Тұқымдық қошқарды азықтандыру



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Қошқарлар туралы мәлімет
1.2. Тұқымдық қошқар басының жылдық жем . шөп шығыны
1.3.Қозыны азықтандыру
1.4. Қошқарды азықтандыру және бордақылау
1.5. Тұқымдық қошқарды азықтандыру
1.6.Малды азықтандыру рационы
1.7. Малды азықтандыру мөлшері, азықтандыру нормасы
1.8. Азықтандыру рационы
1.9.Қошқарлардың азықтандырылуы және өнімдік қасиеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қой шаруашылығы –өнімді де, табысты сала. Ол халықты сапалы етпен, өндірісті –жүн, тері, елтірі сияқты шикізатпен қамтамасыз етеді. Қой өзінің жаратылысында – жайылым малы, көк шөп оның табиғи азығы. Бұл саланы жайылымсыз өркендету мүмкін емес. Қой тұмсығы мен ерінің, тістерінің ерекшеліктері оның жайылымға бейімделген мал екендігін дәлелдейді. Қойдың тұмсығы ілгері қарай бағытталған сүйір, күрек тістері өткір, еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға бейімделген. Ол биіктігі 3-5 сантиметр, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан шөпті тістеп жей алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен бұталар бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын жайылымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
Бірден – бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы жасыл шөп болып табылады. Қысқы және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану , қойды қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.
Қой жайылымда ұстауға жақсы бейімделген. Мал жеуге пайдаланатын 800 өсімдік түрінен: қой 520 - нан аса түрін, мүйізді ірі қара мал - 460 түрін, жылқы - 460 түрін пайдаланады. Жусанның қой -46 түрін, жылқы - 39, сиыр 24 түрін пайдаланады. 181 түрлі сораңнан қой - 132 түрін, жылқы - 48 түрін, сиыр - 39 түрін жейді.
1.Алексеев А.В. Мал өсіру негіздері.-Алматы, 1974.
2.Байжұманов А.Б. Мал өсіру.-Алматы: Қайнар, 1987.
3.Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә. Мал өсіру және селекция / Оқулық.-Алматы: Бастау, 2006.-592 б.
4.Ірі қара шаруашылығы: Оқулық / А.Ә.Төреханов, Ж.К.Каримов, Ш.Д.Даленов, Д.К.Найманов.-Алматы.:Триумф «Т», 2006.-408 б.
5.Ермеков М., Бақанова Е. Қазақстан қойларының жоспарлы тұқымдары.- Алматы, 1958.
5.Борисенко Е.Я. Разведение сельскохозяйственных животных.-М.: Колос, 1967.
6.Кравченко Н.А. Разведение сельскохозяйственных животных.-М.: Колос, 1973.
7.Красота В.Ф., Лобанов В.Т., Джапаридзе Т.Г. Разведение сельскохозяйственных животных.- М.: Агропромиздат, 1990.
8.Зоотехния негіздері. Оқулық. –Астана: Фолиант, 2007.-456 б.
9.Левин А.Б. (Аудармашылар Ә.Ермаханов, Ә.Жұмашев) Мал шаруашылығы негіздері.-Алматы, 1985.
10.Омарқожаұлы Н., Әкімбеков Б.Р. Мал шаруашылығы: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2007.-424 б.
11.Омарқожаұлы Н.,Шуркин Р. Мал шаруашылығы практикумы.-Астана, 2007.
12.Сәбденов Қ., ҚұлатаевБ. Қой шаруашылығы және жүн, қаракөл мен қой етін өндіру технологиясы.-Алматы, 1998.
13.Сәбденов Қ., Абдуллаев М., Құлатаев Б. Қой шаруашылығының технологиясы: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2008.-304 б.
14.Садыкулов Т.С., Байжуманов А.Б., Бегимбеков К.Н. Мал өсіру пәнінің практикумы.-Алматы, 1998.
15.Садыкулов Т.С. Разведение и селекция сельскохозяйственных животных.-Алматы,2003.
16.Тойшибеков М.М.,Ертаев Е.Е. Генетика и биотехнология животных.-Алматы, Ғылым, 1995. Т.1.
17.Чижик И.А. Конституция и экстерьер сельскохозяйственных животных.-Л.,Колос, 1979.
18.Эрнст Л.К., Кравченко Н.А. и др. Племенное дело в животноводстве.-М.: Агропромиздат, 1987.
19.Медеубеков Қ., Сарбасов Т. Қазақстанның қой шаруашылығы-Алматы: Қайнар, 1984.-320бет.
20.Егеубаев Р. Малды нормалық азықтандыру-Алматы.1998ж
21. Омарқожаұлы Н. Малды тиімді азықтандырудың ғылыми негіздері-Алматы.- 2001
22.Сәбденов, Абдуллаев, Құлатаев. Қой шаруашылығының технологиясы: Оқулық.-Астана:Фолиант, 2008.-304бет.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Тұқымдық қошқарды азықтандыру

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Қошқарлар туралы мәлімет
1.2. Тұқымдық қошқар басының жылдық жем - шөп шығыны
1.3.Қозыны азықтандыру
1.4. Қошқарды азықтандыру және бордақылау
1.5. Тұқымдық қошқарды азықтандыру
1.6.Малды азықтандыру рационы
1.7. Малды азықтандыру мөлшері, азықтандыру нормасы
1.8. Азықтандыру рационы
1.9.Қошқарлардың азықтандырылуы және өнімдік қасиеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қой шаруашылығы - өнімді де, табысты сала. Ол халықты сапалы етпен, өндірісті - жүн, тері, елтірі сияқты шикізатпен қамтамасыз етеді. Қой өзінің жаратылысында - жайылым малы, көк шөп оның табиғи азығы. Бұл саланы жайылымсыз өркендету мүмкін емес. Қой тұмсығы мен ерінің, тістерінің ерекшеліктері оның жайылымға бейімделген мал екендігін дәлелдейді. Қойдың тұмсығы ілгері қарай бағытталған сүйір, күрек тістері өткір, еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға бейімделген. Ол биіктігі 3-5 сантиметр, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан шөпті тістеп жей алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен бұталар бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын жайылымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы тасты жерлердің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
Бірден - бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы жасыл шөп болып табылады. Қысқы және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану , қойды қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.
Қой жайылымда ұстауға жақсы бейімделген. Мал жеуге пайдаланатын 800 өсімдік түрінен: қой 520 - нан аса түрін, мүйізді ірі қара мал - 460 түрін, жылқы - 460 түрін пайдаланады. Жусанның қой -46 түрін, жылқы - 39, сиыр 24 түрін пайдаланады. 181 түрлі сораңнан қой - 132 түрін, жылқы - 48 түрін, сиыр - 39 түрін жейді.
Қойдың ішегінің ұзындығы - денесінің ұзындығынан 25 - 30 есе , мүйізді ірі қара малдікі 20 есе, жылқынікі 15 есе, шошқанікі 12 есе артық.
Қой арам шөптің 600 түрін жесе, жылқы 80, сиыр 60 түрін ғана жей алады. Қойдың жақ сүйегі, ерні жұқа, күрек тістері үшкір болғандықтан, ол неше түрлі ұсақ шөптерді, жерге түскен дәнді өсімдік жапырақтарын оңай теріп жей алады.
Қойдың денесінде зат және энергия алмасу басқа малдармен салыстырғанда жоғары сипатталады. Сондықтан қой 1 кг тірідей салмағына қоректік заттарды мүйізді ірі қара малмен салыстырғанда көбірек шығындайды.
Қойлардың ас қорыту органдары ірі азықтардың құрамындағы қоректік заттарды толық сіңіріп, қорытуға бейімделген. Қой жақсы жейтін азықтар: жоңышқадан, бедеден дайындалған пішендер, астық тұқымдастарынан, тау етектерінен, бидайық, жусан, сораң, шалғын, әр түрлі шөптерден және сол шөптерден дайындалған пішендемелер, шырынды азықтардан дайындалған сүрлем, тамыр жемістілер, жемдерден - сұлы дәні, жүгерінің дәні, кебек пен күнжара, сонымен қатар минералдық, витаминдік қосымшалар.
Қой денесінің 100 кг салмағына 3,2 - 3,8 кг құрғақ затты азық талап етеді.
Жартылай шөлейтті аймақтардың жайылымындағы шөптердің 66 % - ке жуығын мүйізді ірі қара малдар нашар жейді немесе тіпті жемейді. Ал қой мен ешкі осы шөптердің 38 % - ке жуығын жейді. Егер жайылымдағы шөптің 12 % - ке жуығын мүйізді ірі қара мал жақсы жейтін болса, ал қой мен ешкі 30 % - ке жуығын өте жақсы жейді. Ірі азықтар мен шөптерді жақсы сіңіруіне байланысты 1 кг үстеме салмағына қоректік заттарды мүйізді ірі қара малдарға қарағанда аз пайдаланады. Май құйрықты және құйрықты тұқымды қойлар, құйымшақ омыртқаларына, оның бойына, әсіресе құйрығына май жинайтын ерекшелігі болады. Қойдың кейбір тұқымдары өзгермелі ауа райына, климатқа құрғақ қырдағы жайылымдарға (құйрықты қойлар) бейімделгіш келеді.
Азықтандыру - қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады. Биологиялық жағынан бағалы ета лу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып - күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан - жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 - 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай - ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 - 3% - ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық - дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 - 500 - ге дейін жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі - туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады.
Жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір жердің жайылымын үздіксіз пайдалана беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады.
Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан, әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4,4кг, екінші көктеудің шөбінен 3,9 кг, дала шөбінен 3,6 - 3,9 кг керек болса, көктесін ойпаң жерлер жайылымының шөбінен 4,2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6,2 кг керек болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның шөбінен 3,1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым.
Қойдың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі - шөп жайылымдарында өсетін ең аласа шөптерден бастап, ірі бұтақты сексуеілге дейін жеуге бейімделген. Бязы жүнді қойлар 48 - 55 % , құйрықты қойлар 42 - 50 % , ірі қара 33 - 35 %, жылқы 27 - 34 % қана жейді.
Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі, ТМД бойынша 170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Жусанның құрамында қоректік зат мол, эфир майы бар, өзі әсіресе қой мен ешкінің жақсы азығы.
Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық құнарлылығы - деп малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.
Ауыл шаруашылығы министрлерінің мәліметіне қарағанда осы азықтардан құралатын қойдың қысқы рационында 25 - 30 пайыз шамасында қорытылатын протеин жетіспейді. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда рационда 1 пайыз протеин жетіспесе, бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны 2 пайызға жоғарылайды. Ал мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнын қымбаттатып, мал шаруашылығының экономикасына нұсқан келтіретіні сөзсіз.

1.1. Қошқарлар туралы мәлімет
Қошқар - жыныстық қуаты жетілген еркек қой. 4 - 5 айлығында жетіледі. Осы кезден бастап ұрғашы тоқтылардан және саулықтардан бөлек, жеке бағылады. Олардың арасынан күйекке салуға жарамдылары іріктелініп, ерекше күтімге алынады да, 1,5 жасынан бастап саулықтарды ұрықтандыруға пайдаланылады. Асыл тұқымды Қошқардың тұқымдық сапасын анықтау 1 - 4 айлық немесе 1 жасар кезден бастап жүргізіледі. 1,5 - 3,5 жасар аралығындағы Қошқарды 80 - 100 саулыққа салуға болады. Ересек Қошқар күніне 2 - 3 рет ұрық береді. Саулықтарды қолдан ұрықтандыру кезінде (45 тәулікке жуық) бір қошқардың ұрығы 400 - 500 саулықты ұрықтандыруға жетеді. Тұқымдық Қошқар 7 - 8 жасқа дейін күйекке салынады. тұсақ-қошқар - 1,5-2 жас аралығындағы қошқар. Кестірілгеннен кейін "ісек" аталады.
1.2. Тұқымдық қошқар басының жылдық жем - шөп шығыны

Көрсеткіш
ТұқымыЖүнді - етті
Азық өлшемі
500 600
Алмасу энергиясы, МДж
6320 6670
Шикі протеин,кг
90 90
Қорытылатын протеин, кг
58 58
Ірі азық, кг
250 320
Оның кг
150 280
Пішендеме мен сүрлем,кг
400-600 500-650
Көк шөп, кг
1400 1200
Жем, кг
100 125
Рацион құрамы,%

Ірі азық,
16 20
Оның ішінде пішен
12 15
Пішендеме, сүрлем
21 23
Көк азық
44 37
Жем
19 20

1.3.Қозыны азықтандыру
Жаңа туған қозыны енесінің уызына тойдырады да, алғашқы екі аптада негізінен сүтпен азықтандырады, ал 3-4-ші аптадан бастап біртіндеп жемшөпке үйретеді: 4-айлығында 100 г жапырақты аралас пішен не бұршақ тұқымдастар пішені беріледі, 16-айлығында пішен мөлшері 350-400 грамға, жем 50 грамнан 350 грамға жеткізіледі, оның 50-75 грамы протеинді дәннен тұруға тиіс. Қозы денесінде тәулігіне 1,8-2,1 г кальций, 1-1,2 г фосфор сіңірілетінін ескеріп, оған күнделікті 5-10 г минералды (кальций-фосфорлы) қосынды береді.
Ене сүтіне жарымаған қозы мен жетім қалған қозыны Алматы зоотехни-калық малдәрігерлік институты ұсынған (М.Байтурин, Ж.Оразалин, 1977) құрама жеммен азықтандыруға болады.

Қой сүтінің орнына берілетін азық құрамы, кг

Азық
Қозының жасы:1 - 15 күн 16 - 45 күн
Майсыз құрғақ сүт
20 17
Саломас майы
4 3
Витаминделген балық майы
1 1
Бидай ұны
-- 3
Ас тұзы
0,2 0,2
Қайнаған су
74,8 75,8

1.4. Қошқарды азықтандыру және бордақылау
Қошқар өсіру бағытына, тірілей салмағына, жынысына, салмақ қосуына сәйкес азықтандырылады . Тұқымға қалдырылатын қошқар отарларына шөбі шүйгін жайылым бөлініп тәулігіне әр басқа 300-400 г есебінен жем беріледі.
Тұқымға қалдырылмайтын қошқарлар жедел жетілдіріліп бордақыланады да, 6-7 айлығында 40-45 кг салмақпен етке тапсырылады. Олардың азықтандыру нормасы қосылатын салмақ мөлшеріне сәйкестендіріледі.
Бордақылауға жасы жағынан шамалас, біркелкі дамыған еркек қозылар қойылады. Олар тәулігіне 180-200 г салмақ косып, 60 күн ішінде 40 кг тартуға тиіс. Әр қозыға күніне 0,5 кг сапалы бұршақ не бұршақ-астық тұқымдастар пішені, 0,1-0,2 кг шөп кесіндісі, 1 -2 кг пішендеме. 2-3 кг сүрлем, 300-400 г жем қоспасы, жегенінше минералды қосындылар берілді.
Қой бордақылау кешендерінде мал азығы өнеркәсіптік технологияға лайықтап әзірленеді. Оны үлестіру оңай. Ондағы қоректік заттар белгілі нормаға сәйкес келтірілуге тиіс. Осы мақсатпен түйіршікті азықтар қолдануға болады. Қазақ ғылыми-зерттеу технологиялық қой шаруашылығы институты (Қ.Медеубеков, Т. Сарбасов, т.б, 1981 ) қой бордақылау үшін мынадай азық қоспаларын ұсынады.
Түйіршіктелген азық қоспасымен бордақыланған қошқардық салмағы 25-40%, жүн түсімі 30-35% артады. Олардың желінуі мен қоректілігі құрамындағы сабан мөлшерімен реттеледі (тоқты рационында -- 30%, саулық рационында - буаздығының басында -60%, аяғында -- 40-50%). 6 айға дейінгі тоқты рационының құрғақ затында клетчатка -- 13%-тен, 7-15 айлығында 22-25%-тен, ересек қойдікінде 27%-тен аспауға тиіс. Түйіршіктелген азық түсімін арттыруға да мүмкіндік береді.
1.5. Тұқымдық қошқарды азықтандыру

Қой ұрықтандыру нәтижесі әдетте ұрық сапасына, ал оның сапасы қошқардың азықтандырылу деңгейіне байланысты. Демек, асыл тұқымды қошқар азықтандыруға жете көңіл бөлу ажет. Күйек алу кезеңі басталғанша қошқардың қоңдылығы орташа болуға тиіс. Күйек алуға 1,5-2 ай қалғанда және ұрық алу кезеңіңде олардың қоректену деңгейін едәуір жоғарылатып, рацион құнарлылығын арттырады 30-шы кесте.
Бұл норма қошқардан тәулігіне 3 мәрте ұрық алынғанда қолданылады. Басқа кезеңде ол 25-30% төмендетіледі. Қошқар басына күніне 2-5 кг аралас пішен, 1,5-2 кг шырынды азық, 0,7-0,9 кг жем беріледі. Жайылым оты жеткіліксіз болса, ірі және шырынды азықтар мөлшерін азайтып, құнарлы жем мөлшерін 1,5-2 есе арттырады. Рационға аминқышқылдарына, протеинге бай азықтар енгізеді (азықтық ашытқы, көк сүт, ет-сүйек ұны, тауық жұмыртқасы ж.б.).

Буаз және қозы емізіп жүрген саулыққа протеинге жалпы қажеттілігі 25-35 %-ын (басына 13-18 г), ал 6 айлық төлге -- 25-30 %-ын (басқа 13-18) жасанды азот-мочевинамен қамтамасыз етуге болады. Ол үшін малдың қантпен толық қамтамасыз етілуін қадағалау керек, рациондағы қанттың протеинге қатынасы 1:1, болмаса қойдың бір кг салмағына 2-4 г қанттың келгені дұрыс. Жасұнақтың мөлшері рациондағы құрғақ заттың 24-26 % -нан аспағаны жөн. Басқа мал түліктеріне қарағанда қойдың күкіртке қажеттілігі өте жоғары, себебі жүн талшықтарының құрамына кіретін ақуыз-креатиннің 2,5-5,5 %-ы күкірттен тұрады. Етті-жүнді қойға қарағанда жүнді қойдың күкіртке қажеттілігі жоғары. Қойдың қысқы рационының негізін сапалы пішен, сүрлем, пішендеме және дәнді азықтар құрады. Пішенді тәулігіне бір басқа 1-1,5 кг, сүрлемді 1,5-3 кг, жартысын пішендемемен алмастыруға болады, дәнді азықтарды 0,3-0,5 кг береді. Күкірт жетіспеген жағдайда 13-15 г натрий сульфатының тұзын қосады.
Қой шаруашылығы Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші саласы. Сондықтан қой басын азықтандыруды дұрыс азықтандырудың үлкен маңызы бар. Қой негізінен жайлым малы. Оның табиғи жайылымды жақсы пайдалануға бейімділік қасиеті өте жоғары.
Ас қорыту жүйесі бойынша ірі қара секілді көп қарынды күйісті малға жатқанымен, қойдың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар басқа малға қарағанда жайылым шөбінің көбірек түрін жейді және оларды толығырақ пайдаланады. Тұқымына қарай түрлі жайылымдарға бейі келеді. Мысалы, қазақ арқар мериносы тау жайылымдары, ққылшықты қой тұқымдар шөл және шөлейт жайылымдарды жақсы пайдаланады. Соның арқасында арзан қой етін өндіру үшін табиғи жайылымдарды мүмкіндігінше толық, тиімді пайдалану көзделеді.
Жайылым оты жетіспеген жағдайда қойға ірі, шырынды, құнарлы азықтармен толықтырады.Қой ұсақ, майда пішенді жақсы жейтінін, бірақ ірі қарамен салыстырғанда азық клетчаткасын нашар қорытатынын ескеру қажет. Қой азыққа онша талғампаз болмағанымен рацион азығы мол және әртүрлі болғанын қалайды.Жылдың мал жаюға жайсыз мезгілдерінде қосымша азықты үзбей беру керек. Әйтпесе, азықтандыру жағдайы төмендеген қой арықтап, тері, одан жүн талшықтары зардап шегеді.
Дер кезінде ұрықтанып,мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін саулықтарды дұрыс құнарлы азықтандыру қажет.
Саулықтардың азықтандыруын күйекке түсерден 1-1,5 ай бұрын күшейтеді. Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қошқарды тұқымына қарай азықтандыру»
Қаракөл қошқарларын азықтандыру
Мал қораларын желдету
А витаминінің қошқарлардың өніміне тигізетін әсері
Қошқарларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
‹‹Қаракөл шаруашылығындағы өнімдерді өндіру және оның технологиясы››
Сералы шаруашылығындағы қойлар
Қой шаруашылығының практикумы
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Қой - ешкіні азықтандыру
Пәндер