«Пайдалы қазба кенорындарынашу және даярлау». Пәннің оқу-әдістемелік кешені


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:
3. Шақтының (кеніштің) басты шамашарттары.
Шақтының (кеніштің) басты шамашарттарына бекітілген есептік қоры (Q С , мыѕ т. ), кен сілемінің жазық ауданы (S, м 2 ), жер бетінен соңғы деңгейжиекке дейінгі биіктігі, яғни қазу тереңдігі (Н к , м), жылдық өнімділігі (А ж , т/жыл), қызмет мерзімі (Т ф , жыл), қабат биіктігі (ћ к , м) шақты алабының мөлшері, шақты алабының ұзындығы (L е , м) .
Есептік қор шақты қуатын (жылдық өнімділігін) айқындайтын басты кен - геологиялық фактор болып саналады. Кен сілемінің жазық ауданы кен жұмыстары шебіне, оны шоғырландыруға тікелей ықпал етсе, онда қазу тереңдігі кен көтерме тәсілін таңдауда және оны механикаландыруда басты рол атқарады.
Кеніштің (шақтының) жылдық өндірістік қуатына ашу қазбаларының көлденең қимасы, оқпан албарын өту көлемі мен ондағы жабдықтар құны, жерасты шанағының ауқымы, шақты үстіндегі үйлер мен ғимараттардың құрылысы тәуелді болады. Өнімділікке қарай қабаттардың ашу, даярлау және қазымдау мезеті белгіленеді. Өнімділікке жалпы күрделі қаржыландыру мен тұтынымдық шығыс шамасына тікелей тәуелді.
Белгілі бір кен - техникалық жағдайда өнімділікке қарап кен жұмыстарын механикаландыру деңгейін, жекелеген машинелер мен кешендең (комплекс) өнімділігін және кен өндіру технологиясын анықтайды. Өнімділікті белгілі бір шамаға дейін өсіру, жоғары еңбек өнімділігі мен кеннің өзіндік құнын төмендету шарты әрі өндірістік үдірістерді кешенді механикаландыруға, техниканы тиімді пайдалануға қолайлы жағдай жасайды.
Кеніш (шақтылық) өнімділігі сол кен өнеркәсібі саласының даму жоспарына сәйкес жасалынған кен қазу жобасында белгіленеді. Кен қазу жобасы кен қорының сапасы мен көлемін, кеннің геологиялық жағдайын, кеніш құрылысын, күрделі қаржыландыру шамасын және сол кенбайлыќ түріне мқұтаждығы ескеріле отырып жасалынады.
Жылдық өнімділікті анықтаудың әмбебап әдісі жоқ. Жобалау ісінде пайдаланылатын есептеу әдістері түрлі кен сілемінің элементтері және басқа да айғақтарды ескертуге негізделген. Анықталған нәтижелердің дәлдігі жағынан әр түрлі деңгейде болып келеді әрі межелік шама анықлады. Жылдық өнімділік негізінен тау-кен мүмкіншілік және экономикалық тиімділік тұрғысынан қарастырылады. Шақты өнімділігінің нақты анықталмай межелік сипат алуының басты себебі жерасты кен қазу жұмысына, яғни кен өндірісіне әсерін тигізетін айғақтарды толық ескерту мүмкін еместігінен.
Шақты алабы және оны қазу реті.
Жерасты тәсілімен өндірілетін қатты кен байлықтың қайсысы болмасын шақты алабынан қазылады. Шақты алабы кен қазу шақты иелігіне берілген бүтін кен орнын не оның бөлігін айтады. Шақты алабы созылым бойынша және құлама бағытындағы ұзындық шамасымен, кеннің ауданы және қорымен сипатталады. Шақты алабы өрлемдік және ылдилық болып бөлінеді. Шақты алабының өрлемдік бөлігі басты тасыма деңейжиектен жоғары жатқан бөлігі шақты алабының ылдиы делінеді.
Кеніш (шақты) алабына кен қазу үшін иелікке берілген ірі кен орнының бөлігі не шағын кен қыртыстар тобы жатады.
Әдетте, шағын, орташа кен орындары бір ғана шақтымен (кенішпен) қазылады. Ал ірі кен орындары ґндірістік бірлестікке не кен байыту комбинаттары құрамына нентін бірнеше шақтылармен (кеніштермен) қазылады. Мұндай жағдайда шақты алабының тиімді өлшемдері техникаэкономикалық негізде есептеу арқылы анықталады. Жобалау жұмысында тәжірбие негізінде түйінделген шақты алабының 1-кестеде көрсетілген топтастыруын басшылыққа алуға болады.
Шақты алабының мөлшері бойынша сыныптамасы.
Кесте -1
Кен ауданы, м 2
15 м-ден жоғары
300
5000
300-600
5000-1200
600-1000
1200-2500
1000
2500
Жазық, жайпақ кен қыртысын қазғанда шақты алабы созылым не құлама бойынша панелдерге ажыратылады. Панель мөлшері (ені, ұзындығы) кенгеолгиялық жағдайын ескере отырып қабылданған кен қазу технологиясына (қазу жүйесіне) және уатылған кенді жеткізу тәсіліне байланысты анықталады. Панель ені 50-60 м-ден 120-150 м-ге дейін, кейде 300-500 м-ге дейін, тіпті кей жағдайда бұданда үлкен болады. Бір-біріне перпендикуляр қуақаздармен бөлінетін панелдер арасында панелдік кентіректер қалдырылады. Панелдік кентіректер ені кен сілемінің қалыңдығына қарай қолданылатын қазу технологиясына және тау қысымын басқару тәсіліне қарай 8-10 м-ден 20-30 м аралығында болады.
Көлбеу, күртқұлама кен сілемдерінен өнім шақты алабын қабаттарға бөліп барып қазылады. Кен-геологиялық жағдайға және кен қазу технологиясына қарай қабаттың тік биіктігі 30-45 м-ден 100-120 м-ге дейін және бұданда биіктеп өзгеріп отырады. Қабат өз кезегінде блокаралық (кенүңгіраралық) кентіректер қалдырылып блоктарға (кенүңгірлерге) бөлінеді.
Қабат-құлама бағытында төменгі жағынан тасыма, жоғары жағынан желдетпе қуақаздармен (штректер), ал созылым бағытында көрші шақты алабымен шектеледі.
Блок - кез келген жүйенің қазымдау жиынтығы толық қолданылатындай қабат ауқымындағы кен алынатын учаске. Блок биіктігі, ұзындығы, ені тәрізді шамалармен, кен қоры, өндірілімі (т/тәул, мың т/ай) тәріздес көрсеткіштері арқылы сипатталады.
Кен алынатын блок кен қазудың бір жүйесін қолдануға және технологиялық кен алу тәсімі (схемасы) (кемер, блок, панель, лава кенүңгір т. б. ) бірдей болатындай геологиялық жағдайы біркелкі ең шағын кен учаскесмі. Сонда ғана мұның қоры нақты анықталып, одан алынатын пайдалы бөлік алғаш есепке алынады.
Кеніштің (шақты) деңгейжиегі (горизонты) деп кен қазып алудың белгілі бір операциясын атқаруға және кен жұмыстарын жүргізуге қажет болатын бір орналасқан қазбалар жиынтығын атайды. Атқарар қызметіне қарай деңгейжиектер:
-тасымалық-негізінен шақты оқпанына қарай кен тасылатын (қазбасы
бар) ;
-қайта ұстау - бейтұрпатты (негабарит) ірі кен кесектерін қайта ұсатып тиеу бекетіне жеткізетін;
-түсіру-блок немесе арақабат түбіндегі уатылған кенді түсіретін қазбалар жиынтығы;
-қию-құлату, болмаса уатпалау мақсатымен блоктың түбі немесе төбе тұсында кен шыңтасының бетін ашу (жалаңаштау) ;
-жеткізу (сырмалау) -уатылған кенді көлікке (вагонға) тиейтін жерге жеткізу үшін деңгейжиектің үстіңгі жағында орналасқан қазбалар жиынтығын айтады.
Шақты алабы құлама бағытта көбінесе жоғарыдан төмен қарай (әуелі жоғарғы қабат (панель), сосын келесі қабат ылдилай) қазылады. Кенді төменгі қабаттан (панелден) біртіндеп жоғарылай, яғни өрлей қазу сирек қолданылады.
Ылдилай қазудың артықшылығы: кенорны пайдалануға тез беріледі (1қабат ашылысымен даяр кен қазылады) ; бастапқы ашу қаржысының аздығы және пайдалану жұмсалымының бірқалыпты болатындығы; шақтыны пайдаланудың алғашқы кезеңінде кеніш көтермесі мен сутөкпе шығыстарының аз болатындығы. Сирек қолданылса да өрлей қазудың мынандай жетістігі бар: кен орны пайдалануға берілгенше судан арылу және сенімді дренаж (суалту) ; жол-жөнекей алынатын бос жыныстардың шақтыны қалдыру мүмкінішілігінің болуы және т. б. Ал кемшілігіне: ашудың бастапқы күрделі қаржысының көптігі, қазудың бастапқы кезеңінде көтерме және сутөкпе шығыстарының өсіп кететіндігі.
Шақты алабын созылым бағытында қазу ортадан шекараға қарай бағытталса, оны тура немесе шабуылдық қазу дейді. Егер қазу жұмысы шекарадан орталыққа қарай бағытталса, онда кері немесе шегіністік қазу деп атайды. Егер кен қазу шақты алабының бір қапталынан екінші қапталына қарай бағытталса (бұл қапталық ашу тәсілінде), бір қанаттық қазу делінеді. Егер шақты алабында кен қазудың осы түрлері қатар қолданылса, оны қос қанаттық қазу дейді.
Шабуылдық қазудың артықшылығы: кен өндірудің үдеуі, кенді даярлаудың бастапқы шығысының аздығы; тау соққысы қаупініғ аздығы т. б. Ал кемшілігі: кенді тасымалдау жағдайының нашарлайтындығы, қазбаларын күтіп ұстаудың қиындайтындығы т. б.
Шегіністік (кері) қазудың артықшылығы; кеніш көлігі жұмысы мен кен қазбаларды күтіп ұстаудың жақсаруы; қабаттан өндірілетін өнімді өсіру мүмкіншілігі т. б. Ал кемшілігі: қабатты даярлаудың бастапқы шығысының өсуі; тазартпа қазбаларды желдетудің нашарлауы т. б.
Негіз: 1[44-56], 2[16-33] .
Қос: 3[5-26] .
5. Жылдық өнімділікті анықтау.
Шақтының ең басты параметрлерініі бірі оның жылдық қуаты, яғни оның жылдық өнімділігі. Шахта өнімділігі туралы екі түрлі ұғым бар. Бірі - кен мүмкіншілігіне байланысты өнімділік, екіншісі-неғұрлым экономикалық тиімді болатын өнімділік. Кеніштің тау-кен мүмкіншілігіне байланысты қуаты шахтының жылына беретін ең жоғарғы көрсеткіші. Ал экномикалық тиімді жылдық өнімділікке қазылған кенніѕ ең аз өзіндік құнына сәйкес қуатын айтады. Жобалау жұмысында кеніш (шақты) қуатын кен мүмкіншілігіне байланысты анықтап алып, бұдан соң шақтының қызмет мерзіміне сай түзетулер енгізеді.
Тау-кен мүмкіншілігіне байланысты рудниктің жылдық өнімділігін анықтаудың мынандай екі тәсілі бар: 1. Кеніш қазудың интенсивтігі немесе тазартысты қазудың жылдық төмендеу немесе жылжуы шамасы арқылы; 2. Тазартысты қазу жұмысының фронты, яғни блоктар саны және олардың өнімділігіне байланысты анықтау.
- Жылдық өнімділікті жоспарланатын осңғы өнім шамасына қарай анықтауға да болады:
А С
А Ж ; т/жыл (1) с (1)
мұндағы: А С - кеннен өндірілетін соңғы өнім (қойыртпа не металл), т; - үлгертілген өнімдегі пайдалы бөлік мөлшері, %; с-есептік қордағы пайдалы бөлік мөлшері, % ; - құнарсыздық коэффициенті; - кенді өндегенде алынатын пайдалы бөлік түсімі.
- Егер есептік қор белгілі болып, оны игеру мерзімі берілсе, онда:QСKT
А Ж ; т/жыл (2)
T ф (1)
мұндағы: Q- есептік қор, т; К т - жер қойнауындағы кеннің түсім коэффициенті.
- Дәлдігі төмендеу жылдық өнімнің межелік мөлшерінің пайдалану коэффициенті бойынша анықтауға да болады:
А Ж =S*K n , т/жыл (3)
мұндағы: S- шақты алабындағы кен сілемінің немесе бірнеше кен қыртыстарының қазылатын орташа ауданы; К n - пайдалану коэффициенті, т/м 2 , яғни 1м 2 кен ауданынан жыл бойы қазылатын өнім
K T , т/м 2 ,
K n v 0 1
мұндағы: v 0 - тазартпа жұмысының жылдық төмендеуі, (12-25 м/жыл) ; -кен тығыздығы, т/м 3 .
3. Жылдық өнімділікті даярлау-тілме мерзімінің тазартысты жұмыс мерзімінен озықтық коэффициенті арқылы анықтауға болады. Бұл әдісті қоры шағын, қызмет мерзімі қысқа жұқа желі қазатын шақтылар үшін ғана қолдану қолайлы Ж Q K , т/жыл (4)
А
tдт
мұндағы: Q к - қабаттағы есептік қор, т; t дт - даярлық тілме жұмыс мерзімі, жыл; - озықтыќ коэффициенті
tmk t mk 1;
tд tт tдm
t mk - қабатты тазартпалап қазу мерзімі, жыл.
Озықтық коэффициентін есептеп анықтауға немесе оның мәнін кен сілемінің пішініне қарап қабылдауға болады; тақталы кен үшін -1, 1 - 1, 2, желі қазғанда 1, 5 - 2, 0; ал үлкен кен қыртысын қазғанда 2, 0-3, 0 деңгейде қарастыруға болады.
Егер кен бассейндерінде не кен орындарын қазуда кеніштердің жалпы беретін жылдық өнімділігі жоспарланатын болса, онда олардың жекеленген шақтысының өндірістік қуаты тау-кен мүмкіншілігі бойынша тазартпалап қазудың жылдық төмендеуімен байқалатын кен қазу қарқыны арқылы және тазартпа жұмыстарын дамыту жағдайына байланыстыратын екі тәсілмен анықталады.
Кен қазудың орташа қарқыны, яғни күртқұлама бойынша көлбеу кен сілемдерін қазғанда тазартпа жұмысының жылдық тқмендеуіне қарай, ал жазық кен қыртысын қазғанда - орташа жылдық жылжу шамасына қарай есептелінеді.
- Академик М. И. Агошков ұсынған тазартысты жұмыстарының жылдық төмендеуінің негізінде жату бұрышы 300-900аралығындағы кен сілемін қазатын шақтының жылдық өнімінің жуық мәні мына формуламен анықталады:
А ж =v 0 K 1 K 2 S ж Km , т/жыл (5)
1
мұндағы: v 0 - шақты алабының барлық кен ауданы бойынша тазартпалап кен алудың орташа жылдық төмендеуі, м/жыл; К 1 және К 2 - кен сілемінің жату бұрышы мен қалыңдығының түзету коэффициенттері. 90 0 , 60 0 , 45 0 және 30 0 жату бұрыштарының түзетулері: 1, 2; 1, 0; 0, 9; 0, 8. Кен сілемінің 5-м-ге дейінгі
5-15 м, 15-25м және 25-м-ден жоғары қалыңдықтардың К 2 түзету коэффициенттері; 1, 25; 1, 0; 0, 8; 0, 6. S Ж - кен қыртысының (сілемінің) жазық ауданы, м 2 ; -кенніѕ тығыздығы, т/м 3 .
Ал тазартпа жұмысының жылдық төмендеуі шақты алабының созылым ұзындығына, бір мезгілде өнім қазылатын қабат санына, кеннің қалындығына байланысты болады. Оның мәні 2-кестеде келтірілген.
2-кесте.
Шақты алабының созылым ұзындығы,
м
орташа
кіші
үлкен
Қте үлкен алап
100-1200 м-ден
жоғары
1500 м-ден жоғары
1-қабатта қазу
2-қабатта қазу
15 м-ден жоғары
15 м-ден жоғары
15
15
18
12
12
15
18
18
20
Үлкен алап
600м-ден 1000 м-ге дейін
1000м-ден 1500м-ге
дейін
1-қабатта қазу
2-қабатта қазу
3-қабатта қазу
15 м-ден жоғары
15 м-ден төмен
18
25
32
18
20
25
20
30
40
Орташа алап
300м-ден 600 м-ге
дейін
600м-ден 1000м-ге
дейін
1-қабатта қазу
2-қабатта қазу
3-қабатта қазу
15 м-ден жоғары
15 м-ден төмен
22
27
32
18
20
25
30
35
40
Шағын алап 300м-ге дейін
500- 600м-ге дейін
1-қабатта қазу
2-қабатта қазу
3-қабатта қазу
15 м-ден жоғары
15 м-ден жоғары
15 м-ден төмен
20
25
39-40
15
20
25
25
30
60
- Жазық не жайпақ кенді қазғанда
А ж =v ж Вm Km , т/жыл (6)
1
мұндағы: v ж - тазартпалап кен алудың жылдық орташа жылжуы, м/жыл; В - барлық тазартпалап қазу жұмыс шебінің ені, м; m- кен қыртысының нақты қалыңдығы (биіктігі)
vж=n0nacvac*Nж,
n 0 - қатар өнім беретін тазартпа жұмыс орындарының саны; n ас - тәуліктегі кен қазылатын ауысым саны; v ac - тазартпалап кен алудың бір ауысымды жылжуы, м/ауысым; N ж - жылдық жұмыс тәулігі. Тазартпалап қазудың ауысымдық жылжуын кен сілемі қалыңдығына қарай шамада алуға болады.
m=1, 5-3, 0м, к ас =0, 50-0, 85 м/ауысым; m=3, 0-6, 0м, к ас =0, 35-0, 50 м/ауысым; m=6, 0-12, 0м, к ас =0, 25-0, 35 м/ауысым; m=12, 0-15, 0м, к ас =0, 15-0, 25 м/ауысым; m=15, 0м-жоғары, к ас =0, 10-0, 15 м/ауысым;
6. Жылдық өнімділікті тазарту жұмыстарын дамыту, яғни кен қазу жұмыс шебіне байланыстыра анықтау әдісінің дәлдігі жөнінен басқа әдістермен салыстырғанда жоғары, әрі мұны жату бұрышына тәуелсіз қолдана беруге болады. Тазартпалап жұмыстарды дамыту шарты бойынша кеніштің жылдық өнімділігін мына формуламен есептеуге болады:
12 n 0 А б
А Ж , т/жыл (7)
K 0
мұндағы: n 0 - қатар кен беріп тұрған блок не панель (кен, үңгір) саны; А б - блоктың не панельдің айлық өнімділігі, т/ай; К 0 -жалпы өндірілген өнімдегі тазартпалап қазудан алынған кеннің меншікті үлесін көрсететін коэффициент (мұның шамасы 0, 4-0, 98 аралығында болады) ; - блок немесе панелдің резервін көрсететін коэффициент. Мұның мәні көбінесе 1, 1-1, 4 деңгейінде алынады.
Практикада блоктың немесе кенүңгірдің тазартпалап қазу кезіндегі орташа айлық өнімділігі есептеліп шығарылады. Ал К 0 коэфициентінің мәні өндіру кезіндеріне сай, яғни дайындау, тілу және тазартпалап қазу жұмыстарына байланысты қарастырылады. Анықтап айтсақ, К 0 дайындық және тілме қазбаларын жүргізген кезде олардан алынатын жол -жөнекей кен көлемімен блоктан қазылатын кен қорының арақатынасынан анықталады. Оның сандық мәні жоғарыда көрсетілген деңгейде әрбір жағдайға сәйкес есептеліп отырады. Көбінесе мұның сандық мәнін белгілі бір кеніш тәжірбиесі негізінде қабылдайтын болғандықтан, бұған көп тоқтамай, енді блок санын табудың тәсіліне көшейік. Кеніштегі блоктың саны мынандай теңдікті сақтауы қажет:
n=n 0 +n д +n m , (8)
мұндағы: n- барлық блок саны; n д - дайындалып жатқан блок саны; n m - тілініп жатқан блок саны.
Көбінесе дайындалу және тілме кезеңіндегі блоктарын даралап жатпай, дайындық-тілме жұмыстары бір мағынада ықшамдала айтылып, n дm - мен белгіленеді. Тау-кен ісінің дұрыс дамуының және кен қазудың жоспарлы көрсеткішін орындаудың басты шарты кенді тазартпалап қазатын блок санынұәрқашан тўрақты ұстау, яғни n 0 = сonst. Ол үшін мынандай қатынас сақталуы қажет:
n 0 t 0 (9) nдm tдm дm n 0 t дm анықталады да, мұнда формуладағы орнына қойсақ, Осыдан n t 0
n 0 t дm болады. Мұндағы t 0 - блоктағы тазартпалап қазу барлық блок саны n
t 0
мерзімі; t дm - блокты дайындап тілу мерзімі.
Теориялық тұрғыдан қарастырғанда бір блоктың қоры таусылған кезде екінші блок даярланып, тілініп іске қосылуға тиіс, яғни t 0 = t дm . Алайда іс жүзінде бұл иеңдікті үнемі сақтап отыру мүмкін емес, сондықтан блокты дайындау мерзімін қысқартуға тура келеді, яғни кен қазылып жатқан блоктың қоры таусылғанша оны алмастыратын жаңа блок даяр тұру қажет. Сондықтан да осы екі шаманың қатынасы мынандай теңсіздікті сақтағанда ғана мүмкін: t 0 / t дm =1, мұндағы -тазартпалап қазуға қарағандағы дайындық тілме жұмыстарының озықтық коэффициенті. Озықтық коэффициентінің сандық мәнін кен жаратылымына қарай төмендегі шамада қабылдаған орынды.
Тақта кені үшін =1, 0-1, 2; желі кені үшін 1, 5-2, 0; массивті кені үшін
=2, 0-3, 0. Енді мәнін t дm жоғарыдағы формулаға апарып қоятын болсақ, n 0 мәнін табатын боламыз:
n
n 0
1
Сондай-ақ қатар жұмыс істейтін тазартпалап қазатын блок санын табуға болады. Тек ол үшін дайындап тілу мерзімі мен блоктан тазартпалап қазуға қажет жұмыс уақыты белгілі болуы шарт, яғни n
n 0 t 0 tдm
Блоктың жалпы саны (n) мынандай тәсілмен анықталады: g r
Li
n ,
L
1 1 б
мұндағы: g мен r - бір мезгілде кен өндірілетін кен мен қабат саны; L 1
мен L б - қабаттағы кен және блок ұзындықтары.
7. Ғалым Голомолозин В. И. жылдық өнімділікті Криворож темір-кен бассейіні жағдайында тұжырымдаған болатын: жұмсалған күрделі қаржының пірменділік коэффициенті мен оның өтелім мерзіміне байланысты мына теңдік негізінде анықтауға да болады: ж Q C (10)
A K
Ф 1 2 QC
мұндағы: К Ф - түрлі факторлардың тигізетін ықпалын ескертетін коэффициент. Ондай факторлар - шақтыдаєы су көптігі, қабат саны мен желдету (қанатты, секциялық) тәсілдері; 1 , 2 -құндылық коэффициенттері. Бұлардың сандық мәні қабат санына немесе кеннің таралу тереңдігіне және жұмсалған күрделі қаржының өтелім мерзіміне тікелей байланысты. 3-кестеде көрсетілген шамаларды қарастыруға болады. 10 формуласын болашақ кәсіпшіліктің жобасын жасағанда тиімді қуатының шамасын анықтау үшін пайдаланылады. Бұл үшін кеніш қуаты және басқа да жалпылама мәліметтер, тіпті кен қорының дәл анықталуы да шарт емес.
3-кесте
Кеннің тереңдігі, м
400м-ге дейін
800 м-ге дейін
1200 м-ге дейін
5, 6
7, 9
11, 2
16, 9
Кеніштің қызмет мерзімі. Жоғарыда келтірілген тау-кен мүмкіншілігіне қарай (5), (7) формулалары арқылы алынатын шақты қуаты мен оның алабындағы кен қоры және кеніштіѕ жұмыс мерзімдері аралығындағы тығыз байланысты мына теңдіктен байқау қиын емес: Ж Q c * КТ , т/жыл (11)
А
T Ф 1
Екінші сөзбен айтқанда (11) арқылы шақтының жылдық өнімділігі оның тиімді қызмет мерзіміне сай түзетіледі. Егер қабаттардағы кен қорының, сондай-ақ оның көлемі арасында айтарлықтай алшақтыќ болмаған жағдайда
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz