Қан биохимиясы. кинин жүйесі. қанның ұюы


Студенттің өзіндік
жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Биохимия
Курс : 2
Таќырыбы: Қан биохимиясы. Кинин жүйесі. Қанның ұюы.
Орындау әдісі : Реферат
Орындаған :
Қабылдаған:
Группа:
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Кинин жүйесі. «Жедел фаза кезіндегі ақуыздар»: табиғаты, мәні, диагностика мақсатында анықталуы.
2. Қанның ұюы. Гемостаз механизмі, тромбының түзілу кезеңдері. 3. Қанның ұюындағы К витаминнің ролі.
4. Фибринолиз жүйесі. Қанның ұюына қарсы жүйе. Антитромбиндер және гепарин.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Аминдер дегеніміз үш валентті азот атомының көміртекті радикалдарымен (тізбекпен) тікелей байланысқан, аммиак туындысы іспеттес күрделі органикалық қосылыстар. Мысалы, аммиакта үш сутекпен байланысқан азот атомы бар, егер ондағы бір сутек атомы бір радикалмен алмастырылса - оны біріншілік аминдер дейді. Ал екі сутек атомы бір түрлі не екі түрлі радикалмен алмастырылса екіншілік, үшеуі -үш радикалмен алмастырылса үшіншілік амин дейді. Біріншілік аминдегі азот екі сутек, бір радикалмен, екіншілік - екі радикал, бір сутекпен, ал үшіншілік - үш радикалмен байланысқан, яғни онда сутек атомы жоқ. СН3-NH2 метиламин біріншілік (CH3) 2NH - диметиламин екіншілік, (СН3) 3Н триметиламин - үшіншілік болады.
Сутекпен алмастырылған радикалдың табиғатына орай алифатты және ароматты аминдер болып екіге бөлінеді. Мысалы, жоғарыда келтірілген үшеуі - алифатты немесе май қатарындағы аминдер болады. Ал, аммиактағы сутектер жоғарыдағы тәртіппен ароматты радикалдармен алмастырылса, олар ароматты аминдер деп аталады.
Негізгі бөлім
Биогенді аминдер және олардың биологиялық ролі (ДОФА, ГАМК, серотонин, гистамин) .
Медиаторлар (нейротрансмиттер, синапстык өткізгіштер) - дегеніміз жүйке импульстарын физиологиялық жүйелер торшаларына немесе басқа жұйке торшаларына жеткізетін химиялық өткізгіштер. Өткізгіштер берілетін орыңдар - синапстар, ал медиаторлар әсерлесетін химиялық құрылымдар - реактивті (холинергиялық, адренергиялық) заттар деген атау алды. Медиаторлардың едәуір бөлігіне биогенді аминдер деп атайды (ароматты амин қышқылдарының декарбоксидденген туындылары) . Катехоламин туындыларынан жақсы зерттелгені дофамин, ал ол синапстық түйіндердегі (ганглилердегі) интернейрондардың белгілі медиаторы болып саналады. Дофаминергиялық нейрондар орталық мидың лимбиялық жүйесінде, оның гипоталамиялық аумағында және торшаларында болады. Норадреналин бүйрек үсті безінің милық затыңца, бүйрек үсті безінен тысқары жатқан хромафин ұлпаларында, үлкен мида және симпатикалық жүйелердің түйіндерден кейінгі ұштарында түзіледі. Ол симпатикалық нейрондардың медиаторы болып саналады. Серотонин (иңдол туындылары) - ішек жүйке тармақтарының медиаторы; ол тыныс алу мен қан айналуға белсенді әсер етеді, жүрекке ино және хронотропты әсер етіп, бірыңғай салалы бұлшық еттерді қоздырады. Ацетилхолин - холиннің сірке қышқылды эфирі. Бұл өте кең әсерлі холинергиялық жүйкелердің түйініне кейінгі ұштарының медиаторы. Кейбір медиаторлар амин қышқылдарына жатады: глицин, глутамин, гамма аминмайлы қышқылы, аспарагин қышқьшы және тағы басқалары. Медиаторлардың түзілуі синапстық аумақтың қалыпты зат алмасуын көрсетеді. Мысалы, а - тирозин - 3 гидроксилаза ферменттерінің әсерінен L - дофаға, ал дофа декарбоксилаза ферментінің өсерінен дофаминге өзгереді. Дофамин гидроксилаза ферментінің өсерінен дофамин норадреналинге, ал ол фенилэтаноламин - N - метил трансфераза ферментінің әсерінен адреналинге айналады.
Биологиялық қызметі және түзілуі: гистамин, серотонин, гамма-аминомай қышқылы (ГАМК), катехоламиндер.
Гистамин - физиологиялық белсенді зат. Биогенді аминдерге жатады, организмде гистидиннен жасалады. Гистамин өсіп келе жатқан тканьдерде (эмбриондық, қайта өсіп келетін) көп түзіледі, көп мөлшерде мес клеткаларда кездеседі. Гистамин қан иммунитетінің лимфокиныболып есептелінеді. Аз ғана мөлшерде организмге тағаммен кіреді.
Гистамин қан құрамында байламды түрде кездеседі. Гистамин үсақ, тамырлар өткізгіштігін жақсартады және микроциркуляцияның реттелуіне қатынасады, асқазан сөлінің бөлінуіне әсерін тигізеді. Гистаминмедиатор есебінде аллергиялық реакцияға қатысады (есекжем, Квинке ісігі, бронхының тарылуы) . [1] Аминдер радикалдық санына байланысты бірінші, екінші және үшінші Аминдер деп бөлінеді. Аминдердің алкиламиндер және ароматтық Аминдер (ариламиндер) деген түрлері бар. Алкиламиндер - күшті, ариламиндер - әлсіз негіздер. Алкиламиндер минералды қышқылдармен әрекеттескенде көп жағдайда суда жақсы еритін тұздар түзеді. Тас көмірқышқылдарымен, олардың ангидридтерімен, күрделі эфирлермен қыздырғанда бірінші және екінші Аминдердегі сутек атомы алмасқан амидтер түзіп ацилденеді. Аминдерді анықтау үшін олардың амидтерге ацилдену реакциясын пайдаланады. Аминдердің көпшілігі табиғатта кездеседі. Физиол. белсенділігі олардың сутекті, ковалентті, иондық байланыстар түзуіне негізделген. Аминдер өсімдіктер дүниесінде әр түрлі процестерде (метаболизм, т. б. ) маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ синтетик. жолмен алынған Аминдердің емдік қасиеттері бар. Осыған байланысты Аминдер бактериялық құрт ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады. Аминдер радикалдық санына байланысты біріншілік RNH2, екіншілік R2NH және үшіншілік R3N болып бөлінеді.
Серотонин - биогенді камин, қан иммунитетін қоздырушы медиатор. Фенилаланин-гидроксилаза және декарбоксилазаның көмегімен триптофаннан құралады. Серотинин әртүрлі органдарда кездеседі. Әсіресе мидың, ішектің әртүрлі торшаларында, кеміргіштердің тромобоциттердіде және мес торшалардың қүрамында өте көп болады.
Гамма-аминомай қышқылы (ГАМК) глутаматтың декарбоксильденуі кезінде түзіледі. Көп мөлшерде гипаталамуста қара субстанцияда және бозғылт затта болады. ГАМҚ жүйке жүйесінің тежегіш медиаторы болып табылады.
Катехоламиндер - адам мен жануарлар организміндегі физиологиялық, биология-химиялық процестерге қатысатын пирокатехин туындысы. Табиғи катехоламиндерге адреналин, норадреналин және дофамин жатады. Катехоламиндер қанда, түрлі органдарда, тканьдерде және несеп құрамында болады. Кейбір аурудан қан мен нсепте катехоламиндер мөлшері артады. Катехоламиндер зат алмасу процесінде түрлі өзгерістерге ұшырайды, физиологиялық және биохимиялық қасиеттері өзгереді.
Антигистаминді препараттар.
Аллергиялық реакциялар биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторлары) шығуымен жүреді, көптеген медиаторлардың ішінде ең негізгісі гистамин. Бұған қарсы дәрілерді антигистаминдік препараттар дейді. Олардың саны 150-ден артық. Бұлардың бәрінің ағзадағы торшалардың гистамин рецепторларына туыстығы бар. Гистамин антагонистері болып саналып, «шок» мүшенің Н. рецепторларына байланысып гистаминнің және басқа медиаторлардың торшаға әсер етуін тоқтатады. Антигистаминдік препараттардың баяу жүретін аллергиялық реакцияға әсері жоқ және «шок» мүшенің арнайы емес гиперреактивтілігін баспайды. Бұл препараттар гематоэнцефалиттік кедергіден өтіп седативтік әсер береді. Дәрілерді күніне 2-3 реттен, 5 күннен ұзаққа тағайындамайды. Жиі қолданылатын препараттар-димедрол, дипразин, фенкарол, димебон, бикарфен, перитол, супрастин, тавегил, лоратиден (АҚШ), азеластин (Жапония) . Лоратиден, азеластин, диазолиннің седативті әсері нашар. Фенкарол гистаминазаны белсендіріп гистаминді ыдыратады. Пипольфеннің седативті әсері күшті және М-холинолитикалық әсері бар (түкірікті қойылтады) . Пипольфен, дипразин және терилен ұзақ емдегенде торшаларды бұзып (цитотоксикалық әсер) гистаминнің шығуын көбейтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz