XIX ғ. ғасырдағы антикалық тарихнама



1 Антикалықты зерттеуде басты еңбектер
2 Германияда гректік және рим авторларының жаңа еңбек туындылары
3 Антикалықты зерттеуде басты еңбектеі
XVIII ғ. аяғы –XIX ғ. бірінші жартысында батысеуропалық тарихнама дами бастады. 1826 – 1833 жж. Цицеронның барлық шығармалары басылып шығарылды, «Консульских фастов» (1818 – 1820) атты екі томы жарық көрді, онда рим шежіресі жазылған. Грек мемлекетінің 1830 жж. гректердің тәуелсіздік алуындағы көтерілістен кейін гректердің мәдени тарихымен ежелгі гректердің өміріне деген қызығушылық барлық тарихшыларды еліктіре түсті. Этрускология жақсы дами бастады. Үлкен проектің бірі болып 1825 – 1859 жж. неміс антикалық тарихшысы Август Бёктің ұсынысы бойынша жазылған «Грек жазбаларының корпусы» атты еңбек шығады, ол 4 томнан 10 данадан, 10 мыңға таяу грек жазбаларынан тұрды. XVIII ғ. аяғы –XIX ғ. басында неміс тарихшылары был Фридрих Август Вольф және Георг Бартольд Нибурдың тарихи-сыни методты ойлап тапты. Вольф «Гомерге кіріспе» (1795) атты еңбегінде Гомер поэмаларына байланысты барлық сұрақтарды қарастырды. Бұл еңбек деректің әр кезеңде өмір сүретінін дәлелдіп көрсетті.
Бұл кезеңдегі ірі антикалық тарихшы Георг Бартольд Нибур (1776 – 1831) болды. 23 жасында 20 дан көп ежелгі және қазіргі замандағы тілдерді білген. Ол жылдар бойы мемлекет қызметкері болды және де Ост-Индтік Банктің директоры, Ватиканда Парсының елшісі болды, ал 1811 ж. Берлинде профессор болды, 1824 ж. бастап Бонн университетінде қызмет атқарды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
XIX ғ. ғасырдағы антикалық тарихнама.

XVIII ғ. аяғы –XIX ғ. бірінші жартысында батысеуропалық тарихнама дами
бастады. 1826 – 1833 жж. Цицеронның барлық шығармалары басылып шығарылды,
Консульских фастов (1818 – 1820) атты екі томы жарық көрді, онда рим
шежіресі жазылған. Грек мемлекетінің 1830 жж. гректердің тәуелсіздік
алуындағы көтерілістен кейін гректердің мәдени тарихымен ежелгі гректердің
өміріне деген қызығушылық барлық тарихшыларды еліктіре түсті. Этрускология
жақсы дами бастады. Үлкен проектің бірі болып 1825 – 1859 жж. неміс
антикалық тарихшысы Август Бёктің ұсынысы бойынша жазылған Грек
жазбаларының корпусы атты еңбек шығады, ол 4 томнан 10 данадан, 10 мыңға
таяу грек жазбаларынан тұрды. XVIII ғ. аяғы –XIX ғ. басында неміс
тарихшылары был Фридрих Август Вольф және Георг Бартольд Нибурдың тарихи-
сыни методты ойлап тапты. Вольф Гомерге кіріспе (1795) атты еңбегінде
Гомер поэмаларына байланысты барлық сұрақтарды қарастырды. Бұл еңбек
деректің әр кезеңде өмір сүретінін дәлелдіп көрсетті.
Бұл кезеңдегі ірі антикалық тарихшы Георг Бартольд Нибур (1776 – 1831)
болды. 23 жасында 20 дан көп ежелгі және қазіргі замандағы тілдерді білген.
Ол жылдар бойы мемлекет қызметкері болды және де Ост-Индтік Банктің
директоры, Ватиканда Парсының елшісі болды, ал 1811 ж. Берлинде профессор
болды, 1824 ж. бастап Бонн университетінде қызмет атқарды. Ол алғашқы болып
университет қабырғасында антикалық тарихтан лекция оқыды. Нибур Рим
тарихына байланысты 3 томдық Рим тарихы атты еңбекті жазған, ол ерте
заманнан Екінші Пуни соғысына дейінгі аралықты қамтиды (б.э.д. 218 – 201
жж). Болжаушылар Луи де Бофордың кезінде ақ бұл кезеңдегі дәлелдемелер
шынайы еместігін айтты, ал Нибур бұнда өзінің тарихи сыни методын қолданды.
Аналитикалық және сыни тапсырмаларды орындағаннан кейін тарихшы зерттеудің
синтетикалық бөлімге көшеді. Ерте заманнан бергі Рим тарихы туралы
материалдарды шынайы деп санағанды Нибур халықтардың өмір сүруін
салыстырмалы метод арқылы толықтырды. Сонымен қатар Нибур тарихшының ішкі
сезіміне де сенді.
Сондай-ақ Нибур ұрпақтық теорияның негізін қалады, онда римдіктердің
тарихи дамуы патриархалдық отбасы арқылы емес, ұрпақ арқылы таралғандығын
көрсетеді.
Антикалықты зерттеуде басты еңбектердің бірі Август Бёктің (1785 –
1867) Афиняндықтардың мемлекеттік шаруашылығы (1817) атты 3 томдық еңбегі
шықты, онда ол қаржы, салық, баға, тапқан табыс туралы жазған. Бёк өзінің
зерттеуін филологиялық және тарихи деп те санады. Бёктің көптеген оқушылары
антикалықты зерттеуде үлкен үлестерін қосты. Олардың арасында Иоганн Густав
Дройзен (1808 – 1884) бар, еуропалық атақты Эллинизм тарихы (1833 – 1843)
3 томдық еңбегі берген, онда эллинизм термині алғашқы қолданылған.
Александр Македонскийдің жаулауынан бастап Шығыс Жерорта жеріне дейінгі
жерлерді жаулап алуына дейінгі кезеңді тарихқа жазды. XIX ғ. Герман
тарихнамасы антикалық зерттеулерде басты орында болды.
XIX ғ. Ағылшын тарихнамасына экономикалық мәселелерге деген
қызығушылық, партия аралық қақтығыстармен саяси реформаларды зерттеу тән
болды. XVIII аяғы – XIX ғғ. Бірінші жартысында ағылшын тарихнамасында
Ежелгі Греция туралы көлемді үш еңбек басылып шығарылды. Греция тарихының
8-ші томында (1784 – 1794) Уильям Митфордта автор консервативтік бағыт
ұстанды, Спартаның жериеленушілігін мысал етті. 1835 – 1838 жж. тағы бір 8-
ші томдық Греция тарихы атты жұмысқа Фелуолла Ежелгі Грецияда болған
саяси тартысқа басты назар аударды. Бұл екі шығарма тағы бір өте көлемді
еңбектің жазылуына негіз болды – Греция тарихы (1846 – 1856) 12 томдық,
авторы Джордж Грот (1794 – 1871) болды. Бұл еңбек Англияда 5 рет басылымға
шықты, Еуропада үлкен маңызға ие болды. Грот Нибурмен таныс болды және де
онымен хат алмасып тұрды. Грот басты назарды Афин тарихына аударды, себебі
ол өзінің көзқарасы бойынша либерал болды. Гроттың тұжырымы бойынша,
ежелгігректердің мәдениетінің дамуы гректердің демократиялық полистерімен
тығыз байланыстылығы үшін. Ағылшын тарихнамасы Көне Рим тарихына көп көңіл
бөлмеді. Англияда неміс тарихшыларының еңбектерін аудару – антикалықтар
пайда болды.
XIX ғ. Бірінші жартысында француз тарихнамасында Дюро де ла Малляның
(1777 – 1857) Римдіктердің саями экономикасы (1840) атты 2 томдық еңбегі
үлкен роль атқарды, онда ерте римдіктердің саяси және экономикалық өмірлері
толығымен суреттелген. Бұл еңбекті кейіннен антикалық тарихшылар өздерінің
жұмыстарында қолданды.
XIX ғ. Бірінші жартысында Ресейде антикатануда ежелгі скифтер мен
Қырымдағы Боспорский патшалығына байланысты архиологиялық қазба жұмыстары
жүргізілді. XIX ғ. Бірінші жартысында бірнеше университеттер ашылды –
Дерптск (1802), Харьковск және Казань (1804), Петербург (1819), Киев (1834)
– антикалық университеттердің ашылуы басталды.
Орыстың атақты тарихшысы, антикатанушысы Петербург университетінің
профессоры Михаил Семенович Куторга (1809 – 1886) болды. Ол Ежелгі Греция
тарихын зеттеумен айналысты, ал жазған жұмыстары Афинадағы фила мен
фратрияларға, Афина мен Грецияның саяси тарихына арналған.
XIX ғ. Ортасында дүние жүзі тарихы бойынша марксизм тероиясы басты
орынға шықты. Марксизм түсінігі бойынша антикалықты қоғамдық-экономикалық
формация ретінде түсіндірді. Марксизмдегі полис бірінші рет тек мәдениет
сияты қарастырылған жоқ, тек әлеуметтік-экономикалық қоғам ретінде
қарастырылды, оның негізінде антикалық өзіндік түрі жатты – азаматтық
қоғамдағы кіші жер иеленушіліктер, сонымен бірге бұрынғы әскери қатарда
болған азаматтар да жатты. Антикалық түрдің ерекшелігі онда екі түрі болды:
азаматтардың өзіндік жеке меншіктері бар және мемлекеттің жеке меншігі бар.
Марксизмде қоғамдырдың топтарға бөлінуі жеке меншіктің арқасындағы
табыстары болып табылады. Маркс пен Энгельс антикалық қоғамдағы саяси
тартыс осы кіші жер иеленушілер мен ірі жер иеленушілердің арасында болады
деп есептеген. Марксизмде антикалық мемлекет қоғамның бөлінуінен пайда
болды деп айтылады. Во второй половине XIX века продолжала расширяться
источниковая база антиковедческих исследований.
1871 жылы Генрих Шлиман (1822 – 1890) Кіші Азияда ежелгі Троялар өмір
сүрді деген жерлерге қазба жұмыстарын ұйымдастырды, ол жерлер ежелгі Троя,
Грециядағы Микен жері, Тиринфе және Итака аралы.
Нәтижесінде, 1874 жылы Шлиман Ежелгі Трояндықтар атты еңбек басып
шығарады, Онда Гомердің пэмаларын тарихи дерек ретінде қолданды. 1870 жж.
Эрнст Курциус Олимпия жерінде қазба жұмыстарын бастады, онда 130
статуйялар, 12 мың қола заттар, 6 000 тиын, 400 жазбалар табылды. Грецияда
француздық археологиялық экспедициялар жұмыс істеді.
Германияда гректік және рим авторларының жаңа еңбек туындылары шығарыла
бастады – 1824 ж. бастап Лейпцидегі Тейбнердің фирмасымен, сонымен қатар
Диндорф ағайындыларының фирмасымен жұмыс жүргізілді. 1873 ж. Берлинде грек
тілінде жазылған жаңа жазбалар шығарыла бастады. Неміс тарихшыларының
арасында – антикалық тарихта жоғары рольде болған Эрнст Курциус (1814 –
1897), Гректер тарихы атты (1852 – 1867) 3 томды еңбегі бар, онда басты
қызығушылық гректердің мәдениетінде болды. Рим тарихын оқудағы басты қоғам
қайраткері Теодор Моммзен (1817 – 1903) болды. Оның римдіктердің құқықтары
туралы еңбегі бар: Римнің мемлекеттік құқығы (1871 – 1887), Римнің
қылмыстық құқығы (1889). Моммзен мемлекеттік мекемелерінің тарихын,
магистратураларды, азаматтық институттарды, сенатты зерттеді, эпиграфика
және нумизматикамен де айналысқан. 1858 ж. Моммзен Берлин университетінде
қызмет атқарды, ғылым Академиясының мүшесі болды. Моммзеннің басты
еңбектерінің бірі Рим тарихы болды. Ол кітап рим империясында
демократиялық монархия бар екендігі дәлел болу үшін жазылған, демократиялық
монархия – оның бастаушысы Цезарь болды, және Моммзеннің айтпақ ойы-
Германияда да сондай демократиялық монархия болды деген. Сонымен қатар
Моммзен өз еңбегінде басты назарды әлеуметтік-саяси тарихқа аударды.
Жұмыстың басты үш томы 1854 – 1856 жж. шығарылды, онда Рим тарихы Цезарьдің
өлгеніне дейңн жазылған, ал бесінші томы тек 1885 жылы пайда болды және ол
рим провинцияларына арналған. Төртінші том, Римдегі демократиялық монархия
туралы баяндалған, 1860 – 70 жж. Германияның демократиялық жолмен емес
қосылуына байланысты, Моммзенның еңбегіндегі демократиялық монархия туралы
ой өрісі жоққа шығарылып, ол еңбек аяқталмай қалды. Жалпы алғанда
Моммзеннің еңбектеріндегі стиль публицистикалық болды, сондықтан оның
еңьектері неміс тарихшыларының арасында сыни көзқарас тудырды.
Антикалық тарихнамада екі швейцарь тарихшылардың еңбектері басты орында
болды: Иоганн Якоб Бахофен (1815 – 1887) және Якоб Буркхардт (1818 – 1897).
Бахофен римдіктердің азаматтық құқықтарымен айналысты, содан кейін көне
елдердегі әйел адамдардың ролі туралы зерттеулер жүргізді. Негізінен
мифологияға, әдебиетке, этнографиялық мәліметтерге, өнер туындыларына, діни
сенімдерге жүктелді. 1861 жылы оның Материнское право, исследование
гинекократии древнего мира на основе его религиозной и правовой природы
атты еңбегі шықты. Бұнда ол матриархаттың адам дамуындағы басты күші
ретінде қарастырған. Бахофен сондай-ақ, ежелгі діни сенім туралы да
еңбектер жазған..
Я. Буркхардт, Базельск университетінің профессоры, Қайта өрлеу дәуірін
тереңнен қарастырды, сонымен қатар грек мәдениетімен де айналысты және де
1893 – 1902 жж. Оның лекциялар курсы Грек мәдениетінің тарихы атты 4
томдық кітап болып шығарылды. Буркхардт 1870 жж. Кейін басты назарын
қоғамдағы ұлы қайраткерлерге ауыстырды.
XIX ғ. Екінші жартымында француз тарихнамасында позитивизм басты орында
болды, сол кездері ол Еуропаның және оның басқа елдерінің тарихи
ғылымилығына әсер етті. Француз тарихшыларының ішінде үлкен әсер еткен
тарихшы, Нюма Дени Фюстель де Куланж (1830- 1889) болды, ол Полибии туралы
жазып, 1864 жылы ол еңбегін Антикалық азаматтық қоғам атымен шығарды.
Фюстель де Куланж бұл еңбегңне кіріспе ретінде Франциядағы революциялық ой
толқулар антикалыққа сүйенген деп көрсеткен. Сол кезде оның айтуы бойынша,
антика қауымы отбасыдан тұрды, ал негізі діннен алынған, жеке бастық
бостандық болған жоқ деген. Фюстелдің басты еңбегі 6 томдық Ежелгі
Франциядағы қоғамдық жіктелу тарихы (1874 – 1892) болды, бұл еңбекте
алғашқы антикалық қоғам діни түсініктермен негізделгенін атап айтылады,
сондай-ақ, ерте қоғамдағы аристократиялар мен монархиялар туралы, төменгі
тап өкілдері туралы суреттеген, басында бұл қоғам көптеген азаматтық
соғыстармен жаулап алу нәтижесінде бірігеді де бір мемлекет құрады да бүкіл
халықтық діни сенім христиандық болады деп жазған. Фюстель сонымен қатар
Рим империясының құлдырауы туралы айтылған пікірлерге қарсы болды, оның
ойынша, Рим империясы құлаған жоқ, оның мәдениетімен ғимараттары одан ары
дамыды. Варварлар – германдықтар, Фюстельдің ойынша, ешқандай жаңалық
әкелген жоқ, олар керісінше рим мәдениетінен өздеріне керектің барлығын
үйренді. Антикалық тарихнамада басты орында болған Фюстеля де Куланжаның
тағы бір еңбегі Римский колонат (1885).
Антикалық құл иеленушілік туралы зерттеулердің ішінде зор үлесін қосқан
Анри Валлонаны (1812 – 1904) айтуымызға болады. Валлона антикалық құл
иеленушілікті зерттеу барысында католиктік көз қарасты ұстанған. Және де
құл иеленушілікті рухани жағынан сөкті.

Жозеф Эрнест Ренан (1828 – 1892) христиан тарихы бойынша жазылған
еңбектерді шығарды. Христиан шіркеулеріндегі адамдар Ренан еңбегіне қарсы
болды, тек протестанттар ғана қолданды. Ренанның еңбегінде христиан діні
антикалық дәуірде театрдың, форумның, мерекелердің өмірін жойды да, әскери
атақты сенімсіздікке апарды деп жазылған.
XIX ғ. Ортасының екінші жартысында ағылшын тарихнамасында позитивизм
басты бағыт болды. Ежелгі Грецияны зерттеу жүргізіліп жатты, 1886 ж. жеке
меншіктік қаржыға бағытталған Афинада Британ мектебі ашылды. Египеттегі
архиологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде эллинистік-римдіктер
кезеңіндегі папирусты зерттейтін ғылым папирология пайда болды.
Ағылшын тарихшыларының ішінде Рим тарихын зерттеудегі атақты тарихшы
Чарльз Мериваль (1808 – 1894) болды, ол 1850 – 1862 жж. 8-томдық үлкен
еңбегін шығарды Империя дәуіріндегі Рим тарихы. Ол империяны
олигархияқатынасы үзілген деп суреттеді. Деспотизмнің Римде басталуын
Мериваль Рим империясының соңына таман көрді, бірақ оны халық массасынан
көрді.
XIX ғ. ортасында Италиядағы ежелгі этруссктықтарды зерттеу жүргізіле
бастады. Антикатанулық зерттеулер Италиядағы 1861 жылғы бірігумен 1870 ж.
Италияның құрамына Римнің кіргені зерттелінді.
XIX ғ. Екінші жартысында орыс тарихнамасында зерттеулер тек қана
фактіге, құжаттарға, т.с.с қатты мән беріле бастады да эпиграфика дами
бастады. Орыс тарихнамасында мәдени-тарихи бағыт дами бастады. Белгілі
тарихи өкілдерінің бірі Федор Герасимович Мищенко (1847 – 1906) болды,
Киевтік және Казаньдық университеттерінің профессоры. Ол грек драммасымен
айналысты, сонымен қатар Страбонның, Геродоттың, Фукидидтің, Полибияның
шығармаларын шығарды және де Ежелгі Грецияның саяси тарихын, сақтар туралы
зерттеу жүргізді. XIX ғ. ғасырдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертедегі грек тарихшылары
Деректану және тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері. Дәрістер кешені
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
Қайта өрлеу және ағартушылық кезең тарихнамасына лекция мәтіндері
Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері
Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Тарих философиясы
Пәндер