Тауықтарды және балапандарды азықтандыру және күту ерекшеліктері


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Тауықтарды және балапандарды азықтандыру және күту ерекшеліктері.

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

а) Кешен және оның құрылымы

ә) Кешеннің микроклиматы

б) Кешеннің экологиялық жағдайы

в) Тауықтар гигиенасы

г) Тауықтарды азықтандыру мөлшері

ғ) Құс балапандарын өсіру және күту ерекшеліктері

ж) Құс балапандарын азықтандыру

з) Балапандардың жынысын және жасын анықтау

Қорытынды

Кіріспе

Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық

тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.

Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, құс фабрикаларының әр шаршы метр жерінен өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Осыған байланысты негізгі мақсат және міндет құсты дұрыс және тиімді пайдалануға бағытталған қоршаған ортаның экологиялық нормативтерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін, азықтандыру мөлшерін түгел қамтитын экологияландырылған технологиялық процестің адамға қажет таза өнімдер (жұмыртқа, ет, мамық) алуға арналған тақырыптың өзектілігі арта түседі. Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымын мынандай мәселелерді шешу қажет: құс фабрикалары мен фермаларын мамандыру, озық технологияны пайдалану, құсты инфекциялық аурулардан қорғау, құсқаналар мен қоршаған ортаның экологиясын сақтау. Құс шаруашылығында бройлер етін өндіру, гибрид құстарды өндірістік технология жағдайында толықтай азықтандыру негізінде орындалады. Үлкен экономикалық жетістікке ірі шаруашылықтар, құс фабрикалары жетеді. Бройлерлерді еденде, торша клеткада өсіргенде шығындалған азықтық өлшемінің 1 кг-на 2, 4-2, 6 кг өнім беретін, балапан-дардың 7-8 апталық мерзімінде 1, 6-1, 7 кг салмақ тартатын технологиясын жасау. Бройлерді өнеркәсіптік өндіру, балапандарды еденде немесе клеткада жыл бойынша қарқынды жүйемен өсіруге бағытталған технологияны ендіруге негізделген. Бройлерді қалың төсеніште өсірген кезде отырғызу тығыздығын арттыра түсу тенденциясы қолдануда. Бұл бройлердің 49 күндік мерзімде сойылуына байланысты болып отыр. Отырғызу тығыздығын арттыру қораның алаңын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Клеткада өсірілген балапандардың тәуліктік салмақ қосуы еденде өсірілген балапандарға қарағанда 9-13 пайызға артық, ал өсіру мерзімі 10-14 күнге қысқарады, азық мөлшері 20 пайызға кем жұмсалады. Ал өзіндік құны - 13-18 пайызға қысқарып, сонымен қатар бір шаршы метр алаңға 1, 5-2 есе құсты артық орналастыруға болады.

Өндірістік шаруашылықтарда аналық түрлерді жыл сайын жаңартып отыру керек. Себебі әр түрге жататын аналық тауықтарды будандастыру арқылы жаңа балапандарын, одан әрі жақсы қасиеттермен қамту болып табылады.

Міне, осы айтылған көптеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жітілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін арттыра түседі.

Кешен және оның құрылымы

Құс шаруашылығында қора-жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар.

Құсты өсіру және бағып-күті үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.

Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп-тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып-күтетін цех, жаз айларында бағып-күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа-райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.

Құс қораларының жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.

Балапан өсірілетін құс қоралардың типі климат жағдайына, жергілікті құрылыс материлардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.

Құстың серуендеуі үшін құс қораның ұзына бойына күн шуақ немесе қоршаулы алаң жасалады. Кішігірім шаруашылықтарда еденде бағып күтілетін тауықтар үшін күн шуақтың алаңы құс қора еденінің 50-100 пайызына дейін болады. Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45-60 күн болған балапандарға күн шуақ немесе серуен алаңы 0, 5 м 2 есебімен жасалады, ал туғанына 25 күн болған балапандарына 0, 2 м 2 есебімен, ересек тауықтарға 2 м 2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жаппа жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнауы қалдықтарды пайдаланады. Тауықтарға арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалады, оның биіктігі 1, 6-2, 2 м болады олардың балапандары үшін 0, 8-1 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.

Құс фермалары салынатын жерлерді таңдап алудың зор маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге, елді мекенге, жол бойына, тазалық жағынан қолайсыз жерлерге (қоқыс төгілетін жерге, мал қораларына, изоляторларға және басқаларға) алысырақ орналасуына - құстың тазалығы, күтімі құс шаруашылығының өркендеуі тікелей байланысты болады.

Инкубатордың ұзына бойы, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады, балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қаратылады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып-күтуге қабылданған жерге байланысты, шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай, сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.

Кешеннің микроклиматы

Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық құралдар арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап, сапасы кемиді (1-кесте) .

Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің құс өнімділігі мен сапасына әсері

№1 кесте

Бағу әдістері
Ауа темпера-турасы, 0 С
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз
Зиянды газ-дардың ауа-да болуы, мг/м 3
1 басқа шаққан-дағы жұмыртқа беруі
Өлім-жітім, пайыз
Жұмырт-қа сынығы, пайыз
NH 3
шаң
Бағу әдістері: Қалың төсеніште
Ауа темпера-турасы,0С: 16
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз: 72
Зиянды газ-дардың ауа-да болуы, мг/м3: 35
1 басқа шаққан-дағы жұмыртқа беруі: 8
Өлім-жітім, пайыз: 240
Жұмырт-қа сынығы, пайыз: 14
8
Бағу әдістері: Бір ярусты бата-реяларда (АПЛ)
Ауа темпера-турасы,0С: 17
Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз: 70
Зиянды газ-дардың ауа-да болуы, мг/м3: 8
1 басқа шаққан-дағы жұмыртқа беруі: 4
Өлім-жітім, пайыз: 260
Жұмырт-қа сынығы, пайыз: 6
2, 2

Құс қораларында қолайлы климат болуы үшін, оларда ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды құстың түріне, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек.

Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа-райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты.

Құстардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы, төмен температура жағдайында құстар азықты шамадан тыс мөлшерде қабылдап, организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып, организмнің салқындауына себепші болып, түрлі ауруларға шалдықтырады. Олар жоғары температура жағдайына да сезімтал (құстардың суды көп мөлшерде пайдалануы құс саңғырығы арқылы бөлінетін амииак мөлшерінің көбейюі) .

Ауадағы жоғарғы ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу-тотықсыздану процесін тежейді. Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сіңімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек.

Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор (2-кесте) . Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгі жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.

Құс қораларындағы жарықтылық нормасы

№2 кесте

Қоралар
Табиғи жарықтылық нормасы
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк
табиғи жарықты-лық коэффициенті (КЕО), пайыз
жарықтылық коэффициенті (ЖК)
газозарядты лампалар кезінде
қыздырылатын лампалар кезінде
Қоралар: Ересек құстар үшін
Табиғи жарықтылық нормасы:
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк:
Қоралар: Еденде ұстағанда (еден деңгейі бойынша)
Табиғи жарықтылық нормасы: 0, 7
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:10-1:12
75
30
Қоралар: Торда ұстап бақ-қанда (азықтанды-ру бойынша)
Табиғи жарықтылық нормасы: 0, 7
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:10
70
30
Қоралар: Бройлерді баққан-да (еденде және торда)
Табиғи жарықтылық нормасы: 0, 35
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:20
20
75
Қоралар: Балапандарды бағу үшін
Табиғи жарықтылық нормасы: 1, 0
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:8-1:10
диапазонда
Қоралар: Инкубаторлық залдар
Табиғи жарықтылық нормасы: 0, 8-1, 0
Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк: 1:15-1:20
75
30

Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бірқалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Құстарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15-20 лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге дегенде 4-5 Вт есебімен алынады.

Құс қораларының ауа тазылығының көрсеткішін көмірқышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу себебінен құстардың тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауға әкеліп соғады.

Құс организміне аммиак пен күкіртсутек әсерінен құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек (5-кесте) .

Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болу себебінен және құрғақ азықпен азықтандырылуы салдарынан ауада механикалық, бактериялық қоспалар болуы мүмкін. Мысалы: 720-1000 мың басқа арналған құс фермаларында желдеткіш жүйесі арқылы 1 сағат ішінде сыртқы ортаға 13 кг аммиак, 1490 м 2 СО 2 , 40 кг шаң-тозаң, 174, 8 млрд микроорганизмдер шығарылады. Мұның өзі құс арасында түрлі өкпе, көз ауруларының себепкері болады.

Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарылату керек. Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу орынды.

Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар, атап айтсақ: ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК-радиацияны қолдану, зарарсыздандыру. Ауаны зарарсыздандыру үшін (аэрозольды тәсілмен) қолданатын препараттар: резорцин, триэтиленгликоль, сүт және янтарлық қышқылдар. Осы мақсатта құс қораларында бактерицидтік шамды да (ДБ-30) қолданған тиімді (0, 5-0, 6 ВТ/м 2 ) .

Кешеннің экологиялық жағдайы

Құс шаруашылығында қора-жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар.

Құсты өсіру және бағып-күті үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.

Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп-тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып-күтетін цех, жаз айларында бағып-күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа-райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.

Құс қораларының жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.

Балапан өсірілетін құс қоралардың типі климат жағдайына, жергілікті құрылыс материлардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.

Құстың серуендеуі үшін құс қораның ұзына бойына күн шуақ немесе қоршаулы алаң жасалады. Кішігірім шаруашылықтарда еденде бағып күтілетін тауықтар үшін күн шуақтың алаңы құс қора еденінің 50-100 пайызына дейін болады. Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45-60 күн болған балапандарға күн шуақ емесе серуен алаңы 0, 5 м 2 есебімен жасалады, ал туғанына 25 күн болған балапандарына 0, 2 м 2 есебімен, ересек тауықтарға 2 м 2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жаппа жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнауы қалдықтарды пайдаланады. Тауықтарға арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалады, оның биіктігі 1, 6-2, 2 м болады олардың балапандары үшін 0, 8-1 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.

Құс фермалары салынатын жерлерді таңдап алудың зор маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге, елді мекенге, жол бойына, тазалық жағынан қолайсыз жерлерге (қоқыс төгілетін жерге, мал қораларына, изоляторларға және басқаларға) алысырақ орналасуына - құстың тазалығы, күтімі құс шаруашылығының өркендеуі тікелей байланысты болады.

Инкубатордың ұзына бойы, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады, балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қаратылады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып-күтуге қабылданған жерге байланысты, шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай, сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.

Тауықтар гигиенасы

Тауықтардың денсаулығы және олардан алынатын жұмыртқаның сапасы көп жағдайда қора-жайдың микроклиматына, азықтандыру жағдайына, орна-ластыру тығыздығына және басқа да экологиялық факторларға байланысты болады.

Тауықтарды ұстаудың негізгі екі әдісі қолданылады: еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылықтың жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.

Қазіргі кезде жұмыртқаның негізгі массасын тауықтарды торда ұстау арқылы алады. Дегенмен тауықтарды торда ұстағанда жұмыртқаның жарылуы және шытынауы (пайыз) жоғарылайды, ал еденде ұстау барысында жұмыртқа қабығының ластануы 40-50 пайызға дейін жетеді.

Тауық қораларында қолайлы микроклимат жасау керек. Жылдың суық мезгілінде құс қорасының ауа температурасы 16-18 0 С, салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 пайыз болуы керек. Бұл кезеңде құс қорасының ауа температурасы 4 0 С-тан төмен болмауы керек, ал жазда ысып кетпеу керек.

Балапандарды өсіру

Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор, сондықтан да құс балапандарын жасына жақсы азықтандырып, күтіп-бағу қажет.

Балапандарды күтіп-бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты. Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп-бағу жүйелері әртүрлі болады. Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарында балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады. Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды, ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады. Балапандар үшін микроклиматтың ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғары деңгейде болуында. Атап айтқанда, ылғадылық 60-70 пайыз, ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағат аралығынла ауытқу керек. Балапандарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар (брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып, алғашқы күндері температура 33+37 0 С аралығында ұсталып, микрокиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыру үшін қора ауасы жиі желдетіліп тұруы қажет. Мысалы: тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+30 0 С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 26 0 С-қа төмендетіліп және әр апта сайын 3 0 С-қа төмендетіліп, ақырында айдың аяғында оның көрсеткіші 18 0 С болуы тиіс.

http://s40.radikal.ru/i089/1506/08/010844701190.jpg

http://s012.radikal.ru/i320/1506/41/0be290164ccf.jpg

Технологиялық жобалауға байланысты балапандарды торда ұстағанда олардың жастарына байланысты орналасу тығыздығы, азықтандыру және суару фронттары нормативке сәйкес болуы маңызды.

Әртүрлі жастағы балапандарды өсіру кезіндегі зоогигиеналық және технологиялық нормативтер (күн, торда)

№3 кесте

Көрсеткіш
1 . . . 30
31 . . . 60
61 . . . 119
1 . . . 119
Көрсеткіш: Тор еденнің ауданы 1 басқа, см2
1 . . . 30: 14, 5
31 . . . 60: 270
61 . . . 119: 300
1 . . . 119: 300
Көрсеткіш: Азықтандыру ауданы, см
1 . . . 30: 2, 5
31 . . . 60: 5
61 . . . 119: 8
1 . . . 119: 8
Көрсеткіш: Тордың биіктігі, см
1 . . . 30: 22
31 . . . 60: 28
61 . . . 119: 34
1 . . . 119: 34
Көрсеткіш: Кіретін есік шыбықтарының арақашықтығы, см
1 . . . 30: 21
31 . . . 60: 32
61 . . . 119: 42
1 . . . 119: 21 . . . 42

Балапандарды өсіру кезіндегі тірілей салмақтың бағдарлау көрсеткіші, г

№4 кесте

Жасы, аптасы
Тауықтар
жұмыртқалық
Еттік
тауықтар
әтештер
тауықтар
әтештер
Жасы, аптасы: 1
Тауықтар: 55
56
-
-
Жасы, аптасы: 2
Тауықтар: -
-
-
-
Жасы, аптасы: 3
Тауықтар: -
-
-
-
Жасы, аптасы: 4
Тауықтар: 215
260
500
500
Жасы, аптасы: 5
Тауықтар: -
-
-
-
Жасы, аптасы: 6
Тауықтар: -
-
-
-
Жасы, аптасы: 7
Тауықтар: -
-
1250
1400
Жасы, аптасы: 8
Тауықтар: 560
630
1450
1650
Жасы, аптасы: 10
Тауықтар: 1550
1750
-
-
Жасы, аптасы: 12
Тауықтар: -
-
1700
2200
Жасы, аптасы: 13
Тауықтар: 920
1100
-
-
Жасы, аптасы: 17
Тауықтар: 1200
1450
-
-
Жасы, аптасы: 18
Тауықтар: -
-
2100
3000
Жасы, аптасы: 20
Тауықтар: -
-
2300
3350
Жасы, аптасы: 22
Тауықтар: 1400
1900
-
-
Жасы, аптасы: 26
Тауықтар: -
-
2800
3800
Жасы, аптасы: 30
Тауықтар: -
-
-
-

Тауықтарды азықтандыру мөлшері

Құстың тәуліктік азығындағы қоректік зат пен оның қуаттылығына қажеттілігі өз тіршілігіне және өнім беру қабілетіне байланысты.

Жалпы, аталған заттардың мөлшері құстың генетикалық ерекшелігіне, жасына, тірілей салмағына және жақсы азықтандырып, күтіп-бағуына тікелей қатысты.

Әрине, құс азықтандырғанда, оларды керек заттармен толық қанағаттан-дыру үшін дайындалған жемнің негізгі құрамына және оның қоректілік қабілетіне өте қатты кеңіл бөліну керек.

Құсқа дайындалған жемді негізінен екі түрге бөлуге болады. Біріншісіне - жем құрамында мал өнімдерінің қалдықтары көбірегін (яғни 4-5%), ал, екіншісіне - аздауын (2%) жатқызады.

Негізінде, бұл мал өнімдері қалдықтары ретінде, сүйек пен еттен дайындалған ұлпаларды (ұн) қолданады. Бірінші рецепте жем құрамына дәнді дақылдар ретінде жүгері, бидай немесе арпа кіреді. Жүгері - бұршақ құрама жемінің 30-40% жүгеріден, 10-15% бұршақ күнжарасынан тұрады.

Бидайлық кұрама жемнің 40% бидай және 10%-дан артығы жүгері болып келеді.

Протеині көп жем ретінде күнбағыс күнжарасы мен ет-сүйек-қауырсын ұлпасы көбірек колданылады.

Арпа құрама жемінің 30%-дан көбі арпа, ал 10% кейде жүгері болады, кейде болмайды.

Протеин көзі ретінде әлгінде аталған күнжара мен ұлпа пайдаланылады. Мал өнімдері қалдықтары жоқ немесе өте аз (2 түрлі құрама жемге жүгері, бидай және арпа пайдаланылады) .

Құрамдары әртүрлі, бірақ жалпы қоректік заты мен қуат көлемі бірдей құрама жем құс өнімділігіне әрқалай әсер етеді. Оның үстіне 1 өлшем өндіруге қоректік зат шығыны да бірдей болмайды. Себебі жемнің қоректік заттарының қорытылуы мен сіңімділігі де әртүрлі. Сондықтан нашар қорытылатын қоспалары бар жем құрамына биологиялық белсенді зат қосу керек.

Егер де өндіріс жағдайында құстың жем жеуі төмендесе, онда тәуліктік азық құрамының қоректілігін күшейту керек.

«Құс жетпеген коректік заттын жемді неғұрлым көп жесе, соғұрлым жақсы толықтырады» - деген ұғым - теріс ұғым.

Оның үстіне тәуліктік жем мөлшерін 10%-дан артық көбейткен, өзін-өзі ақтамай, өнімнің өзіндік құнын арттырады.

Құстың салмағы, жұмыртқалағыштығы, жем жеуі қаншалықты жақсы қадағаланса, соншалықты дер кезінде құрама жем қоректілігіне өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік туады.

Бірінші және екінші айналымдағы (күрігін басқаннан кейін) жұмыртқа-лауында жемнің қоректік зат мөлшері бірдей болады және олардың тәуліктік жем мөлшері тірілей салмақтарына және өнімділіктеріне қарай белгіленеді.

Жан-жақты теңестірілген толық тәуліктік азық үлесінде (рационында) құрама жеммен барлық құс түрін азықтандырудың әр басқа грамм есебімен жобалап алған мөлшерлері 2-кестеде берілген.

Толық тәуліктік азық үлесінің құрама жемімен құс азықтандырудың жобалап алынған мөлшері

№5 кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы жайлы ақпарат
Бройлер балапандарын өсіру
Ауыл шаруашылығы құстарының түрлері
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру
Тауық қораға арналған іргетас
Қазақстандағы құс шаруашылығы
Күркетауықтарды бағып күту
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Тауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Балапандарды өсіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz