Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі

Кіріспе
I тарау Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі.
1.1Махамбеттің өмірі мен творчествосы.
1.2 Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты
1.3 Махамбет өлеңдеріндегі дыбыстық үндестік.
1.4 Махамбет поэзиясындағы табиғат элементтері
II тарау Махамбет шығармаларын оқыту жолдары
2.1 Сабақ жоспары. Махамбет Өтемісұлы «Тарланым»
2.2 Зерттеу жұмыстарын талдау және қорытындылау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.
Лирикалық сезінуге бөлене отырып, оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім.
Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің «Соғыс», «Мінкен ер», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Исатай сөзі» деген өлеңдерінде айқын сезіледі.
«Соғыс» деген өлеңінде Махамбет көтерілісінің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністерді баяндау, суреттеулері тарихи фактілермен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда, осы «Соғыспен» өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жыр өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл - өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі де зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдермен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан оны басы ашық қалдырамыз.
Ал біздің бұл жерде айтпағымыз - ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда, оның өлеңдерінде тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Махамбет поэзиясы – аса күрделі дүние. Ақынның өткен заман шындығын, белгілі бір ортаның мәдени, саяси, әлеуметтік сипатын, ұлттық болмысын, ділін, танымын әр алуан көркем образдар арқылы таныта білген экспрессивті поэзиясы біраз зерттелгенімен, ақын тілінің өзіндік табиғаты, терең ұлттық-мәдени, тарихи мәні толық танылып, мән-мағынасы ашылып болған жоқ. Сондықтан да ұлттық мүддеге негізделген Махамбет шығармаларының поэтикалық өрісін қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен ұштастырып (лингвостилистика, лингвопоэтика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика тұрғысынан), арнайы қарастыру – өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Екіншіден, белгілі бір уақытқа сай келетін тарихи шындықты, халық өміріне, ұлттық санасына елеулі әсер еткен оқиғаларды, қазақтың ұлттық болмысын, дүниетанымын, өршіл рухын, дүниенің ағы мен қарасын (өмір – өлім, қуаныш – қайғы, сенімділік – опасыздық, әділдік – әділетсіздік, дос – жау т.б.) танытуымен, адам жанын жандандырып, «ұлттық идея», «намыс», «ерлік», «ақиқат», «өршіл рух», «елім, жерім» деген ұғымдарды айшықтай түсуімен ерекшеленетін және солардың бәрін көркем бейне, астарлы ой, үстеме мағына негізінде таныта білген Махамбет ақынның шығармашылық тілін зерттеу – көркемдік шеберлігімен, ұлттық дүниетаным тереңдігімен, бейнелі де экспрессивті тілімен айырықша келетін көркем мәтін тілін зерттеу деген сөз.
1. М.Өтемісұлы өлеңдер жинағы 1958.ж.
2. М.Өтемісұлы «Ереулі атқа ер салмай» 1969ж
3. Үш ғасыр жылдайды 1965.ж.
4. ХҮІІІ – ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармашылық жинағы.1962.
5. Бес ғасыр жырлайды. 3томдық. 1том 1984ж.
6. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2томдық. 1том 1961ж.
7. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері.1958 1томдық.
8. Х.Сүйншалиев Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.1967ж.
9. ХІХ ғасырдың қазақ әдебиеті 1985ж.
10. Дүйсенбаев. Ғасырлар сыры 1970ж
11. Қ. Өміралиев ХҮ – ХІХ ғ. Қазақ поэзиясының тілі. 1965ж.
12. Аманжолов. «Ереулі атқа ер салмай» өлеңдері.
13. Қазақстан тарихы. Очерктер- Алматы, 1994
14. Күзембайұлы. Қазақстан тарихы. - Алматы, 1999
15. «Бес ғасыр жырлайды» кітабы. 2 томдық. Алматы-1989ж. І-том
16. Рязанов «Исатай Тайманов көтерілісі», 60-бет.
17. Ж.Манкеева 17бет.
18. «Парасат» журналы №7 2003шілде.
19. Сағатбек Медеубекұлы. «Махамбет жырларындағы атаулар астары»
20. Үш ғасыр жырлайды 1965.ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.
Лирикалық сезінуге бөлене отырып, оқиғаны баяндау лиро-эпикалық жырларға тән нәрсе екендігі кімге де болса мәлім.
Бұлай баяндау сарыны (мотив) Махамбеттің Соғыс, Мінкен ер, Баймағамбет сұлтанға айтқаны, Исатай сөзі деген өлеңдерінде айқын сезіледі.
Соғыс деген өлеңінде Махамбет көтерілісінің әрбір кезеңдерін тарихи оқиғаның ізіне сәйкес етіп суреттейді. Кейбір көріністерді баяндау, суреттеулері тарихи фактілермен тығыз байланысты болып отырады. Бір қарағанда, осы Соғыспен өрістес біркелкі өлеңдерді тіпті тарихи жыр өлеңдер тобына жатқызуға да болатын тәрізді. Бірақ бұл - өз алдына жеке тексеруді керек ететін мәселе. Өйткені ауыз әдебиетіндегі белгілі бір түр саналатын тарихи өлеңдер (лиро-эпикалық жыр емес, қысқа өлеңдер) бізде әлі де зерттелген емес. Махамбеттің бұл тектес өлеңдерінің ауыз әдебиетіндегі қысқа тарихи өлеңдермен байланысы барлығы айқын. Бірақ айырмасы қайсы деген сұрақ әуелі ауыз әдебиетіндегі ескіден келе жатқан қысқа өлеңдердің өзін жеке мәселе етіп талдауды керек етеді. Сондықтан оны басы ашық қалдырамыз.
Ал біздің бұл жерде айтпағымыз - ақынның тарихи уақиғаларды тамаша шындықпен бұлжытпай көрсете алуы. Осы жағынан алғанда, оның өлеңдерінде тарихи шындықтың салмағы басымдығы және Махамбет өлеңдерінің тарихи мәні үлкен екендігі аңғарылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Махамбет поэзиясы - аса күрделі дүние. Ақынның өткен заман шындығын, белгілі бір ортаның мәдени, саяси, әлеуметтік сипатын, ұлттық болмысын, ділін, танымын әр алуан көркем образдар арқылы таныта білген экспрессивті поэзиясы біраз зерттелгенімен, ақын тілінің өзіндік табиғаты, терең ұлттық-мәдени, тарихи мәні толық танылып, мән-мағынасы ашылып болған жоқ. Сондықтан да ұлттық мүддеге негізделген Махамбет шығармаларының поэтикалық өрісін қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен ұштастырып (лингвостилистика, лингвопоэтика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика тұрғысынан), арнайы қарастыру - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Екіншіден, белгілі бір уақытқа сай келетін тарихи шындықты, халық өміріне, ұлттық санасына елеулі әсер еткен оқиғаларды, қазақтың ұлттық болмысын, дүниетанымын, өршіл рухын, дүниенің ағы мен қарасын (өмір - өлім, қуаныш - қайғы, сенімділік - опасыздық, әділдік - әділетсіздік, дос - жау т.б.) танытуымен, адам жанын жандандырып, ұлттық идея, намыс, ерлік, ақиқат, өршіл рух, елім, жерім деген ұғымдарды айшықтай түсуімен ерекшеленетін және солардың бәрін көркем бейне, астарлы ой, үстеме мағына негізінде таныта білген Махамбет ақынның шығармашылық тілін зерттеу - көркемдік шеберлігімен, ұлттық дүниетаным тереңдігімен, бейнелі де экспрессивті тілімен айырықша келетін көркем мәтін тілін зерттеу деген сөз.
Үшіншіден, тақырыптың зәрулігі Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің тілі, оның ішінде коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздердің қолданылуы арнайы қарастырылып, көлемді түрде зерттеу объектісі болмағанынан туындайды.
Зерттеу нысаны. Көркем сөз шебері Махамбет ақынның ұлттық-танымдық, тарихи, прагматикалық сипатымен ерекшеленетін поэтикалық тілі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Коннотация құбылысының ерекшеліктерін айшықтап, лингвистикалық табиғатын нақтылап дәйектейтін Махамбет лексикасының үстеме мағынасын ашуға байланысты ақын шығармашылығындағы коннотаттық семантиканың орын алу деңгейін, мақсатын, жүзеге асу жолдарын анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты. Белгіленген мақсаттың орындалуы төмендегідей міндеттердің шешілуін қажет етеді:
коннотация құбылысына арналған теориялық еңбектерге шолу жасау;
коннотация микрокомпоненттерін нақтылау;
ақын тіліндегі екінші дәрежелі коннотаттық сема (К2) мазмұнын қамтитын тілдік бірліктерді мысалға ала отырып, семантикалық деривация мен коннотация категорияларының байланысын көрсету;
Махамбет шығармашылығы негізінде коннотаттық компонент және астарлы мәтін арақатынасын анықтау;
коннотаттық мағына мазмұнына тең келетін сөзқолданыстардың коммуникативтік-прагматикалық мәнін түсінудегі пресуппозицияның рөлін көрсету;
ақын тіліндегі мәдени коннотация мазмұнын қамтитын тілдік бірліктерді тақырыптық топтар тұрғысынан саралап, көркем мәтіннің лексикасын ұлттық-танымдық тұрғыдан қарастыру;
нақты тілдік деректер негізінде Махамбет поэзиясындағы көріктеуіш құралдардың қызметін прагматикалық үстеме мағына және мәдени ақпарат таныту тұрғысынан сипаттау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі - оның бір сырлы, сегіз қырлылығында ақпараттық технология арқылы еркін жазу стратегиясын қолдану аясын зерттеу.
Зерттеу көздері: Атырау ақын-жазушыларының кітапханасы сериясының екінші кітабында жарық көрген Махамбет Өтемісұлының өлеңдер жинағы (Алматы: Арыс, 2001. - 160бет), Махамбет ақынның тарихи лексикасымен сабақтас халық ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясының тілдік қолданыстары, ғалымдар зерттеулерінің деректері (Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Мұқаметқанов, Ә.Нұрмағамбетов, Ғ.Әнес, Харузин А., Досмұхамедұлы Х., Ы.Шөрекұлы, Аманшин Б., Кенжалиев И., Құлкенов М., Отарбаев Р., Ә.Сараев т.б.), қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, этимологиялық, аймақтық сөздіктері.
Зерттеу әдістері: Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне орай түсіндіру, сипаттама, салыстыру, топтау, талдау (компоненттік, семантика-стилистикалық, контекстік, этнолингвистикалық, салыстырмалы-тарихи, дефиниционалдық), қорыту т.б. әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Тіл біліміндегі лексикалық мағынаның коннотаттық компонентін, поэтикалық тіл ерекшеліктерін тануға байланысты В.И.Говердовский, В.И.Шаховский, М.М.Копыленко, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Е.Жанпейісов, Б.Шалабай, М.Оразов, Ғ.Әнес т.б. ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары басшылыққа алынды.
Зерттеу базасы: Жаңақала ауданы, №2 Жаңақала жалпы орта білім беретен мектебі.

I тарау Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі.
1.1Махамбеттің өмірі мен творчествосы.
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) - Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны.
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Бала кезінен мұсылманша, орысша білім алды. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. 1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды. 1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды. 1834 жылы Исатай батырмен бірікті. Осы жылы маусымның 9-ында Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында старшын лауазымын ұсынды
Жер мәселесі, жайылымның тарлығы, орыс империясының қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдары, сондай-ақ Жәңгір ханның жерді туған-туыстарына бөліп беруі мен ел билігінде қайын атасы Қарауылқожаға үстемдік берген астамшылық әрекеттері көтерілістің тууына себепші болды. Қарауылқожа мен Исатай-Махамбет арасындағы тартыс өршіп, наразылық үлкен қозғалысқа айналды. Исатай атынан жазылған Әй, Махамбет, жолдасым! атты ақын толғауы, ондағы Хан баласы жылады-ай, Жанымды қи деп сұрады-ай деген жолдар хан ордасын қоршауға алған соғыс күндерінің шындығын сипаттайды. Осы жылдың қараша айында көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс тапты. Бұл оқиғалар ақынның Соғыс жырында бейнеленсе, Жабығу, Ереулі атқа ер салмай туындыларында жеңілістің күйзелісті күйі шертіледі.
1838 жылы шілденің 12-інде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта 2 жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бұл ниетінен нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өміріндегі ауыр да сүргінді жылдар жалғасып, 1841 жылы наурыздың 4-інде белгісіз біреулердің көрсетуімен Тілеков деген қазақтың үйінде отырған жерінде қолға түсті. Орал әскерінің 40 адамнан құралған жасағы үй иесі мен Махамбетті тұтқындап, Калмыков бекетінде 2 апта түрмеде ұстады, кейін Орынборға айдады. Орынбор генерал-губернаторы Махамбет ісін әскери соттың қарауына тапсырды. Сот 1841 жылы шілденің 7-інде бүліншілікке тағы араласса, қатаң жазаланасың деген үкіммен тұтқыннан босатып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.
1841-1845 жылдар аралығындағы Махамбет өмірі туралы деректер тым аз. 1845 жылы ол баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборда болды. Шекарадан өтуіне байланысты генерал-губернатор істі қайта қозғаса, Кіші жүздің батыс бөлігінің әкімі Б.Айшуақов та ақынды қудалауын қоймады. Ол ақынның басына 1000 сом тігіп, оны ұстау үшін арнайы адамдардан құралған қарулы жасақ жіберді. Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты.
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. Мұнар күн жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. Ұлы арман, Жайықтың бойы көк шалғын, Атадан туған ардақты ер жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. Біртіндеп садақ асынбай, Арғымақтың баласы, Қара нар керек біздің бұл іске, Еменнің түбі - сары бал, Жалған дүние, Еріскедей ер болса, т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында дейді ол отты жырларында.
Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. Исатай деген ағам бар, Исатай сөзі, Арғымаққа оқ тиді, Тарланым, т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды.Оның Жәңгірге, Баймағамбет сұлтанға арналған өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды.
Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн, жағынан байыта, жетілдіре түсті. Лирикалық өлеңдері көбіне толғау, жыр, терме түрінде жазылды. Исатайға арналған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Оның шығармалары қазақ поэзиясының сатира, элегия, монолог, арнау жанрларының қалыптасуына, стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Ақын жырлары орыс, араб, парсы сөздерінің көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Ол жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты.

Махамбет ақындығына қатар шебер күйші болды. Оның 11 күйі 1982 жылы Шашақты найза, шалқар күй деген атпен жарық көрді.

Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Қобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар көп еңбек сіңірді. Алғаш 1908 жылы Қазан қаласында жарық көрген Мұрат ақынның Ғұмар қажы оғлина айтқаны атты жинақта Махамбеттің 100 жолдан астам 2 толғауы басылды. Ғ.Мұштақ құрастырған Шайыр яки қазақ ақындарының басты шығармалары жинағында Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 жылы Қ.Жұмалиев ақын өлеңдерінің жинағын шығарды. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде кең түрде аталып өтіліп, 4 томдық жинағы жарыққа шықты. Интернетте Махамбет сайты ашылды. Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді. Ресейдің Выборг кеме жасау зауыты ААҚ Қазақстанның тапсырысы бойынша Махамбет атты мұнай құю танкерін жасап шығарып, суға түсірді. Атырау облысында Махамбет атындағы аудан, ауыл, көше бар. Ақын қайтыс болған Атырау облысының Индер ауылынан 40 шақырым жерде кесенесі тұрғызылды. Белгілі антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбеттің бет-бейнесін жасап шығарды.
1846 жылы 20 қазанда Ақжайық өңірінде қанды оқиға орын алды. Ол атақты ақын Махамбет Өтемісұлының жантүршігерлікпен өлтірілуі еді.
1846 жылы қазан айында Орынбор қазақтарының батыс бөлігінің билеушісі, сұлтан Баймағамбет Айшуақов патшаға адал қызмет етуге берілгендігін дәлелдеу үшін Махамбетті өлтірудің жоспарын жасайды. Және де ақынның өзін тірілей қолға түсіріп әкелген адамға ескі патша ақшасымен 1000, ал басын кесіп әкелген адамға 500 сом төлейтінін жария еткен. Мұндай қылмысты жүзеге асыратын адамдар да табылады.
Әнуар Әлімжановтың кітабында Махамбеттің басын Баймағамбет сұлтанға алып барғанда Шернияз ақын да сұлтанның жанында отырғаны жазылады. Ықылас оны қызыл подносқа салып, бетін мақпал матамен жауып әкеледі. Сұлтан: "Қандай сыйлық әкелдің?" деп матаны қанжардың ұшымен ашып қалғанда, подноста Махамбеттің басы жатады. Шернияз әуелі бұл кім деп ойлады ма, ұзақ қарап, ақынның басын таныған соң, жағалай отырған адамдарды бір сүзіп өтеді де, айқайлап далаға шыға жүгіреді.
Ал жазушы Тәкен Әлімқұлов "Қараой" әңгімесінде ақынның дүниеден өтер сәтін: "Махамбеттің теңдессіз үлкен жүрегі тынымсыз дүрсіл қағумен болды. Жаралы арыстанның ыңыранғанындай, тұншыққан домалақ дүрсілден Ықыластың үрейі ұшты. Ол қазықтың қасында жатқан тоқпақпен Махамбеттің басына ұрды. Махамбет ақтық рет: "Әуес!" деп, сылқ түсіп, сұлап қалды", - деп суреттейді.
Зерттеуші-ғалым Исатай Кенжәлиев болса "Махамбет Өтемісұлы" кітабында қанды оқиғадан кейін жендеттер Махамбеттің үйін тонап, інісі Хасенді, әйелін, Бетімбай Шөкеұлын Баймағамбетке алып барғанын жазады. "Бұл тұтқындалған адамдарды Баймағамбет бір айдай ұстап, әбден қорқытып жауап алады да, сосын қоя береді", делінген. Зерттеуші еңбегінде жендеттердің ақынның әйелін де өздерімен бірге ала кеткені анық жазылған.

1847 жылы 27 ақпанда ақ патшаға адал қызмет еткені үшін сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа генерал-майор атағы беріледі. Сол жылдың 30 наурызында сұлтан қайтыс болған. Ел ішінде оның Санкт-Петербургтен үйіне қайтып келе жатқан жолда Елек өзенінен өтер кезде опат болғаны туралы әңгіме бар. Сұлтанды суға батырып өлтірген топтың басында Махамбеттің досы Асаубай болған көрінеді. Олар осылай ақын үшін кек алған.
Махамбет поэзиясы тілінің де өзіндік сипаттары мол. Ең алдымен, ақын өлеңдері сөз байлығымен және тілінің бейнелілігімен, суреттілігімен ерекшеленеді. Лексикасы жағынан ақын тілінде сол кездегі сөйлеу тілінен басқа батырлар жыры мен жыраулық поэзия тілінің белгілері кездеседі. Халықтығы жағынан алғанда, Махамбет өлендерінің тілі -- ең бір таза тіл болып табылады. Әрине, онда кейбір көнерген сөздер, ішінара жергілікті тілдік қолданыстар бар.
Махамбет поэзиясы метафора, теңеу, әсірелеу, эпитеттерге бай және олар ақынның әдеби өңдеуінен өткен, күнделікті сөйлеу тілінде ұшыраса бермейтін аса бір көркем үлгілер болып келеді. Ақын бұл жағынан үлкен ізденістерге барып, бұрыннан бар, дәстүрлі көркем сөз үлгілерін жаңғырта, жаңарта пайдаланды, өзі жаңаларын жасады. Ол әрбір өлеңнің идеясына, рухына сай тілін де түрлендіріп отырды. Өршіл романтизмге немесе шешендік сұрауларға құрылған өлеңдерінің тілінде шеңдескен асқақ метафора, теңеу, эпитет, әсірелеу басым. Элегиялық өлеңдерінің тілі мұң, аңсар, елегізу түріндегі көңіл күйін тудырады.

Арғымаққа оқ тиді-
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді-
Ауыз омыртқаның түбінен.
Жантайып жатып көп іштім,
Жаздықтың шалшық көлінен.
Қайтейін енді, дүние- ай,
Жағдайсыз кетіп барамын,
Қасымда көмектің кемінен, -- деген жолдардан ақынның әлем-тапырық жан күйін танып, алдағы тағдырына алаң боламыз. "Әуелеп ұшқан қызғыш кұс" тек Махамбет поэзиясындағы емес, жалпы қазақ поэзиясындағы ең көркем элегиялык өлең болып табылады.
Махамбет поэзиясының тілі өте бай, суретті және бір ғажабы -- оның осыдан 150 жылдан астам бұрын дүниеге келгені көп байқалмайды. Махамбет өлеңдерінде әр сөз өзіне ғана тиісті орнында қолданылады. Сондықтан ол өлеңнің мәнін де, сәнін де келтіріп тұрады. Махамбетте шешендік толғау, нақыл (афоризм) түрінде айтылып:

Аз сөйлер де көп тыңдар

Хас асылдың баласы,-

деген сияқты бүгінде мақал, нақыл сөзге айналып кеткен жолдар мен шумақтар аз емес

1.2 Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты

Махамбетті әдебиетіміздегі Ерекшк құбылыс., Феномен, Дауылды жырлардың дауылпазы, Классик ақын көтеріліс жаршысы деп бағалап жатырмыз.Бұндай бағаға лайық деп те ойлаймыз. Себебі Махамбет жырларының тууы да сол заман мен қоғамдағы қайшылықтан туындағаны Ерулі атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, Толарсақтан саз кешіп жүргенде туған, сонымен қатар өзіндік өрнегі бар, бітімі бөлек шығармашылығымен ерекшкленіп тұратын ақын сонысымен ерекше.
Ұлттық өзіне тән, іштей дамытып рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күшті-тіл-деген қағида Гумбольдттың философиялық-ленгвистикалық бағдарламасының негізін құрайды.
Осыған орай Махамбет өлеңдеріндегі дыбыстық үндестікті хал-қадірімізше сөз етпекпіз.Махамбет жолы - курес жолы, жыры- аңызға айналған бір ғұмыр.
Шоқан Уәлихановтың эпос, ертегі-аңыздардың тарихи мәні бар деген бұл пікірін негізді десек, тарихи мәліметпен мидай араласып жатқан тарихи оқиғалардың нақтылы сәулесі болған Махамбет поэзиясының тарихи мәні зор, ол тарихи документ екендігіне шек келтіруге болмайтыны ашық, талассыз.
Махамбеттің біркелкі өлеңдері лиро-эпикалық түрге жатады. Бірақ бұл сөзден олардың ішінде лирика жоқ деген ұғым тумауы керек. Лиро-эпикалық деген сөздің өзінде сол түсінік бар. Өзі мен Исатайдың алға қойған тілек, мақсаттарын өздерінің хан-сұлтандарға қарым-қатынастарын жай баяндау түрінде айта келіп, кей жерлерінде не лирикалық шегініс ретінде, не ішкі күйінішін сыртқа шығару мақсатымен айтылған лирикалық шумақтарда да аз кездеспейді. Екінші сөзбен айтқанда, Махамбеттің бірқатар өлеңдерінде эпостық сарын жалынды лирикамен аралас келеді.
Кешегі Исатайдың барында,
Алақандай Нарынды
Басушы едік құлаштай!
Жәбір беріп жапа етсең,
Былғанған басым ласқа-ай!
Мен бір шарға ұстаған қара балта едім,
Шабуын таппай кетілдім.
Қайраса, тағы жетілдім...
Көрмес, келмес деп едім,
Өз еркіммен бетіңді-ай!
Жалпы алғанда Махамбетке тән нәрсе - лирика. Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы да, өзіне тән ерекшелігі де бар.
Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Сондықтан оның лирикасын әлеуметтік сарындағы, саяси-үгіттік лирика деп атауға тура келеді.
Қоғамның тапқа бөлінуінің негізінде таптық күрес туады да, сол таптық күрес саяси, таптық жырларды туғызады. Бірақ бұл жаңа мотивтегі поэзия көркем лирикаларға өзінен бұрынғы поэзияның әсері болуы да мүмкін. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктерін де байқау қиын емес.
Қоғамның тапқа бөлінуі және сол тапқа бөлінудің негізінде туған тап күресі қазақтың фольклорінде де айқын көрінеді. Соған қарағанда саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Демек, Махамбеттің саяси лирикалары ауыз әдебиетінде бір тамыры фольклор традициясымен байланысты. Жалпы, саяси лириканың өзіне қас ерекшелігі - үгіт-насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркемсөз арқылы көпшіліктің сана-сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады.
Біз жоғарыда да Махамбеттің өміріне байланысты Ішкі Бөкей ордасының шаруашылық жағдайы әлеумет өмірінде тап тартысын күшейтті, сол қайшылықтармен байланысты шаруалар көтерілісі туды дедік. Ол көтеріліс өзінің қолбасы батырымен қатар, жалынды үгітшісін де туғызды. Бұл тәрізді тарихи жүкті мойнына артқан адамның бірі - Махамбет. Сондықтан да Махамбет поэзиясының басты қасиеттерінің бірі саяси үгіт болуы заңды. Бірақ саяси үгіт поэзиясын жасаушы тарихта жалғыз Махамбет емес, басқалар да болды. Әйтсе де солармен салыстырғанда да, Махамбеттің тағы өз ерекшелігі бар. Бізше, Махамбеттің негізгі ерекшелігі - оның бір сырлы, сегіз қырлылығында. Махамбет өлеңдері тек жалаң құрғақ үгіт емес, оның өлеңдерінде жалынды, саяси өткірлік пен терең ой, нәзік сезім әрдайым ұштасып, біте қайнасып жатады. Махамбет өлеңдерінде бұл үшеуінің жігін ашып, бөліп алуға болмайды. Осы қасиеті Махамбетті көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын етті. Бұл мазмұн Махамбет өлеңдерінің құрылысы мен түріне де әсер етті. Түр - мазмұнның түрі болуы қажет деген шартқа Махамбет поэзиясы толық жауап бере алады. Оның: Ереулі атқа ер салмай, Мұңайма, Айныман деген өлеңдері - мазмұнына түрі сай, жалынды үндеу сөздер. Махамбеттің досын мақтап, дұшпанын даттап шығарған өлеңдерінің мазмұны күрес идеясын жыр ету болса, құрылысы шешендікке толы үгітке арналған отты, өткір сөздер болып келеді де, сөйлемдері қаратпалы, сұрау сөйлемдер болып келеді, не жарлай арнау, не сұрай арнау немесе риторикалық сұрау болып отырады. Мысалы үшін, Мұңайма деген өлеңін алайық:
Ханның ісі қатайды,
Азамат ерден мал тайды,
Қанды көбе киініп,
Бір Аллаға сиынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай-ды,
Жолдастарым, мұңайма!.. -
дейді ақын.
Мұндағы азамат, жолдастарым деп, достарына қайырыла сөйлеу, сөйлемін риторикалық сұрау түрінде құру, өзінің айтайын деген пікіріне дәл, күреске үндеу тілегіне сай.
Махамбет өлеңдерінде бұл тәрізді үгіт өлеңдермен қатар, лириканың басқа түрлері бар. Ақынның бірқатар өлеңдері жоқтау өлеңдердің үлгісінде құрылады.
Қазақ фольклорінде дүние салған адамның тіршіліктегі іс-әрекеттерін әр жағынан алып, толық баяндап жырлайтын жоқтаулар, естіртулер көп. Махамбет өлеңдерінің кейбіреулері фольклорда кездесетін жоқтау өлеңдердің қысқа түріне жақындайды. (Тарланым, Тайманның ұлы Исатай). Исатайдың өліміне арнаған Тарланым деген өлеңін алсақ, жалпы жоқтаулардың әдісімен батырдың өміріндегі әр алуан іс, амал, қасиет, мінездерін санап көрсетеді. Бірақ мұнда да Махамбеттің өзіне тән кейбір ерекшеліктері бар. Махамбет өлеңдерінде Исатайдың өмірін жалпы алмайды, оның өмірінің әлеуметтік-таптық жақтарын алып, батырдың езілуші халық, қара шаруа, еңбекшілердің мүддесін қорғап, феодал, ақсүйектерге қарсы шыққан, шын мәніндегі халық қамқоры болған жақтарын айрықша көрсетеді. Шернияз сықылды басқа жағына ақын тоқталмайды.
Махамбеттің жоқтау тобына жақын келеді деген өлеңдері оның басқа өлеңдеріне қарағанда фольклормен тығызырақ байланысты деуге болады. Өйткені эпитет, метафора теңеулерін алсақ, көбіне фольклордан алынған поэтик тілдер.
Ал Махамбеттің кейбір өлеңдері өзінше философиялық бағытқа негізделген өлеңдер болып келеді.
Қоғалы көлдер, құм сулар
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен құба тал
Кімдерге сайғақ болмаған?
Басына жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған?
Таңдап мінген тұлпарлар
Иесін қайда жауға салмаған?
Құландар ішпес бұршақ қақ,
Кімдерге шәрбат болмаған?
Садағына сары шіркей ұялап,
Жау іздеген ерлердің
Қайда басы қалмаған?
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік,
Абайласаң, жігіттер,
Мынау жалған сұм дүние,
Кімдерден кейін қалмаған? -
деп, риторикалық сұрай арнау түрінде айта келіп, өмірге өзінше қорытынды жасайды. Толғау деген өлеңінде де осы тәрізді өмірді шолып келіп, өзінің одан түйгендерін баяндауға негізделеді. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл кеңесіне аударады да, одан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтауы, ойдың серпінінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта хан-төренің тағдыры халықпен байланысты, былайша айтқанда, оларды жоқ ету халықтың қолында, дәл халықтың зор күш екенін еске салады. Ең соңғы жолдарда ақын былай деп өзінше қорытынды жасайды:
Батыр болмақ ойдан-ды:
Айқайласып жауға ти,
Тәңірім білер, жігіттер,
Ажалымыз қайдан-ды?
Махамбеттің бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқанын мына өлеңінен де көруге болады

Махамбет өлеңдері бұрынғы баспаларына кірген өлеңдері негізінде Гурьев облысының маңында сақталған. Сол өлкеде туып, өскен ақындардың аузынан алынған өлеңдер. Махамбеттің негізгі өлеңдерін ең әуелі жатқа білген қаратоқай Мұрат ақын да, одан Ығылман Шөреков жаттап алып, 1925 жылы баспаға шыққан өлеңдер де, 1939 жылғы басылып шыққан өлеңдері де осы Ығылман ақыннан жазылынып алған.
Махамбеттің жұртшылыққа мәлім, басылып шыққан өлеңдеріне тән тақырып, идеялық мазмұн. Ел тілегі, күрес идеясы - Махамбеттің қай өлеңінің болсын негізгі арқауы.
Ақынның жаңадан табылып отырған өлеңдері оның бұрынғы өлеңдерімен жанр жағынан да үндес. Біз жоғарыда, Махамбет поэзиясына тән жанр саяси, үгіттік лирика дедік. Бұл жағынан да бірін екіншісінен айырып болмайды.
Әсіресе, сөз қолданыс, сөйлем құрылыс жақтары дәлме-дәл. Кейбір жолдары Махамбеттің жұртқа мәлім өлеңдерінің екінші түрдегі қайталамасы екені ап-айқын тұрады. Мысалы: Ереулі атқа ер салмай деп басталатын өлеңі - 19 жол, бірақ бәрі - бір құрмалас сөйлем. Ең аяққы Ерлердің ісі бітер ме? деген жолына шейін ой бітпейді. Егер осыны мағынасына қарап, екінші түрде құрсақ:
Ереулі атқа ер салмай,
Ерлердің ісі бітер ме?
Егеулі найза қолға алмай,
Ерлердің ісі бітер ме?
деген тәрізді жай құрмалас болып шығады.
Махамбет олай құрмаған, айтайын деген ойын түйдектеп келіп, аз сөзге көп ой сиғызу заңымен, барлығын күрделі бір құрмалас сөйлем еткен.
Жаңа табылып отырған өлеңдеріндегі кейбір шумақтар дәл осы Ереулі атқа ер салмайдың түрінде құрылады. Тіпті осы өлеңнің ұмытылған жолдары ма дегендей ой келтіреді.
Мысалы:
Қақаулап шақырмай,
Қанды көбік түкірмей,
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Бұзбай құлан пісірмей,
Мұз үстіне от жақпай,
тағы басқалар.
Осы өлеңнің кейбір жолдары дәл сол мағынада, бірақ басқа сөздермен, Ереулі атқа ер салмайдың кейбір жолдарын қайталайды.

... Алғашқы алған арудың
Ақша бетін солдырмай,
Ата менен ананы, -
Қайғыменен қатырмай,
Әлпешті ұлың жат болмай,
Шайған жалғыз малтаның
Сатқан да суы ат болмай... Өлеңнің бұл жолдары Ереулі атқа ер салмай деген өлеңмен тікелей байланысты. Мазмұн жағынан қайталау болғанмен, сол мағынаны басқа сөздермен айтқандықтан және басқа бір өлеңнің контексінде келіп, өзінше жеке өлең құрап тұрғандықтан, сол жазып алған қалпында жіберіп отырмыз. Мұны сол Ереулі атқа ер салмайдың екінші варианты деп қарасақ, не сол өлеңнен үзілген жолдар, не сол сарынмен шығарылған десек те, түбі Махамбетке жатқандығы даусыз. Біздің бұл жердегі дәлелдемегіміз тек осы ғана болғандықтан, басқа жағын көпшілік сынына қалдырғымыз келеді.
Махамбетің сөз образдары өзіне шейінгі халық әдебиетінің, батырлар жырының үлгісінде болып келсе де, өзіне тән бір ерекшелігі: әрбір образы әрі үздік, көркем, әрі терең мазмұнды, логикасы күшті, көп сөздері афоризмге негізделінген десек, Махамбеттің жаңа өлеңдерінен де осыны көреміз.
Ең алдымен, бұл Әй, Махамбет, жолдасым делініп, монолог түрінде беріледі. Мұндай Махамбеттің бір де өлеңі жоқ, Махамбет әрдайым өлеңді бірінші жақтан сөйлейді. Екінші: өлеңде іс, әрекет, тілек, мақсаттарды, қайғылы халде, әсіресе ішкі психологияны суреттеуге көбірек орын беріледі. Психологияны суреттеу Махамбеттің басқа өлеңдеріне де жат емес, бірақ басындағы хал қандай қиын, қандай қайғылы болса да, басқа өлеңдерінде сол ауыр жағдайды ол ерлік, төзімділікпен қарсы алып, оны өлеңмен сыртына шығарғанда зар мен қайғыдан шыққан сөз емес, ызалы кекке суырылып шыққан сөз етеді.
Міне, осы жағы бұл өлеңде жетіңкіремейтін сықылды. Әйтсе де өлеңнің қашан шығуы мүмкіндігін, мазмұнын және ішіндегі Махамбетке тән образ сөздердің де барлығын еске алсақ, бұл өлең де Махамбеттің өзінікі ғой деп ойлаймыз. Оның мынадай себептері бар: бұл өлең Махамбеттің Исатай қолға түскен күнінен кейін шығарылған. Сондықтан әрі досы, әрі көтерілістің басшысы, ең жақын адамының ауыр қазасы жанына қатты батқан ақынның сөзінен мұң, зардың үні естілуі ғажап нәрсе емес тәрізді, бұл бір. Екінші, ел аузындағы әңгімеде де, кейбір тарихи мәліметте де Исатай баласы Жақияны Махамбетке өз аузынан тапсырады. Үшінші, бұл өлеңдерде Махамбетке тән ірі сөз, кесек образдар бар.
Бұрала бікен емендей,
Қисық туған сорлы ағаң...
Арыстан туған Исатай...
Ақ жүрегім тербеліп,
Ақ көңілім желденіп.
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгеріп,
Жетімдерге жем бердім,
Жесірлерге жер бердім...
Көктей өтіп Жайықты, тағы басқалар.
Махамбет Исатайды өзінің көсемі деп біледі. Әрдайым оны бедел етіп ұстады. Оның қателіктерін іштей сезсе де, тірі кезінде сыртқа шығарып, жарқыншақ жасауға Махамбет барған жоқ, көтерілістің тілек мақсатын басқалардан гөрі терең түсінген ақынға Исатайды зор бедел, көсем етіп ұстау - елдің бірлігін сақтау, халықты соның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты
М.Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рухы
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық компоненттер
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Пәндер