ҰСО ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесінде түйе сүтінің сапасын сараптау нәтижелері



Кіріспе
Негізгі бөлім
I.тарау. Арал өңірінде түйе малын бағу технологияларына жалпы сипаттама
1.1. Аудандағы түйе шаруашылықтарындағы мал саны және категориялары
1.2. Түйе малынан өндірілетін өнім түрлері және сапасына сипаттама
1.3. Арал ауданындағы шұбат және түйе етін қарқынды өндірудің көрсеткіштері, бағыты және перспективалары
II.тарау. Арал өңірінде түйе малын өсірудің шаруашылық . зоотехникалық негіздері.
2.1. Түйе өнімдерін өндірудің негізгі бағыттары
2.2. Інгендерден сүт сауу әдістері
2.3. Төл өсірудің мақсаты мен міндеттері
2.4. Төлдерді жасына және жынысына қарай күту және азықтандыру жұмыстары
III.тарау. Түйе малын азықтандыру және ұрықтандыру, күту ерекшеліктері
3.1. Түйе малын азықтандырудың ерекшеліктері
3.2. Ұрғашы түйелердің жыныстық ерекшеліктері
3.3. Інгендердің күйлеу физиологиясы, белгілері
3.4. Күйлеген інгендерді қайыту науқанын ұйымдастырып өткізу
3.5. Інгендерді боталату және жас төлдерді күту ерекшеліктері
Түйенің жүні өте сапалы болады. Оны жеңіл өнеркәсіп қой жүнімен араластырып және жеке түрінде мата тоқиды және тоқыма киімдер әзірлеп шығарады. Түйе жүні созылмалы және өте мықты келеді. Демек мата берік болуы үшін оны қой жүніне араластырып тоқиды. Түйе жүнінен бобрик, биалай және т.б. толып жатқан тоқыма киімдер әзірленеді. Түйе жүні тартылған көрпе, пальто тағы басқа сырма киімдер жылы әрі жеңіл болады. Сондықтан түйе жүнін альпенисттерге арнап тігілетін бітеу қапшық - көрпеге, шалбар мен желеткеге тартуға болады.
Түйенің шудасы өте берік болатындықтан оны өндірісте техникалық мақсатқа пайдаланады, яғни шуда машинаны тіркестіретін арқан конвейер лентасын және басқаларды әзірлеп шығаруға жұмсалады. Жеңіл өнеркәсіп шуданы жоғары бағалайды.
Стандарт бойынша түйе жүнін төрт түрлі классқа бөледі: биязы, қылшықты, шуда және жабағы.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
"ҰСО" ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Арал аудандық бөлімшесінде түйе сүтінің сапасын сараптау нәтижелері.
Кіріспе
Негізгі бөлім
I-тарау. Арал өңірінде түйе малын бағу технологияларына жалпы сипаттама
1.1. Аудандағы түйе шаруашылықтарындағы мал саны және категориялары
1.2. Түйе малынан өндірілетін өнім түрлері және сапасына сипаттама
1.3. Арал ауданындағы шұбат және түйе етін қарқынды өндірудің көрсеткіштері, бағыты және перспективалары
II-тарау. Арал өңірінде түйе малын өсірудің шаруашылық - зоотехникалық негіздері.
2.1. Түйе өнімдерін өндірудің негізгі бағыттары
2.2. Інгендерден сүт сауу әдістері
2.3. Төл өсірудің мақсаты мен міндеттері
2.4. Төлдерді жасына және жынысына қарай күту және азықтандыру жұмыстары
III-тарау. Түйе малын азықтандыру және ұрықтандыру, күту ерекшеліктері
3.1. Түйе малын азықтандырудың ерекшеліктері
3.2. Ұрғашы түйелердің жыныстық ерекшеліктері
3.3. Інгендердің күйлеу физиологиясы, белгілері
3.4. Күйлеген інгендерді қайыту науқанын ұйымдастырып өткізу
3.5. Інгендерді боталату және жас төлдерді күту ерекшеліктері

1.2.
Түйеден алынатын өнім
Түйенің жүні өте сапалы болады. Оны жеңіл өнеркәсіп қой жүнімен араластырып және жеке түрінде мата тоқиды және тоқыма киімдер әзірлеп шығарады. Түйе жүні созылмалы және өте мықты келеді. Демек мата берік болуы үшін оны қой жүніне араластырып тоқиды. Түйе жүнінен бобрик, биалай және т.б. толып жатқан тоқыма киімдер әзірленеді. Түйе жүні тартылған көрпе, пальто тағы басқа сырма киімдер жылы әрі жеңіл болады. Сондықтан түйе жүнін альпенисттерге арнап тігілетін бітеу қапшық - көрпеге, шалбар мен желеткеге тартуға болады.
Түйенің шудасы өте берік болатындықтан оны өндірісте техникалық мақсатқа пайдаланады, яғни шуда машинаны тіркестіретін арқан конвейер лентасын және басқаларды әзірлеп шығаруға жұмсалады. Жеңіл өнеркәсіп шуданы жоғары бағалайды.
Стандарт бойынша түйе жүнін төрт түрлі классқа бөледі: биязы, қылшықты, шуда және жабағы.
1. Биязы жүнге негізінен қылшығы аз ұяң жүн жатады. Бұған тайлақ пен құнажын інгеншелердің және сақа інгендердің қабырға, бүйір жүні жатады.
2. Қылшықты жүнге ұяң жүні аз, қылшығы көп жүн жатады. Мұнда қураған қылшықтар да болады.
3. Шуда ұзын, жуан және жіңішке қылдан тұрады. Шудада ұяң жүн өте аз.
4. Жабағыға тығыз, ұйысқан жүн жатады. Бұл жұмыс түйелерінің шом салып, жүк артқанда ұйысқан жүні.
Әрбір классқа жататын түйе жүнін шөп - шарға ластануына қарай екі жүйеге бөледі. Бірінші жүйеге жүннің жалпы салмағының 3 проценті мөлшерінде, ал екінші жүйеге 3 процентінен аса мөлшерінде өсімдік үгіндісі араласқан жүн жатады.
Түйені оңтүстік аудандарда апрель айында, ал ауа райы суық аудандарда май айында, күн әбден жылынған соң жүндейді. Түйе ол мезгілден анағұрлым ерте, март айынан бастап жүні көтеріліп түлейді. Түлеген кезде алдымен биязы жүн көтеріледі. Сондықтан оны күн сайын ұқыпты жинап алып отыру қажет. Түйе жүндеу өте ауыр және жауапты жұмыс. Таза жүнді ластамай, тиісті классқа бөліп, дұрыс қаптап, қабылдау пунктіне тапсыру үлкен ұқыптылықты керек етеді.
Түйе жүндеу үшін арнаулы үш қора болғаны жөн. Оның біріншісі бір келе түйе сиятын ашық қорған. Қалған шағын екі қораның төбесі жабық болады. Оның біріне 5 - 6 түйені кіргізіп жүндейді, екіншісіне жүн жинап, оны сортқа бөледі және қаптайды. Бұл қораларды сыпырып, тазартып отырады. Асау түйені тар қорада жан - жағынан қамалап, екі адам оның аяғын тірсектен жоғары арқанмен қарсыма - қарсы тез орап алып, тартады. Бұған түйе жығылмаса, онда үшінші адам бауыр жағын ала, арқаннан ұстап тұрып, иығымен итеріп қалса, түйе жығылады, сол сәтте оның аяқтарын байлап тастап жүндейді.
Жүні көтерілген түйені ерте кезде пышақпен күзейтін, "күзеу" деген ұғым сонан қалған. Осы күні түйені күземейді, көтерілген жүннің астын ала қой қырқатын қырықтықпен қырқады.

Түйенің сүт өнімі
Түйе сүтінің қоректік және ауруға шипалық қасиеттерін көптеген халықтар ерте заманнан бері жақсы біледі және оны кең түрде пайдаланып та келеді. Жергілікті халық түйе сүтінен ірімшік, құрт қайнатады, май алады.
Інгеннің сауылу мерзімі 16 - 18 айға дейін созылады. Сондықтан түйе сүтін жыл бойына үздіксіз өндіруге болады. Бұл үшін сауын інгендерді азықпен толық қамтамасыз ету жағын ойластырған жөн.
Түйе сүтін өндіруге маманданған түйе савхоздары мен түйе фермалары інгендерді жыл бойына, ал түйесі бар басқа шаруашылықтар жазғы маусымда - май айынан октябрь айына дейін сауады.
Інгендердің сүттілігі. Бірқалыпты азықтандырылып, күтіп, бағылған інгендердің сүттілігі және сүтінің құрамы көбінесе олардың тұқымына, ұрпағына, сауу мерзімінің ұзақтығына және сауу маусымына байланысты. Тұқымы таза аруана және әр ұрпаққа жататын нар мая, жөң, күрт және қоспақ қос өркеш інгеннен сүтті келеді.
Түйе сүті өте қою және майлы келеді. Оны төмендегі мәліметтерден көруге болады.
Ал, Б.Х.Садыков пен С.М.Перегудовтың мәліметтері бойынша аруана сүтінің майлылығы - 4,6, қос өркеш інгендердің сүтінің майлылығы - 6,3 процент болған. Түйе сүті жуықта іри қоймайды, сондықтан оны шикі күйінде, сиыр сүтіне қарағанда, ұзақ сақтауға және қашық жерлерге тасымалдауға мүмкіндік бар.

Ет өнімділігі
Қазақстанның шөл және шөлейт өңірінде ет өндіруің үлкен резервінің бірі түйе шаруашылығы болып саналады. Бұған егіншілікке және малдың түйеден басқа түлігінің жайылуына жарамайтын жайылымның көптігі, жергілікті жем шөп пен ауа райы жағдайына жақсы көндіккен түйелердің болуы және жергілікті халықтың түйені жыл бойы жайылымда бағып өсіру жөніндегі тарихи тәжірибесі мен дағдысы мүмкіндік береді.
Аса және орташа семіз түйе етінің химиялық құрамы және оның калориялылығы ірі қара етінен ешбір кем түспейді. Оның құрамында 17 - 22 пайыз белок, 12 пайыз және одан да көп қоректік май бар.
Түйе етінің бөтендей иісі болмайды. Бураның етіне қарағанда сақа түйелер, атан мен құнанша, дөненшелердің еті әрі дәмді, әрі нәрлі келеді. Түйе еті құс еті секілді адам организмінде тез қорытылады.
Еттің құнарлылық қасиеті оның құрамында түгелдей қажетті белоктардың ( глобулин, альбумин, миозин, және т.б.) болуына байланысты. Еттің қорытылуы өте жоғары - 95 пайыз.
Әр тұқым түйелері етінің өнімділігі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен есептелінеді. Мұндай ерекшеліктері малдың өсіп - жетілу кезеңінде тұқым қуалау, азықтандыру және бағу жағдайына байланысты болып қалыптасады және одан ары дамиды. Ет өнімділігі малдың ұшасының сандық және сапалық көрсеткіштерімен сипатталады. Ал, енді ет өнімділігінің сандық көрсеткіштері дегеніміз тірілей және сояр алдындағы салмағы, сойыс шығымдылығы болып табылады. Сапалық көрсеткіштеріне ұшаның бөлшектенген құрамы және бұлшық ет, май, сүйек, сондай - ақ дәнекерлік тканьдерінің ара - қатынасы, сонымен қатар еттің химиялық құрамы мен калориялылығы жатады. Малдың ет өнімділігін бағалаған кезде оның 1 килограмм салмағына жұмсалған жемшөпті және өсімталдық, не болмаса жас төлдердің тез өскіштігін анықтаудың өте орасан зор маңызы бар.
Етті неғұрлым көп алу және оның аса сапалы болуы үшін түйе сою мерзімін анықтау мақсатында оның өсімталдылығы ескеріледі.
Еттің сандық көрсеткіштері малдың азықтандырылуына және бағып - күтуіне байланысты. Сапалық көрсеткіштеріне осы жағдайлармен қатар, малдың тұқымдық ерекшеліктері, жынысы және жасы айтарлықтай әсерін тигізеді.
Түйе сойылғанда, одан ет пен майдан басқа қосымша тағамдық өнімдер, техникалық және ішкі органдарының шикізаты алынады. Ішкі орган тағамдары олардың құнарлылық қасиеттеріне байланысты екі категорияға бөлінеді. Құнарлылығы жоғарылау тағамдық өнімдер 1 - ші категорияға (бауыр, бүйрек, тіл, жүрек, желін және т.б.), ал 2 - ші категорияға - құндылығы нашарлау қарын, өкпе, көк бауыр және басқалар жатқызылады. Техникалық шикізаттары ( тері, қан, жүн, сүйектері) жеңіл өнеркәсіпте кеңінен пайдаланса, ішкі секреция бездері (қарын асты, қалқанша бездері, гипофиз және басқалары) - емдік мақсатта пайдаланылады. Қан мен сүйектері - қан және ет - сүйек ұны, желін және сүйектен әсемдеп әр түрлі сувинерлер жасауға пайдаланылады.

2.2.
Інген сауу
Інген желінінің өзгешелігіне, ботаны емізіп өсіруге және сүттің емшекте тез жиналмауына байланысты оны сауудың бірқатар ерекшеліктері бар.
Інгенді идіру - өте күрделі процесс. Оған малдың нерв жүйесі, ішкі бездерінің секрециясы үлкен әсер етеді.
Інгендерді сауғанда әдетте тез иіп, сүтті мол беруіне бота себепші болады. Інгендерді сауған кезде атқарылатын жұмыс тізбектері де бір қалыпты жүргізілуі тиіс. Атап айтқанда інгендерді сауу алаңына айдап келу, сауыншының інгенге жақындауы, сауу агрегатының дүрілі, тағы басқа жұмыстар. Мұның бәрі інгеннің сүтті иіп беруіне оң әсер етеді.
Осылардың бәрінен де інгенді идіруің ең тиімді әдісі ботасын салу болып табылады. Інгендердің аналық (инстингі) мейірімі өте жақсы дамыған және бота енесін емгенде оның ауыз қуысында дүркін - дүркін вакуум пайда болады да желін және емшектегі жүйке жүйелері (рецепторлар) тітіркендіріліп, сүт бөлу процесі басталады.
Қолмен сауу. Ботасын салып, інгенді қолмен сауу ежелден қалыптасқан ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған әдіс. Түйенің желіні жерден 104 - 110 см биіктікте орналасқандықтан сауыншы оны түрегеп тұрып сауады. Сауар алдында түйеші сауын інгендерін сауылатын орынға айдап әкеліп, ашық қораға қамайды, содан кейін әр сауылатын інгенді идіру үшін өз боталарын енесіне жамыратады, 30 - 40 секунд емгеннен кейін ботасын ажыратып, боталар тұратын аулаға қамайды немесе сауын біткенше енесінің жанында ұстап тұрады. Енесі исінгеннен кейін сауыншы бір аяғын бүгіп, сол бүгіжен тізесіне шелекті қойып, ал тұтқасын білегіне іліп алып екі қолымен төрт емшекті сауып шығады.
Інген сауудың әр түрлі тәсілі бар: бір сауыншы бір інгенді, немесе екі сауыншы бір інгенді екі жағынан тұрып сауу. Емшекті бас бармақ, және сұқ саусақпен қысу немесе саусақтарды бір жұмып, бір ашып, емшектерді не жоғары, не төмен қысу арқылы саууға болады. Тәжірибелерге қарағанда бір інгенді қолмен сауу үшін орта есеппен 5 - 6 минут уақыт жұмсалады. Әрбір сауыншы күніне 15 - 20 інгенді жазда 3 - 4 рет, қыста 1 - 2 реттен сауады.

Машинамен сауу технологиясы
Аппараттар. Жоғарыда айтылғандай інгендер көп жағдайда ботасы емгенде ғана сүт бөле бастайды. Сол себептен де сауу аппараты інгеннің желіні мен емшек құрылысына сәйкес келуі, сүттің көр бөлінуіне жағдай жасауы тиіс.
Інген сауатын арнайы сауу аппараты әлі жасалған жоқ. Оларды сауу үшін сериялап шығарылған сиыр саууға арналған ДД - 100, ДАС - 2Б аппараттарын пайдалануға болады. Бұл аппараттармен інген саууүшін сүт, ауа шланглерін және сауу стакандарын, яғни сүт бөлінуге тікелей әсер ететін тораптарды сәл өзгертіп падаланады.
Сауу стакандарын 50 мм - дей қысқартады. Сонда оның салмағы кеміп, емшек резеңкесі сығу тактісі кезінде емшекті жақсы сылайды, яғни массаждайды.
Сауу аппаратының коллекторын да жеңілдету қажет, өйткені оның салмағы сауу стаканының салмағына, емшек резеңкесінің алдыңғы бөлігінің формасына және пульсатор тактісінің ара қатынасына тығыз байланысты. Вакуум күші мен салмақ теңгерілге жағдайда сауу стакандары емшекте жақсы ұсталады. Стакандар тым ауыр болса, жиі түсе береді.
Сериялап шығарылатын аппараттарда сүт пен ауа шлангілері қысқа. Өйткені олар сиыр саууға арналған. Інгеннің желіні жерден 100 - 110 см биіктікте орналасқан, емшек аралықтары алшақ, сондықтан вакуум және сүт шлангілерін үш есе ұзарту қажет. Мұның өзі сауу стакандарын кигізуді және аппараттпен жұмыс істеуді ыңғайлы етеді.
Сауу аппараты қолайлы жұмыс істеуі үшін мынадай параметрде болуы шарт: жүйедегі вакуум - 0,6 мм сынап бағанасы, пульсация саны - минутына 50 - 60, такт ара қатынасы 65 - 35 пайыз.
Інгенді машинамен саууды ойдағыдай енгізу үшін тұрақты жұмыс істейтін фермаларды электр энергиясымен, ал маусымдық фермаларды тоқтаусыз жұмыс істейтін іштен жанатын двигательдермен (ЗИД - 4,5 т.б.) қамтамасыз ету қажет.
Фермада жұмыс істейтін адамдар сауу қондырғысы мен аппараттардың құрылысын, машинамен сауу технологиясын жетік меңгеруі, байқалған ақауларды түзете білуі тиіс. Сонымен қоса оларға дер кезінде техникалық күтім жасалуы, қосалқы бөлшектердің, жуу құралдарының ыстық және салқын судың жеткілікті қоры болуы қажет.

Сауу станогының, сауу алаңының және інгенді машинамен сауатын орынның құрылымы.
Қазіргі кезде келедегі інгендер жұмысқа пайдаланылмайды, сондықтан олар сауынға үйретілмейді. Машинамен сауу технологиясын енгізер алдында оларды әуелі станок пен сауын алаңына, жаңа күтіп - бағу режиміне және сауығуға үйрету қажет. Ол үшін арнайы сауын станоктары керек.
Інген саууға арналған станоктың құрылысы басқа мал түлігін саууға арналған станоктардыг өзгеше. Себебі, олар тек қана сауу үшін ғана емес, сауынға үцрету үшін де қолданылады, сондықтан оларды мықты, әрі сауыншылар үшін қауіпсіз етіп жасайды.
Осыған орай біз сауу станогының мынадай құрылысы мен қолайлы өлшемін жасадық: Станоктың биіктігі - 220 см, жалпы ұзындық - 200 см, станоктың түйені бекітетін бөлігінің ұзындығы - 165 см, ені - 90 см, сауу алаңын қоршау шарбағының биіктігі - 85 см. Станоктың сол жақ қабырғасына қоршау шарбағының екеуін орнатады, оның төменгісі інгеннің тебуінен, ал екіншісі (жоғарғысы) тістеуінен қорғайды. Жоғарғы шарбақты төменгісінен 50 см биіктікте орнатады. Оң жақ қабырғасына төменгі шарбақты 70 - 75 см биіктікте, бота енесін емін - еркін келіп еметіндей етіп орнатады. Інгенді станокқа екі көлденең сырықпен бекітеді, оның алдыңғысы кеуде, ал артқысы - сирақ тұсына келтіріледі.
Сауу алаңына қатар - қатар етіп 5 - 10 станок қойылады. Станок саны сауылатын інген санына байланысты болады. Сауылатын інгендер неғұрлым көп болса, алаң да соғұрлым сыйымды болуы тиіс. Мұның өзі інгендерді станокқа кіргізуге, сондай - ақ оны орнықты етіп қондыруға кететін уақытты едәуір азайтады.
Інгенді машинамен сауатын орын - қабылдау базынан, бота қамайтын қорадан, сауу алаңынан және сауыншы мен оның көмекшісінің жұмыс алаңынан тұрады. Ботаны енесінен бөлек ұстаудағы мақсат - інгенде сауар алдында ботасын емізіп идіріп алады. Сондықтан да сауу кезінде ботаны інгенге жіберуге ыңғайлы болатындай етіп орналастырады. Баз әр інгенге шаққанда 8, ботаға 3 шаршы метрден келетіндей етіп жасалады. Сауу алаңы мен станоктарды ағаштан немесе металл трубадан салуға болады.

2.3.
Жас ботаның ерекшеліктері. Басқа түліктердің төлдеріне (құлын, бұзау, қозы) қарағанда жаңа туған жас бота өте нәзік келеді, ауа райының жағдайы бұзылған кезде суық тез тиіпауырады және басқа да әр түрлі ауруға көбірек шалдығады. Ол аяқтануға талпынып, бір тұрып, бір жығылады. Сондықтан ботаның төсеніші қалың болуы тиіс және маңында ұшы сүйір зат, аспап болмауы керек. Қос өркеш боталардың туғандағы орташа салмағы 35 - 45 кг тартады. Ал ең кішкентайы 25 кг, ең ірісі 60 кг тартады. Ботаның туғандағы салмағы енесі салмағының 5 - 7 пайызына тең болуы тиіс. Інген егіз бота тумайды деген пікір жұртшылық арасында айтылып және түйе шаруашылығы жөніндегі әдебиетте де жазылып келген еді. Шынында, інгендердің егіз туатыны да болады. 125 - түйе заводында Искакова Сараның бригадасында бір будан інген егіз туған болатын, бірақ оның екеуі де өліп қалды. Бұл жерде әңгіме түйе санын егіздің есебінен көбейту жөнінде болып отырған жоқ, оның керісінше, әрбір інгеннен тиісті мерзім ішінде бота алып, оны аман өсіру жөнінде болып отыр.
Жас ботаның тіршілік қасиеті күшті, ширақ тууына інгендер мен бураларды шағылыс науқанына жақсы әзірлеп, семіртіп әкелу белгілі дәрежеде әсер етеді. Буралар мен інгендер күйлі болса, олардың жыныстық сапасы да жақсарады, боталары берік, ширақ және әр түрлі жағдайға төзімді келеді.
Түйе өте баяу өсетін түлік. Сондықтан бірде - бір інген қысыр қалдырылмауы, туған бота түгел аман сақталуы керек. Қазақтың мал төлден өседі деген мақалы бұған айқын дәлел. Сондықтан қайып кеткен інгендерді іш тастаудан аман сақтау, алынған ботаны жақсы күтіп, түгел өсіру түйе санын көбейтудің басты шарттары болып саналады.
2.4.
Ботаның жатырда өсуі. Қос өркеш інген ботаны орта есеппен 13,5 ай, ал аруана 12,8 ай көтереді. Аруананың бота көтеру мерзімі қос өркеш інгеннен кем болуы, оның ботасы іште жақсы, әрі тез өсуіне және жетілуіне байланысты. Ботаның құрсақта жақсы өсуіне бәрінен бұрын енесінің күйі, оның қоректілігі күшті азықпен толық қамтамасыз етілуі үлкен әсер етеді. Інгеннің күйі ортадан жоғары болса, оның ботасы да құрсағында жақсы өседі. Інген арық және көп мінілген болса, оның ботасы да нәзік болады. Аса семіз інгеннің де ботасы кішкене келеді. Ондай ботаны шаруалар "май жеген" дейді. Ол рас. Ботаның құрсақта жатып жақсы өсуіне енесінің майы кедергі жасайды.
Буаз інгенді жұмысқа пайдаланбаған жөн. Ал оларды жұмысқа пайдаланатын шаруашылықтар буаздығы алты айға толғаннан кейін ауыр жұмыстан, боталауына 2 ай қалғанда және боталағаннан кейін 1 ай бойына жұмыстан мүлде босатылулары керек.
Інгендердің боталау тәртібі. Түйесі көп шаруашылықтар буаз інгендерді жеке өз алдына, ал түйесі аз шаруашылықтар сауылатын інгендермен бірге бағылады. Мұндай жағдайда буаз інгендерді боталауына 2 ай қалғанда жеке қорада күтіп, бағу керек. Таңертең жайылымға шығарада інгендерді бақылап, туатын мезгілі жақындағандарын қораға алып қалады. Боталайтын уақыты жақындаған інгеннің бөксесі төмен түскен тәрізденеді, желіні толысып, сүті ағарады. Інген боталар алдында бошалап, желге қарсы немесе өзі бұрын мекен еткен жаққа кетіп қалуы, далада боталап, ботасы жазым болуы мүмкін. Сондықтан боталайтын күні жақындаған інгендерге бақташының мейлінше сақ болуы талап етіледі. Боталайтын інген толғағы піскен сайын дамыл таппай, бір жатып, бір тұрады. Сол кезде басы шығып келе жатқан ботаны інген қабырғаға немесе жерге жаншып өлтіріп тастауы мүмкін. Сондықтан бақылауды күшейткен жөн. Туатын ботаның кеудесінің шығуы қиын болады. Басф мен алдыңғы аяқтары шыққан кезде,інген ышқынған сайын ботаның екі аяғынан ұстап, інгеннің бауырына қарай жайлап соза тартып, көмектесуге болады. Ботаның басынан ұстауға болмайды. Інген ботасын жалап құрғатпайды. Сондытан жаңа туған ботаның үстін есілген сабанмен сүртіп құрғатады, аузын, тұмсығын және құлақтарын шаранадан тазартады. Ботаның кіндігін түбінен кеседі.
Ботаны күту. Бота 1 - 1,5 сағаттан кейін аяқтанып, енесінің емшегін іздей бастайды. Ол енесінің емшегін өздігінен тауып еме алмайды. Оны сүйемелеп емізеді. Ал емізбес бұрын інгеннің емшектеріне жиналған алғашқы (қара) уызды сауып алу керек. Жас ботаны алғашқы күні уызға еркін тойғызған жөн. Өйткені, уыздың құрамында биологиялық жағынан өте сапалы, әр түрлі белоктар, минерал заттар, витаминдер және май көп болады. Сондықтан уызға тойған бота тоңғақтайды да, жақсы өседі, ауруға шалдықпайды. Жас ботаны 2 - 3 күн енесімен бірге қалдырады. Себебі туғаннан кейін ботасын бірлен алып кетіп, басқа жерге ұстағанда кейбір інгендер, әсіресе, тұмса інгендер ботасынан жеріп кетуі мүмкін. Енесіне әбден бауыр басқаннан кейін бота жалпы бота қораға шығарылады. Бұл қора кең, жарық, төсеніші қалың болуы керек. Бота қора бірнеше бөлмеге бөлінеді, оның әр біреуінде есейе қоймаған 5 бота немесе ересек 10 бота тұрады. Қораның көлемі әрбір ботаға 2 - 3 шаршы метрден келетін болуы қажет. Бота қораға ұшы сүйір, қырлы заттарды қоюға болмайды. Қыста боталарды от жағылмайтын салқын қорада өсіруге болады. Оңтүстік Қазақстанның жағдайында бұл әдіс (125 - түйе заводында) жақсы нәтиже берді, боталар ширақ, әрі шығынсыз өсірілді.
Бота қорады тазалық сақтаудың маңызы зор. Оның есігі алдында аяқ киімді дезинфекциялауға арналып, креолин немесе лизол ерітіндісі сіңірілген ағаш үгіндісі салынған жәшік, қол жуғыш, сабын және ориъмал болуы тиіс. Ашық, жылы күндерде боталарды далаға шығарып, бойын жаздыру, серуендету керек. Боталар тәулік бойына әрбір 3 - 4 сағат сайын емізіледі. Ол үшін бота қорамен қатар арнаулы қора болады. Бұл қораға ең алдымен інгендер енгізіледі де, әрбір жас бота өз енесіне табыстырылады. Екінші кезекте ересек боталар емізіледі. Сүтті інгендердің сүтін ботасы тауыса алмаса, оны сауады, әйтпесе ондай інгендер желіні ісіп, ауруға шалдығады.
Бота туғаннан кейін үш апта толғанда оттыға бастайды. Бота қораға жақсы жоңышқа пішенін іліп, астауға аз - тұзын салып қою керек. Ал минерал заттар жеткіліксіз болған жағдайда, боталар бірінің жүнін бірі жалмап жейді. Ішке кеткен жүн шиыршықталып, ботаның ішегін бітеп тастайды, соның салдарынан оның өліп қалуы да мүмкін.
Ботаның ене құрсағында және туғаннан кейінгі өсу барысы басқа түліктердің төлінің өсу барысы сияқты. Құрсақта оның сирақ сүйектері өте жедел өсетін болса, туғаннан кейін дене сүйектері тым тез өседі. Егерде буаз інген жеткілікті азықтандырылмаған болса, ботаның сирақтары жақсы өспейді де, туғанда сирақтары қысқа болады. Ал бота іште жақсы өсіп, туғаннан кейін азықтануы жеткіліксіз болса, оның дене сүйектері дұрыс жетіле алмай, үлкейген кезде жалпы кейпі ботаға ұқсап қаалады. Тиісті өсу дәуірі барысында өсіп, жетілу заңдылығының талаптары дұрыс сақталмағандықтан орын алған кемістікті кейін азықтандыру жағдайын жақсарту арқылы толықтыру қиын, яғни бұл мүмкін емес. Сондықтан буаз інгенді және ботаны жақсы азықтандыру тұқымдық сапасы жақсы, өнімі мол, ірі және күшті түйе өсіріп шығаруға жағдай туғызады. Ботаның жақсы жетіліп, өсуі көбінесе сүтке кенеле тойынуына байланысты. Асыл тұқымды фермаларда ботаның жақсы өсуі үшін інгендер сауылмайды. бота енесімен бірге жүреді.
Түйе сүтін өндіретін савхоздарда інгендер жыл бойына, ал товарлы фермаларда май айынан октябрь айына дейін сауылып келеді. Май - сентябрь айларында інгендер күніне 3 - 4 рет, ал суық түссе 2 реттен сауылады.
Түйе сауатын жерлерде боталарды жеке қораға қамайды. Сауатын кезде бір - бірлеп шығарып, енесінің бір жақ екі емшегін емізеді. Ботаны байлап қойып, енесін қақтап сауу, сөз жоқ, ботаның бұла болып өсуіне кедергі келтіреді, мұны ұмытуға болмайды.
Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы А.Г.Бестужев енесінің сүтін және сұлы ұнының қоректік заттарын ботаның бойына сіңіру мөлшерін зерттеген. Соның нәтижесінде 20 - 30 күндік жас бота енесінің сүтін бойына толық сіңіретіні, ал 60 - 70 күндігінде сұлы ұны органикалық заттарының 88,62 пайызын, 180 - 190 күндігінде пішен мен сұлының 69,71 пайызын сіңіретіні анықталған. УССР ғылым академиясының академигі Н.Д.Пшеничныйдың зерттеулеріне қарағанда, бұзау алты айлығында пішен, сұлы және кебек қосылған рациондағы органикалық заттардың 61,2 пайызын бойына сіңірген. Демек бұл жемнің қоректік заттарын бота бұзаумен салыстырғанда бойына артық сіңіретінін көреміз. Сондықтан інгендерді сауған кезде боталарға қосымша жем беру керек.
Бота, тайлақ, құнаншалардың өсу қарқыны азықтандыру, күту жағдайына байланысты екенін 125 - түйе заводының тәжірибесі көрсетіп берген болатын. Бұл заводта інгендер мінілмей, сауылмай, жыл бойы жайылымда бағылды. Боталар 18 айлығында енелерін еміп жүрді. Мұндай жағдайда бота, тайлақ, құнанша жақсы өседі.
Сақа, яғни 10,5 жастағы қос өркеш інгендермен салыстырғанда 1,5 жастағы тайлақтың биіктігі 89,4, кеудесінің орамы 81,9, жіліншігінің орамы 85,1 пайыз, ал осы өлшемдер 2,5 жастағы құнаншада тиісінше 93,9; 89,05 және 88,4 пайыз болды. 3,5 жаста оның биіктігі сақа түйеден асып түсті. Екі жас алты айға, екі жас тоғыз айға толғанда құнаншалардың салмағы сақа түйенің салмағымен салыстырғанда оның 90 - 93 пайызына тең түсті. Бұл мәліметтер түйе 2,5 жасқа дейін - ақ жедел өсіп, шаруашылық жұмысқа пайдалануға жарамды болып шығатынын көрсетеді.
Асыл тұқымды түйе өсіретін шаруашылықтарда ботаны туған жылы қысында күтіп бағуға ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені қыста енесінің сүті азаяды, сондықтан жүдемей, жақсы өсуі үшін әр ботаға күніне 6 - 7 кг жақсы пішен және 2 - 2,5 кг жем берілгені жөн. Жыл сайын боталайтын інгендер ботасын 7 ай емізгеннен кейін суалып кетеді. Олардың боталарын басқа інгендерге жағызып, жем беріп, жақсы күтімге алу қажет екенін атап көрсеткен жөн.
Тайлақтарды күту. Екі жылда бір дүркін боталайтын інгендердің тайлақтарын енесінен 18 айлығында ажыратады да, бір тәулік бойына азық бермей, қораға қамап қояды. Ал ашыққан тайлақты айдау, жайылымға шығару қиынға соқпайды. Ұрғашы тайлақтарды бір бөлек, еркек тайлақтарды бір бөлек өз алдына шығарады. Егер тайлақ саны аз болған жағдайда, оларды бойдақ түйеге қосуға болады. Қыста бұл тайлақтардың әрқайсысына күн сайын 8 - 10 кг пішен, ал жайылымда баққанда 6 - 7 кг пішен беріп, оларды түнде қораға қамап, күндіз аулаға шығару қажет. Астаудан тұз үзілмеуі тиіс. Минерал заттарға мұқтаж болған тайлақтар бірінің жүнін бірі жұлып жейді. Мұны да ескермей болмайды. Бура қойылмайтын құнаншаларды жазғытұрым, салқын кезде піштіріп жібереді.

3.1.
Түйені азықтандырудың өзгешеліктері
Түйе жайылым малы. Оның негізгі азығы жайылым өсімдіктері. Ол күндіз жайылып, түнде күйіс қайырады. Түйенің бұл биологиялық қасиетін, оны жұмысқа пайдаланғанда азықпен қамтамасыз ету үшін еске алу керек. Түйе жайылымда жақсы семіреді, өркештеріне май жинайды, ал ашыққан кезде немесе жол жүргенде өз майын өзі қорек етеді. Түйенің бұл қасиетін ерте заманда кіре тартушылар жақсы пайдаланған. Олар түйені жазғы жайылымда әбден семіртіп, кіре тартар алдында жаратып алады екен. Демек жараған, семіз түйе жуықта арықтамайды, азықты да көп керек етпейді.
Қазірде де түйе жыл бойына әр түрлі ауыл шаруашылық жұмыстарына және жүк тартуға пайдаланылады. Сондықтан түйені қаншалық ауыр жүк тарта алатынына, сүттілігіне және жасына қарай дұрыс азықтандыру маңызды мәселелердің бірі.
Күйі жақсы түйе ғана сыртқы жағдайдың қатал әсеріне ойдағыдай төтеп береді. Түйені арықтатпай, үнемі жақсы қоңдылықта ұстау түйешіге қойылатын басты талап. Жұмыс түйесін азықтандырғанда, оның жұмсаған қуатын жеген азығы толық қалпына келтіруі қажет.
Түйенің азықтары. Басқа түлікке қарағанда түйе жоңышқа, әр түрлі жусан, изен, жантақ, күйреуік, кеурек, тағы басқа протеин, минерал заттары көп өсімдіктерді жақсы жейді. Жыл бойы түйені жайылым өсімдіктерімен қамтамасыз ету үшін, олқай маусымда қандай өсімдікті жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазгидромет» кәсіпорны және кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы
Персонал мотивациясының басқару әдістері
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Дәлелді медицина туралы ұғым
Ауылшаруашылығындағы мал жануарлардың ағзасында ластағыштардың (пхб және ддт) таралу мониторингі
Ақтөбе облысының экологиялық өзекті мәселелері
Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы Арыс көлі
Алматы облысындағы түйе сүтiнiң физико-химиялық қасиеттерi
Түйе сүтінің поллютанттары
Пәндер