Сауын сиырдан сүт өндіру технологиясының санитариясы және гигиенасы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а) Сауын сиырды күтіп . баптау
ә) Сауын сиырды азықтандыру
б) Сиыр желінінің құрылысы және сүт өнімділігіне әсер ететін жағдайлар
в) Сауу алаңдары мен сауу аппараттары
г) Сүтті ірі қара малдарының санитариясы мен гигиенасы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Ірі қара шаруашылығы өнімдерінің ішіндегі ең маңыздысы және бірегейі сүт өндіру. Жануарлардың төлдеріне уыз, сонан соң сүт ауадай қажет. Жаңа туған төл алдымен анасының уызын еміп, қанып ішуі керек. Төлдегі иммунитетті сақтайтын осы уыз құрамындағы қоректік заттар мен пайдалы дәрумендер.
Қызылорда аймағында мал жайылымдары мен шабындықтардың аз болуына байланысты сауын сиырларға қажетті азықтың 1/3 бөлігі дәнді дақылдардан, табиғи шөп пен жайылымнан, ал қалған 2/3 бөлігінің екпе шөптердің есебінен өндіріледі.
Қызылорда қаласындағы сүт өндіру шаруашылықтарында өндірілетін сүт мөлшері қала халқының тығыздығына сәйкес болуы керек. Бірақ, қазіргі таңда еліміздің көптеген облыстарында қала халқына өндірілетін сүттің мөлшері сай келмей отыр. Қаланы толыққанды сүтпен қамтамасыз ету үшін сол қаланың әрбір он тұрғынына сол маңдағы фермаларда жылына кеміне 4000 кг сүт беретін бір сиырдан келуі тиіс. Осы жағдайда ғана облысқа басқа облыстардан тасымалданбайды және көлденең шығындар кетпейді. Өнеркәсіп айтарлықтай жақсы дамыған өңірлердің маңындағы фермаларда сауын сиырлардың үлес саны барлық малдың 70 - 80 пайызынан кем болмауы тиіс.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата таындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Аграрлық технологиялар кафедрасы

Мал шаруашылық обьектілерін жобалау негіздері мен зоогигиенапәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: ТПЖ-14-1 оқу тобының студенті_____________________

Қабылдаған: Аға оқытушы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Кенжебаев С.А______________

Кафедра меңгерушісі: Техника ғылымдарының кандидаты
Ысқақ Е.Н____________________________

Қызылорда, 2017 жыл
Тақырыбы: Сауын сиырдан сүт өндіру технологиясының санитариясы және гигиенасы
Мазмұны:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а) Сауын сиырды күтіп - баптау
ә) Сауын сиырды азықтандыру
б) Сиыр желінінің құрылысы және сүт өнімділігіне әсер ететін жағдайлар
в) Сауу алаңдары мен сауу аппараттары
г) Сүтті ірі қара малдарының санитариясы мен гигиенасы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ірі қара шаруашылығы өнімдерінің ішіндегі ең маңыздысы және бірегейі сүт өндіру. Жануарлардың төлдеріне уыз, сонан соң сүт ауадай қажет. Жаңа туған төл алдымен анасының уызын еміп, қанып ішуі керек. Төлдегі иммунитетті сақтайтын осы уыз құрамындағы қоректік заттар мен пайдалы дәрумендер.
Қызылорда аймағында мал жайылымдары мен шабындықтардың аз болуына байланысты сауын сиырларға қажетті азықтың 13 бөлігі дәнді дақылдардан, табиғи шөп пен жайылымнан, ал қалған 23 бөлігінің екпе шөптердің есебінен өндіріледі.
Қызылорда қаласындағы сүт өндіру шаруашылықтарында өндірілетін сүт мөлшері қала халқының тығыздығына сәйкес болуы керек. Бірақ, қазіргі таңда еліміздің көптеген облыстарында қала халқына өндірілетін сүттің мөлшері сай келмей отыр. Қаланы толыққанды сүтпен қамтамасыз ету үшін сол қаланың әрбір он тұрғынына сол маңдағы фермаларда жылына кеміне 4000 кг сүт беретін бір сиырдан келуі тиіс. Осы жағдайда ғана облысқа басқа облыстардан тасымалданбайды және көлденең шығындар кетпейді. Өнеркәсіп айтарлықтай жақсы дамыған өңірлердің маңындағы фермаларда сауын сиырлардың үлес саны барлық малдың 70 - 80 пайызынан кем болмауы тиіс.
Сиыр санын көбейтумен қатар, оларды қарқынды түрде азықтандырып сүттілігін де арттыру керек. Қазіргі таңда Қазақстанда сүт бағытында өсірілетін сауын сиырлардың көптеген ерекшеліктері көзге көрінбей, пайдаланылмай келеді. Егер сауын сиырларды дұрыс азықтандырып, күтімге алынған жағдайда ғана әулиеата, қара-ала, алатау, симментал тұқымдарының әр сиырынан жылына 4500 - 6500 кг сүт сауылатыны мәлім. Осылай ету үшін облыстардың, аудандардың, шаруашылықтардың экономикалық жағдайын, табиғат жағдайын, малының тұқымын, дайындалатын, берілетін мал азықтарының мөлшерін, фермалардағы жұмыстарды механикаландыру дәрежесін ескере отырып, сауын сиыр шаруашылығын дамыта түсу қажет.
Облыс шаруашылықтарында өндірілетін сүттің басым көпшілігі көктем, жаз айларында өндіріледі де, күз, қыс мезгілінде сүтінің мөлшері азая бастайды. Сүт тоқсан сайын бірқалыпты өндіріліп тұруы қажет, ал егер олай болмаса, яғни, бірқалыпты өндірілмесе фермерлер еңбегінің дұрыс әрі тиімді пайдалануына да мүмкіндік бермейді.
Облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Аумақтың негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м.)
* облыстың батыс бөлігі Арал теңізімен шектеседі;
* оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Қаратаудың тау жоталары мен жазықтығы орналасқан;
* батысында - Қарақұм арал маңы құмдарының төбелері бар.
Сырдарияның сол жақ жағалауында - Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде - құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін).
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; Для защиты от паводков вдоль берегов реки построены дамбы; в 1956 на реке Сырдарья сооружена Кзыл-Ординская плотина; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді.
Жазды күндері кеуіп кететін көптеген тұзды көлдер бар (Жақсықылыш, Қамыслыбас, Арыс және т,б.); Көпек және Терескен көлдерінде -- емдік қасиетке ие батпақтары бар. Қызылорда облысының шегінде солтүстік-шығысында Сарысу өзенінің сағасы кіреді.
Аумақтың біршама бөлігі өсімдігі аз топырақтары орналасқан; яғни қатайған жерлерінде жусанды бетегелер, тұзға бейімделген өсімдіктер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде тұрақсыз өсімдіктер сорты; құмдардың арасында дүзгіндер өседі. Құм төбешіктері сексеуіл, жыңғылдар, теріскен, бұйырғандар, жусандармен бекіген.
Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады.
Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай - қаңтардағы орташа температура - 35 -360 С градусты құрайды.
Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420 С градусқа дейін жетеді.
Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.
Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады. Жауын - шашынның орташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты қышқыл жауын - шашын жауатын болды.
Облыс бойынша 2007 жылы төрт түлік малдың басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6,1 пайызға, қой мен ешкі - 3,6, жылқы - 5,0, түйе - 6,9, шошқа 27,5 пайызға көбейіп, мал өнімдерін өндіруде біршама көбейіп отыр. Бүгінгі күні облыста 23 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Осы шаруашылықтардың ішінде 4 сүт, 1 ет бағытындағы мүйізді ірі қарамен, 8-і асыл тұқымды қаракөл қойымен, 3 шаруашылық жабы және мұғалжар тектес жылқымен, 7-і қазақтың айыр түйесін бағумен айналысады. 2007 жылы осы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара-1607 бас, қой- 36362 бас, жылқы- 2497 бас, түйе- 2560 бас болып, 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара-0,9, қой -0,6, жылқы 7,8, түйе тиісінше 1,4 пайызға көбейген.
Қызылорла облысындағы Қызылқұм шөлінде мал жайылатын жерлер бар. Ол жерде түрлі өсімдіктер өседі. Өсімдік жамылғысында эфемер аралас жусан, сексеуіл, жүзгін, құмқияқ, бұйырғын, тораңғы, т.б. өседі. Сырдария атырауының төңірегінде тоғай өседі. Қызылқұм өңірі етті-сүтті мал өсіруге қолайлы.
Жайылым -- оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып , бағылатын жер алқабы. Табиғи жайылым және екпе жайылым деп екіге ажыратылады. Табиғи жайылым орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын жайылым болып бөлінеді. Екпе жайылым бір жылдық, қысқа мерзімді (5 -- 6 жыл) және ұзақ (7 -- 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи жайылым негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе жайылымдарға бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Облысымыздың климат жағдайына, өсімдіктердің ботаникалық құрамына қарай жайылым түрлері көп. Далада және қуаң далада орналасқан жайылымдар далалық жайылым деп аталады. Мұнда жусан, еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық жайылымның әр гектарынан 3 -- 8 ц шөп түседі. Шөлейт дала жайылымдарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т.б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0,5 -- 7,0 ц шөп түседі. Шөлдегі жайылымдардың 13-і құмды жерде орналасқан. Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 -- 7 ц шөп түседі. Тау жайылымдарының оты да алуан түрлі.

II. Негізгі бөлім
Сауын сиырды күтіп - баптау.

Сауын сиырларды кешенде күтіп - баптау үшін олардың әр басына кешеннен 4,5м2 жерден келеді. Сауын сиырлардың тұратын жерінің ауасы қыста құрғақ болуы тиіс.
Қызылорда облысы қатал континенталдық табиғат климатына жатқызылады. Облысымыздың қысы суық, қар аз түседі. Ал жаз мезгіліне келетін болсақ, жазы қапырық, өте ыстық болады. Жаздың күні жауын - шашынның түсу мөлшері аз болады. Сондықтан қыстың күні қораның ішіндегі ауа температурасы +15С-ден төмен түспеуі керек.
Сауын сиырлардың дене тұрқы қзын келеді, сүйегі басқа сиырлармен салыстырмалы түрде қарағанда жіңішке, терісі жұқа, түгі жылтыр болып келеді. Қарыны үлкен және кең болады, басы мен мойыны ұзын, ал құрсағы мен желіні үлкен болып келеді.
Сауын сиырларды күтіп - баптау үшін оларды жақсылап азықтандырып, түрлі жем - қоспаларымен бағу керек. Қыстың күні сауын сиырдың әр басына 35 кг жемнен келеді. Яғни, 200 басты мал кешенін алатын болсақ ондағы сиырларды күнделікті құнарлы азықтармен қамтамасыз етіп отыру үшін оларға 7000 кг азық керек. 7000 кг азық деп отырғанымыз оның ішінде түрлі азықтар бар. Ал бұл азықтардың мөлшерін бір жылдық көрсеткіште есептесек мал кешенінің азық қоймасында 84000 кг (84 т) азық болуы керек. Мысалы, кептірілген күнжара, арпа, сабан, жүгері, жарма және т.б.
Кешен су жүйесімен де жақсылап қамтамасыз етілуі керек. Себебі су жүйесі дұрыс келмесе ірі қара малдарына су көзі дұрыс жеткізіліп, уақытында суарылмаса сиырлардың өнім беру көрсеткіштері күрт төмендеп кетеді. Жалпы, ірі қара сиырлары күн сайын 15 - 18 л су ішеді. Ал ол суды 200 басты мал кешеніне есептейтін болсақ 3000 - 3600 л су керек. Ал бұл су көзін жыл бойына суару көрсеткішіне есептесек 46000 текше метр су көзі керек.
Сүтті ірі қара кешендеріндегі сауын бөлімдерінде әр сауыншыға 5 сиырдан келеді. Яғни оларға сол 5 сиырды сауып, олардың желінін жуып - тазалау, сауын аппараттарын уақытылы тазалау, желіннен сауын аппараттарын уақытылы алу міндеті қойылады.

Сауын сиырды азықтандыру.

Сауын сиырларды азықтандыруда лизин, метионин, амин қышқылдары өте қажетті болып саналады. Олардың қатынасы 3:1-ге қатынасындай болуы керек.
Өнімнің құрамындағы ыдырайтын протеин бөлшектеріне малға берілетін азықтың сапасы әсер етеді. Мұндағы қант пен протеиннің көлемі басқа минералдық, дәрумендік заттарға байланысты болады. Протеин сапасы сиырлардың рационында шикі және қорытылатын болып көрсетіледі. Ол месқарында ыдырайтын (ЫП) және ыдырамайтын (ЫДП) болып бөлінеді. Осы протеиннің фракциясын (бөлшектерін) нәтижелі пайдалану сүт өнімділігінің жоғары сапалы болуына алып келеді
Сауын сиырлардың рационында 18 - 28% жасұнық (клетчатка) болуы керек. Егер жасұнық бұл мөлшерден кем немесе артық боған жағдайда азықтандырудың сіңімділігі 20%-ға дейін төмендейді. Ал жасұнықтың сіңімділігі оның құрамындағы лиглинге байланысты.Яғни, лиглиннің мөлшеріне байланысты.
Рациондағы құрғақ заттың мөлшері жасұнықтың мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: сүттілігі 10 кг сиырдың тәуліктік рационында жасұнықтың мөлшері 28%-дан, сүттілігі 11 - 20 кг арасында - 27 - 24%, 21 - 30 кг- 23 -19%; 30 кг асқанда - 19% және одан да кем болмауы керек.
Көмірсулар ағзада зат пен қуат алмасуын реттеуші болып табылады. Ол тек қана қуат көзі болып табылмайды. Көмірсу жетіспегенде азықтың азотты пайдалануы төмендейді.
Ағзаның тіршілік қызметіне майдың да зор маңызы бар. Майдың құрамына линол, линолен және арахидон сияқты алмастырылмайтын май қышқылдары кіреді. Ағзада бұлар жеткіліксіз мөлшерде болған кезде сүт майлылығының төмендеуіне әкеледі. Көктем кезде жас балаусамен және көптеген екпе шөптерді қолданған кезде олардың құрамындағы майды тұтыну үшін және малдың қоңдылығын жоғарылату үшін пайдаланады.
Сауын сиырларды азықтандыруда пішеннің үлесі жоғары болып табылады. Сапалы дайындалған пішен рацион құрамында үлкен маңызды орындардың бірін алады. Ол рациондағы қоректік заттардың көзі болып табылады, бірақ құрамынды жасұнықтың мөлшері 20%-дан жоғары болғандықтан басқа азықтарға қарағанда нашар қорытылады. Дегенмен де жақсы, сапалы дайындалған пішен протеин, қант, дәрумендер және минералды заттардың көзі болып табылады.
Сауын сиырға берілетін пішенді өнімнің ботаникалық құрамына, өскен жерінің табиғи - климаттық жағдайыны, ауа райына, оны өсіруде қолданылған тыңайтқыштың көлеміне, стандартқа сай орылуына, жинау мезгіліне және т.б. жағдайларға байланысты таңдап алады.Сапалы пішенді пайдалану рациондағы басқа да азықтардың көлемі мен сапасына байланысты болады. Егер тәуліктік рационның құрамында пішендеме мен сүрлемнің көлемі аз немесе көп болса, онда 100 кг тірілей салмағына тәулігіне бір басқа 3 кг-ға дейін пішен жеуіне болады. Тәуліктік рационда пішендеме мен сүрлемнің мөлшері көп болса, соғұрлым рационда пішеннің мөлшері төмендей түседі. Мысалы, сүрлем орташа көлемде берілген болса 2,0 - 2,5 кг пішен беріледі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағаш ыдыстарда сақталған сүт
Сауын сиырлар гигиенасы
Қазақстан Республикасындағы сүт өнімінің өзіндік құнын жүйелік талдау және болжау
Сауын сиырларының гигиенасы
Сиырларға арналған қора - жай
Ірі қара гигиеналары
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Сиырдың жатырының субинволюциясын анықтау әдістері
Сиырды күтіп бағу әдістері
ОХ Заречное шарттарында аналық ұядан алынған қара–ала тұқымдарының өнімділік сапасының салыстырмалы көрсеткіштері
Пәндер