Өндірістік орындарда пайда болған өндірістік шаңдар


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Өндірістік шаң жəне оның түрлері
Жұмыс аумағындағы өндірістік шаңның шектеулі рұқсат етілген концентрациялары
Өндірістік шаңның адам ағзасына əсері
Өндірістік шаңнан қорғану шаралары
Қорытынды
Кіріспе
Өндірістік орындарда пайда болған өндірістік шаңдардың қазіргі таңда көптеп кездесуі адам ағзасына жəне қоршаған ортаға барынша кері əсерін тигізуде. Осыған орай қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлықтарды толық жəне тиімді пайдалану, өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру, олардан қажетті өнімдер өндіру қазіргі күннің өзекті мəселелері болып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда өндірістік орындардың көп салуынан көп мөлшерде шығарылып жатқан өндірістік шаң мəселесі өзекті болып отыр. Еліміздің көптеген аймақтарында шаңның ақырғы шекті концентрациясы шамадан тыс болып жатқан факторларда кездеседі. Бұндай факторлар əсіресе ірі өнеркəсіп, өндіріс орындары бар елді мекендерді тіркеледі. Атап айтқанда Алматы, Қарағанды, Кентау, Жезқазған, Атырау, Шымкент жəне тағы басқа қалаларда. Ал Батыс Қазақстан яғни Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия құрылыс материалдары жəне тағы басқа да салаларға маманданған. Бұл аймақтағы негізгі мəселелер-табиғи ортаның шаңнан ластануы радиоактивті қалдықтармен ластануы адамның денсаулығына жəне экожүйелерге əсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда, орташа саны басқа облыстармен салыстырғанда жоғары. Өндірістік шаң ортасында жұмыс істеп жүрген жұмысшылар кəсіби ауруларға жылдан жылға көптеп шалдығу факторлары тіркелген, ал кей кездері өнлірістік шаңдардың аса қауіпті түрі таралған уақытта адам өлу оқиғаларыда кездеседі.
Жалпы алғанда өндіріс орындарындағы өндірістік шаңның қоршаған ортаға жəне оның адам ағзасына əсері, шаңның алдын алу шаралары қазіргі таңда өзекті мəселелердің біріне айналып отыр.
Өндірістік шаң жəне оның түрлері
Өндірістік шаң (немесе аэрозолдар) дегеніміз - өндірістік процесс кезінде жұмыс аумағындағы ауада пайда болатын жəне адам организіміне кері əсер ететін майда қатты бөлшектер немесе əртүрлі өндірістік процесстерден туындаған ұсақ дисперсиялы бөлшектер. Өндірістік шаң аэрозолдардың бір түрі болып табылады, яғни ол қатты жəне сұйық бөлшектерден тұратын дисперсті жүйе. Газды ортада соның ішінде аэрозолдың қатты бөлшекерінің дисперсті жүйесіне бөлінеді. Инженерлік іс-тəжірибеде өлшенген аэрозолдардың бөлшектерін тек қана шаң деп атамайды. Сонымен қатар əртүрлі типтегі шаңды бөлшектерді атайды. Шаңдар өздерінің қасиеттеріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
Құрамы бойынша шаңдар үшке бөлінеді:
- Органикалық
Жануарлардан, өсімдіктерден, ағаштардың бөлінуінен пайда болады. Бұл шаң түрінің қауіпі аз болады.
2. Бейорганикалық
Жасанды материалдардың шаңдары жəне де минералды шаңдар болып табылады.
3. Аралас
Бұл типке жататын шаңдар органикалықта, бейорганикалықта болып келеді, яғни екі шаң түрінің қосылысы болып табылады. Аталған шаң түрінің қауіпі құрамындағы қай шаңның басымдылығымен анықталады.
Типіне байланысты шаңдар екіге бөлінеді:
- Дезинтеригациялы шаң - ұсақтау, ұнтақтау, кесу, майдалау жəне тағыда сол сияқты механикалық процесстерде пайда болады. Ол полидисперсиялығымен ерекшеленеді жəне дезинтеригациялы шаңның формасы болмайды. Дезинтеригациялы шаң қауіптілігі жағынан орташа деңгейде болып келеді.
- Конденсациялы шаң - ерітінділер массаларының буларын (металдар, тұз ерітінділері жəне т. б. ) конденсациялағанда жəне салқындатқанда пайда болады. Бұл жағдайда түзілген шаң бөлшектері шеңбер, сопақша тəрізді формада болады жəне шаң бөлшектері жоғарғы диспепсиялығымен ерекшеленеді.
Өлшемі бойынша шаңдар үш топқа бөлінеді:
- Үлкен дисперсиялы шаңдар - бөлшектері 10 мкм- ден жоғары. Ауада өте үлкен жылдамдықпен таралады.
- Бөлшектерінің өлшемі 0, 1- 10 мкм болатын шаңдар - ауада тұрақты жылдамдықпен қозғалады жəне шартты түрде тұман деп те атайды.
- Бөлшектерінің өлшемі 0, 1 мкм-ден аз болатын шаңдар - ауада броундық жылдамдықпен қозғалады. Мұндай өлшемдегі шаңдар газ молекулалалының қасиеттерін иемдене бастайды, яғни ауа құрамында ретсіз қозғалысқа түседі.
Шаңға биологиялық түрде əсер ететін факторлар: дисперстілігі, формасы, электрлік заряды, ерігіштігі, активті агентті биологиялық қоспалар (аллегендер, микробтар жəне т. б. )
Майда дисперсті шаң бөлшектерінің физикалық жəне химиялық белсенділігі мен адсорбциялығы өте жоғары болып келеді.
Шаңның сипаттамасы мен тиімділігі олардың зарядтылығына байланысты болады. Зарядталған шаңдардың бөлшектері адамның ағзасында нейтрондарға қарағанда көп уақыт тұрады. Сондықтан басқа жағдайларға қарағанда олар ағзаға өте қауіпті жəне зиян болып келеді. Шаңдардың туғызатын қауіпі олардың ерітіндісіне, қаттылығына, шаңның формамына байланысты.
Ұнтақтау мен бөлшектеу нəтижесінде пайда болған шаңның қатты бөлшектері зарядталады. Сонымен қатар шаң бөлшектері абсорбация кезінде жəне шаң бөлшектерінің өзара соқтығысуларынан, шаң бөлшекерінің қатты бетке үйкелісінен зарядталады. Зарядталудың полярлығы шаңның химиялық құрамы мен шаңның пайда болуына тəуелді.
Зарядталған шаң бөлшектері қалыпты шаң бөлшектері салыстырғанда 2-8 есе белсенді болып келеді жəне интенсивті түрде фагоцитирленеді. Сонымен қатар бір аттас зарядталған шаң бөлшектері əртүрлі аттас зарядталған шаң бөлшектерімен салыстырғанда ауа құрамында ұзақ сақталады.
Егер шаң бөлшектері қозған күйде əртүрлі заряды болса, онда шаң бөлшектері бір-біріне тартылып тез шөгеді.
Ылғалдылықтың көбеюі əсерінен электро зарядталған шаң оңай əрі берік үлкен алгомераттарға бірігеді. Осындай əдісті практикада электрлі зарядталған шаңдарды ылғалдату үшін қолданады.
Адам ағзасына əсер етуіне байланысты өндірістік шаңдар:
- Тітіркендіргіш шаңдар - минералды, металды, ағашты, полимерлі болады.
а) минералды тітіркендіргіш шаң - əртүрлі технологиялық операциялар ( ұнтақтау, араластыру, тасымалдау жəне т. б. ) кезінде пайда болады ( құмды- кварцты, й шаңдар) .
б) металды тітіркендіргіш шаң - темір, мыс, цинк, алтын жəне т. б. металдарды механикалық түрде өңдегенде пайда болады.
в) ағашты тітіркендіргіш шаң - ағаштарды өңдеу кезінде пайда болады.
г) полимерлі тітіркендіргіш шаң - полимерлерді ( полиэтилендер, фенолформальгидтер, полистирольдар жəне т. б. ) өңдеудің технологиялық процесстерінің кез келген деңгейінде пайда болады.
2. Токсинді шаңдар - құрамы химиялық элементтер қосылыстарынан тұрады жəне өте қауіпті болып келеді. Егер адам осындай шаңмен дем алса немесе бұл шаң теріге қонса, онда улы əсері ағзаға тарайды. Ауыз қуысында еріп, тыныс алу жолдарының шырышты қабықшасында жəне ас қорыту жолдарында сұйық у ретінде əсер етеді.
Майда дисперсті шаң жарылыс қауіпті болуы мүмкін. Бұл жағдайда “жанғыш шаң” терминін қолданған дұрыс. Жанғыш шаң - газды ортада қозған немесе тұнған күйде өлшемі 850 мкм-ден кем емес бөлшектен тұратын, ауада қалыпты күйде өздігінен жанатын майда дисперсті жүйе. Шаңның жарылғыштығы оның көлемінін үлкендігіне, ауа құрамындағы концентрациясына, жарылыс детонациясына, қоспадағы оттегі мөлшеріне жəне т. б. факторларға байланысты.
Жарылғыштық деңгейлеріне байланысты шаңдар үш классқа бөлінеді:
- I- оңай жанғыш шаңдар, яғни өрт тез таралатын. Жануды тудыратын фактордың елеусіз болуы да жеткілікті, мысалы шырпының оты. Жалыны аумаққа тез таралады.
- II - Жанғыш шаңдар, жоғары температуралы жылуды немесе ұзақ уақыт əсер ететін жану көзін қажет етеді жалынының таралуы арнайы отын көзін қажет етеді.
- III - өндірістік жағдайда жанбайтын шаңдар. Бұл шаң ауада баяу таралады немесе көптеген жанбайтын бөлшекерден тұрады. Көп жағдайда мұндай шаңдарды қауіпсіз шаңдар қатарына жатқызады.
Шаңның физикалық жəне химиялық құрамы дисперстілігімен, бөлшектердің формасымен, химиялық құрамымен анықалады. Шаңның физикалық құрамынан химиялық құрамы өте маңызды болып келеді. Себебі химиялық құрамында кездесетін химиялық элементтердің əсер ету деңгейлері өте күрделі болып келеді.
Ауа құрамындағы шаң бөлшектерінің дисперстілігі мен таралуы. Өлшемі 200 мкм-ден үлкен шаң бөлшектері бүкілəлемдік тартылыс заңына сəйкес ауада өспелі жылдамдықпен тез шөгеді. Ал өлшемі 200 мкм - 0, 1 мкм шаң бөлшектері ауа тарапынан кедергілерге соқтығысады жəне елеусіз тұрақты жылдамдықпен (мм/сағ, см/сағ) басылады. Өлшемі 0, 1 мкм-ден кіші шаң бөлшектері ауада ұдайы ретсіз қозғалыста болады жəне олаи ауа құрамында қалқып жүреді. Осыған байланысты шаң бөлшектерінің өлшемдері неғұрлым кіші болса, онда ол соғұрлым ұзақ уақыт ауа құрамында сақталады деген тұжырым жасалды.
Өндірістік шаңдардың дисперстілік дəрежесі шаңның пайда болуына байланысты. Жаңа пайда болған конденсация шаңдарының өлшемі 1 мкм-ден кіші болады. Уақыт өте келе шаң бөлшектері агрегацияланып шөгеді. Ал дезинтеграция шаңдарының өлшемі шаңның пайда болуына əкелген фактор неғұрлым қатты жəне ұсақтау неғұрлым интенсивті болса, онда шаң бөлшектерінің дисперстілік дəрежесі соғұрлым жоғары болады.
Шаң бөлшектерінің шөгу жылдамдығы оның формасы мен құрамына байланысты болып келеді. Бөлшектері дөңгеленген шаңдар жылдам шөгеді. Тығыз, ірі бөлшекті, ұшты шаң бөлшектері де ( көп жағдайда дезинтеграция шаңдары) тез басылады. Шаңның тез шөгуі оның бөлшектерінің көлеміне тікелей байланысты. Егер шаң бөлшектері үлкен болса, онда шаң тез шөгеді. Ал егер шаң бөлшектері майда болса, онда шаң баяу шөгеді.
Өндіріс жағдайында ауа құрамындағы кездесетін зиянды заттардың бірі шаңдар. Шаңдар қасиеттеріне сəйкес адам ағзасына əртүрлі деңгейде əсер етеді. Төменде ағзаға əсер етпейтін жəне қауіптілігі жоқ өндірістік шаңдардың нормативті келтірілген.
кесте
Өндірістік шаңдардың тағы бір ерекше қасиеттерінің бір ауа құрамында жанғыштығы болып табылады. Шаңның жанғыштығы оның химиялық құрамына, жану ортасына байланысты əртүрлі болады. Шаңның жануының бірден бір көрсеткіші ретінде шаңның ауа құрамындағы күйі болып табылады, яғни қозған немесе шөккен күйлері. Шаңның қозған күйі шөккен күйіне қарағанда қауіпті болып келеді. Сонымен қатар шаң бөлшектерінің өлшемі де маңызды болып табылады.
Шаңның жануының, бықсуының төменгі кестеде шектеулі рұқсат етілген концентрауиясы берілген. Сонымен қатар жанудың төменгі шегіне, жану температурасына, бықсу температурасына, өздігінен жану температурасына тоқталған.
Өндірістік шаң адам организміне кері əсерін тигізеді жəне кері əсерлердің нəтижесінде кəсіби аурулар пайда болады.
Кəсіби аурулар - белгілі бір мамандыққа байланысты кəсіпорынның зиянды əсерінен болатын кесел. Кəсіби аурулар кəсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа əсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға ( өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сəуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады.
Кəсіби созылмалы аурулар ішінде шаң-тозаңнан болатын тыныс алу мүшелерінің зақымдануына байланысты түрлі аурулар (11-13%), пневмокониоздар (13-14%), демікпе ауруы (51%-ға дейін) . Кəсіби уланулар, көбіне жұмыс орнында улану (5-6%) фактілері негізінен қорғасынның əсерінен жəне оның қосындылары: сынап, көмірқышқыл тотығы, хлор жəне фосфордан уланулар бойынша көбірек тіркеледі. Жұмысшылар арасында кəсіби аурумен ауыратындардың көп үлесін əйелдер.
Өндірістік шаңның əсерінен адам организмінде пайда болатын кəсіби аурулардың түрлеріне тоқталсақ. Бұл топқа бронхит, өкпе туберкулезінің барлық түрлері бір мезгілде шаңды кəсіптік аурулары: силикоздар, асбестоздар жəне басқалар бірге болуы кіреді. Диагноз тұжырымдамасында “Кониотуберкулез” деп жазу керек, содан соң кониоздың кең түрдегі сипаттамасын - “ антракоз”, “силикоз” жəне т. б. жəне туберкулез үрдісінің кең түрдегі сипаттамасын беру керек.
Тітіркендіргіш шаңдар (синтетикалық смола, ізбес, кальций карбидінің шаңдары) əртүрлі ауыр жағдайларға (дерматиттер, экземалар) əкелуі мүмкін. Ауа құрамының көп мөлшерде шаңдануынан теріге əсер ететін шаң бөлшектері тері құрамын өзгертеді, яғни оның сезімталдығын арттырады жəне микробтарға қарсы тұру иммунитетін төмендетеді.
Ұшы үшкір қатты шаң бөлшектері көздің жарақаттануын тудыруы мүмкін. Егер көз шаңнан зақымданса, онда көздің мөлдір қабатының өзгеруіне жəне конъюктивтің үлкеюіне əкеледі.
Бронхит - тыныс жолдары мен қолқаның қабынуынан болатын ауру. Соның ішінде жедел бронхит кезінде бронхиалды секреция ұлғайып, шырышты қабықты тітіркендіреді жəне қабындырады. Осының салдарынан қақырықтың бөлінуіне жəне жөтелуге, ал ұсақ бронхылар зақымданғанда, ентікпеге əкеліп соқтыратыны рас. Ауру көп жағдайда - ұзақ уақыт шаң - тозаң мен улы газ жұтқаннан жəне темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларына жол ашса, өкпеге əсер етуінен болады. Жөтел ( құрғақ немесе қақырықты жөтел), кейде ентігу (созылмалы бронхитте) дененің қызуы 37-38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Науқас əлсіреп, дел-сал күйге түседі.
Өндірістік орындарда өндірістік шаңдар жиі пайда болады. Сондықтанда қазіргі таңда өндірістік шаңнан қорғану шаралары қарастырылуда. Шаңнан қорғану шараларын өндірістік орындарда жүргізу қажет болып табылады.
Шаңнан қорғанудың негізгі түрлері мыналар болып табылады:
- Жаңа технологияларды қолдану;
- Аппаратураны максималды герметизациялау;
- Шаң түзілуі мүмкін процестерді қашықтықтан бақару жəне автоматтандыру;
- Шаң түзілітін аймақтарда арнайы шаңнан тазартатын құрылғыларды қолдану;
- Өндірістік жұмыс аумағында жүйелі түрде тазарту шараларын жүргізу;
- Жұмысшыларды арнайы жеке қорғаныс құралдарымен жəне арнайы киіммен қамтамасыз ету;
- Жеке еңбек гигиенасын сақтайтын арнайы бөлмелер даярлау жəне оны стандартқа сəйкес жабдықтау жəне т. б.
Жоғарыда көрсетілген шаңнан қорғану шараларының ішінде кең көлемде қолданылатыны шаң түзілетін аймақтарда арнайы шаңнан тазартатын құрылғыларды жəне жеке қорғаныс құралдарын қолданады.
Өндіріс орындарында ауаны шаңсыздандыру үшін қолданылатын жабдықтар келесі түрлерге бөлінеді:
- Ағымды желдету жүйесі. Конденционерлеу жүйелері, рециркуляциялық ауаны шаңнан тазалау үшін қолданылатын арнайы ауа сүзгілері.
- Сорып шығаратын желдету жүйесі. Шаңды ұстау үшін арналған шаң жұтқыштар (асперациялық) .
- Аралас ағымды тазалағыш желдету жүйелері.
Өндірістік шаң тəрізді ластағыштарды бөлу үшін немесе олардың қомдығын азайту үшін əртүрлі физикалық немесе химиялық принциптерді қолдануға байланысты. Ластағыш шаңдар физика-химиялық қасиетіне немесе шарттарына байланысты оларды бөлу жиі қолданылатын абсорбция, тотығу жəне тотықсыздану, сонымен қатар каталитикалық процестермен жүргізуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz