Ас қорыту жүйесінің патологиясы туралы



1 Асқазанда сіңірілудің бұзылуы
2 Ішектік диспепсия
3 Балаларда асқорытудың бұзылуы
АІЖ (асқазан - ішек жолы) дертін туындатушы себепкер ықпалдар екі түрге бөлінеді: асқорыту ағзаларын тікелей және жанама зақымдайтындар.
Асқорыту ағзаларын тікелей зақымдайтын жайттар:
• Химиялық (темекінің жану өнімдері, уыттар, дәрілер, тағамдық қоспалар, әлкогөл)
• Физикалық (қатты тағам, өте ыстық немесе суық тағам, бөтен денелер, радиация)
• Биологиялық (микробтар, вирустар, құрттар ж. т.б.)
Асқорыту ағзаларын жанама зақымдайтын жайттар:
• Басқа ағзалар және физиологиялық жүйелердің бүліністері: қанайналымы, бүйрек, ішкі сөлденіс бездері, бауыр
• АІЖ реттеу тетіктерінің бұзылыстары (ББЗ тапшылығы немесе артықтығы - гормондар,простагландиндер, биогендік аминдер, пептидтер; симпатикалық немесе парасимпатикалық әсерлердің тапшылығы немесе артықтығы).
Қауіп-қатерлік жайттар
Себепкер ықпалдардың әсерін жүзеге асыруға септесетін жағдайларға (қауіп-қатерлік жайттар) көптеген жайттар жатады.
• Организм реактивтілігінің бұзылыстары (асқорыту жүйесінің бүліністері жиі жоғары әсерленістік жағдайлар кезінде байқалады, мысалы, сезімталдықтың жоғарылау немесе ұзақ эмоциялық күштену болмысында).
• Жыныс (мысалы, асқазан және ұлтабардың ойық жара ауруы жиі еркектерде байқалады).
• Жас шамасы (асқорыту бұзылыстары есейген және қартайған шақта өте жиі байқалады).
• Тұқым қуалауға бейімділік (мысалы, асқазанның жегілік ойық жарасына отбасылық бейімділік жиі анықталады).

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
№ 5 дәріс
Тақырып: Ас қорыту жүйесінің патологиясы
Дәріс тезистері
АІЖ (асқазан - ішек жолы) дертін туындатушы себепкер ықпалдар екі түрге бөлінеді: асқорыту ағзаларын тікелей және жанама зақымдайтындар.
Асқорыту ағзаларын тікелей зақымдайтын жайттар:
* Химиялық (темекінің жану өнімдері, уыттар, дәрілер, тағамдық қоспалар, әлкогөл)
* Физикалық (қатты тағам, өте ыстық немесе суық тағам, бөтен денелер, радиация)
* Биологиялық (микробтар, вирустар, құрттар ж. т.б.)
Асқорыту ағзаларын жанама зақымдайтын жайттар:
* Басқа ағзалар және физиологиялық жүйелердің бүліністері: қанайналымы, бүйрек, ішкі сөлденіс бездері, бауыр
* АІЖ реттеу тетіктерінің бұзылыстары (ББЗ тапшылығы немесе артықтығы - гормондар,простагландиндер, биогендік аминдер, пептидтер; симпатикалық немесе парасимпатикалық әсерлердің тапшылығы немесе артықтығы).
Қауіп-қатерлік жайттар
Себепкер ықпалдардың әсерін жүзеге асыруға септесетін жағдайларға (қауіп-қатерлік жайттар) көптеген жайттар жатады.
:: Организм реактивтілігінің бұзылыстары (асқорыту жүйесінің бүліністері жиі жоғары әсерленістік жағдайлар кезінде байқалады, мысалы, сезімталдықтың жоғарылау немесе ұзақ эмоциялық күштену болмысында).
:: Жыныс (мысалы, асқазан және ұлтабардың ойық жара ауруы жиі еркектерде байқалады).
:: Жас шамасы (асқорыту бұзылыстары есейген және қартайған шақта өте жиі байқалады).
:: Тұқым қуалауға бейімділік (мысалы, асқазанның жегілік ойық жарасына отбасылық бейімділік жиі анықталады).
Асқазан сөлі сөлденісінің бұзылуы
Бұзылу түрлері және көріністері
Пайда болу тетіктері
1. Гиперсекреция
oo Асқазан, ішек ауруларының дамуында маңызы жоғары (ойық жара ауруы, шырышты қабықтың жалағы, гипертрофиялық гастрит ж.көпт.б.).
oo төс астында жиі ауыру сезімімен, жүрек айну,қайталанған құсу, асқазаннан ішекке тағамның өтуі баяулауымен көрінеді, сөйтіп ішектік асқорытудың бұзылуын туындатады.
# іргелік немесе энтерохромафиндік жасушалар массасының, тұқым қуалайтын, ұлғаюында.
# кезбе жүйкесі межеқуаты жоғарылағанда.
# асқазанның шыға беріс бөлігінің созылуында (босатылуының бұзылуы).
# Золлингер-Эллисон синдромы кезінде.
# қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілер, кортизон және б. әсері кезінде.
2. Гипосекреция
oo асқазан сөлінің қышқылдығы және ыдырату күші төмендейді, бұл жеткіліксіз өңделген тағам жентегінің асқазаннан ішекке түсуінің жылдамдауына және іш өтуі дамуына әкеледі. Жұқпалық сипаттағы сыртқы жайттардың ішекке өтуіне жағдай жасалады, бұл дисбактериоз және ішек-қарын жолы ағзаларының жұқпалық-уыттық бүлінісін туындатады.
oo организмнің арып-тозуы жиі байқалады.
oo дизэритропоэздік анемиялар қалыптасады.
# асқазанның бездік құралының айқын құрылымдық өзгерістері (атрофиялық гастрит, полипоз, асқазанның қатерлі өспесі).
# тамақтану тәртібінің бұзылуы.
# тағамда нәруыз, витаминдер жеткіліксіздігі.
# жұқпалы аурулар кезінде.
# қызба кезінде.
# гипотиреоз кезінде.
# ОЖЖ қызметінің бұзылуы кезінде.
Асқазанның қимылдық белсенділігінің бұзылуы
Бұзылу түрлері және негізгі көріністері
Пайда болу тетіктері немесе клиникалық мысалдар
1. Қимылдық белсенділіктің жоғарылауы
oo ауыру сезімімен, тағам жентегінің асқазаннан өтуінің баяулауымен қабаттасады.

# ойық жара ауруы, гастриттер кезінде.
# дерттік висцеро-висцералдық рефлекстер кезінде.
# асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған кезінде.
# пилороспазм кезінде.
# кезбе жүйкені түрткілеген кезде.
1. Қимылдық белсенділіктің төмендеуі
oo тамақ ішкеннен соң төс астында ауырлықтың пайда болуымен қабаттасады. Асқазанда іркілген тағам жентегі ашу және шіруге ұшырайды, бұл асқорыту жолының жұқпалық-уыттық зақымданулары, асқорыту жүйесінің толық, қатты бұзылулары үшін алдын ала жағдай жасайды.

# отадан кейінгі кезең (кезбе жүйкені кесуден кейінгі синдром).
# жұқпалы аурулар.
# ауқаттық дистрофия.
# асқазанның төмен түсуі.
# қымылдың жүйкелік реттелуінің бұзылуы (асқазанның идиопатиялық салдануы, жүйкелік анорексия).
# диабеттік нейропатия.
# симпатикалық жүйке жүйесінің түрткіленуі.
Салдарлары.
* Ерте (жылдам) тояттану синдромы. Асқазанның шығаберіс бөлімінің межеқуаты және қимылы төмендеуінен болады. Тағамды аз мөлшерде қабылдаудың өзі ауырлық және асқазанның артық толу сезімін тудырады.
* Қыжыл -- өңештің төменгі бөлігінде күйдіруді сезіну (асқазанның өңеш жақтағы қысқышы, өңештің төменгі қысқышы межеқуатының төмендеуінен, сөйтіп асқазанның қышқыл ішіндегісінің түсуінен).
* Жүрек айну, құсу. Даму тетіктері: асқазан қабырғасының күшейген кері толқи жиырылуы, көкет және құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің жиырылуы, асқазанның өңеш жақтағы бөлігі және өңеш тегісеттерінің босаңсуы, сопақша мыйдың құсу орталығының қозуы.
* Демпинг-синдром -- асқазан ішіндегісінің аш ішекке жылдам өтуінен дамитын дерттік жағдай. Әдетте, асқазан бөлігін алып тастағаннан соң дамиды. Демпинг-синдромы патогенезінің негізгі тізбектері:
+ Аш ішек ішіндегісінің гиперосмолялдығы
+ Қантамырларынан ішек қуысына сұйықтың қарқынды тасымалдануы (осмостық қысымның градиенті бойынша).
+ Гиповолемия дамуы.
+ ББЗ түзілуі және жасушааралық кеңістікке шығуының белсенділенуі, олар жүйелік қан тамырлардың кеңеюін (серотонин, кининдер, гистамин ж.б. әсері салдарынан) және артериялық гипотензияны, соның ішінде коллапсты туындатады.
+ Ішекте қанттың қарқынды сіңірілуі, сөйтіп гипергликемияның дамуы.
+ Инсулин түзілуі және сөлденісінің түрткіленуі.
Асқазанда сіңірілудің бұзылуы
Қалыпты жағдайда асқазанда су, әлкогөл, электролиттер сіңіріледі. Кездейсоқ немесе саналы түрде қабылдауда уытты заттар сіңірілуі мүмкін. Асқазан қабырғасының құрылымдық өзгерістері кезінде (соның ішінде, тосқауылдық қызметтің
бұзылыстары кезінде) организмнің ішкі ортасына нәруыз түсуі мүмкін, бұл иммундық дерттік үрдістердің дамуымен қауіпті: аллергиялық әсерленістер және иммундық аутоозбырлық жағдайлардың.
Асқазанның тосқауылдық және қорғаныстық қызметтерінің бұзылуы
Шырыштық-бикарбонаттық тосқауыл шырышты қабықты қышқыл, пепсин және басқа зақымдауға әлеуетті
қпалдардың әсерінен қорғайды.
:: Тосқауылдың бұзылуы:
Жағымсыз жағдайлар кезінде тосқауыл бірнеше минөттің ішінде бұзылады, эпителий жасушалары өледі, шырышты қабықтың меншік қабатында ісіну және қан құйылу болады. Тосқауылды қолдауға жағымсыз жайттар болады, мысалы, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (аспирин, индометацин), этанол, өт қышқылдарының тұздары.
* Helicobacter pylori -- асқазанның қышқыл ортасында аман қалатын грам теріс бактерия, ол, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Ас қорытужүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Ас қорыту және зәр шығару жүйелерінің патологиясы
Паталогиялық - анатомиялық хаттама
Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Иттің оба ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Жасуша құрылысы
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Пәндер