Республикамыздағы қонақ үй бизнесінің даму жолдарын көрсету


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қонақ үй сферасы туризм саласының негізгі әрі құрамдас бөлігі ретінде қазіргі заманғы шарттарға сәйкес әлемдік экономиканың динамикалық дамушы секторы, әрі ақшаның құйылуының тиімді көзі болып табылады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік», - деп көрсетілген.
Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына қонақ үй шаруашылығы да жатады.
Қазіргі таңда қонақ үй бизнесі - бүкіл әлем бойынша миллиондаған табыстар әкелетін экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы. Қонақ үй бизнесі бюджетке көп пайда әкелетін туристік бизнестің бір саласы болып табылады. Жылдан жылға елімізде қонақ үйлердің саны артып келеді. Қонақ үйлердің көбеюі бәсекені күшейтіп, қонақ үйлердегі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып келеді.
Қонақ үй бизнесі Қазақстан азаматтары мен шетелдік қонақтарды тұрғынжай, аспен қамтамасыз ететін және басқа да әртүрлі қосымша қызметтерді көрсететін маңызды сала болып табылады. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, халықтың әл-ауқатының өсуі, отандық нарыққа ірі халықаралық қонақ үй тізбектерінің келуі қонақ үй қызметтерінің қарқынды дамуы мен олардың сапасының әлемдік стандарттарға сай көтерілуіне септігін тигізді.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты - Республикамыздағы қонақ үй бизнесін басқа дамыған және дамушы елдердің қонақ үйлерінің және мейрамханалық кешеннің даму деңгейімен салыстыра отырып, қазіргі әл-ауқатын, жағдайын көрсету, сонымен қатар, еліміздегі қонақ үйлердің қазіргі даму барысындағы кемшіліктеріне назар аудара отырып, алдағы уақыттағы даму жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің қазіргі даму деңгейі қарастырылған.
Қойылған мақсаттарға жету барысында келесі мәселелерді қарастырдым:
1. қонақ үй шаруашылығының тарихына шолу;
2. жалпы қонақ үйлердің түрлері, құрылымы бойынша түсіндірмелер;
3. еліміздегі қонақ үй бизнесінің қаржылық дағдарыс кезіндегі жағдайын қарастыру;
4. Қонақ үй кешенін мысалға ала отырып, даму жолдарын көрсету.
Курстық жұмысымның ақпараттық қорын - Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің жинақтамалары, Қазақстан қонақ үйлері және мейрамханалары ассоциациясы мен Қазақстандық туристік ассоциациясының материалдары, ғылыми басылымдардағы жариялар, www-серверлердің мәліметтері және ғылыми зерттеу нәтижелері құрады.
1 ҚАЗАҚСТАНДА ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1. 1 Қонақ үй бизнесінің даму тарихы
Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану ерек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс, Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда. Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек. Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады. Орналастыру - туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар, апартаменттер, туристік приюттар және жеке секторлар. [25; 31б]
Республиканың көрікті, көрсетуге болатын маңызды объектілері мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан. Олар Қазақстанның алғашқы қалалары: Түркістан, Отрар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке; Талхиз(Талғар), Қойлық(Талдықорған) .
Алдағы уақытта қонақ үй бизнесінің дамуы туризмнің дамуымен тікелей байланысты.
Ендігі кезекте Қазақстанның қонақ үйлеріне тоқтала кетсек. Оңтүстік астана қонақ үй индустриясының басты орталығы болып саналады. Бүгінгі күнде республикада 195 қонақ үй жүмыс істейді. Соның 36-сы Алматы қаласында орналасқан. 1990 жылдан бастап Қазақстанның қонақ үй рыногында инвестициялық ағын болды деуге болады. Осы жылдары 10 аса отелдер салынды. Көбісі бірлескен кәсіпорындар болып есептеледі және де әртүрлі халықаралық қонақ үйлер тізбектеріне кіреді. Кейіннен 1990 жылдардың ортасында халықаралық стандарттарға жауап беретін бір қатар отелдер пайда болды. Олардың инвесторлары болып отандық бизнесмендер шықты.
Нарықтық экономика жағдайында елімізде бірден-бір өндірістің әлеуметтік - экономикалық тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін кәсіпорын қызмет көрсету саласы болып отыр. Соның ішінде қонақ үй-мейрамхана қызметі ерекше орын алуда. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, нарықтың кеңеюімен кәсіпорындардың бұл қызмет түрлеріне сұраныс өсіп келеді. Мейрамханалық бизнес тартымды әрі перспективті: мейрамхананың орны мен әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфера және білікті ұйымдастырылған қызмет көрсету нарықты тартуға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен инвестицияларды қамтамасыз етеді. Бұл сала: сатудан бастап көліктік, қаржылық, сауықтыру және басқа да қызмет түрлерінің ауқымды деңгейін қамтиды. Халықаралық тәжірибеде қонақ үй индустриясы және мейрамхана бизнесі барынша пайдасы жоғары және экономиканың барынша динамикалық саласының, туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны шетелде «алтын жұмыртқа әкелуші тауық» деп те атайды. Бүгінгі таңда қонақ үй-мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі, Қазақстанда қоғамдық тамақтандыру саласы, оның ішінде қонақ үй-мейрамхана саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Бес-алты жылдың ішінде көптеген қонақ үй-мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар - ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы. Елімізде мейрамхана шаруашылығы даму үстінде және оның түрлері де жылдан-жылға жаңаруда. Қоғамдық тамақтандыру қызметі нарығында бәсекелестіктің өте жоғары деңгейде екендігінде айтуға болады. Осы кезеңде мейрамхана шаруашылығын жүргізушілер арасында бәсекелестікті өзара реттеудің жолын іздестірген ғалымдар, мейрамхана бизнесінде бәсекелестікті жеңілдету үшін, әрбір тамақтандыру орталықтарының өзіндік бір-біріне ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын қызмет түрлерін ұйымдастыруы қажет деп тапқан. Осыған сәйке нарықта мейрамхана түрлерінің көптеген түрлері пайда бола бастаған. Оның біршама түрлері қазіргі кезеңде елімізде қолданыс табуда және мейрамханалар бәсекелестікті өзара реттемейінше, олардың қарқынды дамуына кері әсерін тигізуші факторлар ықпалы күннен - күнге арта түсетіні сөзсіз. Бүкіл әлемде мейрамхана иелері қонақтарды тарту үшін түрлі айла-әрекеттерге барады. Қалыптан тыс мейрамханалар жетерлік, тек дарынды рестораторлардың қиялына таңғалу қана қалады. Ithaсуасты мейрамханасы. Мальдивы аралдарындағы Hilton қонақ үйі. Ас кезінде акула, скат, тағы басқа теңізде мекендейтін тірі жандар сізден көз алмайды. Толығымен шынымен қапталған әлемдегі тұңғыш мейрамхана су астындағы маржанды жартастардың үстінде, 5 метр тереңдікте орналасқан. Мейрамханада бар болғаны 14 қана орын бар. Тобаго аралындағы Спрейсайд елді мекенінде ораналасқан ағаш үстіндегі мейрамхана. Jemma’s Sea View Kitchen мейрамханасынан аралдың тамаша пейзажы ашылады. Немістің Рюдесхайм қаласының бұрынғы түрмесінде орналасқан Bollesje мейрамханасы кіре берісте қонақтардан саусақтарының ізін түсіріп, іштегі тәртіп ережелерін түсіндіреді Big Texan Steak Ranch Amarillo (АҚШ) қонақтары үшін үнемі түрлі акциялар өткізеді. Екі келілік стейкті бір сағаттың ішінде бітірсеңіз, сізден бір тиын да алынбайды. Бірақ бұған қол жеткізген адам көп емес. Мейрамхана басшылығы адамның бұл физиологиялық қасиетімен жақсы таныс, сондықтан мұндай акцияларды жиі өткізеді.
Kuappi Iisalmi (Финляндия) - әлемдегі ең кішкентай мейрамхана -мұнда бір үстел мен екі орындық қана бар
Бау-бақша-мейрамхана.
"De Kas" мейрамханасында үстелдер бақша жүйектерінің ортасында орналастырылған. Барлық көкөніс, жеміс-жидек пен көк - экологиялық таза өнімдер. Бірақ бұл - вегетариандық мейрамхана емес. Ас мәзірінде жергілікті ет және балық өнімдері кездеседі. Мейрамхананың тағы бір ерекшелігі - Бас аспазшының үстеліндегі кештер - қонақтар кулинария өнерінің шеберлері қалай жұмыс істеп жатқандығын бақылай алады.
Kinderkookkafe балалар мейрамханасы - Амстердамның ең ерекше мейрамханаларының бірі. Ересек даяшылардың орнына жас голландықтар жұмыс істеп, ақысын да алып кетеді. Әрине, ересек аспазшының көмегімен, олар ас үйде де ас мәзіріндегі тағамдарды даярлайды. Тамақтары дәмді, әсіресе десерттер
O’Noir Montreal - "қараңғы" мейрамхана. Мейрамхана интерьері күңгірт түстермен боялып, қонақтарды қалта шамын ұстаған даяшылар қарсы алады. Мейрамхана территориясында шақпақтар, ұялы телефондар және басқа да жарық беретін құралдарға тыйым салынған. Мұндай тұңғыш орын 1999 жылы Цюрихте ашылған болатын. Ал басқа елдердің рестораторлары бұл жобаны өз елдерінде де жүзеге асырып, қазір "қараңғы" мейрамханаларды Франция, Германия, Англия, Канада, АҚШ, Ресей, Австралия, Қытай және тағы басқа мемлекеттерде кездестіруге болады.
Аспан астындағы мейрмаханалар. Брюссельдегі Dinner in the Sky жер бетінен 50 метр биіктікте тамақтануды ұсынады. Бір үстелге 22 адамға дейін отыра алады. Бұл үш аспазшы, даяшылар мен конферансьені есептемегенде. Барлығына қауіпсіздік белбеулері тағылып, арнайы кран оларды "аспанға" жеткізеді. "Мейрамхананың" жалпы салмағы 2, 2 тоннаны құрайды. [78; 102б]
"HADAKA SUSHI" жапон мейрамханасы Лос-Анжелесте жұмыс істейді. Бұл жерде барлық тағамдар қыздардың денелерінің үстіне салынып беріледі.
енада голландтық дизайнерлер ішек пішіндес бардың тұсауын кесті. Жобаның негізгі шабыт берушісі адамның ас қорыту жүйесі болды. Дизайнерлер бардың ішкі интерьерін тілден бастап, асқазан, ішек-қарынға дейін жібермей қамтыған. "Темір жол" мейрамханасы ерекше стильде безендірілген. Даяшылардың орнына тапсырыс берілген тамақты шағын пойыздар жеткізеді
Villa Escudero мейрамханасының басты мақтанышы - құлама сулар. Мейрамханаға қонақтар шалбарларының балақтарын түріп келеді. "Grotta Palazzese" мейрамханасы тек жаз мезгілінде ғана жұмыс істейді. Себебі ол әк тастан құралған тас үңгірдің ішінде орналасқан. Ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес әсер қалдыратын мейрамхана итальяндық ас өнерін паш етеді.
Қонақжайлылық индустрияның бірден-бір құраушысы қонақ уйде орналастыру құралдары болып табылады. Қонақ уй-ол жиһаздалған уй, қонақтарды қабылдау мен олардың қонуына арналған, келесі мақсаттардың біреуіне байланысты баруға болады: іскерлік, конгрестік, демалыс, ойын-сауық, тану, саудалық миссия, этникалық, діни-таным, емделу және спорттық мақсаттар. Қонақ уйдің негізгі белгілері нөмірлердің болуы мен қосымша қызметтермен бірге жүретін қызметтер болып табылады. [36; 49б]
Қонақ уйдің негізгі функциялары:
1. Қонақтарды жатын орынмен қамтамасыз ету.
2. Қонақтарды тамақпен қамтамасыз ету.
3. Толыққанды демалу үшін жағдай жасау.
4. Клиенттін тұруына байланысты қосымша қызметтер көрсету. Қонақ үйлерде қосымша қызметтерге спорттық залдар мен құралдар, сауықтану комплекстері, шаштараздық қызметтер, хмимиялық тазалау қызметтері, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтері жатады.
Қонақ үй келесі жағдайларға сәйкес болуы керек:
- эргономиялық яғни, жайлылық пен ыңғайлылық, қызметтің адам қажеттілігіне психикалық және психологиялық сәйкес келуі;
- эстетикалығы яғни, ғимарат сәнді безендірілуі керек, қазіргі заманға сән мен тұтынушылардың талаптарын ескеруі;
- қонақ үй қала мен мекенжайдың жалпы ансамблін сақтай отырып, қоршаған ортамен үйлесімді болуы керек;
- қонақ үй мәртебесін ерекшелейтін безендірілген қонақ үйдің алды, жарнаманың орналасуы, қонақ үйлік сауда орталықтарының көрмелері, жарықтандыруды қамтамасыздандыру арқылы жарнама жасау;
- қонақ үй ғимараты техникалық, санитарлы-гигиеналық, экологиялық нормативтер мен ұсыныстарға сәйкес болуы;
- қонақ үй персоналды қонақжайлы, білікті және дәлелді болуы керек. Қонақ үй ғимаратын көптеген белгіге байланысты айырады: қонақ үй түрі, сыйымдылығы, қабаттығы, бағытталығы, пайдаланымдылығы. Функционалды бағытына қарай қонақ үйде вестибюльдің орналасу тобын; қонақтардың тамақтану орны, сайда-тұрмыстық қызмет көрсету орындары, спортпен шұғылдану орны, ойын-сауық, қонақтардың қызметі; қызметтік және тұрмыстық орындар; техникалық орындармен бөліп көрсетеді. Вестибюль орындарының тобы-ол қонақ үйдің ең маңызды орындарының бірі. Вестибюль ол қонақтардың кездесулеріне бағытталған, ол жерде кейбір жұмыстарды бөлуфункциялары жүзеге асады.
Қонақ үйдің тұрғын бөлігі келушілердің қонатын орнын құрайды, яғни бұл нөмірлер жайлы және ыңғайлы тұруға және тазалықты ұстануға арналған. Мейрамханаларда, барларда, кафелерде және басты тамақтанатын орындарда тамақтанумен қоса қонақтар думандата және аңгмелесе алады. Ойын-сауық орындарына келесілер кіруі мүмкін: киноконцерттік залдар, банкеттік және бейлейтін залдар, дискотекалар, бассейндер, теннистік корттар, спорттық залдар, кегельбан, сонымен қатар ойын бизнесінің кәсіпорындары, және казино ойнау автоматтары, одан басқа іскерлік кездесулерге арналған орындар, оларға конферец-залдар кіреді, іскерлік және банктік операцияларға арналған бөлмелер, көрмелік залдар. Саудалық-тұрмыстық қызмет көрсету орындар тобына жататындар: клинеттерге саудалық қызметте көрсететін кәсіпорындар, шаштараз, сән салондары, химиялық тазалау, суретке түсіру, ателье қызметтері. Іскерлік-тұрмыстық қызмет көрсету орындары жұмыстық, тұрмыстық, персоналдың тамақтануы, шаруашылық және қосалқы қажеттіктерін қамтамасыз етеді.
Техникалық орналасуларда кондиционердің техникалық жағдайын бақылайтын, қоқысты орталақтандырып шығару, телефон, сигнолизация және басқа да өмірді қамтамасыз ететін жүйелер қызметі орналасады.
Қазақстан Республикасындағы қонақүй сервисі мемлекеттегі қызмет көрсету сферасының бір бөлігі болып табылады. Осы қызметтің қорытындысы бойынша демалуды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулер, мәдени спорттық шаралар және де басқа да қызмет көрсетулердің көрсеткіштері маңызды болып табылды. Бұл өте дұрыс шешім болып табылады, себебі қонақүйлер күрделі және көп салалық шаруашылық жүргізеді, яғни қонақүйдегі қызмет көрсету ретінде тек ұйықтау орнымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар демалу, тамақтану, ойын - сауықты ұйымдастыру, басқа елдермен араласу сияқты өз клиенттеріне қызмет көрсетеді.
Қонақүй қызметі тек төсектермен ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар жалпы территориямен де қамтамасыз етеді. Сондықтан қонақүй қызметінің нәтижесін бағалау кезінде барлық қызмет көрсету формаларын, әсіресе басқа салаға жататын қызмет көрсету формаларын ескеру қажет.
Қазақстанда 450 жуық қонақүй қызмет жасайды. Жалпы мемлекет терриориясы бойынша тең мөлшерде орналаспаған, олар көбінесе авиа, теміржол, автомобильдер бекеттерінде және облыс орталықтарында, туристер көп жиналатын жерде орналасқан. Мысалы, Алматы қаласы мен Алматы облысының ірі жерлерінде 43 астам қонақүй бар.
Көптеген қонақүйлер рентабельді болып табылады, бірақ көбінесе халықаралық стандарттар талабына сәйкес жасалған интерьер мен қолайлы жағдай жасайтын қонақүйлер көп пайда табады. Қазақсан Республикасындағы қонақүйлердің негізгі бөлігі 3 және 4 жұлдызды қонақүйлерге жатады. Сонымен қатар 2 жұлдыздыға жататын отельдер бар, олар көп емес, себебі көбінесе ауылды жерлерде орналасқан. Олар отельмен салыстырғанда пансионатқа ұқсайды. Жалпы жылына қонақүй бизнесінен түсетін пайда мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының 0, 5% құрайды. Бұл өте аз көрсеткіш, яғни бизнестің бұл түрі елімізде нашар дамығандығын көрсетеді.
Қазақстан қонақүйлері бұрында жоспарлы шаруашылық жағдайында қызмет жасағаны бәріне мәлім. Нәтижесінде олардың арасында жасанды түрде шектеу пайда болып, бәсекелестік мүлдем жойылды. Кейбір қонақүйлер қаржылық артықшылықтарға ие болса, ал кейбіреулері жоспар бойынша ешбір қаржылық мәселесіз жұмыс жасады. Бүгінгі таңда бұл қонақүйлер басқа экономикалық және қаржылық жағдайда жұмыс жасап жатыр. Жеткіліксіз дамыған қонақүй желісі Қазақстан экономикасын инвестициясын тартуда қиындықтар туғызып тұр. Осыған байланысты кейінгі жылдары Алматы мен Астана қалаларында көптеген жоғары категориялы қонақүйлер салынды және мемлекет бойынша басқа да ірі қалалардағы қонақүйлер жөндеуден өткізілді. Нарықтық экономикаға көшкеннен бері Қазақстандағы қонақүй бизнесі өзгеріске ұшырады. Қонақүй бизнесі түсінігі бойынша бірінші жоспарға пайда табу, орнын толтыру сияқты категориялар шықты. Пайда табу, сервис, клиенттерді тарту әдістері, аз шығын шығару арқылы берілген тапсырма дұрыс шешім, менеджменттік факторлар тарапынан әртүрлі дәрежедегі басқарудағы тәуелділікті азайту 7қазіргі кезде қонақүй бизнесіндегі маңызды мәселеге айналды. [7; 23б]
Қазақстандағы кейінгі жылдардағы қонақүй сервисінің тәжірибесі бойынша нарықтағы қонақүйлердің экономикалық жағдайы таңдап алынған даму мақсатына байланысты. Бірақ қонақүй сервисіндегі қызмет көрсету сапасын бағалау дұрыс жолға қойылған жоқ, олардың мәселелері әлі толық көтерілмеген. Қонақүй кешендерінің қызметі талданып жатыр. Қазіргі кезде Қазақстанда 50 жуық жоғары класты қонақүйлер бар. Қонақүй сервисі шаруашылық - экономикалық қызметінің бір түрі болып табылады. Ол тура және жанама түрде жұмыс орнын береді және бюджетті шетел валютасынмен толтыратын маңызды әдіс болып табылады. Дүниежүзінде қонақүй сервисінің жаңа концепциясын игеру және ескілерді модернизациялап кластер түрінде кешенді дамыту, ақпараттық байланысты ғаламдау мәселелері көтеріліп жатыр. Қазақстандағы қонақүй бизнесі жоғарыда ататлған әдістер бойынша даму үстінде. Қонақүй бизнесіндегі рекреациялық желінің дамуы еліміздегі саяси - экономикалық жағдайға байланысты болды. [57; 78б]
1. 2 Қазақстанда қонақ үй бизнесінің даму мәселелері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz