Типтік жобадағы мал кешендері, зоогигиеналық талаптары



I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
а) Типтік жобадағы мал кешендерінің құрылысы
ә) Ірі қара кешендеріндегі микроклимат және мал дәрігерлік блоктардың қызметі
б)Көң сақтау орыны
в)Ірі қара кешендеріндегі табын айналымы
г)Қорадағы гигиеналық мәселелер
III. Қорытынды бөлім
Мал фермасы - ауыл шаруашылығы кәсіпорын бөлімшесі. Мамандандыру мен шоғырландыру дамыған сайын техникалық деңгейі жағынан мал комплекстеріне жуықтайтын өнеркәсіптік типтегі ірі фермалар құрылады.
Мал комплексі - ауыл шаруашылығы өндірісінің кәсіпорны, ол комплексті механикаландыру, электрлендіру, автоматтандыру, технологиялық процесстерді ұйымдастыру негізінде өнеркәсіптік технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өндірісті жоғары деңгейде шоғырландыруды және мамандандыруды қолдану негізінде жоғары сапалы мал өнімдерін біркелкі әрі жыл бойы өндіруге арналған.
Мал фермалары мен комплекстері бір - бірінен көлемі, өнім өндіру технологиясы, құрылыстық шешім бойынша ажыратылады.
Малды күтіп - бағу әдісіне қарай сүт фермалары мен комплекстері мәселен, мынадай типтік көлемде болады: байлап баққанда -400, 600, 800, 1000 сиырға, байламай баққанда -400, 600, 800, 1000, 1200 бас малға арналған.
Комплекстер мен фермалардағы қора жай құрылысы типтік жобамен салынады. Қора - жайлар ондаған жылдарға арналып салынғандықтан, техника әрбір 5-6 жылда ауыстырылып тұрады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Типтік жобадағы мал кешендері, зоогигиеналық талаптары

Жоспары:
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
а) Типтік жобадағы мал кешендерінің құрылысы
ә) Ірі қара кешендеріндегі микроклимат және мал дәрігерлік блоктардың қызметі
б)Көң сақтау орыны
в)Ірі қара кешендеріндегі табын айналымы
г)Қорадағы гигиеналық мәселелер
III. Қорытынды бөлім

Кіріспе
Мал фермасы - ауыл шаруашылығы кәсіпорын бөлімшесі. Мамандандыру мен шоғырландыру дамыған сайын техникалық деңгейі жағынан мал комплекстеріне жуықтайтын өнеркәсіптік типтегі ірі фермалар құрылады.
Мал комплексі - ауыл шаруашылығы өндірісінің кәсіпорны, ол комплексті механикаландыру, электрлендіру, автоматтандыру, технологиялық процесстерді ұйымдастыру негізінде өнеркәсіптік технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өндірісті жоғары деңгейде шоғырландыруды және мамандандыруды қолдану негізінде жоғары сапалы мал өнімдерін біркелкі әрі жыл бойы өндіруге арналған.
Мал фермалары мен комплекстері бір - бірінен көлемі, өнім өндіру технологиясы, құрылыстық шешім бойынша ажыратылады.
Малды күтіп - бағу әдісіне қарай сүт фермалары мен комплекстері мәселен, мынадай типтік көлемде болады: байлап баққанда -400, 600, 800, 1000 сиырға, байламай баққанда -400, 600, 800, 1000, 1200 бас малға арналған.
Комплекстер мен фермалардағы қора жай құрылысы типтік жобамен салынады. Қора - жайлар ондаған жылдарға арналып салынғандықтан, техника әрбір 5-6 жылда ауыстырылып тұрады.
Өнеркәсіптік типтегі мал фермалары мен комплекстерін машиналармен және жабдықтармен жарақтандыру арнайы жасалатын машиналар жүйесіне сәйкес белгілі бір кезеңде жүзеге асырылады. Машиналар жүйесіне қойылатын негізгі талаптың бірі - қол еңбегі шығынын барынша кеміту және фермалардағы жұмыс жағдайын жақсарту.
Перспективалық машиналар жүйесін қалыптастырған кезде оның мынадай аса маңызды ерекшеліктері - жекелеген машиналарды жасаудан қарқынды технологиялық линияларға енгізілген бүкіл операцияларды комплексті механикаландыратын және автоматтандыратын жабдықтар жиынтығын жасауға көшіру ескеріледі.
Машиналардың қазіргіге қарағанда жаңа жүйесі толық жүзеге асырылғанда мал өнімін өндірудің технологиялық еңбекті қажетсінуді 25-тен 35%-ға дейін, жұмсалатын қаражатты 20 - 25%-ға дейін кемітуге мүмкіндік береді.
Автоматты басқару аппаратураларына датчиктер, күшейткіштер, аралық реле, атқарушы механизмдер, қосалқы элементтер және түрлендіргіштер жатады.
Осы уақытқа дейін комплексті механикаландыру автоматты реттеу, оператордың линияларды қашықтықтан басқаруы кәсіпорындарды басқаруды ыңғайлаудың операцияларын қамтиды. Оның өзі мал азығын тиімді нормалап беруге, қора - жайдағы температура мен ылғал режимін дәл ұстауға, қиды дер кезінді шығаруға және сапалы өңдеуге, мал өнімділігінің, жұмсалған отын мен электр энергиясының күнделікті есебін алуға, бүкіл мал шаруашылығы кәсіпорынның жұмысын ыңғайлауға мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығындағы процесстерді комплексті механикаландыру - қазіргі кезеңдегі ғылыми - техникалық прогресс саласының басты бағыттарының бірі. Осы технология бойынша автоматтандырудың өзі еңбек өнімділігінің 1,3 - 1,5 есе артуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі басқару аппаратын қысқарту, қолмен атқарылатын жұмыстарды автоматтандыру, технологиялық процесстерді интенсивтендіру және жабдықтардың өнімділігін арттыру арқылы жүзеге асырылады.

Типтік жобадағы мал кешендерінің құрылысы
Бастапқы ветеринарлық - санитарлық бақылау (ВСБ) жобалау мен құрылыстың келесі кезеңдерінде жүзеге асырылады:
1. Құрылыстың техникалық - экономикалық негіздемесі;
2. Құрылыс алаңын таңдау;
3. Құрылыс жобаларының ветеринарлық - санитарлық сараптамасы;
4. Құрылыс кезінде ветеринарлық - санитарлық нормалар ұстануын бақылау;
5. Нысандарды пайдалануға қабылдап алу;
Осы кезде ветеринарлық - санитарлық нормативті құжаттарға сүйенеді, оларға жануарлар алаңдарының аудандық нормалары, ішкі ауа параметрлері, сумен қамтуға, канализацияға, ғимаратты жылыту және желдету талаптары, табиғи және жасанды жарық нормалары айқындалады.
Ветеринарлық - санитарлық қадағалауға ветеринарлық - санитарлық ережелер бұзылған жағдайларда құрылысты, ғимараттар мен құрылымдардың қайта жөнделу жұмыстарын, қайта салынған, қалпына келтірілген ғимараттардың іске қосылуын тоқтату құқығы бар.
Мал шаруашылық нысандарын орналастыру аумақтарын қолданыстағы аудандық жоспарлау жобасына, ұйымдастыру - шаруашылық құрылым жоспарына, ескертулерге және мекен - жай жобасына сәйкес таңдайды. Ірі қара мал ұстауға арналған малшаруашылық нысанының жобасына сәйкес таңдайды.
Телімді бағалау барысында келесі талаптар ескеріледі:
1. Геологиялық;
2. Метеорологиялық;
3. Гидрологиялық;
4. Ветеринарлық - санитарлық;
5. Инженерлі - техникалық:
6. Экономикалық;
7. Экологиялық;
Құрылыс телімі білік, жауын - шашын, еріндік сулармен басылмайтын, жерасты сулары төмен орналасқан, беткейінен 2м жақын емес болуы тиіс.
Өндірістік кәсіпорындарға шаққанда жел жағынан орналастырылуы қажет. Телім ветеринарлық - санитарлық тұрғыдан сау, яғни қолайлы боуы керек. Басқаша айтқанда, бұрынғы мал қоралары, тері өңдеу зауыттары, тазарту құрылымдары орындарында салуға болмайды. Телімдер желденетіндей болуы керек. Телім мен жайылымдар арасынан теміржол, автокөлік жолдары өтпейтіндей, су ағымдары, ор - шұңқырлар болмайтындай жасалғаны жөн.
Телім көлемі оны құрылыстық салу түріне, жануар түрі мен санына, ұстау жүйесі мен әдісіне байланысты.
Телімнің болжамды көлемдерін мына көрсеткіштерді ескеріп анықтайды: сүт және ет - сүт фермалары үшін - 100-140 м, квбас; алты айдан асқан ІҚМ - 50-70 м,квбас үшін құрылыс алаңдарын мекен - жай ауасының сумен қамту көздерінің, су көздері мен топырақтың санитарлық қорғалуын ескере отырып таңдайды. Малшаруашылық нысандарын мекен - жайлардан санитарлық - қорғау аймағымен бөлектейді.
Санитарлық - қорғау аймағына мал шаруашылығының сыртқы қабырғалары немесе олардың қоршауы мен аймақ аралығындағы аумақ енеді. Бұл аймақ тұрғындардың малдарынан фермаға немесе кешенге жұқпалы аурулар енуінен қорғайды және мал шаруашылығы мекемелерінің кейбір зиянды жайттарының тұрғындар мекеніне әсерінен қорғайды. Мал шаруашылық кешендері мен құс фабрикаларын оларға қызмет көрсетпейтін елді - мекендерден - 3 км кем емес, қалалардан, өндіріс мекемелерінен, демалыс орындарынан - 5 км, өзен - көл, өзге су қоймаларынан 2 км кем емес қашықтықта орналастырады.
Сүт фермалары 300 - 500 м, құс фермасы - 300 - 1200 м, қой және аң фермалары - 300 м, мал қоралары - 500 метрде орналасу керек.
Малшаруашылық нысандарын салу телімдері өзге фермалар мен кешендерден зооветеринарлық қашықтармен алшақталған болуы керек.
Зооветеринарлық қашықтық - бұл бір нысанның екіншісіне қолайсыз әсерін болдырмайтын (шаң, микроб, газ) түрлі малшаруашылық мекемелері арасындағы минемалды қашықтық.
Малшаруашылық мекемелері мен өзге нысандар арасындағы зооветеринарлық қашықтықтар 50 - 3000 м шамасында ауытқиды. Мысалы, ірі қара мал кешенінен жылқы, қой фермаларына дейінгі қашықтық 150 м, авто - темір жолдан 300 м, облыстық тұрғындардан 150 м, жергілікті жолдан 50 м болады.
Ферма телімін дуалмен қоршайды, аумағын өндірістік және әкімшілік - шаруашылық аймақтарға бөлінеді. Өндірістік аймақта қора - жайлар, серуендеу алаңдары, ветеринарлық нысандар орналасады. Осы шаруашылыққа жатпайтынкөліктер мен бөгде тұлғалардың аумаққа енуіне тыйым салынады. Өндірістік аймақпен байланыс тек ветеринарлық - санитарлық өткізгіш арқылы өткізіледі.
Қосалқы және фермерлік шаруашылықтарда бір мезгілде бір алаңда
200 - ге дейін сиыр, 500 бас бордақыланатын мал, 600 бас қой, 20 бас жылқы, 1000 құс ұстауға болады. Бір кәсіпорын құрамына енетін түрлі жануар ғимараттарын қарама - қарсы орналастыру қажет.
Санитарлық - қорғау және зооветеринарлық қашықтықтар қорға сақталатын аумақ емес, яғни оларды кеңейту үшін пайдалануға болмайды.
Алайда, олар жер пайдаланымына енеді, сондықтан ауыл шаруашлығы қажеттіліктеріне пайдалану қажет.
Қосалқы шаруашылықты 3 аймаққа бөлген жөн:
1.Таза аулалы тұрғын үй;
2.Шаруашылық мал - қора жайлары;
3. Серуендеу алаңдары
Малшаруашылық ғимараттарында оңтайлы микроклимат қалыптастыру құрылыс материалдарының гигиеналық қасиеттері мен сыртқы қоршаулардың жылу ұстағыштығы сапасына байланысты. Малшаруашылық ғимараттары қыста құрғақ, жарық жылы, жазда салқын болатындай етіп салады. Құрылыс үшін айтарлықтай арзан және ұзаққа шыдамды материалдар пайдаланылады.
Гигиеналық тұрғыдан олардың жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы , жылу сіңіруі, гигроскопиялығы, бу өткізгіштігі, ауа өткізгіштігі маңызды.
Жылу өткізгіштік - материалдың жылуды өз бойының бір беткейінен екіншісіне беру қасиеті.
Жылу сыйымдылық - материалдың қыздырған кезде қандай да бір жылу мөлшерін сіңіру қасиеті.
Жылу сіңіруі - бұл материалдың беткей температурасы ауытқыған кезде жылу сіңіру қасиеті.
Материалдың жылу сіңіруі неғұрлым көп болса, соғұрлым ол мал денесінен көп мөлшерде жылу сіңіреді (еденде жатқанда т.с.с). Мәселен, мал денесінен жылу сіңіру кірпіш еденде (жылу сіңіру коэффициенті 8,05) ағаш еденнен 2 есеге төмен (3,90).
Гигроскопиялық - материалдың өз бойына су мен ауадағы су буларын сорып, ұстау қабілеті.
Бу өткізгіштік - бұл материалдың су буларын өткізу қабілеті. Мысалы, рубероидтың су өткізгіштігі аз, рубероидтың бу өткізгіштік коэффициенті 0,08к 102 , кіпһрпіш қалаудікі 1,4*102.
Сыртқы қоршаудың бу өткізгіштігінің гигиеналық маңызы кез - келген ылғалдың материалда (қабырғаларда) ұсталынуы, сыз, ылғалдану себебі болатындығында.
Малшаруашылық ғимараттарын салу кезінде ағаш, кірпіш, керамзитбетон, бетон және темірбетон жинақ - қойылымдары, жақтау, күлді жақтау т.б. пайдаланылады. Ағаш көлемдік салмағы көп емес және жылусақтағыш материал. Ағашты еден, қақпа, есік, терезе жақтауларын дайындау үшін пайдаланады.
Ғимараттың іргетасы, қабырғалары, төбе, еден т.б. жекелеген бөліктеріне бірқатар талаптар қойылады.
Іргетас - тірек болатын қызмет атқаратын ғимараттың жер асты бөлігі. Ол қабырғаларды топырақ ылғалынан, тоңазудан қорғайды, ол берік болуы тиіс. Оны тастан, кірпіштен немесе бетон жақтауларынан құяды. Іргетастың қабырғаға ауысар тұсын іргетас қылтимасы дейді, оны шет беткейінен 20 - 60 см шығарады, онымен қабырға аралығына қарақағаз, битум, асфальт төселеді. Іргетастың тереңдігі 50 - 70 см іргетас қылтимасы - іргетастың жер беткейі бөлігі, оған қабырға орнығады. Оның барынша биіктігі 20 - 30 см, онымен қабырға аралығына 1,5 - 2 см етіп қарақағаз, битум, асфальт төселеді. Іргетас периметр бойынша ені 70 см жасалады да, жерге 15 см енгізіледі де көпірше іргетас қылтимасынан 15 - 20 см жоғары шығарып орнатады.
Қабырғалар - ғимараттың қоршағыш және жүктемелік бөлігі. Олар ғимаратты климат және ауа - райы әсерлерінен қорғап, жануарлар үшін қалыпты температуралық - ылғалдық режимі мен табиғи жарықтануды қамтамасыз етеді.
Қабырғаларды ағаштан, кірпіштен, күлдіжақтау, күлдібетон, цемент - әк жақтауларынан салады. Құрылыс материалын климаттық аймаққа сәйкестендіріп таңдайды, олар жылу жоғалуына төзімді болулары қажет, қыста жалпы ғимараттан жылу жоғалуының 30 - 45С қабырғалар арқылы өтетінін есте ұстау керек. Яғни, гигиеналық тұрғыдан алғанда қабырғалар жақсы жылу қорғағыш қасиетте болуы керек.
Төбелер - ғимаратта жылуды жақсы ұстайтын материалдан әзірлейді. Олар құрғақ, тегіс, берік, жақсы жылытылған және дезинфекциялар үшін ыңғайлы болуы керек. Суық және ылғалды климат аймақтарында төбені шатырмен қосарламай, арасына жылытуға ықпал ететін кеңістік қалдырылады.
Оңтүстік аймақтарда төбені шатырмен жалғастырады. Кең таралғандары ағаш және темірбетон төбелермен жабылады. Дұрыс жылытпағанда төбелерде конденсат пайда болады да, ылғалдану мен зеңденуге әкеліп соғады. Жылқы қораларында төбе биіктігі 2,4 - 3м, ірі қара мал қораларында 2,4 - 2,8м, қой қораларында 1,2 - 2,0м, құс фермаларында 2,1 - 3,6м болуы керек.
Едендер - ғимараттың санитарлық - гигиеналық жағдайына, микроклиматына, тазалығы мен жануарлар өнімділігіне, сондай - ақ сүт пен жүн тазалығына үлкен әсерін тигізеді.
Олар жылы, құрғақ, су өткізбейтін, тазалап, дезинфекциялауға қолайлы, берік, серпімелі тайғанамайтын болуы керек. Егер жануарлар тынығатын орындардағы едендер суық және ылғалды болса жатқанда жануарлар оған көп жылу шығындайды, ал бұл организм суынуына, суық тию аурулары байқалуына, өнімділік төмендеуіне және жылу шығынына әкеліп соғады.
Көптеген ғалымдардың деректері бо йынша, қыста еден температурасы 27,50 С болғанда бордақыланатын ірі қара салмағы өсуі 752 г, ал 10,30 С-да азықтар шығыны 4,08-ден 4,66 азықтық бірлікке ұлғаятынын айтуға болады. Еден арқылы жылу 12 - 48-ге дейін жоғалады, сондықтан олар ғимараттың жылу режиміне әсерін тигізеді де, оларды жылытуға көп көңіл бөлінеді.
Еденнің маңызды қасиеті - су өткізбеушілік, ылғал өткізгіш едендер ауа ылғалдылығы жоғарылауының себебі болып табылады. Еден арқылы өтетін зәр ыдыраған кезде, зиянды газдар пайда болып, ауаны ластайды, мұндай едендер астында жер жеңіл инфицирленеді де жер бойын қажетті тереңдікте алып тастамайыншатиімді дезинфекцияланбайды. Едендерді жарақат болмауы үшін бұдырлы етіп салады. Еден сұйықтық ағуы үшін еңкіш болуы керек (еденнің әр ұзындық метріне 1 - 2см).
Еден жамылғысының абразивтілігі жануар тұяқтарының қажалуына әсерін тигізеді.
Еденнің беткейлік қабатының материалы қажағыштық шамасы бір ай ішінде тұяқ өсуі шамасына тең болатындай таңдалады, өйтпегенде тұяқ мүйізі тірі ұлпаға дейін қажалады.
Малшаруашылық ғимараттарында негізінен ағаш, бетон, асфальт, тапталған балшықты, торлы едендер қолданылады.
Ағаш едендерін сиырлар мен жылқы тұрақтарында, туу бөлімдерінде, профилакторий мен бұзау қораларында қолданылады.
Бұлар жылы, тегіс, қатты емес, алайда ылғал сіңімді, су жібермейтін болады, дезинфекциялауға нашарлау көндігеді және пайдалану мерзімі қысқа (сиыр қорада 2 - 3 жыл). Бетон едендерін қоралардағы өткелдер мен қосалқы ғимараттарға төсейді. Олар малдар тынығатын аймақтарға жарамсыз, өйткені қатты, әрі жылу өткізгіштігі жоғары.
Асфальт едендері салыстырмалы тұрғыда жылы, су өткізбейтін, серпімелі, жақсы дезинфекцияланатын, алайда агрессивті орта (қи, зәр) әсеріне аса төзімді емес. Оларды көбінесе шошқа, құс, бұзау қораларында, қосалқы ғимараттарда пайдаланады.
Тапталған балшық едендері серпімелі, тұяқ мүйізіне қолайлы, алайда берік емес, шұқырланатын, жеңіл суланатын, оған орай суыған, нашар дезинфекцияланатын болып табылады.Оларды терең төсеніш қолданып қой қораларында пайдаланады.
Торлы едендерді малдарды төсенішсіз ұстау жүйелерінде пайдаланады. Оларды металл, темір бетоннан әзірлейді.
Қақпалар - көп жылу өткізбеуі керек және ішкі беткейіне ылғал конденсацияламайтын болулары қажет. Қақпаны орнату кезінде жел кескіні ескеріледі, негізінен қақпаларды ауыз қорамен жабдықтайды. Қақпаларды екі жақтаулы, сыртқа ашылатын етіп жасайды.
Терезелер жарықтандыру, жылу ұстау үшін қызмет атқарады, олар арқылы біршама жылу жоғалады, оларды сондай - ақ ғимаратты желдету үшін де пайдаланады, терезе биіктігінің көп маңызы бар. Ірі қара мал фермаларындағы терезе биіктігі 1,3 - 1,8 м, қой қораларында 1,2 - 1,3 м.
Ғимарат қабырғаларының ішкі түсінің де маңызы зор. Ақ түсте көмкерілген немесе әктелген қабырға 85%, жас ағаш пен кірпіш 40%, ластанған ағаш 20% сәулелерді ашықтандырады. Сол себептен мал қораларында, сауу заллдарында, жуу бөлмелері мен зертханаларда қабырғалар мен төбелер ашық түске, ал қолдан ұрықтандыру бөлмелерінде ашық - жасыл түске боялуы керек. Еденнен терезе жақтауына дейінгі қашықтық немесе биіктік төмендегідей болғаны жөн: байлаудағы ірі қара мал қорасы мен бұзау қорада 1,2 - 1,3 м, байлаусыз ұстайтын қорада 1,8 - 2,4 м, қолдан ұрықтандыру бөлмесінде 0,8 м кем емес, қой және құс қораларында 1 м кем емес. Терезелердің осылай орналасуы кезінде малдар аз суынады, ғимараттар жақсы жарықтанады.

Көң сақтау жүйесі

Малдың тұрған-жатқан жерінде ішін босататыны себепті мал қораларындағы ауада әрдайым азды көпті аммиак болады. Аммиак суда жақсы ериді. Сондықтан да оны тыныс жолдарының, көздің кілегей қабықтары күшті тартады. Сіңген аммиак тканьді тітіркендіреді, ал қанға барғаннан кейін гемоглобинді сілтілі гематинге айналдырып, резервтік сілтіні азайтады.
Мал қораларында аммиак әр түрлі мөлшерде - 0,008 мгл-ге дейін болады. Аммиактың мөлшері мен құралу шапшаңдығы температура мен ылғалдыққа тікелей байланысты. Температура төмендеген кезде аммиактың құралуы тоқталады деуге болады, ал температура көтерілгенде күшейе түседі. Алайда 12 - 13 градусқа дейінгі температурада аммиактың бөліну шапшаңдығы бір деңгейде тұрады да, температура 26 градусқа дейін көтерілгенде бөлінетін аммиак мөлшері екі есе артады.
Эпизотологиялық жағынан қидың ролі онда бактерия ұрықтарының көп болатындығында және де ол бактериялардың ішінде жиі ретте туберкулез бен паратуберкулез, қараталақ, бруцеллез және басқа ауарулардың таратқыштары болуы мүмкін. Егер қи дұрыс сақталмаса және жиналмаса, ондағы ауру қоздырғыш бактериялар ұзақ сақталады. Қиды сақтауға және пайдалануға қойылатын мал дәрігерлік-санитарлық талаптарды орындамау ферма ауасының зиянды газдармен ластануына, қида шыбындар мен басқа да эктопаразиттердің - жұқпалы ауру қоздырғыштарды өздігінен таратқыштардың - көбеюіне соқтырады. Гельминтоз ауаруының қоздырғыштары болуы мүмкін сұйық және қоймалжың қиды гельминтердің жұмыртқасы мен ұрықтары өлгеннен кейін көкөніс дақылдары, жидек егілетін жерлерді, жайылымдарды тыңайту үшін пайдаланылады. Оған дейін қи қоймада сақталуы керек.
Фермаларда ірі қараны бағып-кұтудің жағдайына қарай құрамы жағынан әр түрлі қи пайда болады. Төсеніш қолдану ылғалдылығы 81 пайызға дейін төсеніш қиын алуға мүмкіндік береді. Мұндай қидың физикалық қасиеті жақсы болады және текшелеп жинауға жарамды келеді.
Малды сабаннан немесе шымтезектен алмастырылмайтын қалың төсеніш салып баққан кезде ылғалдылығы 70 - 75% қи алынады. Төсеніш аз болса, онда малма секілді қи алынады. Мұның ылғалдылығы 87 пайызға дейін. Ол текшелеп сақтауға онша жарамайды.
Соңғы жылдары мал шаруашылығының интенсивтендірілуіне байланысты ұиды әкету, тасымалдау, пайдалану әдістері едәуір өзгерді. Еңбекті мейлінше аз жұмсай отырып, қиды әкету процесін комлексті механикаландыруды қамтамасыз ететін қондырғылар мен жабдықтар барған сайын кеңінен қолданылып келеді. Нәжісті және басқа лас-қоқыстарды мал тұрған жерден ұқыпты алып кетуді қамтамасыз ететін, яғни малдың тұрған орны мен аралық өткелектерде еденнің таза, құрғақ ұсталуын, сондай-ақ қорада ең қолайлы микроклимат болуын, ферманың санитарлық күйінің жақсы ұсталуын қамтамасыз ететін механизация жүйесі зоогигиена талаптарына неғұрлым толығырақ сай келеді.
Қиды әкету тәсілдері. Қазіргі кезде мал қораларынан және фермалардың территорияларынан нәжіс пен садыраны әкетудің мынадай тәсілдері қолданылады:
А)тасып әкету - нәжіс пен садыраның сұйық және қою қоспалары арнаулы транспорт құралдарымен тасып әкетіледі:
б) транспортермен ағызып әкету - қи транспортерлермен немесе жер астындағы құбырлардың, каналдардың, арықтардың арнаулы жүйесімен әкетіледі. Тасып әкету тәсілі. Қораны қидан тазарту үшін жер бетімен немесе аспалы жолмен жүретін вагонеткаларды қолданады. Оларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Құлындарға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Малды сұрыптауға байланысты зоотехниялық ұйымдастыру шаралары. Табынның генеалогиялық құрылымын зерттеу Рекордшы малдардың селекциялау жұмысындағы маңызы
Шошқа шаруашылығының маңызы
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Қабандар (шошқа)
Жылқы қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Мал қоралары мен шаруашылық аумағын ветеринариялық-санитариялық ережеге сай тәртіпке келтіру
Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру
Мал шаруашылығы объектілерін салуды ұйымдастыру
Пәндер