Қан айналымның бұзылуы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс № 5

Тақырып: Қан айналымның бұзылуы

Артериялық толыққандылық (АТ) - артериялық қан көп келіп, мүшеде немесе тінде қан мөлшері көбейе түсетін процесс.

Артериялық толыққандылық : жалпы, жергілікті

Жалпы түрі . Айналымдағы қанның көлемі (гипертония) немесе эритроциттер саны (эритремия) арта түсіп, мүшедегі және тіндегі қан көлемі көбейеді.

Жергілікті түрі . Нақты бір жер арқылы уақыт бірлігінде өтетін артериялық қан мөлшері көбейеді.

Артериялық толыққандылықтың жергілікті түрлері

  1. Ангионевроздық (нейропараличтік) гиперемия. Тамырды кеңейтетін нерв тым тітіркенгендіктен немесе тамырды тарылтатын нервтің параличінен дамиды.
  2. Коллатеральдық гиперемия. Қан ағысы негізгі артериялық тамырда тежелген кезде (тромбоз, эмболия) қанның айналма тамыр (коллатерал) арқылы ағысы үдей түседі.
  3. Анемиядан кейінгі (постанемиялық) гиперемия. Тамырды қысып немесе бітеп тұрған себепті (ісікті, лигатураны, жиылған сұйықтықты, тромб, т. б. ) жойғаннан кейін күрт дамиды. Тамыр жыртылу қаупі бар.
  4. Вакаттық гиперемияБарометрлік қысым төмендегенде дамиды. Жалпывакаттық гиперемия. Сүңгурлер кессондық жұмыс атқарған кезде, ғарышкерлерде газды эмболия дамуы мүмкін. Жергіліктівакаттық гиперемия. Мысалы, медициналық банканы қойғанда.
  5. Қабынулық гиперемия

Артерия-веналық жыланкөздегі гиперемия. Артерия мен вена қабырғалары тесіліп жалғасқанда дамиды. Мысалы, жарақаттан.

Веналық толыққандылық (гиперемия)

мүшеге немесе тінге келетін қанның мөлшері қалыпты немесе аз болып, қанды алып кету азаяды .

Веналардағы гиперемиядан, қан іркіліп, гипоксия дамып , веналар мен капиллярлар кеңейіп, базал мембраналарының өткізгіштігі артып, эритродиапедез байқалады.

• Веналық ж ергілікті толыққандылық Белгілі бір мүшедегі немесе тіндегі вена бітелгенде ( тромб, эмбол ) немесе сыртынан қысылғанда (ісік, жиналған сұйықтық) қанды алып кету азаяды .

• Веналық ж алпы толыққандылық.

Өкпе немесе жүректің патологиясынан жүрек-тамыр қызметі жедел немесе созылмалы жеткіліксіз болғанда дамиды.

• Жергілікті веналық толыққандылық жедел

• созылмалы

Себептік түрлер:

  1. Обтурациялық - вена бітелгенде (тромб, эмбол) .
  2. Компрессиялық - вена сыртынан қысылғанда (ісік, жгут, тыртық) .
  3. Коллатеральдық - негізгі тамырлар арқылы қанның ағысы тежелгенде (порталық гипертензия, цирроз, варикоз) .

Созылмалы гипоксия - гистогематика-лық бөгеннің зақымы - капиллярлар қабырғасы өткізгіштігінің артуы - плазма ағып (плазморрагия) сіңу, сулану - стаз - диапедездік қанды дақтар - дистрофиялық және некробиоздық өзгерістер + гемосидероз - атрофия және склероз

Созылмалы жалпы веналық толыққандылық

Дамуы себебі - жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі .

Мысалы : жүрек кемістігі, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы миокардит, кардиомиопатия, эндокардтың фиброэластозы, т. б.

Жалпы веналық созылмалы толыққандылықтың патоморфологиясы

• Өкпенің қоңыр индурациясы

• ( гемосидероз, склероз) ;

• Мускат бауыр (ақыры цирроз) ;

• Цианоздық қатты талақ;

• Цианоздық қатты бүйрек.

Қаназдық немесе ишемия

( грекше: ischo - бөгеу, тоқтату) деп қан келудің жеткіліксіздігінен тканьдерде, органдарда, дененің түрлі бөліктерінде қанның азайюын атайды. Бұл ұғым қанның көлемінің жеткіліксіздігінен де, толық қансырауды да қамтиды.

Ишемияланған ткань бозарып, болжырайды, оның температурасы төмендейді. Қаны азайған орган кішірейіп, капсуласы (сыртқы қабығы) бүріседі. Қаназдықта байқалатын қандай да болмасын өзгерістер гипоксия, немесе аноксиядан, яғни оттегі тапшылығынан.

Жедел ағымды қаназдыққа әдетте дистрофиялық және некроздық өзгерістер орын алады;

Қаназдықтың түрлері:

1) Ангиоспазмдық қаназдық - түрлі тітіргедіргіштердің әсерінен артерияларының спазымының салдары

2) обтурациялық қаназдық артериялардың саңылауын тромб немесе эмбол бітегенде.

3) Компрессиялық қаназдық артериялар ісініп, жалқықпен, серіппелі жіппен, лигатурамен қосылғанда пайда болады.

4) Қанды қайта бөлісудің (перераспределение) салдарынан дамитын ишемия қанның көп мөлшері дененің қан азайған жерлеріне лап қойғанда байқалады. Бұған іш қуысындағы сұйықтықты шығарғанда, мида дамитын ишемия

Жедел қаназдықпен инфаркта дамитын өзгерістерді электрондық микроскоппен және гистохимиялық тәсілдермен зерттеп жинаған деректерге сүйенсек, жедел ағымды ишемияны инфаркталдылық (некрозалдылық) күй деп бағалаған жөн. Ұзақ мерзімді қаназдықтан паренхималық элементтер семіп, фибробласттардың коллагентүзгіштік қабілеті жанданып, склероз дамиды.

Қан ағу (геморрагия)

деп қанның қан тамырларынан, жүректен ішкі немесе сыртқы ортаға шығуын айтамыз.

Қан ағудың негізінен үш түрлі себебі бар:

  1. қан тамырларының жыртылып немесе жарылып кетуі;
  2. қан тамырлары кемерінің іріп ыдырауы немесе жегіленуі;
  3. диапездез.

Қан тамырларының жыртылып немесе жарылып кетуі денеге оқ тигенде және басқа да жарақаттарға байланысты кездеседі. Мысалы, адамды қйта тірілту (реанимация) кезінде сынған қабырғалар өкпені, бауырды жарақаттап, ол жерден қан ағады. Патологиялық өзгерістерге шалдыққан қан тамырлары да жарылуға бейім болады. Қолқаның атеросклероз, мерез салдарынан кеңіп кеткен жерлері (аневризма) жарылып, ауру жедел қансырап өлуі мүмкін. Қан тамырларының жарылуы гематома пайда болуына соқтырады. Егер жарылған тамыр мен гематома арасында байланыс сақталып қалса ол жерде жалған аневризма пайда болуы ықтимал, оны солқылдаушы (пульсирующая) аневризма деп атайды.

Қантамыр қабырғаларының іріп ыдырауы немесе жегіленуі күнделікті өмірде (практикада) көбірек кездеседі. Мысалы, асқазан жарасы сол жара түбіндегі қан тамырларды, жатырдан тыс жүктілік кезінде трофобласт элементтері жатыр түтігінің қан тамырларын зақымдайды. Қатерлі ісік туберкулез үрдістеріндегі некрозға байланысты қан тамырларының кемерлері жегіленіп кетеді, сөйтіп қан кетуге соқтырады.

Қан қан тамыры кемерінен диапедоз жолымен, оны бұзбастан, (негізінен капиллярлар арқылы) сыртқа шығуы мүмкін.

Диапедез құбылысы капиллярлар мен майда венулалардың өткізгіштік қасиетінің артып кеткенінде ғана болуы мүмкін. Бұл жағдай гипоксияға, әр түрлі авитаминоздарға байланысты, кейбір қан ұйытушы факторлардың тума жетіспеушілігінде (гемофилия және т. б. ) байқалады.

Стаз

- майда қан тамырларды, негізінен капиллярда, қан айналамының баяулап барып, тоқтап қалуы.

Стаз әртүрлі химиялық (токсиндер), физикалық факторлардың қан тамырларына тікелей әсері нәтижесінде және инфекциялы инфекциялық - аллергиялық ауруларда дамиды.

Стаз алды кезеңде эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер бір - біріне жабысып, сладж - феномен пайда болады. Бұл құбылыс жойылмаған жағдайда қан әрекеті бүтіндей тоқтап, стаз дамиды.

Стаз дамуында қан айналу үрдісінің қанның реологиялық қасиеттері бұсылуының маңызы зор.

Стаз қайтымды үрдіс, бірақ стаз ұзақ уақыт сақталғанда жергілікті тіндерде некробиоздық, тіпті некроздық өзгерістер дамиды. Мысалы, іш сүзегінде стазға байланысты құлақтың сырғалық бөлігінде, мұрынның ұшында некроздың (кейде гангреналық) өзгерістер көрінеді.

Тромбоз

деп қанның қан тамырлары ішінде ұйып қалуын айтады. Ұйып қалған зат тромб деп аталады. Тромб қан тамырлар саңылауын тарылтып немесе бүтіндей тығындап, қан айналысына кедергі жасайды. Артериямен қан келмей қалғанда, ағзалар некрозға дейін болатын аса қауіпті өзгерістерге ұшырайды.

Тромбоздың негізінде физиологиялық құбылыс - қан ұю үрдісі жатады. Бұл организмнің қоршаған ортаға бейімделу реакцияларының ең бір маңызды түрі, себебі тамырлар жарақаттанғанда қан ағу тоқтамаса, организм сәл ғана жарақаттан қансырап өледі.

Тромбтың түрі, көлемі, пайда болу механизимдері әр түрлі. Кейде оның ұзындығы ондаған сантиметрге дейін жететін болса, кейде оны тек микроскоппен ғана көре аламыз.

Сыртқы көрінісіне, түсіне және құрамына қарап тромбтың төрт түрін ажыратады: 1) қызыл тромб; 2) ақ тромб; 3) аралас тромб; 4) гиалиндік тромб.

Қызыл тромб - көбінесе вена тамырларында кездеседі. Оның тез пайда болуына байланысты фибрин жіпшелері коапляция фазасында ағып жатқан қанның бүкіл элементтерін өз құрамына қосып алады. Сондықтанда қызыл тромб құрамы қалыпты жағдайдағы қан құрамына сәйкес келеді, яғни ол эритроцит, лейкоцит және тромбоциттерден түзілген.

Ақ тромб - фибрин, лейкоцит және тромбоциттерден түзіліп, негізінен артерия тамырларында кездеседі. Артерияда қан өте жылдам аққандықтан фибрин торларына тамырды шеттей ағатын қанның ең жеңіл элементтері тромбоцит пен лейкоцит қана ілінеді, сондықтан ақ тромбтың көлемі үлкен болмайды.

Аралас тромб . Оның құрамындағы ақ және қызыл тромб элементтері араласа орналасқандықтан түсі шұбар болады. Аралас тромбтың бас жағы ақ тромбтан, орта шені нағыз аралас тромбтан, ал аяқ жағы қызыл тромбтан түзілген.

Гиалинді тромб ең майда тамырларда, микроциркуляция арнасында кездеседі. Ол біртектес, қатты, эозинофилді массалардан түзіліп, тамыр ішінде бос жатады. Гиалинді тромбтың түзілу механизмдері және құрамы өте күрделі.

Тромбоздың маңызы қай жерде орналасқанына, қаншалықта таралғанына және пайда болу жылдамдығына байланысты. Егер тромб біртіндеп пайда болса, тіпті ең үлкен қан тамырларындағы. Мысалы, қолқадағы тромбтың өзі де, қан айналу үрдісін бұза алмайды. Себебі, бұл аралықта коллатеральды жолдар тығындалып қалған қан тамырының жұмысын өз мойнына алып үлгереді де, қан айналымын қайта қалпына келтіреді.

Вена тамырларындағы тромбтар көпке дейін клиникалық белгі бермейді. Ал артерияның тромбозы аса қауіпті, ол тез арада инфарктқа немесе гангренаға соқтырады (мысалы, жүрек, өкпе, ми, инфаркты; ішек, қол - аяқ гангренасы) .

Тромбоз жергілікті, жүйелі, үдемелі, сепсистік болып бөлінеді. Өте үлкен қауіп, қан тамыры қабырғасымен байланыспаған (аксиальды) тромбтардан төнеді. Олар көбінесе вена жүйесі үшін тән болып кейбір жағдайларда тромбоэмболияның көзі бола алады. И. В. Давыдовский көрсеткеніндей бұл тромбтардың пайда болуы қанның ұю үрдісінің, әсіресе фибрин ретракциясы бұзылғанының белгісі. Бұлар өте болбыр үдемелі түрде өсуші, организмде ірін ошақтары болғанда тез іріндеп еритін (сепсистік аутолиз) «ауру» тромбтар қатарына жатады.

ҚШҰ (қанның шашыранды ұюы)

синдромы деп, қанның қан тамырлары ішінде шашыранды ұюын атайды. Бұл үрдістің тромбоздан айырмашылығы, ұйыған қан тромбқа айналмай - ақ өз - өзінен ыдырап жоқ болып кетуі мүмкін. Мысаоы, операциядан кейін қан ұю үрдісі көптеген ауруларда кездеседі, ал нағыз тромб жеке бір жағдайларда ғана пайда болады. Бұл синдром шокта, дене күйген - де, сепсисте өткір вирусты инфекцияларда, лейкозда, қатерлі ісіктерде, тобы сәйкес келмейтін қан құйылғанда, ұрық ана жатырында өліп қалғанда, ауыр хирургиялық операциялардан кейін, аутоиммундық және аллергиялық ауруларда және т. б. жағдайларда кездеседі. ҚШҰ - синдромында қанда фазалы өзгерістер байқалады.

Екінші - гипокоагуляция фазасы дамиды.

Үшінші - фибринолизмнің күшеюі кезеңінде, алғашқы пайда болған тромбтар еріп кетеді. Бұл фазада қан ағу үрдісі қайтадан күшейеді.

ҚШҰ синдромына тән морфологиялық өзгерістерге фибринді тромбтар жатады. Бұдан басқа майда қан тамырларында тромбоциттерден, лейкоциттерден, эритроциттерден құралған, гиалиндік немесе аралас тромбты, қан элементтерінің қоспаларын (агрегация) көруге болады.

Микротромбоздар нәтижесінде көптеген ішкі ағзаларда некроз ошақтары пайда болды.

Эмболия

деп қан тамырында, қалыпты жағдайда кездеспейтін әр түрлі заттардың көшіп жүруін және олардың қан тамырларын тығыздап қоюын атайды. Қанмен келген бұл заттарды эмбол дейді.

Эмболияның түрлеріне мыналар жатады: тромбоэмболия - тромбтар алғашқы орнынан үзіліп немесе бөлшектеніп кеткенде пайда боладв, ол эмболияның басым бөлігін құрайды. Тромбоэмболияның негізгі себептерінің бірі веналық тромбтардың тез өсу жағдайында қан тамыра қабырғасымен байланысып жоғалтып алуы, яғни акциалдық тромбтардың түзілуі. Артериялық тромбоэмболиялар жүрек инфаркты, мидың ишемиялық инсульты, ішек, аяқгангреналары түрінде көрініс береді. Бұл асқынулардың әрқайсысы ауру өлімінің себебі бола алады.

Май эмболиясы жіліктер сынған кезде, тері асты майлары езілгенде, дене күйгенде, кейде құрамында май бар дәрілерді қанға кездейсоқ дарытқанда немесе қанның физикалық - химиялық қасиеттерінің өзгеруі нәтижесінде оның құрамында май тамшыларының түзілуіне байланысты пайда болады.

Ауа эмболиясы жүрекке жақын қан тамырлары, мысалы веналары жарақаттанғанда дамиды. Қанға ауаның сорылуы тыныс алу кезінде көкірек қуысында теріс қысым пайда болуына байланысты. Қан құю кезінде, дәрі жібергенде мұқият болмаса ауа қан құятын жүйелер арқылы қанға өтуі мүмкін.

Газ эмболиясы атмосфера қысымы жоғары жағдайда жұмыс істейтін (кессон жұмыстары) адамдарда кездеседі.

Тін эмболиясы көбінесе жаңа туылған балаларда, туылу кезінде тіндердің әр түрлі себептерге байланысты езіліп - жаншылып қанға өткенінде дамиды. Қанға ұрық айналасындағы сұйықтық немесе хорион бүрлерінің қатерлі ісік жасушаларының түсуі де тін эмболиясына жатады.

Бөгде зат эмболиясы. Қанға оқтың, снарядтың жарқыншақтары, киім бөлшектері түскенде пайда болады.

Бактерия эмболиясы сепсис кезінде қанға бактерия колониялары немесе сепсистік аутолиз нәтижесінде бөлініп кеткен тромб бөлшектері түскенде дамиды.

Эмболияның тасылу бағытына қарап үш түрін ажыратады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Перфериялық қанайналымында жиі кездесетін бұзылу формалары
Допплер эффектісі
Өндірістік кәсіби аурулар
Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы сыну кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы күю және үсу кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Инсульт
Қан ағу
Жедел бүйрек жетіспеушілігі
Механикалық асфиксия
Кессон және биіктік аурулары
Организмнің дене жүктемесіне бейімделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz