Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі заманғы кезеңі стратегиялық тұрақты инновациялық дамуға көшумен, елдің жаһандық кеңістікте жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған экономика мен қоғамдағы терең құрылымдық және институционалдық қайта құрулармен сипатталады. Дәл, сондықтан нарықтық ортаның жоғары өрлеген кезіндегі экономикалық үдерістердің жаһандану жағдайында қызметтің табысты нысандарын таңдау және отандық кәсіпорындарды дамыту ерекше өзекті болмақ. Республикадағы бизнесті дамытудың болашағы бар нысандарының бірі франчайзинг болып табылады. Ол тәуекелдің төменгі деңгейімен сипатталады, тұрақты табыс алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ шағын және ірі бизнестің артықшылықтарын біріктіруге мүмкіндік береді. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында әлемнің «отыз» дамыған елдерінің қатарына кіру жолындағы негізгі бағыт ретінде қазақстандық шағын және орта бизнесті дамытуды белгіледі. Шағын және орта бизнесті дамыту - ХХІ ғасырда Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы [1] .
Соңғы жылдары Қазақстанда франчайзингке ерекше қызығушылық байқалып отыр, бұл экономика үшін жаңа және қызық айтылатын түсінікпен ғана емес, сонымен бірге бастысы - оны дамытудың арқасында дамыған капиталистік елдердің экономикасында қол жеткізілген таң қаларлық нәтижелермен де түсіндіріледі. Дүниежүзінде жалпы ұлттық өнімнің 13% жуық мөлшерін франчайзинг береді, алғашқы 10 жылдағы инвестициялардың орташа тиімділігі 60 % астам мөлшерді құрайды.
Республикада қызметтер мен тауарларды өндіру саласында франчайзингтің қағидаларын пайдаланатын кәсіпорындар болса да («Red Dragon», KURALAI, !ARUai, Biba, Mimioriki, SALTA, Zibroo және т. б. ) франчайзингтік қатынастардың әлемдік тәжірибесі Қазақстан тәжірибесінде әлі жеткілікті іске асырылмай отыр.
Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпкерліктің, ең алдымен шағын және орта бизнестің дамуы жоғары коммерциялық тәуекелдермен қиындап отыр. Қазіргі заманғы бизнес-жобаларды іске асыру кәсіпкерден басқару, маркетинг, жарнама саласында ауқымды білімінің болуын және нарықтың ерекшеліктерін ескере білуді қажет етеді. Әрбір нақты жағдайда кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімді схемасы мен әдістерін жасау үшін көп уақыт пен материалдық шығын керек. Франшиза негізінде жолға қойылған және өзінің тиімділігін дәлелдеген бизнесті пайдалану кәсіпкерлік тәуекелді біршама төмендетеді. Дамып келе жатқан нарықтарда франчайзинг кәсіпкерлерді табысты бизнес жүргізу үшін қажетті іс жүзіндегі стандарттарға үйретудің ең жылдам әдістерінің бірі болып табылады. Осылайша, франчайзингті дамыту шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың барынша тиімді нысандарының, аса маңызды мемлекеттік міндеттің мүмкін болатын шешімдерінің бірі болуы ықтимал.
Алайда, қызметтің осындай түрінің әдістемелік негіздері мен тұжырымдамалық тәсілдерінің болмауы отандық тәжірибеде франчайзингтің даму мүмкіндіктерін шектейді және кәсіпкерлік қызметтің осы бір моделін ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты бизнестің франчайзингтік моделін Қазақстан жағдайында қолдану бойынша теориялық ережелер, әдістемелік тәсілдер мен тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу, франчайзингтік бизнестің қазіргі бар моделдерін отандық нарық жағдайына бейімдеу қажет.
Франчайзингтің дамуының экономикалық аспектілерінен басқа оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызы бар екенін атап өткен жөн, себебі кәсіпкерліктің осы бір моделінің тиімді және тұрақты дамуы үшін тиісті құқықтық өріс болуы тиіс. Бүгінгі күні франчайзингтегі «ойын ережелерін» жете әзірлеу, нақты заңнамалық және терминологиялық базаның болмауы отандық франчайзерлердің жоғары бәсекелестік нарыққа шығуын қиындатып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуының теориялық және тәжірибелік негіздерін салыстыру, талдау.
Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу қарастырылады.
- бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнын және түсініктік аппаратын ашу;
- франчайзингтің түрлерін бір жүйеге келтіру және франчайзингтік қатынастар байланыстарының нысандарына сипаттама беру;
- шетелдік тәжірибені жан-жақты талдау негізінде франчайзинг дамуының әлемдік үдерістері мен заңдылықтарын анықтау;
- Қазақстан Республикасында франчайзингтің дамуының үрдістері мен ерекшеліктерін анықтау және осы қатынастардың дамуын тежейтін факторларды белгілеу;
- Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің мәселелері мен даму болашағын негіздеу.
Зерттеу нысаны - Қазақстан Республикасында франчайзингтік қызметпен айналысатын мейрамханалар.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, 5 бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Франчайзингтің түрлері мен әдістерінің байланысу нысандары
Заманауи экономикалық кеңістік сипаттамаларының бірі бәсекелестік күрестің шиеленісуге қарай оның кеңеюін көрсететін үдерістердің қалыптасуы және экономикалық қатынастар субъектілерінің қызмет етуі барысында пайда болатын өзара байланыстардың сапалы түрде кеңеюі болып табылады. Бұл ретте қалыптасқан нарықтық бәсекелестікте оның бағалық түрлерінен өнімнің сапасын арттыру және оны өндіру мен таратудың алдыңғы қатарлы технологияларын иелену есебінен бақталастықты сипаттайтын оның бағалық емес түрлеріне көшу байқалады.
Бұл жағдайларда кәсіпкерлік жеткілікті қаржылық және ұйымдастырушылық-басқару икемділігін қалай меңгеру, тәуекелдің негізгі түрлеріне төзімді болу және тепе-тең келетін шығыстар кезінде аталған үдерісті ұйымға енгізуде салыстырмалы түрде қарапайым болу керек секілді белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс. Заманауи шаруашылық жүргізу тетіктеріне тән болатын барлық аталған қасиеттер мен ерекшеліктер бизнесті жүргізудің франчайзингтік моделіне тән.
Дамыған елдерде франчайзингті қолданудың көп жылғы тәжірибесі оның ерекше тәуелсіздігін сенімді түрде дәлелдеді. Франчайзинг - бұл табысқа жеткен және жоғары бәсекелестік экономикада кеңею стратегиясын жүзеге асыратын фирмалар үшін бизнесті дамытудың тиімді әдістерінің бірі.
Сонымен бірге шетелдік кәсіпкерлік ортада оның кеңінен таралуы франчайзингтің бизнесін жаңа бастаған кәсіпкер үшін өзінің сенімді ісін ұйымдастырудың барынша тиімді мүмкіндігі және қоғамның түрлі тауарлар мен қызметтерге деген қажеттігін қамтамасыз ету құралы болуымен байланысты. Соңғы 50 жылда франчайзинг кеңінен танымал болғаны соншалықты АҚШ-та бөлшек тауар айналымындағы оның көлемі 40%-дан асады, ал Еуропа елдерінде - 60%-ға дейін [2] . Франчайзингтің қазіргі заманғы анықтамаларына жасалған салыстырмалы талдау 1-ші кестеде берілген.
Кесте 1 - Франчайзингті анықтау тәсілдеріне жасалған салыстырмалы талдау
1 - кестенің жалғасы
франчайзингтің тәуелсіз кәсіпорындарды ң өзара іс-қимыл
жасауының басқа нысандарынан ешқандай айырмашылықтары аталмаған
Келтірілген анықтамалар франчайзингтің мән-мағынасын түсінудің жан-жақтылығын көрсетеді. Біріншіден, ол тәуелсіз кәсіпорындардың иелері арқылы франшизалық жүйені құру, ұстау мен дамыту үдерісін білдіреді [10] .
Екіншіден, франчайзинг өнімдерді немесе қызметтерді тұтынушыға жеткізу әдісі ретінде анықталады.
Үшіншіден, бизнесті дамыту, материалдық және қаржы құралдарының және түрлі кәсіпорындар күш-жігерінің кооперациясы негізінде нарықты жаулап алу әдісі ретінде.
Төртіншіден, экономистердің көпшілігі франчайзинг сауда маркасымен қорғалған өнімдерді немесе қызметтерді өндіруші немесе дара таратушы аталған аумақта өзінің өнімдерін немесе қызметтерін таратуға арналған айрықша құқықтарын өндірістік және қызмет көрсету операцияларының технологияларын сақтау шартымен олардан төлемдер (яғни, роялти) алғаны үшін орнына тәуелсіз кәсіпкерлерге беретін келісім немесе ұзақ мерзімді іскердік ынтымақтастық жасаудың бір түрі деген пікірге тоқтайды [10, с. 24; 35] .
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келе, франчайзинг - бұл өзінің ісін табысты әрі сенімді түрде жүргізетін франчайзер үшін ол өзінің бизнесін дамытудың тиімді әдісі болып табылатын әріптестік бизнес деп айтуға болады.
Бұл әдіс аумақтық дамудың дайын тхнологиясы бойынша франчайзилердің көптеген желісін құру идеяларына негізделген.
Кәсіпкер үшін франчайзинг - бұл франчайзер өзінің сауда маркасымен бірге беретін және жан-жақты көмек көрсететін нарықтың дайын «бос орнында» өзінің бизнесін ашу мүмкіндігі.
Зерттеу барысында біз франчайзинг саласында шешімдер қабылдау кезінде негізгі факторлар мыналар екенін анықтадық:
- тауарлар немесе қызметтер (франчайзинг объектісі), яғни ең алдымен, аталған нарықта ол қаншалықты бекігенін анықтау үшін тауардың немесе қызметтің беделі мен жаңашылдығы қарастырылады;
- маусымдылық, ол жалпы жағдайды анықтайды және қаржы жағдайы мен қолма-қол ақша ағымын талдауға мүмкіндік береді;
- белгілі бір аумақтағы эксклюзивтілік франшизаның аса маңызды сипаттамасы болып табылады;
- меншіктің құрылымы - бизнес үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайлар;
- франчайзер мен франчайзидің арасындағы қатынастар жиынтығы
болып табылатын франшиза пакеті;
- кәсіпкерлер мен франчайзингтік кәсіпорын қызметкерлерінің оқытылуы.
Франчайзингтің заманауи түрлері мен әдістерінің қолданыстағы байланысу нысандары аталған үдерістің дамуы мен қалыптасуының теориялық негіздерінің бірі бола отырып, нарықтардың құрылымдық өзгерістерін, сондайақ баға қалыптасуымен, нарықта қатысушылардың санымен және олардың мінез-құлқымен байланысты үдерістерді көрсетеді. Бұл ретте бұл өзгерістер жаһандық экономикалық түрленулердің нәтижесі бола отырып, жекелеген нарықтардың шегінде қызмет ететін субъектілерге ғана емес, сонымен бірге нарықтардың ашық болу деңгейіне және олардың бір-бірімен байланысына да әсер етеді.
Франчайзингтің қазіргі заманғы түрлерін және франчайзингтік қатынастарды қарау кезінде туындайтын негізгі мәселе аталған жүйе элементтерінің қандай да бір бекітілген жіктемесінің болмауы. Әр түрлі сарапшылардың франчайзингтің бір элементтерін мүлдем алуан құрылымдық топтарға жатқызу жағдайы да мұндай зерттеуді жүргізуді одан сайын қиындатады. Бір айта кететіні, жүйе ретінде франчайзинг бір-бірімен қарымқатынаста және байланысты болатын, белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын элементтердің жиынтығын (көпшілігін) білдіреді. Бұл жүйенің элементтері франчайзингтік қатынастардың объектілері мен субъектілері, сондай-ақ франчайзингтің мақсаттары мен міндеттері, оның түрлері, франчайзингтің қағидалары, өлшемдері, алғышарттары, факторлары және т. б. болып табылады, олардың арасындағы өзара байланыс осы элементтерге жүктелген функцияларды орындау барысына сәйкес уақыт жағынан өзгеріп отыруы мүмкін. Сондықтан бірінші кезектегі міндет франчайзинг жүйесінің негізгі элементтерін бөліп алу болып табылады.
Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік классикалық нысаны жүйенің келесі элементтерін пайдалануды көздейді.
- Франчайзингтік қатынастардың субъектілері франчайзер және франчайзи болып табылады. Біріншісі - бұл лицензия беретін немесе өзінің тауар белгісін, ноу-хау және операциялық жүйелерін пайдалану құқығын беретін компания. Ол бизнесті зерттейді және дамытады, бизнесті алға жылжытуды қаржыландырады, жақсы беделді және танымал брендті жасайды. Компания өзінің бизнес-тұжырымдамасымен жұмысқа қабілеттілігін және табысты ұдайы өнімділігін дәлелдегеннен кейін ол осындай табысты қайталағысы келетін кәсіпкерлерге ұсынуы, яғни франшизаны сатып алуды ұсынуы мүмкін. Екінші субъект франчайзи - әдетте франчайзерден оның атынан және оның сауда маркасымен коммерциялық қызметті жүргізуге айрықша құқықты (өтеулі негізде) алған шағын фирма немесе кәсіпкер. Франчайзи бизнесті құруға жұмсалатын шығындарды өзі төлейді және сауда белгісі мен бизнес жүйені пайдалану құқығы және франчайзер көрсететін қолдау, оқыту және консалтинг үшін ай сайынғы салымдарды төлеу бойынша міндеттерді өзіне алады. Бизнесті ойдағыдай жүргізген жағдайда франчайзидің табысы оның шығындарынан асып түседі. Бір франчайзингтік жүйеде бірнеше франчайзи болуы мүмкін .
- Франчайзинг жүйесі нақты тауарды пайдалануға негізделген және оның сауда маркасының танымал және тауарлар номенклатурасының шектеулі болуы секілді белгілері болуы тиіс. Тауардың сауда маркасының танымалдылығы үнемі сақталуы және оның сапа, қолжетімділік, ауқымды өткізу нарығы, жақсы танушылық, стандарттылық (барлық жерде бірыңғай стандарт тауар болуы тиіс), тауардың қайталанбайтын келбеті секілді оның қасиеттері сақталуы керек. Франчайзингтің объектісі болып табылатын тауарлар номенклатурасының шектеулі болуына екі әдіспен қол жеткізіледі:
- бірыңғай модельдік қатарды құру. Бұл жағдайда тұтынушы сапасы, бағасы, тұтынушылық қасиеттері бойынша модельдерді ажыратады, бірақ әрбір жаңа түрленуді бір ғана қажеттілікті қанағаттандыратын бір тауардың басқа түрі ретінде қарастырады;
- негізгі болып табылатын бірыңғай тауарды бөліп алу. Қалған тауарлар негізгі тауардың қосымшасы ретінде қарастырылады, олар тауардың тұтынушылық қасиетін өзгертеді немесе толықтырады.
Франчайзингтің объектісі келесі тауарлар болуы мүмкін:
- өнім (материалдық пішіні бар бұйым) ;
- қызмет;
- өндірістік үдеріс;
- бизнес-үдеріс (басқарушылық, коммерциялық, қаржылық, ұйымдастырушылық әрекеттердің жинағы) ;
- жоғарыда аталған тауарлар бір-бірімен түрлі деңгейде үйлесетін кешенді тауарлар. Объектілердің сипаттамасы Б-қосымшасында берілген.
3. Франшиза - белгілі бір кәсіпкерлік қызметке кіру үшін франчайзерден сатып алынатын құқық:
- онда тауарлар немесе қызметтер сатылады, сату үшін ұсынылады немесе белгілі бір деңгейде франчайзер немесе онымен байланысты тұлға ұсынған белгілі бір маркетингтік жоспарға, жүйеге немесе ноу-хауға сәйкес өткізіледі;
- ол белгілі бір деңгейде франчайзердің немесе онымен байланысты тұлғалардың атауымен, сауда маркасымен, жарнамасымен немесе коммерциялық символдарымен байланыста, бір мағынада болады;
- онда франчайзердің немесе онымен байланысты тұлғалардың және франчайзидің франчайзингтік нүктелерді пайдаланудағы ұзақ мерзімді қаржылық мүддесі болады және ол франчайзидің франчайзерге немесе онымен байланысты тұлғаға франчайзингтік төлемақыны төлеуді талап етеді.
Бір экономистер франшизаны франчайзинг нысанында қызметті жүзеге асыру бойынша міндеттемелерін реттейтін тараптардың арасындағы шарт ретінде, ал кейбіреулері - ол бойынша коммерциялық қызметті жүргізудің толық ұйымдастырылған жүйесі бар бір заңды тұлға немесе жеке тұлға екінші тұлғаға белгілі бір сыйлықақы үшін және белгілі бір талаптармен осы жүйені пайдалануға құқық беретін келісімшарт ретінде анықтайды. Көрсетілген позициялар, біздің ойымызша, дау туғызады. «Franchise» сөзі «жеңілдік, артықшылық, ерекше құқық» ретінде аударылатынын, сондай-ақ кейбір шетелдік авторлардың франчайзингке арналған еңбектерінде «франшизаны сату» деген сөз тіркесінің кездесетінін, яғни жеңілдік, артықшылық, ерекше құқық өтеулі негізде берілетінін ескере отырып, «франшиза» түсінігін франчайзерге тиесілі және шартқа сәйкес франчайзидің пайдалануына берілетін айрықша құқықтардың кешенін (оның ішінде ноу-хау, фирмалық атау, тауар белгісі және басқа да айрықша құқық объектілері) пайдалануға құқық беру ретінде түсіндірген дұрысырақ болады.
2002 жылы Халықаралық жеке құқықты бір ізге келтіру институтының (ХЖҚУИ) сарапшылары әзірлеген франшиза туралы ақпараттың ашықтығы туралы Модельдік заңда (Model franchise disclosure law) келтірілген франшизаның анықтамасы аталған позицияның дәлелі болып табылады. Бұл анықтамаға сәйкес франшиза (franchise) - бұл бір тарап (франчайзер) екінші тарапқа (франчайзиге) берілетін құқықтардың жиынтығы, бұл ретте франчайзиге уәкілеттік беріледі, сондай-ақ бұл ретте франчайзиге өзінің қаражаты есебінен, бірақ франчайзердің құрған жүйесі бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі бизнеспен айналысудың орнына тікелей немесе жанама қаржылық өтемақы өтеу міндеттемесі жүктеледі .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz