Ақша қаражаттарының есебі және ақша қаражаттар қозғалысы жайлы
КІРІСПЕ 3
1 Ақша қаражаттарының есебі және ақша қаражаттар қозғалысы 5
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 5
1.2 Чектермен есеп айырысу 6
2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу 9
2.1 Ақша қаражаттар есебі 9
2.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу 12
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы. 13
2.4 Ақшалай қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері. 14
2.5 Кассадағы ақша қаражаттары есебі және құжаттық рәсімдеу 15
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.
Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса – бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.
Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.
Ақша қаражаты – кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары.
Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) – бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

1 ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы
2 ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (15.01.01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
3 ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы» 29.10.2002 жылғы № 542 бұйрығы.
4 Бухгалтерлік есеп стандарттары
5 Типовой план шотов бухгалтерского учета, утвержденный приказом МФ РК от 18.09.2002г.
6 Андросов А.М., Викулова Е.В., Бухгалтерский учет. – М.: Андросов, 2001г.
7 Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. – М.: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 2001.
8 Аудит / под ред. В.И. Подольского. – М.:ЮНИТИ,2001
9 Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Галым, 1994.
10 Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие) – Бизнес – школа, 2001.
11 7 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
12 К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж..Г. Жумағалиева “Ұйымныңқаржылық жағдайын талдау” Оқу құралы. Алматы Экономика 2001
13 1 (IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты.
14 Ковалева О.В., Константинова Ю.П. Аудит. Организация аудиторской деятельности. Методика проведения аудиторской проверки.- М.: ПРИОР, 2000.
15 Толпаков Ж.С. «Бухгалтерлік есеп» 2009 14б,16б,17б,19б.
16 Библиотека бухгалтера и предпринимателя №4 (153) апрель 2003 год «Исчисление среднего заработка для оплаты отпускных».

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Ақша қаражаттарының есебі және ақша қаражаттар қозғалысы 5
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары 5
1.2 Чектермен есеп айырысу 6
2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу 9
2.1 Ақша қаражаттар есебі 9
2.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу 12
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы. 13
2.4 Ақшалай қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері. 14
2.5 Кассадағы ақша қаражаттары есебі және құжаттық рәсімдеу 15
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
КІРІСПЕ
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.
Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса - бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.
Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.
Ақша қаражаты - кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары.
Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) - бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражат қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар - шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.
Курстық жұмыстың мақсаты - ақша қаражатының кәсіпорын үшін маңызын талдау, оның кәсіпорында жүргізу тәртібі мен қозғалысын құжаттық рәсімдеу, кассаның құрылымын талдау, кассалық кітапты жүргізу, касса бойынша есеп беру тәртібі, синтетикалық есебін талдау.
1 Ақша қаражаттарының есебі және ақша қаражаттар қозғалысы
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
oo Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
oo Төлем тапсырма;
oo Чек; вексель;
oo Тапсырма-талап төлемдері;
oo Кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
1.2 Чектермен есеп айырысу
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозитттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10-күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- Егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- Чектің мерзімі өтіп кетсе;
- Төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
- Чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- Чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
- Чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- Чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- Чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- Чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
Біріншісі - банкте қалса;
Екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
Үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
Төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу
2.1 Ақша қаражаттар есебі
Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 "Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары" деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:
1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив - клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:
oo Жабылатын (депоненттелген);
oo Қайтарып алынатын немесе қайтпайтын;
oo Дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.
Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.
Дәлелденген аккредитив - бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.
Трансферабельдік (аударма) аккредитив - бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.
Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 " Қысқа мерзімді банктік қарыздар" шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 "Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары" шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты дебеттеледі.
Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі.
Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.
1060 "Өзге ақша қаражаты" шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады.
Чек - бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
1060 "Өзге ақша қаражаты" шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.
1050 " Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары " шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.
2.2 Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу
Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.
Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.
Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.
Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларына: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатаң олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деркетерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.
2.3 Ақша қаражаттар қозғалысы.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.
Бүгінгі күні ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
oo Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
oo Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
oo Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
2.4 Ақшалай қаражаттары есебі мен аудитінің мәні мен міндеттері.
Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен қарым-қатынасқа түседі.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы.
Банк арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.
2.5 Кассадағы ақша қаражаттары есебі және құжаттық рәсімдеу
Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға негізделген қарым - қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма - қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма - қол ақшасыз есеп айырысулармен қатар, касса арқылы қолма - қол ақшамен операцияларды да (еңбек ақыны беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға авнстар беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруашылық қажеттіліктеріне ақша беру жүргізіледі.Ұйымдардың қолма - қол ақшамен жүргізетін операцилары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.
Ұйым қолма - қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай - ақ ұйым қолма-қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады. Ақшаның сақтығын қамтамасыз етуде кассада жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Касса орналасқан бөлме бөлектенген, терезелері темірмен торланған, дабыл құралдарымен жабдықталған болуы қажет. Ұйым басшысы кассадағы ақшаның, сондай - ақ оларды банкке өткізгенде немесе банктен алып келгенде сақтығын қамтамасыз етуге міндетті. Басқа ұйымдардың жеке тұлғаларынаң ақшасын кассада сақтауға тиым салынады.
VIP-ГТ ЖШС - де ақшаны сақтау, қабылдау және беруге арналған кассасы бар. Касса орналасқан бөлме кассалардың техникалық беріктігі және өрттен сақтау және дабыл қағу құралдарымен жарақтандыру, әрі оқшаулау талаптарына сәйкес жабдықталған.
Ұйым төрағасы кассадағы ақшаның сақталуын банктен жеткізу және банкке өткізу кезіндегі сақтық шараларымен қамтамасыз ету міндетін алған. Сондай - ақ ұйымға тиісті емес нақты ақшалар мен басқадай құндылықтарды кассада сақтауға тиым салынған.
VIP-ГТ ЖШС - де кассалық операцияларды арнайы тағайындалған кассир жүргізеді. Ол кассадағы ақшалардың сақталуы үшін материалды - жауапты тұлға болып саналады. Және ақшаларды қабылдау, сақтау, өткізу мен беруді жүргізеді.
VIP-ГТ ЖШС - нің кассасынан банкке ақша өткізілген кезде 1030 Есеп айырысу шотындағы ақша шотының дебеті және 1010 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша шотының кредиті бойынша жазу беріледі.
Ұйымда кассирдің материалдық жауапкершілігі жөніндегі ұйым төрағасымен кассир арасында келісім шарт жасасқан. Онда кассир мен төрағаның міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіліп, екі данада толтырылған. Және тараптардың қолдары қойылған.
Осы келісім шарттың негізінде ұйымның кассирі Кассирдің міндеттемесін қабылдайды, онда кассалық операцияларды жүргізу ережелерін орындауға, оны бұзған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға міндеттенеді. Сондай - ақ кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысқандығын растап, қолын қояды (1 сурет).
Ұйымның кассирі ауысатындай болса, онда кассаны және құндылықтарды өткізу - беру актісі бойынша рәсімдейді.
Кассаға қолма - қол ақшалар есеп айырысу шотынан ақшалай чек бойынша келіп түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады (2 сурет).
Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер және кассир қол қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі.
VIP-ГТ ЖШС - де кассадан ақша кассалық шығыс ордері (КО - 2 үлгі) арқылы, бас бухгалтер мен төраға қол қойған тиісінше рәсімделген төлем ведомостері арқылы беріледі(3 сурет).Егер кассалық шығыс ордеріне қоса тігілген құжаттарда ұйымның төрағасының рұқсат еткен жазуы болса, онда ордерге басшының қол қоюы міндетті емес. Жеке адамға кассалық шығыс ордері бойынша ақша бергенде кассир алушының жеке басын куәләндыратын төлқұжатын талап етеді. Құжаттың атауы, нөмірі, кім және қашан берілгені ордерде көрсетіледі.
Ұйымда ақшаны сенімхат бойынша берген кезде кассалық шығыс ордерінде сенім алушының аты - жөні қосымша көрсетіледі.
Жалақы, уақытша еңбекке жарамсыздығына берілетін жәрдем ақы және сыйақыларды ұйымның төрағасы мен бас бухгалтері қол қойған төлем ведомостары бойынша кассадан береді. Ақшаны алған кезде жұмысшылармен қызметкерлер төлем ведомосіне қолдарын қояды.
Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеп отыру үшін кіріс және шығыс кассалық құжаттарын тіркеу журналы (КО - 3 үлгі) толтырады, ол кіріс және шығыс құжаттарына бөлек ашылады(4 сурет). Онда мыналар көрсетіледі: кіріс немесе шығыс ордерлерінің жазылған күні мен нөмірі және келіп түскен немесе жұмсалған ақшаның мақсатты бағыты (еңбек ақыны төлеу, сый ақы, іс сапарға жұмсалған ақша).
VIP-ГТ ЖШС - де кассир кассалық операцияларды есептеуді кассалық кітапта (КО - 4 үлгі) жүргізеді. Бұл кезде кассирдің есеп беруі құжатында кассалық кітапта көрсетілетін барлық реквизиттер кассалық кіріс және шығыс нөмірі, кімнен алынғаны және кімге берілгені, типтік шотпен операциясының сомасы жазылған. Ұйымда белгіленген тәртіпке сәйкес кассалық кітаптың беттерін нөмірлеу жыл басынан бастап, өсіңкілік қатары бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады. Кітапқа жазу көшірме қағаз арқылы екі данада жүргізіледі: біріншісі кітапта қалады, екіншісі кітаптың жыртып алынатын парағы кассирдің есеп беруі болып табылады және алғашқы құжаттармен қоса бухгалтерияға өткізіледі. Кассир күн сайын жұмыс күнінің соңында қорытындысын есептеп, қалдығын шығарып отырады.
Ұйымда кассир құжаттардың дұрыстығын тексеріп, кіріс және шығыс кассалық құжаттарымен бірге есеп берулерді бухгалтерияға тапсырады.Құжаттардың сақталуын және пайдалану ыңғайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Кассалық кітап есеп беруін кассир әр айға жеке - жеке дайындап қояды. Жыл соңында есеп беруде хронологиялық ретпен тігеді. Кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бақылау бас бухгалтерге жүктеледі. Кассирден қабылданған есеп беруді бухгалтер, кассалық есеп беруге барлық ордерлердің толық кіргізілуін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz