Болмыс - дүниеге көзқарастық және методологиялық проблема ретінде



Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Болмыс . онтологиялық категория ретінде
2) Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері
3) “Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары.
ІІІ. Қорытынды
Болмыс - дүниеге көзқарастық және методологиялық проблема ретінде
Кіріспе.Әлемнің сыр – сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігін - “болмыс” деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдарды бұл ұғымды философиялық ой – толғаныстардың түп қызығы, бастапқы негізі деп қараған. Болмыс философиядағы негізгі түсінік болмыс туралы ілім, антология философия күні бүгінге дейін әртүрлі көз қарастар дискуциялар болып түрады себебі болмыс проблемасы күнделікті уақытта адам адамзатқа күрделі сұрақтар қояды. Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік - әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанға бұл өзінен - өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады. Болмыс - онтологиялық категория ретінде. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста «болмыс» термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - «өмір сүру» сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi «болу», терминіне сәйкес келеді.
Философияда «болмыс» терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік-материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет «болмыс» деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз–Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. (Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады. «Болмыс - бар, биболмыс - жоқ» - деді Парменид.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Серік Мырзалы. Философия. – Алматы: “Бастау”, 2008
2. Ежелгі шығыс философиясы. “ Әлемдік философиялық мұра”
Жазушы. Алматы, 2005
3. Д. Кішібеков «Философия» (оқулық) – Алматы: “Қарасай”,2010
4. Ғаламтор желісі.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Факультет:Жалпы медицина
Кафедрасы: Әлеуметтік-саяси пәндер
Дисциплина: Философия

Тақырыбы:Болмыс - дүниеге көзқарастық және методологиялық проблема ретінде

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Болмыс - онтологиялық категория ретінде
2) Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері
3) "Материя" категориясы, оның атрибуттары мен модустары.
ІІІ. Қорытынды

Болмыс - дүниеге көзқарастық және методологиялық проблема ретінде
Кіріспе.Әлемнің сыр - сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігін - "болмыс" деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен ойшылдарды бұл ұғымды философиялық ой - толғаныстардың түп қызығы, бастапқы негізі деп қараған. Болмыс философиядағы негізгі түсінік болмыс туралы ілім, антология философия күні бүгінге дейін әртүрлі көз қарастар дискуциялар болып түрады себебі болмыс проблемасы күнделікті уақытта адам адамзатқа күрделі сұрақтар қояды. Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік - әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанға бұл өзінен - өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын да анық аңғарады. Болмыс - онтологиялық категория ретінде. Болмыс - тарихи қалыптасқан терең мағыналы, кең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар арасындағы қатынаста болмыс термині үш мағынада қолданылады. Болмыс, кең мағынасында, объективтік шындық. Болмыс - қоғам мен адамдар өміріндегі материалдық және рухани дүниенің қорытындысы. Болмыс - өмір сүру сөзінің синонимі. Жай күнделікті әңгімедегi болу, терминіне сәйкес келеді.
Философияда болмыс терминіне ерекше мән беріліп, ол онтология категориясы болып қалыптасады. Бұл философияның адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін нақты шындық туралы бөлімінде айтылады. Адам, индивид ретінде, жеке тіршілік иесі ретінде әрекеттенеді. Оған: тұратын жері немесе тұратын үй-жайы; рухани атмосфера, психологиялық күйі, ерекшелігі; істейтін ісі немесе жұмысы, қызметі, т.б. әсер етеді. Болу - өмір сүру. Адам өмірі бәріне де тәуелді: уақыт пен кеңістікке, материалдық өндіріске, генетикасы мен әлеуметтік ортасына, т. б.Болудың мазмұны абстрактылық: 1. психикалық климат; 2. әлеуметтік-материалдық қатынас; 3. адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі - осылар адамдардың өмір сүру ортасын құрайды, бәрі де болмыс. Антика заманында алғашқы рет болмыс деген терминді философ Парменид (Эгей қаласынан) енгiздi. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз - Шар немесе Сфера секілді шекарасы жоқ, бос кеңістік. (Болмысты сферамен ұқсастырудың себебі, антикалық замандағы Сфера ұғымы - өте әдемі, мүлтіксіз, геометриялық фигура болып есептелінген). Болмыс субъективтік ақыл-ой емес, әлемдік ақыл-ой - логос ретінде, адамға тікелей әлемнің жасырын сырын ашады, яғни ақиқат болады. Болмыс сезімнің арғы жағындағы құбылыс, ой. Ол бірлік, өзгермейтін абсолют, өзінің негізінде субъект және объектіге бөлінбейді. Бұл мүлтіксіз ортадағы ақиқат-жақсылық, игілік және жарық. Ол пайда болмайтын, жоғалмайтын, қозғалмайтын, жалғыз, уақыты бойынша шексіз болады. Болмысқа ештеңенің қажеті жоқ, сезімдік сападан айырылған, сондықтан тек ақыл-оймен игеруге болады. Болмыс - бар, биболмыс - жоқ - деді Парменид.
Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс - бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс - материя. Болмыс - эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Платон бiздiң кәдiмгi түсiнiгiмiзге қарамай, неге болмысты идея деп, ал биболмысты - материя деп санайды. Материалдық заттардың бүлiнуi мен жойылуы мүмкiн, ал идеяға (эйдос) еш уақытта зақым келмейдi. Материалдық заттар кейде iрi немесе кiшкене, жаман немесе жақсы болуы мүмкiн, ал идеялар болса керiсiнше - азаймайды әрі көбеймейдi, жақсармайды және нашарланбайды, өзiнiң толық жағдайында өмiр сүредi. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте, т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзi, бiр абсолют. Ол - абсолют, дүниенің бастамасы.
Болмыс мәселесiн шешуде Аристотель төрт бастамалық себеп туралы iлiмдi жасады:
а) форма - заттың мәнi, оның құрылымы және түсiнiгiмен байланысты;
ә) материя - барлық заттарды құрайтын бастапқы субстанция және материя мәңгi, бiрақ әрекетсiз ( тек зат болуға мүмкiндiгi бар субстарт), бұл материализмге жақындататын дуалистiк оқуға ұқсас;
б) бастапқы қозғаушы күш - форманың бiр сипаты, форманың материямен қосылу сәтіндегі белсенділіктің болуы,
в) мақсаттылық - бұл форманың бiр сипаты, ана немесе мына заттың не үшiн, өмiр сүруiне байланысты анықталады.
Аристотель өзiнiң төрт алғашқы себеп тұжырымдамасында болмыстың жоғарғы сатысы ретiнде абсолюттiк ақыл iлiмiн қойды. Шын мәнiнде - бұл құдайлық бастама, ол өз-өзiн ойлайтын Ақыл ең жетiлген философ. Ақыл - барлық форманың формасы болмыс туралы шегiне жеткен түсiнiк, алғашқы қозғаушы күш ретiнде - бәрiн қозғайды, ал өзi болса қозғалмайды, мақсаттылық ретiнде - жалпы мақсат көзi, барлық заттар ұмтылатын жоғарғы игiлiк.Орта ғасырлық философияда шынайы болмыс Құдай деп саналды. Әлем мен Адам Құдайға қарағанда екінші, оның туындысы. Адам Құдайға ұқсас. Сондықтан ол өзіне болмыстың бір бөлігін алады. Қайта өрлеу дәуірінде болмыс ең алдымен материалдық табиғат болмысымен ара қатынаста болады. Осы кезде болмыста табиғат пен Құдай теңестіріледі, осыдан пантеистік көзқарас пайда болады. Жаңа Заман философиясында болмыс субстанциямен теңестіріледі. Декарт екі субстанцияны - материалдық және руханиды көрсетті. Олар бір-бірімен тең және тәуелсіз. Бірақ болмыстың өлшемі ойлау деді. Спиноза өзінің пантеистік сипатындағы философиясында Құдай, табиғат, субстанцияны теңестірді. Субстанцияны (causa sui) өзіндік себеп ретінде түсіндіреді.
Гегель мен Гераклит секілді ойшылдар өтпелі ауыспалы заттар болмысының диалектикасын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін сараптай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп көрсеткен.
Философиядағы дәстүрлі болмыстың түрлері қалай бөлінеді. Олар қазіргі философия мен ғылымда қалай сипатталады? Болмыс түрлерінен болмыс категориясына материалистік, идеалистік, иррационалдық мән берілгені анықталады. Әдетте оларды талдау мақсатында бірнеше түрлерге бөледі, яғни нақты өзіндік қабаттың ерекше өмір сүруін ескереді.
1. Табиғат болмысы (материалдық құбылыстардың, заттардың процестері).
2. Әлеуметтік болмыс (тұтас қоғамдық болмыс және жеке топтардың, адамның болмысы).
3. Рухани болмыс: 1. субъективтік - жеке адам өмірінен бөліп алуға болмайтын болмысты, дербестенген дейміз; 2. объективтік - адамнан тыс өмір сүретін жасанды болмысты объективтендірілген дейміз. Болмыстың түрлерін тек тану мақсатында, талдауға оңтайлы болу үшін жіктейді. Олар тек абстракцияда, теорияда дербес болады, нақты жағдайда бір-бірінен бөлінбейді. Адам болмысы табиғи болмыспен де, рухани болмыспен де өзара қиылысады. ХХ ғасыр философиясы мен ғылымы дәстүрлі сипаттамаға, негізгі болмыс түрлерін төмендегі жаңалықтар арқылы көрсетіледі.

Табиғат болмысы. Қазіргі замандағы дүниеге көзқарас үш негізгі табиғат сипаттамасына сүйенеді: жүйелік, әмбебаптық эволюционизм, өзінен-өзі ұйымдасуы. Табиғат болмысы бүгінгі философиялық ойлауда табиғаттағы жеке заттарды, субстраттарды емес, жүйелердің мәні, элементтерінің өзара әрекеті - тәсілдері талданады, яғни құрылымын зерттейді. Әлемнің архитектурасын бастапқы материал емес, жүйелік-құрылымдық ұйымдасуы анықтайды деп санайды. Атап, айтқанда, бұл - әлемнің, оның бірлігін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Табиғат болмысының қазіргі кездегі маңызды сипаттамасы, оның эволюциялық мүмкіндігінің мойындалуы. Ғылымдағы барлық белгілі табиғи жүйелер (ХІХ ғ, тек қана тіршілік иелері деп санаған) өзінің нәтижесінде эволюцияны көрсетеді. Бұл қорытындының бүкіл әлемге, біртұтас дүниеге қатысы бар. Эволюция феномені жергілікті емес, әмбебаптық.. Қазіргі кезде ең басты мәселе, өзін-өзі ұйымдастыру құбылысы ретінде қаралады. Яғни, спонтанды ретсіз жүйеден аса жоғары ұйымдасқан түрге өтуін зерттейдi.
Әлеуметтік болмыс. Соңғы кезде бұл болмыс түрлерінің төмендегідей тенденциясы белгіленді: технологизациялау, институциализация, жаһандандыру, виртуализация, ақпараттандыру.Бірінші тенденция. Әлеуметтік болмыстың құрамында техникалық құралдардың басым болуын, адамдардың табиғи ортаға бейімделуі және өзінің әлеуметтік өмірін реттеудегі рөлінің өсуін анықтайды. Екінші тенденция. Қоғам өміріндегі ұйымдастыру және тәртіптеу дәрежесінің өсуінің айғағы. Субъекті әрекетінің рөлі көптеп әлеуметтік институттарға көшті. Үшінші тенденция. Әртүрлі аймақтардың тәуелсіздігінің өсе түсуі, әлеуметтік кеңістіктің тарылуы әлеуметтік әрекеттің үлгісін бір ретке салудың қажеттігін көрсетеді. Соңғы тенденцияда - әлеуметтік болмыста кейбір жаңа болмыстың қабаты пайда болды, адамдардың белсенділігі соған қарай көбірек ауыса бастады. Әлеуметтің нақты құрамын заттар (жер қазынасы, энергетикалық күштер), ресурстар емес, қазір көбінесе ақпараттық кеңістік анықтайтынын көрсетедi. Ақпараттық сипаттың өсуі, әлеуметтік болмыс құрылымының өзін өзгертіп, ондағы материалдық емес бөліктердің мәнін мен үлесін көбейтеді.
Әлеуметтік болмыс қоғамдық қатынастарға байланысты. Жеке меншіктің мәні - әр адамның қабілетінің ашылуы, оның әлеуметтік жағдайының өзіне байланыстылығын анықтайды. Тәрбиенің мәні - әлеуметтіктi іздеу, қандай қоғамның моделі жақсы деген мәселе қояды.
Рухани болмыс. Дербес субъективтi және объективтендірілген деп бөлінеді. Дербес рухани болмыс - жеке кісілердің өмірлік тіршілігінен, қызметінен бөліп алуға болмайтын рухани болмысы, адамдар өз қарым-қатынасын анықтап, өз ойлары мен сезімдерін бағдарлайды. Оған: адамның тіршілігінде, қимыл-әрекетінде, істеген ісінде санадан пайда болатын нәтиже; ой елегі мен санадан өтпей дағдыға айналып, істеле беретін санасыз әрекеттер жатады. Санасыздықтың негізінде саналы процестің басталуы ақиқат. Сана мен санасыздың бірлігінде шығармашылық шабыттың келуі, ғылыми, философиялық және сезімтал-әлеуметтік қатынас пен процестердің көрініс табуы байқалады. Рухани болмыстың объективтендірілуі: Әуелі белгілі бір ой, пікір, идея жеке адам санасында пайда болады. Адам тәжірибеге, білімге және қабілетінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді, яғни тіл арқылы өрнектейді, жоба жасайды, музыканы (ән-күйді) нотаға түсіреді, сурет салады, материалдық бұйым жасайды. Рухани жемісін қоғамдық практикаға қосады.Тіл - дербестенген және объективтендірілген рухани болмыстың бірлігі. Тіл - қоғамды дамытушы, тарихты жалғастырушы және байланыстырушы, мәдениетті сақтаушы, ақыл - ой тірегі.
Болмыс - жан-жақты терең, ауқымды ұғым, болмыс тек материя ғана емес, сонымен бірге идея, дін. Ол субстанция ұғымымен тығыз байланысты. Субстанция өзіндік мән, бастама. Ол өзінің өмір сүруі үшін өзінен басқа ешнәрсеге мұқтаж болмайды. Субстанция (лат. негізінде не жатыр деген сөз). Субстанция - монизм мен дуализм плюрализм болып үшке бөлінеді. Қандай да пікір сөз, дау болмасын, өмірдің негізінде не жатыр деген сұрақ туындайды. Монистік (бір негіз, біреу) бастама идеалистік, материалистік болады. Монистік бастама идеалистік, яғни, дүниенiң негізінде идея мен сана жатыр (Сократ, Платон, Аристотель ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары
Философия - адамзаттың рухани табысы
Философияның пәні қызметтері мен міндеттері
Болмыстың негізгі түрлер
Философияның пәні мен әдісі
Философия функциясы
Философияның ерекшелігі және негізгі анықтамалары. Философия – даналық
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
Пәндер