Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы
КІРІСПЕ
I Тарау Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы
1.1Оралхан Бөкей шығармашылығы
1.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарын
II Тарау Оралхан Бөкей шығармаларын мектепте оқыту
2.1 Ақын жазушылар шығармашылығын оқыту жұмыстарын ұйымдастыру
2.2Оралхан Бөкей шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы
2.3 Практикалық бөлім.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда әлемдік ауқымда танылып үлгерген егеменді еліміздің мемлекеттік бағдарламаларында ұлттық руханиятқа кең өріс берілуі ғалымдардың жаңа тынысын ашты. Соның нәтижесінде фольклор, этнография, көркем әдебиет салалары да өз нысандарына тереңдей еніп зерттеудің және өзара сабақтастықта дамудың жаңа белесіне көтерілді.
Тарихи дамудың сан түрлі жолдарынан өтіп, кемелденген, көркемдік биікке жетіп, жанрлық жағынан да, тақырыптың ауқымы тұрғысынан да кең қанат жайған қазақ прозасындағы әлеуметтік сарындардың көркемдік қызметін ғылыми саралау – бүгінгі күннің аса зәру мәселесі болып табылады. Осы орайда қазақтың өте дарынды біртуар жазушысы Оралхан Бөкей шығармашылығы көркем әдебиеттің өз алдына бір зерттеу нысаны бола алады. Оларды көркемдік тұрғыдан ұштастырып, түрлі ғылым салалары арасындағы диалектикалық бірлікті өз талап-талғамына жарату хас талантқа ғана тиесілі.
Қазақ әдебиетіндегі қазіргі заман прозасында «алыптар» санатындағы қаламгерлердің бірі Оралхан Бөкеев – өзіндік дәстүр қалыптастырған ірі суреткер. Айтулы қаламгердің көркем туындылары оқырманның, сыншы ғалымдардың қашан да назарынан кетпеген. Бірқатар зерттеу жұмыстарына нысана болған. Олардың ішінде жазушы шығармаларындағы көркемдік шеберлік, тілі мен стилі, идеялық мазмұны сияқты мәселелер молынан қамтылады. Алайда, Оралхан Бөкеев қаламынан туған көркем дүниелердің шығармашылық тағдыры туралы терең де жүйелі зерттеу жұмысы жеткілікті деп айтуға болмайды. Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр. Оған қоса жанрдың қай-қайсысынан болсын қалам тербегені белгілі. Белгілі бір мерзімнен кейін әр туындының шығармашылық көркемдік сыр-сипаты ашыла түсетіні де анық.
Жұмыстың нысаны. Оралхан Бөкей шығармашылығы, көркем шығармаларының өзіндік ерекшелігі, автор туындыларындағы әлеуметтік сарын.

1. Байқонақтегі Р. Оралхан сүйген табиғат // Экологиялық жаршы. 2003 – қазан - №10, 5 – 6 бет.
2. Ахметжан Т. Жазушылық дегеніміз шындыққа жүгіну //Қазақ әдебиеті. 1997. – 20 мамыр.- 4 бет
3. Жәлелова Т. Табиғат пен адамды үндестіру // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1996 №11 – 12.-85-89 бет
4. Ахметжан Т. Оралханды ойлағанда //Қазақ әдебиеті. 2004.-14 қыркүйек.-96 бет
5. Сматаев С.Таңдайынан еліне бал тамызып // Жас алаш – 2003.-7 қазан.-32 бет.
6. Нысаналин А. Оралханның оралуы //Қазақстан. - 2003. №9-10.-13,14 бет.
7. Ахметбекұлы К. Алтайдан айналып ұшқан ақиық //Жас алаш. 2003.-2 қазан.3-бет
8. Жақсыбаев А. Оралханды ойласам //Ұлан. - 2003.-30 қыркүйек
9. Кемелбаева А. Оралхан Бөкей әңгіме жанрында //Қазақ әдебиеті. - 2003 -15 тамыз
10. Берікболова М. Оралхан мектебі төбесінен су ағып тұр //Айқын. - 2009 – 19 мамыр.
11. Мұқанжанова Ғ. О.Бөкей рухына арнау «Аттай» //Қазақ әдебиеті орыс мектебінде. - 2002.№4 – 73 – 74 бет
12. Ерман Ж. О.Бөкей және опасыз жалған //Жас қазақ. - 2008.-29 ақпан
13. Омарова Д. Халықтық тіл мен әдеби байланысы //Қазақ әдебиеті орыс мектептерінде. - 2009 -№12, 18-25 бет
14. Майбас Т. Айбөкен (О.Бөкей рухына) //Түркістан. - 2010. 11 қараша
15. Егеубай А. Мұзбалақ //Жұлдыз. 2003 – жетоқсан №12, 106 – 112 бет
16. Елубай О. Мұзтаудың Мұзбалағы : Оралхан Бөкейдің 60 жылдық мерейтойы туған елінде дүркіреп өтті //Егемен Қазақстан.-2003.-11 қазан
17. Құрманғали Қ. Жадымдасың жан досым: Оралхан Бөкей туралы//Ана тілі.-2003.-9-қазан. 8 бет.
2. Ахметжан Т. Жазушылық дегеніміз шындыққа жүгіну //Қазақ әдебиеті. 1997. – 20 мамыр.- 4 бет
3. Жәлелова Т. Табиғат пен адамды үндестіру // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1996 №11 – 12.-85-89 бет
4. Ахметжан Т. Оралханды ойлағанда //Қазақ әдебиеті. 2004.-14 қыркүйек.-96 бет
5. Сматаев С.Таңдайынан еліне бал тамызып // Жас алаш – 2003.-7 қазан.-32 бет.
6. Нысаналин А. Оралханның оралуы //Қазақстан. - 2003. №9-10.-13,14 бет.
7. Ахметбекұлы К. Алтайдан айналып ұшқан ақиық //Жас алаш. 2003.-2 қазан.3-бет
8. Жақсыбаев А. Оралханды ойласам //Ұлан. - 2003.-30 қыркүйек
9. Кемелбаева А. Оралхан Бөкей әңгіме жанрында //Қазақ әдебиеті. - 2003 -15 тамыз
10. Берікболова М. Оралхан мектебі төбесінен су ағып тұр //Айқын. - 2009 – 19 мамыр.
11. Мұқанжанова Ғ. О.Бөкей рухына арнау «Аттай» //Қазақ әдебиеті орыс мектебінде. - 2002.№4 – 73 – 74 бет
12. Ерман Ж. О.Бөкей және опасыз жалған //Жас қазақ. - 2008.-29 ақпан
13. Омарова Д. Халықтық тіл мен әдеби байланысы //Қазақ әдебиеті орыс мектептерінде. - 2009 -№12, 18-25 бет
14. Майбас Т. Айбөкен (О.Бөкей рухына) //Түркістан. - 2010. 11 қараша
15. Егеубай А. Мұзбалақ //Жұлдыз. 2003 – жетоқсан №12, 106 – 112 бет
16. Елубай О. Мұзтаудың Мұзбалағы : Оралхан Бөкейдің 60 жылдық мерейтойы туған елінде дүркіреп өтті //Егемен Қазақстан.-2003.-11 қазан
17. Құрманғали Қ. Жадымдасың жан досым: Оралхан Бөкей туралы//Ана тілі.-2003.-9-қазан. 8 бет.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда әлемдік ауқымда танылып үлгерген егеменді еліміздің мемлекеттік бағдарламаларында ұлттық руханиятқа кең өріс берілуі ғалымдардың жаңа тынысын ашты. Соның нәтижесінде фольклор, этнография, көркем әдебиет салалары да өз нысандарына тереңдей еніп зерттеудің және өзара сабақтастықта дамудың жаңа белесіне көтерілді.
Тарихи дамудың сан түрлі жолдарынан өтіп, кемелденген, көркемдік биікке жетіп, жанрлық жағынан да, тақырыптың ауқымы тұрғысынан да кең қанат жайған қазақ прозасындағы әлеуметтік сарындардың көркемдік қызметін ғылыми саралау - бүгінгі күннің аса зәру мәселесі болып табылады. Осы орайда қазақтың өте дарынды біртуар жазушысы Оралхан Бөкей шығармашылығы көркем әдебиеттің өз алдына бір зерттеу нысаны бола алады. Оларды көркемдік тұрғыдан ұштастырып, түрлі ғылым салалары арасындағы диалектикалық бірлікті өз талап-талғамына жарату хас талантқа ғана тиесілі.
Қазақ әдебиетіндегі қазіргі заман прозасында алыптар санатындағы қаламгерлердің бірі Оралхан Бөкеев - өзіндік дәстүр қалыптастырған ірі суреткер. Айтулы қаламгердің көркем туындылары оқырманның, сыншы ғалымдардың қашан да назарынан кетпеген. Бірқатар зерттеу жұмыстарына нысана болған. Олардың ішінде жазушы шығармаларындағы көркемдік шеберлік, тілі мен стилі, идеялық мазмұны сияқты мәселелер молынан қамтылады. Алайда, Оралхан Бөкеев қаламынан туған көркем дүниелердің шығармашылық тағдыры туралы терең де жүйелі зерттеу жұмысы жеткілікті деп айтуға болмайды. Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр. Оған қоса жанрдың қай-қайсысынан болсын қалам тербегені белгілі. Белгілі бір мерзімнен кейін әр туындының шығармашылық көркемдік сыр-сипаты ашыла түсетіні де анық.
Жұмыстың нысаны. Оралхан Бөкей шығармашылығы, көркем шығармаларының өзіндік ерекшелігі, автор туындыларындағы әлеуметтік сарын.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты:
* Оралхан Бөкей шығармашылығына, өмір жолына толықтай шолу жасау;
* Автор шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсету;
* Әңгімелердегі әлеуметтік сарынды көркем мысалдар арқылы дәлелдеу;
I Тарау Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы
1.1Оралхан Бөкей шығармашылығы
Бөкеев Оралхан (1943-1993 ж. ж.) 28 қыркүйекте Қатон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған.
1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады.
Шынында да осы Оралхан Бөкеев деген кім?
Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: "Алтайдың кербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттерді қарша боратқанымыз өтірік емес. Әлі күнге Оралхан туралы әңгіме қозғала қалса әлгі эпитеттерді малданып келеміз. Осы астам сөздердің екінші бетіне көп үңіле қоймағанымыз да, үңілуге батпай жүргеніміз де шындық. Үңілуге әрекеттеніп көрелікші.
Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткер Бөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті шығар. Екі қайтара деп отырғаным, жалқы оқумен Бөкеевтің будақ - будақ бу атқылап жатқан иін -иірімдеріне малтығып, тұншығып қаласыз. Оның үстіне екінші қайталағанда Оралханмен ілесіп жеті қат көкті шарлап кеткен көңіліңіз сәл - пәл байсал тартып, жерге түсесіз. Ақбаз дүниенің аппақ тұманының арқасында Орекеңнің жартылай адам, жартылай пері кейіпкерімен бірге адасып жүрген сіз, сансырай шаршағаныңызды сезесіз. Шаршау - салқын қандылықтың өзегі.
Оралхан - жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен. Алтайда жатып асқақ та өршіл дауысымен алты алашты елең еткізген өренді, Алматыдағы қазақ жұртының қаламының желігі бар жастарын құтпан айғыр секілді үйіріне қуып тығатын Шерхан Мұртаза сынды аймүйіз ағасы аяқ- қолын жерге тигізбей астанаға алғызған. Сөйтіп... Қазақтың шоқ жұлдыздарының қатарына мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан, жүрісі де, тұрысы да кербез, жұмбақ, өр де астам, басына сынық түймедей сөз асырмайтын түз тағысы - Кербұғы келіп қосылған ...
Орекеңнің үлкен, көлемді шығармаларын былай қойғанда, кез келген ұсақ әңгімесінен туған жеріне, тіпті оның әр бұта - қарағанына деген, жалпы адамзат баласына деген алапат сағынышы аңқылдап тұрады. Сағынышсыз адам - құр тұлып. Ал , Оралхандыкі тым ерекше. Туған жерінің төсінде ойнақтап жүріп - ақ әр тал ағашын, әр тал жусанын мың сан еңірей құшады. Сол от - жалынға оранған алапат сағынышына тым ерте өртеніп кетті ме, кім білсін ?
Кез келген өнер иесі туралы әріден әңгіме қозғау барысында біз оның өмірін- дайындық, білімін жетілдіру, даму, өсу кезеңдері деп шартты түрде бөліп, бөлшектеп жататынымыз рас. Осы бір шарттылық шеңберіне Оралхан сыймайтын секілді. Себеп мынада: Оралханның қулық пен сұмдыққа толы қитұрқы өмірдің мәні мен мағынасын әлі толық ажырата алмай жүргенде жазылған шығармалары мен кейіндеу жазылған шығармаларын безбендер болсақ, бірін - бірі баса алтай, итжығыс түсіп жатар тұстары көп. Асылық болмасын, тіпті отызында жазылғандары қырық жасындағы "ағаларынан" өр де өршілдеу екендігін ешкім жоққа шығара алмас. Яғни Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиет институты да, аспирантурасы да, академиясы да- айналайын ауылы, соның ақеділ адамдары, Өр Алтайы, оның табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауын түгесе алмай көз жұмды. Қат - қат сағыныштрын өзімен бірге ала кетті.
Оралхан Бөкеев шығармашылығының бастауы ретінде "Сарыарқаның жаңбыры" атты ұзақ әңгімесін атап жүрміз. Бәлкім, дұрыс та шығар. Дегенмен, мен айтар едім, "Сарыарқаның жаңбыры" болашақта дауылдатып, селдетіп өтер автордың оқырмандарына, цензураға жіберген "барлаушы" шығармасы ғана деп. Ол онда аспайды, таспайды. Сұлтанмахмұтпен кеудесіне сырыл араласа бастаған бейкүнә ақынмен бірге байсал күй кешеді. Мұңдасады, сырласады. Алғашқы шер шеменінің шетін шығарады. Оны Махмұттың ауызымен айтқызады. Күркіременің бойындағы ай сәулесінен жасыруға қауқары жоқ сирек талдың жанында, бой түзеп қалған балаң бойжеткенге айтқан өзінің асық жырын Махмұттың аузына салады. Бұл - автор мен оның кейіпкерінің тағдырларындағы ұқсастықтан да шығар.
Оралханды өз биігіне шығарған, "Бөкеев - нағыз талант" дегізген шығармасы - "Мұзтау" повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды іс - әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгіге бітпес айтысы басталады. Міне, осы "Мұзтаудан" басталған қоғам кереғарлығымен Бөкеевтің жекпе - жегі оның қалған ғұмырындағы шығармаларының лейтмотивіне айналғаны рас.
Аршалы. Қазақ жерінің күншығыстағы сіргежинар пұшпағы. Жұрты екі - ақ күнде көр -жерін буып - түйіп бел асып, бошалап кеткен, әдірем қалған мекен. Мылқау шешесімен Ақтан ғана қалған. Тағы да бір Ақтанның мұңдасы, тіршілік иесі бар, ол арса -арсасы шыққан Шағырқасқа. Оның да терісі қанжар жүзіндей боп жұқарған, жүдеген. Мынау мүлгіген мылқау тірліктен Шағырқасқа да әбден зәрезеп болған: алқа салқасы шығып жылағысы, белгісіз бір шулы өмірге күңірене кісінеп еніп кеткісі келетін. Бірақ ондай шылбыр үзер тентектікті Шағырқасқаға кім беріпті ?! Қайта мынау меңіреу тайгадағы өзі салған, өзі мың сан таптаған сүрлеуімен митың - митың тапырақтағанына, тірлік етіп жүргеніне риза болсын. Жылқы да болса өз әулетінің тым жуастығына, тым көмпістігіне іштей қан түкіре налитын. Екі аяқтылардың еркіне көндім дегенің, табиғат берген тәуелсіз тірлігіңнен айырылдым деген сөз. Анау жылы бір тентек суға тойып алған, зәр жіберер долы Екі аяқты мұның көзін шұқып та алған. Шағырқасқа аталып жүргені сондықтан, Шағырқасқа екіаяқтылардың қолынан күніне сан рет жем алып жүрсе де оларға сауырын сипатпайтын бұғы, маралдардың ерлігіне қызығатын, Аршалының самырсынды бір сайында туып, соның ғана төсін дүбірлетіп келе жатқан Шағырқасқаның қиялы да қысыр қалған. Аршалы көгінің көкжиегін көмкерген әнеу бір, қол созым жердегі түкті төбемен шектелген. Шіркін, бұғы - маралдардай тәуелсіз болсам - ау дегенді ғана армандайды.
Шағырқасқаның үстіндегі иесі - Ақтан да жалқы. Жалғыз. Жартылай аң, жартылай адам. Табиғилығына түрен түспеген пенделердің соңғы тұяғы. Өрелдегі өңезкеуделердің Аң атап жүргені де сондықтан. Олардың ойынша қулық, сұмдық, аярлық, алааяқтықты меңгермеген жан - Аң.
Ақтанның бар ермегі - ой. Санасына мәңгі тыныштық бермейді. Оралхан өзін шаршатқан, санасын сансыратқан, жауабын табу қияметқайым сандаған сұрақтарын Ақан арқылы жарыққа шығарады. Ақтан мен Аңды пікірталасқа түсіру арқылы жауап іздейді. Жақсылық пен Жамандықтың қансонарда жерді жапқан аппақ қылаудың бетіндегі қатар жатқан, бәсекелес қос із екендігін, жиі -жиі бастары тоқайласқан сәтте шарпысып, шаптығысып тіпті, қантөгіске де баратынын - қолқасына өгіз тобығы тұрып қалғандай өксікпен өреді.
Ақтан - Әділетсіздік пен Аярлықтың ордасы - күлкітоқ қоғамнан қашып, Алтай тайгасының тағылар ғана мекендейтін түкпірінде табиғилығын сақтап қалу үшін жансауғалап жүрген қияли, ойсоқты адам. Совхоз орталығы Өрелге зәуімен бір бара қалса жиреніш те лас өмірден түңіле қашып тауымен, жалғыздығымен еңіреп табысады. Бұл еркіндігі, еркелігі қаншаға созылары бір аллаға ғана аян.
Беу - беу Оралхан - Ақтан - ай , қаншама көз көрмес, құлақ естімес меңіреуге лағып, маңып кеткенімен кесірлік пен кесапаттың күйік сасыған иісі іргесінен үріп жатқанын, ерте ме, кеш пе қолқасын қан түкірте қабарын болжамаған -ау !
Әттең, Оралхан - Ақтан - ай, әр пенде шыр етіп жарық дүниеге келген сәттен бастап - ақ оның тағдырдан жер тоқпағы да, бастан сипар мейірімі де, бағы да, соры да ең аяғы тірліктің мәресі - ажалы да соңынан таяқ тастам жерде еріп отырарың соның көбі екі аяқты адам бейнесінде тапырақтап сүмеңдейтінін ертерек ойламағанын қарашы !
Қайран, Оралхан - Ақтан - ай, адам жатырынан адам болып дүниеге келген екенсің, сол тобырдан қолыңды төбеңе қойып қаншама қашқаныңменен, қаншама саяқтаңғаныңмен сол тобырсыз күнің жоқ екенін неге түсінбейді екенсің. Ажалдан қашқан Қорқыт бабаларың қайда ұзап кетіп еді ?
Адалдық пен Арамдық - егіз ұғым. Ақтан - адалдықтың бейнесін сомдаса, Кан - қулық, сұмдығына сырық байламайиын арамдықтың өкілі. Кан жетесіз емес. Ақтан секілді ауызынан әулиеліктің уызы аңқып тұрған он шақты аңқау да адал жандарды қанжығасына бөктеріп кетеді. Тым зымиян. Тым жады. Тым уытты.
Повесть соңында Арамдықтан сілікпесі шыға орлық көрген Ақтан оның қыр соңына түседі. Арқасына таңып алған, ғұмыр бойы жақ ашпаған мылқау шешесі тұңғыш рет ұлына:
- Құлыным - ай, сол қуды қуып жете алар ма екенсің ?- деп күрсінеді.
Ақтан жетуін жетер, ал оны жеңу үшін өзі де арамдықпен тояттауы қажет -ау.
Повесте қосалқы бейне есебінде үнемі көрініп қап отыратын кейіпкер - өтірікші Асан шал. Бұл кейіпкер - Оралханның алмас алдаспаны. Оны әрі өтірікші, әрі шежіреші етіп алуы - саясат.
Қоғам кереқарлығын , өз ұлтыңның кеңкелес кезеңде іштегі запыранды шығару үшін әр түрлі әдеби тәсілдерге бару қажет болды. Міне, Асан сол олқылықты толтыруға келген өкіл." Мұзтау" повесінің көтерген ең ауыр жүгі - оның адами мораль мен этикасының жиынтығы екенінде. Оралхан осы шығармасында Арамдық пен Адалдықтың бетін қанжосасын шығарып, аймаңдай етеді. Адамдарды ізгілікке үндейді. Етегі тола еңірей отырып "Адам" болып қалуға шақырады.
Жалпы "Мұзтау" повесі - Мұзтаудай биікке шыққан шығарма. Ол аласаруы мүмкін емес!...
Ол - ерлік пен өрлікке толы хикаят. Оны оқып шыққан соң өзіңнің де бойыңа шым - шымдап қуат құйылып жатқанын, моншадан шыққандай бусанып, сергіп қалғаныңды сезесің. Күйкі тірлігіңе қынжыласың, аттандап Алтай мен Алатауға шығып, алапат ерлік жасағың келеді - ай!
Әсілі, Бөкеевтің қара сөздің інжу - жақұтымен өрілген жырларынан әмәнда ерлік рухы атқақтап, шарасына сыймай асып - төгіліп жатқан асқақтық лебі өн - бойыңызды тоқ соққандай қалшылдатады -ай!
Пенде Оралханның кеудесінен шыбындай жаны ғана пыр етіп ұшып кетіпті. Жазушы Оралхан Бөкеев тірі екен. Шығармашылық өмірі тек ғана өнермен, соның інжу - маржанымен көмкерілген Оралхан кербез жымиып, әне арамызда жүр...
Олар: Нұржан ("Қар қызы"), Таған ("Атау кере"), Аға ("Жылымық"), Қиялхан ("Жасын"), Аман ("Сайтан көпір"), Ақпан ("Мұзтау"), Жеңісхан ("Ұйқым келмейді"), қойыңызшы, тіпті, газет үшін жазылған ұсақ мақалаларының өзінде Орекең тұр тәкаппар көз салып.
Оған кербездік жарасушы еді. Оған жұмбақтық жарасушы еді. Оған ... . оған, бәрі - бәрі жарасатын...
Оны алты алашқа сүйкімді еткен де, ерке еткен де, шашын жұлғызып, жоқтатқызған да хас таланты болатын. Ал таланты үшін; ол Аллаға ғана қарыздар ...
Ел айтады: "Оралхан Бөкеев тіпті де өлмепті. Ол түз тағысына - Кербұғыға айналып, алтайдың құзар шыңдарын гуілге толтырып жүр екен"...
О.Бөкеевтің шығармашылық жолы 1970 жылдан басталады. О.Бөкеев әдебиетімізге өз өрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы әңгіме повестерінен-ақ оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде өршілдікке тарта беретін.
О.Бөкеев әу бастан - әдебиеттің киелі босағасын аттаған күннен бері өз заманын, сол заманда ғұмыр кешіп жатқан қарапайым еңбек адамдарын шығармаларына арқау еткен жазушы. Оралханның кейіпкерлері- өзіміз күнделікті көріп, араласып жүрген замандастарымыз. "Жетім бота", "Мынау аппақ дүние" повестерін, ондағы Тасжан, Нұрлан, Луйза бейнелері поэзия тілімен өрнектелген деуге болады. "Бәрі де майдан" повесіндегі Ақан мен Құмырай- адалдық пен арамдықтың, қарапайымдылық пен қатыгездіктің бітіспес күресін көрсететін типтік бейнелерОралханның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолы бар. Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі саласында ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың сан - салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді -кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады.
Асқар Алтайдың кербез табиғатын, тамылжыған сұлулығын Оралхан Бөкейдей сүйіп, жырлаған жазушы әзірге жоқ. Ол - табиғаттың асқақ жыршысына айналған табиғи тума талант.
Оралхан кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі - олар арманшыл, қиялшыл болумен бірге ойшыл, мұңшыл, жан-дүниелерінде сағынышқа толы аңсау, ынтығу, күрсініс пен өкініш, шексіз ынтызарлық, жұмбақты сыр жатады. Олармен бірге белгісіз бір сағынышқа толы мұңға беріліп кеткеніңді өзің де байқамай қаласың.
Оралхан Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілі. Сол бір алапат-сойқанды көзімен көрмесе де анасының құрсағында жатып, тылдағы ауыр еңбектен қабырғасы қайысып, күрсіне-күңірене жүріп күн кешкен қамкөңіл жандармен бірге тыныстап, бірге қиналып дүниеге келген бұл ұрпақтың да жанына соғыс салған жара аз болған жоқ. Осы соғыс тақырыбына жазушы "Бәрі де майдан" повесін арнады. Бұл повесть - тақырыбының сонылығымен де, кейіпкерлерінің тосын тағдырымен де ерекше шығарма. Шығарманың негізгі қаһарманының бірі - Ақан. Қолына мылтық алып, қан майданға қатыспаса да, еңбек армиясында болады. Белуардан батпақ кешіп, таң атқаннан күн батқанға дейін тыным көрмей жер қазатын. Тамағы да өте нашар еді. Қатықсыз қара көже ішіп, үсіген картоп жеген кісілер ауыруға шалдығады. Өлім -жітім де болады. Осының бәріне Ақан мойыған жоқ. Мұнда да ол соғысқа қатысқандардан аз азап шеккен жоқ. Оны қиындықпен келген Ұлы жеңіске үлес қоспады деп ешкім айта алмайды. Ендеше неге бұның: "Еңбегім елеп ескерілмеді ? Неге ол Жеңіс мерекесіне арналған жиналысқа шақырылмайды ? "Менің кінәм не сонда ? Бар жазығым қолыма мылтық орнына күрек ұстағаным ба ? Біле -берсе күрек те қару ғой. Осы ғой жанға бататыны. Әйтпесе батыр атағын бермеді деп жүрген мен жоқ ",-деп қиналады Ақан.
Жалпы, әдебиетімізде соғыс кезіндегі қара жұмыста болғандар еңбегі туралы жазылған шығармалар жоқтың қасы. Көбіне тікелей соғысқа қатысқандарға қарағанда осы бір белгісіз ерліктің иелері еленіп - ескеріле бермейді. Осынау еңбекте ерлік көрсеткен мыңдаған адамдардың тіршілігі қан майдан қаһармандарының тасасында қалып келгені белгілі. Сол олқылықтың орнын толтырған, ерліктің бағасы біреу ғана екенін, мейлі ол майданда жасалсын, мейлі ол тылда көрсетілсін, ашып, айғақтаған бұл повестің тағылымы мол, тәрбиесі толайым. Жақсылыққа ізгілікке деген ұмтылыста жүрген, ұлы сенімді серік еткен Ақан, Алма сынды кейіпкерлер әр жүрекке жол табады. Олардың көрген қиыншылықтары, тартқан азаптары жігерлерін шыңдап, қажыр - қайраттарын арттыра түсуі көңілге қонады.
Оралхан Бөкейұлы тілдік қоры бай, ойы терең, адамның жан-дүниесін көп жазып, табиғат пен адамның үйлесімділігіне, жұмыр басты пенденің тіршіліктегі тірлігіне көп бас қатырып, қалам тербеген жазушы. Оралхан әдебиеттегі бар жанрлардың барлығында бағын сынап, қалам тербеп, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қарымды қаламгер. Жазушының өзгелерде жоқ өзіндік жазу мәнерін, заманы мен айналасындағыларға жеткізу сонылығын біз роман, повесттерінен, әңгімелерінен анық байқаймыз.
1.2. Әңгімелердегі әлеуметтік сарын
Нағыз жазушы әлеуметке ортақ өз кезінің таза моральдық атмосферасының рухани билеушісі болумен қатар, өмірдегі келеңсіздікті батыл айыптаушы, жалпы адамзатқа ортақ гуманистік-моральдық насихатшы, әрі оны берік қалыптастырушы қайраткер. Бөкей шығармаларын оқи отырып біз оның жазушы және жай азамат ретінде осы талаптардан көріне алғандығын байқаймыз.
Жазушының Қайдасың, қасқа құлыным? повесіндегі Таңатардың жұмбақ өлімі, Сарқынды шал трагедиясы көп жайды аңғартса керек.
Таудың қуысында ешкімге араласпай, жұмбақ өмір кешіп жатқан Сарқынды шал неге қобызын зарлатып, қайғылы күй тартады? Оған неге Алтай күрсінеді, Әулиекөл неге тебіренеді? Сарқынды шал неге сонша аза болып, базына күйге түседі? Неге, кімге кектенеді? Жаңа туған қара қасқа құлынды, қызғаныштан шыдай алмай: Менің бабамның жылқысынан қалған тұяқ, сондықтан да менің малым,- деп [8, 145-б.]. сары мойын кездегімен алқымынан орып жібереді. Содан кейін боз бие қайтып құлындамай бедеу қалды. Неге? Бұл арқылы автор нені меңзеп, не жайлы толғанып отыр?
Сарқынды шал кектенбей қайтсін, кеңес өкіметі жер қайысқан қалың жылқысын тігерге тұяқ қалдырмай, зорлық пен тартып алса, ауып келген кер жақтар ата- бабасының қоныстарынан қуып шықса, өмірі өз кіндігі кесіліп, жетесіз ұрпақты желкесіне мінгізіп, санамен сарғайып, қайғы жұтып қартайса.
Бұдан артық қорлық бола ма? Боз биенің бедеу қалуы - қазақтың басынан бағының таюы емес пе! Осы Сарқынды шал өлер кезінде домбырасы мен сыбызғысын өзімен бірге көрге көмдіртеді. Бұл не? Бұл-кеңестік кезеңдегі тілімізден, ділімізден, дәстүр, салтымыздан айырған бейшара күйімізді меңзеу емес пе? Қазақтықтың өліп, өшіп баражатқандығының белгісінен хабар бергісі келген автордың жан айқайы емес пе екен! ...
Ал Қар қызы повесінде де осындай халықтық трагедияны ишаралайтын жұмбақты кейіпкер бар. Ол - адам аяғы баспайтын биік таудың қуысында жападан-жалғыз ғұмыр кешіп жатқан Қоңқай шал. Ол да бір кезде өзін сыйдырмай, қудалаған мына заманға өлердей өш. Осы бір қу дүниеге сес көрсеткендей ерегісіп таудың қуысында бір өзі жатып алды. Неге?
Осы Сарқынды, Қоңқай сияқты елден қол үзіп, үйірінен адасқан қазақ жер әлемде толып жүрген жоқ па? Соры қайнаған қазақ бас сауғалап қайда бармады? Туған жеріне, ел-жұртына әлі орала алмай жүргендері қаншама? Мінекей, халқының басындағы замана салған зобалаңды осылай ишарамен, меңзеумен есті жұртқа жеткізем деп, елінің тағдырына жаны ауыратын қаламгердің - болашағын ойлайтын, туған өлкесінің салт-дәстүрін қастерлейтін ұрпақтарға өз ата-бабасының кешегісін осылай жеткізбек болғандығын аңғарамыз. Осыны біз түсіне білсек жарар еді ...
Жазушының Атау кере повесіндегі өркениеттің, адамзаттың соның ішінде қазақтықтың тамырына балта сілтеп жатқан әсерін суреттеуі тіпті ерекше кесек дүние! Жазушы тоқырау кезеңдегі қоғамның, заманның адамзаттың рухани, адамгершілік дамуына тигізген кері әсерін шынайы суреттермен оқырманға жеткізеді. Атау кере көркем шығарма. Шығарма болғанда қазақ халқы тұрғанда, сол халықтың тағдырын түсінгісі келетін ұрпақтары тұрғанда құнын жоғалтпайтын мәңгілік мұра. Жат елден әкелінген қауіпті будан ара кейпінде суреттеліп, одан сонаға айналып, ақыры оқиғаның басты кейіпкері Еріктің қайдағы бір өзі де дұрыс танымас ашынасының қамшысының астында езіліп өлді. Бұл дегеніміз қоғамда жүрген адам кейпіндегі будан ұрпақтар ел тамырына әкелер пайдасынан зияны көп екендігін түсінуге апаратын ой. Жат жерліктің аты жат жерлік, өркениетіміз қарыштап дамыған сайын соған құнығып, батысқа еліктіп-елегізіп жатқан бүгінгі заманымыздың бет пердесін аша түсетін шығарма. Суреткер О.Бөкей осындай қоғамның бет-бейнесін әшекерлей ашып көрсеткен, қайталанбас ірі таланттың бірі екені даусыз. Жоғарыда сөз қозғай кеткен біраз повест, романдары ел-жұрт күйін күйттеген саңлық жазушының мол мұрасының ішіндегі біразы ғана. Оралхан повестері мен романдарын оқып, зерттеп-зерделей берсек қоғам, бүгінгі мен ертеңін ашып көрсететін суреткер шығармалары толассыз. Менің ендігі айтпағым тақырыбыма оралып жазушының әңгімелеріне тоқталсам.
Оралхан Бөкей - қазақ әдебиетінің үлкенді-кішілі бірнеше жанрларын өркендетуде, дамытуда белсене араласып қана қоймай, әдебиетке бірден және өз бетімен, өз жолымен, өз стильімен келген көркем сөздің зергері. Оның қаламынан шыққан көркем әңгіме-новеллалары да идеялық мазмұны терең, жазылу шеберлігі көзтартарлық әсем де мінсіз, көтерер жүгі ауыр шығармалар екендігі даусыз.
Әңгіме-шеберлік мектебі деп Федин айтқандай, Оралхан да қысқа әңгімелері арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің үлгісін көрсетіп, осы жанр арқылы шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір, қым-қуыт, алыс-жұлыс, қулық-сұмдық, қысқасы адам өмірінде болып жатқан дүниелерді, сол дүние үшін талас-тартыстағы пенделердің мінез-құлықтарын, бет-пердесін оқырман қауымға жеткізе білген. Оның әңгімелері сонымен бірге замана көшін, әлеуметтік ортаның суретін көрсететін әсем пейзаж, толымды кесек дүние.
О.Бөкей повестеріне тереңнен көз сала қараған адам ондағы кейіпкерлердің бар бітім-болмысымен, қуаныш-қайғысымен, арман-үмітімен, қат-қабат күйінде берілетінін байқар еді. Әсіресе соңғы жылдары әдебиетте бүгінгі ауыл өмірі, малшы жағдайы туралы ұрандаған, әсіресе қызыл бояулар мен жалған романтикаға бой алдырған шығармалар көбейген тұстың өзінде жазушы сабырлылық танытып, шығарманың жаны шыншылдығында екенін ,малшы өмірінің социалистік қоғамда қор болғанын ашық көтереді. Оралханның қойшысы ақ таяғын салтанатпен ұрпағына тапсырып, тірліктің тәтті сәттеріне бой алдырған немесе табиғаттың әсемдігін, жыл мезгілдерінің қайталанбас сұлулығын (арайлап атқан таңын, көктемнің шуағын) қызықтап отырған романтикалық герой қалпында емес, әлі күнге бейнеті қалың, зейнеті аз тірлік кешіп, өмірдің өгей баласындай елден бөлек, бар ауыртпалықты мойнымен көтерсе де, желге ұшқандай елеусіз жатқан еңбегін ешкімге бұлдамай-ақ, осы өміріне еріксіз көндіккен жанның бейнесі болып суреттеледі. Оның бейнелеуіндегі аң-құс, табиғат-ананың мінездері, сұлу табиғат суреттерінің бәрінің астарында жасырар ой, терең толғаным, замана шындығы бар.
Кербұғы әңгімесі негізінен түз тағысы бұғы жайлы жазылған болса да, көтерген жүгі, айтпақ ойы мүлдем басқа дүние. Күйек кезіндегі жасар өмірін жасап, талай сойқанды шайқас пен мамыражай маусының күндерін басынан кешірген ата бұғы Кербұғы мен жас бұғының жекпе-жегінің алдында мынандай сөздер бар: Жекпе-жек! Кербұғы осы сұрапыл ерліктің үлгісі жекпе-жектен жаралғанын білетін. Бірақ мұндай теке тірес сойқан тек бұғыларға ғана тән қасиет емес, аса ақылдымыз деп сезінетін адамдар арасында бағызыдан бақилыққа ұласар бітіспес тартыс барын түсінген жоқ. Адамдар арасындағы жекпе-жек бұғылардан гөрі әлдеқайда қанқұйлы жексұрын тәртіппен өтерін, бұғыларша жылына бір рет сынасып, сонан соң сыйласып тату-тәтті ғұмыр кешпей, бір қадалса қан алып қана тынарын және де ойлай алмайтын. Рас, Кербұғы түз тағысын не себептен қоршауға ұстайтынын, адамның қу мүйізге құты қалғандай неге өшігетінін емес-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүретін ... деген жолдар бар. [8, 9-б.].
Түсіне білген адамға жазушы Кербұғының түйсігі, ойламы арқылы адамдар арасындағы бүгінгі таңның өзінде басылмай, керісінше өрттей лаулап тұрған жауласу, атыс-шабыс, қан төгу, дүниеге құмарлықты жеткізгісі келгендей ме? Дала хайуанынан бетер ақымақ бірін-бірі өлтіріп тынбайтын есссіздер екенін танытуға талпынады. Аса ақылдымыз деп сезінетін ... деген жолдар арқылы, бір ауыз сөзбен адамзаттың ақылы кейде өзіне кесірін тигізетін айтқысы келгендей-ау?! Адам өздері ойлап тапқан тапанша, неше түрлі қару-жарақ, жарылғыш заттар сол адамзаттың өзін қырып жатқанын шынымен біз ойладық па? Міне, Оралхан түйсігі бізге осы жайттарды ойлауға жетелейді. Адамның қу мүйізге құты қалғанша неге өшігетінін еміс-еміс қаперіне алып, осынау екі аяқтылардан жерініп те жүретін...,-деп келетін сөздер бар. Рас-ау, түз тағысы Кербұғы үшін қу мүйіз болып көрінетін, адам үшін қаншама ауруға шипа болар таптырмас дауа екенін ол қайдан білсін? Бірақ сол мүйізді алу арқылы, біз табиғат-анаға соның төлі бұғыларға қаншама зиян тигізіп жатқанымызды білеміз бе? Сол түз тағысының мүйізіндегі панкротин деген затты алу үшін еркін өсіп, қазақтың кең даласында ен жайлаған дала хайуанын еркіндіктерінен айырып шарбақтарға қамап, сол арқылы сескендіріп, секем, бойларына қорқыныш ұялатып өз жерлерінен безуге дейін әкелеміз. Осындай қылықтарымыздан хайуанның өзі жерініп, жерсінген ата қоныстарынан қалайша безінбесін? Сол бір заттың алуын алсақта бәрібір тағдырдың жазуына қарсы тұра алмасымызды, жазылмас дерт қандай шипа болмасын Алла солай басқа салса бәрібір де айықпасын сезбей, тағдырға қарсы қасқайып тұра ұмтыламыз да өзімізбен бірге айналамыздағыларға, бізді қоршаған заттарға да зиян тигізерімізді, өлместің емін іздеп табиғат-анамызға есепсіз зиян әкелерімізді аңдамай жатымыз. Өзіміз еркіндікті, кең көсіліп жүруді қаласақ та, ондай бақты өзгелерден өз құлқынымызды ойлау арқылы олардың еркіндігін аяқ асты ететініміз қалай? Тағы сол Кербұғы әңгімесінде Еркіндіктің ерке желімен жарысып, ой мен қырдың ара-жігін ажыратпай, бұла боп өскен бұғы дәл қазір өмірдегі жамандық пен жақсылықтың уланған бастауынан дәм татты. Дәм татқызған - Адам...! Бақса пенде дегеннің қатыгез әрі ашқарақ, қанағатсыз екен-ау... деген жолдар бар. [8, 14-б.].
Бұл жерде жоғарыдағы қу мүйізге қатыстты айтқанымды өрбітіп адамның дүниеге қанағатсыздығын, өзімшілдігін айғақтай түседі, тіпті жазушы сонау ақ патша кезіндегі отарлау саясаты бар жайылымды кесіп алып, қазақтың құдіретті пырағы, ер қанатына саналған, ата-бабамыздың мінсе-көлігі, ішіп-жесе сусыны мен тамағы болған жылқының өзін жайлымынан айырып, сол арқылы сол ер қанаты саналған тұлпардың, кешегі Ақан гөй-гөйлеп жоқтау арнаған Құлагердей қаншама жылқы баласының өзін жауға талау қылып, жердің тарылуынан осы сәйгүліктердің саны кеміп, азайып кетткендігін, айтқысы келгендей. Иә, бұғыларды байырғы жұрт туған жерінен айырып, мынау аядай өңірге алып келген адамдар бұл елдің етене түлеігі-жылқылардың обалына қалған,-деген жолдар жоғарыдағы ойымды дәлелдей түсері сөзсіз. Тағы бір тілге тиек етер жайт, жазушы жылқы туралы сөз қозғауының сыры, қазақ жылқы түлігінен айырылса қазақтығынан мақұрым қаларын жеткізгісі келгендей ме, қалай?
Қысқасы, философиялық ой-толғамға толы Кербұғы әңгімесі бұл өмірдің өткінші, алдамшы екенін, топ бастаған серкелік те, бойда күшің, қажыр-қайратың барда еленбес еркелік те, билік те, байлық та қолдың кірі екенін еске салатын санатты дүние. Түз тағысы ата бұғының ойламы арқылы қаншама іс-әрекеттің өмірдің заңдылығын, замана кескін-келбетін айшықты, ойыңа қозғау салатындай жазуы арқылы Оралхан өзінің қаламгерлік қарымының қаншалықты мықты екендігін танытқандай болады, қалай десек те бұл теңдессіз толғауы терең шығарма екені даусыз!
Жазушының тағы бір Ардақ атты әңгімесі де адамдар арасындағы алауыздықты, дүние құмарлықты, қанағатсыз, тойымсыз пенденің тіпті мал үшін де қырғи қабақтасып, ағайынынан безіп кетер ессіздігін суреттеу арқылы адамның әлуметтік ортадағы тағы бір бейнесін көз алдымызға әкелетін кесек дүние. Шығарма бас кейіпкерлерінің бірі Қожа шалдың өз пысықтығы мен еңбекқорлығының арқасында өсіп, өз малдарынан саны жағынан асып кеткенін көре алмаған жамағайындары Далабай мен Шалабайдың қызғанышына, күңкіл-күңкіл сөздеріне шыдай алмай шешесімен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz