Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестерді басқару


МАЗМҰНЫ
бет.
КІРІСПЕ . . . 3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
1. 1Инвестицияның пайда болуы, мәні және инвестиция түрлерінің экономикалық маңызы . . . 5
1. 2 Инвестициялық қызмет және оның операциялары . . . 14
1. 3 Инвестициялық қызметті басқарудағы шетелдік тәжірибе . . . 19
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУ (АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА) . . . 31
2. 1Алматы облысының инвестициялық мүмкіншіліктеріне сипаттама . . . 31
2. 2 «Alakol Plant» ЖШС инвестициялық жағдайын талдау . . . 42
2. 3 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін талдау және реттеу . . . 58
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 66
- Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметі барысында
кездесетін мәселелер . . . 66
3. 2 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметтерін басқаруды жетілдіру . . . 70
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 81
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестерді басқару». Тақырыптың өзектілігі - қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы инвестициялық әрекеттерді осы жеткен жетістіктермен тоқталмай, әрі қарай басқа да салалармен жұмыс істеу қарқынын дамыту қажеттілігі.
Инвестиция - күрделі қаржы тарту. Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша жинақ ахуалы әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағында инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу т. б. байланысты жаңа жұмыс орындарын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Дипломдық жұмыстың міндеті - бүгінгі күндегі нарықтық жағдайында инвестициялық саясаттың алатын орны, оны дамыту, оның қызметтерін жетілдіру, мемлекеттің экономикалық жағдайын, инвестициялық процесстерді басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін мемлекет тарапынан жасалатын келісімдерді қарастыру.
Инвестициялық саясаттың басты мақсаты - экономикадағы инвестициялық саясаттың мәнін, функцияларын және экономикадағы атқаратын рөлін ашып көрсету, сонымен қатар, инвестицияның басқа экономикалық категориялармен өзара байланысын анықтау.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, 36 атаулы қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 18 кесте келтірілген. Дипломдық жұмыс 82 беттен тұрады.
Бірінші бөлімі үш тараудан тұрады. Бұл бөлімде инвестицияның және инвестициялық қызметтін мәні, мазмұны және даму ерекшеліктері қарастырылған. Екінші бөлімі үш таруадан тұрады. Бұл бөлімде қарастырылған мәселе: ҚР инвестициялық қызметін талдау және реттеу. . Үшінші бөлім де үш таруадан тұрады және ҚР инвестициялық саясаттың маңызы мен инвестициялық процесстерді басқаруды жетілдіруін қарастырады.
Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың көрсетілген бағыттарынан басқа да істеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына заңдық нысандар кұру жатады.
Сонымен, инвестициялық процесті пайда табу арқылы әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процесс үрдісінде қарастыру керек. Инвестциялық іс-әрекетті, оның тиімділігнше экономикалық факторға кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды ескермей жасау мүмкін емес.
Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары
Эконамиканың дамуында жақсы қалыптасқан ол инвестициялық саясат. Экономикадағы бағаны ырықтандыру және қайта құру саясатының арқасында пайда болған 136 аса ірі және орташа тауар өндірушілердің біріктіретін индустриялық базаның маңызы зор.
Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы - бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы - ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар деп түсіндіруге болады. Шынын айтқанда, тауар-материалдық босалқы қорлардың өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді.
Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқада нәтижеге жетуге тығыз байланысты.
Инвестиция - бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді.
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Инвестицияның пайда болуы, мәні және инвестиция түрлерінің экономикалық маңызы
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай - ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады.
Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі - XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.
Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл - инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.
Инвеетицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор - бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен өз капиталың салушы адам.
Саудагер - бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға дайын адам.
Ойыншы - қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі - шетел инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер, инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация.
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру [17, 4486. ] .
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады.
Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25, 8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр.
Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді.
Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.
Инвестицияның мәні, формалары мен түрлері
Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша және тауар формасындағы барлық Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты. иналған құралдардың запасын білдіреді.
Инвестициялар - макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі.
"Инвестициялар түсінігі" - көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:
Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады.
Инвестициялар - халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа түсінік. Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған және интелектілік құндылықтарды барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз - пайда табу мақсатындағы капиталдың ұзақ мерзімдік салымы.
Инвестициялар- бұл бәрінен бұрын өндірістік шығындар, ол қоғамдағы адам өмірінің жағдайына қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерін қайта өндіруге жұмсалатын шығындар. Бұл шығындар жұмыс істеп тұрған өндіріс тұрғысынан, өндірісті кеңейтуге және модернизациялауға жұмсалатын қалыпты шығындар. Бірақ қоғамда басқада өндірістік деп айтуға болмайтын шығын түрлері бар. Оларға қорғанысқа жұмсалатын шығындарды жатқызуға болады.
Шетелдік инвеситция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Қазіргі кезде инвестицияның бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады. Қаржылық инвестиция - бағалы қағаздарды, облигацияларды, акцияларды сатып алу, банктерге пайыз мөлшерлемесімен депозиттік шотқа ақша салу және т. б.
Қаржылық емес инвестиция - ақшалай емес инвестиция, ол инвестициялық жобаға материалдық емес активтерді (құқықтар, лицензиялар, ноу-хау) және материалдық активтерді (машиналар, құрал-жабдықтар, жер учаскелері және т. б. ) салу.
Тікелей инвестиция - шаруашылық субъктінің жарғылық капиталына, акционерлік қоғамның акциаларына, дивиденд түрінде пайда табу мақсатында да, сонымен қатар акционерлік қоғамның мүлігін басқаруға қатысу құқығына ие болу мақсатында, ақшалай салымдар.
Тікелей инвестицияның келуінің Қазақстан үшін маңызы өте зор. Себебі бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол ашады. Бұл жерде технологияның келуі, капитал ағылуының пайдасынан артық деуге болады. Бұл ағылу инвестиция табысына байланысты. Шетел капиталының республикаға коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ құнды қағаздар ретінде келеді.
Өндіргіш күштердің дамуына, интеллектуалдық потенциалына, ғылыми зерттеулерге, біліктілікті, білімді және жұмыскерлердің тәжірибесін жоғарылатуға жұмсалған салымдар шынайы инвестицияға жатады. Мысалы, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да дамыған елдердің білімге және ғылымға жұмсалатын салымдары олардың өнім өндіруге салынған салымдарынан едәуір көп. Кей жағдайда мұндай инвестицияларды интеллектуалдық деп те атайды.
Қаржылық инвестициялар капиталдық салымдардың қосымша көзі бола алады, сонымен қатар құнды қағаздар нарығындағы биржалық ойының құралы да бола алады. Бірақ, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі - материалдық өндірістің әр түрлі салаларындағы кәсіорындардың акциаларындағы салымдар - өзінің табиғаты жағынан өндірістегі тікелей инвестициялардан ешқандай айырмашылығы жоқ.
Кез-келген фирма қызметінің маңызды саласының бірі ретінде инвестициялық операциялар, яғни жобаларды жүзеге асыруға салынатын ақшалай құралардың салымымен байланысты операциялар.
Комммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
- Физикалық активтерге салынатын инвестициялар;
- Ақшалай активтерге салынатын инветициялар;
- Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар.
Физикалық активтерге өндірістік ғимараттар және құрылыстар, сонымен қатар кез-келген машиналар және құрал-жабдықтар, қолдану мерзімі бір жылдан жоғары, өндірісте қолданылатын кез-келген мүлікті жатқызуға болады.
Ақшалай активтерге басқа жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан ақша сомаларын алуға құқықтарды жатқызуға болады. Олар банктегі депозиттер, облигациялар, несиелер, қарыздар, залогтар және т. б.
Материалдық активтерге персонолдың біліктілігін көтеру және қайта оқыту бағдарламаларын жүргізу, сату белгілерін дайындау, өнеркәсіптік меншік құқықтарын беру лицензияларын алуды жатқызамыз.
Инвестицияның барлық түрлері фирманың өмір сүру қабілетін сақтап қалуға және ары қарай дамуына маңызы өте зор.
Инвестицияның мәні және инвестиция түрлерінің экономикалық маңызы
Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы қорларға, резервтерге сондай ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция - ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т. б., сонымен қатар, ол - ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық т
Ауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады [1, 552б. ] .
Өндірістегі жалпы нвестицияны өнім инвестиция деп айтады. Ол - негізгі капиталдың артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі - амортизация. Ол - негізгі өндіріс құралдарынның ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция - бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі қоларды арттыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғай, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады [2, 41б. ] .
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтанда, оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқада мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқада қызмет түрлеріне пайда (табыс) және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz