Музыкалық аспаптардың тарихы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі, динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады.

Түркі тілдес халықтардың бірінің музыкалық аспаптарының тарихи дамуын көз алдымызға толық елестету үшін оны өзге халықтардың аспаптарымен байланыста алып қарау қажет. Белгілі музыка зерттеушісі В. С. Виноградов өзінің қырғыз музыкасы туралы кітабында былай деп жа-зады: «Оның байланыстарының ең бір көзге ұрып көрініп турған және ең табиғи бағыты . . . бізді солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірге, Алтайға қарай жетектейді». Музыкалық аспаптар саласында, шыныңда да, қырғыздар мен қазақтар және Сібірдің түркі тілдес халықтары: алтайлықтар, хакастар, тувалықтар, якуттар аралығында тамыры тереңде жатқан ортақтылық бар.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Жекелеген халықтардың музыкалық аспаптарын зерттей отырып, осындай аспаптар дамуының жалпы процесін айқындауда жас ұрпақты рухани- тұрғыда дамуына ықпал ету. Көркем білім мен тәрбие беруге байланысты, технологияға оқушыларды тиімді оқыта отырып, қол өнерге баулу, көркем өнерге қызығушылықтарын, эстетикалық талғампаздықтарын арттыру және тәрбиелеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Музыкалық аспаптардың тарихымен таныстыру

- Домбыра түрлері

- Домбыраның жасалу технологиясы

Зерттеудің обьектісі:

Музыкалық аспаптардың жасалу ерекшелігі. Домбыра жасау.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Жұмыс өз алдына мектеп, колледж, жоғары білім оқу орындарының өнерге қызығушы жас шәкірттеріне таныстырмалы курс ретінде болжанылады.

Зерттеудің практикалық мәні:

Зерттеу нәтежелерін жалпы орта мектепте технология пән мұғалімдері мен педогогикалық практика кезінде студенттер пайдалана алады. Сонымен бірге көркемсурет педогогикалық колледждері мен көркемсурет мектептері, жоғары оқу орындарының көркем сурет факультеттерінде “бейнелеу өнері, технология” сабағында қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, және қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, суреттемелер тізімінен тұрады.

I тарау Кіріспе бөлім

1. 1 Музыкалық аспаптардың тарихы

Музыкалық аспаптар- адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар.

Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура тек Украинада, пандури мен чонгури Грузиядағана болса, гусли, жалейка, волынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз, тар, зурна Әзірбайжан мен Арменияда кездессе, Өзбекстан менТәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В. В. Андреевтің және оның серіктері С. И. Налимов, Ф. С. Пассербский, Н. П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т. б. ) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды.

Кәсіби музыкалық аспаптар:

Кәсіби музыкалық аспаптарға симфониялық (опералық), үрлеп ойнай-тын және эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық музыкалық аспаптарға саяды. Музыкалық аспаптардың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір музыкалық аспаптар халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа музыкалық аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестрде қолданып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, литавра, арфа, фортепьяно, т. б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғ-дан басталды, ал 18 ғ-да кеңінен қолға алынды. 16 - 18 ғ-лардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н. Амати, А. Страдивари, Дж. Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды.

Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай музыкалық аспаптар негізі-нен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т. б. ) ; шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель, контрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т. б. ) және шертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка, жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра) ; соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаз, дабыл), т. б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы бар.

Соқпалы шулы аспаптар:

Соғып ойналатын аспаптардың үлгі-нұсқалары көп. Соның бірі - дабыл. Оның шанағы дөңгелек шеңбер етіліп, екі жағына жас мөлшері екі айдан алты айға дейінгі бүзау, түйе терісі қапталып жаса-лады. Музыкалық аспаптарға арналған мал терісін пайдалану және оны қаптап жасау күрделі әдістермен атқарылады. Ол үшін мал терісін немесе қарнын дөңгелек ағаш шанаққа керіп қаптайды. Жаңа со-йылған малдың жүнін қырқып алып, сары етін сыпы-рып алады. Аспаптарға қолданатын тері жарғақтың жүні жас кезінде жидітіп алынады. Тазартудың екі тәсілі бар және ол күрделі әдіспен игеріледі. Бірі - и салу тәсілі. Бүл тәсілде идің быршыған өткір иісін теріге сіңдірмей жасау маңызды. Екіншісінде - теріні жібітіп барып, өткір үстарамен түгі сылынып алы-нады. Содан соң түксіз терінің шуашы мен шайыры кеткенше жуылады. Әбден тазарған кезде теріні шала кептіріп алып қолданады.

Дабыл:

Дабыл.jpg Шанағы төзімді әрі сәнді болу үшін сыртынан өн бойын қуалай айналдыра тері қаптап, оның сыртын күйдіру әдісімен өрнектер салып безендіреді. Халық шеберлері кейде шеңбер сыртына мүйіз, сүйек, үкі, шашақ салып та жасайды. Шанақтың бір бүйіріне қолға ұстайтын тұтқасы қайыстан өріп тағылады. Дабылды саусақпен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнайды. Даусы -терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты не-месе орташа керілуіне және арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты болып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады.

Жорық дабылы - үлкен етіп жасалады. Жалпы шеңбер аумағы - 3 метр 40 см, биігі - 1 метр болып келеді. Оның екі жағын қаптауға екі түйенің терісі жұмсалады. Даусы 3-4 шақырым жерге дейін естіледі, даусы күркіреген күндей зор. Мұны дайындау да-былды жасау әдіс-тәсілімен бірдей. Аспаптың жалғыз

этнографиялық нұсқасы Қазақтың халық музыка ас-паптары музейінің қорында сақталып отыр /49. Инв. № 307/. Бүл аспап ел арасында «аттаныс дабылы» деп те аталады. Ертедегі жаугершілік заманда оны алып жүретін арнайы көлік пен сарбаздар бөлінетін болған. Аспап даусы «Батыр Баян», «Бейбарыс», «Көшпенділер» секілді тарихи көркем фильмдерде қолданылды.

Дауылпаз :

Дауылпаз.jpg халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшылық, саятшылық, құсбегілік салт-дәстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сыр-ты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау әдісімен ою-өрнектер салынады. Шеңбер аумағы 40-50 см болып келетін бұл аспаптың тек бір жағы ғана шала кепкен терімен қапталады. Сал-серілер саятшылыққа қолданатын дауылпазға үкі қауырсыны тағылып, жиектеріне күміс немесе асыл тастар орна-тып жасайтын болған. Қайыстан жасалатын белбеуін аңшылар құс, аң қуған кезде ертоқымның алдыңғы қас бетіне немесе мойынға асып алады.

Бұл аспаптың ел арасында қол дауылпаз, нар дауыл-паз аталатын түрлері бар. Қол дауылпаздың шеңбер аумағы 30-35 см мөлшерінде жасалады. Шанағы тұтас ағаштан ішін ойып, кейде тілікше етіп кесілген ағаштардан құрап жасалады. Шанағы алынып-салынатын үш сирағы бар қондырғыға орнатылады. Қол дауылпаздың беті түйенің немесе бүзаудың терісі-мен қапталады. Дауылпаздың осы нұсқасы қолдануға ыңғайлы болғандықтан өнер топтары арасында сүраныс көп. Ал нар дауылпаз үлкен етіп жасалады, бетіне нар түйенің терісі қапталады. Үлкендігі мен жасалу затына байланысты ел арасында „нар дауыл“ деп атайды

Үрлемелі аспаптар :

Үрлемелі аспаптар маңызды екі белгісімен ерекшеленеді. Біріншіден жаратынды табиғи түп тегі болса, екіншіден зат талғамайтындығы. Олар қайсыбір аспаптарға қарағанда қайың қабығынан (тозынан) бастап қамыс-қурай, бамбук, ағаш, тері, саз балшық, қыш, пластмасса, сүйек, мүйіз, темір, мыс, жез, мал қуығы, түйе өңеші, балық пен жылан терісі секілді заттардан жасала береді. Қайсыбірінің атауларына дыбыс шығару ерекшелігі емес, жасалатын заты анықтауыш роль атқарады

Сазсырнай:

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/5/58/%D0%A1%D0%B0%D0%B7%D1%81%D1%8B%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9_1.jpg

Үлкендігін қаздың жұмыртқасындай сопақша етіп, тұтасымен саздан жасалады. Өткен ғасырдың 1968-70 жылдары Шымкент өңірінің «Темір» ауылынан түпнұсқа үлгісі кездейсоқ табылды. Сапалы саз балшықтан жасалған бұл аспапқа 3-4 жерден дыбыс ойығы салынған. Сырты боялмаған, күйдірілмеген. Жергілікті жердің тұрғындары арасында ол «Фарабидің саз сырнайы» деп те аталған көрінеді.

Аспаптың дыбыс қатарын, құрылысын, жасалу әдіс-тәсілін Б. Сарыбаев, К. Қарабдалов секілді зерттеуші-ғалымдар анықтады. Қазіргі кезде оның 5-6 жерден дыбыс ойықтары салынып, шеңбер аумағы 16-18 см, жалпы ұзыны 10-12 см етіп дамыта жасалынған

нұсқалары орындаушылар арасында сұранысқа ие. Аспапты жасау тәжірибелі шеберлерге, әсіресе саз, керамика заттарымен айналысатын қолөнерші-мамандарға онша қиын емес. Аспап сапалы саздан әбден иі қандырып иленген соң, белгілі бір қалыпқа келтіріп кептіріледі. Содан кейін белгілі температурада қыздырылған пешке салып күйдіріледі. Қазіргі кезде шеберлер оның сыртына ою-өрнектер салып, сілтілік металдар ерітіндісін (глазурь) жағып жасайтын болды. Үскірік :

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/7/70/%D2%AE%D1%81%D0%BA%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BA.jpg

Оңтүстік Қазақстан, көне «Отырар» қазбасы, көне түрік (б. з. VIII г. ) дәуірі. Осыған ұқсас және тұтасымен саздан жасалатын аспаптың бірі - үскірік. Бұл аспаптың сипаты, заты, ойналу, жасалу әдіс-тәсілі бұрын белгісіз болып келді. Аспап алғаш рет 1974 жылы Маңғыстау өңірінен ашылып қалған көне қоныс орнынан кездейсоқ табылды. Жалпы ұзыны 8-10, аумағы 12-14 см болып келеді. Сапалы саздан, қыштан жасалады. Аспаптың дыбысы үскіріп соққан боран мен қатты желдің уілі-не ұқсас болғандықтан - үскірік, кей жерлерде уілдек аталады. Қазіргі кезде аспаптың этнографиялық қазба нұсқасы музейде сақталып, дамыта жасалынған түр-лері шағын ансамбльдерде қолданылып жүр.

Құссайрауық:

Тұтасымен саздан жасалған үрлемелі археологиялық көне аспаптың бірі құссайрауық. Өткен ғасырдың соңында Түркістан қаласының ашылып қалған ежелгі қоныс орнынан кездейсоқ табылған бұл аспап көне түрік дәуіріне (VІІ-VІІІ-жж. ) жатады. Қазіргі кезде біздің зерттеуіміз бойынша дыбыс ауқымы, лебіз жүйесі, ойналу тәсілі, сипаты, заты анықталды. Аспап табиғи саз, майда құм секілді заттардың қосындысынан қатты, тығыз етіп жасалған. Аспаптың үрлеу қуысына жақын және екі бүйірінде дыбыс ойықтары бар. Үрлеу қуысының салыну әдісі бұған дейін анықталған ұлттық үрлемелі аспаптарда кездеспейді. Аспаптың сырты кедір-бұдырлы, боялмаған табиғи қалпында. Күйдірілмей табиғи түрде қатып, тасқа айналған бұл аспап көк саздан (мергель) жасалынған. Дыбысы көне дәуірге тән бес дыбыстық (пентатоникалық) жүйеге тән.

Жетіген:

Суреті

жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.

Шертпелі аспаптардың ең көне түрінің даму тарихы бізге күні бүгінге дейін белгісіз. Сондықтан бүл саланы зерттеушілер бар болғаны әр түрлі болжаулар айтумен ғана шектелулері мүмкін. Әр түрлі халық аспаптарының дамуында кейбір орталық заңдылықтар бар дедік. Осындай аспаптар жетілдірілген сайын ондағы ішектер саны бірте-бірте көбейе берген. Аспаптар тұтас ағаштан ойып жасалған, шанақтары әдетте көн терімен қапталған, кейбір этнографиялық еңбектерде шанағы ашық қалдырылған аспаптар жайында да сөз болады. Қарапайым аспаптарда құлақ болмаған, сондықтан ішектерді қолмен керіп байлаған. Күйге келтіру үшін тиек орнына қойылған асықты жылжытатын болған. Музыканттардың орындаушылық шеберліктері артқан сайын шертпелі аспаптардың түрі өзгеріске ұшырап, жетіле түсіп отырған. Мойын жасалып, байланатын пернелер саны артқан сайын мұндай аспапта ойнау техникасы едәуір байи түскен.

Өз еңбектерінде XVIII ғасырдың ғалымдары үш ішекті домбыраны қалай тартатындары жайлы көргендерін жазады және осыған орай садак, түріндегі шертпелі көне аспаптан қылқобыздың пайда болуы мүмкін дегенді айтады.

Мысалы, XVIII ғасырдағы саяхатшылар И. Лепехин, П. Паллас, И. Георги және П. Рычков өздерінің жазбаларында түркі халықтары арасында тараған шертіп ойналатын көп ішекті көне аспап жайында жиі-жиі ауызға алады. Олар бұл аспапты көбінесе Сібірдің батыс бөлігін мекендеуші тұрғындар арасынан кездестірген. Осы аспаптардың құрылысын суреттеп жаза отырып, ғалымдар оның гуслиге, арфаға және лютняға ұқсайтындығын айтқан, сол себепті өз еңбектерінде оны «гусли», «жатқызылған арфа» деп атайды. Соңғы атаудың тағылу себебі, аспапты ойнаған кезде көлденеңдете ұстау керек. Зерттеушілердің барлық еңбектерінде жеті ішекті көне аспап -жетіген жайлы баяндалады. Бірақ әр этнограф оны өзінше атаған, мысалы, «етиге», «етиган», «ятага», «елтаға», «джатыган» дейді, солай бола тұра, түркі тілінің, келтірілген сөздерінде ортақ түбір бар екенін байқау қиын емес.

Гармоньның тарихы

Гармоньның тарихы жайлы нақты ақпарат сирек кездеседі. Оның дәл қай уақытта жасалғаны туралы да айту қиын. Бірақ та кейбір деректер көзіне сенсек, гармонь аспабы бізге немістердің елінен жеткен көрінеді. Өткенімізге үңіліп қарасақ, гармоньдар 18-19 ғасырларда Германия, Австрия, Италия, Франция және Англия елдерінде қатар қолданылған. Сондықтан да гармоньның шығыс жақта қалай тап болғаны жөнінде де нақты дерек келтіре алмаймыз.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51386/1368800442.jpg

Гармондардың жасалуыне келер болсақ, кезінде әр шебер аспап жасау ісінде түрлі формаларды пайдаланды. Бірақ гармонь тарихы дегенде оның тақтайшасын алғашқылардың бірі болып кім жасағанын біліп алған жөн. Кейбір деректерге сүйенсек, гармоньның тақтайшасын жасаумен ресейлік академик А. М. Миреку айналысқан. Ол 1783 жылы тұңғыш толық құрылымды гармоньды ең алғаш рет жұрт алдына шығарды. Ол осы жасаған жаңа аспабына «гармония» деп ат қойды. Кейінірек «гармония» сөзі ауыздан-ауызға айтылып жүріп, «гармошка» де атала бастады. Ал аспатың бүгінгі ресми атауы - гармонь.

Саксафонның тарихы:

Саксафон - үрмелі музыкалық аспап. Саксафон осыған дейін ешқандай ағаштан жасалмаса да, оны музыкада ағаштан жасалған үрмелі аспаптардың қатарына жатқызады. Саксафонның «туысы» саналатын аспап - кларнет.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51386/1368800491.jpg

Саксафон аспабы 19 ғасырдың 40 жылдары өмірге келді. Оны бельгиялық танымал қолөнер шебір Адольфом Сакс жасап шықты. Уақыт өте келе саксафонның баритон, тенор, альт, сопрано және сопранино түрлері де өмірге келе бастады.

Скрипканың тарихы:

Скрипканың өзіндік халықтық тарихы бар. Бұл аспаптың арғы тегі арабтардың ребаб аспабы мен француздардың фиделі, немістердің ротасы.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51386/1368800654.png

Скрипканың бұрынғы формасы XVI ғасырда жасала бастады. Осы ғасыр мен XVII ғасырдың басында белгілі Аматилер отбасы скрипка жасау ісімен шұғылданды. Олардың аспаптары өзіндік өзгеше формасымен және жақсы сапасымен үнемі ерекшеленді. Осы скрипка өндірісі-ақ Италия елінің абыройын біраз аспандатып тастады. Сол замандағы Страдивари мен Гварнери атты шеберлердің скрипкасы өте өтімді болды. Спасына тағар ешкім де мін тапқан жоқ. Олардың жасаған аспаптарының құны да жоғары болды.

Скрипканың бүгінгі түрі XVI ғасырдың аяғында пайда болып, XVII ғасырдан бастап кең түрде қолданыла бастады.

Археологиялық зерттеулер кезінде Месопотамия жерінен б. з. д алты мыңыншы жылдардан сақталған кішкентай цилиндр пішінде жасалынған ежелгі ұрмалы аспап табылған. Оңтүстік Америкадағы үңгірлерде ұшырасқан қабырғадағы суреттерде де осы аспаптың бейнесі кездеседі. Ал Моравия жеріне табылған барабан б. з. д 5 мыңжылдан бері сақталып келген. Алғашқы барабанға ұқсас ұрмалы аспаптарды ежелгі шумерлер тайпасы да қолданған. Демек, бұл аспаптың тарихы басқалармен салыстырғанда тым тереңде жатыр. Сол уақыттан бері сақталып келе жатқан бұл аспаптың бүгіндері де сұранысы аз емес.

Бұрындары барабан тек сигналдық не дабылдық құрал ретінде ғана қолданылып келген. Сонымен қатар барабанның дыбырына қосылып ежелгі тайпалар діни билерін билеген, осылайша өздерінің ғұрыптық рәсімдерін өткізіп тұрған. Әскери шаралар мен түрлі жиындарда да бұл белгілі бір өзінің маңызы бар рөлдерді атқарған.

Уақыт өте келе, осындай рәсімдердің ретімен барабан үндері салмақты жиындарда басқару рөлін атқарып жүрді.

Мәселен, XVI ғасырда барабандар британдық әскердің жаяу әскерлік жауынгерлерінде де қолданылды. Генрих VIII кезінде 100 адамдық құрайтын әскери бір ротада екі барабаншы болу керек болған. Ол кездері барабан аспабы «Назар аудар!», «Қатарға тұр!», «Дайындал!», «Алға қадам бас!», «Атысқа шық!», «Шегін!» сынды бұйрықтарды жеткізу үшін қызмет атқарған.

ХХ ғасырда барабан аспабының екі маңызды атқарар қызметі болды. 1920-1940 жылдары Gretsch компаниясы ағаштан көпқабатты етіп барабанның сыртын жасады. Барбан құрастырудағы бұл әдіс бүгіндері де қолданылып келеді.

Арфаның тарихы

Арфа аспабы Ирландия елінің ұлттық символы саналады. Бұрындары осы елдерде арфашылар өте сыйлы адамдар саналған. Олардың әлеуметтік дәрежелері де қара халықтан не басқа да өнер иелерінен жоғары болған. Соғыс басталған тұста арфашылар шайқасқа қатысатын ерлердің рухын көтеру мақсатында арфа аспабында ойнаған. Құнды арфалардың бетінде өзгеше асыл тастары мен қымбат бұйымдары болған. Тіпті кейбірі оны алтын жалатып та жасаған.

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51386/1368800757.jpg

Кельт арфалары ирландық ұлтшылдықты танытатын символ есебінде болған. 19 ғасырдың алты жүзінші жылдары ағылшын патшасы Генри VIII Жаңа Жердің ресми символына арфаның бейнесін жасатты. Сол уақытта шыққан тиындарға да осы бейнені орнатты.

Кейінірек жергілікті арфашылар ирландықтардың бас бостандығын көздеген ел ішіндегі «революциялық» қақтығыстарға қатыса бастады. Содан бастап британ ел басқарушылары тез арада кельт арфаларының дәрежесін бұрынғыдан түсіріп тастада да, арфистерге өлім жазасын бұйыруды талап етті. Міне, осы кез арфа аспабы үшін қаралы жылдар еді. Осындай жағдайлардан кейін, кельт ұлтының музыкасы да құрдымға кете бастады.

Бірақ 1792 жылдан бастап, арфа өз іргесін қайта көтере бастады. Сол жылы жоғалған дәстүрді қайта жаңғырту үшін Белфаст жерінде байқау өткізілмек болды. Шақырулар мен хабарландырулар жергілікті газет беттерінде жариялана бастады. Кең түрде өткізілетін жиынға арфашыларды да шақырды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық тағайындалды. Бірақ та қорқынышқа бой алдырған 15 жастан 97 жасқа дейінгі арфистерден тек оны ғана жиналды. Бүкіл Ирландия жерінен осынша ғана арфашының жиналуы түсінікті де еді. Өйткені бағзыдан бері арфадан көңілін басқаға аударып көрмеген өнерлі халықтың мысын британ үкіметі басып тастап еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
ШУЛЫ ҰРМАЛЫ АСПАПТАР
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Салттан тыс фольклор туындылары
Фольклорлық музыка аспаптары
Ұлттық аспаптар
Сыбызғы, қобыз, домбыра атауларының құрылымы мен мән-мағынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz