Адам және табиғат


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Адам және табиғат.

«Табиғат аясында бала бола бiл!»,

(Порфирий Корнеевич)

Жай бала емес, үрейдiң, қызғаныштың және менмендiктiң не екенiн бiлмейтiн, суық пен жалаң аяқ жүруден қорықпайтын, тамақ болғаны үшiн емес, өсiп жетiлу үшiн iшетiн және мелдектеп тойынуға бармайтын бала болу керек дейдi ол тағы…

Адам баласы дүниеге келгенде «өлмейтiн» табиғи күштердiң жиынтығын бойына жинақтап туады деп есептейдi П. Иванов. Алайда, бiрте-бiрте көптеген факторлардың әсерiнен ол табиғаттан алшақтап, шын мәнiндегi құдiрет қасиетiн жоғалтады. Баланың табиғи күшiн шашып-төкпеуiне көмектесу, табиғат берген қабiлетiн шыңдау - мiне, тәрбиешiнiң, әсiресе, ата-ананың ұлы миссиясы осы.

Табиғат ананың тек өзi ғана жер бетiнде адамсыз жайқалып тұра беруi әбден мүмкiн, ал адам ше? Адамның табиғаттан тысқары өмiр сүруi мүмкiн емес екенiн әрбiр кiшкентай бала да түсiнетiн сияқты. Дегенмен құдiретi күштi алла тағала адам мен табиғатты тығыз байланыстырған. Экологиялық бiлiм мен тәрбие берудi жеке адамды қалыптастырудың басқа салаларынан, бәрiнен бұрын қоғамдық-саяси салаларынан бөлiп алмау керек. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы көп жағдайда дүниетанымдық мәселе болып табылады.

Адамның рухани қалыптасуында оның ерте балалық шақтан табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесiп, Қамқорлық көрсетудiң маңызы зор. Табиғатқа деген iзгiлiк сезiм адамның барлық кейiнгi өмiрiне де игi әсерiн тигiзедi. Табиғаттың жеке бас қасиетiн дамытудағы рөлi мейiрбандыққа тәрбиелеуде көрiнiс табады, оны табиғат анаға қатiгездiк әркеттерден сақтандырады. Сол бір табиғаттың сұлулығын және оған деген сүйіспеншілін мына өлең жолдарында келтірілген:

Жасыл әлем, айнала шалғын дала,

Көңіліме көп толқу салдың, дала.

Белдеріңмен, белгісіз жодарыңмен,

Көңілдеріңмен көңіліме қондың, дала!

Көйлек еттім көгілдір көктеміңді,

Бойға ектім шұғыла төккеніңді.

Бастап алып, келемін бітіре алмай

Табиғаттай таусылмас мектебімді!

Құт мекені табиғи думандардың,

Дарындардың, зерделі ой қуғандардың.

Бәрі ғашық өзіңе, ұлы дала,

Бәрі ғашық өзіңде туғандардың!

Сені өлшеймін өзіммен, өміріммен,

Болашақпен, шегі жоқ сеніміммен.

Көк жиегің қабылдап алсын, дала,

Күн барады домалап көңілімнен!

Жетсем саған, құмарым бір қанардай,

Көңіл - көзде мөлтілдеп сыр қалардай.

Ұшам сағн көктемгі қарлығаштай,

Қайтам сосын көңілсіз тырналардай . . .

( Есенқарақызы Х. Ай туады бозарып: Өлеңдер.

  • Алматы: Жазушы, 2004)

Мiне, бiлiм жолындағы жас жеткiншектi тек бiлiм нәрiмен ғана сусындатып қоймай, ол өзi тiршiлiк ететiн ортаның мәнiнiң қаншалықты зор екенiн түсiндiруде осы жағдайларды қатаң бақылауға ала отырсақ әрине iс нәтижелi болары сөзсiз. Оқушы ұғымтал, әрi зерек болса, ол табиғаттың адамға қаншалықты пайдалы әрi маңызды екенiн тез түсiнедi.

Өзi табиғатпен үйлесiмдi бiрлiктi сақтамайтын адам бойында жарасымды қасиет те болмайды. «Үйлесiмдi адам» деген түсiнiкке, әрине, адамның туған табиғатпен жарасымдылық табуы туралы ұғым жатқызылады. Бұл үйлесiмдiлiк оның табиғатпен етене араласуына, шынайы қарым-қатынасына қарамастан туа бiткен қасиет емес. Ол қасиет тәрбиелеу арқылы қалыптасады. табиғат үйлесiмдiлiгi мен сұлулығын тану адамның өз-өзiмен, өзге адамдармен толық келісім табуына жәрдемдеседі.

Жалпы табиғаттың сұлулығын Қазақстанның әр жерінен кездестіруге болады. Мысалға, менің туған жерімде, яғни Оңтүстік Қазақстан облысының шетін Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау тауларымен шектелген. Климаты әр түрлі болып келеді. Бірақта Шығыс Қазақстанға, нақтысы Катон-Қарағай облысына келгенде, табиғаттың сұлулығына сөзім жетпеді.

“Төбесі көк тіреген Алтай биік,

Бауырында қалың орман, марал, киік.

Табиғат ғажайыбын бір көрген соң,

Бұл жерден кете алмассың өзің қиып”, - деп ақын жырлағанындай, табиғат-шебердің жаратқан дүниесі кез келген қылқалам иесінің суретіне қарағанда, мұншама сұлу екендініг тану үшін Катонға келу керек. Бір кездері аудан орталығы болған Катон-Қарағай селосына аса бере сіздің алдыңыздан қарасаң көз тоймайсыз алып көрінісі жайылып сала береді. Қараған сайын құмартасың. Асқатаған Алтайға, оның төбесінде ақ шәйі орамалдай қалықтап тұрған алашабыр бұлттарға, бұл арасынан көрінген көкпеңбек аспанға қарап адамға тәкаппарлық қасиеттің өзі табиғаттан дарығандығын түйсінсіз, алып таудың баурайындағы тұтаса өскен ит тұмсығы баптайтын ну орманға, жердегі жасыл шөпке, биіктен төмен қарай көбігін шашып құлай ағып жатқан тау өзеніне өарап тазалық пен сұлулықтың бастау бұлағы да табиғаттың өзіңде ағып жатқандығын ұққандай боласыз. Қарағай, шырша, самырсынның иісі бұрқырап, маралы мен бұғысы ойнақ салып, қыраулы қыстың өзінде көкөрім тартып тұратын осфнау ерекше әлем көп пәтерлі үйдің төрт қабырғасына қамалып күн кешуден запы болған қалалық адамның жан-дүниесін дүр сілкіндірмей қоймасы анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат қоғаудың экологиялық негіздері
Табиғатты қорғаудан сынып жұмыстары
Экология және табиғатты тиімді пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу
Табиғи ортаны қорғау
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбилеу маңызды міндет
Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері
Оқушыларды табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Табиғат қорғауды оқыту жүйелері
Оқушылардың экологиялық тәртібін қалыптастыруда, ықпалын үйлестіруде мұғалімнің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz