Бухгалтерлік есеп автоматтандырылған формасы


КІРІСПЕ3
1 Бухгалтерлік есеп нысандарының мәні4
2 Журнал-ордерлік нысан9
3 Есептің журнал-ордерлік нысаныныңдағы бас кітап11
4 Мемориалдық-ордерлік нысандар12
5 Бухгалтерлік есептің ықшамдалған нысаны15
6 Бухгалтерлік есеп автоматтандырылған нысан16
ҚОРЫТЫНДЫ21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР22
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп нысандары дегеніміз - жинақтау және талдау есебі байланысын, шаруашылық әрекеттерін тіркеу әдістемесі мен техникасын, есеп үрдісін ұйымдастыру мен технологиясын анықтайтын есеп тіркегіштердің жиынтығы.
Бухгалтерлік есептің бір нысанынан келесі нысанын ерекшелендіретін белгілері болып келесілер табылады:
- қолданылатын тіркегіштердің саны, олардың мақсаттары мен түрлерінің сыртқы мазмұны;
- жинақтау және талдау есебінің хронологиялық және жүйелік тіркегіштерінің өзара байланыстары;
- есеп тіркегіштеріне жазбалар жазу кезектілігі мен әдістері;
- бухгалтерлік есепте механизация және автоматизация құралдарының пайдаланылу дәрежесі.
Журнал-ордерлік нысан бойынша есеп жүргізуде пайдаланылатын негізгі тіркегіш журнал-ордерге байланысты өзінің атауына ие болды.
Журнал-ордерлер - арнайы кестеленген бос парақтарда шахматтық қағида бойынша құрастырылған бухгалтерлік тіркегіштер.
Бухгалтерлік есеп автоматтандырылған формасының нысаны онда компьютерлер қолдануды көздейді. Арнайы бағдарламалар, деректер мен бастапқы құжаттардың көмегімен топтастырылады компьютерге тікелей жалпылама, оған сәйкес пайдаланушы мазмұны мен синтетикалық тізілімдері баламасы ақпаратты қабылдайды. Компьютерлерді пайдалану мүмкіндік береді бизнес операцияларын өлшеу және жазу процесін автоматтандыруға.
1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЫСАНДАРЫНЫҢ МӘНІ
Бухгалтерлік есеп көптеген тіркегіштерде жүргізіледі. Есеп тіркеуі үшін жазбалар әр түрлі кезектілікпен жүргізілетін әр түрлі кітаптар, карточкалар, журнал-ордерлер, ведомостар мен жеке парақтар қолданылады. Олардың барлығы бухгалтерлік есептің әр түрлі нысандарының құрылуына әкеледі.
Бухгалтерлік есеп нысандары дегеніміз - жинақтау және талдау есебі байланысын, шаруашылық әрекеттерін тіркеу әдістемесі мен техникасын, есеп үрдісін ұйымдастыру мен технологиясын анықтайтын есептіркегіштердің жиынтығы.
. Бухгалтерлік есептің бір нысанынан келесі нысанын ерекшелендіретін белгілері болып келесілер табылады:
- қолданылатын тіркегіштердің саны, олардың мақсаттары мен түрлерінің сыртқы мазмұны;
- жинақтау және талдау есебінің хронологиялық және жүйелік тіркегіштерінің өзара байланыстары;
- есеп тіркегіштеріне жазбалар жазу кезектілігі мен әдістері;
- бухгалтерлік есепте механизация және автоматизация құралдарының пайдаланылу дәрежесі.
Қазіргі кезде ұйымдарда есептің неғұрлым кең таралған нысандары болып мемориалды-ордерлік, журнал-ордерлік және автоматтандырылған нысандары табылады. Есептіркегіштердің құрамы және оларға жазылатын жазбалардың кезектілігі есептің мемориалды-ордерлік нысаны болып табылады.
Кәсіпорынның қызметі туралы расталған деректер алу мақсатымен оның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қорытындылау және бейнелеу әдістемесі мен жүйесі; кәсіпорынның ресурстарын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу жүйесі. Ол қабылданған ережелер бойынша құжаттардың белгіленген нысандарын пайдалана отырып жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп-қисаптың зерттеу объектілері - ақшалай нысанда тұлғаланған шаруашылық құрал-жабдығы, олардың өндіріс, орналасу, айналыс барысындағы қозғалысы, сондай-ақ олардың құралу және пайдаланылу көздері.
Бухгалтерлік есеп заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есеп-шоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт - есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т. б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резервқорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.
Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай. Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын.
Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т. б. ) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал - есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік есеп - есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы - бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері.
Қаржылық есеп - бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т. б. Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары) . Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді.
Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зерттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы - ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында. Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші - статистикалық есеп деп аталатын бөлігі - есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет.
Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді. Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай-ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір-бірімен тығыз сабақтас: жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі.
2 ЖУРНАЛ-ОРДЕРЛІК НЫСАН
Журнал-ордерлік нысан бойынша есеп жүргізуде пайдаланылатын негізгі тіркегіш журнал-ордерге байланысты өзінің атауына ие болды.
Журнал-ордерлер - арнайы кестеленген бос парақтарда шахматтық қағида бойынша құрастырылған бухгалтерлік тіркегіштер.
Есептің журнал-ордерлік нысанының негізгі ерекшеліктері мыналар:
- шаруашылық әрекеттерін есепке алу үшін тек кредиттік белгісі бойынша жазбалар жүргізілетін журнал-ордерлердің қолданылуы;
- журнал-ордерлер қатарында жинақтау және талдау есептерінің біріктірілуі;
- журнал-ордерлерде жүйелік жазбалардың хронологиялық жазбалармен бірге бірігуі;
- журнал-ордерлерде шаруашылық әрекеттерінің бақылау және есеп беруді құру үшін қажетті көрсеткіштерінің көрсетілуі;
- журнал-ордерлер мен бас кітаптың рационалды ңүрылуының арқасында жазбалар санының қысқартылуы.
Журнал-ордерлер айтарлықтай тіркегіштер саны бар үлкен форматты бос парақтар болып табылады. Олар жеке жинақтау шотына немесе жинақтау шоттарының тобына бір айға ашылады. Әрбір журнал-ордерге арнайы тұрақты нөмір тағайындалады. Ереже бойынша, журнал-ордерлер әр түрлі мөлшерде болады. Төменде 1010 «Касса» шоты бойынша №1 журнал-ордер көрсетілген.
Журнал-ордерлерге жазбалар күн сайын немесе алғашқы құжаттардан не алғашқы құжаттар мәліметтерін жинақтау және топтастыруға арналған көмекші ведомостардан жүргізіледі. Екінші жағдайда журнал-ордерлерге көмекші ведомостардың жиындары жазылады.
Журнал-ордерлерге осы журналда есепке алынатын әрекеттердің жиынтық есептері тек кредиттік жазбалар бойынша жүргізіледі. Мысалы, 1010 «Касса» шоты бойынша №1 журнал-ордерде «Касса» шотына кредитте-летін ғана әрекеттер жазылады. «Касса» шоты бойынша дебеттелетін әрекеттер Бас кітапта жазылады. Бұдан шоттардың айналымдарын көшіріп жазуға болмайды. Айналым ведомостары талдау есебі дерлік жүргізілетін шоттар бойынша ғана құрылады.
Журнал-ордерлердің тексерілген айлық жиындары келесі нысандағы Бас кітапта жазылады.
3 ЕСЕПТІҢ ЖУРНАЛ-ОРДЕРЛІК НЫСАНЫНЫҢДАҒЫ БАС КІТАП
Журнал-ордерлер мен Бас кітап өзара бірін-бірі толықтырып отырады: журнал-ордерлерде әрбір жинақтау шотының кредиттік айналымына, ал Бас кітапта осы шоттың дебеттік айналымына шифрдың шешімі беріледі. Айналымдарды тексергеннен кейін келесі айдың басына қалдығы шығарылады және Бас кітаптың сәйкес жолына жазылады.
Есептің журнал-ордерлік нысанының кемшіліктеріне мәліметтерді қолмен толтыруға және есептің автоматтандыруын қиындатуға бағытталған журнал-ордерлердің күрделілігі мен қиындығы жатады.
Журнал-ордерлі нысанын пайдалану барысында бухгалтерлік есеп ақпараттарын тіркеудің негізгі принципі - жинақталымдық тізімдемелерде (ведомостерде) алғашқы (бастапқы) құжаттардың мәліметтерін жинақтау. Бұл нысанның негізгі есеп тіркелімі (бастапқы) құжаттардан немесе жинақталымдық тізімдемелерден алынатын хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп көрсетіледі.
Әрбір синтетикалық шотқа арнайы журнал-ордер ашылады, оның ішінде шоттың кредитінен сәйкес шоттардың дебитіне жазылатын шаруашылық операциялар көрсетіледі. Құралдардың (қаражаттардың) қозғалысын бақылауды күшейту үшін журнал-ордердің жинақталымдық тізімдемелері бірге қолданады. Кейбір журнал-ордерлерде синтетикалық және аналитикалық есептердің де жүргізілуі мүмкін. Бірақ аналитикалық есептің карточкалары қолданылмайды және типті шот корреспонденциясы қойылуы мүмкін. Бұл тіркелімдерді түсініктірек етіп көрсетеді және санын азайтады.
Бастапқы құжат мәліметтерін жалпы бірыңғай шаруашылық операциялар бойынша журнал-ордерлерге немесе жинақталымдық тізімдемелерге жазады, ал қорытынды көрсеткіштер журнал-ордерлерге көшіріледі. Журналда талдамалық есебі жүргізілмейтін шаруашылық операциялар бойынша мәліметтер аналитикалық есептің карточкаларында көрсетіледі (негізгі құралдарды тағы басқаларды есептеу) .
Ай соңында барлық карточкалар журнал-ордерлер және солардың тізімдемелері бойынша қорытынды сомалар есептеледі. Карточкалардың қорытындысы талдамалық шот бойынша айналым тізімдемелеріне көшіріледі, ал журнал-ордерлер мен тізімдемелердің қорытындысы басқа журнал-ордерлердің тізімдемелері мен корреспонденцияланушы шоттармен құжаттар (тауарлы және кассалық есеп берулер, банк көшірмесі және тағы басқалар) бойынша салыстырылады. Өзара салыстырудан кейін кредит айналымының ортақ сомасын әрбір журнал-ордерлерден бас кітаптың сәйкес шотына жазады. Бас кітаптың әрбір синтетикалық (топтамалық) шотының дебит бойынша айналымдар корреспонденциясымен бірге әр түрлі журнал-ордерлерден жинақтайды. Осыдан кейін бас кітаптағы әрбір шоттың дебиті бойынша ортақ қорытынды есептелінеде, ай соңындағы қалдық шығарылады және бухгалтерлік баланс пен есеп беру тағы басқа нысандары құрылады. Баланс құрудан бұрын айналым тізімдемелерінің қорытындысын бас кітаптың сійкес шоттарының қорытындысымен салыстыру қажет.
Бухгалтерлік есептің журнал-ордерлі нысаны есептің бас журнал нысанымен кейбір ортақ қасиеттеріне ие, арнайы журналдардағы бастапқы құжаттардың мәліметтері бойынша жалпы бірыңғай операциялар тураы ақпарат жинақтау, бір тіркелімде синтетикалық және аналитикалық есепті біріктіру, бас кітапта синтетикалық шоттар мен сальдо және басқалар бойынша ағымдағы айналымдарды көрсету.
4 МЕМОРИАЛДЫҚ-ОРДЕРЛІК НЫСАНДАР
Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп нысандарының келесідей түрлері қолданылады: мемориалдық-ордерлі, бас журнал, журнал-ордерлі, жай және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін бірге қолдану) .
Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлі нысандары қазіргі кезде қолданылатын ескі нысандарының бірі болып табылады. Есептің бұл нысандарында кітаптық және карточкалық тіркелімдер қолданылады. Синтетикалық (топтамалық) есеп үшін кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал аналитикалық (талдамалық) есеп үшін көбінесе карточкалар қолданылады. Мұның себебі әрбір шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын алғашқы құжат немесе бірыңғай алғашқы құжаттар үшін бухгалтерлік есепте екі жақты жазылып және ол мемориалдық-ордерлі нысан түрінде ресімделеді.
Мысалы: оймадан материалдарды босату (жіберу) туралы әрбір жүкқұжаттың (накладной) есептеуде жеке жазбамен көрсетудің орнына осындай бірнеше жүк құжатты жинақтаушы тізімдемеге жазады, одан кейін осы тізімдеменің қорытынды мәліметтері негізінде мемориалдық-ордерлі бір ғана бухгалтерлік жазба жасалады. Оның ішінде жазбаның қысқаша мазмұны беріледі немесе құжатқа сілтеме жасалады, шот корреспонденциясы жәнесомасы көрсетіледі. Мемориалдық-ордерге оның жасалған уақыты (күні, айы, жылы) көрсетілген бас бухгалтер қол қояды. Сонымен қатар мемориялдық-ордерге солардың негізінде жазбалар жасалған басты құжаттар қоса беріледі. Барлық мемориалдық-ордерлер жасалғаннан кейін арнайы тіркеме журналында тіркеледі. Әрбір мемориалдық-ордерге реттік нөмір беріледі. Тіркемелі журналдағы жазбадан кейін мемориалдық-ордер мәліметтері ай сайын синтетикалық (топтамалық) есептің тіркемелі болып табылатын бас кітапқа көшіріледі. Бас кітапта жазбаларды топтастырады. әрбір синтетикалық (топтамалық) есептің дебит және кредит айналымдары корреспонденцияланшы шот бойынша сәйкес кестелерге (графиктерге) бөлек жазылады.
Айдың соңында бас кітаптың қорытындысы негізінде синтетикалық (топтамалық) есептің шоттары бойынша жай немесе шахматты нысандағы айналым тізімдемесі (ведомосы) құрылады. Бас кітаптың мәліметтері синтетикалық (топтамалық) және аналитикалық (талдамалық) есептің айалым тізімдемелерін, бухгалтерлік балансты, сонымен қатар есеп берудің басқа нысандарын құру қолданылады.
Мемориалды-ордер формасы аналитикалық (талдамалық) есептік кітаптарда, карточкаларда немесе бос беттерде жүргізіледі. Аналитикалық (талдамалық) есеп тіркелемдеріндегі жазбаларды мемориалдық-ордерлерге өоса берілген құжаттардан алады. Ай соңында аналитикалық (талдамалық) есеп тіркелімдерінің жазбалары негізінде айналым және сальдолық тізімдемелер - сәйкес синтетикалық ( топтамалық) шотпен біріктірілген аналитикалық (талдамалық) шот тобына бір тізімдеме құрылады. Бұл тізімдемелердің мәліметтері синтетикалық (топтамалық) шоттармен біріктірілген аналитикалық (талдамалық) шоттардың сальдосы мен айналымдарының қортындыларын салыстыру үшін қажет.
Есептің мемориалдық-ордерлі нысаны есептік тіркелімдерінің жеңілдігімен және есеп жазбаларының тезникасымен ерекшеленеді. Алайда бұл нысанының кемшілігі ретінде - құжаттардағы бір ғана ақпараттық мәліметтердің тізімдемелерге, мемориалдық-ордерлерге, журналдарға, синтетикалық (топтмалық) және аналитикалық (талдамалық) есептің тіркелімдеріне бірнеше рет қайталанып жазылуын атап өткен дұрыс.
Басқа нысандарға қарағанда мемориалдық-ордер нысанын жүргізу көп еңбекті керек етеді. Оның бір түрі бас журнал нысаны. Бұнда негізгі есеп тіркелімі карточкалар мен бос беттер емес, бас журнал деп аталады. Ол азғана шоттарды пайдаланатын шағын кәсіпорындарда қолданылады. Оның өзгешелігі кітапта бухгалтерлік жазу хронологиялық және жүйелі түрде ұштастырылып жазылады.
Бас журналдың бұлай құрылуы оған жазылған жазуды көзге көрнекті болып және шолуды жеңілдетеді. Журналда шығарылған қалдықтар (сальдо) синтетикалық (топтамалық) шоттар бойынша дайын айналым тізімдемесі (ведомосі) бола алады да, бөлек айналым тізімдемесін (ведомосын) жасауды қажет етпейді, бас журналда алғашқы және соңғы қалдық шығарылып отырады, сондықтан да кез келген уақытта бас журналдың негізінде баланс жасауға болады. Бас журналды жүргізгенде бөлек немесе біртектес алғашқы құжаттар негізінде мемориалдық ордерлер жасалады.
Журналда жазбалар мемориалдық жазбалар ордерлердің нөмірлері мен күнін, корреспонденцияланушы шоттардың кодтарын, жеке және жалпы сомаларда көрсетумен бірге дебит және кредит бойынша жүгізіледі. Содан кейін әрбір шот бойынша бір айдағы айналым есептеліп, соңғы сальдо анықталады. Бас кітаптың көрсеткіштері негізінде синтетикалық шоттар бойынша бухгалтерлік баланс құру үшін қолданылатын айналым тізімдемесі толтырылады.
5 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЫҚШАМДАЛҒАН НЫСАНЫСоңғы кездері шағын бизнесті кәсіпорындарға есептіркегіштердің тек екі нысанын ғана - шаруашылық әрекеттері есебінің кітабы (жинақтау есебінің тіркегіші) мен талдау есебінің тіркегіштері болып табылатын сәйкес объектілер (негізгі ңүралдар, дайын өнімнің өндірістік қорлары және т. б. ) есебінің ведомостарын пайдалануға рұқсат етілген.
Ведомость мәліметтерін көшіруде шаруашылың әрекеттер есебі Кітабына жазбаларды тасымалдаудың кредиттік қағидасын да пайдалануға болады. Бүл жағдайда әрбір ведомостан шаруашылық әрекеттер есебі кітабының «Сома» бағанындағы ведомостың шығындар бөлімі бойынша жалпы сомасы жазылады және содан кейін кітаптың сәйкес шоттары бойынша сомалар жеке-жеке жазылып түсіндіріледі.
Ай аяқталғанда кітап жиындары жасалады және әрбір шот бойынша айналымдары есептеліп, соңғы қалдығы шығарылады.
Барлық шоттардың дебеттік қалдықтарының жалпы жиыны шоттардың кредиті бойынша айналымдардың жалпы жиынымен және «Сома» бағанының жиындары-мен сәйкес келуі керек. Активтік және пассивтік шоттар бойынша соңғы қалдықтар да тең болуы керек. Әрбір жиынтың шоттар бойынша бастапңы және соңғы қалдықтар туралы мәліметтер бухгалтерлік баланс құру үшін пайдаланылады.
Қазіргі кезде үйымдарға бухгалтерлік есептің нысандарын өздері таңдауға құның берілген. Үсынылған нысандардың негізінде олар өздерінің нысандарын дайындаулары, есептіркегіштерді жетілдірулері және жалпы әдістемелік қагидаларды, сонымен қатар есеп ақпараттарын өңдеу технологияларын сақтай отырып тіркеу және өңдеу бағдарламаларын жасаулары мүмкін.
6 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН НЫСАН
Бухгалтерлік есеп автоматтандырылған формасы - нысаны онда компьютерлер қолдануды көздейді. Арнайы бағдарламалар, деректер мен бастапқы құжаттардың көмегімен топтастырылады компьютерге тікелей жалпылама, оған сәйкес пайдаланушы мазмұны мен синтетикалық тізілімдері баламасы ақпаратты қабылдайды аналитикалық есеп. Компьютерлерді пайдалану мүмкіндік береді бизнес операцияларын өлшеу және жазу процесін автоматтандыруға.
Автоматтандырылған есепке алу қолмен нысандарын негізінде өскен соң бухгалтерлік есеп нысаны біртіндеп басым айналады және бар бірінші дамыту жөніндегі шешуші әсер етеді.
Компьютерлер пайдалану оңай қатысты, сіз оларды жабдықтауға мүмкіндік беретін жұмыс орны бухгалтерлер мен жұмыс станциялары жасау олардың негізінде (АЖО) бухгалтер. Бухгалтерлік есеп компьютерлік бағытталған нысандарын пайдалану қамтамасыз етеді:
- механикаландыру және автоматтандыру көптеген қатынастарда есеп процесі;
- бухгалтерлік есеп деректерінің дәлдігі жоғары, бухгалтерлік есеп деректері уақтылылығы;
- оларды қызметтен босатады, өнімділігі бухгалтерлік қызметкерлерді арттыру қарапайым техникалық функцияларды орындайды және одан да көп мүмкіндіктер береді экономикалық қызметтің мониторингі және талдау айналысуға;
- олар ортақ болып, бухгалтерлік есеп және жоспарлау барлық түрлерін байланыстыратын Сонымен БАҚ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz