Материалды бухгалтер бағдарламасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
мазмұны
КІРІСПЕ3
1 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛЫМЫ5
1. 1 Дербес ЭЕМ негізінде АЖО-ның ќалпы жєне даму перспективалары5
1. 2 Жұмыс орнын автоматтандыру принциптері мен оған қойылатын талаптар12
2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДІ ҚҰРУҒА ҚОЛДАНЫЛҒАН ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ҚҰРал26
2. 1 Delphi - де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері26
2. 2. Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру30
2. 3 TQuery компонентімен жұмыс34
2. 4 TDBGrid компонентін қолдану40
3 «материалды бухгалтер» БАҒДАРЛАМАСЫН СИПАТТАУ48
3. 1 Мәліметтер қоры туралы түсінік48
3. 2 Бағдарламамен танысу49
3. 3 Бағдарламамен жұмыс істеу50
3. 4 Бағдарламаның есеп беру мүмкіндіктері52
ҚОРЫТЫНДЫ53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР55
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процесстері.
Ақпаратты басқару компюьтерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.
Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
Дипломдық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді. Delphi-де мәліметтер қоры қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана емес, мәліметтер қорымен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және қолайлы болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының қойылымы:
Материалды бухгалтердің жұмыс орнын автоматтандыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы
Жұмыс негізінен үш тараудан тұрады:
1-тарауда Дербес ЭЕМ негізінде автоматтандырылған жұмыс орнының дамуы және қойылымы туралы жазылды.
2-тарауда бағдарламалық өнімді құруға қолданылған инструментальды құрылғылар: мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі Paradox 7 механизмі мен Delphi бағдарламалау ортасы және ондағы басты компоненттер туралы жазылды.
3-тарауда «Материалды бухгалтер» бағдарламасы және онымен қалай жұмыс істеу жөнінде қолданушыға нұсқау жазылды.
1 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛЫМЫ
1. 1 Дербес ЭЕМ негізінде АЖО-ның ќалпы жєне даму перспективалары
Электрониканың дамуы есептеуіш машиналардың жаңа класының Дербес ЭЕМ-нің пайда болуына әкелді. Дербес ЭЕМ-ң негізгі ерекшелігі оның төмен бағасы жєне сонымен ќатар жоғары сапалылығы. Мысалы, 60-шы жылдардың басындағы үлкен ЭЕМ-дің шығарылуының, 70-ші жылдардың басындағы кіші ЭЕМ-дің жєне 80-ші жылдардағы Дербес ЭЕМ-дің шығарылу сұранысының жоғарылығы бір-бірімен шамалас. Ќазіргі кезде Дербес ЭЕМ-ң төмен бағасы, сенімділігі адам тұрмыс тіршілігінің ќалып күйіне арналған.
Мұндай облыстарға Дербес ЭЕМ ќолданылатын ұжымдыќ тұрмыста жатады
1-сурет. Дербес ЭЕМ-нің жалпы схемасы:
1-микропроцессор, 2-негізгі жады, 3-сыртқы жады, 4-дисплей, 5-клавиатура, 6-басып шығару ќұрылғысы, 7-жүйелік магистраль.
ЭЕМ-нің ќолданылуы:
- мамандардың информацияны өңдеумен байланысты еңбек сапасын өсіруге шынымен мүмкіндік берді. Бұл аспект ерекше көзге түсерліктей, өйткені осы уаќытќа дейін басќару еңбегі сапасының жоғарылығы өте жай ќадаммен өсіп келді. Осылайша ол соңғы 30 жыл ішінде 2-3 есе өсті, ал сонымен ќатар өнеркєсіпте 14-15 есе өсті. Ќазіргі уаќытта єртүлі салалар мамандарының басќару жєне ой еңбегінің интенсификациясы үшін Дербес ЭЕМ-нің негізінде функционалданатын АЖО өте кең көлемде өңделіп дамып келеді.
- экономикалыќ ќызметтердің жұмысшыларының АЖО-ның негізгі ќұраушы элементтерін, басќару тұрмысын жєне т. б. олардың ќолданылуының жєне дамуының перспективалары. 1-суретте АЖО-ң техникалыќ негізін ќұрайтын Дербес ЭЕМ-нің жалпы схемасы көрсетілген.
- Дербес ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы программа құрамындағы әртүрлі операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін микропроцессор болып табылады. Қазіргі уақытта ең кең көлемде таралған 32-разрядты процессорлар, бірақ көп кешікпей олардың орнына 64-разрядты процессорлар келеді. Разрядтылық елілік кодтағы жұмысшы сөзінің ұзындығын білдіреді. Микропроцессорлар разрядтылығынан басқа тактілік жиілігімен де ерекшеленеді. Тактілік жиілік пен разрядтылық неғұрлым үлкен болса, соғұрлым процессордың сапасыжоғары болады. Бір секундта ондаған миллиондаған операцияларды орындау Дербес ЭЕМ үшін қалапты нәрсе.
Дербес ЭЕМ-нің жұмыс істеу шапшаңдығы сонымен қатар жұмыс істейтін жадының көлеміне де байланысты. Жады негізгі және сыртқы болып бөлінеді. Негізгі жады 2 компоненттен тұрады: тұрақты есте сақтау құрылғысы(ROM немесе ПЗУ) және жедел есте сақтау құрылғысы (RAM немесе ОЗУ) ЖЕҚ- да программаның динамикалық информациясы және өңделетін мәліметтер сақталады. Компьютерді сөндіргенде ЖЕҚ құрамындағы барлық информация өшіріліп қалады. ТЕҚ-сы ЖЕҚ-ға қарағанда кішірек, онда информация ұзаққа сақталады және оны өзгерту мүмкін емес, немесе оны арнайы құрылғылардың көмегімен өзгертуге болады (ТЕҚ-прогматтары) . Сыртқы есте сақтау құрылғылары (СЕҚ) сонымен қатар әр түрлі типті болады. Сызықтық жинағыштар информацияны магниттік таспаға жазу үшін қолданылады. Қазіргі кезде бірнеше гигабайтқа дейін информацияны сақтай алады (1гб=1024мгб) . Бұл құрылғылар ертеректе шыққанына қарамастан, олар әлі де кең көлемде қолданылады, оның ең басты себебі көлемінің үлкендігі, олар информацияны резервті түрде көшіруге және ұзақ уақыт сақтауға арналған. Дисктік жинағыштар да қазіргі кезде кең таралған. Оларды бірнеше топтарға бөліп тастауға болады:
а) иілгіш дисктегі жинағыштар (флоппи дисктегі) дискеталар салыстырмалы түрде сыйымдылығының өте төмен болуына қарамастан, бағасының арзандығына байланысты кең таралған.
б) Қатты дискідегі жинағыштар (винчестер) олар иілгіш дискілер секілді көп қолданылады, бірақ қатты дискілердің мәліметтерді жіберу жылдамдығы күшті және сыйымдылығы жоғары винчестер бағасы түсіп келеді, ал жылдамдығы сенімділігі және сыйымдылығы өсуде. Бұл айтылғандардың барлығы қазіргі кез-келген ДЭЕМ-нің ең басты атрибуты болып табылады.
в) Лазерлік дисктегі жинағыштар да осы уақытта жақсы таралып келеді.
(CD-ROM) өзінің кемшіліктеріне байланысты CD-ROM информацияны сақтау орнының үлкендігіне байланысты информацияны сақтау құрылғысы ретінде оның алатын орны ерекше (700 мгб) .
г) Қазіргі кезде көп қолданыс таппаған басқа да көптеген СЕҚ да бар. (Магнитті - оптикалық дисктер Бернулли дисктері, WORM-дисктері, Mobile дисктері және т. б. ) . Кейбір жинағыштар (перфоленталар, перфокарталар, магниттік барабандар және т. б. ) . Қазіргі уақытта ескіріп қалған және соңғы ДЭЕМ-де олар мүлдем қолданылмайды.
- Дисплей информацияны қарауға арналған негізгі құрылғы. Ол экранның өлшемімен сипатталады.
- Клавиатура (пернетақта) информацияны енгізуге арналған негізгі құрылғы. Сонымен бірге оператордың жұмысын жеңілдететін қосымша құрылғылар да бар. Олар тышқан және т. б. Информацияны енгізу үшін сонымен қатар сканер де қолданылады. Информацияны қабылдау және талдау құрылғылары мен бейнені (сақтау) қабылдау құрылғыларының болашағы өте үлкен.
- Дербес ЭЕМ-нің барлық құрылғылары жүйелік магистраль арқылы қатынас жасай алады. Бірақ информация әуелі СЕҚ-ның ЖЕҚ-ның жазылып, содан кейін процессор оған ену мүмкіндігін ала алады. Дербес ЭЕМ-ді қолданудың ең тиімді формасы ол Дербес ЭЕМ-ның негізінде нақты АЖО-ң мамандарын ұйымдастыру, бұл әдіс адам мен машинаның арасындағы қатынастардың психологиялық қабынуларын жоғалтады.
АЖО келесі сұрақтарға жауап беру керек:
- Маманның информациялық есептік сұраныстарын қанағаттандырады.
- Жауаптың минимальды уақытты ал сұраныстар қолданушынікі.
- Қолданушы дайындау деңгейіне және оның профессионалды сұрауларына бейімделу.
- АЖО-да жұмысты тез қабылдау, көмек берудің қарапайымдылығы және сенімділігі.
- Қолданушыға шыдамдылықпен қарау.
- Қолданушыны тез оқытып-үйрету мүмкіндігі.
- Есептеуіш желінің құрамындағы жұмыстың мүмкіндігі. АЖО-ның жалпыланған схемасы 2-суретте көрсетілген.
Жалпы программалық қамсыздандыру (ПҚ) есептеуіш техниканың функционерленуін және жаңа программалардың қосылуын және өңделуін қамтамасыздандырады. АЖО-ның профессионалды бағытталуы ПҚ-ның функциональдық бөлігімен анықталады. (ФПҚ) дәл осы жерде нақты маманға бағыт анықталады, айқындалған пәндік облыстардың есептері шешіледі. ФПҚ-ды өңдеу барысында үлкен көңіл "адам-машина" қатынасын ұйымдастыру сұрақтарына аударылады. Қолданушы ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда өз ісінің қажетті, шынайы екендігін сезіну керек. Әйтпесе, адамдар жұмысына деген жағымсыз сезімдер пайда болуы мүмкін.
Диалогты жүйелерді талдау осы диалогты ұйымдастырушыларының көзқарасы бойынша оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
- Командалық тілі бар жүйелер.
- "Адам объектілер әлемінде".
- "Меню" формасындағы диалог.
Қолданбалы желілерді командалық тілді қолдану мини және микро ЭЕМ үшін интерпретатор командаларын құру идеяларын көшіру. Оның негізгі ерекшелігі құрылуының қарапайымдылығы мен жүзеге асырылуына, ал кемшілігі: командаларының олардың параметрлерін еске сақтау, қате енгізулерді қайталау, командаларға әр түрлі деңгейде ену мүмкіндігін шектеу және т. б. Осылайша қолданушы жүйелерде қарым-қатынас тілін меңгеруге тиіс.
"Меню" негізгі менюіндегі форманы диалогы қолданушыға көптеген альтернативті әрекеттерді ұсынады. Ол ішінен өзіне ең керегі таңдап ала алады. Қазіргі кезде ең көп таралған қолданушылар интерфейсі онда барлық жұмыс орны үш бөлікке бөлінеді (объектке) . Біріншісі (жоғарыда орналасқан жол) немесе мәзір жолағы деп аталады. Оның көмегімен қолданушы "қаңқа" программаларын құрайтын әр түрлі мәзірлерді жүргізе алады, олардың жәрдемімен басқа объектілерге ену мүмкіндігін алуға болады. Екінші бөлігі (төменгі жақта немесе кейбір кішігірім программалардың болмауы да мүмкін) қалып-күй қатары деп аталады. Оның көмегімен өте жиі шақырылатын объекттер немесе ағымдағы информация көріну мүмкін. Үшінші бөлігі жұмыс беті (стол беті) деп аталады, ол ең үлкен бөлігі. Мұнда мәзірде немесе қалып-күй қатарынан шақырылатын командалардың көбісі шақырыла алады. Адам мен машинаның арасында мұндай диалог орнату өте қолайлы болып табылады және ол өте жиі қолданылады. Кез-келген жағдайда ол СИА стандартына сәйкес болуы керек.
Енді АЖО-ны өңдеу үшін қолданылатын 2 подходты қарастырайық.
1) функционалдық қарапайым функциялардың автоматтандырылуы:
Функционалдық ПҚ-ны нақты қолдану шарттарына қалай бейімделетіндігін қарастырайық, сол сияқты АЖО-ның әр түрлі мамандықтарының негізінде базалық болып табылатын программаық жабдықтарды атап өткен жөн.
Ең бірінші болып техникалық жеке тұлға еңбегін автоматтандыру үшін қолданатын программалық жабдықтар пайда болады. Бұған ең қарапайым мысал текссік редакторлар (процессорлар) . Олар информацияны тез арада енгізуге, оны редакциялауға, қателерін іздеуге жіне мәтінді басып шығаруға дайындауға мүмкіндік береді. Тексттік редактрлерде қолдану басып шығарушылардың еңбегінің сапасын неғұрлым жоғарылатады.
Мамандарға әр түрлі құжаттарды дайындауға мәліметтерді табу үшін үлкен көлемді информациялармен жұмыс істеуге тура келеді. Осы тектес жұмыстарды атқару үшін, яғни бұл жұмысты жеңілдету үшін арнайы МҚБЖ пайда болады(СУБД: DBASE, RBASE, ORACLE және т. б. ) . МҚБЖ өте үлкен көлемді информацияларды сақтауға және ең қолайлы қажет мәліметтерді дер кезінде табуға мүмкіндік береді. Мысалы, картотекамен жұмыс жасағанда қажетті информацияны табу үшін өте үлкен мәліметтер архивін үзу керек, өйткені кейбір карточкалар дұрысемес ретпен сұрыпталған. Ал МҚБЖ бұл әрекетті санаулы секундтар ішінде орындай алады.
Мамандардың көпшілігі сонымен бірге әртүрлі таблицалармен жұмыс жасайды, өйткені қазір көп жағдайда экономикалық информациялар кестелік құжат түрінде көрсетіледі. КЭТ (ҮЭК) (үлкен форматты электрондық кестелер) осндай құжаттарды дайындауға көмектеседі. Қорытындылық немесе аралық мәліметтерді тез арада енгізіп, кейбір өзгертулерді пайда болған жағдайда автоматты түрде енгізіп отырады.
Көптеген мекемелерде ұйымдардың тұрмысын координациялау және бақылау үшін арналған программалық жабдықтардың АЖО-ның рөлі ерекше. Мұнда барлыќ басќару тұрмысы бір процесс жиынтығы болып есептеледі, олардың єрќайсысының басталу жєне біту мерзімі бар. Єр жұмысшының тұрмыстыќ іс-єрекеті басќалармен тығыз байланыста, осылайша жұмыстың аяќталу уаќытын еске салып тұрады.
Мекемелік тұрмыста үлкен орынды мєліметтердің оперативті алмасуы алады, ол яғни, басќарушының 95%-ға дейінгі, ал маманның 53%-ға дейінгі уаќытын алады. Осыған байланысты «электрондыќ почта» типті программалыќ жабдыќтары кең тараған. Оларды ќолдану бізге үлкен мүмкіндіктер туғызады: мекеменің ішінде ќұжатарды тарату, жіберу, єртүрлі жұмыс орындарынан хабарламаларды алу жєне оларды өңдеу, мамандардың жиналыстарын өткізу жєне т. б. Мєліметтердің алмасу проблемасы есептеу желісінің ќұрмындағы АЖО-ы ұйымдастыру жұмысымен тығыз байланысты.
Ќазіргі уаќытта тексттік редакторлар, кестелер, графиктік редакторларды өзіне сыйдыратын бөліктенген пакеттерге үлкен сұраныс бар.
МЌБЖ көбінесе информацияны саќтау үшін ќолданылады жєне олар осы типті мєліметтерді бір бүтіндей етіп саќтайды. Ќазір информацияның екі басќа түрінің шапшаң дамуы жүріп жатыр (дыбыстыќ жєне видео информация) . Олар үшін өздеріне ғана тєн редакторлары ќұрылған, мүмкін алдағы уаќытта информацияның бұл түрлері көптеген МЌ-ң ажырамас бөлігі болып кетер. Ќазіргі ФПЌ ќажеттіліктердің барлығын ќанағаттандырса, кейбір кемшіліктерін көруге болады. Сондыќтан да ПЌ-ға жаңа өңдеулер мен өзгертулер енігзу өте ќолайлы болар еді. АЖО-да жаңа программалыќ ќұралдарды өңдеу екі бағыттажүреді: ПЌ-ң мамандандырылуы мен жаңа мамандыќтар үшін жаңа программалыќ ќамсыз дандыруын ќұру. Ќазіргі уаќыта АЖО-ны ќұруға бағыт байќалады. Ол келесі түрде сипатталады:
- шешілетін мєселелер есебі.
- басќа жұмысшылармен өзара іс-єрекет.
- профессионалды єдеттер мен бағыттарды есептеу.
- тек ФПЌ емес, арнайы техникалыќ ќұрылғыларда да өңдеу (тышќан, желі, телефон номерлерін автоматы түрде алу жєне т. б. ) .
АЖО-мен мамандарды жабдыќтау мекеме жұмысшыларының еңбек сапасын көтеруге, экономикалыќ информацияны өңдеу жылдамдығын көтеруге мүмкіндік береді.
1. 2 Жұмыс орнын автоматтандыру принциптері мен оған қойылатын талаптар
Автоматтандырылған жұмыс орнының қызмет көрсетуі деп, компьютерде, ақпаратты өңдеуде адам мен машина құрылғысы арасындағы функция мен жүктелімнің дұрыс бөліну шартына байланысты нақты қорытындыны шығарып беруін айтуға болады. Сонда ғана автоматтандырылған жұмыс орыны басқарудың тиімділігін және еңбектің өнімділігін артыратын құрал ғана емес, сондай-ақ мамандардың қолайлы жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды.
Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады. Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады.
Компьютер кез келген ақпарат түрін сандық пішімге ауыстырады. Компьютерге енгізу кезінде әрбір әріп белгілі санмен таңбаланады, ал сыртқы құрылғыларға (басып шығарғыш немесе бейне бетке) шығару кезінде адам қабылдай алу үшін осы сандар бойынша әріптер кескінделеді. Әріптер жиынтығы мен сандар арасындағы сәйкестік нышандарды кодтау деп аталады.
Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады («иә» және «жоқ», «+» және «-», «сигнал бар» және «сигнал жоқ») .
Әдетте компьютерлердің әмірлері жекелеген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін нышанның біреуінің мәнін кодпен жазуға болады. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері килобайт (Кбайт) - 1024 байт; мегабайт (Мбайт) - 1024 Кбайт және 1024 Мбайтқа тең гигабайт болып табылады.
Компьютердегі сандардың барлығы адамдар үйреніп қалғандай он санның емес, нөл мен бір санының көмегімен ұсынылады. Басқаша айтар болсақ, компьютерлер екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді. Сандарды компьютерге енгізіп, шығаруды адамдар үшін үйреншікті болып табылатын ондық жүйеде де жүзеге асыруға болады, қажетті түрлендірулердің барлығын компьютердегі бағдарламалар атқарады.
Компьютер - бұл бір ғана аспап емес, сыртқы және ішкі, негізгі және қосымша түрлі құрылғылардың жиынтығы.
IBM PC негізгі құрылғыларына жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір жатады.
Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
- ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет) ;
- ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер) ;
- енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш) .
Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды1:
- жүйелік (аналық) тақша*;
- процессор*;
- оперативті жады*;
- тұрғылықты диск*;
- алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;
- CD және DVD диск жетектері;
- бейнесызбалық бейімдеуіш;
- дыбыстауыш (дыбыстық бейімдеуіш) ;
- желілік тақша;
- енгізу-шығару порттары (ажыратқыштар) *;
- қоректендіру блогы*.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микро схемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады.
Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (central processing unit, CPU) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері - ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады, бірақ процессор баяу, жады мардымсыз болса, осы байлықтың барлығы түкке де жарамай қалады.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады.
Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Кез келген бағдарламаның, амалдық жүйенің де, жұмыс істеуі үшін іске қосу кезінде бағдарламаның бір бөлігін қотаруға оперативті жадының біршама көлемі талап етіледі.
Бұл тұрғылықты дискіге қатынамастан бағдарламаның маңызды мәліметтеріне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп бағдарлама жұмыс істесе, соғұрлым үлкен оперативті жады талап етіледі. Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді өшіргенде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді.
Оперативті жадының көлемі мегабайтпен (Мб) өлшенеді. Қазіргі заманғы қосымша бағдарламалардың көпшілігі жұмыс істеу үшін 64 Мб оперативті жады көлемі қажет және іске қосылған бағдарламаның әрбірі жады талап етеді. Пәрмендерді пайдаланатын бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар (мысалы, компьютерлік ойындар) одан да көбірек жады көлемін қажет етеді. Қазір компьютерлерге ең аз дегенде 256 Мб оперативті жады орнатылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz