Психикалық белсенділік



1 Эмоция танымдық үдерістің бірінші кезеңі
2 Тұлганын талаптануы өзін өзі багалауы
3 Мінез.құлық
4 Қарым.қатынас тәсілдері
5 Тұлғаны жас кезеңдеріне қалыптастыру
6 Сана бұзылыстарының түрлері, сананың ерекшеліктері
7 Психикалық ауруларға әкелетін негізгі факторлар
Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Ес түрлері
Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1. Психикалық белсенділікке қарай:
• 1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;
• 2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;
• 3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;
• 4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
2. Мақсатқа қарай:
• 1) Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
• 2) Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:
• 1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;
• 2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);
• 3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Ес процесстері

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
11билет
1.Ес -- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Ес түрлері
Ес түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1. Психикалық белсенділікке қарай:
* 1) Қозғалыс есі - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып, оны қайта жаңғырту есі;
* 2) Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру;
* 3) Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту;
* 4) Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
2. Мақсатқа қарай:
* 1) Ырықты ес - түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
* 2) Ырықсыз ес - адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
3. Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай:
* 1) Қысқа мерзімді есте қалдыру;
* 2) Ұзақ мерзімді есте қалдыру (ұзақ мерзімді ес);
* 3) Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ес процесстері
1. Есте қалдыру. Есте қалдыру - мәліметті белсенді қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны теру процесстері.
2. Қайта жаңғырту. Қайта жаңғырту - бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз.
3. Есте сақтау. Есте сақтау - бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.
4. Ұмыту. Ұмыту - бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері: 1) Жағымсыз индукцияның әсері. 2) Проактивтік тежелу. 3) Ременисцения - кешіктіріліп еске түсіру. 4) Шектен тыс тежелу.
2. Тұлғаның бағыттылығы
Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Кәсіби бағыттылығы қалыптастыруды жетілдіру және жеке адамның жалпы дамуы тұрғысынан өте терең және жан-жақты зерттеген А.П. Сейтешовтің пікірінше, тұлғаның кәсіби бағыттылығы дегеніміз - жеке адамның маңызды жақтарының бірі, ол оның эмоция-ұстаным-қызығушылық-бейімділ ік-идеал-сенімдерінен көрінеді деді.
Эмоция танымдық үдерістің бірінші кезеңі. Ол қажеттілік, сезімталдық, уайымдау, тірі эмоционалдық күй формаларында көрінеді. Ұстаным - нақтылы бір шарттарға сәйкес қандай да бір іс-әрекетке дайындық ретінде туындайтын нақтылы бір жағдайдағы тұлғаның динамикалық күйі. Қызығушылық - тұлғаның бағыттылығын анықтайтын қыры болса, бейімділік - тұрақты қызығушылықты құрайтын сапа. Идеал - идеалды іздеу, идеалды бекіту, идеалға ұмтылу іс-әрекетінде көрініс табатын тұлға бағыттылығының негізгі формасы. Идеалдар оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктері негізінде қалыптасады. Идеал - адам мінез-құлқы мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасының үлгілік көрінісі. Кәсіби идеал кәсіби және қоғамдық мазмұнға ие. Кәсіби идеалға кәсіби қызығушылық - болашақ мамандығы туралы ұмтылыс, кәсіби талаптармен танысу және т.б. жатады. Қызығушылықтарын қанағаттандыра отырып, таңдаған мамандығы туралы білім қорларын кеңейтеді. Қоғамдық мазмұнға сананың кәсіби бағыттылығының азаматтық және адамгершілік дамуы жатады.Кәсіби идеал мен мамандық таңдау арасындағы айырмашылық, идеал - мақсат, ал мамандық таңдау - осы мақсатқа жетудің құралын таңдау, белгілі бір іс-әрекетте өз-өзін дәлелдеу. Идеалды іздеу, таңдау және бекіту оқушы санасында кәсіби бағыттылықты қалыптастырудың негізгі кезеңін құрайды. Кәсіби идеалдың болуы - саналы, дұрыс, дәл уақытында мамандық таңдаудың алғышарты.Сендіру тұлға кәсіби бағыттылығының жоғары формасы ретінде іс-әрекетке бағыттылығын анықтау, тәжірибеде таңдалған жолының дұрыстығына көз жеткізу секілді компоненттерден тұрады.
3. Медициналық сұхбат - тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері,дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық ірекет жасау әдісі.Мақсаты:
1.Науқастың жекеше психологиялық қасиеттерңн біліп,бағалау.
2.Психологиялық ерекшеліктерінің сапасын анықтау, олардың күшін,ауырдлығын жіктеу.
3.Алынған мәліметті психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық белгілерге жатқызу.
Сонымен қатар ,сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің,жүріс-тұрысының ішкі себептерін ,ықпалдарын айқындау жатады.Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.Медициналық интервьюдің мағынасы,қарапайым сұрастырудан өзгеше болады,себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар ,адам қылықтарының ,өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.
МЕДИЦИНАЛЫҚ СҰХБАТТАСУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ;
1.Науқас адамның сезімділігін тудыратын жағдай жасау,құпиясын сақтауға кепілдік білдіру және сұқпаттың бастауыш мотивтерін анықтау.
2.Науқастың шағымдарын анықтап, талқылау, аурудың ішкі бейнесін бағалау.
3.Сұхбаттан жане емдеуден тосатын нәтижелеріне баға беру,адамның психалогиялық бейнесін анықтау.
4.Дерттің аяқталу түрлерін және болжамды емдеу нәтижелерін айтып,тусіндіру.

12билет.
1)Ес түсінігі. Ес бурын кабылдаган заттармен кубылыстарды есте сактап,есте калдырып,еске тусирип же кайта жангырту.Түрлері психикалык белсенділік.Козгалыс есі,сезімділік,бейнелік,сөз логика-қ.Мақсатына карай:ырыкты,ырыксыз.Материалды есте сактау узактыгына карай кыска,узақ мерзімді,оперативті ес.Козгалыс есі-енбек арекетіне байл кимыл козгалысты есту сактап жангырту.Сезімдік ес-ад-ң басыннан өткен сезімдерін есте калдыру.Бейнелік ес- зат-р мен кубылыстар-ң касиеттерін накты бейнесін есте калдырып жангырту.Соз логикалык ес-ад-ң ойынын турлі формаларын есте калдыру.Ырыкты ес-турлі маліметті есте сактауга саналы максат койылуы.Ырыксыз ес-максатсыз материалды есту сактау.
2)Тұлганын талаптануы өзін өзі багалауы.Тұлга жеке адам-ң өзіндік адамгершідік,ак,психология-қ қырларын ашып адам-р саналы іс арекет иесі же когам мушесі ретінде жан жакты сипаттайтын угым.Ад-ң өзін өзі багалуы-ад-ң әк касиеттерін-ң жиынтыгы,қоғам-ң даму жемісі же белсенді кызмет ету мен карым катынас орнату арк. Жеке адамдарды әк катынастар жуйесінде енгізу.тұлға-ң өзін өзі багалауы-ад-ң өз өмір жолын, максатын кундылыктарын адептілік нормаларын болашак мамандыгымен өмір жагдайларын өзінше багалауы.
3)Сурау турлері. Сурау-белгілі бір жазбаларды табудын аса кушті арі икемді жолы.Сурау бапталган іздерді іске асыруга багытталган сузгілерді колдануга же жазбаларды сураптауга мумкіндік береді. Сурау турлері сухбат же сауалнама.сухбат кезінде алдын ала дайындалган адістер колданылады.Бул кезде жауаптар ашык турде жазылады.Сауалнама сырттай сурау. Сауалнама сурау суралатыннын өмір баян-ң деректерін ойын касиеттерін аныктау максатында жург,
13билет
1)Назар-ад санасынын белгілі бір затка багыттала туракталуын корсететін кубылыс.Дәлірек айтканда назар дегеніміз айналадағы объектілер ішінен керктісін бөліп алып,соган психикалык арекетімізді турактата алу. Назар турлері:ад-ң назары ыргакты ыргаксызуйреншікті болып бөлінеді. Сырткы дуние-ң кез келген объктілері кейде ырыксыз ак біздің назарымызды өзіне тартады. Ад омірінде ырыксыз назар елеуі орын алады. Назар-ң бул турі асіресе жас балаларда жиі кезд. Өйткені балалық дауірде ад-ң курделі іс арекеттері белгілі жуйеге келмей осынын натижесінде онын психикасы оте назік,турлі сырткы асерге берілгіщ келеді. Ад өмірінін барлык кезендерінде ырыксыз назар ерекше орын а-ы.
2)Өзін өзі тану ад-ға өзін өзі аныктауга,жаксы касиеттріні ашуга өзіне адалдыкка өзін-ң абыройын сактай отырып унемі ад осы создің толык магынасында болып калу ушін кажет.Негізінде,адамзаттын барлык тарихы өзіндік адамгершідікті унемі же уздіксіз жетілдіру процесы б.т. Өзін өзі тану білім магынасынын кундылыгын кушейте отырып жеке тулганы риясыз сую өзіне же өз кушіне сену,жаксылык жасау коп білу же өзін өзі жетілдіру. Дене психологиялық рухани әк же шыгармашылык дамуда уйлесімділікке жету кабілетін ашады же дамытады.
3) 1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;
2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.
3)Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистін қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылтан жауап маңызды рөл атқарады.

14билет
1) 1)Назар-ад санасынын белгілі бір затка багыттала туракталуын корсететін кубылыс.Дәлірек айтканда назар дегеніміз айналадағы объектілер ішінен керктісін бөліп алып,соган психикалык арекетімізді турактата алу. Назар турлері:ад-ң назары ыргакты ыргаксызуйреншікті болып бөлінеді. Сырткы дуние-ң кез келген объктілері кейде ырыксыз ак біздің назарымызды өзіне тартады. Ад омірінде ырыксыз назар елеуі орын алады. Назар-ң бул турі асіресе жас балаларда жиі кезд. Өйткені балалық дауірде ад-ң курделі іс арекеттері белгілі жуйеге келмей осынын натижесінде онын психикасы оте назік,турлі сырткы асерге берілгіщ келеді. Ад өмірінін барлык кезендерінде ырыксыз назар ерекше орын а-ы.
2) Мінез-құлық -- адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі - тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі - қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді. Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері -- әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы -- психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы. психопатия. Бұл топтағы адам тез бұрқ ете қалуымен, әсершілдігі жағынан қозушылықпен, ұзалы тітіркендіруге мейілінше дайын тұруымен сипатталады; сондықтан мұндай адамды бұрқ ете қалатын немесе эксплозивті, психопат адам деп атайды. Болар-болмас нәрсеге ондай адамда күшті ызалы әсер туады, осыған орай ол маңайдаңыларға айқайлап, оларды балағаттап, қарғыс жаудырып қоймай, тікелей өшпенді әрекетке ауысады; сиясауытты лақтырып жібереді, орындықты сілтеп қалады, тұншықтыруға әрекеттенеді, пышақ ала жүгіреді және басқада әрекеттер жасайды. Қозғыш топтағы психопатиялық адам ұстамсыз жанжалға үйірлігіне, маңайдағылармен үнемі қақтығыса беретініне байланысты соттық - психиатриялық практикада емдеу практикасына қарағанда едәуір жиі кездеседі.
3) Анкета - зерттеудің негізгі міндетімен логикалық түрде байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік-психологиялық ақпараттарды алудың әдістемелік құралы. А. сұрау арқылы адамдардың үлкен топтарынан ақпарат алуға мүмкіндік береді. Едәуір шынайы нәтижелер А. сұрақтарының дұрыс құрастырылуы және таңдамалы жинақтың жалпы популяцияны дұрыс бейнелеуі нәтижесінде алына алады. А. құрастыру - зерттеудің негізгі болжамдарын сұрақтар тіліне ауыстыру - күрделі әрі көлемде еңбекті қажет ететін процедура. А. сұралушыға қатысты шынайы және мәселеге орай маңызды мазмұнды алуды қамтамасыз етуі қажет. Ғылыми құнды анкетаны құрастыру - көбінесе ұжымдық жұмыс. Құрастырудың бірінші кезеңі - А. мазмұнын анықтау. Ол сұралушының өмірлік тіршілігінің фактілері (оның білімі, азаматтық күй-ұалпы, оның өткен шақтағы және қазіргі шақтағы әрекеттері және т.б.) жөніндегі сұрақтардың жиынтығы болуы мүмкін. Егер, сонымен қатар, пікірдің қарқындылығын білу қажет болса, онда сұрақтарға бағалау шкаласы қоса беріледі. А. құрастырудың екінші кезеңі - сұрақтардың қажетті түрін таңдап алу. Сұрақтар ашық болуы мүмкін. Ашық сұрақтар мазмұны мен формасы бойынша сұралушының қалауына сай жауапты беруге мүмкіндік мүмкіндік береді. Жабық сұрақтардатек иә немесе жоқ деген жауаптарды беру талап етіледі. Функциялары бойынша сұрақтар негізгі немесе қосалқы, қадағалаушы немесе нақтылаушы және т.б. болуы мүмкін. Сұрақтың түрі жауаптың толықтығына және шынайылығына әсер етеді. Сұрақтардың құрылымына келетін болсақ, олар қысқа, мағынасы бойынша анық, қарапайым, нақты және бірмәнді болуы қажет. А. құрастырудағы жиі кездесетін қателер:
1. жауаптың жасырын мәні;
2. тым қатты детализациялау;
3. сұрақтардың екімәнділігі;
4. сұрақтардың бір-бірінен айқын ажыратылу күшінің аздығы. Жақсы сұрақтар сенімділік пен валидтіліктің әдеттегі критерийлеріне сәйкес болуы қажет. А. құрастырудың соңғы кезеңі - қойылатын сұрақтардың саны мен ретін анықтау. Сұрақтардың бірізділіг анкеталық сұраулардың түріне сәйкес әртүрлі болады. Толтырушы туралы қандай да бір мәлімет алу үшін және де кемшіліктің көзқарасын зерттегенде қолданылады. Анкеталардың ашық (толтырушының еркін жауабы), жабық (дайын берілген жауап нұсқаларынан) және аралас түрлері бар. Педагогикалық зерттеулерде кең қолданылады.
15 билет
1).Ойлау дегеніміз адам санасында объективті шынайылық бейнелеуінің ең жоғарғы формасы. Ойлау - объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс. Ойлау негізі - түсінік болып табылады. Түсінік - заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады.
Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл ойлаудың формасы бойынша бұзылуы. Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады.
Ойлаудың формасы бойыншабұзылуы: Ойлау жылдамдауы,Ойлау баяулауы,Патологиялық байымдылық ,Резонерлік,Ойлау үзілу,Ойлау байланыссыздығы,Ойлау персеверациялары, стереотипиялары,Ментизм,Шперрунг. Ойлау мазмұнының бұзылуы: Соңына түсу сандырағы,Әсер ету сандырағы,Уландыру сандырағы, Қатынас сандырағы,Зиян сандырағы,Кверулянттық сандырақ,Қызғаныш сандырағы,Ипохондриялық сандырақ,Өзін-өзі кінәлау және кемсіту сандырағы.
2. Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде.Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кезпегенімен адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді ( 1 кестеде көрсетілген).
Даму кезеңі
Дамудың қалыпты желісі
Дамудың аномалды желісі
1. Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін)
Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, үйір болу, ата-ана мен баланың бірін бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру
Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрай-лық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.
2. Кейінгі нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
Дербестік, өзіне өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды. Өз өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу.
ӨЗ өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімділмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.
3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)
Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рольдерге қосылу
Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
4. Орта балалық шақ (5 пен 11 жас аралығы
Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.
Өзін өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. "Дауыл алдындағы" немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.
5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы)
Өз болашағын анықтау. Уақытша перспективаның - болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну.
Рольдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін өзі түсінуге тырысу. Еңбек белсенділігін жоғалту. Жыныстық айырмашылықты көрсететін рольдердің ауысуы, лидер болуға ұмтылмау. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы.
6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы)
Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану.
Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау. Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің алғашқы белгілері.

7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы)
Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір. Отбасылық қатынастармен қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу.
Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімсіздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау.
8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)
Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына көну қабілеті. Өлім қорқынышты емес екендігін ұғыну.
Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың көптігін сезіну. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқу.
3.Қарым-қатынас - адамдардың бір-бірімен әсерлесу же әсер ету процестерінің жиынтығы.Ол адамдардың ақпарат алмасуы ғана емес,олар арасындағы эмоционалды байланыстың болуына ықпал етеді.
Қарым-қатынас тәсілдері
Медбикемен пациент арасындағы қарым-қатынас.
1.медбике пациентпен сөйлескенде жылы жүзді,өзін-өзі ұстай білу керек.Ресмиліктің қажеттілігі жоқ,науқасқа сіз деп же аты-жөнімен айту керек.
2.науқастың көзз\інше қойылған диагнозды,емдеу жоспарын талқылауға көршілес палатадағылар туралы айтуға болмайды.
3.науқас көзінше емнің дұрыстығына кұмән келтіруге тыйым салынады.
4.ауыр же ауыртатын процедуралар алдында медбике нәтижелі ем болуы үшін психоэмоционалдық кедергіні болдырмау үшін науқасқа бәрін түсіндіру керек.
Медбикемен науқастың туысқандары арасындағы қарым-қатынас.
1.тыныштық сақтау,өзін-өзі ұстай білу.
2.ауыр науқастарға қарайтын процедура мен манипуляцияларды дұрыс орындау ережелерін түсіндіру.
3.сұрақтарға байсалды асықпай жауап беру.
Медбикемен дәрігер арасындағы қ-қ.
1.сөйлесуде һзара құрметтестік.
2.дәрігер нұсқауын уақытында,нақты,кәсіби орындау.
3.науқастағы кенеттен п.б-н өзгерістерді дәрігерге хабарлау.
Медбике мен медбике арасындағы қ-қ.
1.коллегалар арсындағы өзара құрметтестік.
2.ескертулерді науқас жоқ кезде жасау керек.
3.тәжірибелі медбикелер жас медбикелермен тәжірибе алмасу керек.
4.қиын жағдайда бір-біріне көмек көрсету.
15.БИЛЕТ
1) СөЙЛЕУ - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас.С.қарым-қатынас мақсаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-7-жасар балалардың таным белсенділігін дамыту динамикасы, ерекшеліктері
Тұлғаның негізгі көреткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу тарихы
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы
Белсенділік
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Танымдық қызығушылық
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологиялар
Темперамент және жеке тұлға
Мұғалімнің талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар
Пәндер