Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»

050103 - Педагогика және психология мамандығы бойынша

Ақтөбе 2011

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Оқушылардың рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Рухани-адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі таралуы . . . 7

1. 2 Рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу өлшемі, деңгейлері . . . 29

1. 3 Рухани-адамгершілік құндылықтардың негізгі шарттары . . . 32

2 Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік эксперимент нәтижелері

2. 1 Жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары . . . 37

2. 2 Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру әдістемелері . . . 39

2. 3 Тәжірибелік эксперименттік жұмыстар нәтижелері және оларды талдау . . . 55

Қорытынды . . . 57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59

Кіріспе

Зертеудің көкейкестілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру- үлкен қажеттілік екендігі ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында жан-жақты негізделген. [1, 23] .

Қай заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Қазіргі уақытта қала жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақ көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани құндылығы мен адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген. Мысалы, адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюі, адамгершілік қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй тонау, маскүнемдік пен нашақорлық, жезөкшелік сияқты жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатігез жастар ауылдан да орын алады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың осындай күйге түспеуіне, олардың рухани бай, адамгершілігі мықты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір сүруіне жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Мұнда, әсіресе, оқушылар тәрбиесіне мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тәрбие іс-шараларының ықпалы зор болары сөзсіз.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Ал Қазақстан Республикасының жалпы білім беру «тұжырымдамасында» жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілікті қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау міндеті ерекше аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын, тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.

Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық мәселерімен тікелей байланысты қарастырылып, осы кезге дейін күн тәртібінен түспеуі біздің тақырыбымыздың өзектілігін онан сайын арттыра түседі. Өйткені, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.

«Адамгершілік» ұғымының педагогикалық термині ретінде ғылыми тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Ал «руханилық» ұғымының мәні әртүрлі салаларды қамтитыны белгілі. Бірақ, бұл ұғым педагогика ұғымында категориялық деңгейдегі анықтамаға ие бола қойған жоқ. Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу объектісі болып отырғаны баршаға белгілі.

Рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар ой-пікірлері мен көзқарастары бар (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қожа-Ахмет-Иассауи, Абай Құнанбаев, Ш. Құнанбаев т. б) .

Сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтар жайында А. Қ. Каплиева, Р. К. Төлеубекова, Р. С. Омарованың т. б еңбектеріне сүйене отырып зерттедік.

Қарастырған жұмыстар бүгінгі таңда жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселері біркелкі зерттелгендігін айқындайды.

Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр. Сондықтан да дипломдық жұмыстың тақырыбын «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу пәні : жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: білім беруде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелерін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер, ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері, бүгінгі заман ғалымдарының еңбектеріндегі рухани-адамгершілік құндылықтары жүйеге келтіріліп, тағылымдылық мүмкіндіктеріне қарай жіктеліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, рухани- адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатына пайдаланса, онда рухани- адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары, инабатты, адамгершілігі мол, рухани жан-дүниесі бай, рухы биік жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туындайды. Себебі мектептің оқу-тәрбие үрдісі, тәрбиелік шаралар, мектептен тыс тәрбиелік жұмыс мазмұны рухани-адамгершілік негізінде құрылады және сол арқылы бүкіл мектептің тыныс-тіршілігіне оң ықпал жасай алады.

Зерттеудің міндеттері:

- Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;

- «Рухани-адамгершілік құндылық» ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтау;

- Оқушылардың рухани-адамгершілігі құндылықтарын қалыптастырудың өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;

- Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде зерттеу.

Жетекші идея : рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушыларға ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген тәрбие кеңістігін құру арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері : философиялық, танымдық ілімі, жеке тұлғаның даму теориясы, құндылықтар теориясы, қазіргі жетекші философиялық қағидалар, ізгіліктілік, демократиялық, кешендік. Адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтар жөніндегі ұлттық тәлім-тәрбие теориясы.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері ресми материалдармен құжаттар (Қ. Р. Конституциясы, «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясы «Этномәдени білім беру» тұжырымдамасы, т. б), оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен озат педагогтардың іс-тәжірбиелері.

Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты филосорфиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқушыларға сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; теориялық жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін экперимент арқылы тексеру, алынған нәтежелерді статистикалық тұрғыдан өңдеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезең: зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, мектеп құжаттары зерделенді, рухани-адамгершілік құндылықтар тәрбиесіне байланысты педагогикалық, психологиялық тәжірибелер жинақталып, сараланды.

Екінші кезең: оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу пәндері және әдістемелік әдебиеттер талданып, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға арналған оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді түрлері айқындалды, қажетті дидактикалық тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Үшінші кезең: рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға байланысты экперимент жұмыстары бойынша педагогикалық ой-пікірлер жүйеге келтірілді, әдістеменің тиімділігі тексеріліп, нәтижелері дипломдық жұмыстың мазмұнына енгізілді және тұжырымдар жасалынып, қорытындыланды.

Зерттеу базасы: Эксперимент Ақтөбе қаласындағы №33 мектепке өткізілді. Экспериментке 56 оқушы, оның ішінде 28 эксперимент тобында, 28 бақылау тобында өтті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық пәні:

  1. Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындадық.
  2. «Рухани-адамгершілік құндылықтар», ұғымдарының мәні мен мазмұны анықталды.
  3. Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық моделі жасалды.
  4. Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде зерттедік.

Зерттеудің практикалық мәні:

  • Жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тиімділігі тәжірибие-эксперимент жұмысында сынақтан өтті.
  • «Өмір тәжірибесі туралы ойлау» тесті алынды;
  • «Мақал-мәтел» тест әдістемесі өткізілді;
  • Зерттеу нәтежелерін жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие процесінде пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеті, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы қарастырылады.

«Оқушылылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда жоғары класс оқушыларының «рухани-адамгершілік құндылық» ұғымдарының мәнін теориялық тұрғыдан негіздеп, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама беріліп, жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үрдісінің теориялық негіздері айқындалды.

«Оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәжірбиелік-эксперимент нәтежелері» атты екінші тарауда оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндіктері қарастырылып, әдістемелер жүргізілді. Жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың динамикасы анықталып, жұмыс нәтижелерінің эксперименттік қорытындылары шығарылды.

Рухани-адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі таралуы қарастырылды.

1 Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Рухани адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық-

психологиялық әдебиеттердегі таралуы

Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған Қазақстан оның бүкіл халқы экономикасы мен әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, ғылымы, білімі қоғамның жаңа даму белесінде. 15 жылдық тарихымызға көз жіберсек, қоғам мен экономиканың дамуы ашық сипатқа ие болды. Демократиялық бағыт кең өріс алып, адамға жан-жақты саяси, діни таңдау жасау еркіңдігі, құқығын қорғау, еркін ойлау, еркін сөйлеу құқығы берілді.

Жаңа үшінші мыңжылдықта алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар, Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік ақпараттық, білім және ғылым кеңістігіне халықаралық талаптар мен стандартқа және ұлттық ерекшілікке сай үйлесімді жетілдірудің жолдарын қарастыруда. Атап айтқанда, Қазақстанның болашақ дамуына арналған "Қазақстан-2030" бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел экономикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы қажет екендігіне баса назар аударылған.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің 2 сьезінде өткен он жыл Қазақстан үшін ерекше жыл болғанын, еліміз шын мәнінде егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде құрылғандығын атай отырып, экономиканы реформалаудың негізінен аяқталғанына және Еуропа одағына Қазақстан нарықтық экономика елі болып танылғандығына талдау жасады, ғылым мен білім саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің мынадай өзекті 3 бағытын атап көрсетті;

- бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болғандықтан, олармен жүйелі жұмыс жүргізуге баса назар аудару;

- Қазақстанда жүріп жатқан ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлау даярлау жүйесін құру қажеттігін ашып, ең алдымен, бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу тәрізді ең жоғары адамгершілік қасиет-сапаларымен ықпал жасай отырып, тәрбиелеу;

- жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Сол себепті бүгінгі таңда реформалардың тиянақты, жедел жүзеге асырылуы үшін мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі жөнінде ғылыми-теориялық білімі болуы керектігіне және өзін-өзі дамытудың субьектісіне айналу қажеттігіне назар аудару. [2, 33б. ]

Сондықтан біз өз зерттеуімізді қазіргі кезеңге байланысты жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың кейбір мәселелерін қазіргі педагогика ғылымының жаңа бағытына сай қарастыруды көздедік.

Тарихи дамуға көз жіберсек, адам тәрбиесінде, жеке тұлғаны қалыптастыруда халықтық педагогика мұрасы шешуші орын алғаны белгілі. Қазақ халқы жан-жақты дамыған адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән беріп, ұрпақ тәрбиесінде халық ауыз әдебиетінің шығармашылығына сүйеніп, соны тірек еткен. Мәселен, халқымыздың мақал-мәтелдері жай ғана айтылған ұйқас сөздер емес, олардың бәрінің тәрбиелік, адамгершілік мәні болған. Бұған "Атаның баласы болма, адамның баласы бол", "Заманына қарай амалы", "Адамды заманы билейді", "Әдептілік ар-ұят-адамдықтың белгісі", "Сақалды адам сағынды сындырмас" тәрізді кісілік қасиеттерді, парасаттылықты арқау еткен мақал-мәтелдер дәлел бола алады.

Құндылық проблемасының ең басты өзегі - Адам. Адам үшін ең басты құндылық - өмір мәнін сезіне білу, өмірдің мәнін өз бойынан іздеп, өмірді рухани толықтыру. Адам өмірінің мән-маңызды іс-әрекет, мақсат, мұрат, күш-қайрат және өмір сүру жолдарымен бағаланады. Адам мақсаты адамгершілік қасиеттер арқылы орындалып, рухани қасиеттер арқылы жүзеге асады. Демек, еліміздегі қоғамымызды ізгілендіру жағдайындағы ең басты мәселе-адамды құндылық ретінде бағалау. Құндылық - адамдық қасиеттің өлшемі, оның жақсылыққа талпынысы, өзге адамға жанашырлығы, айналадағы адамдарға қайтарымы, өмірді жақсартуға ұмтылысы, өмір сүру ізденісі, тіршіліктегі әр пенденің орны мен рухани-адамгершілік қасиет.

Құндылық мәселесі сонау Сократ заманынан бастау алады. Сократтың "игілік" деген ұғымды жеке бөліп, оған ерекше мән беруі құндылықты болмысқа жақындатқаны (С. Нұрмұратов) . Сократ заманынан бастау алған "құндылық" мәселесі ғасырдың екінші жартысынан бастап ғылым ретінде дараланып, көбіне философиялық сипатта қарастырылып келеді.

Адам құндылығының өзегін құрайтын және зерттейтін саланы аксиология деп атайды. Аксиология ("ахіа" - грекше "құндылық", "логос" - ілім, ғылым) құндылық ұғымына тұңғыш анықтаманы философтар (Лотце, Коген) берген. Аксиологияның ғылыми тұрғыда дамуына үлес қосқан философтар Гегель, Кант, Ницше, Кассирер және т. б. Мәселен, Э. Кассирер "құндылық" - бұл адамның ішкі дүниесінен тыс, мәңгі идеалды әлем" - деп түсіндіреді. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде: "Құндылық - нарқы жоғарылылық, қымбаттылық, бағалылық" - деген ұғымды білдіреді. Қазақ совет энциклопедиясында: "Құндылық-обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым", -деп атап көрсетеді. Құндылық обьектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын анықтайды. Құндылық екі компоненттен тұрады: пәндік және саналық.

Пәнділік құндылықтарға - заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, ғылыми ақиқаттың теориялық маңызы және практикалық пайдасы, адамдардың іс-әрекеттеріндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық обьектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылыққа - қоғамдық ой, баға беру, мақсат, оған жетудің жолдары, түрлі нормалар кіреді. Пәндік құндылық - баға берудің обьектісі. Субьективтік құндылық - олардың өлшемі әрі әдісі. Орысша-қазақша аударма сөздікте: "Құндылық" - құнды зат, мәнділік, ғылымда құндылық - қазына, байлық» делінген. Құндылықтың қалыптасу негізі - адам болмысының өзегін құрайтын құбылыс.

Адам болмысының өзегі - тек қана материалдық игіліктермен, сұраныстармен, мұқтаждықтарымен және қажеттіліктермен шектелмейді, адамның күрделі табиғатына сай, өмір сүрудің түпкі себептерін әрі қарай қозғайтын күш пен өмірдің өзіндік мәнін құрайтын рухани-адамгершілік қасиеттерден тұратын негізі болады. Бұл негіз адам бойына рухани адамгершілікті қалыптастыруда тірек болатын құндылыққа саяды. Адам өзінің бойында нағыз адами қасиеттерді дамытып, өзін-өзі қоршаған дүние туралы ақыл-ой көмегімен жинаған білімдерін адамгершілікпен ұштастырғанда ғана руханилыққа жетеді, өйткені адамгершілік - адамның рухани арқауы. Сондықтан да жаңашылдық білім мен тәрбие беру барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру қажет.

Құндылықтар тақырыбы бүгінгі күннің мәселесі деуге болмайды, бұл адамзат тарихындағы сонау ұлы ойшылдар (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қожа-Ахмет Иассауи, Ахмет Иүгенеки, М. Қашқари, Ө. Тілеуқабылұлы т. б. ) мен ағартушылар (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев), ғалым-педагогтар (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев т. б. ) еңбектеріндегі рухани-адамгершілік ойларын уағыздап, қазақ халқының қоғамдық, рухани, мәдени өмірінен орын алуын мұрат тұтты.

Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі оның ізгілендіру мен парасаттылықты, адамгершілік пен адами құндылықтарды жоғары қоятын бай халықтық педагогика мұраларымен айрықша орын алады. Егер де біз қазақ педагогика ғылымын дамыту барысында тағы да батыстық үлгімен кетсек, қателесетініміз анық. Біз түркілік төл дәстүрімізді сақтай отырып, ұлттық ойлау, ұлттық болмыс өзгешелік-ерекшеліктерімізді нығайта түсіп, қазақ педагогикасын шығыс педагогикасының үлкен бір саласы ретінде қалыптастыру деңгейіне қол жеткізуіміз керек.

Қазақтың болмысы түрлі мәдениеттің тоғысында қалыптасқан, ал қазақ педагогикасы рухани мәдениет дамуының қалыптасқан белгілі бір бағдары, деңгейі болып табылады. Қазақ педагогика ғылымының қалыптасуын зерттеу барысында мынадай екі талапты басшылыққа алу керек:

- тарихи-педагогикалық танымның әдіснамасы;

- тарихи-педагогикалық ілімнің құрылымы.

Осы уақытқа дейін қазақ педагогикасының әдіснамасының жасалмауы мен оның теориялық деңгейде толық зерделенбеуі қазақ этнопедагогикасы мен қазақ педагогикасын бір мағынада қабылдауға алып келгені ақиқат. Оған қазақ педагогикасы нысанының, мазмұндық құрылымы мен пәндік ерекшелігінің анықталмауы себеп болып отыр. Қазақ этнопедагогикасы өзіндік ұлттық сипаты бар педагогиканың бір саласы болып табылса, қазақ педагогикасы адам тәрбиелеудің жалпыадамзаттық құндылықтарын қамтитын әлемдік педагогиканың құрамдас бөлігі болып саналады. Бүгінгі таңда қазақ педагогикасын бірден ұлттық тарихтың немесе ұлттық сананың, тәжірибенің үлгісі ретінде қараушылық айқын. Мұның өзі оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасуына, әрі дамуына кедергі жасап отыр. Сондықтан қазақ педагогика ғылымының әдіснамасын жасауда мынадай мәселелер өз шешімін табу керек деп есептейміз:

1. Қазақ педагогика ғылымы қалыптасуының тарихи кезеңдерін, әлеуметтік тегін талдау, оның басқа ғылымдармен өзара ықпалдастығы мен байланысын ашып көрсету.

2. Қазақ педагогикасының негізгі идеялары мен рухани бастауларын көркемдік - философиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан талдау.

3. Қазақ педагогикасының қайнар көздері көшпелілер мәдениеті мен түркі өркениетінен нәр алатынын ғылыми тұрғыдан негіздеу.

4. Қазақ педагогикасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің ұлттық деңгейі мен көрінісін қамти отырып, жалпыадамзаттың рухани мұқтажын өтеуге қызмет ететіндігін дәлелдеу.

5. Қазақ педагогикасы ғылымының әдіснамасы мен оның мазмұндық құрылымын жасау.

6. Қазақ педагогикасының келешегін айқындау, яғни болашаққа қызмет етуін қамтамасыз ету.

Қазақ педагогикасы тарих пен мәдениеттің өткен кезеңдерінің мәселелерімен ғана шектелінбейді, ол халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі бүгінгі тәжірибесін, тіпті оның болашаққа жету бағдарын да қамтып тұжырымдауға бейім болуы және соған қызмет етуі шарт. Жасыратыны жоқ, қазақ педагогикасы дегенде өткен тарихқа көңіл аудару, оның тарихи алғышарттарына назар аудару басым. Қазақ педагогикасының әзірге болашаққа қызмет ететін әдіснамасы жасалмағаны анық. Сондықтан да қазіргі кезде қазақ педагогика ғылымын мойындамаушылар, оның табиғатына күмәндана қараушылар аз емес екені шындық. Ұлттық ұстаным - халқымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі мол тәжірибесін, педагогикалық ілімін пайдалануға, оның өсіп-өркендеп дамуына еліміздің тәуелсіздігі мүмкіндік беретіні айдан анық. Мұның өзі қазақ педагогика ғылымын өз деңгейіне көтеру, оның әлемдік педагогикадағы өлшемін айқындау және ұлттық тұжырымдамасын жасауға күш салу міндеттерін алға қояды.

Қазақ педагогикасы ғылыми білімдер жүйесінде арнайы ғылым болып табылады деуге толық негіз бар. Ғылым болу үшін оның зерттеу нысаны мен пәні, зерттеу әдістері мен ұғымдық аппараты болу керектігі мәлім. Сондықтан қазақ педагогикасын ғылымның басқа салаларымен тығыз байланыста қарастыра отырып, оның дербес ғылым саласы ретінде орнын анықтаудың маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізнде қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік дамуының ерекшеліктері
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Ақын жазушылар шығармашылығындағы рухани адамгершілік
Жастардың бойында рухани әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру деңгейін диагностикалау
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Білім беру үрдісінде оқушыларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың қазіргі жолдары
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz