Теориялық білімді тиісті мамандық қызмет саласындағы кәсіби біліктілігін және оқыту тәжірибесін кеңейту


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

1 МЕКТЕПТІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРІ4

1. 1 МЕКТЕП БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ6

2. 1 ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ8

2. 3 Практикалық бөлім10

2. 3. 1 Деректер базасының кестелерін құру құрылымы10

2. 3. 2 Деректер базасын Delphi бағдарламасында жобалау13

2. 3. 3 Delphi бағдарламасындағы шығу құжаттар деректер базасы. 15

ҚОРЫТЫНДЫ17

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ18


КІРІСПЕ

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, әлеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Заманауи прогресс ақпараттық технологиялардан үнемі дамуы мен жетілуін талап етеді. Электронды кестелер, деректер базасы және т. б. стандартты компьютерлік бағдарламалар арқылы шешімдерін талап ететін міндеттер туындап тұрады.

Тәжірибе дегеніміз - теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 13-09 ИСК тобының студенті Азаматқызы Арайлы іс - тәжірибиемді ШҚО, Үржар ауданы, Салқынбел ауылдық округіне қарасты Қарабұйрат ауылының «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-де өткіздім. Мен онда 2016-шы жылдың 1-ші қыркүйекпен 24-ші қараша аралығында іс-тәжірибиеден өттім. Өндірістік іс-тәжірибиеме күн сайын қалдырмай бардым.

Өндірістік іс-тәжірибе білікті маман дайындаудың негізгі қадамдарының бірі болып табылады. Ол оқу-әдістемелік процессінің өндірісте теориялық білімді бекіту түрі. Оның мақсаты теориялық оқыту процессінде алған білімдерді тереңдету және бекіту. Өндірістік іс-тәжірибе жетекшісімен бірлесіп мақсат қойылды және іс-тәжірибе өтудің жоспары құрылды. Іс-тәжірибе өту барысында мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

- БҚ мен танысу (Бағдарламалық Қамтамасыз ету) ;

- ОЖ мен танысу (Операциялық жүйе) ;

- Мекеменің структурасымен танысу; ф

- Мекемемен және қызметкерлерінің орындайтын функциялары және міндеттерімен танысу;

- Техникалық жұмыстың мазмұнымен;

- Информатика пәні мұғалімінің жұмыс ерекшелігімен танысу;

- Компьютерлерге операциялық жүйені орнатуды үйрену;

- Электронды поштамен жұмыс;

- Істен шыққан бағдарламаларды қайта орнату;

-Электронды кітаптар көмегімен өз білімімді жетілдіру ;

- Бағдарламалауға байланысты басқа да жұмыстар.

Іс-тәжірибе мақсаты теориялық білімді тиісті мамандық қызмет саласындағы кәсіби біліктілігін және оқыту тәжірибесін кеңейтуге, аудиториялық оқыту процесінде алған білімді шоғырландыру және тереңдету болып табылады.

  1. МЕКТЕПТІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРІ

Қарабұйрат орта мектебінің негізі 1929 жылы қаланды. Алгаш ашылганда мектеп 7 жылдық болды, ал 1958 жылы 8 жылдыққа ауысты. Ол кезде мектеп «Ново-Троицкая восьмилетняя школа» деп аталатын. Оқу үрдісі тек орыс тілінде жүргізілді. Мектеп гимараты ыңғайластырылған бір қабатты 4 оқулық корпустан, 1 әкімшілік корпустан, 1 шеберханадан жэне 1 корпус спорттық залдан тұрған. 4 оқулық корпуста 10 сынып бөлмелері орналасқан. Фундаменті тастан, қабырғалары кірпіштен қалаңған. Төбесі асбесті шифермен жабылған. Мектеп 13 от жағатын пешпен жылытылатын. Ғимараттар 1 га жерде орналасқан. Айналасы ағаш шарбақпен қоршалған. Мектептің жанында 200 м 2 ыңғайластырылған спорттық алаң болды. Мектептің іші ескі жиһаздармен жабдықталған. 2001 жылы компьютер сыныбы ашылып, 8 компьютер берілді. 1995 жылы алғаш қазақ сыныптары ашылды. 1996 жылы 9, 10, 11 сыныптар ашылып, «Ново-Троицк 8 жылдық мектебі» «Қарабұйрат орта мектебі» болып ауысты. 2008 жылы «Қарабұйрат орта мектебі» ММ-сі, 2012 жылы «Қарабұйрат орта мектебі» КММ-сі, 2014 жылы «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сіне ауысты. 2006 жылы орыс сыныптары жабылып, мектеп толық қазақ тілінде оқытатын болды. 2008 жылдан мектеп ғимараттары апатты жағдайдағы мектептер қатарына қосылып, жаңа мектеп құрылысы 2011 жылдың қазан айында басталды. Мектеп құрылысына 230 000 000 теңге қаражат бөлінді. Мектеп ғимараты типтік, екі қабатты, қызыл кірпіштен қалаңған. Фундаменті бетон, төбесі темір жабындымен жабылған. Мектептің сапасы қанағаттанарлық.

Жаңа мектеп 2012 жылдың 28 желтоқсанында ашылды. Мектепте толық жабдықталмаған 1 мультимедиялық, толық жабдықталмаған 2 лингафондық, 1 информатика, біріктірілген химия-биология, физика және 2 бастауыш, математика сынып бөлмелері бар. Ол кабинеттер 31 компьютер, 3 интерактивтік тақтамен, лингафондармен, 3 экран +2проектормен жабдықталған. Мектепте спорттық зал, 36 орындық асхана, шеберхана бар. 2013 жылы 1 қыркүйегінде мектептің ішінен 20 балаға арналған, ыңғайластырылған 1 топтық балабақша ашылды. Балабақшада 2 ойын және 2 ұйықтайтын бөлмелер, ас тарататын бөлме, қабылдап алу бөлмесі және әжетхана бар. Мектепте 2 душ, 8 орындықты эжетхана, 37 раковина, 3 аристон іске қосылып жұмыс істеп тұр. Мектептің канализациясы жэне су желісі жұмыс істеп тұр. Мектептің ауласы 1, 5 га құрайды. Мектептің ауласында спорт алаңы, субұрқақ, жылыжай, ботаникалық бақ, балабақшаның ойын алаңы орналасқан.

1. 1 МЕКТЕП БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мектеп басқару құрылымы негізгі 4 деңгейден тұрады:

Бірінші денгей - директор - бас әкімшілік қызметкерлер, олар осы мекемеде болып жатқандардын бәріне жауапты болып табылады.

Директор Рымбаева Айгуль Смагуловна - 1970 жылы 15 мамырда дүниеге келген, білімі жоғары, 2000 жылы Шәкәрім атындағы университетте қазақ тілі мұғалімдігі мамандығын тәмамдаған. Еңбек өтілі 13 жыл.

Екінші денгей - ОТЖ оқу орнының директорының орынбасары, оқытушы-ұйымдастырушысы және басқарушы. Мектеп директорының орынбасары - Алшынбаева Айжан Құрманжановна. 2001 жылы Қарағанды қаласы Е. Букетов атындағы университетті бітірген, физика пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 15 жыл, 1 санатты мұғалім.

Үшінші денгей - әдістемелік бірлестігі.

Төртінші денгей - мектеп оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер. Оқытушылар саны - 18, соның ішінде:

  • Жоғары білімді катигориялы - 2,
  • Бірінші санатты - 7,
  • Екінші санатты - 4,
  • Санаты жоқ - 5,
  • Жас мамандар - 4

2016 - 2017 жылында барлығы 54 оқушы, білім сапасы 71%, соның ішінде:

  • Озат оқушы - 17,
  • Екпінді оқушы - 18
2. 1 ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады

  1. Тәртіпті, аңғарымды болу.
  2. Өндірістік оқыту шеберінің ғана тапсырған жұмысын орындау.
  3. Орындау тәсілін білген жағдайда ғана жұмысқа кірісу. Күдікті жағдайда жұмыс берушімен кеңесу.
  4. Жұмыс кезінде өзінің де, өзгенің де көңілін бөлмеу.
  5. Компьютерді рұқсатсыз қоспау және қосылған компьютерді иесіз қалдырмау.
  6. Дымқыл немесе су қолмен жұмысқа отырмау.
  7. Монитор экраның желі жалғағыштарды, сымдарды қолмен ұстамау.
  8. Жұмыс орнынан қажетсіз кетпеу.
  9. Компьютерді қатты қозғамау.
  10. Компьютердің үстіне бөгде заттарды қоймау.
  11. Жұмыс орнында тазалық сақтау.

Дербес компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан онтайлы арақашықтығын сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық - 50см.
  2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.
  3. Көздің талуы мен немеме шаршауы жағдайында оқушылар орынынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше жаттығу орындауына болады.
  4. Оқушылар электр тоғымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу тәсілдерін білу қажет.
  5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.

Апат жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:

  1. Компьютерді тоқтан айыру.
  2. Жағдайды әкімшілікке немесе өндірістік оқыту шеберіне хабарлау.
  3. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс.
  4. Егер зақымданған кісі электр тоғынын әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тоғын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.

ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары.

  1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны тоқ көзіне ажырату керек.
  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.
2. 3 Практикалық бөлім 2. 3. 1 Деректер базасының кестелерін құру құрылымы

Деректер базасын жобалау MS Access Delphi бағдарламаларында жобаланған. MS Access бағдарламасында деректер базасы 4 кестеден және 3 шығу құжаттары, яғни сұраулардан тұрады. 1 - кесте «Пәндер» кестесі деп аталады.

2 - сурет. «Пәндер» кестесі.

2 - кестеде оқушылардың пәндер бойынша бағалары мен үлгерімі анықталған. «Үлгерім» кестесі келесі суретте көрсетілеген.

3 - сурет. «Үлгерім» кестесі

3 - кестеде мектеп мұғалімдері жайлы ақпарат берілген. Ол дегеніміз оқытушылардың телефон номерлері, мекен - жайлары, мамандықтары, жұмыс тәжірибесі жайлы айтылған. «Мұғалім» кестесі төменде көрсетілген.

  1. - сурет. «Мұғалім» кестесі

4 - кестеде мектеп оқушылары туралы мәлімет көрсетілген. Оқушы аты - жөні, қай сынып оқушысы және семестр бойынша бағасы. «Оқушы» кестесі төменде көрсетілген

4- сурет. «Оқушы» кестесі

Құрылған деректер базасындағы кестелерден белгілі бір өзімізге керекті шығу құжаттары, яғни сұраулар шығарамыз. 4 - кесте бойынша 3 - сұраулар құралған. 1 - сұрау құрылымы төменде көрсетілген.

6 - сурет. «Сұрау 1» кестесі

2 - ші сұрау оқушылардың пәндер бойынша үлгерім кестесі шығарылған. «Сұрау 2» төмендегі суретте көрсетілген.

7 - сурет. «Сұрау 2» кестесі

3 - сұраулар мұғалімдер жайлы мәліметтер. Ол төмендегі кестеде көрсетілген.

8 - сурет. «Сұрау 3» кестесі

2. 3. 2 Деректер базасын Delphi бағдарламасында жобалау

Деректер базасын жобалау Delphi бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған. Құрылған кестелер мен шығу құжаттарын Delphi бағдарламасына енгізуді жобалау. Деректер базасының басты резесезі «Бастапқы бет» терезесінен тұрады. Ол келесі 9 - суретте көрсетілген.

9 - сурет. «Бастапқы бет» терезесі.

Бастапқы бетте 3 негізгі мәзір бар. 2 - ші мәзір «Кестелер» деп аталады. Бұл мәзірде Access бағдарламасында құрылған кестелерден тұрады. Бірінші кесте «Пән» кестесі деп аталады, ол келесі 10 - суретте көрсетліген.

11 - сурет. «Пән» кестесі

Келесі кесте «Үлгерім». Бұл кестеде оқушылардың сабақ үлгерімі мен бағалары көрсетілген. Ол төменгі суретте берілген.

12 - сурет. «Үлгерім» кестесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Қазақстан Республикасының туристік кластерін дамытудағы кадр мәселесі
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі
Өндірістік кәсіпорында персоналды басқару
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
Оқытушының тұлғалық өсуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz