Сана түсінігі



1. Сана
2) Коммуникация
3 Сананың құрылысы
4) Сананың бұзылуы
5) Күрделі эмоциялардың түрлері
Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын қасиеті. Ол – көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материалық дүниенің жетілген бейнесі. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамының дүниеге келуі. Күнделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегін төрт аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді. Сана – ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидттен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады. Сан жеке адмға тән дара қасиет. Адамның жеке санамен қатар өмір сүретін ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады деген түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Дедерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана түсіндірмейді. Сонымен қатар. Табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
21 билет
1.Сана - психика дамуының жоғарғы сатысы.Сана - адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын қасиеті. Ол - көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материалық дүниенің жетілген бейнесі. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі - ойлай білетін адамының дүниеге келуі. Күнделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегін төрт аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді. Сана - ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидттен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады. Сан жеке адмға тән дара қасиет. Адамның жеке санамен қатар өмір сүретін ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады деген түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Дедерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана түсіндірмейді. Сонымен қатар. Табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді.
2.Коммуникативті дағдылар-парыз,адамгершілік,міндет, кәсіби этика туралы ғалымдарды белгілейді.Адамдар арасында болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған жөн.Дәрігер науқасқа моральдік жағынанда қолдау көрсету керек.Күйзеліске түскен науқастарға ең басты ем-жан жылуы,адами қарм-қатынас екенін дәрігер түсіну керек.
3.Психосоматика-бұл псих-қ факторларға тән ауруларының п.б-н ағымы әсерін зерттеумен айналысатын мед-қ псих-қ сала.Психосоматика ілімі аясында жеке тұлғаның мінез-құлықтары эмоциялық же псих-қ жай күйінің белгілі бір соматикалық ауру арасындағы байланыс зерттеледі.1818ж неміс дәрігері Хайнрот психосоматика терминін енгізді.Психосоматикалық көз-қарастың мазмұны тән ауруларының симптомдарын патофизиологиялық процестердің нақты түсінігі же псих-қ аурулары жақсы емделуі үшін псих-қ мәліметтері қолдану б.т.
22билет
1)Сана түсінігі пәлсапа саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке өлшем бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді. Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтікқауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.
2) Коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) -- адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу -- олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі -- оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында. Топ -- әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған.
3) Қазіргі заманғы медицина бөлімінде ПСИХОСОМАТИКА predstavlyayutissledovaniya жылы (Клиникалық, психологиялық, эпидемиологиялық, зертханалық) жабу жүйелік аурулардың патогенезі стресс рөлі, сезімталдығымен svyazpatoharakterologicheskih және мінез-құлықтық сипаттамасы немесе қарсылық белгілі бір соматикалық аурулар, реакция тәуелді nabolezn ( мінез-құлық және ауруы) жеке сақтау түрі, әсері Кейбір емдеу (хирургия, гемодиализ, және тағы басқалар. N). napsihicheskoe мемлекет. Ресей Психосоматикалық жатқызылатын бұзылуы ғана емес дәстүрлі, тар мағынада etogotermina жылы психосоматикалық аурулар, бірақ бұзылуының әлдеқайда кең диапазоны: somatisation бұзылуы, физикалық ауруға патологиялық психогенді реакция. Ketomu жол жиі соматика қиындатады, психикалық бұзылулар, сондай-ақ мыналар кіреді бұзылулар (және т.б. анорексия, булимия, алкоголизм,), бұзушылықтар мұндай тоқырау мен mnesticheskie сияқты кейбір емдеу, қиындататын хирургия aortokoronarnogoshuntirovaniya кейін дамушы бұзылулар (VP Зайцев соавт, 1990. NI Skachkova, 1996; SV Прохоров, 1996), аффективтік гемодиализ (MV қабылдау науқастарды уайымдап және астениялық мемлекеттер. Коркин, В.В. Марилов, 1995). Зерттеулер саны (AB Smulevich, 2000; Б. Tuk соавт., 1997) психосоматикалық бұзылулар бойынша әйелдер генеративтік цикл байланысты rassmatrivayutsyasostoyaniya (синдром предменструальный шиеленіс мен бұзылуы Quot predmenstrualnoedisforicheskoe ;; депрессия жүкті және синдромы ұзартқыш, соның ішінде босанғаннан кейінгі депрессия, ана мұң ұзартқыш
23билет
1)Сана -- бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана - психиканың ең жоғарғы формасы. Бұл адамның еңбек әрекетінде басқа адамдармен бірқалыпты қатынасуында қалыптасқан қоғамдық тарихи жағдайлардың нәтижесі. Сана заттар мен құбылыстардың адам миында сезім мүшелері арқылы байқалады.
Сананың құрылысы:
1)Сананың өзі.
2)Объект пен субъектіні айыру. Жеке адам өзінің санасына сүйене отырып, өзін және өзінің әрекеттерін басқа адамдармен ажырата алады. Яғни адамдардың мен және мен емес деген ұғымды ажыратуды.
3)Адамның өзінің іс-әрекетінде мақсаттың қойылуы.
4)Керекті қатынастарды орнату.
Психологияның төменгі деңгейі - санасыздық деп аталады. Санасыздық ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есептің берілмеуі. Сана мен санасыздықты бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Санасыздық - сана сияқты адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық жағдайлармен негізделген. Адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңдану.Парықсыздық- жеке тұлғаның әртүрлі өмір құбылыстарын бағдарлай алу белгісі.Парықсыздық ақылсыздықтан пайда болады. Әр нәрсенің (заттың, құбылысының, іс-әрекеттің) парқын білу - адамның жауапты міндеті. Өмір құбылыстарын парықтай білуге жас ұрпақты үйрету - ата-ананың, айналасының міндеті.Парықсыздық - бір нысанға оң немесе теріс эмоционалдық реакциялардың, адамның қызығушылығының жоқтығын сипаттайтын немқұрайдылығы.
2.Қатынасу, тілдесу (communication) -- қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.Коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) -- адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу -- олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі -- оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында.Контактілі қарым-қатынас және ауызша сөз.Қарым-қатынастың бұл түрі күнделікті өмірде жиі қолданылады. Коммуникация тікелей болғандықтан мұнда ең алдымен ауызекі тіл қолданылып, бейвербалды амалдар, яғни мимика, ым, ишаралар сөзбен теңдей дәрежеде молынан пайдаланылады. Мысалы, бас изу - белгілі бір нәрсемен келісуді білдірсе, таңғалу - иығын көтеріп, ауызын ашуды білдіреді т.б. Күнделікті өмірде мұндай бейвербалды амалдарды көптеп кездестіреміз. Бұл контактілі қарым-қатынастың негізгі ерекшелігі. Сонымен қатар тікелей қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік факторы және көз контактісі бірлікте көрініс береді. Көз контактісі - дегеніміз коммуниканттың бір-біріне деген көзқарасы, олардың ішкі жай-күйінің жағдайы.Дистантілі қарым-қатынас және жазба сөз.Қарым-қатынастың бұл түрі Уақыт пен Кеңістікке тікелей байланысты. Коммуникант Уақыт пен Кеңістік факторынан едәуір алшақ болады. Сондықтан комуникацияның бұл түрі көбінесе жазбаша формада іске асады.
3. ПСИХОГЕНИЯ - психикалық жарақаттар әсерінен туындайтын психиканың бұзылуы. Психогения бір сәтте жүйкені зақымдайтын жай-күйлердің белсенді әсерінен және нәтижесі әлсіз, бірақ ұзақ болатын зақымдау әсерлерінен болады. Психогения туындағанда адамның мінезі мен жүйке жүйесінің ерекшелігінен аурудың салдарынан ағзаны әлсірететін жайдың дамуынан болатын торығуларға нақты дайындық маңызды рөл атқарады.

24билет
1) Сананың бұзылуы.
Сананың есеңгіреуі. Науқастар сыртқы тітіркендіргіштерге әлсіз жауап береді.
Делириоздық қалып. Бұл қалып үшін қозу мен бірге болатын сананың галлюцинаторлық немесе иллюзорлық-галлюцинаторлықбұзылысы тән.
Онейроидтік қалып. Сананың түстәрізді қалпы, ол үшін шынайы өмірді бейнелеу мен фантастикалық сипаттағы анық сезімдік елестердің қосылуы тән.
Сананың күнгірт қалпы. Бұл синдром кенеттен пайда болатын, қысқа мерзімі мен кенеттен тоқтап қалуымен сипатталады.
Деперсонализация - өз ойларынан, аффектілерінен, әрекеттерінен бөтенсіну. Оның жиі кездесетін түрі дене схемасының - бұзылуы, яғни адам өзінің денесінің жекелеген бөліктері мен мүшелерін дұрыс бейнелемейді. Олар дисморфобия деп аталады.
Псевдодеменция. Сана бұзылысының бұл түрі үшін жалған кемақылдылық тән..
2) Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.
Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
3) Созылмалы соматикалық аурулар кезінде тұлға патологиясы белгілері көрінеді, ал жеделдеу кезеңдерінде психикалық өзгерістер өзіндік ерекшеліктермен тұлғалық реакциялармен шектеледі.
* Соматогенді психоз дар кезіндегі басты синдром сана күңгірттенуі (көбіне делириозды, аментивті, сирек қарауытқан күңгірттену жағдайы) болып табылады. Бұл психоз дар ешқандай айқын психикалық бұзылыссыз жедел, аяқ астынан демиды немесе астениялық невроз тәрізді, аффективті бұзылыстар фонвнда (делирий, аменция) демиды. Жедел психоз дар 2-3 күнге созылады, сомикалық аурулардың жайлы ағымында астениялық жағдайда ауысады. Олар сонымен қатар депрессивті, галлюцинаторно-параноидный синдром дардың, апатиялық ступордың клиникалық көріністерімен созымалы психозға ауысуы мүмкін.
* Әртүрлі соматикалық аурулардағы басты психопатологиялық симптомокомплексі -- астениялық синдром. Бұл синдром: әлсіздікпен, тез шаршаумен, тітіркенгіштікпен айқын вегетативті бұзылыстармен сипоталады.
* Кейде алдыңғы қатарға фобиялық синдром шығады. Мұндай науқастарға тән қорқыныш тұрақты, зардапты болып келеді, өз денсаулығы, болашағы үшін, әсіресе хирургиялық операциялар, күрделі құралдық зерттеулер алдында үрей туады. Жиі науқастарда кардиофобия немесе канцерофобиялық синдром демиды.
* Ипохондриялық синдром - өзінің денсаулығы туралы себепсіз қорқыныш сезімі, қандай да бір соматикалық ауруы бар деп қорқу. Ол жабысқақ, бағалы ойлармен және сандырақпен көрінуі мүмкін).
* Апатиялық, истериялық және басқа да бұзылыстар болады.
* Жүрек-өкпе патологиясы бар науқастарда гипоксия жағдайында наркоз дан кейін эйфория байқалады. Эйфория адекватсыз жоғары көңіл- күймен, критиканың төмендеуімен, психикалық қызметтің продуктивтілігінің жоғалуымен байқалады.
26билет
1)Күрделі эмоциялардың түрлері:

1) Көңіл адамның кейпіне қарап шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне темперамент қоршаған орта әсер етіп отырады.
2) Аффектдегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект жағдайында адам өз іс - әрекетін, айтқан сөзін бақылай алмай қалады. 3) Құмарлықадамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүниеге, байлыққа, ойынға, ақшаға құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.

Эмоциялар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.

Жағымды эмоциялар - адамға күш қуат беріп, әрекетке итермелеп отырады. Мысалы, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. Жағымсыз эмоциялар - адамды әлсіздетіп, іс-әрекетке нұқсан келтіреді. Мысалы, қорқыныш, уайым, қайғы, үмітсіздену т.б. Сезімдер туралы ұғым.Адам қабылдағанына (көргеніне, есіткеніне), істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреуі бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, күресе отырып, көптеген әсерлерді бастан кешіреді.Өзінің танып, білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлері сезім (немесе эмоция) деп аталады. Сезім көзі - өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер. Біздің іс-әрекеттеріміз оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
Тұрмыста жай түйсіну, сезіну деген ұғымдар араласып жүреді. Сезім барлық психикалық процестермен өзара байланысты, көбінесе сол процестер сезімді туғызады, ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі - түйсік, ал түйсіктің өзі біздің ықпалымызбен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әртүрлі қабылдайды. Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатқа ие. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Ұқсас фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әртүрлі бағалайды.
2)Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі-кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым-қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т.б). Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету үшін медициналық қызметкер қатынасу білгерлігін, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділігін және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым-қатынас икеміне, яғни коммуникативті білгерлігіне байланысты. оммуникативті білгерлік (компетенттілік)дегеніміз-медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті. Медицина қызметкерінің емдеу шараларының дәлдігі мен дұрыстығына күдікті болмаған және медициналық қызметкерге толық сенім білдірген жағдайда ғана науқас қажетті процедураларды сеніммен өтеді. Алайда, медицина қызметкері мен науқас арасында мұндай психологиялық жанасу тұрақтанбаса, ол нұсқаулықтарды немқұрайлы орындап, басқа медициналық қызметкерге бас бұрып немесе өзін-өзі емдеуге мәжбүр болады.
3)Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады.Педагогикалық дерісті дұрыс ұйымдастыру үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сана философиялық мәселе ретінде
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Реттеу функциясы
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Сана мәселесінің теориялық және әдіснамалық негіздері
Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Пәндер