Курорттық-сауықтыру туризмнің дамуы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 1 Курорттық және сауықтыру туризмі түсінігі
3: 5
Кіріспе: 1. 1 Курорттану және сауықтыру туризмі типологиясы
3: 5
Кіріспе: 1. 2 Курорттану және емдік-сауықтыру туризмнің даму тарихы
3: 9
Кіріспе: 1. 3 Туризмдегі санаторлық-курорттық мекемелердің түрлері және орналастыру ерекшеліктері
3: 15
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 2 Қазақстан Республикасындағы сауықтыру және курорттану туризмінің орталықтары
3: 18
Кіріспе: 2. 1 Бальнеологиялық курорттардың ерекшелігі мен емдеу жолдары
3: 18
Кіріспе: 2. 2 Батпақтық курорттардың емдеу жолдары
3: 23
Кіріспе: 2. 3 Климаттық курорттардың дамуына әсер етуші факторлар ме, н даму бағыттары
3: 23
Кіріспе:
3:
Кіріспе: 3 Қазақстан мен әлемдегі курорттық және сауықтыру туризмнің дамуы
3: 26
Кіріспе: 3. 1 Курорттану және сауықтыру туризмін дамыту мәселелері мен болашағы
3: 26
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қорытынды
3: 40
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 41


Кіріспе

Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай - ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.

Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді.

Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл - ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.

Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік - құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.

Курорттану және сауықтыру туризмді негізіне қарай ең басты туризм түрі деп айтуымызға болады. Себебі, курорттану және сауықтыру туризмі адамдардың денсаулығын жақсарту мақсатындағы туризм түрі болғандықтан. Өйткені денсаулық ол адамның өмірдегі ең басты, ең негізгі құралы деп айтуымызға болады. Сауықтыру туризм өзінің ежелгі әрі бай тарихымен негізделеді. Әр бір елде өзінің табиғи ресурстарына және социалды-экономикасына байланысты дамыған.

Негізінде бұл туризм адамдар бос уақытына және де мезгілге байланысты емдік сауықтыру мақсатында, санатори мен курорттарды қолданады. Курорттардың емдік туризм мақсатындағы бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ - климаттық, бальнеологиялық және батпақпен емдеу курорттары. Осы курорттарға байланысты курстық жұмыстың екінші бөлімінде, яғни емдік туризмдегі курорттардың қай түрінде қалай емделуге болады және де олардың ерекшелігіне тоқталамыз.

Отандық туристік нарықтағы қазіргі жағдай маркетингтің қағидаттары мен тәсілдерін қолдануды, жаңа тұтынушылардың негізгі белгілерін зерттеуді, сондай-ақ туристік қызметтерді тұтынушылардың мативациялары мен мінез-құлықтың ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді. Туризмді зерттеуге, сонымен бірген М. Б. Биржаков, В. И. Азар, Ф. Котлер сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты.

Курстық жұмыстың мақсаты : туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады.

Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін курстық жұмыста келесідей негізгі міндеттер қойылған:

- курорттану және сауықтыру туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;

- туризмдегі санаторлық-курорттық мекемелердің түрлері және орналастыру ерекшеліктерін айқындау;

- курорттану және сауықтыру туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы талдау;

- Қазақстан Республикасында курорттану және сауықтыру туризмінің дамыту мәселелері мен келешегін анықтау.

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Курорттық және сауықтыру туризмі түсінігіКурорттану және сауықтыру туризмі типологиясы

Курорттық емделуді ғажап физиолог Павлов И. П. былай деген “Емделушіге жазылған барлық дәрігерлік анықтамалар орнында қозғалмай қалушыларға әсер етеді себебі негізгі аурудың ошағы әлі қалпына келе қойған жоқ. Мұндағы ең басты талпыныс - адамды отырған орнынан дереу түрде алып шығу, күнделікті атқарып жүрген жұмысынан босату, оның ойын денсаулығының сау болуына қарай итермелеу ондай жағдайды бірнеше күндей қалпында қадағалап отыру”.

Курорттану және сауықтыру туризмі - бұл тұрғылықты жерден алшақтап демалу мен емделу мақсатында табиғи факторларды өзіне сіңіру. Сонымен қатар санаторлы-курорттық жерлер мен емдік орындарға саяхат жасау.

Санаторлы-курорттық емделудің негізі мынада жатыр ол:

Біріншіден адам баласы өзінің өмір сүру қалпынан ауытқып, жаңадан құрылған жерге келіп қоныстанады, және табиғи жанға-жайлы жағдайға кеңеледі.

Екіншіден ауруға төтеп бере алатын арнайы емдік режимді орнатады

Үшіншіден бұның мәні мынадан тұрады оған негізінен табиғи емнің факторларын қолдану мақсатында - минералды сулар мен емдік батпақтарды және жайлы климатқа толығы мен ем алып шығуына себепші болады.

Курорттық немесе курорттық емес санаторияларға барудың ең басты мәні науқасты өзінің бұрынғы өмір сүрген және де ауруы асқынған ортасынан алшақтатып оны жанға жайлыкөңілінен шығатын аймаққа апару керек.

Бұл қоршаған орта мен табиғи жағдайдың (климаттық т. б. ) тұрақтануы жұмыстағы адамдар мен қарым-қатынастың орнықты болуы әсер етеді.

Осындай кезеңде қоршаған ортаның жағдайы адамға оңды әсер қалдырса және адамның сол аймаққа бейімделуі көбінесе оның денсаулығына байланысты. Адам салмағының нашарлауы қоршаған ортада әр түрлі ауруларды жұқтыруына себепші болады.

Ал одан өзге ортада курорттағы науқасқа ең маңызды емделу жолдарын ұсына алады. Оның әсер ету күші адамға курортта салауатты өмірі мен тәбетінің дұрыс сақталғаны үшін жағымды әсер қалдырады.

Табиғи жағдайдың орнығуы науқастың психикасына әсер етіп ғана қоимай оның жүйке жүйесі процестерінің қалпына келуіне жол ашып ағзадағы өмірлік талпынысын арртыруда басты рөл атқарады.

Курорттан кейін бастапқы қалпына қайта келу үшін акклиматизациядан өтуі керек.

Рекреация - бұл адам баласы өзінің бос уақытын танымдық сауықтыру спорттық және мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын өткізу мен шектелмейді және осы шаралар бір күндік, апталық, жылдық сонымен қатар өмірлік циклдерді жүзеге асыру мақсатында орындалады [3] .

Адам өзіне бірнеше рекреациялық аспектілерді біріктіре алады Олар: Медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық, политикалық, және экологиялық болып бөлінеді.

Рекреациялық аспектілердің маңыздылары мыналар болып табылады: Ол мынау; медико-биологиялық олар мынандай құрамдардан тұрады:

1. Осы ауруға шалдыққан денсаулығын қалпына келтіруге курортология әдісімен емдік процестің аяқталуын күтетін зиялы қауым.

2. Дені сауыққан адамдардың шаршағанын басатын аурудың әдістемесінде және кәсіби маман ретінде қабылдауға болады.

Туризм арқылы сауығу - бұл адамның өндірістік және өндірістік емес психологиялық жағынан шаршауын кетіре алады. Дені сау адамның жұмыстағы және үй шваруашылығындағы ауырпашылықтан шаршауы адамның жұмыс істеу қабілетін төмендетіп жібереді.

Орындалып жатқан жұмыстың талпынысына қарай отырып оннан екі түрлі шаршау белгілерін анықтауға болады. Олар: Интенсивті және тәулік бойы жұмыс істеу барысында функционалды потенциалдың төмендеуі салдарынан жүйке жүйесі орталығының және жұмыс істейтін ағзаның тежелуіне әкеліп соғады. Осы орайда жұмыстық қабілеті дереу қалпына келеді. Ең аз деген интенсивті ұзақ жұмыста функционалды потенциалдың әлсіреу тереңдігі күрделеніп жұмыс бабына ұзақ мерзімдей дайындалады.

Физиологиялық өзгерістердің болуын қадағалау мақсатында еңбегі демалысқа ауысуы керек

Рекреациялық әрекеттің қасиеті шаршағанын басатын оның белсенділігін арттырады. Белсенді қасиеттің қалпына келу процесінде пассивті демалысқа қарағанда өтуі анық байқалады. Келесі бір түрі ағзаның жасына қарай әр түрлі рекреациялық қасиеттердің түрлеріне тәуелді болуы керек

Мысалы: Балалар рекреациялық қасиеттің хал-ахуалынан әр түрлі әсер алу мақсатында жүктің физиологиялық және психологиялық жасының негізінде ауыр болуы ғажап емес. Тәулік бойы ауыр салмақтан күшті әсер алуы жасөспірімдер жасына байланысты. Орташа жас пен жасы келген адамдардың салмақты көтеруі бірдей болуы керек және тыныштық қалпында өтуі тиіс. Осыған орай әр бір жасқа арнайы цикл тәрбие мақсатында жүргізіледі. Емдік сауықтыру туризмінің түсінігі И. В. Зориннің және В. А. Квартальныйдың анықтаулары бойынша бұл:

Біріншіден курорттық және сауықтыру мақсатындағы туризм

Екіншіден жалақылары төмен тұрғындардың туристік саяхатында тұрмыстық жағдайы нашар, әлеуметтік жағынан қорғалмаған емделу мен рекреациядан өтуді қажет ететін адамдар саны.

Демалу зонасы мен қала сыртына жақын орналасқан қолайлы жағдайы және (орманды массивті өзен-көлдері) тек демалуға арналған.

Курорттық орындар - жанға жайлы табиғи факторлары мен денсаулықты қалпына келтіру үшін профилактикалық ауруларды емдеуге арналған.

Куроттық емделу - адам денсаулығын бастапқы қалпына келтіру процесінде әр түрлі курорттық ресурстарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Рекреациялық тұтынудың медико-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемін анықтауды оқып-білумен қорытындылады. Аймақтық медициналық статистиканың негізіне қарай курортологтар тұтынушылардың санаторлық-курорттық емделудегі жиынтық баластарын жасайды және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтайды.

Рекреациялық - емдеу шаралары - бұл арнайы шаралар жүйесі, санаторлық-курорттық емдеу әдістерімен қатаң анықталады: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу, балшықпен емдеу және т. б. Рекреациялық-сауықтыру шараларының түрі әртүрлі болып келеді. Бұған кіретіндер: қыдыру, суға шомылу, күн және ауа ванналарын алу, ойындар, жай демалыс және т. б.

Медико-биологиялық баға бергенде климат басты роль атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалушылар мен туристердің климаттық ресурстарына баға беруге толық жүйеде сипатталған әдістер берген (Чубуков, 1975) . Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі. Ауа райының кешенді әсеріне жауап ретінде басты баға адам организмінің жағдайы болу керек.

Курортология (курорт және грек. logos - ілім) - емдік қасиеті бар табиғи факторларды зерттеп, оларды пайдалану жолдарын қарастыратын медицинаның бір саласы. Курортология микробиология, химия, физика, биофизика, физиология, т. б. ғылым салаларымен тығыз байланысты. Оның медициналық климатология, климатотерапия, бальнеология, бальнеотерапия, балшықпен емдеу, қымызбен емдеу, т. б. салалары бар. Курортологияның негізгі шұғылданатын мәселелері: жұмыс істеп тұрған курорттардың және әлі іске қосылмаған курорттық жерлердің емдік қасиеттерін тексеріп, дұрыс пайдалану жолдарын іздестіру; кейбір табиғи минералды суларды, шипалы балшықтарды, т. б., басқа жаққа тасымалдағанда емдік қасиеттерін жоғалтпауын қадағалау; аурулардың түр-түріне, кезеңіне байланысты оларға курорттық емнің қалай әсер ететінін анықтап, сауықтандыру орындарында олармен емдеу әдістерін ұсыну; курорттардың медициналық тұрғыдан жұмысын дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастыру, т. б. Курортология ғылымының жетістіктері нәтижесінде курорттық факторлардың (климаттық, минералды сулардың, емдік балшықтың, т. б. ) адам организміне әсерінің механизмдері анықталды. Бұлар адам денсаулығына рефлекстік жолмен, яғни жүйке жүйесі арқылы гуморальдық, гормондық өзгерістерге дәнекерлік жасайды; тікелей зат алмасуға әсер етіп, организмнің ауруға қарсы тұру қабілеттілігін арттырады; организмде пайда болған зиянды микрофлораны жойып, улы заттарды пайда болуының нәтижесінде емдік шараларды қолдану тәртібін іске асырады. Сондықтан курортология ғылымының негізгі мақсаты - курорттық факторлардың қандай аурулардың қандай түріне және олардың қай кезеңінде пайдалы екенін анықтау болып есептеледі. Қазақстанда курортология саласындағы зерттеулер КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Эксперементтік және клиникалық институтында (қазіргі Хирургия ғыл. орт. ) Курортология бөлімі ұйымдастырылғаннан кейін басталды (1945) . Бұл бөлім 1950-1984 ж. Қазақстан Денсаулық сақтау министерінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Гигиена және эпидемия ғылыми-зерттеу орталығы), ал 1984 жылдан Кардиогогия ғылыми-зерттеу институтының құрамына кіреді. Курорт (нем. Kur - емдеу және ort - орын, жер, аймақ) - қолайлы климаты, минералды суы, емдік балшығы және табиғи шипалы қасиеттері бар жерлерде салынған емдеу-профилактикалық мекемелер (санаторийлер) кешені. Курортта емделудің жақсы нәтиже беруі онда қолданылатын емдеу әдісімен қатар, адамның көңіл күйінің жақсаруына, күнделікті жұмыс пен тұрмыс жағдайларынан уақытша босауына тығыз байланысты. Емдеу әдісіне қарай Курорттар бальнеологиялық, шипалы балшықпен, климатпен, қымызбен емдейтін болып бөлінеді. Бальнеологиялық Курорттарда минералды бұлақтардың шипалы суымен емдейді. Шипалы балшықты курорттарда балшық, лай, тұздың қою ерітіндісі қолданылады. Климатпен емдейтін Курорттарда күн сәулесі мен ауа, теңізде, өзен көлде шомылу арқылы емделеді. Емдік қасиеті жоғары минералды суы бар Қазақстандағы бальнеологиялық Курорттар: “Сарыағаш”, “Алмаарасан”, “Жаңақорған”, т. б. Шипалы балшықпен емдейтін Курорттар: “Мойылды”, “Жаңақорған”, т. б., ал республикалық маңызы бар “Бурабай” климатпен және қымызбен емдейді.

Емдік курорт - профилактикалық мақсаттардың қолданылуына табиғи аумағы қорғалынып, қажетті табиғи емдік ресурстардың және мекемелердің, инфрақұрылым объектілерінен жайғастырылған [4] .

Бальнеологиялық курорты - курорт, табиғи емдік ресурстарының минерал суын қолданатын орын көзі.

Жергілікті мағынасы бар курорт - емдік профилактикалық мақсаттарда қолданылуында табиғи аумағы қорғалып, жергілікті бақылау органдарымен жүргізіледі.

Аудандық мағынасы бар курорт - емдік-профилактикалық мақсаттарда қолданылуында табиғи аумағы қорғалып, мемлекеттік органдардың күштері бар мекеме.

Федералдық мағынасы бар курорт - емдік профилактикалық мақсаттарда қолдануында табиғи аймағы қорғалып, мемлекеттік күштерінің федералдық ережелерімен орындалатын мекеме.

Санаторий (лат. Sano - емдеймін, айықтырамын) - науқасты табиғи шипалы емдермен (ауа райы, минералды су, шипалы балшық т. б. ), физиотерапия, емдік физкультура арқылы емдейтін және профилактика жүргізетін мекеме. Алғашқы Санаторийлер дәулетті адамдар үшін 19 ғ-дың 2-жартысында Бат. Европада салына бастаған. Санаторийлер үлкендерге, балалар мен жастарға, сонымен қатар ата-анасы мен балаларға ажыратылады. Санаторийлер бір профильдік (ұқсас аурулар үшін) және көп профильдік (екі және көп мамандандырылған бөлімдер) деп бөлінеді.

Емдік санаторийлер мен паисионаттар - төсектермен жабдықталған және табиғи емдік факторлардың (климат, минералды сулар, емдік балшық және т. б. ) шипалық қасиеттері негізінде нақты мерзім ішінде науқасты еңбекке жарамды ету емімен қамтамасыз ететін емдеу - алдын алу ұйымдары. Олардың барлығы мамандандырылған және бір немесе көппрофильді, әдетте курорттар мен емдік-сауықтыру орындары шегінде орналасқан.

Санаториийлер - профилакторийлер - төсектермен жабдықталған, қызметкерлерді жұмыстан бос уақытында, өндірістен үзіліссіз, емдік-сауықтыру шараларымен қамтамасыз ететін ұйымдар жанында қызмет атқарушы емдеу-алдын алу ұйымдар.

Демалыс үйлері, пансионаттар, базалар мен басқа демалыс ұйымдары, туристік базалар - демалыс үшін арналған, онда демалушыларға нақты мерзімге орналастыру мен тамақтандыру немесе тек орналастыру ұсынылады, сонымен қатар туристік-экскурсиялық қызмет көрсету және әдетте курорттардың, емдеу-сауықтыру орындарының, қала маңындағы аймақтардың шегінде орналасқан. Мұндай ұйымдар жыл бойы (жылдық) немесе маусым бойы (маусымдық) жұмыс істей алады.

Қымыз және шұбат емі - қымыз және шұбат, ем мақсатында қолданылады, ол жылқының және түйе сүтінің қышқылдық бактериялар мен дрождар. Осы екі сусындардың емдік және тағамдық байлы белоктардан тұрады, витамин және минерал заттардан, этил спиртінен, антибиотиктерден, аминқышқылдардан және спецификалық майлардан тұрады.

Қазақстан табиғи байлықтар мен минералдық ресурстардың әртүрлілігі жаңа емдік мекемелерді құруға мүмкіндік береді. Ең бірінші оны табиғи - географиялық және басқа жағымды жағдайларды қарастыру керек. Ол жаңа мекемелерді табиғи көркем жерінде, жағымды климат пен ыңғайлы жолдар және мәдени, медициналық қызметтерді құруға мүмкіндік береді.

  1. Курорттану және емдік-сауықтыру туризмнің даму тарихы

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В. Унцкер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбектерінде.

Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдерді келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:

1. Туризм XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм:

а) ежелгі туризм;

б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм;

в) XVII және XVIII ғасырлардағы туризм;

2. XIX және XX ғасырлардағы - Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм;

3. Қазіргі заманғы туризм.

Туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталады деп санйды. Біздің заманға дейінгі мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі ғасырда египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған.

Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттанушылардың назарын аудара бастады. Алйда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездегі ешқандай табыс көзіе әкелмеді.

Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастады.

Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылы су көздеріне және курорттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (5-6 ғғ. б. з. д. ) олардың саны 60-тан астам болады. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жербе салынды. Швейцариядағы курорт Сент Моритц әйгілі ерекшелігімен пайдаланылды.

Туристік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтар мен храмдардың қасында қазіргі санаторийлерге ұқсас объектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтық көп түрлілігімен әйгілі болды.

Ол кездерде ең әйгілілерден Байедегі, Компаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды.

Емханалардан басқа римдік провинцияларында бұл кезде Aguae Calidae (қазіргі Виши, Франция), Aguae Helveticae (қазіргі Баден, Щвейцария), AguaeHerculi (қазіргі Байе Херкулан, Румыния), Aguae Solis (қазіргі Бат, Ұлыбритания) әйгілі болды.

Қазіргі кездегі туризмнің классификациясы ең алдымен кеңістіктің әлеуметтік-эканомикалық құбылысын, аумағын, туристік шаруашылығының кәсіпорындары, туристік іс-әрекеттері мен жалпы туризмді жоспарлау қажетті. Осы классификациясының мәні тиризмнің формаларын және түрлерін анықтаумен бітеді.

Қоғамдық функциялардың және технологиялық өндірістерінен туризмнің үш формасын көрсетеді:

а) емдік туризм (курорттану және сауықтыру)

б) денсаулық-сауықтыру

в) танымдық

тұлғалардың физикалық және рухани күштерін қалпына келтіретін негізгі адамдардың қанағаттандыратын спектрлерін көрсетеді.

Формалар мен кластардан ерекше, туризмнің түрлері әртүрлі. Олар факторлардан тәуелді, олардың маңыздылардың бірі:

- бос уақыттың ұзақтығы мен көптігі;

- жасы, жынысы, денсаулықтың жағдайы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың өзінің талғамы және олардың материалдық жағдайы;

- табиғи жағдайларының әртүрлілігі мен маусымдылығы;

- негізгі жылжу мүмкіндіктерінің бар болуы.

Мақсаттарды, жағдайларды, бағыттарды және қазіргі кездегі туризмнің даму масштабтарын формаларға, кластарға және түрлерге бөлуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік тәжірибедегі емдік туризм
ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Емдік туризм туралы
Қазақстанда курорт қызметтері нарығын қалыптастыру
Қазақстандағы емдік-сауықтандыру орындарының туризмдегі рөлі
Емдеу - сауықтыру туризмінің құрылымындағы медициналық туризмнің орны
Емдік туризмнің түсінігі
Емдік туризмнің түрлері
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Ақмола облысынның рекреациалық ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz