Диалектика және таным теориясының негіздері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Философия

Кафедра: Әлеуметтік-саяси пәндер

Курс: II

Тақырыбы: Диалектика және таным теориясының негіздері.

Орындау түрі: Реферат

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Диалектиканың қалыптасуы және даму кезеңдері
  2. Диалектиканың негізгі заңдары және категориялары туралы түсінік
  3. Диалектика теориясының мәселелері
  4. Таным туралы түсінік және оның тарихы
  5. Таным теориясының мәселелері
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Диалектика - болмыстың әмпебап байланыстары, оның өзгеруі мен дамуы жөніндегі ілім. « Диалектика» ұғымының пайда болуының мәселесі дербес, өз алдына бір философиялық мәселе болып табылады. Диалектиканың ғылыми тұрғыда ұғыну ұзақ уақытты қажет етті және бұл ұғымның өзі терминінің әуелгі мағынасын өңдеу тіпті одан бас тарту барысында пайда болды. Ежелгі философияда дүниедегі нәрсенің бәрі де құбылмалы екендігі атап айтылған шындықты процесс деп есептеп, бұл процеске кез келген қасиеттің қарама-қарсы айналуының қандай роль атқаратыны тұжырымдалған. Бұл сияқты зерттеулерде диалектика термині әлі қолданылмады. Диалектиканың алғашқы мәні сұхбаттасу, әңгімелесу / грек тілінен dialegu mai/ деген ұғымды білдіреді. Аристотель диалектиканы ойлап тапқан Зенон Элейский деп есептейді, ол көптік және қозғалыс ұғымдарын ой елегінен өткізгенде келіп шығатын қайшылықтарға талдау жасаған болатын Аристотельдің өзі дәлелдеу туралы ғылым - аналитикадан диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым ретінде ажыратады.

Элеаттардың ізінше Платон шынайы болмысты бір қалыпты әрі өз өзімен барабар болады деп анықтайды. Әрі қарай диалектика қарама-қайшылықтар приципінен негізделеген шындықты меңгерудегі тәсілдер мен әдістер жүйесі деген мәнге ие болып, дамудың жалпы заңдары жөніндегі ілім деп анықталды. “Софист” және “Парминид” сұхбаттарында жаратылыстағы жоғарғы буындағылардың кез келгенін бар әрі жоқ, өз-өзіне барабар әрі барабар емес, өзіне тепе-тең және өзінің “басқа ” түріне өтіп отырады деп қана ойда көрсетуге болады деген диалектикалық тұжырымға келеді. Сол себепті болмыстың өзінде қайшылықтар болады: болмыс бірегей әрі көпше, мәңгі әрі өткінші, бірқалыпты әрі құбылмалы, тыныштық күйінде әрі қозғалыс үстінде болады. Қайшылық - рухты ойландырып - толғандыруға түрткі болатын қажетті шарт. Және бұл өнер, Платонның пікірінше, диалектикалық өнер болып табылады.

Неоплатоншылдар диалектиканы дамыту ісін жалғастырды. Феодалдық қоғамның философиясы - схоластикада - диалектика деп риторикаға қарсы қойылған формалдық логиканы атай бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың үйлесімі туралы диалектикалық ойларды Н. Кузанский мен Бруно ұсынды. Жаңа тарих кезеңінде метафизиканың үстемдігіне қарамастан Декарт пен Спиноза диалектикғалық ой үлгілерін жасады.

Негізгі бөлім

18 ғасырда Францияда диалектикалық идеяларының сонылығымен Руссо мен Дидро ерекшеленді. Диалектикалық дамудың аса маңызды кезеңі неміс классикалық идеализмі болды, оның метафизикалық материализмнен айырмашылығы - шындықты танылу объектісі деп қана емес, іс-әрекет объектісі ретінде де қарастырғандығы еді. Сонымен қатар субъектінің танымы мен іс-әрекетінің шынайы материалдық негізін білместігі неміс идеалистерінің диалектикалық идеяларының өресіздігіне, жаңсақтығын көрсетті. Лейбниц монадаларының өздігінен дамуы туралы және таным принциптерінің қайшылықты бірлігі туралы ілімінде Кант физикалық және космогониялық процестердегі қарама-қарсы күштердің маңызын көрсетіп, алғаш рет метафизиканың шебін бұзды әрі Декарттан соң бірінші болып - табиғатты танудағы даму идеясын енгізді.

Классикалық неміс философиясы диалектиканы жеке мен жалпының, құбылыс пен мәннің, бөлік пен бүтіннің, элемент пен құрылымның, ұғым мен жүйенің, кездейсоқ пен қажеттіліктің, мүмкіндік пен шындықтың контекстінде, яғни детерминизм және диалектикалық заңдар концепциясында қарастырады.

Таным теориясында Кант диалектикалық идеяларды «антиномиялар» туралы ілімінде дамытты. Бірақ ақыл парасат диалектикасы Канттың пікірінше, алдамшы нәрсе және ойдың өзі құбылыстарды ғана танумен шектелген қолдану аясына оралысымен ақ диалектика жойылады. Бұдан кейін таным теориясында Фихте маңызды диалектикалық идеялары бар категориялар жасаудың «антитетикалық» әдісін жетілдіреді. Шеллинг Канттың ізінше табиғат процестерін диалектикалық тұрғыда ұғынуды ұсынды.

Диалектиканың асқар шыңы Гегельдің идеалистік диалектикасы болды. Гегель «тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуа деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың ішкі байданысын ашуға тырысты». Гегельдің ойынша диалектика бір анықтаманың басқа анықтамаға айналуы, онда бұл анықтамалардың сыңаржақты әрі өресіз екендігі, яғни олардың бойында өздерін өздері терістеу бар екендігін көрінеді, пайымдаудың дерексіздік анықтамаларынан диалектиканың ерекшелігі осында Гегель ілімі бойынша, сол себепті диалектика ойдың ғылыми тұрғыда өрістеуінің қандайының да болсын қозғаушы күші және ол ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілік енгізетін бірден бір принцип болып табылады. Дүниедегінің бәрінің өзін өзі терістеуге келуінің қажеттігі туралы Гегель ілімінде, өмірді де ойды да революцияландыратын негіз болады, сол себепті алдыңғы қатарлы ойшылдар Гегель диалектикасын «революция алгебрасын» көрді.

Диалектиканың негізгі заңдары және категориялары туралы түсінік

Гегельдің диалектикалық жүйесі сандық және сапалық өзгерістердің табиғатын көрсетеді:қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, терістеуді терістеудің қайшылығы кез-келген жүйенің немесе құбылыстың даму процесі «прогресс», «регресс», «даму» ұғымы мен тығыз байланысты.

Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз-заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемдік тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз-әлемнің байланыстарын бейнелейтін білім жүйесі. Бұл-ғылым заңдары. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама-қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама-қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама-қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді. Қоғам өміріндегі қайшылықтар өте күрделі және жан-жақты. Сандық және сапалық өзгерістердің өзара өту заңы дамудың нақты тетігін көрсетеді. Диалектика кез келген затты оның қасиеттері, саны және сапасы жағынан сипаттайды. Қасиет дегеніміз - заттың басқа заттармен байланысындағы сипаты. Сапа - бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір-біріне ажыратып, дүниенің шексіз саналуандылығын айқындайды. Сапа дегеніміз-заттың барынша өзінділігі. Сан заттың біркелкі бөліктерге бөлінуін айқындайтын ұғым. Бір-біріне ұқсамайтын нәрселердің айырмашылығында сапалық, ол бір-біріне ұқсайтын нәрселердің айырмашылығында сандық сипат бар. Кез келген заттың негізгі бір сапасы бар. Мысалы, стақан-ең алдымен ішуге арналған құрал. Әрбір зат сапалық, тұрақты және сандық, тұрақсыз қасиеттердің қайшылықты бірлігі. Бұл бірлік белгілі бір интервалға дейін сақталады. Оны шама арқылы анықтаймыз. Шама-нәрсенің немесе құбылыстың сапалық және сандық айқындылығының табиғи бірлігін білдіретін философиялық категория. Зат пен құбылыс өз дамуының белгілі бір деңгейінде жаңа сапаға көтеріледі. Сан өзгерістерінің нәтижесінде ескі сапаның жаңаға айналып, заттың немесе құбылыстың түпкілікті, сапалы өзгеруін, секіріс деп атаймыз. Кез келген сапалы өзгерістің тек секіріс арқылы дамуы маңызды бетбұрыс. Өйткені секіріс кезінде зат өзінің сапалық қасиетін жоғалтып, басқа қасиеттердің жиынтығына айналады. Сан мен сапалық өзгерістердің өзара байланысын химия жақсы дәлелдейді. Мысалы, кәдімгі ауаның молекуласына ауаның бір ғана атомы қосылса, онда озон пайда болады. Озон - басқа сапалы құбылыс. Сондықтан да болар, Ф. Энгельс химияны мөлшерлік, сандық өзгерістердің нәтижесінде заттардың сапалық қасиеттері өзгеріп отыратындығы туралы ғылым - деп анықтады. Терістеуді терістеу заңы даму процесінің түрі мен жалпы бағытын көрсетеді. Мұнда ерекше танымдық рольді терістеу ұғымы атқарады. Терістеуді - терістеу заңының аясында аса маңызды заңдылықты-сабақтастықты түсіндіруге болады. Терістеу‚ сабақтастық-жалпы дамудың, соның ішінде ғылыми, көркемдік дамудың да объективті заңдылығы. Сабақтастық жоқ жерде ілгері өрлеу, даму болмайды. Адамзат баласы тарихи дамудың әр сатысында әдебиет пен көркемөнерді, ғылыми жетістіктерді қайта жасамайды. Өткен заманда істелген жұмыспен, пайда болған әдеби туындымен таныс болмасақ, онда біз дүниені танудың бұрыннан белгілі әдіс, жолдарын қайта қарастырып, уақыт өткізер едік. Сабақтастықтың арқасында мұндай жағдайды бастан кешірмейміз. Жоғарыда атап өткен диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді. Біріншіден, құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы идеясын әлем мен жаратылыстану тарихы толық дәлелдейді. Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты - оның ішкі қайшылықтары идеясы. Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея

Диалектика теориясының мәселелері

Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым-қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз-мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз-болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика-дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол-әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгеріп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір-бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф. Энгельстің анықтамасы бойынша‚ диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дегеніміз-әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнеленуінен субъективтік диалектика туындайды. Әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: “Даму дегеніміз не?”, “Ол неліктен болады”, “Даму қалай іске асып отырады”, “Даму қайда бағытталған” сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлау иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді. Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ - жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген. Бірте-бірте диалектика даму туралы ілімге айналды. Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындады. Диалектикалық дәстүрдің бастауы, негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит “от”, “әлемдік өрт”, “космос” ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір-біріне қарама-қарсы жақтардан тұрады, олар бір-бірімен әрекеттеседі. Қарама-қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы. Гераклит мәңгілік және өткіншілік, Құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама-қарсылықтарды атап көрсеткен. Орта ғасырларда кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П. Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған. А. Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д. Бруно, Н. Коперник, Р. Декарт, Б. Спиноза, Н. Кузанский шығармашылығында дамыған. Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И. Гердер әлемдік мәдениеттің даму идеясын ұсынса, И. Кант таным процесінің қозғалу логикасын анықтады. Диалектиканың дамуына қомақты‚ сүбелі үлес қосқан философ-Г. Гегель. Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Диалектиканың негізгі ұғымы - даму. Даму дегеніміз- қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге даму болады. Диалектиканың маңызды принциптері бар. Оған дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады. Қайшылық - даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз қарама-қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі.

Таным туралы түсінік және оның тарихы

Эпистемология (көне грекше: ἐπιστήμη - «ғылым» және көне грекше: λόγος - «сөз») немесе гносеология (көне грекше: γνῶσις - «білім» және λόγος - «слово», «речь») немесе таным теориясы - философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.

C:\Users\Alser\Desktop\f270ee08dbfba47d664fbc63cc7648e1.jpg

Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным — адам қызметінің ерекше түрі
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
Гегель мектебі тарихи үрдіс концепциясы
Қазіргі заман мектебінде математикадан білім беру
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Жалпы теорияның пәні және әдісі
ЖАЛПЫ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz