XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Қоғамның дамуына юаланысты халықтың әлеуметтік құрамында да өзгеріске ұшырап отырады. Б. з. б. сақ үйсін т. б. тайпалардың обаларынан табылған бұйымдардың арзан-қымбаттылығына қарап оларда әлеуметтік жіктелістің болғанын көрдік. Ал орта ғасырлардағы мемлекеттерді қаған билегенін, оның үрім-бұтақтарын тегіндер деп атасы, қарапайым халықты қара бұдындар, қалың бұқара, құлдар, күңдер деп атаған.

1. Ауылдық басқару. Бұл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық басқару жүйесі болып табылады. Бұл ұйым тустас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралады. Ауылды басқаратын адамды ауылнай немесе ауылбасы деп атаған. Ондай адамның ауыл ішінде беделі күшті білгір, тәжірибелі және ауқатты адам болуы керек. Оның атқаратын басты міндетітері: ауылдастарының шаруашылықтарын басқару, көші-қон уақытын белгілеу, ауылдың адам күші мен көлік күшін дұрыс пайдалану. Ауыл ішіндегі дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру. Жоғарыдан келетін бұйрықтар мен жарлықтарды өз кезінде орындау болды.

2. Ата-аймақ . Қазақ хандығының бұл ұйымы бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды. Ата аймақты басқаратын адамды “ ақсақал ” деп атады. Ауылбасылары «ақсақалмен» кеңесіп, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырды. Ақсақал ата-аймақ ішіндегі неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші т. б. мәселелерді шешуге құқылы болды. Жеті ата арасындағы дау-жанжалды реттеп, кінәлі жағын жазалады.

3. Рулық басқару. Ру он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны ру биі немесе рубасы деп атады. Руға өз қасиетімен, не аталарынан мұрагерліпен жеткен адам билік етті. Рубасы ақсақалдарын жиып алып, оларға ақыл-кеңес берді, жоғарыдан келген жарлықтар мен бұрықтарды орындатып отырды. өзінің рулық аймағында кездесетін дау-шар болса, оны әділдікпен шеше білді. Рубасы көпті көрген білікті, тәжірибелі адам болды. Сондықтан да рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болған.

4. Ұлыстық билік. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда он мыңдық жасақ шығара алды. Ұлыстың бас билігі, сыртқы саясаты және әлеуметтік өмірге басшылық, ұлыс сұлтанының немесе ханның қолында болған. Ұлысбасы хан немесе сұлтандар билер кеңесіне сүйенген. Билер ірі-ірі кеңестерде не жиындарда ұлыстың намысын қорғады. Ұлыс билеушісіне елдің ішкі-сыртқы жағдайына қатысты қабырғалы ақыл-кеңес беріп отырған. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектер әулетінен шықты. Көбінесе хандар өздерінің ұлдарын және туытарын ұлыстарға сұлтан етіп тағайындайтын болған.

5. Жүздік билік. Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Қазақ жүздері шамамен алғанда XV-XVI ғасырларда тайпалардың одағы негізінде жер жағдайына байланысты қалыптасты. Ұлы жүз құрамына албан, суан, дулат, жалайыр, сіргелі, сарыүйсін, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары енді. Орта жүз арған, найман, уақ, керей, қыпшақ және қоңырат тайпаларынан тұрады. Кіші жүздің құрамына ата Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркес) ; 6 ата Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, шекті, төртқара, шөмкей) кірген. Қазақтың бұл үш жүзі бүгінгі таңдағы алып жатқан кең-байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғап, бізге қалдырды. Біздің қасиетті борышымыз сол жерді өз қалпына сақтап, Отанымыздың ұлтжанды азаматы болу. Үш жүзің билері мемлекеттік мәселелерді шешуде ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған. Жүздің биін ордаби деп атаған.

6. Хандық билік. Хандық үш жүзден құралды Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды (Түрік дәуірінде оны қаған деп атаған) . Хан елдің сыртқы саясатын өз қалаымен жүргізді. Ал елдің ішкі өмірінде билер шешпеген даулар мен ұлыс сұлтандары арасындағыжанжалдар бойынша ғана хан алдына барып жүгінетін. Кез келген дауға хан қатысса да, қатыспаса да жауапкердің есебінен кесілген мал мен мүліктің он паызы ханға тиесілі болған. Басқа елдермен арадағы елшілік, не ұлыс сұлтандарының басшылығымен жасалған. Төре тұқымының ішкі әлеуметтік даулары хан алдында шешілген. Ал қара қазақ баласының дауын кез келген төре шеше алған.

7. Құрылтай (немесе Мәслихат) . Бүкіл қазақ ұлтының басбас қосқан кеңесі. Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселелерді талқылауға үш жүздің бас көтерер азаматтары түгел қатысады. Мұндай кезде “Жарғының” талабы бойынша азаматтардың бес қаруы сай болу керек. Құрылтайдың немесе мәслихаттың кеңесінде көрші елдермен соғысу немесе одақ құру т. б. бойынша шешімді бекіту не бекітпеу мәселесі қаралған.

2 Қазақ хандығының әлеуметтік топтары.

Қазақ ханы. Қазақ халқында хан көтерудің екі жүйесі қатар қолданылады: бірінішісі мұрагерлік жол, екіншісі сайланып қойылатын. Мұраггерлік жолмен хандық билік әкеден балаға емес, ағадан ініге қалады. Егер хан болуға лайықты іні болмаса, онда хандық тақ балаға қалуы тиіс. Бірақ бұл жағдайда да баланың хан лауазымына лайықты тұлға болуы шарт.

Хан тағына малы көп шонжар-сұлтандар сайланады. Сол кездегі салт-дәсстүр бойынша, байлыққа қосымша, хан болып сайлану үшін төре тұқымы, яғни Шыңғыстың ұрпағы болу басты талап етіліп қойылды. Шыңғыс ұрпақтары жастарына және туыстық жақындығына қрай хандыққа сайланып қойылды.

Қазақтың ханы елді билеумен қата, әскердің жоғарғы басшысы саналды. Ханның елден іріктеп алған шағын жасағы болды. Хан жасағы ханды қорғады, онымен бірге жорыққа шықты, малын бақты. Бұларды төлеңгіттер немесе қараша деп атады.

Ханның тұрақты әскері болмады. Қажетті жағдайда халық жасанағын жинады. Оны ханның өзі және батырлар мен билер басқарды. Қазақ хандары көшпелі халықтың жыл мезгілі ішінде көшіп-қонатын қоныстарын белгілеп беріп отырды. Елдің ішкі өмірін реттеп, жерін сыртқы жаулардан қорғады.

Ханның құқықтармы мен міндеттері:

1) Хаг өзінің жерінде билік жүргізуге құқылы. Ол елін, жерін сыртқы жаулардан қорғауға міндетті.

2) Соғыс жариялау, не бітім жасауға құқылы болуымен қатар, әскери қолбасшылық етуге міндетті болды.

3) Хан өзге мемлекеттермен жоғары дәрежеде келіссөздер жүргізе алады, сыртқы саясатты ешкімге тәуелсіз дербес бағыт ұстанды.

4) “Жеті жарғы” құқықтық заңында көрсетілгендей ханның қылмыскерлерді өлтіру немесе тірі қалдыру құқығы болды.

5) Ханның елдің ішкі-сыртқы өмірін реттейтін заңдар мен бұрықтар шығаруға құқы болды және қоғамдық құрылыс пен тәртіпті сақтауға міндетті еді.

Халықтың әлеуметтік құрылымы. XVI-XVII ғасырларда қазақ хандығы халқының құрамы негізі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Екі топтың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық жағынан да айырмашылықтары болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен шығу тегі араб саналатын қожалар ақсүйектерге жататын. Олар қоғамдағы ең ықпалды саяси күш еді. Қазақ қоғамының қалған топтары мен жіктерінің бәрі қарасүйектерге жатты.

Қарапайым адамдарға байланысты - қараша, қара кісі, құлқұтан, шаруа атаулары қолданылды. Қазақ қоғамында мүліктік жағдайға қарап бай, кедей деп бөлу орын алды. Қазақтардың ірі байларының ондаған арбалы үйлері, жүздеген түйесі, сан мыңдаған қойы мен жылқысы болған.

Қазақ қоғамында бас бостандығы жоқ құлдар мен күңдер де болды. Құлдардың пайда болуының негізгі көзі тұтқынға және құл саудасынан түскендер, борышы өтей алмағандар еді. Оларда ешбір құқық болмады.

XVI-XVII ғасырларда қазақ қоғамының көпшілік бөлігі мал өсіруімен айналысқан жартылай көшпелі малшылар еді. Оларды шаруа деп атады. Сөйтіп хандық кезіндегі қазақ қоғамы бір-бірімен жан-жақты тығыз байланысты үстем тап өкілдері мен төменгі әлеуметтік топтардан құрылған мемлекет болды.

3. Жеке меншік түрлері.

Жерге меншіктік қатынастар туралы. Монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жері Монғол державасының иелігінде болып келді.

Шыңғыс жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген. Жерден немесе “ інжу ” деп аталған. Ол “жасау” деген мағынаны берген. Жерден немесе одан тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түсетін.

Алайда мемлекетті басқару аппараттырының ұлғаюына және оларды нығайтудың қажеттігіне байланысты інжулік ережелер бөліске түсе бастайды. Жазба деректерге қарағанда, жер иеленудің төрт түрі болған.

1. Мемлекеттік жер (тікелей хандардың қармағындағы жерлер) . 2. Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде (інжулік) алған жерлері. 3. Вақфтық (дін иелерінің) жерлер. 4. Шаруалардың мүліктік жрлері (отырықшылық аудадардағы егіншілік жерлер) .

Ал көшпелі және жартылай отырықшы аудандарда шұрайлы қоныстар бай-шонжарлар қолында болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы Тәуке хан және Жеті жарғы
Жоңғар хандығының құрылуы
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
XVI ғасырдағы өзара тартыстар мен соғыстар
Қазақ тарихындағы хандар
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
Қазақтардың тұрағы
Қазақ хандығының құрылуы 15-18ғғ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz