Тағаммен уланудың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тағаммен уланудың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру

Тамақтан улану - бұл асқазан-ішекке тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Құрамында агрессиялы химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына ақырын сіңіп, улану тудырады.

« Тамақтан улану » термині кейде гастроэнтриттің синонимі ретінде қабылданады, алайда бұл екеуі бір емес. Гастроэнтерит асқазан мен ішектің қабынуы. Бұл ауруға көптеген факторлар әсер етеді, соның ішінде тамақтан улану да.

Тамақтан улану белгілері

Тамақтан улану көбінесе тез жүреді. Қысқа ғана уақыттың ішінде өзін жақсы сезінудің арты келесі белгілерге ұласады:

  • Жүрек айну, құсу;
  • диарея;
  • асқазан және/немесе ішек ауруы;
  • жалпы әлсіздік, ұйқы қашу;
  • бас ауруы. ;
  • іш өту, арасында іштің түйілуі мен ауруы;
  • несептің түсінің өзгеруі және т. б

Емдемесе бұл белгілер күшейе түсуі мүмкін. Токсиндердің түріне және олардың санына қарай бүйректің, орталық жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесі жұмысының бұзылуы байқалуы мүмкін. Әсіресе, баланың улануы, белгілі бір аурудан енді жазылған егде адамның жағдайы одан әрі ауыр болуы мүмкін .

Тамақтан уланудың себептері

Улану көбінесе мерзімі өтіп кеткен, өмір сүру деңгейі бактерияға ұшыраған, сондай-ақ химиялық заттармен бүлінген азық-түлікті қолданғанда пайда болады. Бактериялар және басқа да тағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мәселен олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі) сонымен бірге тоңазытқышта немесе бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар қауіпті.

Мынадай жағдайда жедел жәрдем шақырыңыз немесе ауруханаға барыңыз:

  • тамақтан улану балада, жүкті әйелде, созылмалы ауруы бар адамда немесе қарт адамда болса;
  • егер келесідей белгілер пайда болса: көздің бұлдырлауы, сөйлеу, жұтыну қиындаса.

Асқынулар

Жиі кездесетін асқынуы - сусыздану. Тағамдық улану кезінде күрделі асқыну сирек болады. Оларға жататындар:

  • асқазан-ішек қан кетуі
  • жүйке жүйесінің зақымдануы
  • бүйректегі мәселелер
  • Артрит (буынның қабынуы)
  • Перикардит (жүректі жабатын қабықшаның қабынуы)

Аурудың болжамы

Адамдардың көпшілігі дұрыс емделгенде 12-48 сағат ішінде тағамдық уланудан толығымен айығады. Алайда, тағамдық уланудың ауыр өтуінде күрделі асқынулар болуы мүмкін. Сау адамдарда тағамдық уланудан өлім-жітімге ұшырау аса сирек болады.

Қашан дәрігерге көріну керек

  • Тыныс алудың күрт бұзылуы
  • Бұлшық еттегі әлсіздік
  • Жоғары температура
  • Қан аралас көп іш өтуі
  • Жүкті әйелдер мен балалардағы тағамдық улану
  • Организмнің күшті сусыздануы және су тәрізді жиі іш өтуі
  • Келесі уыттану белгілерінің болуы: күшті бас ауыруы, бас айналуы, салқын және ылғалды тер, естен тану жағдайлары.

Диагностика

Тағамдық уланудың нақты қоздырғышын анықтау үшін келесі талдаулар жүргізіледі:

  • нәжістің
  • құсықтың
  • қанның (вирус пен уытты анықтаудың экспресс-талдауы)
  • ауырғандар тұтынған тағам өнімдерінің

Сіз не істей аласыз?

Тамақты аз-аздан ішіп, ағзаны демалдыру керек. Үйде жатып, демалуға тырысыңыз. Барынша көбірек сұйықтық ішіңіз, бірақ ішімдік, кофе, шай және газдалған сусындардан бас тартқаныңыз жөн.

Дәрігер не істеуі мүмкін?
Тағамдық уланудың себебін анықтайды, сонымен қатар осындай симптомдарды ұқсас ауыр аурулар диагнозын тізімінен алып, сіздің жазылуыңызға әсер ететін тиімді ем тағайындайды.

Емдеу

  • Әдетте, тағамдық уланудың симптомдары бірнеше күн ішінде өтеді. Жұмсақ емдәм ұстанған жөн: қиын қорытылатын және тітіркендіретін өнімдерді тұтынбау қажет.
  • Организмдегі су үйлесімін қолдау үшін аурудың барысында суды көп ішу қажет - күніне 2-3 литрден. Регидронды қолдану көп құсу мен диарея кезіндегі электролиттерді жоғалтуды толықтырады.
  • Организмнен уыттарды шығару және симптомдардың ауырлығын азайту үшін энтеросорбенттер (энтеросгель, белсендірілген көмір) қолданылады.
  • Микробқа қарсы препараттарды емдеуші дәрігер ғана тағайындайды, және тағамдық уланудың ауыр жағдайларында қолданылады.

Сақтандыру шаралары

  • тамақ жасар алдында және шикі ет немесе тауықты ұстаған соң қолыңызды сабындап жуыңыз;
  • көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз;
  • шикі етті турап болған соң, тақтай мен басқа да аспаптарды жуыңыз;
  • тамақ жасар алдында мұздалған тауықты жақсылап ерітіңіз. Егер мүмкіндік болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, суық бактериялардың көбеюінің алдын алады;
  • ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
  • ет, тауық және балықты қуырмас бұрын бір ыдысқа салмаңыз;
  • тағамдарды тарақан, маса және тышқандардан қорғау үшін бетін әрдайым жауып жүріңіз;
  • буфет, асханаларда тамақтанғанда абай болыңыз;
  • тамақ қалдығын тоңазытқышта сақтаңыз, ал пикникке апаратын тағамдарды арнайы ыдыстарға салыңыз;
  • шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз;
  • Асханада тазалық сақтаңыз.

Көмек көрсету

Тамақ арқылы уланған жағдайда, уды қайтаруға, су-электролит балансы мен қан айналымын орнына келтіруге бағытталған, патогенетикалық терапия жүргізіледі. Ем жүргізу аурудың этиологиясына емес оның өту күрделілігіне қарай анықталып жүргізіледі. Алғашқы күттірмейтін емдік шара асқазанды 2-3 л жылы сумен жуу болып табылады, 2% натрий гидрокарбонат немесе 0, 1 % калий перманганат ерітінділерімен шайынды су тазарғанға дейін жуу қажет. Осы мақсатта асқазандық зондты пайдаланған жөн. Науқастың жүрегі айнып, құсқысы келген жағдайда аурудың басталғанына қанша уақыт өткеніне қарамай, міндетті түрде асқазанды шаю қажет. Науқасқа ыстық тәтті шай ішкізу керек. Сондай-ақ аяқ-қолын жылыту қажет (аяғына жылытқыш қою) . Аурудың бас кезінде сорбенттер қолдану ұсынылады (активтенген көмір, энтерополисорб, энтеродез т. б. ) . Көрсетілім бойынша антисептикалық препараттар да пайдаланылады. Бұл шаралар тамақ арқылы улану жеңіл өткен жағдайда жүргізіледі. Асқазанын шайғаннан кейін науқастың жүрек айнуы, құсуы, ішінің өтуі басылмаса, сусызданудың І-ІІ деңгейінің белгілері және шамалы немесе орташа уланудың белгілері білінсе, ауз арқылы регидратация және у қайтаратын терапия жүргізіледі, осы шараларды бүгінгі күні госпитальға дейінгі кезеңде өткізу ұсынылады. Бұл терапия тамақ арқылы жаппай улану жағдайында өте тиімді. Науқастарды емдеу үшін 1л қайнаған суға 3, 5 г натрий хлорид, 2, 5 г натрия гидрокарбонат, 1, 5 г калия хлорид және 20 г глюкозасы бар тұз-су ерітінділерін қолданады. Дайын ерітінділерді 12-18 сағаттан артық сақтауға болмайтындықтан, құрамы осындай пакеттелген глюкосолан препаратын пайдаланған тиімді. Сақтауға төзімді препараттардың бірі регидрон мен цитраглюкосолан, олардағы натрий гидрокарбонат гидроцитратпен алмастырылған. Пакеттің ішіндегіні 0, 5 немесе 1 л қайнаған жылы суға еріту қажет. Науқас ерітіндіні бірнеше сағат ішінде ішуі қажет, соңғы 4-6 с. ішіндегі нәжіспен жоғалтқан сұйықтың 1 мөлшеріне ерітіндінің 1, 5 мөлшері есебінде ішілуі қажет. Құсуы қайталанған жағдайда ерітіндіні назогастралды зонд арқылы құюға болады. Тұз-су терапиясы бірден жағымды регидратация мен у қайтару тиімділігін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тамақ арқылы уланудың ауыр жағдайында, немесе удың әсерінен естен танып қалған жағдайда, құсуы тиылмағанда, сусызданудың ІІІ, кей кезде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еттің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы
Тағам статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы туралы мәлімет
Тамақ пен тамақтанудың қауіпсіздігі
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
УЛАНУ КЕЗІНДЕГИ АЛҒАШКЫ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ КӨМЕК
Еттердің микроорганизмдермен экзогенді және эндогенді жолдармен былғануы туралы ақпарат
Тағамдық токсикоинфекция қоздырғыштарының қасиеттерін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz