XVIII ғасырдың – бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы американдық тарихнаманың қалыптасуы



1 Америкалық тарихнама
2 Америкалық қоғамдық ойда рационалстік ағым
3 Ағартушылығында радикальды ұстаным
4 XVIII ғасыр аяғы . XIX ғасыр басында америкалық тарихнама
5 XIX ғасырдың бірінші жартысында баспа шығармашылығы
Америкалық тарихнама өз бастауын ерте кездегі отарлық кезеңнің шежірелері мен мемуарларынан алады.Олардың ішіндегі танымалдары болған :Джон Смиттің «Правдивое изложение примечательных событий, случившихся в Вирджинии со времени создания колонии», Жаңа Плимут губернаторы Уильям Брэдфордтың «История Плимутской плантации», отар ел Массачусеттің бірінші губернаторы Джон Уинтроптің «История Новой Англии с 1630 по 1649 гг.». Бұл еңбектердің негізі діни тұрғыдан жазылды. Олар өздерінің Америкаға көшуі мен еврейлердің Египеттен көшуінің арасындағы аналогиясын зерттеп бақты. Англиядағы XVIII ғасырдағы интеллектуалды атмосфера пуритандық негізде болды. XVIII ғасырда қоғамдағы ой қоғамдық және тарихи болып бөлініп,негізгі мәселелер отарлық, батыс жерлерді отарлау, англо француздық Америкадағы бақталастық аясында жүріп жатты. Осы кезде төмендегі жұмыстар пайда болды: Р. Беверли «История Виргинии», У. Бирд «История пограничной линии», Т. Принс «Хронологическая история Новой Англии».

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
XVIII ғасырдың – бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы американдық
тарихнаманың қалыптасуы.
Америкалық тарихнама өз бастауын ерте кездегі отарлық кезеңнің
шежірелері мен мемуарларынан алады.Олардың ішіндегі танымалдары болған
:Джон Смиттің Правдивое изложение примечательных событий, случившихся в
Вирджинии со времени создания колонии, Жаңа Плимут губернаторы Уильям
Брэдфордтың История Плимутской плантации, отар ел Массачусеттің бірінші
губернаторы Джон Уинтроптің История Новой Англии с 1630 по 1649 гг.. Бұл
еңбектердің негізі діни тұрғыдан жазылды. Олар өздерінің Америкаға көшуі
мен еврейлердің Египеттен көшуінің арасындағы аналогиясын зерттеп бақты.
Англиядағы XVIII ғасырдағы интеллектуалды атмосфера пуритандық негізде
болды. XVIII ғасырда қоғамдағы ой қоғамдық және тарихи болып
бөлініп,негізгі мәселелер отарлық, батыс жерлерді отарлау, англо француздық
Америкадағы бақталастық аясында жүріп жатты. Осы кезде төмендегі жұмыстар
пайда болды: Р. Беверли История Виргинии, У. Бирд История пограничной
линии, Т. Принс Хронологическая история Новой Англии.
XVIII ғасырда америкалық қоғамдағы ойға ағартушылық әсер етті, бұл 1775
– 1783жылдардағы тәуелсіздік күресті насихаттау ойларын кеңейтті.
Америкалық Ағартушылық мемлекеттің пайда болуы, халықтық бостандық жайлы ой
қозғады. Әсіресе Солтүстік Америкада Дж. Локк, Ш. Монтескье, Дж. Мильтон,
Дж. Гаррингтон әйгілі болды.Америкалық қоғамдық ойда рационалстік ағым
пайда болды.
Американдық ағартушылардың арасында ерекше орынды Бенджамин Франклин
(1706 – 1790) алады. Оның шығармашылығының басты тақырыбы моральды
этникалық мәселелер. Ол буржуазиялық жекелікті, оның еңбекқорлығын,
үнемділігін насихаттады, жеке адамдардың өмірін зерттеумен айналысты.
Тарихи процестің қозғаушы күші ол мораль мен білімнің жетілуі деп ойлады.
Адамды құрал жасайтын жануар деп есептеді. Ол құлдыққа қарсы болды, оның
аморальдылығын және экономикалық тиімсіздігін атап көрсетті. 1759жылы
Франклин Исторический очерк конституции и правительства Пенсильвании атты
еңбегін жари етті, мұнда ол солтүстік американдық отарлардың құқықтарын
жақтады. Оның ойынша британдық монархтың метрополиядағы сияқты билігі
отарларда шектелуі керек. Сонымен қатар Франклин бұл еңбегінде америка
отарларының экономикасы туралы, Пенсильвания қаржысы жайлы да жазды.
Франклин үндістер жайлы Заметках относительно дикарей Северной Америки
(1784) атты еңбегінде жазды, олардың күнделікті өмірі, алтын ғасыр жайлы
рухани ойлары туралы, және халықтар теңдігі жайлы сөз қозғады.
Америкадағы ағартушылардың ішінде революциялық қанаттың өкілі болған
Томас Джефферсон (1743 – 1826), АҚШ тың үшінші президенті (1801 – 1809).
Оның Тәуелсіздік Декларациясын жазуы (1776) оның Америкалық революцияның
идеологының болуына әкелді. Мұнда мемлекеттің шығуы, отарлардығы
тұрғындардың теңдігі, халық бостандығы мен революциялық құқық жайлы сөз
етілді. Джефферсон меншікті табиғи құқық қатарына жатқызбады, оны тарихи
пайда болған әлеуметтік экономикалық катергория ретінде қарастырды.
Джефферсонның көзқарсында XVII ғасырдағы Англиялық ой көрінеді, ол бойынша
англосакстер өз тәуелсіздіктерін нормандық басқыншылықтарынан жоғалтты, ал
американы Вильгельм Норманский басқан жоқ, сол себепті америка тұрғындары
оның мұрагерлерінің ешқайсысына бағынбауы керек. Бұған қоса Джефферсон
Солтүстік Америкада әр адамның жер үлесіне деген табиғаи құқығы қалыптасып,
Америка болашақта фермерлік республика болады деп сенді. Қоғамның дамуы заң
шығарушылардың жұмысының жемісі, теңсіздіктің көзі саяси институттардың
мардымсыздығында деп есептеді Джеферсон. Джефферсон тиранияға қарсы
халықтың көтерілісін табиға құқық деп ойлады. 1779 жылы ол Вирджиниядағы
биллдің бастаушыларының бірі болды, онда америка мектептерінде америка
тарихын оқыту насихатталды. Оның ойынша халыққа тарихи фактілер мен басқа
дәуір адамдарының білгенін көріп, оқыған жөн.
Томас Пейн (1737 – 1809) америка Ағартушылығында радикальды ұстанымды
бетке алды. Оның әлеуметтік пайымдаулары француз ағартушыларының сол
қанатының көзқарасына тұспа тұс келеді. Ол табиғи құқықты демократиялық
тұрғыдан талқыға салды. Меншікке ие болуды халық құқығына жатқызды. Пейн
мемлекеттердің пайда болуын басқыншылық соғыстар нәтижесі деп түсіндіреді.
Бұнымен қоса Пейн алғаш рет америкалық ағартушылар әдебиетінде Америкадағы
ағылшын отарлығының негізі экономикалық тәуелділікте деген, және Англия
Американың өз алдына дамуына бөгет жасайды деп тұжырымдайды. АҚШ Конгрессі
Пейнге тәуелсіздік соғыс туралы мәліметтерге қол жеткізетін тарихнамашы
лауазымынан айырды. Ол Францияға кетіп, революциялық Конвенттің мүшесі
болды. Ол 1802 жылы АҚШ қа оралды, ол қауіпті радикал ретінде қарсы алынды,
оның қоғамдық шығармашылығына жолдар жабылды.
АҚШ Конституциясын дайындау кезінде мемлекеттік құрылыс жайлы
федерализм өкілдері көптеген ойлар айтты– Джон Адамс (1735 – 1826), Джеймс
Мэдисон (1751 – 1836), Александр Гамильтон 1757 – 1804). Әсіресе оларды
жеке меншік және таптардың күресі жайлы мәселелер толғандырды. Олардың
ойынша әлеуметтік құрылыс мүмкіндіктері шектеулі көпшілікке жән
мүмкіндіктері бар аз топтарға бөлінеді. Бұл адамдардың арасындағы
мұрагерлік, табиғи ерекшелік, және тағы басқа меншіктерден туындайды деген.
Қоғамдық құрылыста көптеген ұсақ бөліктер болады, бірақ негізгі топ байлар
мен кедейлер болып табылады. АҚШ Конституциясын дайындауда федералситердің
ойынша бұл қоғамдағы барлық келіспеушіліктер мен әлеуметтік қақтығыстарды
шешуі керек, және жеке меншік қауіпсіздігін жүзеге асыратын мықты бір
орталықтандырылған билік болуы қажет деп санады. Федералистер осы тұрғыда
1786 жылы Даниэл Шейстың бастауымен болған фермерлер көтерілісін талқыға
салды, және олардың ойынша егер Шейс қарыздар болмаса онда Массачусетс
азаматтық көтеріліске тартылмас еді. Федералистер әлеуметтік қақтығыстардың
қаупі бақталастықтың дамуы, өнеркәсіп пен сауданың өсуіне де байланысты
екенін атап айтты.
Тәуелсіздік үшін соғыс аяқталған соң оған арналған алғашқы тарихи
шығармалар пайда болды. Әйгілі еңбектерге айналған кітаптар: Дж. Рамсейдің
История Американской революции (1789), діндар У. Гордонның История
прогресса и установления независимости США (1788). Тәуелсіздік үшін соғыс
жайлы еңбектердің авторлары естеліктер, сұқбаттарды соғысқа қатысушылардын
алып, оны жергілікті баспада қолданды.
Соғыстан кейін тарихшылар федералистік және антифедералистік бағыттарға
бөлінді. Біріншілер саны көп болды. Олар мықты федералдық билікті жақтады,
тіпті ағылшындар шараларына түсіністікпен қарады, еш билік өз
территориясының бөлініп кетуіне жол бермеуі керек деп, радикалдар
лозунгтарын айыптады, ал республикандықтарды анархистер деп санады. Тарихшы
антифедералистер солтүстік америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысының
болмауы мүмкін емес екенін айтады, оның себебі ағылшын королінің
тираниясында деп түсіндіреді. Тарихшы – антифедералистер сонымен қатар АҚШ
саяси өміріндегі ақсүйектердің етек жаюын айптады, демократиялық еркіндікті
жақтады.
XVIII ғасыр аяғы – XIX ғасыр басында америкалық тарихнама өз дамуын
бастады, тарих әдебиеттен аса бөліне алмады, тіпті тарихшылар өз
шығармаларында жетпеген оқиғаны дерексіз құрастыруға мәжбүр болды. Елде әлі
мемлекеттік құжаттарды сақтайтын мұрағаттар болмады, сол себепті жеке
адамдар материалдарды өз үйінде ұстады. Тек қана жеке таңдамалы үкімет
құжаттары мен келісімдер басылды. Алғашқы американдық тарихшылар ағылшын
құжаттарына да сүйенді.Көптеген құжаттар жеке архивтерде, және ертеректе
Солтүстік Америкада отары болған еуропалық мемлекеттер мұрағаттаррында
сақталды. XVIII ғасыр аяғында жергілікті тарихи қоғамдастықтар пайда бола
бастады, олардың ең көнесі Масачусетстік тарихи қоғамдастық, 1791 жылы Дж.
Белкнап оның негізін қалады. 1860 жылға қарай АҚШ та 111 тарихи
қоғамдастықтар болды, олар өздерінің жазбаларын шығарды. Оларға ішнара жеке
мұрағат құжаттары көшті, еуропалық архивтерде сақталған құжаттар
көшірмелерін түсірді. 1800 жылы Конгресс кітапханасы пайда болды, онда 1828
жылдан бастап федералдық заңдар көшірмелері, Конгресстегі дебеттар және
басқа әкімшілік құжаттар берілді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында баспа шығармашылығы басталды. Дж.
Спаркстің 12 – томдық Дипломатическая корреспонденция Американской
революции баспадан өтті, Американские архивы атты жоба құрастырылды,
бірақ тек 1774 – 1776 жылдарды қамтитын 9 том жарық көрді. Америкалық
көтерілісті басшыларының мақалалары, сөздері, хаттары жинақ ретінде
басылды. Америкалық тарихшылар әдіснама әлі болған жоқ еді. Олар мәтіннің
құрылысын, стилін өзгертіп отырды. Маңызды баспаларға Конгресстің
отырыстарындағы 1789жылдан басталатын хаттамалар енді. Сонымен қатар 1789
жылдан 1830 жылға дейінгі мемлекеттік құжаттар басылды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ қоғамдық ойында романтизм елеулі
орын алды. Америкалық тарихнамада романтизм либералды бейне алды.Оның
сипаты мемлекеттің ұлттық дамуы, Америкада қоғамдық саяи құрылымның
қалыптастыру миссиясы, бұның бәрі ұлттық қоғам санасына америкалық арман
болып енді. Романтиктер ағартушылықтан біршама алыстап кетті. Олардың
ойынша даму білімнің жетілуінде емес, моральды этникалық принціптердің
өсуінде. Романтикалық бағыттың орталығы Бостонға таяу орналасқан
Кембридждегі Гарвард университетіболды, және де американдық романтизмге
Жаңа Англия дәстүрімен діни нанымдары әсер етті. Романтикалық тарихнама өз
кезегінде тарихи шығармашылықтың жаңа үлгісін әкелді: тарихи құжат арқылы
сипатталып жатқан оқиғаны бенелеу.
Тарихи романтикалық бағыттың өкілі және ерте мектеп негізін қалаушы
Джордж Бэнкрофт (1800 – 1891) болды. Ол Гарвардты бітіріп, 5жыл
Германиядағы Гетинген университетінде оқыды, Л.Ранкенің еңбектерін
меңгерген. Кейін ол Гарвардта ұстаздықпен айналысты, саяси қайраткерге
айналып,Лондон және Берлинге елшілік қызмет кезінде еуропалық мұрағаттарда
жұмыс істеді. 1834 – 1874 жылдары оның негізгі еңбегі 10 томдық История
Соединенных Штатов жарық көреді. Ол Американың ашылуы мен Тәуелсіздік үшін
соғысқа дейінгі тарихты қамтиды. Тарихи құбылыстардың бастысы, оның ойынша,
ойлардың күресінен пайда болады, әсіресе діни ойлар маңызды орын алады.
Бэнкрофт өз еңбегінде америка халқының ерекшелігі, таңдамалылығы жайлы сөз
етеді. Жаңа мемлекеттің пайда болуына Американың табиғи ерекшеліктері, және
еуропалық эммигранттар пуритандардың діндарлығы әсер етті. Жаңа Англия
отраларындағы еркіндік рухы ертеден пайда болған, ол тәуелсіздік үшін
соғыста жеңіс әкелді. Бэнкрофттың пайымдауы бойынша АҚШ әлемдік дамудың
басында болады, және мемлекетте еркіндік, демократия, адамдар теңдігі басым
болады. Бэнкрофт өз елінің тарихында еш қателік таппады, АҚШ құлдығын
ұмытетті. Оның АҚШ тарихы бірінші орында саяси, әскери және дипломатиялық
аспектіде қарастырылған, бұған қоса экономикалық бақылауларды да көрсетеді.
Бэнкрофт өз еңбегінде басқа тарихшыларға қарағанда деректерді молынан
қолданған. Ол деректерді сынау негізін алға қойды. Ол АҚШ тарихын жеке
солтүстік отарлар ретінде қарастырған жоқ, бүкіл америка ұлтының тарихын
жазушылардың бірі болды, және Америка Жаңа Англияның ең басты отары екенін
атап көрсетеді. Бэнкрофтың еңбегі өте жоғары бағаланды, кең басылып
шығарылды.
Танымал романтик тарихшы болған Фрэнсис Паркмен (1823 – 1893). Оның
танымал және ірі еңбектері – 2 томды Заговор Понтиака (1851) (Оттава
тайпасының басшысы болған) , 9 томды Франция и Англия в Северной Америке
(1865 – 1892). Ол солтүстік американдық үндістердің өмірі баыпты емес деп
көрсетті, өзі үндіс сиу тайпасында көп уақыт өткізсе де , оларды қатыгез
жабайылар деп суреттейді. Солтүстік Америкадағы француздар мен ағылшындар
арасындағы соғыстағы Англия жеңісін Паркмен ағылшын саяси ойының жеңісі деп
есептеді. Паркмен батыр англосакстердің күйгелек француздардан
артышылықтарын көрсетті.
Романтикалық бағытқа сонымен бірге бостондық тарихшылар Джон ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Деректану және тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері. Дәрістер кешені
Ертедегі грек тарихшылары
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
Қайта өрлеу және ағартушылық кезең тарихнамасына лекция мәтіндері
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Тарихи деректерді жіктеу
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Қазақстандық археография
Пәндер