Құстардың аспергиллезінің шаруашылыққа тигізетін зияны



Кіріспе
I. Негізгі бөлім
2.1.Тарихи деректер ... ... 3
2.2.Қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ..4
2.3.Індеттанулық деректер ... ... ... ..5
2.4.Патогенезі ... ... ... ... ... ... .6
2.5.Клиникалық белгілері ... ... ... ...7
2.6. Патологиялық.анатомиялық өзгерістер ... ...9
2.7.Балау. Ажыратып балау ... ... ..11
2.8.Емі мен профилактикасы және күресу шаралары ... ... .12
III. Жарып.сою хаттамалары

IV.Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер
VI. Тіркемелер
Жануарлар патологиясы- жануарлар мен адамның ағза – тоқымаларында түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп, анықтайтын ғылым. Жануарлар патологиясы- дертке шалдыққан организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Алғашқыда аурудан өлген мал өлігіндегі өзгерістер оны сою барысында анықталса, кейіннен микроскоп арқылы зерттеле бастады. Сөйтіп бұл ғылым патологиялық гитологиямен толықтырылды.Қазіргі кезде патоморфологиялық зерттеу жұмыстары әрқилы тәсілдермен жүргізіледі – гистохимиялық, гистобактериялық, электронды және люминисцентті микроскопия, т.б. Осыған орай патологиялық анатомиялық өзгерістерді ультрақұрылымдық және молекулярлық деңгейлерде зерттеуге мүмкіндік бар. Қазіргі кезде ғылыми деректер бойынша патологиялық процестерін даму барысындағы тіршілік әрекеттерінің бұзылуы мен морфологиялық өзгерістердің бір- бірімен өте тығыз байланыстылығы нақтылы дәлелденген. Ветеринариялық ғылым мен практиканың өзекті проблемаларын ғылыми тұрғыдан шешу потоморфологиялық зерттеусіз мүмкін емес, өйткені бұл ғылым аурудың материалдық түбірін анықтайды- ағза тоқымалардағы дертке тән патоморфологиялық өзгерістерін, аурудың даму барысында ( патогенез бен морфогенезі ).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
2.1.Тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.2.Қоздырушысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.3.Індеттанулық деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.4.Патогенезі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.5.Клиникалық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 7
2.6. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... 9
2.7.Балау. Ажыратып балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .11
2.8.Емі мен профилактикасы және күресу шаралары ... ... .12
III. Жарып-сою хаттамалары

IV.Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер
VI. Тіркемелер

Кіріспе
Жануарлар патологиясы- жануарлар мен адамның ағза - тоқымаларында түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп, анықтайтын ғылым. Жануарлар патологиясы- дертке шалдыққан организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Алғашқыда аурудан өлген мал өлігіндегі өзгерістер оны сою барысында анықталса, кейіннен микроскоп арқылы зерттеле бастады. Сөйтіп бұл ғылым патологиялық гитологиямен толықтырылды.Қазіргі кезде патоморфологиялық зерттеу жұмыстары әрқилы тәсілдермен жүргізіледі - гистохимиялық, гистобактериялық, электронды және люминисцентті микроскопия, т.б. Осыған орай патологиялық анатомиялық өзгерістерді ультрақұрылымдық және молекулярлық деңгейлерде зерттеуге мүмкіндік бар. Қазіргі кезде ғылыми деректер бойынша патологиялық процестерін даму барысындағы тіршілік әрекеттерінің бұзылуы мен морфологиялық өзгерістердің бір- бірімен өте тығыз байланыстылығы нақтылы дәлелденген. Ветеринариялық ғылым мен практиканың өзекті проблемаларын ғылыми тұрғыдан шешу потоморфологиялық зерттеусіз мүмкін емес, өйткені бұл ғылым аурудың материалдық түбірін анықтайды- ағза тоқымалардағы дертке тән патоморфологиялық өзгерістерін, аурудың даму барысында ( патогенез бен морфогенезі ).
Қазіргі таңда аспергиллез ауруының құс шаруашылығында тигізетін зияны көп. Құстардың өнімділігін төмендетеді. Аспергиллез (Aspergillosis) - табиғатта кең таралған, aspergillus саңырауқұлағы туыстығымен шақырылатын ауру. Ауру жиі құстарда, сирек сүтқоректілерде(жылқылар, қойлар, ірі қара малы, шошқалар, қояндар) кездеседі. Құстарда бұл ауру түрлі формада пайда болады: 1) өкпелік диффузды, 2)өкпе түйіншектері және 3) диффузды ауалы қапшық. Алғашқы екі форма сүтқоректілерде болуы мүмкін
. Курстық жұмыстың мақсаты:
- саңырауқұлақты аурулардың, соның ішінде құстардың аспергиллезінің шаруашылыққа тигізетін зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау және жарып-сою хаттамасын жүргізу болып табылады.

2.1.Тарихи деректер
Ең бірінші саңырауқұлақтарды құстардың тыныс алу жүйесінен 1815 жылы тапқан. Атап айтқанда, А.Мейер Германияда құстардың өкпесі мен бронхтарынан Aspergillius-ты анықтаған. Кейіннен, 1855 жылы Г.Фрезениус зерттеу барысында тыныс алу жүйесінің дорфынан саңырауқұлақты тапты. Бұл ауа қапшықтары мен өкпе болды. Ғалым бұл тапқан жаңалығын Aspergillus fumigatus деп атады. Осылайша ауру аспергиллез деп аталып кетті.
Сайып келгенде, мұндай инфекциялар көптеген сүтқоректілердің, тіпті адамда да кездесетіні анықталды. Бұл әлемнің көптеген мемлекеттерінде тіркелген , ең көп таралған саңырауқұлақ инфекциясы екені анықталды. Ауру құс шаруашылықтарында үлкен экономикалық зиян келтіреді. Осылайша, жас балапандарының өлім көрсеткіші 40-90% жетеді.

2.2.Қоздырушысы
Сүтқоректілер және құстардың аспергиллезінің негізгі қоздырушысы Aspergillius fumigates саңырауқұлақтары. Мұндай саңырауқұлақтар көбінесе азық дақылдарында кездеседі. Саңырауқұлақтар температураға өте төзімді болып келеді. Олар тіпті, 45С-та белсенді дамиды.Аспергиллездер табиғатта кең тараған. Өсімдік қалдықтары мен топырақта сапрофиттер түрінде өмір сүреді. Өмір сүрумен даму процестері барысында аспергиллалар паразиттік қасиетке ие болып және жануарлар мен адамдардың органдары мен ұлпаларында дамиды. Құс организміне түскеннен кейін саңырауқұлақтар гемолиздік және токсикалық қасиеті бар протеолитикалық ферменттер мен эндотоксиндерді бөледі.Аспергиллалардың споралары физикалық және химялық заттарға өте төзімді болып келеді. 1,5%-тік креолин, 2,5%-тік карбол қышқылының ерітіндісі, 1,5%-дық хлорлы известтік ерітінділері аспергиллездерді 3 сағат көлемінде, ал 2%-дық формальдегид ерітіндісі 10 минуттан кейін өлтіреді.

2.3.Індеттанулық деректер
Аспергиллез барлық үй және жабайы құстарды зақымдайтын ауру. Ерекше сезімталдары жас құстар. Ауру тіпті өмірінің алғашқы күндері де кездесуі мүмкін.
Себебі Кларк пен басқа да ғалымдар(Clark et al,.1954) аспергиллез ошақтарын бір күндік балапандардан, ал Эггерт пен Бланхарт(Eggert a7.Blanhart 1953) төрт күндік балапандардан ошақтарын тапқан.
А.Н.Смирнов 7-20 күндік жастағы балапандардың арасынан бақылаған.
Құс шаруашылықтарында аспергиллез әр түрлі дәрежеде өтеді, кейде осы аурудан жалпы басынан 30-50% өлімге ұшыраса, ал кейде бірен саран ғана өлімге ұшырайды. Біріншіден бұл құстардың жасы мен төзімділігіне және қаншалықты зарарлануы, сонымен қатар саңырауқұлақтың сыртқы ортадағы патогенділігі әсер етеді.
Құстар ішінде аспергиллезден көп шығынға ұшырайтын зоопарктік құстар, әсіресе тотықұстар, жабайы үйректер, пингвиндер, аққулар және т.б, яғни көбінесе өкпедегі милиарлы аспергиллез және бүкіл организмге таралған формасында жиі байқалады.
Құстардың өлімге ұшырау көбінесе шаруашылыққа басқа жақтан құстарды алып келгенде байқалады.
Көптеген зерттеушілердің мәліметтерінше құстардың ішінен көбінесе қаздар тобы көп шалдығады.
Инфекцияның табиғи берілу жолдары мен қайнар көзі. Табиғи инфекциялар әдетте аэрогенді жолмен беріледі.
Аспергиллалар табиғатта өте кең таралған, алайда оның барлық штамдары бірдей зардапты бола бермейді. Инфекцияның қайнар көзі болып азықтар, төсеніштері, кейде олар жүрген топырақ та болады.
Ауру құстардың тұмсығынан бөлінген бөлінділер шаруашылықта инфекцияның таралуының негізгі көзі болып табылады. Олар азықты, мүккәмалдарды, төсенішті, ұяларын және жұмыртқаларын қатты ластауы мүмкін.
Құстар аспергиллезбен аспергилламен зақымданған инкубация қалдықтарымен азықтандарғанда жұқтыруы мүмкін.
Аспергиллездің шығуына мүмкіндік беретін факторлар-құстардың бір-бірімен тығыз орналасуы, құс қараларының антисанитарлық жағдайы, желдетілудің дұрыс болмауы, ғимарат ішіндегі ылғалдылықтың жоғары болуы, құстарды толыққанды азықпен азықтандырмау.
Көбінесе, еліміздің оңтүстік аймақтарында балапандардың аспергиллезі көктемде тіркеледі екен.
Англияда Айнсворта мен Ауствиканың деректеріне қарағанда, аспергиллезбен құстардың әр түрлерінде жылдың кез келген уақытында болады екен. Мысалы, үйректер мен қаздардың арасында ең жоғарғы деңгейде ауру мамыр айында, ал күркетауық арасында шілде айында максимальды деңгейде болады екен.
Aspergillus fumigates ең қарапайым қоздырғыштардың бірі болып саналады. Бұл саңырауқұлақтың споралары табиғатта кең тараған және олар әрдайым көгерген жоңышқада, сабанда және астықта кездеседі. Ылғалдылық пен жылы температура микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Аспергиллез ошақтары бүлінген азықпен, әсіресе егер ол азықтандырудың алдында ғана араласқан ылғалды ботқа болса. Бүлінген азық инфекцияның негізгі көзі бола алады. Сонымен қатар ошақтың тағы да шығуы төсеніштің ылғалды болуы да себеп болады.
Споралардың сыртқы ортаға көптеп бөлінуі, инфекцияның таралуының ең қарапайым тәсілдерінің бірі болып саналады: иесінің организмінің жасы, маңызды болып табылады, себебі алғашқы күндік балапандар ауруға төзімсіз келеді. Балапандар ұйқышыл немесе қозу түрінде қатты шөлдеу болады. Ауырған балапандар 24-48 сағаттан соң алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін өлімге ұшырайды.
Ауырған құстың ересек сатысында тыныс алуының қыйындауы, аяқ астынан салмағының тастауы мен дем жетіспеуі байқалады. Жүрген кезде құстар әлсіз болып құлай береді, тіпті іш өтумен өлімге ұшырайды

2.4.Патогенезі
Аспергиллезбен көбінесе құстар ауырады, содан кейін өлімді дәрежеде-жылқылар, ірі қара малдар, қойлар, шошқалар, ешкілер,бұғылар ауырады.
Қоздырушысының негізгі берілу жолы саңырауқұлақтармен зарарланған азықтар ( астық, пішен, сабан және т.б ). Ауру көзінің негізгі , ағзаның төзімділігін төмендететін факторларға ( жануарларды дымқыл, нашар желдетілетін, ешқандай серуеннің болмауы және құнарсыз азықтармен азықтандыру болып табылады).
Жануарлар көбінесе аэрогенді жолмен жұқтырады, алайда саңырауқұлақтың организмге енуімен қатар, алиментарлық жолмен де жұғуы болады. Ауру негізінен шектелген түрде болады, ал кейде тіпті таралған түрге де айналады.
Инфекция қоздырғышының негізгі берілу жолдары болып ауру жануарлар, яғни олар оздерінің бөлінділері мен азықтарды, құрал-жабдықтарды және жататын орындарын зарарлағанда жұғады. Аурудың пайда болуына әкелетін факторларға ұстау кезінде зоогигиеналық талаптардың бұзылуы, теңгерімсіз азықтандыру, әсірісе витаминдердің тапшылығы
Саңырауқұлақтың споралары тыныс алу жүйесі арқылы организмге түсіп, сол жерде қабыну процестеріне ұшыратады. Бұл процесс жергілікті ұлпалардың дистрофиясына және некробиотикалық процессті тудырып, жергілікті ұлпаларда клеткалық инфильтрацияны тудырып, аспергиллезді гранулемалардың түзілуіне әкеледі.
Жіті өткен кезде ұлпалар іші ылғалды массадағы сұр түсті түйреуіш басындай мөлшерде түйнектер болады. Гочкиса-Мак-Манус әдісі бойынша бояғанда түйнектің ортасында саңырауқұлақтың мицелилері жан-жақты таралған колониялары көрінеді. Споралары бүкіл жаққа дөңгелек тәрізді күнге ұқсап болып жан-жақты таралады.
Калониялардың өлшемі әр түрлі болады, бірақ жіті ағымында олар үлкен емес, бірақ көп мөлшерде болады. Спора алып жүрушілер өкпеде байқалмайды.
Аспергиллездің созылмалы ағымында саңырауқұлақтардың дамуы басқа да органдарда кездеседі.
Саңырауқұлақтың споралары ауа жұтқанда бірінші көмей мен бронхтың кілегей қабаттарында орын алады, содан кейін ғана терең еніп ары қарай тез өсе бастайды. Көмей мен бронхтарда серозды-гемморрагиялық эксудаттардың көп мөлшерде бөлінуі сол жердің кілегейлі қабаттарының қабынуы мен бұзылуына әкеледі. Саңырауқұлақтың енген жерінен қабыну үрдісі дамиды, көбінесе продуктивті түрі, фиброзды ұлпаның гранулема немесе диффузды өскінімен жүретін даму болады. Гранулема орталығы некроздалады және ірімшік тәрізді ыдырауға алып келеді. Зақымданудың диффузды формасында, әсіресе, тыныс алу жолдарының кілегей қабықтарында, кілегей және кілегейасты негіздің терең құрғақ некроздар байқалады. Ұлпалар ауалы мицелий саңырауқұлағында өсе бастайды, дами келе өсу және ыдырау орындарында қабыну үрдісін шақырады. Аутоинтоксикация, ұлпалық өнімдердің ыдырауы мен саңырауқұлақтың токсикалық зат алмасу әрекеті дамиды.

2.5.Клиникалық белгілері
Инкубациялық кезең 3 күннен 10 күнге дейін созылады. Созылу уақыты құстардың жасы мен қарсы тұруы және қоздырушысының патогенділігіне байланысты болады. Инфекцияны тәжірибие жүзінде жұқтырғанда инкубациялық кезең 3-4 күнге дейін ғана созылады. Аурудың жіті ағымы көбінесе жасы кішкентай балапандарда кездеседі( 2-3 күннен бастап), жіті асты ағымы-әдетте балапандардың үлкен жастағылары тіркеледі. Ал созылмалы түрі ересек құстарда байқалады.
М.М.Воробьев, И.Г.Колотилов(1956) жіті аспергиллездің ересек қаздарда болатынын айтқан.
Аурудың белгілері аяқ астынан байқалады, көп жағдайда ауырған шөжелер, үйрек-қаз балапандары көп қимылсыз болып,үйірден қалып қояды. Қанаттары түсіңкі, жүндері мен қауырсындары ұйпаланған, жылтырамайды, тәбеті жоқ болады. Аурудың қарқынды дамуы кезінде тыныс алу органдардың зақымдануы, демінің жетіспеуі болады. Құстар аузын ашып дем алады және мұрын қуысынан сұйықтық ағып тұрады.
З.Е.Огородников 2-4 күндік қаздардан мұрын жолынан қою іріміктенген бөлінділермен, кейде қан аралас ағады. Коньюнктивада серозды-іріңді қабынулар дамиды. Мұндай жағдайда көздері жартылай немесе толығымен жабылып қалады. Гудсон көзді зерттеу барысында10-11 күндік балапандардың көз жарғағында ірімшікті ошақтарды тапқан. Көздің мүйізді қабатында ешқандай өзгерістер болған жоқ. Ауру жіті ағымда өткен кезде 1-4 күнге созылады. Өлім-жітім 100% көрсетеді. Кей жағдайларда қаздар мен үйректерде жіті өткенде тыныс алу органдарынан клиникалық белгілері білінбей өлімге ұшырайды, тек жүйке жүйесінде энцефолит түрінде өзгерістер байқалады.
Үй құстары ауруға көбінесе алиментарлық жолмен жұғады, яғни саңырауқұлақтар залалданған азық арқылы организмге түседі. Ал сирек жағдайда құстар спораларды деммен бірге жұқтырғанда байқалады. Ең жоғарғы құстардың сезімталдығы инкубациялық сатысында көрінеді. Осылай, жұмыртқаның сыртқы қабатына желе тәрізді суспензия Aspergillus fumigatus енеді.
Негізгі белгілері болып таылады:
-ентігу
-жиі тыныс алу
-қиын тыныс алуы
Асқынған жағдайда сырылдар естіледі. Ауырған құстардың тәбеті болмайды, арықтап және ұйқышыл болып келеді. Инкубациялық кезең әдетте 3-10 күнге созылады. Ал жіті кезінде құстар кенеттен аз қозғалысты және түгелімен азықтан бас тартады. Олардың қанаттары мен қауырсындарын төмен түсіріңкі етіп отырады. Кейіннен ентігу бастаып мұрын қуысынан сұйықтықтар ағады. Аса жіт формасы әдетте 1-4 күн аралығында созылады, осыған орай өлім көрсеткіштері 80-100% көрсетеді.
Жіті. Бұл кезінде құстардың аспергиллезі тез әлсіздікпен, қатты шөлдеуі, бұлшық еттерінің дірілімен тәбетінің төмендеуімен сипатталады. Ауырған құстардың көп мөлшерде сілекейдің ағуы және жерге құлауы байқалады. Мұндай жануарлардың ауызын ашып, аяқтарын созып тұрады. Тынысы жиілеп, жамбас пен құрсаққа батады. Мұндай құстарды мұқият қараған кезде жануарлар жоғарғы тыныс алу жолдарында бөтен заттардан арыла алмай тұрғандай болып тұрады. Мұндай құстардың сыртқы түрі қорқақ болып тұрады. Дене температурасының 41 градусқа дейін көтерілуі болады. Көз жасы мен коньюктивит байқалады. Жануарларда эмфмзема дамып, тыныс алу органдарының зақымдануымен сипатталады. Жануарларыдң өлімі алғашқы белгілерінің пайда болғанынан кейін 3-4 күнде орын алады.
Жітіден төмен.Патологиялық процестердің баяу дамуымен сипатталады. Жануарларда тәбетінің төмендеуі, күйіс қайтаруының төмендеуі, сиырларда сүтінің тарылуы, агалактияға дейін болады. Тыныс алу органдарынан ентігу мен жөтелді байқаймыз. Бронхопневманияның дамуына байланысты дене температурасы 1-1,5 градуска жоғарылап, жоғарғы тыныс жолдары жиілейді. Аускультация кезінде өкпе маңында крепитация мен қырыл, ал перкуссия кезінде-бәсең дыбыстың шығуы, яғни пневмонияны байқаймыз.Мұрын қуысынан серозды-геморрагиялық бөлінділер бөлінеді. Осындай жануарларда 10-12 күннен кейін өлімге ұшырайды.
Ал жеке басқа жануарлардан мұрын қуысының гиперемиясын, содан кейін некрозға ұшырауын, мұрын қуысынан қою шырышты эксудатты фибринмен қосылғанын көре аламыз. Ауру жануарларда соңында эмфиземаның дамуын, астматикалық ентігудің, әлсіздік, бұлшық еттерінің дірілін байқаймыз.
Созылмалы. Бұл кезде жануарлардың ақырындап арықтауы, бозаруы, іш өтумен тынысының қыйындауыболады. Кобінесе жануарларда өкпенің қабынумен сипатталады.

2.6. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
Сыртқы қарау кезінде өліктің арықтауы, кейде көз конъюнктивасының ісіп кетуі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыртқа құс шаруашылығы
Құстар
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде құстардың сальмонеллезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау
Ньюкасл құс ауруы кезіндегі балау қою әдістері және алдын алу шаралары
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
Каспий теңізінің экологиялық құқықтық мәселелері
Топырақ - өсімдік қорлары
Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер, олардың сан алуандылығы
Ньюкасл ауруы - тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру
Биология сабағында құстар класын оқыту
Пәндер