Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуы


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 178 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3
КІРІСПЕ 4
1 ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАР 13
ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 13
1.1 Заманауи жағдайдағы франчайзингтің экономикалық мәні 13
1.2 Франчайзингтің заманауи түрлері мен әдістерінің байланысу 30
нысандары 30
1.3 Шетелдегі франчайзингтік қатынастардың даму тәжірибесі 48
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ДАМУ 72
АЛҒЫШАРТТАРЫН ТАЛДАУ 72
2.1 ҚР-ғы франчайзинг дамуының институционалдық негіздері 72
2.2 ҚР-ғы франчайзингтің даму үдерістері мен бағыттары 89
2.3 Республикада франчайзинг дамуының салалық ерекшеліктері 107
3 ФРАНЧАЙЗИНГТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 140
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ 140
3.1 ҚР-дағы франчайзинг мәселелері және франчайзингтік қатынастарды 140
дамытуды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру 140
3.2 Франчайзингті өңірлік деңгейде дамыту тетіктері 163
3.3 Франчайзингтік қатынастарды дамыту стратегиялары 173
ҚОРЫТЫНДЫ 184
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 191

ҚОСЫМШАЛАР 184

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сәйкес сілтемелер пайдаланылған:
Қазақстан жолы - 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Ел Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауы. 17 қаңтар 2014 жыл.
Бағдарлама. Даму Кәсіпкерлікті дамыту орталығы АҚ жанындағы Ұлттық франчайзингті дамыту орталығы. Алматы -- 2012.
КазАгроФинанс АҚ 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы. Астана, 2011.
Жыл сайын субсидиялауға жататын әрбір бағытқа арналған және өңірлердің бөлінісіндегі субсидиялар көлемі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегін бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылдың 14 ақпанындағы бұйрығы.
Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 24 маусымындағы №330 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы.
Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 26 шілдесіндегі № 456 Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңы, 2007 жылдың 2 наурызындағы өзгерістерімен бірге.
Қазақстан Республикасының 2006 жылдың 31 қаңтарындағы № 124-3 Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы.
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 1 шілдесіндегі № 410-1 Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім), 2014 жылдың 7 наурызындағы жағдай бойынша енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР
Қазақстан Республикасы
ЖІӨ
Жалпы ішкі өнім
АҚ
Акционерлік қоғам
ХФҚ
Халықаралық франчайзинг қауымдастығы
БФҚ
Британия франчайзинг қауымдастығы
ТМД
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ЕФҚ
Еуропалық Франчайзинг Қауымдастығы
ҚР АК
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
РМҚК
Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны
ДЗМҰ
Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымы
ШОБ
Шағын және орта бизнес
БАҚ
Бұқаралық ақпарат құралдары
АҚШ
Америка Құрама Штаттары
СОО
Сауда ойын-сауық орталығы
РФ
Ресей Федерациясы
ҚРӘМ
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
АЖМБ
Автомобильдік жанармай бекеті

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі заманғы кезеңі стратегиялық тұрақты инновациялық дамуға көшумен, елдің жаһандық кеңістікте жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған экономика мен қоғамдағы терең құрылымдық және институционалдық қайта құрулармен сипатталады. Дәл, сондықтан нарықтық ортаның жоғары өрлеген кезіндегі экономикалық үдерістердің жаһандану жағдайында қызметтің табысты нысандарын таңдау және отандық кәсіпорындарды дамыту ерекше өзекті болмақ. Республикадағы бизнесті дамытудың болашағы бар нысандарының бірі франчайзинг болып табылады. Ол тәуекелдің төменгі деңгейімен сипатталады, тұрақты табыс алуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ шағын және ірі бизнестің артықшылықтарын біріктіруге мүмкіндік береді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында әлемнің отыз дамыған елдерінің қатарына кіру жолындағы негізгі бағыт ретінде қазақстандық шағын және орта бизнесті дамытуды белгіледі. Шағын және орта бизнесті дамыту - ХХІ ғасырда Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы [1].
Соңғы жылдары Қазақстанда франчайзингке ерекше қызығушылық байқалып отыр, бұл экономика үшін жаңа және қызық айтылатын түсінікпен ғана емес, сонымен бірге бастысы - оны дамытудың арқасында дамыған капиталистік елдердің экономикасында қол жеткізілген таң қаларлық нәтижелермен де түсіндіріледі. Дүниежүзінде жалпы ұлттық өнімнің 13% жуық мөлшерін франчайзинг береді, алғашқы 10 жылдағы инвестициялардың орташа тиімділігі 60 % астам мөлшерді құрайды. Нақ осы ерекшеліктермен Еуропа мен Америкада, сонымен бірге Азияда франчайзингтің кеңінен таралуын түсіндірген жөн. Франчайзингтің түрлі жүйелерін McDonald's. BaskinRobbins, Burger King, DOMINO'S PIZZA, GrillMaster, Papa John's, KFC & Hardee's, Pizza Hut, PrimeStar, Southern Fried Chicken (SFC), Subway, Texas Chicken, Wendy's, FINNFLARE, MEXX, ZARACITY және басқалар секілді жетекші фирмалар мен трансұлттық компаниялар табысты қолдануда. Франчайзингтік қызметтің табысты болуының дәлелі бизнестің осы бір форматын жаһандық әрі ұлттық нарықтарда пайдаланатын кәсіпорындар санының көп болуы. Оның тартымдылығы франчайзингтік қатынастардың қатысушылары үшін даулауға келмейтін артықшылықтарының болуында. Көптеген кәсіпорындар үшін франчайзинг кәсіпкерлік табысқа жетудің символына айналған.
Республикада қызметтер мен тауарларды өндіру саласында франчайзингтің қағидаларын пайдаланатын кәсіпорындар болса да (Red Dragon, KURALAI, !ARUai, Biba, Mimioriki, SALTA, Zibroo және т.б.) франчайзингтік қатынастардың әлемдік тәжірибесі Қазақстан тәжірибесінде әлі жеткілікті іске асырылмай отыр. Франчайзингтің даму қажеттілігін республиканың инновациялық даму қарқынымен, ғылыми-техникалық жетістікпен және шаруашылық етуші субъектілердің мүмкіндіктерімен байланысын қамтамасыз ету мақсатын көздейтін франчайзингтік қатынастардың дамуы бойынша зерттеулер Қазақстанда әзірге жүргізілмейді. Шағын және орта бизнестің қызметін франчайзинг негізінде дамыту мен кеңейту жөніндегі міндеттерді шешу іс жүзіндегі шетелдік тәжірибеге сүйеніп қана қоймай, сонымен бірге бұл жерде отандық жағдайларда қолдануға болатын теориялық білім мен терең ғылыми зерттеулер де маңызды рөл атқаруы тиіс.
Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпкерліктің, ең алдымен шағын және орта бизнестің дамуы жоғары коммерциялық тәуекелдермен қиындап отыр. Қазіргі заманғы бизнес-жобаларды іске асыру кәсіпкерден басқару, маркетинг, жарнама саласында ауқымды білімінің болуын және нарықтың ерекшеліктерін ескере білуді қажет етеді. Әрбір нақты жағдайда кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімді схемасы мен әдістерін жасау үшін көп уақыт пен материалдық шығын керек. Франшиза негізінде жолға қойылған және өзінің тиімділігін дәлелдеген бизнесті пайдалану кәсіпкерлік тәуекелді біршама төмендетеді. Дамып келе жатқан нарықтарда франчайзинг кәсіпкерлерді табысты бизнес жүргізу үшін қажетті іс жүзіндегі стандарттарға үйретудің ең жылдам әдістерінің бірі болып табылады. Осылайша, франчайзингті дамыту шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың барынша тиімді нысандарының, аса маңызды мемлекеттік міндеттің мүмкін болатын шешімдерінің бірі болуы ықтимал.
Алайда, қызметтің осындай түрінің әдістемелік негіздері мен тұжырымдамалық тәсілдерінің болмауы отандық тәжірибеде франчайзингтің даму мүмкіндіктерін шектейді және кәсіпкерлік қызметтің осы бір моделін ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты бизнестің франчайзингтік моделін Қазақстан жағдайында қолдану бойынша теориялық ережелер, әдістемелік тәсілдер мен тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу, франчайзингтік бизнестің қазіргі бар моделдерін отандық нарық жағдайына бейімдеу қажет.
Франчайзингтің дамуының экономикалық аспектілерінен басқа оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңызы бар екенін атап өткен жөн, себебі кәсіпкерліктің осы бір моделінің тиімді және тұрақты дамуы үшін тиісті құқықтық өріс болуы тиіс. Бүгінгі күні франчайзингтегі ойын ережелерін жете әзірлеу, нақты заңнамалық және терминологиялық базаның болмауы отандық франчайзерлердің жоғары бәсекелестік нарыққа шығуын қиындатып отыр.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік қатынастарды дамыту мәселелерін ғылыми тұрғыдан қою экономикалық қызметтің нақты жағдайында франчайзинг заңдылығын түсіну үшін отандық және шетелдік тәжірибелердің теориялық мұрасын кешенді, жүйелі түрде пайдалануды қажет етеді. Франчайзинг теориясы мен франчайзингтік желілердің қызмет ету тәжірибесі негізінен американдық және неміс мектебін білдіретін Д.Стэнворт, Р.Бонд, М.Вудров, Д.Б. Кляйн, Р.Е. Мартин, М. Мендельсон, У. Никелс, Б. Смит, Р.С. Хоффман, Ж. Ламбен, Э.
Шерман, Д. Манкузо, Дж. Хенсон, А. Цират секілді шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Франчайзинг теориясының дамуына ресейлік экономистер: Н.В. Авдеева,
О.Ю. Артемов, А.Ф. Багдасарян, А.Я. Басс , M.JL. Варданян, В.Г. Варнавский, Н.М. Васильев, А.Е. Виленский, A.M. Годин, A.JL Гапоненко,
В.В. Довгань, А.П. Зеленский, Д.Н. Земляков, М.М. Золотов,
C.B. Климова, В.А. Колесников, О.В. Коломийченко, Н.Ю. Круглова, С.А. Куликов, A.A. Куренков, А.З. Майлер, М.О. Макашев, O.A. Малышева,
М.С. Матусевич, М.А. Мендельсон , В.Н. Мочальников,
O.A. Орлова, В.В. Панюкова, Г.А. Резго, В.Е. Рохчин, В.А. Рубе, И.В.
Рыкова, И.В. Рычкова, И.И. Сигов, О.В. Симакина, М.А. Сошкина, A.A. Тайванов, JI.H. Тэпман, A.A. Устюжанин, Р.И. Филиппов, М.О. Чарыева,
Е.А. Черепанова айтарлықтай үлес қосқан.
Франчайзингтік қатынастардың дамуының отандық тәжірибесіне
Қазақстанның Р.А. Алшанов, О.Б. Баймуратов, О.Сәбден, А.Н. Тоқсанова, Р.К. Казиева, Р. Каренов, А.А. Дүйсембаев, А. Манап, Б.С. Кисиков,
В.В. Сидельников секілді ғалым экономистерінің еңбектері арналған. Франчайзингтің түрлі салаларда дамуының жекелеген аспектілері Н.К. Мамырова, К.А.Сағадиев, М.Б. Кенжегузина, О.Б. Баймуратов, А.А. Рамазанов К.Р. Нурмагамбетов, К.О. Окаев, А.Е. Есентугелова, К.Б. Бердалиев, С.Д. Ташенова, Н.Т. Смағұлова, С.Р. Есимжанованың еңбектерінде қаралған. Оларда франчайзингтің дамуының негізгі бағыттары мен оның әдістемелік аспектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы франчайзингті құқықтық реттеу мәселелері қарастырылған.
Сонымен бірге белгіленген пәндік саладағы зерттеулер әзірге жүйелі сипатқа ие емес, көптеген экономистердің франчайзингтік жүйелерді қалыптастыру мен дамыту бойынша ғылыми іздестіру жұмыстары сипаттау түрінде, шетелдік тәжірибені зерттеуге негізделген, және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жүйесінің экономикалық дәстүрлері мен институционалдық-құқықтық ерекшеліктерін әрдайым ескере бермейді.
Осылайша, Қазақстан Республикасында франчайзингті қолдану бойынша теориялық және қолданбалы зерттеулерге деген артып отырған қажеттілік және заңнамалық базаның жеткілікті пысықталмауы, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытудағы франчайзингтік қатынастардың рөлін ғылыми-әдістемелік негіздеу қажеттілігі бұл зерттеудің мақсатын, міндеттерін, нысаны мен пәнін анықтады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуының теориялық және тәжірибелік негіздерін пайдалана отырып, франчайзингтік қатынастарды жетілдіру бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсынымдар әзірлеуден тұрады.
Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу қарастырылады.
бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнын және түсініктік аппаратын ашу;
франчайзингтің түрлерін бір жүйеге келтіру және франчайзингтік қатынастар байланыстарының нысандарына сипаттама беру;
шетелдік тәжірибені жан-жақты талдау негізінде франчайзинг дамуының әлемдік үдерістері мен заңдылықтарын анықтау;
республикада франчайзинг дамуының институционалдық негіздерін
зерделеу;
Қазақстан Республикасында франчайзингтің дамуының үрдістері мен ерекшеліктерін анықтау және осы қатынастардың дамуын тежейтін факторларды белгілеу;
Қазақстан Республикасында франчайзингтің қызмет етуінің салалық ерекшеліктерін айқындау;
Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік қызметті реттеудің құқықтық аспектілері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің мәселелері мен даму болашағын негіздеу;
Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу нысаны - Қазақстан Республикасында франчайзингтік қызметпен айналысатын фирмалар, кәсіпорындар, ұйымдар.
Зерттеу пәні - ҚР-да бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысанын пайдалану нәтижесінде қалыптасатын ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық негізі экономика саласындағы отандық және шетелдік мамандардың еңбектері, отандық және шетелдік экономистердің франчайзинг теориясы бойынша еңбектері, сондай-ақ жетекші отандық ғалымдар мен мамандардың франчайзинг практикасы бойынша іргелі зерттеулері мен қолданбалы еңбектері болып табылады. Зерттеудің әдістемелік негізі жүйелік тәсіл, экономикалық және статистикалық талдау, салыстыру әдістері, логикалық-аналитикалық моделдеу әдісі.
Зерттеудің ақпараттық базасы - ҚР-дағы франчайзинг саласындағы кәсіпкерлікті реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде ҚР Заңдары және ҚР Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ Интернет желісіндегі электрондық басылымдар, ҚР Статистика агенттігінің деректері, Қазақстандық франчайзинг қауымдастығының материалдары, Шағын бизнесті қолдау және дамыту қорының жыл сайынғы есептері, сауалнама материалдары мен автордың бақылауларынан тұрады.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы - франчайзингтік қатынастардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оларды ұйымдастыру және басқару тетіктерін тиімділендіру, шетелдік тәжірибені бейімдеу және оның қазақстандық нарық жағдайында дамуының болашағы бар бағыттарын ажыратудан тұрады.
Автордың өзі қол жеткізген негізгі ғылыми нәтижелер:
Күрделі, көп қырлы экономикалық жүйе ретінде франчайзингтің экономикалық және ұйымдық мазмұны ашылды. Франчайзингтік қатынастар субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары қалыптастырылды.
Франчайзингтік толық жіктемесі негізделді, франчайзинг тетіктерінің негізгі құрамдас бөліктерін жүйелеуге мүмкіндік беретін франчайзингтік қызметтің түсініктік аппараты бойынша нақтылаулар берілді.
Сандық және сапалық сипаттамалардың және Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік қатынастардың құрамдас бөліктерінің негізінде франчайзингтің даму заңдылықтары мен үдерістері қалыптастырылды. Алматы қаласының қоғамдық тамақтану нарығында осы үдерістердің көріну ерекшеліктері анықталды.
Республикадағы франчайзингтік қатынастарды дамыту мәселелері анықталып, бір жүйеге келтірілді және оларды шешу жолдары негізделді.
Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік қатынастардың қызмет етуінің заңнамалық-құқықтық базасын нақтылау бойынша ұсыныстар негізделді және осы өзгерістерге автордың берген түсініктері ұсынылды.
Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік қатынастардың дамуына ықпал ететін франчайзингтің институционалдық ортасы элементтерінің өзара іс-әрекет моделі әзірленді. Франчайзингтік қатынастарды дамытудың өңірлік тетіктері, сондай-ақ франчайзингтік кәсіпкерліктің өңірлік мониторингінің негізінде Ұлттық Франчайзинг орталығының қызметін жандандыру бойынша ұсынымдар негізделді және ұсынылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми тұжырымдар
Франчайзингті оны түсінудің бизнесті жүргізу тұжырымдамасы, ірі және шағын бизнестің арасындағы шарттық қатынастар жүйесі және бәсекелстік артықшылықты қамтамасыз ететін желілік өзара іс-қимыл жүйесі секілді аспектілерді қамтитын күрделі, көп қырлы экономикалық жүйе ретінде қарастыру қажет. Осыған сәйкес франчайзингтің төрт теңдей, бірдей мағынасы бар төрт параллель жазықтардағы анықтамасы бар. Сонымен бірге факторлар ретінде олар кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы күші немесе негізгі шарттары болып табылады. Франчайзинг түсінігінің аталған аспектілерінің толық сипаттамасы берілген және бизнесті жүргізу тұжырымдамасы мен франчайзингтік қатынастар субъектілерінің өзара іс-қимылы секілді негізгі қағидалары жасалды.
Жүйе ретінде франчайзинг белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын, бір-бірімен қатынаста және байланыста болатын элементтердің жиынтығын (көпшілігін) білдіреді. Франчайзингтік қатынастардың объектілері мен субъектілері, франшиза, сонымен бірге уақытқа қарай және осы элементтерге жүктелген функциялардың орындалу барысына сәйкес өзгеріп отыруы мүмкін оның түрлері секілді франчайзинг жүйесінің элементтері негізделді. Франчайзингтің қолданылып жүрген типологиясын жүйелендіру негізінде франчайзингтің түрлерін жіктеу бойынша нақтылаулар қалыптастырылды.
ҚР-дағы франчайзингтің дамуында сандық және сапалық үрдістер байқалады. Біріншілері республикадағы франчайзингтік қатынастардың түрлі факторлардың әсерінен өзгеру динамикасын көрсетеді. Бұл - франчайзинг нарығы қатысушыларының санының өсуі, шағын және орта бизнес көлеміндегі франчайзингтік қатынастар үлесінің өсуі, франчайзингтік желілердің кеңеюінің жоғары қарқыны, франшиза ұсыныстарының оған деген сұраныстан жоғары болуы, қазақстандық франчайзингтік жүйелер санының өсуі. Ал, сапалы үрдістер республикадағы франчайзингтік қатынастардың дамуының негізгі мазмұндық сипаттамаларын көрсетеді: ҚР нарығындағы франчайзингтің әлемдік флагмандарының төмен үлесі, ресейлік және американдық франшизалардың жоғары үлесі, франшизалардың сауда маркаларының елге тиесілігін кеңейту, франчайзинг секторындағы қызметтер салаларының жоғары үлесі, сауда франчайзингінің жоғары үлесі, франчайзинг жүйесіндегі қосалқы лицензиялық қатынастардың жоғары үлесі, франчайзингтің өңірлер бойынша біркелкі дамымауы, франчайзингтің ел ішінде таралуының (миграциясының) төменгі деңгейі. Сандық және сапалық өзгерістер өзара байланысты, олардың экономиканың жекелеген салаларында өзіндік көріну ерекшеліктері бар. Бұл ретте салалардың өздерінің ерекшеліктері бұл үрдістердің сипаты мен алуан түрлілігін айқындайды.
Республикадағы франчайзингтік дамуында келесі салалық ерекшеліктер анықталды. Өндірістік франшиза іс жүзінде дамымаған және қызметтер саласындағы франчайзинг жеткілікті дамымаған; жылдам тамақтану, супермаркеттер, автокөліктерді жалға беру секілді дәстүрлі бағыттардың франшизалық желілеріндегі сату көлемінің өсу қарқыны теңесуде; интернетдүкен, жасыл франшизалар секілді франшизалар үшін жаңа нарықтық аумақтардың бөлінуі мен мамандануы жалғасуда. Жалпы республикадағы және Алматы қаласындағы қоғамдық тамақтану нарығын талдау, атап айтқанда франчайзингті салаларға енгізу деңгейінің өсуі, сонымен бірге республикаға ресейлік және шетелдік франчайзингтік желілердің кіруін, шетелдік франчайзерлердің Қазақстан нарығына деген қызығушылығының өсуі, сондайақ қызмет етіп жатқан желілердің ішінде дамудың франчайзингтік бағытын бөліп алу үдерісін анықтауға мүмкіндік берді.
Бизнестің форматы ретінде франчайзинг республикада өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін әлі де толық көлемде іске асырмай отыр. Оның дамуын тежейтін өндірістік-экономикалық мәселелер, ұйымдастырушылық-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық мәселелер бар. Аталған мәселелерді шешу үшін франчайзингтік қатынастардың құқықтық негізін жетілдіру, институционалдық ортаны жетілдіру негізінде франчайзингтің дамуын мемлекеттік қолдау күшейту қажет. Қазақстан Республикасында франчайзингтік қатынастардың қызмет етуінің заңнамалық-құқықтық базасын нақтылау бойынша ұсыныстар негізделді, бұл өзгерістердің авторлық түсінігі ұсынылды.
Франчайзингтің даму мәселелерін шешу үшін франчайзингті мемлекеттік қолдау тетіктерінде 3 кіші жүйені; бағдарламалық-мақсатты блок, ұйымдастырушылық-құқықтық және функционалдық-ресурстық блокты бөліп алу ұсынылады. Франчайзингті мемлекеттік қолдау тетіктері институттардың дамуы үшін жағдай жасауды, демек тиімді институционалдық құрылым үшін жағдай жасауды көздейді. Автор республикада франчайзингтің дамуын анықтайтын институттардың өзара іс-қимылының моделін әзірледі.
Франчайзингтің дамуын мемлекеттік қолдау франчайзингті қолдауды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің өңірлік кешенімен күшейтілуі тиіс. ҚР-дағы франчайзингті инфрақұрылымдық қолдаудың өңірлік кешені субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіруді көрсететін әзірленген модель өңірдегі франчайзинг субъектілерін қолдауды жүйелеуге арналған.
Франчайзингті инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің өңірлік кешенінің қызмет етуі барысында франчайзилердің, франчайзерлердің, инфрақұрылымдық қолдау субъектілерінің және өңірлік билік органдарының өзара іс-қимылын үйлестіру қажет. Франчайзингтік қатынастардың түрлі субъектілері мен ҚР-дағы франчайзингтің қызмет ету ортасының институттарын үйлестіру моделі ұсынылды. Франчайзингті қолдауды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің өңірлік кешенін қолданудың басты бағыттары анықталды. Зерттеу нәтижелерінің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда алынған нәтижелер ҚР-дағы франчайзингтік қатынастарды дамытуға бағытталған теориялық қорытындылар мен тәжірибелік ұсынымдарды пайдалану қажеттілігімен мен мүмкіндігімен негізделеді. Диссертацияның ережелері мен қорытындылары оның шеңберінде барлық шаруашылық етуші субъектілердің қызметін ҚР-дағы франчайзингтік қатынастардың заманауи жүйесін қалыптастыруға бағыттауға болатын құрылымдар құру үшін тәжірибелік шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жұмыста ұсынылған тәжірибелік ұсынымдар ҚР-дағы франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, бағдарламалық құжаттарды, шағын және орта бизнес үшін жобалар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу, сондайақ кәсіпкерлік құрылымдардың франчайзинг негізінде бизнесті дамыту және кеңейту стратегияларын әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Автор қол жеткізген қорытындылар мен теориялық ережелер франчайзинг бойынша оқу курстары мен оқу құралдарын дайындау кезінде және республиканың жоғары оқу орындарында экономика, менеджмент және маркетинг бойынша кадрларды даярлау кезінде оқу үдерісінде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру және енгізу. Диссертациялық зерттеу барысында әзірленген жекелеген ұсынымдар мен ұсыныстар Тұран унивеситетінде автор әзірлеген Қазақстан Республикасындағы франчайзинг курсы бойынша бакалавриат студенттерін оқыту үдерісінде пайдаланылады.
Диссертациялық зерттеудің негізгі ережелері мен нәтижелерін автор халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен семинарларда баяндаған.
Жарияланымдар. Диссертацияның негізгі ережелері жалпы көлемі
4,75 б.б. құрайтын 12 жарияланған еңбекте көрініс тапты. Оның ішінде 3 мақала ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда, 5 мақала халықаралық конференциялардың материалдары бойынша ғылыми еңбектердің жинақтарында, оның ішінде 2 мақала алыс шетел конференцияларында, 2 мақала SCOPUS және Thomson Reuters деректер базасына кіретін журналдарда және 2 мақала басқа да басылымдарда жарияланған.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, 175 атау көрсетілген пайдаланылған әдебиет тізімінен және 9 қосымшадан тұратын жұмыстың құрылымын белгілейді. Диссертациялық жұмыстың көлемі машинада басылған 195 мәтіндік беттен тұрады және 17 кесте мен 18 суретті қамтиды.

ЗАМАНАУИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІК
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Заманауи жағдайдағы франчайзингтің экономикалық мәні
Заманауи экономикалық кеңістік сипаттамаларының бірі бәсекелестік күрестің шиеленісуге қарай оның кеңеюін көрсететін үдерістердің қалыптасуы және экономикалық қатынастар субъектілерінің қызмет етуі барысында пайда болатын өзара байланыстардың сапалы түрде кеңеюі болып табылады. Бұл ретте қалыптасқан нарықтық бәсекелестікте оның бағалық түрлерінен өнімнің сапасын арттыру және оны өндіру мен таратудың алдыңғы қатарлы технологияларын иелену есебінен бақталастықты сипаттайтын оның бағалық емес түрлеріне көшу байқалады.
Бұл жағдайларда кәсіпкерлік жеткілікті қаржылық және ұйымдастырушылық-басқару икемділігін қалай меңгеру, тәуекелдің негізгі түрлеріне төзімді болу және тепе-тең келетін шығыстар кезінде аталған үдерісті ұйымға енгізуде салыстырмалы түрде қарапайым болу керек секілді белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс. Заманауи шаруашылық жүргізу тетіктеріне тән болатын барлық аталған қасиеттер мен ерекшеліктер бизнесті жүргізудің франчайзингтік моделіне тән.
Дамыған елдерде франчайзингті қолданудың көп жылғы тәжірибесі оның ерекше тәуелсіздігін сенімді түрде дәлелдеді.
Франчайзинг - бұл табысқа жеткен және жоғары бәсекелестік экономикада кеңею стратегиясын жүзеге асыратын фирмалар үшін бизнесті дамытудың тиімді әдістерінің бірі.
Сонымен бірге шетелдік кәсіпкерлік ортада оның кеңінен таралуы франчайзингтің бизнесін жаңа бастаған кәсіпкер үшін өзінің сенімді ісін ұйымдастырудың барынша тиімді мүмкіндігі және қоғамның түрлі тауарлар мен қызметтерге деген қажеттігін қамтамасыз ету құралы болуымен байланысты. Соңғы 50 жылда франчайзинг кеңінен танымал болғаны соншалықты АҚШ-та бөлшек тауар айналымындағы оның көлемі 40%-дан асады, ал Еуропа елдерінде - 60%-ға дейін [2].
Франчайзинг кеңінен белгілі және барлық әлемдік қоғамдастықта іс жүзінде қабылданған түсініктердің бірі. Франчайзинг сөзінің шығу мағынасы осы уақытқа дейін дау туғызуда. Franchising деген сөздің өзі француз тілінен franchise деген сөзден шыққан, ол жеңілдік, артықшылық, салықтан босату, салым деген мағынан білдіреді [3, 4].
Нәтижесінде бұл сөз ағылшын тілді мемлекеттерде де бекітілді. Тілдердің фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты franchise сөзінен туынды сөздер әртүрлі айтылады, бұл терминнің мәні үшін қатып қалған дүние емес, алайда франчайзинг қарым-қатынастардың салыстырмалы түрде жаңа жүйесі болып табылатын мемлекеттердегі кәсіпкерлік орта өкілдері үшін оның маңызы жоғары.
Кейірінек кәсіпкерліктің осы түрімен байланысты ұғымдарды белгілеу үшін туынды сөздер қалыптасты: франшиза, франчайзер, франчайзи.
Ғылыми экономикалық әдебиетте франчайзинг сипаттамасының мәніне және жалпы оның категориялық аппараттағы мазмұнына, оның пайда болу уақыты мен орнына, сондай-ақ отандық жағдайларда франчайзингтік қатынастарды құқықтық реттеуге қатысты қарама-қайшы пікірлер кездеседі.
Британдық ғалымдар Дж. Стенворд және Б. Смит [5, 12-13], А. Ермолинский, О. Новосельцев, С. Поворин, А. Цират секілді ресейлік экономистер [5, с.6-9] франчайзингтің шығу бастамасын байланысты үйлер британдық жүйесінен көреді және франчайзинг орта ғасырлық Англияда пайда болған деп есептейді.
Сонымен бірге, франчайзингтің отаны АҚШ болып табылады деген пікір де бар, онда ХІХ ғасырдың екінші жартысында Зингер компаниясы белгілі бір аумақта жұмыс істеу және сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін тігін машиналарын бөлшек саудада сататын сатушылардан ақы ала бастаған.
Бұл тәсілді Дженерал Моторс компаниясы да қолданған, ол автомобильдерді сату үшін сатып алушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсететін делдал фирмаларды жұмысқа тартып, осылайша өндіруші компанияның беделін сақтап келген [10].
Франчайзингте, әдетте, шарттың тараптары франчайзер (франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иеленуші) және франчайзи (франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшизаны ұстаушы, құқық алушы) болады.
Франчайзер ретінде, әдетте (бірақ міндетті емес), кеңінен танымал тауар белгісі немесе бренді бар және тұтынушылар нарығында жоғары беделге ие ірі фирма (корпорация) жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына коммерциялық қызметте өзінің сауда белгісін пайдалануға белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен лицензияны, айрықша құқықтар кешенін (франчизаны) береді. Әдетте, франчайзердің аталған өнімді шығару өндірісінде көп жылғы тәжірибесі, сондай-ақ аталған жобаны табысты іске асыру туралы білімі болады.
Жалпы алғанда франчайзингтік жүйе бизнес саласындағы ұйымдық құрылым болып табылады, ол құрылымды басқаратын франчайзеркомпаниядан және оның бақылауында болатын франшизалық кәсіпорындар желісінен тұрады. Түрлі әдебиеттерде франчайзинг термині әр түрлі түсіндіріледі. Аталған терминнің шетелдік тәжірибедегі классикалық анықтамалары берілген.
А-қосымшасында берілген анықтамалар, не болғанда да франчайзингтің мән-мағынасын көрсетеді. Шетелдің экономикалық әдебиеттерін талдау франчайзингті түсіндірудегі екі ұқсас бағытты бөліп алуға мүмкіндік берді. Біріншіден, американдық бағыт, ол франчайзингті франчайзердің брендін пайдалануды көздейтін франчайзингтік қатынас субъектілерінің арасындағы кесіпкерлік қызметтің кез келген түрі ретінде анықтайды.
Екіншіден, еуропалық бағыт, бұған сәйкес франчайзинг деп бірыңғай тауар маркасын пайдаланудан басқа, коммерциялық және технологиялық әдістер (ноу-хау) туралы ақпаратты берумен және франчайзер тарапынан франчайзиге ұзақ мерзімді техникалық және консультациялық көмек көрсетумен қатар жүретін экономикалық қатынастар, сондай-ақ бизнесті жүргізудің белгілі бір стандарттарына сәйкес стандартталған өнімдер немесе қызметтер өндірісін түсіндіреді.
Американдық терминология еуропалық коммерциялық тәжірибеде пайдаланылатын анықтамалардың негізгі элементтерін қамтиды, сондай-ақ франчайзинг түсінігіне келісімшарт, жүйе, сауда беделі (сауда маркасы, фирмалық қызмет және т.б.), құқықтарды беру, төлемдер секілді анықтамалар кіреді.
Шетелдің экономикалық әдебиеттерінде франчайзинг анықтамасының шектелуі тар мағынада түсіндіруден тұрады, себебі франчайзинг қызмет көрсету операцияларының және роялти төлемдерінің технологияларын сақтауға келіп тіреледі. Франчайзинг түсінігінің негізгі белгілері франчайзер мен франчайзидің болуы, бизнесті жүргізу тұжырымдамасын беру, бренд, сапаны бақылау, төлемдер болып табылады.
Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті дамытудың ұйымдық-экономикалық тетігі ретінде франчайзинг анықтамасын әзірлеу мәселесі оның көп қырлылығымен және оның көмегімен шешілетін міндеттердің алуан түрлілігімен күрделене түседі. Сондықтан түрлі экономистер франчайзингті:
сауда маркасының меншік иесінің капиталды тарту [15-17];
гибридті кәсіпорындарды құру [18, 19];
брендтің трансфері [20];
шарттық маркетингтік жүйені қалыптастыру [21];
ірі және шағын кәсіпорындардың арасында өзара тиімді
ынтымақтастықты ұйымдастыру [22, 23];
өткізу қызметінің аутсорсингі (франчайзер үшін) және брендті басқару (франчайзи үшін) [24, 25], бұл ретте өткізу қызметінің аутсорсингі қатынастары реттелмеген және франчайзер тарапынан нақты түрде төлем жасауды көздемейді [26];
франчайзидің тәуекелдерін барынша төмендету үшін қолданылатын құрал ретінде қарастырады [27].
Осы себептен көптеген авторлар өз зерттеулерінің мақсатына қарай франчайзингтің белгілі бір аспектісіне ғана көңіл бөледі және тек осы бағытқа негізделген анықтаманы ұсынады.
Мұндай анықтамалардың жеке сипатта болатыны айқын және франчайзинг шартына қатысушылардың арасында туындайтын қатынастардың барлық тұстарын суреттеуге мүмкіндік бермейді.
Франчайзингтің қазіргі заманғы анықтамаларына жасалған салыстырмалы талдау 1-ші кестеде берілген.

Кесте 1 - Франчайзингті анықтау тәсілдеріне жасалған салыстырмалы талдау

Анықтама
Артықшылықтары
Кемшіліктері
1
2
3
Франчайзинг - бұл іскерлік қызметтерді, көбіне - айналым капиталы бар, бірақ бизнесті жүргізудің тәжірибесін меңгермеген немесе аз ғана мөлшерде меңгерген тәуелсіз инвесторларға сатудың нарықтық-бағдарлық әдісі [28]
анық емес түрде болса да
франчайзи үшін франчайзер іскерлік қызметтердің жеткізушісі болып табылатындығына сілтеме бар
шамадан тыс айқын емес
анықтама
...франчайзингтік келісім көбіне заңды түрдегі тәуелсіз фирманың арасындағы шарт ретінде екі түсіндіріледі, ол бойынша бір фирма (франчайзи) екінші фирмаға (франчайзерге) франчайзердің өнімдерін сату құқығы үшін жәненемесе оның сауда маркасын және бизнесті жүргізу форматын белгілі бір аумақта белгіленген уақыт кезеңінде пайдалану құқығы үшін ақы төлейді [29]
франчайзиге қойылатын шектеулердің сипаттамасы
франчайзинг пен уәкілетті делдалдардың ара-жігін ажыратуға мүмкіндік
бермейтін
шамадан тыс айқын емес
анықтама
...франчайзинг - бұл бизнес-ортаны ұйымдастырудың ерекше нысаны, ол көшбасшы-фирмаға тауарлар мен қызметтер нарығында өзінің үстемдік ету позицияларын орнатуға және сақтауға
мүмкіндік береді [23]
Артықшылығы:
анықтамада франчайзингтің маңызды сипаттарының бірі франчайзердің мүддесі үшін бизнес ортаны ұйымдастыру болып
табылатындығы туралы
түсінік бар
франчайзингтің тәуелсіз кәсіпорындарды ң өзара іс-қимыл
жасауының басқа нысандарынан ешқандай
айырмашылықта ры аталмаған
Франчайзинг (ағылшын сөзі Franchise - артықшылық) - 1) сауда маркасын, тауар белгісін және фирмалық атауды және олармен байланысты технологиялар мен ноу-хауды пайдалану үшін құқықтарды (белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттармен) беру; 2) сауда маркасы мен технологиялардың меншік иесі-
компанияның тәуелсіз кәсіпорындарға сауда маркасын, тауар белгісін және фирмалық атауды және олармен байланысты технологиялар мен ноу-хауды пайдалану үшін құқықтарды беру арқылы өкілдіктерінің желісін құру [24]

франчайзинг зияткерлік меншікті берудің құралы ғана емес, сонымен бірге франчайзердің сауда маркасымен өткізу желісін қалыптастыру әдісі болып табылатындығын көрсетуге талпыныс жасалған
шын мәнісінде франчайзингтің
екі түрлі құрамдас бөлігі үшін екі жеке анықтама беру жайында сөз
болып отыр

1 - кестенің жалғасы

1
2
3
Франчайзинг - бұл оған сәйкес кәсіпкерлердің біреуі (франчайзер) бизнесүдерістің моделін дайындайды және осы модельге сәйкес бизнесті жүргізу құқығын басқа кәсіпкерге (франчайзи) беретін бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің түрі [30]

франчайзердің франчайзиге бизнесті жүргізудің дайын моделін беретіндігін көрсетеді
Осы модельді пайдалану құқықтарын
берудің схемасы жоқ (жалпы
жағдайда бизнесті жүргізу моделі тегін негізде берілуі және франчайзердің сауда маркасымен ғана жұмыс істеуге талап қоюмен қатар жүрмеуі
мүмкін)
...франчайзинг бір тарап (құқық иеленуші) екінші тарапқа (пайдаланушы) белгілі бір мерзімге немесе мерзімін көрсетпей құқық иеленушінің сауда белгісіне, қызмет көрсету белгісіне құқықты, сондай-ақ шартта көзделген айрықша құқықтардың басқа да объектілеріне, атап айтқанда коммерциялық белгілерге, өндіріс құпиясына (ноу-хау) құқықтарды қамтитын айрықша құқықтарының кешенін пайдалану құқығын сыйлықақы үшін беретін бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің нысаны ретінде
қарастырылады [31]
пайдалану құқығы франчайзерден франчайзиге берілетін материалдық емес активтердің кешені толық көрсетілген
франчайзидің франчайзерге қатысты
міндеттемелері
туралы (ең алдымен, оның тек қана
франчайзердің сауда маркасымен және технологиялары бойынша жұмыс істеу міндеті туралы) ештеңе айтылмайды
Франчайзинг зияткерлік меншіктің (сауда маркасы және онымен байланысты өндірістік және коммерциялық технологиялар; бұл ЗМ кешені франшиза деп, ал иесі - франчайзер деп аталады) иесі оны пайдалану құқығын екінші кәсіпкерге (франчайзи) беретін, ал ол өзіне берілген ЗМ негізінде ғана коммерциялық қызметті жүргізуге міндеттенетін фирмалардың арасындағы кооперацияның нысаны болып табылады [26]

франчайзидің өзінің қызметін франчайзердің сауда маркасымен ғана жүргізу міндеттемесі көрсетілген, бұл франчайзингтің айрықша маңызды белгісі болып есептеледі
Зияткерлік меншіктің франчайзерден франчайзиге берілудің ақылы сипаты, сондайақ франчайзиге салынатын
шектеулер
(аумағы мен
мерзімі бойынша) көрсетілмеген

1 - кестенің жалғасы

1 2 3
Франчайзинг - ұзақ мерзімді іскерлік франчайзи ынтымақтастық жасау түрі, оның франчайзингтің
барысында ірі компания жеке кәсіпкерге келісілген талаптарымен Франчайзерден немесе кәсіпкерлердің тобына шектеулі тауарлар өндіру мен франчайзиге аумақта, шартта белгіленген мерзімде қызметтер көрсету франшизаны және талаптармен аталған компанияның саласындағы өз қызметін берудің ақылы сауда маркасымен өнімдерді өндіруге, франчайзердің сауда сипаты тауарларды сатуға немесе қызметтерді маркасымен жүргізуге көрсетілмеген көрсетуге лицензия (франшиза) береді. міндетті екені
[32] көрсетілген
Франчайзинг ... ірі және шағын ірі және шағын бизнестің
кәсіпкерліктің аралас түрі, онда ірі өзара іс-қимыл жасауы Франчайзингтік корпорациялар, аналық компаниялар көрсетілген келісімдердің
(франчайзерлер) шағын фирмалармен, қатысушылары
еншілес компаниялармен, ... тәуелсіз (франчайзилер) франчайзердің атынан кәсіпкерлер
қызмет ету артықшылығына құқық беруге болып табылады шарт жасасады [ 33, 35 б.]
Франчайзингтің шарттық Шамадан тыс
Франчайзинг - бұл қызметті қатынастардың жүйесі айқын емес
ретіндегі мәнін көрсетеді анықтама және
ұйымдастыру мен басқарудың жеке франчайзингтің
жүйесі; таратудың маркетингтік жүйесі; өткізушілік әріптестік қатынастарды қалыптастыруға
мүмкіндік беретін шарттар жүйесі [34] құрамдас
бөлігіне ғана көңіл бөлінеді
Франчайзинг - бұл маркетингтік франчайзер мен ұйымның және бизнестің франчайзидің институционалдық саласының арасындағы қатынастар интерференциясы, онда бизнесті жүргізу кешені жеткілікті толық
сапасына бақылау жасауға құқығы бар көрсетілген Автордың
маркетингтік
және бір жолғы бастапқы төлемдер мен ұйым дегені нені
роялти төлегені үшін франчайзиге қажетті білдіретіні
маркетингтік стратегияны беруге, түсініксіз.
персоналды оқытуға, сауда менеджментін
беруге міндетті компания (франчайзер) тәуелсіз тұлғаға немесе басқа компанияға (франчайзи) өзінің өнімдерін, қызметтерін сатуға айрықша құқық береді [14]
Ескерту-әдебиеттер көздерін талдау негізінде автормен құрастырылған

Біздің ойымызша, келтірілген анықтамалар франчайзингтің мәнмағынасын түсінудің жан-жақтылығын көрсетеді. Біріншіден, ол тәуелсіз кәсіпорындардың иелері арқылы франшизалық жүйені құру, ұстау мен дамыту үдерісін білдіреді [32].
Екіншіден, франчайзинг өнімдерді немесе қызметтерді тұтынушыға жеткізу әдісі ретінде анықталады.
Үшіншіден, бизнесті дамыту, материалдық және қаржы құралдарының және түрлі кәсіпорындар күш-жігерінің кооперациясы негізінде нарықты жаулап алу әдісі ретінде.
Төртіншіден, экономистердің көпшілігі франчайзинг сауда маркасымен қорғалған өнімдерді немесе қызметтерді өндіруші немесе дара таратушы аталған аумақта өзінің өнімдерін немесе қызметтерін таратуға арналған айрықша құқықтарын өндірістік және қызмет көрсету операцияларының технологияларын сақтау шартымен олардан төлемдер (яғни, роялти) алғаны үшін орнына тәуелсіз кәсіпкерлерге беретін келісім немесе ұзақ мерзімді іскердік ынтымақтастық жасаудың бір түрі деген пікірге тоқтайды [32, с.24; 35].
Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келе, франчайзинг - бұл өзінің ісін табысты әрі сенімді түрде жүргізетін франчайзер үшін ол өзінің бизнесін дамытудың тиімді әдісі болып табылатын әріптестік бизнес деп айтуға болады.
Бұл әдіс аумақтық дамудың дайын тхнологиясы бойынша франчайзилердің көптеген желісін құру идеяларына негізделген.
Кәсіпкер үшін франчайзинг - бұл франчайзер өзінің сауда маркасымен бірге беретін және жан-жақты көмек көрсететін нарықтың дайын бос орнында өзінің бизнесін ашу мүмкіндігі.
Зерттеу барысында біз франчайзинг саласында шешімдер қабылдау кезінде негізгі факторлар мыналар екенін анықтадық:
тауарлар немесе қызметтер (франчайзинг объектісі), яғни ең алдымен, аталған нарықта ол қаншалықты бекігенін анықтау үшін тауардың немесе қызметтің беделі мен жаңашылдығы қарастырылады;
маусымдылық, ол жалпы жағдайды анықтайды және қаржы жағдайы мен қолма-қол ақша ағымын талдауға мүмкіндік береді;
белгілі бір аумақтағы эксклюзивтілік франшизаның аса маңызды сипаттамасы болып табылады;
меншіктің құрылымы - бизнес үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайлар;
франчайзер мен франчайзидің арасындағы қатынастар жиынтығы
болып табылатын франшиза пакеті;
кәсіпкерлер мен франчайзингтік кәсіпорын қызметкерлерінің оқытылуы.
Аталған факторлардың өзара іс-әрекеті бизнесті жүргізудің тиімділігі жоғары тұжырымдамасын қалыптастыруға ықпал етеді, жүйе элементтерінің арасындағы өзара байланыс күшейген сайын өзінің позициясын нығайта түседі. 1-суретте франчайзингтік өзара қарым-қатынастардың авторлық моделі берілген.

Франчайзер (
құқық

иеленуші
)

Құқықтарды

беру

Тауар белгісі және фирмалық стиль

Тұт
ынушы

Қызметтер

көрсету
жүйесі

услуг

Қажеттілікті

қанағаттандыру

Төлемдер

Операци
ялық талдау

Зияткерлік меншік объектілері

Ноу
-
хау

Қолдауды

қамтамасыз ететін
қызметтер

Франчайзе
р (
құқық

иеленуші
)

Франчайзи

(
пайдаланушы
)

Франчайзинг

шартының
талаптарын қайта
қарау

Қызметтерді

көрсету

Сурет 1 - Франчайзингтік өзара қарым-қатынастардың моделі

Ескерту - автор құрастырған

1-суретке сәйкес франчайзинг жүйесінің қызмет етуі сатып алушылардың (тұтынушылардың) қажеттілігін қанағаттандыру үдерісінен басталады және қызметтер көрсету сатысына өтеді. Бизнес-операцияларды іске асыру барысында мақсатты нарықтардың қалаулары мен қызығушылықтарын, сондай-ақ қызметтер көрсету саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, франчайзинг негізіндегі кәсіпкерлердің арасындағы өзара қарымқатынастардың барлық элементтерін қозғайтын салдар туындайды. Қызметтер көрсету жүйесіндегі өзара іс-қимылды зерттеудің құндылығы ұсынылған модель қатысушыларға осы өзгерістерді белгілейтін себептерді анықтауға мүмкіндік беретінінде. Үдерістердің нашарлау немесе өзгеру себептерін сәйкестендіру франчайзингтік жүйе тараптарының арасында операциялардың орындалуына жауапкершілікті қайта қарау немесе қайта бөлудің бастапқы сатысы болады. Алайда, функционалдық өзгерістер мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде франчайзи мен франчайзердің арасында даулы жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін, оларды кеңейту тараптардың әрқайсысының мүдделерін қанағаттандыру тиіс.
Біздің ойымызша, франчайзингтік өзара қарым-қатынастардың аталған моделі коммерциялық қызмет үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді және дер кезіндегі операциялық талдау осы бизнес-формат элементтерінің қызмет ету схемасының сапасын арттырады. Дер кезінде қабылданған және пара-пар басқарушылық шешімдер кәсіпкерлердің өздерінің идеяларын іске асыру аумағын кеңейтеді және бизнесті жүргізудің ең үздік табыстарына қол жеткізуге көмектеседі. Франчайзингтік жүйе қатысушыларының мақсаттары мен міндеттерін жан-жақты түсінуді франчайзингтік келісімді жасау барысында екі тарап үшін тиісінше түрде өзара тиімді талаптар белгілеу үшін қажет.
Осылайша, франчайзингтік қатынастардың дамуына, франчайзингтің негізінде бизнесті ұйымдастыру технологияларының жетілуіне және оның жаңа түрлерінің пайда болуына қарай осы түсініктің мазмұны өзгереді немесе жаңалықтар енгізіледі. Мысалы, қазіргі уақытта кейбір анықтамаларда нарық субъектілерінің ықпалдасу үрдісі көрініс табады және франчайзинг институционалдық экономика тұрғысынан қарастырылады [14, с.8].
Мысалы, франчайзинг терминінің үнемі кеңейіп отыратын түсіндіру аралығы бар. Бұл түсінікті анықтаудың алуан түрлілігі, біздің ойымызша, біріншіден, мамандардың қызмет түрлеріне байланысты оны түрліше қабылдауымен байланысты.
Бұның барлығы франчайзинг тәжірибеден көш ілгері жүретін және заманауи экономикалық жағдайларда өзекті болып табылатын бизнестің дамушы категориясы болып табылатындығын дәлелдейді. Франчайзингтің жаңа анықтамаларының пайда болуы оның қызмет етуінің ерекшеліктерімен және күрделілігімен байланысты. Франчайзинг - бір мағыналы түсінік емес, сондықтан франчайзинг - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы франчайзинг дамуын талдау
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Инжиниринг және технология трансферті орталығы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Кәсіпкерлік фирманың түрлері және бәсеке
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлі
Трансұлттық корпорациялар туралы
Франчайзингтік қарым - қатынастардың жүйесі
Трансұлттық корпорациялар және олардың түрлері
Пәндер