Қоян шаруашылығын дамыту
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...5.6
II.Негізгі бөлім ... ... ...
2.1.Үй қоянының шығу тегі ... ... ... ... ...7.9
2.2.Қояндардың биологиялық ерекшеліктері..10
2.3.Үй қояндарын өсіру әдістері ... ... 12.13
2.4.Үй қояндарының гигиенасы ... ... ..14.16
2.5.Қояндарды азықтандыру гигиенасы..17.20
2.6.Көжектету және көжектерді өсіру гигиенасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.24
2.7.Көжектерді бағыттап өсіру ... ... ... 25.26
2.8.Үй қоянының түбіті және өндірілетін өнімдері ... ... ... ... ... ... ... ...27.28
2.9.Үй қояндарын көбейту тәсілдері ... ... ...29.30
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ..31
IV.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ..32
Тіркемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33.34

Өз қажетіне жарату үшін қоянды қолда өсірумен халық өте ерте айналысқан. Үй қояндары басқа қолда өсірілетін хайуанаттармен салыстырғанда әлдеқайда өсімтал. Ересек ұрғашы қоян бір жазда 6-9 рет (30 күнде бір рет) көжектеп, жылына 40-қа дейін көжек береді. Демек, әр туғанда 6-дан 9-ға, кейде 14-ке дейін көжек табады. Көжектері тез жетіліп, 4-5айлықта шағылысады. Сөйтіп, жақсы бір ұрғашы қояннан жылына 60-70 килограмм ет алуға болады.Қоянның еті дәмді, олар тез қорытылатын еті ретінде балаларға, жасы келген адамдарға, сол сияқты асқазан, бауыры ауыратын адамдарға өте пайдалы. Түбітті қояндардан жұмсақ түбіт алынады. Ал, қоянның үлпілдек жүнді терісі фетр өнеркәсібінде өте қажет. Түбіті әр алуан трикотаж бүйымдар: свитерлер, орамалдар, қолғаптар т.б. тоқуға қолданылады. Мысалы, бір ұрғашы қоян жылдық, төлімен, жылына 1-1,5 килограмм түбіт береді. Ол түбіттен көптеген тұрмысқа қажетті бұйымдар алынады. Қазіргі таңдағы Қазақстаның ұлттық ауыл шаруашылығын негізі және табиғи ресурстармен қоса қоян шаруашылығы дамып келеді. Сонымен қатар елімізде үй қоян шаруашылығы алға басуда. Қоян шаруашылығын дамыту үшін ең бірінші кезекте шаруашылық кластерін құрып, мал тұқымын асылдандырып, өнім өткізу проблемасын шешу қажет. Осыған орай қазір облысымызда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бойынша кешенді бағдарлама жасалып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырылды. Осыған орай Ақмола облысы асылтұқымды үй қоян шаруашылығы бойынша дамып алға басып келе жатқан Қабанбай ауылындағы ЖШС «асылтұқымды шаруашылық «Астана –МИАКРО» 2012 жылы негізін қалады. Оның бас директоры болып алғашқы еңбек жолын асылтұқымды үй қоян шаруашылығынан бастаған Серікжан Әміржанұлы. «Астана-МИАКРО» асылтұқымды шарушылығы 80 бас қоянмен Астана қаласында жұмысын бастаған болатын.
1.Бердоңғаров Қ, Махмұтов С “Қоянды қолда өсіру”.Алматы:Қайнар,1988
2.Ж.Мырзабеков,П.Ибрагимов “Ветеринарлық гигиена”.
3.А.Б.Бегенова,А.Н.Ахметов,Ж.М.Тлеуметов “Ветеринарлық гигиена”
4.Омарқожаев.Н “Дербес шаруашылық малын азықтандыру”
5.Минина И.С,Майоров А.И “Все о кроликах”
6.Әкімбеков Б.Р, Махмұтов С “Қолда мал өсіру”
7.Сысоев В.С, Александров В.Н “Приусадебное кролиководство”
8.Уткин П.Г “Справочник кроликовода”
9.Мырзабеков Ш., Ибрагимов П. Ветеринариялық гигиена.
10. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных
11. Омарқожаев Н. Малды азықтандыру.

Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Үй қоянының шығу тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-9
2.2.Қояндардың биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .10-11
2.3.Үй қояндарын өсіру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12- 13
2.4.Үй қояндарының гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4-16
2.5.Қояндарды азықтандыру гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .17-20
2.6.Көжектету және көжектерді өсіру гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... 21-24
2.7.Көжектерді бағыттап өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 25- 26
2.8.Үй қоянының түбіті және өндірілетін өнімдері ... ... ... ... ... ... ... ... 27-28
2.9.Үй қояндарын көбейту тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...29-30
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
IV.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Тіркемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33-3 4
Кіріспе
Өз қажетіне жарату үшін қоянды қолда өсірумен халық өте ерте айналысқан. Үй қояндары басқа қолда өсірілетін хайуанаттармен салыстырғанда әлдеқайда өсімтал. Ересек ұрғашы қоян бір жазда 6-9 рет (30 күнде бір рет) көжектеп, жылына 40-қа дейін көжек береді. Демек, әр туғанда 6-дан 9-ға, кейде 14-ке дейін көжек табады. Көжектері тез жетіліп, 4-5айлықта шағылысады. Сөйтіп, жақсы бір ұрғашы қояннан жылына 60-70 килограмм ет алуға болады.Қоянның еті дәмді, олар тез қорытылатын еті ретінде балаларға, жасы келген адамдарға, сол сияқты асқазан, бауыры ауыратын адамдарға өте пайдалы. Түбітті қояндардан жұмсақ түбіт алынады. Ал, қоянның үлпілдек жүнді терісі фетр өнеркәсібінде өте қажет. Түбіті әр алуан трикотаж бүйымдар: свитерлер, орамалдар, қолғаптар т.б. тоқуға қолданылады. Мысалы, бір ұрғашы қоян жылдық, төлімен, жылына 1-1,5 килограмм түбіт береді. Ол түбіттен көптеген тұрмысқа қажетті бұйымдар алынады. Қазіргі таңдағы Қазақстаның ұлттық ауыл шаруашылығын негізі және табиғи ресурстармен қоса қоян шаруашылығы дамып келеді. Сонымен қатар елімізде үй қоян шаруашылығы алға басуда. Қоян шаруашылығын дамыту үшін ең бірінші кезекте шаруашылық кластерін құрып, мал тұқымын асылдандырып, өнім өткізу проблемасын шешу қажет. Осыған орай қазір облысымызда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан НазарбаевтыңҚазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бойынша кешенді бағдарлама жасалып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырылды. Осыған орай Ақмола облысы асылтұқымды үй қоян шаруашылығы бойынша дамып алға басып келе жатқан Қабанбай ауылындағы ЖШС асылтұқымды шаруашылық Астана - МИАКРО 2012 жылы негізін қалады. Оның бас директоры болып алғашқы еңбек жолын асылтұқымды үй қоян шаруашылығынан бастаған Серікжан Әміржанұлы. Астана-МИАКРО асылтұқымды шарушылығы 80 бас қоянмен Астана қаласында жұмысын бастаған болатын. Соның ішінде 20 бас үй үлкен ақ қояны, 16 бас күміс түсті үй қояны ,4 советтік шыншыла қояндары Шымкент қаласынан, ал Новосибрск қаласынан 20 бас үй үлкен ақ қояны мен 20 бас колифорниялық үй қояндары әкелінді. Қазіргі кезде ЖШС асылтұқымды шаруашылық Астана - МИАКРО-да 1800 қояндар саны бар. Үй қоянын өсіру басқа аңдармен салыстырғанда өте өсімтал. ЖШС асылтұқымды шаруашылық Астана - МИАКРО Михайлов технолгиясы яғни бұл жердегі асылтұқымды үй қояндары шаруашылықта далада орналасқан жекелеген торшаларда қысы-жазы үзіліссіз азықтандырылады және суық мезгілде су арнайы құралғымен ысытып береді. Асылтұқымды үй қояндрының иммуниттетері күшті ешқандай дәрі-дәрмектер егілмейді, таза ауамен демалып, өкпелері таза сондықтан еттері экологиялық таза иіссіз болып келеді, салмағын тез арада қосады. Азықтандыру кезінде шөппен құрама жем үздіксіз беріліп отырады.
2.1. Үй қоянының шығу тегі.
Үй қояндарын зоологиялық тәртіппеп жіктегенде (классификация) олар сүт қоректілер класына, қоян тәрізділер отрядына жатады. Көп уакытқа дейін үй кояндарының биологиясын жеке түсінбей, үй қояндарын дала қояндарымен бірге қосып, кеміргіштер отрядына жаткызып келді. Алайда, үй кояны мен дала қоянының сырткы пішінінің, ұқсастығына қарамастан, олардан гибридтер алуға болмайды. Мұның, өзі, олардың биологиялық ерекшелігі бар қояндардың екі түрлі туысына жататындығын көрсетеді.Үй қояндары сыртқы пішіні ұқсас жабайы қояндарға туыстас. Дегенмен, үй кояндары мен жабайы қояндардың арасында үлкен айырмашылық бар. Үй қояндары 1 еш уақытта да жабайы қояндармен 2 шағылыспайды. Жабайы қояндар 50-52 күннен кейін көжектесе, үй қояндары 28-30 күнде көжектейді. Жабайы қоян көжектері көзі ашық, үлпілдек жүнді болып туып, анасының сүтін бірнеше күн ғана еміп, өз бетінше тіршілік ете бастайды. Ол көжектеріне ін казбайды. Ал, үй қояндарының көжектері соқыр, қызылшақа, әлсіз болып туады. 18-20 күн тек анасының сүтімен ғана коректенеді.
Үй қояны мен тағы үй қояны (дикий кролик) шағылысқанда табиғи ортаға жақсы бейімделғен және өсімтал ұрпақ береді. Ұзақ жылдар бойғы жүйелі сұрыптаудың нәтижесінде үй қояндарынан, өздерінің ата-тегі тағы қояндардан ірі, көжекті көбірек табатын, өсімтал, түбіті мен терісі өте сапалы тұқым алуға мүмкіндік берді. Тағы үй қояндары үйдікінен әлдеқайда кіші, дене тұрқы 40-50 см, тірілей салмағы 1,5-2 кг болса, үй қояндарінікі 80 см де, салмағы 5-6 кг.
Тағы үй қояндарының түсі мекендеген аймақтарына байланысты (арқасы мен бүйірі қоңыр-күлгін, құйрықтың асты, аяқтарының, ішкі жағы, мойнының төменгі жақ сүйегінің асты ақшылдау түсті) болады. Үй қояндарының түсі әр түрлі болып келеді: қара, қара ала, коңыр, сары, көкшіл, күміс тәрізді, ак, т. б. Үлпілдек жүнді терісі де ерекше болады. Қысқа жүнді үй қояндары тұқымы жүнінің ұзындығы 15-20 мм, ұзын жүнділерінікі 60-70 мм, ал түбітті тұқымдікі 85-100 мм.
Қолда өсірілген үй қояндарының құндылығы - олар жыл бойына, ал тағы қоян тек жазда ғана көжектейді.
Үй қояндары орташа есеппен 8 көжек туады, тағы қоян 5-ке дейін ғана көжектейді.
1. Үй кояны - кролики.2. Жабайы қоян - заяц.
Қазіргі үй қояндарының отаны - Оңтүстік Европа (Испания, Оңтүстік Франция) деп саналады. Сол жерден Европаға, Солтүстік Америкаға, Африкаға, сол сияқты шығыс елдеріне, оның ішінде Жапонияға, Қытайға, Жаңа Зеландияға, Австралияға тараған. Соңғы кезде Австралияда жабайы қояндар шамадан тыс көбейіп кетіп, ауыл шаруашылығына, әсіресе, жайылымға үлкен зиян келтіріп жүр.Тағы үй қояндарының екі түрі белгілі: кәдімгі және майқұйрық үй қояны. Кәдімгі үй қояны дүние жүзінде кең таралған. Оның себебі ол үй жағдайында өсіруге жақсы бейімделген. Майқұйрықты үй қояны Оңтүстік Африканын, кейбір аудандарында, онда да табиғатта тағы түрінде кездеседі.
Зерттеу мәліметтеріне қарағанда үй қояндарының барлық тұқымы осыдан 2 мың жыл бұрын оңтүстік европалық тағы үй қояндарынан шыққан.Қазіргі уақытта үй қояны дүние жүзінің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД қоян өсіру жаңа шаруашылық саласы ретінде калыптасып дамыды. Елімізде осы жылдары шаруашылықтарда және әуесқой қоян өсірушілерді жоғары сапалы асыл тұқымды көжектермен камтамасыз ету үшін, асыл тұқымды қоян өсіретін арнайы шаруашылықтар ұйымдастырылу қажет. 1927 жылы елімізге шет елдерден 15 мың үй қояндарының өнімді тұқымы әкелінді. Олар: Вена көгілдір үй қояны (венский голубой), шин-шилла, Бена ақ үй қояны (венский белый), шампань, фландр, ақ үй қояны (белый великан) және басқалары. Елімізде үй қояны шаруашылығының дамуына осы тұқымдар себепші болды.
Елімізде қоян өсіруші жұмысшыларға, қызметкерлерге және шаруашылықтарға жасалынған жеңілдіктің арқасында, үй қояндарының саны жылдам өсті. Үй қояндары тұқымдарының санын көбейтіп, қолдағы бар тұқымды жақсартып және жергілікті жоғары өнімді жаңа тұқымдар шығару үшін 50-жылдары 171 ірі асыл тұқымды үй қояндарын өсіретін шаруашылық ұйымдастырылады. Соңғы кезде елімізде үй қояндарынын, шиншилла, вена көгілдір үй қояны, ақ үй қояны, сұр үй қояны, қара-қоңыр үй қояны, аңғор күміс-күлгін түсті үй қояны, күміс түсті үй қояны сияқты тұқымдары барлық жерде өсіріледі.Қазіргі қоян өсіретін фермалардың көпшілігінде олар ет-тері бағытында өсірілсе, жеке үй шаруашылығында етті, ал кейбіреулерінде түбітті үй қояндары өсіріледі. Өндірістік фермаларда және жеке шаруашылықта ет-тері бағытында ұсталған әр аналық үй қоян жылына төрт рет көжектейді, олардан орташа есеппен 8-10 көжек алуға болады. Демек, бір ұрғашы қоян өзінің көжектерімен 20 килограмға тарта ет береді. Егер түбітті қоянды өсірсек, онда әрбір үлкен қояннан жылына 350-400 грамм түбіт алынады. Міне, үй қояндарының тұқымдарын қолда өсіру қай жағынан болсын тиімді.
Асыл тұқымды үй қояндарын өсіретін фермаларда олардың дене бітіміне, өнімділігіне, терісінің құндылығына қарай бонитировка жұмысы жыл сайын жүргізіледі және оларды элита, бірінші, екінші, үшінші кластарға бөледі. Сайып келгенде, өсімтал қояндарды тұқымдық сапасын жақсарту үшін алып қалады да, қалғандарын мемлекетке өткізіп жібереді. Асыл тұқымды үй қояны шаруашылықтарында жоғары сапалы жаңа тұкымдарды шығару үшін неше түрлі ғылыми әдістер пайдаланылады. Мысалы, әр түрлі тұқымдарды будандастыру арқылы өнімді жаңа қоян алу т. б. Тұқымның жаңа өнімді бағыттарын шығару мәселесі әлі де зерттеліп келеді, алдағы уақытта да үй қояндарының жаңа тұқымдары көбейе бермек.
2.2. Қоянның биологиялық ерекшеліктері.
Қоянның организмі басқа жануарлардың организмі сияқты, әрқайсысы белгілі бір тіршілік әрекетін орындайтын сыртқы ортамен байланыстыратын органдардан, тканьдардан, клеткалардан тұрады. Енді осылардың басты-бастыларының ерекшеліктеріне тоқталайық.
Дене қозғалу органдары. Сүйек, шеміршек және буын байланыстары-пассивті қозғалу органдарына, ал бұлшық еттер қозғалу органдарына жатады. Ет жиырылуы мен босансуы арқылы сүйектерді қозғайды, нәтижесінде денені, оның жеке бөліктерін козғалысқа келтіреді.
Үй қояндарының қаңқасы 212 сүйектен тұрады. Жаңа туған көжектің, қаңқасы дене салмағының 15 пайызын, есейгендерінікі шамамен 10 пайызын алады. Әлбетте, етті бағыттағы қояндардың қаңқасы жеңіл келеді, өйткені, олардың сүйегі өте жұқа болады. Сүйектерінің бірқалыпты дамуына тікелей әсер ететін фактор құнарлы азықпен қоректендіру.
Өсімталдығы. Өсімталдық деп организмнің, тез өсіп, жынысы ерте жетілуіне қабілеттілігін айтады. Өсімтал үй қояны азықтық-қоректік заттарды бойына жақсы сіңіреді. Өсімталдық қоянның тұқымдық, оның жеке ерекшеліктеріне және азықтандыру, күтіп-бағу жағдайларына байланысты болады.Өнімділігі, дене бітімі орташа үй қояны тұқымдарының жыныс мүшелері 4-5 айлығында жетіледі, ал дене бітімі ірілерінікі одан 1-1,5 ай кешірек жетіледі. Ірі тұқымды үй қояндарының салмағы, орташа үй қояндарының салмағынан 1-1,5 килограмм артық болады.Қояндарды азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайлары олардың өсу қарқынын үдетуге қандай әсер етсе, жыныс мүшесінің жетілуі де сондай зор ықпалын тигізеді. Әр-бір тұқымнық өсу карқынын толық байқау үшін, оған тиісті азық мөлшері берілуі керек, ол азық өсімтал тұқымның қоректік заттарды керек толық қанағаттандыруға тиіс. Тұқымы ірі үй қояндарының азығы жеткіліксіз болса, оның ұрпағы ұсақтала бастайтыны тәжірибеден белгілі болып отыр. Азықты мол беру нәтижесінде қоян организмі қоректік заттарды көп мөлшерде қабылдап, секіруге икемделеді, ал мұның өзі өсу қарқының үдете түседі.Мысалы, советтік шиншилла үй қоянының іріленуіне оның бұрыңғы бірнеше ұрпақтарын жақсы азықтандырып, күтіп-бағу нәтижелері себепші болған. Үй қояндарының тез жетілуі үшін олардың, жеке ерекшеліктерінің де үлкен маңызы бар. Тіпті тұқымдық ерекшелігі қалыптасқан үй қояндарыныңішінде өсіп-жетілу жағынан түрліше болатыны әрдайым кездеседі. Сондықтан өсімтал үй қояндарын сұрыптап, олардың азықтануы мен күтім жағдайларын жақсарту, үй қоянының бұл қасиетін баянды етіп, одан әрі жетілдірудің бірден-бір кепілі болып табылады.Мысалы, сынап көргенде фландр тұқымына жататын үй қоянының бірінші жылы салмағы 4,5 кг, ал ақ үй қоянының салмағы 6,3 кг, ал үй қоянынікі 6,1 кг жетті. Үй қояндарының өсу қарқынын күшейту, тірілей салмағын арттыру қоян өсірушілердің игілікті міндеттерінің бірі.
2.3. Үй қояндарын өсіру әдістері
Үй қояның өсіруде таза тұқымдарды өсіру және тұқымаралық шағылыстыру деп аталатын екі әдіс қолданылады.Бірінші әдісті қолданғанда бір ғана тұқымға жататын үй қояндарын өзара шағылыстырып, соның нәтижесінде өзінің нәсілдік қасиеттерін кейінгі ұрпақтарына айнытпай беретін осы тектес асыл тұқымды үй қоянын шығарады. Мұндай ұрпақтармен үй қоянының асыл тұқымды негізгі тобы толықтырылады, сондай-ақ товарлы фермалардағы тұқымдық топтар да осылардан құралады. Халық шаруашылығының тілектеріне сай келетін, мол өнімді, тұқымы бағалы және жергілікті жағдайларға жақсы бейімделген үй қояндары бар фермаларда, әдетте, үй қоянын өсірудің осы әдісі қолданылуға тиіс.Құнарлы азықпен мол азықтандыру, бағуы мен күтімін жақсарту, сондай-ақ таңдау және сұрыптау әдістерін шеберлікпен қолдану арқылы таза тұқым өсіргенде үй қоянының тұқымын жақсарту былай тұрсын, тіпті оның мол өнімді жаңа тұқымдарын да шығаруға болады. 1954 жылғы Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатынасқан А. И. Қаплевскйй, И. И. Қаплевский және Н. И. Муравьевалар, шампань тұқымына жататын үй қояндарын қолайлы бағытта таңдап және сұрыптап алу, жегенініне азықтандыру, мұнымен бірге оларды осы тұқым шығарылардағы жағдайларға бүтіндей қарама-қарсы жағдайларда бағып өсіру әдістері арқылы ірі тұқымды серебристый үй қояның шығарды.Нәсілі асыл үй қоянынан ұрпақты көп алуға тырысу керек. Жалпы ата-тегі бір, аса маңызды белгілері жағынан сол байырғы тегіне ұқсас бір топ үй қоянын линия деп атайды. Линияға бөліп өсіргенде мынадай мақсат көзделеді. Әрбір үй қоянына тән, шаруашылыққа пайдалы аса көрнекті тұқымдық қасиеттер баянды етіліп, одан әрі жетілдіріледі, сөйтіп мол өнімнің тұқымды үй қоянының саны көбейтіледі. Әрбір тұқымда кемінде 6-7 лидия болуға тиіс.
Тұқымаралық шағылыстыру әдісін қолданғанда түрлі тұқымға жататын үй қояндарын бір-бірімен шағылыстырады. Бұдан шыққан ұрпақтарды будан деп атайды.Осы әдіспен шағылыстыру үй қоянының ұрпағының тәсілін мүлде және шұғыл өзгерту үшін, оның өмірге бейімділігін күшейту үшін және жаңа тұқымдар шығару үшін қолданылады. Мұнымен қатар шағылыстырылатын тұқымдар мен жеке үй қояндарын дұрыстап таддай білу керек, оларға тиісті жағдайлар (азық, күтім) туғызып, будандардың сапасын көтеріп, тиімді қасиеттерін одан әрі жетілдіре беру керек.Полтава облысының Петровск аң шаруашылығында жергілікті үй қояндарын фландр тұқымына жататын үй қояндарымен шағылыстырып, Бүкіл одақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатынасқан аға зоотехник А. И. Каплевский мен зоотехник-селекционер Н. И. Муравьева үй қоянының жаңа тұқымы-серый великанды шығарды.Татар АССР, Бирюлин аң совхозында Бүкіл одақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатынасқан аға зоотехник Ф. В. Никитин үй қоянының чернобурый және вуалево-серебристый деп аталатын жаңа екі тұқымын шығарды. Чернобурый үй қояны фландр, белый великан және венский голубой тұқымдарын шағылыстыру нәтижесінде,. вуалево-серебристый үй қояны шиншилла, рекс, белый великан, фландр және венский голубой тұқымдарын шағылыстыру нәтижесінде шығарылды.Товарлы фермаларда шағылыстыру әдісі будандардың тұңғыш ұрпағын шығару үшін қолданылады. Мұндай будандар өмірге өте бейімді, өте өсімтал болып келеді, олардың өсу қарқыны шапшақ, салмағы ауыр болады, тез семіреді, жеген азығын жақсы етейді, мәселен бағып күтуді керек қылмайды.Тегі тым жақын, бір туған үй қояндарын атасымен, енесімен көжектерін, бір туған көжектердің еркек-ұрғашыларын өзара шағылыстырудан безу керек. Мұндай шағылыстыру үй қоянының конституциясын әлсіретіп, оныңтұқымдарының өнімін азайтады. Тегі тым жақын үй қояндарын шағылыстыру жұмысы тек тәжрибелі зоотехниктердің басшылығымен ғана жүргізіледі. Шағылыстырудың бұл әдісі тек жаңа тұқым шығарғанда ғана қолданылады.
2.4. Үй қояндарының гигиенасы.
Қояндарды ұстау жүйелері: Тәжірибеде қояндарды ұстаудың үш жүйесі қолданылыды:сыртқы клеткалық,шедтік,жабық ғимараттар
Сыртқы торлық жүйе.Бұл жүйеде қояндарды жыл бойы жылжымалы немесе тұрақты торларда ашық аспан астында күтіп бағады.Қояндарды сыртқы торда күтіп баққанда олардың әртүрлі ауруларға төзімділігі артады және тері сапасы жоғарылайды.Ересек қояндарды жеке торларда,ал жас төлдерді топ-тобымен торларда немесе қора алдындағы алаңда бағып күтуге болады.Қояндарды күтіп бағу үшін жеке және топтық әртүрлі крнструкциялы торлар қолданадылады.Негізгі топты ұстауға арналған әр тордың ұзындығы 120см,ені 70 см,биіктігі:алды 60,арты 40см.Торлар азықтық және ұялық-аналық болып бөлінеді.Аналық бөлімінің ені 40 см,азықтық бөлімдікі 80 см.Торда екі есік бар:торлы(азықтық бөлімде) және ағашты (аналық бөлімде).Торлар азық(құнарлы,шырынды және т.б)салуға арналған астаушылармен жабдықталады.
Негізгі қоян топтары үшін жеке торлардың екі түрі болуы мүмкін:тұрақты ұялы бөлімшесімен(бір секциялық)және алмалы-салмалы ұялы бөлімшесімен.Ұрғашы қояндарды туу және күтіп - бағу кезеңінде бір секциялы тор ішінде ұя қақпақты(жабық тип)немесе қақпасыз(ашық тип)болып орналастырылады.Тор ішіндегі еденді негізгі топпен асырайтын жас қояндар үшін тордан жасайды,оларды қатты ағашпен,пластмассадан немесе металдан жасайды.Торлардың көлемі өзгеріп түруы мүмкін.Қояндар күтіп-бағылатын қоралардың және торлардың технологиялық элементтерінің мөлшері және көлемдерінің нормалары күтіп-бағудың тәсіліне және қояндар топтарының жынысына,жасына байланысты болады.
Шедтік жүйе.Шед(сарай)-бұл екі қатармен орналасқан бір немесе бірнеше қабаттан тұратын,жалпы ұзындығы ересек жануарлар үшін 50-65м ,жас төлдер үшін 58-85м болатын торлы блоктар жиынтығы.
Қояндарды шедтік жүйемен бағудың үлкен маңызы бар.Шед-сарай - бұл тор блоктарының екі қатармен ыңғайлы орналасуы(бір немесе бірнеше қабаттан ярусты).Тор блоктарының арасындағы жол үстінен шифермен жабылған,ол блоктар қатарларын бір құрылымға біріктіреді.Кейде оны әйнекпен қаптайды.Торлар қатарына параллельді құрылған бүйірлік қабырғалар суық кезде ағашпен,сабанмен жылытылады.Шед - сарайларда ұстау жануарларды бағуға ыңғайлы және қорады қолайлы жағдай туғызады(жаңбырдан және қардан қорғайды).Шед-сарайларды темпертура-30°С төмен түспейтін аймақтарда қолдануға болады.
Қояндарды жабық қорада бағу.Өндірістік технологиямен қояндарды күтіп- бағу сыртқы торлық және шедтік жүйеден айырмашылығы көп.Өндірістік жүйемен қояндарды қора жағдайында ұстау 1-2-3 қабатты екі жағы металдан жасалған торлы батереялармен,автосуарғыштармен,қи жинайтын саймандармен,жасанды микроклимат жүйелерімен жабдықтауды талап етеді.Практикада тиімді қоян қоралары ретінде ені 12 м,ұзындығы 70-100 м тіреусіз салынған қоралар пайдаланылады.Қоралардың едені бетоннан жасалады.Қояндарды бағуға арналған қоралар климаты суық аймақтарда өте қолайлы.Бұл жерде күтіп-бағудың аралас жүйесі қолданылады,оның барысында қатты аяз кезінде қояндар қораның ішінде,ал басқа уақытта таза ауада болады.
Ірі қоян өсіру кешендерінің құрамында қоян ұстау қораларынан,қоян өсіруші үйінен және қоймалардан басқа толық рационды азық дайындауға арналған азық цехы,өлексені өртеу пеші бар ветсан өткізгіш ,теріні алғаш өңдейтін және сақтайтын уех,қазандық,резервті электорстанция кіреді.
Жабық қораларда қолданудың тиімділігі жарықтың,температураның,ауа ылғалдылығының және басқа микроклимат параметрлерінің жануарлардың физиологиялық талаптарына сәйкестігі.
Типтік қоян қораларынан көңнен күніне бір рет тазалау керек,оны сыртқа ленталы-қырғыш транспортерлермен шығарады.Қиды жинау және шығару әдістері тор түріне,қоян басына және қора - жайдың түріне байланысты болады.Шағын фермаларда қиды ашылмалы құдықшалардың көмегімен қабырғаның төменгі жағы арқылы ,ал шед-сарайлардан механикаландырылған ысырғыштармен сыртқа шығарылады.Қоян қораны желдету жүйесі сыртқы таза ауаны төменге қарай бағыттайтын болып жасалады.Жазда терезені бір жағынан ашу арқылы қосымша таза ауаның келуін қамтамасыз етеді.Қысқы уақытта қоян қоралардың жылумен қамтамасыз етілуі жылу-алмасу жүйелерін қолдану арқылы іске асады.
Қоян шаруашылығы фермасының микроклиматы.
Ұстаудың қолайсыз жағдайлары-температураның күрт ауытқулары,үрме желдер,күшті желдер мен аяздар,ауада зиянды газдар болуы,сонымен қатар шаңдық және микробтық ластану түрлі аурулар пайда болуына ықпал етеді.
Микроклиматтың келесі параметрлері ұсынылады:температура +14-16°С,салыстырмалы ылғалдылық 60-70%,ауа қозғалысының жылдамдығы клеткалар деңгейінде 0,3мс көп болмауы тиіс.
Еметін көжектері бар аналық қояндары үшін жарықтану 50-70люкс,аталықтар үшін 100-125люкс.Ауа алмасуын ұдайы қадағалау керек,ол жазда жас қояндар үшін 3-4,5м²сағ,ауыспалы кезеңде 3мсағ,көжекті қояндар үшін жазда 5,6-5,8,қыста 3,4-3,8м³сағ.
Қояндарды күн және жылу өтуінен,үсу мен аса суынудан сақтау қажет.Сыртта ұстаған кезде клеткаларды ыстық күндері көлеңкелейді,шатырын ақтайды.Суық аяздарда қымтап,жылытады да,бөліміне төсенішті көп төсейді.
2.5. Қояндарды азықтандыру гигиенасы
Организмнің тіршілік әрекетінің бір қалыпта болуы, органдар мен тканьдардың өсіп жетілу қарқыны, жануарлардың ауруларға төзімділігі үй өнімділігін арттырудың, қолда бар тұқымдарды жақсартып, жаңа тұқымдар шығарудың негізі азықтар мен бағу жағдайлары болып табылады.Малды құнарлы азықтан мол азықтандырып, оның салмағын арттыру ғана емес, сондай-ақ дене құрылысын да өзгертуге болады.Азықтандыру жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін организмде керекті қоректік заттардың мөлшерін, олардың азық құрамындағы мөлшерін, олардың денеге сіңу дәрежесін. Сондай-ақ жануарлардың өсіп жегілуі мен өнімділігін әрбір қоректік заттың қандай ықпал тигізетіндігін жақсы білу керек. Азық құрамында жануарларға керекті заттар: протеин, майлар, көмір сутегі, минералды заттар, витаминдер, сондай-ақ су болады. Бұл заттардың мөлшері минаралдық қатынастары түрлі азықта әртүрлі болады, ал мұның азықтың құнарлы не құнарсыз екенін көрстеді.
Үй қояны клетчатканы жақсылап қорыта алмайды, сондықтан оған сабан мен топан берілмейді. Ұзақ уақыт далада қалып қураған пішенінің құрамында клетчатка көп болады, сондықтан мұндай пішеннің азықтык, қасиеті де төмендейді. Азық құрамында клетчатканың, көп болуы, рационның жалпы қоректік қасиетін төмендетеді. Демек, көжектердің, әсіресе 2,5-3 айлық көжектердің рационына құрамында клетчаткасы көп азықтарды қосуға болмайды.Әлемдік барлық тірі жәндіктер сусыз өмір сүре алмайды. Су азық құрамындағы қоректік заттарды ерітіп денеге сіңіреді, денедегі шырындар да сусыз пайда болмайды. Үй қоянының денесінің 70 пайызға жуығы судан тұрады. Азық заттарының ішінде тамыр жемісті өсімдіктер (70-90 пайыз) мен шөпте (80-85 пайыз) су көп болады.
Көк азықтар: а) Бұршақ өсімдіктер: жоңышқа, беде, эспарцет, сараделла,шабындық шынарасы, бұршақ, сыйыржоңышқа, вика-сұлы қосындысы т. б. б) Дәнді өсімдіктер: сұлы, қарабас, шалғын, бидайық, қылтықсыз арпабас тарғақ, шөп, еркекшөп, райграс, могар, судан шөбі, қара бидай, жүгері, ат қонақ, сондай-ақ шабындык, орман және дала өсімдіктері. в) Басқа тұқымдарға жататын өсімдіктер: жусан, тобылғы, шай қурай, бедренец, манжетка, ошаған, дала шетені, сүттіген, тозғанақ (бақ-бақ), шытыр, қырық жапырақ, қалақай, түс жапырақ, сурепка, бидайық, шырмауық және басқа дала өсімдіктеірі. г) Ас және малазығы капустасының жапырақтары өзегі мен және күнбағыс жапырақтары, тамыржемісті өсімдіктердің сабақтары. Жаңа шабылған жас бұтақтар, көктеректің, және ағаштың, үйеңкінің, шетен ағаштың, шіліктің және басқа ағаштардың жапырақтары мен жас бұтақтары. Көк азық үй қоянның жазғы негізгі азықтарының бірі болып табылады. Көк шөптің, әсіресе гүл шашпаған не гүл шаша бастаған көк шөптің құрамында витаминдер, құнарлы белоктар және тез қорытылатын тәтті заттар, көп болады, үй қояндары жас шөптің клетчаткасын басқа азықтардың клетчаткасынан гөрі тез қорытады. Кейбір шөптер витаминдер мен минералды заттарға ғана емес, сондай-ақ фитонцидтерге де бай болады. Совет ғалымдары (Токин, Фортунов т. б.) мынаны анықтады. Кейбір өсімдіктердің, (итмұрынның, қырық жапырақтың, жемістердің, овощтың, мойыл, қарақат, қылқан жапырақтың жапырақтарының т. б.) құрамында фитонцид деп аталатын арнаулы заттар болады. Олар инфузорий, амеба тағы сол сияқты жалғыз клеткалы жәндіктерді, сондай-ақ жануар организмі үшін аса қауіпті кейбір микробтарды өліміге ұшыратады. Фитонцидтер-өте әсерлі биологиялық антибиотиктер, олардың профилактикалық (сақтық) маңызы өте зор. Алайда, азықтарда фитонцидтер мөлшерден тыс көп болса, малды ауруға ұшыратуы мүмкін. Үй қояны үшін ең жақсы азық құрамында клетчаткасы аз жапырақты шөптер. Дала (тағы) өсімдіктері: манжетка, тобылғы, тозғанақ, түйе жапырақ, сүттіген, бед ренец, шай қурай, жусан, түйе бұршақ, қырық жапырақ, сыйыржоңышқа, бидайық, шытыр, сурепка, жабайы шетен, жабайы беде үй қояны үшін ең сүйкімді азықтар болып табылады. Бұл шөптердің құрамында қоректік заттар, минерал тұздары және витаминдер көп болады. Үй қоянын көк шөппен және пішенмен азықтандырғанда олардың арасында сасық меңдуана, убалдырған, мендуана, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz