Сабақ кестесі жүйесінің бағдарламалық пакетін құру



Кіріспе
1 Сабақ кестесін құру жүйесін ақпараттандырудың
маңыздылығы
1.1 Сабақ кестесін құру жүйесін ақпараттандырудағы мәселелер
1.2 Ақпараттық есеп ретінде сабақ кестесін құру жүйесін
автоматтандыру
1.3 Берілген дипломдық жұмыстың маңыздылығы мен мазмұны
2 Сабақ кестесін құру жүйесін ақпараттандырудың моделі
2.1 Сабақ кестесін бөлудің инфологикалық моделінің
концепциясы
2.2 Ақпаратты . логикалық үлгінің ұғымы
2.3 Қолданылған бағдарламалар пакеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Есептеу жүйелерін глобализациялау кезінде ақпараттандырудың маңызы өте зор. Біріншіден ақпараттандыруды жоғарғы оқу орындары мен оқу процесстері талап етеді. Бұл процессті автоматизациялаудан бұрын жоғарғы оқу орындарының ақпараттандыруы туралы сөз қозғауға болмайды.
Студенттерді оқыту, оқытушылар арасында сабақ кестесін бөлуден басталады деп есептейміз.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты сабақ кестесін бөлуімен керекті сұраныстар мен есептерді құруға байланысты болатын қиын және көп уақыт алатын есептеулерге кететін жұмыс күшін азайтумен осы жұмыстарды жеңілдетуге бағытталған инфологикалық және концептуалдық моделдерді құру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарауда «Сабақ кестесін құрудағы ақпараттық жүйелердің маңыздылығы» қарастырылады. 2 тарауда «Сабақ кестесін бөлу процесін ақпараттандырудың» инфологикалық моделі құрылып, ақпараттандыру жүйесінің жобалау процесстері сипатталады.
1. А.Чекалов. Базы данных от проектирование до разработки приложений. Алматы., 2003
2. Серова Г.А. Access 2000 Алматы 2001.
3. Гордеев А.В., Молчанов А.Ю. Системное программное обеспечение. –СПб: Питер, 2001.-736с.
4. С. Робинсон. Microsoft Access 2000. "ПИТЕР". 2000
5. Агальцов, В.П. Базы данных. В 2-х т. Т. 2. Распределенные и удаленные базы данных: Учебник / В.П. Агальцов. - М.: ИД ФОРУМ, НИЦ ИНФРА-М, 2013. - 272 c.
6. Агальцов, В.П. Базы данных. В 2-х т.Т.1. Локальные базы данных: Учебник / В.П. Агальцов. - М.: ИД ФОРУМ, НИЦ ИНФРА-М, 2013. - 352 c.
7. Голицына, О.Л. Базы данных / О.Л. Голицына, Н.В. Максимов, И.И. Попов. - М.: Форум, 2004. - 352 c.
8. Голицына, О.Л. Базы данных: Учебное пособие / О.Л. Голицына, Н.В. Максимов, И.И. Попов. - М.: Форум, 2012. - 400 c.
9. Карпова, И.П. Базы данных: Учебное пособие / И.П. Карпова. - СПб.: Питер, 2013. - 240 c.
10. Кириллов, В.В. Введение в реляционные базы данных.Введение в реляционные базы данных / В.В. Кириллов, Г.Ю. Громов. - СПб.: БХВ-Петербург, 2012. - 464 c.
11. Кошелев, В.Е. Базы данных в ACCESS 2007: Эффективное использование / В.Е. Кошелев. - М.: Бином-Пресс, 2009. - 592 c.
12. Кузин, А.В. Базы данных: Учебное пособие для студ. высш. учеб. заведений / А.В. Кузин, С.В. Левонисова. - М.: ИЦ Академия, 2012. - 320 c.
13. Ливена, С.В. Практика увольнений за прогул. По материалам базы данных "Пакет кадровика" / С.В. Ливена. - М.: ИНФРА-М, 2008. - 51 c.
14. Пирогов, В.Ю. Информационные системы и базы данных: организация и проектирование: Учебное пособие / В.Ю. Пирогов. - СПб.: БХВ-Петербург, 2009. - 528 c.
15. Советов, Б.Я. Базы данных: теория и практика: Учебник для бакалавров / Б.Я. Советов, В.В. Цехановский, В.Д. Чертовской. - М.: Юрайт, 2013. - 463 c.
16. Фуфаев, Э.В. Базы данных: Учебное пособие для студентов учреждений среднего профессионального образования / Э.В. Фуфаев, Д.Э. Фуфаев. - М.: ИЦ Академия, 2012. - 320 c.

Ф-ОБ-001033
Ф-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Кенбаева Мөлдір

Сабақ кестесі жүйесінің бағдарламалық пакетін құру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Түркістан 2016
Ф-ОБ-001033
-ОБ-001033

АННОТАЦИЯ
В дипломном проекте рассматривается методы создания расписание уроков
и основные аспекты распределения часовой нагрузки преподавателей.

ÖZET
Diploma projesinde bölüm öğretmenlerinin saatlik yük dağılımı ve ders
listesini hazırlama metodları oluşturulmuştur. Veritabanının infological
modeli yapılmıştır.
ABSTRACT
The thesis project examines methods of creating the schedule of
lessons and the main aspects of the distribution of hourly load of
teachers.

Ф-ОБ-001033

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды:

- ҚР Білім туралы заңы;
- ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандарты
5B070300- Ақпараттық жүйелер (ҚР МЖМБС 3.08.328- 2006);
- Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы
талаптар. Университет ережесі. УЕ-ХҚТУ-015-2014.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:

АЖ – ақпараттық жүйе;
Тьютор - бұл алдымен болашақ бакалавр және магистрлерді оқытуда
ақпараттық және коммуникациялық технологияны белсенді қолданатын және
сұрақтарды жүйеге ендірудің кеңесшісі;
Жазба – логикалық байланысқан өрістер жиынтығы;
Мәліметтер үлгісі – мәліметтер құрылымдарының және мәліметтерді күрделі
өңдеу операцияларының жиынтығы;
Файл (кесте) – бір құрылымдағы жазбалар даналардың жиынтығы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ДҚБЖ-деректер қорын басқару жүйесі;
SQL – Structure Query Language;
ADO– ActiveX Data Objects;
ҚБК – қолданбалы бағдарламалар кешені.

Тапсырма

Студент Кенбаева Мөлдір

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы: Сабақ кестесі жүйесінің бағдарламалық пакетін
құру

Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі _02 мамыр 2016ж.

Жобаның (жұмыстың) негізгі деректері
Бағдарламалық пакет құру
Диплом жобасында зерттелген мәселелердің тізімі немесе диплом жұмысының
қысқаша мазмұны :

а) Сабақ кестесін құру жүйесін ақпараттандырудың
маңыздылығы
б) Сабақ кестесін құру жүйесін ақпараттандырудың моделі

График материалдарының тізімі (міндетті сызбалардың дәл көрсетілуімен)
Кестелер, суреттер, бейнероликтер

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

1. А.Чекалов. Базы данных от проектирование до разработки приложений.
Алматы., 2003
2. Серова Г.А. Access 2000 Алматы 2001.
3. Гордеев А.В., Молчанов А.Ю. Системное программное обеспечение. –СПб:
Питер, 2001.-736с.
4. С. Робинсон. Microsoft Access 2000. "ПИТЕР". 2000

Тарау Кеңесші Мерзімі Қолы
Сабақ кестесін құру Қуатбеков Б.Н. 02.01.2016-02.
жүйесін ақпараттандыру-дың 02.2016
маңыздылығы
Сабақ кестесін құру Қуатбеков Б.Н. 12.02.2016-02.
жүйесін ақпараттандырудың 03.2016
моделі
Ақпаратты – логикалық Қуатбеков Б.Н. 04.03.2016-12.
үлгінің ұғымы 04.2016

Диплом жобасын дайындау
КЕСТЕСІ

№ Тараулардың аттары, зерттелген Ғылыми жетекшіге Ескерту
мәселелердің тізімі ұсыну мерзімі
1 Сабақ кестесін құру жүйесін 06.01.2016-15.02.2
ақпараттандыру-дың маңыздылығы 016
2 Сабақ кестесін құру жүйесін 05.03.2016-12.04.2
ақпараттандырудың моделі 016

Тапсырма берілген күні: 20 ___11___ 2015ж.

Кафедра меңгерушісі, техн.ғ.к., доцент м.а. _____________ Қуатбеков
Б.Н.

Жоба жетекшісі, техн.ғ.к., доцент м.а. _____________ Қуатбеков Б.Н.

Студент тапсырманы орындауға қабылдады ____________ Кенбаева М.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4
Сабақ кестесін құру жүйесін ақпараттандырудың
маңыздылығы
1.1 Сабақ кестесін құру жүйесін ақпараттандырудағы мәселелер 5
1.2 Ақпараттық есеп ретінде сабақ кестесін құру жүйесін 16
автоматтандыру
1.3 Берілген дипломдық жұмыстың маңыздылығы мен мазмұны 19
2 Сабақ кестесін құру жүйесін ақпараттандырудың моделі
2.1 Сабақ кестесін бөлудің инфологикалық моделінің 20
концепциясы
2.2 Ақпаратты – логикалық үлгінің ұғымы 26
2.3 Қолданылған бағдарламалар пакеті 32
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 60

Кіріспе

Есептеу жүйелерін глобализациялау кезінде ақпараттандырудың маңызы өте
зор. Біріншіден ақпараттандыруды жоғарғы оқу орындары мен оқу процесстері
талап етеді. Бұл процессті автоматизациялаудан бұрын жоғарғы оқу
орындарының ақпараттандыруы туралы сөз қозғауға болмайды.
Студенттерді оқыту, оқытушылар арасында сабақ кестесін бөлуден басталады
деп есептейміз.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты сабақ кестесін бөлуімен керекті
сұраныстар мен есептерді құруға байланысты болатын қиын және көп уақыт
алатын есептеулерге кететін жұмыс күшін азайтумен осы жұмыстарды
жеңілдетуге бағытталған инфологикалық және концептуалдық моделдерді құру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарауда Сабақ кестесін құрудағы ақпараттық жүйелердің
маңыздылығы қарастырылады. 2 тарауда Сабақ кестесін бөлу процесін
ақпараттандырудың инфологикалық моделі құрылып, ақпараттандыру жүйесінің
жобалау процесстері сипатталады.

1 Сабақ кестесін құру жүйесін автоматтандырудың маңыздылығы

1.1 Сабақ кестесін құру жүйесін ақпараттандырудағы мәселелер

Дипломдық жұмыстың тақырыбы – Сабақ кестесін құру жүйесін
автоматтандыратын электрондық бағдарлама пакетін құру.

Ол көп уақыт алатын, қиын сондай-ақ жауапкершілігі мол жұмысты
автоматтандыру болып табылады.
Осы жұмыс әр факультеттің маңызды жұмыстарының бірі екендігі бәріне
айқын. Бұл жұмысты кез-келген факультет орындайды.

Информатика бойынша электрондық ресурстарды қолдануға оқытушыларды
кәсіби дайындау
Жаңа білім беру электрондық ресурстар арқылы берілетін көп ғылыми және
оқу ақпараттары негізінде жоғарғы кәсіби оқу орындарының негізгі және
біріккен оқу пәндері сапасында оқытушылардың кәсіби дайындау талаптары
өседі. Оқытушылардың өздеріне деген жалпы талаптарының сапасы арта түседі.
Бұл талап информатика пәнін оқытатын оқытушылардың бәріне қатысты.
Білім беру сапасында мамандардың кәсіби шеберліктері жаңа ақпараттарды
жаппай орнықтыру және телекоммуналдық технологиясын енгізу ойларын белгілі
бір дәрежеде іс жүзінде көрсете алмай келеді. Бұл көрсетілген мәселелер
республикамыздағы жоғарғы оқу орындарының кейбіреулерінің компьютерлік және
телекоммуникациялық техникалары бүкіл дүниежүзілік электрондық ресурстардың
талап етілетін білімдер жиынтығының бағалы ақпараттар желісіне ене алмай
отыр. Бұндай мәселелер шешілген оқу орындарында оқытушылардың
дайындықсыздығы жаңа технологияларды оқытуда арнайы электрондық ресурстары
дидактикалық және әдістемелік талаптарына сәйкес келмейді. Себебі
мамандандырылған бағдарламалар аймағында психологиялық, дидактикалық
әдістемелік информатиканы оқытуда бастаушы мамандардың қатыспауынан болып
отыр. Көп жылдық стажы бар оқытушылар жаңа ақпараттық технологияларды
оқытуда көбіне маңыздылығын ескерілмейді. Республикамыздың қазіргі жоғарғы
оқу орындарында оқытушылардың басым көпшілігі компьютерлік техниканы
меңгеру кезінде және электрондық ресурстарды оқытуды қолданғанда
психологиялық тосқауылдарға ұшырасады. Басқа пәндердің оқытушылары сияқты
информатика пәнінің оқытушылары маңызды мәселелер кезінде сынға алынып
отырады. Жоғарғы кәсіби білімділік кезіндегі бағаламаушылық информатиканың
жүйелік процесі кезіндегі қатынастар мен түсіндіріледі. Оқытушы жоғарғы оқу
орындарында студенттердің компьютерлік әдістеменің көмегімен оқу процесіне
электрондық ресурстарды енгізу ыңғайлы деп тауып отыр.
Студенттерге ақпарат және ақпараттық процестерді оқытуда күрделі
активтендіруші көрнекі бейне және теориялық бейнеледі қолданбаған тәсілдері
қалдырылып отыр. Студенттерді оқытуда қазіргі оқытушылардың информатикада
электрондық ресурстарды оқытудағы сапасынағана  емес, оны іс жүзінде
қолдану тәсілдерінің сапасына көңіл аудару керек. Барлық жоғары оқу
орындарындағы информатика пәнінің оқытушыларын дайын электрондық
ресурстарды пайдалану- оқытушысы және осындай ресурстарды зерттеу-оқытушысы
деп екі негізгі категорияға бөледі: бірінші дәрежелі оқытушы информатика
пәнінде электрондық ресурстарды қолдану және оқытуда соңғы қолданушының
деңгейін қалыптастырып бағыт-бағдар көрсетіп отыруы керек. Оқытушы
компьютермен жұмыс істеген кезде мынадай қарапайым әдістерді ескеріп отыруы
керек:
1. информатикада кеңінен таралған электрондық ресурстарды тану;
2. белгілі дайын ресуртарды меңгеру;
3. әріптестермен және студенттердің өзара телекоммуникациялық әдіс-
амалдарын;
4. дүниежүзілік ақпарат көздерінің амалдарына ену.
Жоғары оқу орындарында информатика пәні бойынша мамандар дайындағанда
пайдалану – оқытушыларға электрондық ресурстарды оқытуды ақпараттық білім
технологиясы негізінде психологияны оқыту курс лекцияларын қолдануға кеңес
береді. Мұндай курстар іс жүзінде біршама дайындықтарға әкеліп соқтыруы
мүмкін. Психологияны оқыту циклы пәндік байланысқан бағдарламалар мен
ақпараттардың қамтуы компьютерлік және телекоммуникациялық технологияның
мазмұнында  болып отыр. Бір жағынан мұндай курстарды жоғарғы оқу
орындарындағы әр түрлі мамандар кәсіби оқу бөлімінде қолдап құптайды.
Екінші категориялы оқытушыларды дайындауда информатика оқытушылары
электронды ресурстарды өз бетінше өңдеп дайындау кезінде мамандандырылған
қолданушыға және бағдарламалар деңгейіне дейін жеткізуі керек. Информатика
пәнінде электрондық ресурстарды оқытуда жобалау құрылысын орынды түрде
түсінуге болады. Оқытушыларға жоғары кәсіби білім педагогика және
психология негіздерінің электрондық тәсілдерін қолдануды және құрастыруды
өңдеу кезінде өара танысу және мамандандыруды жоғары көтеруді талап етеді.
Жоғары оқу орындарында оқытушылар болашақ мамандарды дайындауда
электрондық ресурстарды өңдегенде және қолданғанда жеткілікті деңгейде
біліми ақпарат құралдарын қамти білу керек. Информатика пәнінің аумағында
қолдану және пайдалану бағдарламаларын оқытушы жоғарғы оқу орындарында оқу
құралы ретінде пайдалануы тиіс. Оқу тәрбие процесіне электрондық
ресурстарды енгізгенде оқытушы мен студенттер бірігіп жұмыс жасау керек.
Информатикада электрондық ресурстарды оқытуды енгізуде оқытушыларға көп
іздену керек.
Мамандарды көтеру, ақпараттық технологияны құру, электрондық ресурстарды
жеке орнату, оқытушылардың жұмыстарына жиі талдаулар жасау, осының бәрі
біршама уақыттар алады.
Электрондық ресурстарды енгізген кезде қанағаттанарлық нәтижесі ертеңгі
күнге информатиканы оқытуда сеніммен қарауға жаңа көзқарастар
қалыптастырады. Республикамыздағы жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының
басым көпшілігі мұны қолдап құптап отыр. Қазақстаннның көптеген оқу
орындарында іс жүзінде қолданған жобалардың және студенттердің айналысқан
бағдарламалары ақпаратттар орталығында жүзеге асырылуы оң нәтижесін беріп
келеді. Оқытушы информатика пәніне ғылыми жобалау процесін енгізген кезде,
оның әлеуметтік маңыздылығын жүргізген жобалау  жұмысының нәтижесін талап
ету керек. Жоғарғы оқу орындарында информатиканы оқытуда енгізген жобаларды
оқу тәрбие жұмысында қалай қолдануды және ары қарай талдап, өңдеп өрбітуге
кадрлармен қамтамасыз етіп отыруы керек.
Информатикада электрондық ресурстарды оқытумен байланысты сапалы
оқытушыларды қалыптастыруды қолдану жоғарғы оқу орындарында өңдеу және
енгізу тьютор – кеңесші құрылымы деп аталады.
Тьютор шара қолдана алатын және шығармашылықты, тиянақты және жауапты
адам болуы тиіс. Олар мәселені өз бетінше көре алатын және шеше білетін,
сонымен бірге топ ішінде әрдайым тұрақты және жаңадан оқуға дайын, бірақ
жинақталған білімімен және тәжірибесін қызметкерлерімен бөлісіп отыруы
тиіс. Олар өзіне және қызметкерлерге керекті ақпаратты тауып қолдануды және
үйретуі тиіс.
Тьютор - бұл алдымен болашақ бакалавр және магистрлерді оқытуда
ақпараттық және коммуникациялық технологияны белсенді қолданатын және
сұрақтарды жүйеге ендірудің кеңесшісі. Одан басқа, тьютор өз
қызметкерлерінің оқытуда электрондық ресурстарымен жұмыс дағдысын
қалыптастыруда кеңес беруші, репетитор рөлін атқарады. Информатика
мұғалімінің өзі жоғары оқу орнында басқа пәннен білім беретін
қызметкерлердің электрондық ресурстарды жалпы қолдануда тьютор ролін
атқарады.
Тьютор–кеңесші келесі негізгі міндеттерді орындайды:
- жоғары оқу орнында электрондық ресурстарды бағдарламалық жиын түрінде
қолдана отырып біркелкі ақпараттық әдістемелік құрылымды құруға атсалысу;
- жоғары оқу орны оқытушыларына электрондық ресурстарды құру және
қолдану аумағынан кәсіби кеңес беріп, үнемі қолдап отыруды іске асыру;
- оқытушыға электрондық ресурстар жиынының мазмұнын өзгертуге көмекті
ұйымдастыру;
- жоғары оқу орындарының оқытушылар және әдіскерлеріне қажетті кәсіби
ақпаратты алу мүмкіндігін кеңейту, соның ішінде Интернет желісінің
электрондық ресурстарына қолдана отырып;
- жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыруда
Интернет-қолдау ұйымдастыру, электрондық ресурстардың педагогикалық
мүмкіндіктерін игеру негізінде құруға септігін тигізу:
- қазіргі ақпаратты-коммуникациялық технологияларды ұсыну, оларды
адамның ақпараттық қызметтеріне және жоғары білім беру саласында қолдану
мүмкіндіктері;
- оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруда электрондық ресурстардың
тиімді әдістерін қолдану;
- өз жоғары оқу орнының ақпараттық ортасының құрылу және ұйымдастыру
мүмкіндіктерін өзінің күнделікті жұмысында тиімді қолдану әсіресе
студенттермен, ата-аналармен және қоғаммен өзара байланыс орнату;
- электрондық ресурстарды қолданудағы жобалық қызметтер дағдысын
қалыптастыру;
- интернет желісін ақпараттық қолдау арқылы әдістемелік қызметті жоғары
оқу орнынын мәртебесін қалыптастыру аумағында қамтамасыз етеді.
Тьютор – кеңесшілердің қызмет бағыттарын топтық шығармашылық қызмет
негізінде жүзеге асыру керек екенін ескеру керек. Ол үшін жоғары оқу
орындарында оқытушыларға ақпараттық технологиялармен, жаңа ақпараттық
ресурстармен, оларды оқу процесіне тиімді пайдаланумен, сонымен қатар
осындай ресурстардың үлгілерін құру мүмкіндіктерін жеткізетін ерікті топтар
құру керек.

Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытудың негіздері

Жоғары орындары студенттеріне информатиканы оқытудың ерекшеліктері.
Информатикаға қатысты курстар.
Маманның қызмет моделі және оның болашақ бакалаврлар мен магистрлерді
оқытудағы кәсіби дифференциялауды есепке алу.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытудың деңгейлік және жекелендіру
диференциясы. Оқыту троекториясын таңдауда студенттерді оқытудың нәтижесін
есепке алу.
Информатиканы оқытудағы студенттердің өзіндік жұмысы.
Мамандықты және мамандандыруды есепке алып информатиканы оқытудың
мазмұнын таңдау.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытудың құралы, формасы және
әдістері.

Электрондық ресурстарды қолданып информатиканы қолдану

Интернет-технологияларды қолданы информатиканы оқыту. Қашықтықтан оқыту.
Студенттерді Интернет-оқыту.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру,Интернет-технологиялырд ы
қолданып оқытуды диференциялдау және жекелендіру.
Жоғары білім беруде қолданылатын электрондық ресурстар.Жоғары оқу
орындарында студенттерге информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық
ресурстар.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық
ресурстардың ерекшеліктері. Электрондық ресурстар мен оқытуда қолданылатын
бағдарламалық құралдардың түрлері мен классификациялары.
Жоғары оқу орындарында білім беру электрондық ресурстарын қолданып
информатиканы оқыту жүйесінің негізгі талаптары.
Студенттерге информатиканы оқытуда электрондық ресурстарды қолданудың
жағымды және жағымсыз аспектілері.

Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытудағы электрондық ресурстар

Информатика бойынша электрондық ресурстарды қолдануда және жасауда
пайдаланатын ақпараттық технологиялар. Мультимедия. Гипер мәтін.
Гипермедиа. Телекоммуникациялық технологиялар. Интернет. Студенттерді
оқытуда қолданылатын Интернет желісінің сервистері.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылатын
мамандандырылған аппараттық компьютерлік құралдар.
Информатика бойынша электрондық ресурстарға оқытушылар мен студенттердің
қол жеткізетін технологиялар.
Информатиканы оқытуға арналған электрондық ресурстарды мазмұндық
толықтыру.
Оқытушылар мен студенттердің электрондық ресурстармен интерактивтік
компьютерлік диалогы.
Информатикада электрондық ресурстарды қолданып оқытуда студенттердің
қабілетін көтеру.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытудың нәтижелерін өлшеудің кіші
жүйесін жүзеге асыру ерекшеліктері.
Студенттердің оқытудың тиімділігін көтеруде информатика оқытушысына
қажетті жетіспейтін қарапайым электрондық ресурстарды жасау технологиясы.

Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық
ресурстардың сапасы

Информатикадағы электрондық ресурстардың сапа түсінігі. Жоғары оқу
орындарында информатиканы оқыту құралдары сапасына қойылатын талаптар
жүйесі.
Техника-технологиялық талаптар
Психологиялық-педагогикалық талаптар
Дизайн-эргономикалық және эстетикалық талаптар.

Құжаттарды безендіруге қойылатын талаптар. Электрондық ресурстарды
интеграциялау және үйлестіру қажеттілігі Информатика бойынша үйлестірілген
электрондық ресурстар.
Информатика бойынша сапалы электрондық ресурстарды студенттерді оқытуда
қолдану және таңдау жолдары.
Білім берудегі электрондық ресурстарды жасау және қолданудың заңдылық
негіздері.
Информатиканы оқытуда ақпараттық құралдар мен телекоммуникациялық
технологияларды қолдану

Электрондық ресурстарды қолданып информатиканы оқыту, тек оқытушыларға
ғана емес, сонымен бірге студенттерге де ерекше талаптар қойып отыр.
Осындай талаптардың ішінде студенттерге қатысты дәстүрлі түрлерін
оқытушыларға да қоюға болады. Жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс
істеуде қажетті білім, біліктілік және дағдылардың ішіндегі студенттер мен
оқытушыларға жоғары оқу орындарында оқытуда электрондық ресурстарды
қолдануға қажетті маңыздысы ақпаратты іздеу дағдысы болып табылады.
Ғылыми – педогогикалық әдебиеттерден, ақпараттық іздеу- тұтынушыға
қажетті мәліметтен тұратын немесе сұраныс тақырыбы (пән) бойынша барлық
құжаттардан (мәтін) іздеу процесі екендігін білуге болады. Ақпараттық-
іздеу жүйесі – қажетті ақпаратты сұраныс бойынша сақтау, іздеу және беруге
арналған құралдар жиынтығы. Ақпаратты іздестіру жүйесінде іздеу және
орналастыру нақты ережелер бойынша қабылданған ақпараттық тілде (алгоритм)
сәйкес қолмен немесе машина әдісімен жүзеге асырылады.344 Арнайы
электрондық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты іздеу процесін орындау
үшін нені іздеу керек екенін және ненің көмегімен іздеу керектігін, сонымен
бірге ақпаратты іздеу және өңдеу бойынша қызмет түрін таңдау мүмкіндігін
білу керек.
Ақпараттық іздеу процесін қолдану, телекоммуникациялық жүйеде
электрондық ресурстармен студенттердің еркін жұмыс істеуі сияқты,
информатиканы оқытуда маңызды болашақ мамандардың түскен ақпаратты
классификациялау және құру саласында нақты дағдыларын қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Өйткені бүгінгі күн Интернет құралдарда жариаланған
ақпаратты іздеудің көпшілігінде мамандардың еңбегінің арқасында қол
жеткізілген, басқа адамдар үшін ақпаратты таңдау және іріктеу үшін
анықталған өзін-өзі ұйымдастыру бар. Бірақ студенттің таңдап алған
ақпараттық материалында ішкі құрылым өте аз жіктеледі. Бұл жағдайлар
студенттің сауатты іздеу дағдысын, электрондық ресурспен жұмыс істеу
процесінде телекоммуникациялық каналдармен алынған ақпараттың құрылымдығын
және жүйелілігін қажет етеді.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда электрондық ресурстарды
қолданудың қажеттілігі студенттерді алдын-ала дайындау жүйесіне қажетті
бірнеше бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде:
-информатика бойынша білім беру электрондық ресурстарымен студенттің
өзінің өзара байланысын жоспарлау іскерлігін анықтау;
-студенттің бойындағы инттелектуалдық және процессуалдық іскерлігін жаңа
ақпараттық жағдайға айналдыру мүмкіндігі, ол информатиканы оқыту барысында
білім беру электрондық ресурстарымен интерактивті байланысы кезінде пайда
болады;
-жоғары оқу орындары студенттерінің Интернет желісінен алынған ақпаратты
аналитикалық өңдеу мен іздеу іскерлігін меңгеру қажеттілігі, студенттердің
ақпаратты қабылдауының психологиялық ерекшеліктерін міндетті түрде есепке
алу;
-студенттердің электрондық ресурстармен байланысы процесінде информатика
оқытушысының ерекшелік рөлі;
-коммуникация қатысушыларының арасында максималды ақпараттық байланыс
қозғалысының шарттарының информатика бойынша оқу процесіндегі есебі;
-интернет желісімен жұмыс істеу әдістерін түрлендіру информатиканы
оқытуда қажетті электрондық ресурстарды практикалық қолдану және іздеуде
студенттердің қабілетін жоғары деңгейде қалыптастыруға бағытталған болуы
керек;
-студенттердің жеке және өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктері;
-студенттерде ақпараттың адрестік бағытын, білім беру электрондық
ресурстарынан алынған ақпараттық жүйелендріу және критикалық ойлау
түсінігін қалыптастыру;
-студенттерде ақпаратты күнделікті өмірде және кәсіби қызметінде
практикалық қолдану мақсатында, телекоммуникациялық каналдардан алынған
ақпараттарды интерпретациялау іскерлігін анықтау.
Жоғары оқу орындарының студенттері Интернет желісінің электрондық
ресурстарымен пайдалы, технологиялық қажетті іскерлігін көрсете білу керек:
негізгі белгілі бағдарламалық құралдарды (Internet Explorer, Netcape
Navigator, Outlook Express және т.б.), іздеу жүйелерін және каталогтарды
қолдану; сонымен бірге түрлі ақпараттармен интеллектуалды жұмыс істеу
іскерлігі де маңызды, әсіресе:
-керек ақпаратты нақты табу;
-ақпаратты толығымен көре білу;
-адамға нақты ақпаратты байланысының түрлі психологиялық тәсілдерін
бағалау;
-корректті аргументтерді ажырату;
-ақпаратты сақтау және оны күнделікті өмірде, кәсіби қызметте қолдану;
-Интернет желісіндегі электрондық ресурстары құрамын өңдеу және көре
білу;
-таңдалған манадық және мамандануға маңызды ақпаратты алу.
Көптеген жағдайларда студенттердің бойында бар дайындық информатиканы
оқытуда электрондық ресурстарды дұрыс пайдалануға жеткіліксіз болып жатады.
Бұндай жағдайда, студенттердің Дипломдық және басқа да жобалық жұмыстары
көмек бола алады.
Дипломдық жобалау – оқыту мамандығымен байланысты, пән бойынша оқу
курсын аяқтау мақсатында оқу жобасын орындау. Дипломдық жоба оқу жылының
жартысында немесе барлығында орындалады және студенттің өз бетінше
шығармашылық жұмысымен орындалуын талап етеді. Бұл жерде студенттік курсты
игеру кезінде алған білімі пайдаланылады және болашақ маманның жұмысының
практикалық дағдылары қалыптасады.
Осындай жоба информатика бойынша орындалатын болса, онда жұмыс үшін
электрондық ресурстарды қолдану технологиялары жайлы сұрақтар туындайды.
Дипломдық жобаның әдістемесі компьютердің немесе электрондық ресурстың
көмегімен қандай да бір мәселені саланың және оның қалыптасу шарттарын
шешуге бағытталған шешімдерді қарастырады. Тапсырмаларды шешу жобаны жобаны
жасау жүйесінің жүзеге асырылу тәсілі кезінде, біршама уақытты талап етеді.
Жобамен жұмыс істеу студенттердің мынадай біліктіліктерін
қалыптастырады.:
-мәселені талқылай білу;
-мәселені математикалық шешімге алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы
көшуге;
-қойылған мәселе шешімі бойынша нәтижелерді талдай білу;
-зерттеу және оқу мақсатында электрондық ресурстарды қолдана білу;
Информатикада бойынша жобалауды орындау бойынша көптеген жағдайларда,
тапсырма ретінде электрондық ресурс деп қарастыруға болатын өздерінің
компьютерлік бағдарламаларын жасайды. Өздерінің қолымен электрондық ресурс
жасау, осындай құралдарды қолданып информатиканы оқытуда студенттердің
пәнді игеру қабілетін жоғарлатады.
Студенттердің (информатикамен байланысты пәнді игеру процесі кезіндегі)
субьектілі тәжірибиесін тиімді қолдану оқытушының  осы курстарда білім
алушылардың жеке жұмыс істеуіне бағыттауы кезінде және Дипломдық жобаны
орындау кезінде үш жақты қарым - қатынас  жасауды қалыптастыру керек.
-жетекші – информатика оқытушысы;
-кеңесші – бағдарламашы;
-студент, Дипломдық жобамен жұмыс орындаушы.
Бұл жағдайда үш адамнан тұратын кіші топ құрамын қалыптастыру мысалы
келтірілген. Бірақ жобаның күрделенуіне қарай топтың сандық және сапалық
құрамы өзгеруі мүмкін.
Тез дамып келе жатқан электрондық ресурстарды жасаудың технологиялық
базасы, авторлардан болашақта жоба қатысушыларының арасында еңбекті бөлуде
жобаның мамандандырылуын талап етеді.
Мысал ретінде Дипломдық жобаны жасаушылар тобының құрамын қарастырып
көрейік. Виртуалды жоғары оқу орны - мультимедиалық электрондық ресурс.
-информатика курсының оқытушысы – студенттің Дипломдық жобасы процесінің
координаторы, компьютерлік бағдарлама – электрондық ресурстың шығармашылық
ойды қалай жүзеге асырылуын орындаушы.
-тоқталған ортада бағдарламалау жөніндегі кеңесші, яғни Бағдарламалау
тілі курсының оқытушысы;
-мультимедиа технологияларды қолдану жөніндегі кеңесші;
-компьютерлік – дизайн бойынша маман- кеңесші;
-видеоинженер, электрондық ресурсқа арналған видеороликтерді түсіру
жөніндегі кеңесші;
-2 курс студенті – бағдарламашы, бағдарлама жобалаушы;
-2 курс студенті – дизайнер – безендіруші;
-2 курс студенті – берілгендер қоры бағдарламашысы.
Көрсетілген қызметтерден басқа, студенттер қосымша мәтіндерді құру
(гипермәтіндерге байланысты  гиперсілтеме жасау) және теру сияқты қосымша
қызметтерді электрондық ресурстардың көмегімен, графикалық бейнелердің
анимациясы арқылы атқарады.
Бұндай бригадалар құрамы көп жағдайда жобаның қандай технологиялық
қиыншылықтармен құрылатынын, топ мүшелерінің қандай біліктілікті
игеретіндігін меңгеру қажет.
Бұл жағдайда жобалау әдістері бірнеше кезеңдермен жүзеге асады.

Мәселелі – мақсатты кезең.
Жобамен жұмыс істеу басталмас бұрын жобаның ғылыми жетекшісі кеңесшімен
бірге кейбір сұрақтарға жауап беруі тиіс:
-бұл жоба не үшін құрылады? Оны құруға не себеп болды?
-бұл жобаға сұраныс бар ма? Келешекте бұл жоба қалай қолданылады?
Құрылатын жобаның мақсатты тобына кімдер қатысады? Ол өзінің тұтынушыларын
таба ала ма?
-қойылған барлық талаптарға жауап беру үшін жоба қандай болуы керек?
-жобаны кім жасайды?
-егер орындаушылар бірнеше болса, онда топ мүшелерініің міндеттерін
қалай бөлуге болады?
Осылайша бірінші кезеңде мәселе саласын таңдау, тапсырмалар құру,
жасалатын электрондық ресурстың соңғы түрін анықтау, оның мазмұны мен 
қолданушылары, жоба тобының құрамын қалыптастыру және міндеттерін бөлу
жұмыстары жүзеге асырылады. Осы кезде басты педагогикалық ерекшелік
сақталады: студенттердің қызығушылығын қалай қалай толық қанағаттандыру
керек, оларды толғандыратын мәселені қалай шешу керек, тұлғаның қалыптасу
және дамуын шешетін нақты тапсырмалар таңдай білу керек. Бұл кезең жоба
тақырыбын қалыптастырумен және жобаның қысқаша мазмұнын жазумен, оның
аяқталған формасының түрін анықтаумен айналысады.
Келтірілген мысалдағы Виртуалды жоғары оқу орны электрондық ресурсы
университет бойынша виртуалды саяхат жасаудан тұрады. Бұл ресурстың
қолданушысы ретінде жоғары оқу орнының қызметімен, оқу – тәрбие процесінің
ұйымдастырылуымен, әрбір қызметкер мен білім алушыға көрсетілетін
мүмкіншіліктермен танысқысы келетін кез-келген адам бола алады. Бұл ата-
ана, оқу орнын таңдаушы талапкер, жоғары оқу орнында болып жатқан
жаңалықтармен қызығушы шенеулік, бірігіп қызмет атқарушы іздеген сыртқы
ұйымдардың уәкілдері болуы мүмкін.
Жұмыс Информатика курсы бойынша орындалады.
Жасалған жұмыс жоғары оқу орнының өзіндік визалық картасы болып
табылатындықтан, оның жобалық тобы құрамына біріншіден, ғылыми жетекшінің
ойын өзінікі деп қабылдайтын, қойылған тапсырманы шешуге шығармашылық
жауапкершілікпен қарайтын, компьютерлік технологиялармен қызығушы, өзінің
жеке қызығушылығы үшін осындай технологияларды таңдаушы студенттер кіруі
тиіс. Одан басқа, информатика бойынша терең білімді, бағдарламалық
қамсыздандыру, бағдарламалау курстарынан қажетті білімді өз бетінше ала
алатын студенттер де бола алады. Олардың жобаны нақты бір уақытта орындауға
тиіс болғандықтан, қызмет ету және берілген жұмыс істеу тәжірибесі болуы
керек.

Техникалық тапсырмалар мен сценарий жасау кезеңі.
Бұл кезеңде жобаның мазмұнын таңдау, жоба қатысушыларының әрбірінің
міндеті және әрқайсысының жұмыс түрінің орындалу уақыты анықталады. Бұл
кезең техникалық тапсырма құрумен аяқталады.
Осы келтірілген мысалмен келесідей түсініктерді беруге болады. Жобаның
мазмұны мен көлемін таңдау тікелей жобаның мақсатына байланысты. Жобаның
жоспарында тек қана жоғары оқу орны жайлы толық ақпарат беретін Виртуалды
жоғары оқу орны деген электрондық ресурсты қолданушыға жасап беру ғана
емес, сонымен бірге оны қызықты виртуалды саяхат ретінде көрсету керек
болды.
Ол үшін бағдарламаға мыналарды қосу керек:
-оқу орны жайлы тарихи анықтама;
-студенттер өмірінен видео көріністер;
-оқу орнының педогогикалық және әкімшілік тобы туралы анықтама;
-оқу жоспарлары және студенттердің таңдау курстары;
-әрбір арнай курстарға қысқаша түсініктеме;
-студенттердің дипломдық және Дипломдық жобалары;
-студенттердің білімінің қорытынды  көрсеткіштері, МАБ және емтихан
сессияларының нәтижелері;
-жоғары оқу орнының материалды-техникалық жабдықталуы жайлы анықтамалар.

Практикалық жұмыс кезең
Бұл кезеңде қойылған міндетер бойынша барлық қатысушылардың өз
тапсырмаларын орындауы, сонымен бірге жоба жетекшісінің жүргізіліп отырған
жұмыстардың дер кезінде орындалуын үнемі қадағалап отыру жүргізіледі.
Дипломдық жобаны ұйымдастыру кезінде жетекшінің қызметі тек тапсырманы
сауатты құрастыру және әрбір қызметті анықтау ғана емес, сонымен бірге ойды
қалыптастырушы және студенттердің болашақ жемістерін ұйымдастырушы ретінде
қалыптасады.
Жетекшінің жұмысы-студентке жобаның прктикалық жүзеге асуына көмектесу.
Бұл үшін өзіндік оқу сабақтарын жоспарлаумен, студенттерді қосымша
әдебиеттермен жабдықтаумен қатар, жобаның ғылыми кеңесшіімен қосымша
байланыс ұйымдастыру керек.

Алдын-ала қорғау кезеңі
Бұл кезеңде жасалған электрондық ресурстың бета-түрі қарастыру,
аяқталмаған жерлерін жөндеу жолдары, құжаттарын дайындау жұмыстары
жүргізіледі.
Бұл жерде жетекшінің бірінші жұмысы-электрондық ресурсты тестілеуден
өткізуде кеткен қателіктерді жоба қатысушыларына қайтадан қаратуды
ұйымдастыру болып табылады.
Бұл үшін студенттер жасалған бағдарламалық өкімді өздері тесттен өткізу
керек, содан кейін барып қызметтестері, достары мен таныстарына танысу үшін
беруі керек.
Студенттердің оқытушыға жобаның түсініктемесін жазуда, техникалық
құжаттарын безендіруде көмектесу талап етіледі. Сондықтан жасалған жұмысқа
қойылатын талаптармен алдын-ала  танысу керек және оның мазмұнын бағалау
мен сыртқы келбетін қалыптастыру керек.

Презентация-жобаны қорғау кезеңі
Жобан толық аяқталғаннан кейін оның соңғы өкімі жалпы талаптарға жауап
беруі тиіс. Бұл талаптар қолданушыға өкімнің ыңғайлы болуын жүзеге асыру
үшін қойылады. Қорғау кезінде студенттер тыңдаушыларға жасалған электрондық
ресурстың қасиеттерімен оны жасау және қойылған талаптарға сәйкестігімен
таныстыру керек.
Шындығында, бұндай тәсілдер ақпараттық технологиялар негізінде
информатикадан дайындауда студенттерді өз уақытында оқытуда, болашақ
бакалаврлар мен магистрлерді электрондық ресурстарды қолданып,
информатиканы тиімді оқытуда қажетті барлық біліктіліктері мен дағдыларын
қалыптастыруда көп көмегін тигізеді.

Интернет желісінде орналасқан білім беру электрондық ресурстарын
информатиканы оқытуда қолдану

Интернет желісінде орналасқан білім беру электрондық ресурстары. Жоғары
оқу орындарында информатиканы оқытуда қолдануға бағытталған ресурстар және
Интернет сайттар.
Республикалық білім беру Интернет-порталы. Білім беру Интернет-
порталдары ресурстарын каталогтау және тарауға бөлу. Жоғары оқу орындарында
информатиканы оқытуда қолдануға бағытталған порталар.
Жоғары оқу орындарында студенттерге информатиканы оқытуға қажетті
ақпараттарды Интернет желісінен іздеу.
Студенттерге информатиканы және ақпататтық технологияларды қашықтан
оқытуда Интернет желісі сервистерін қолдану әдістері мен технологиясы.
Электрондық пошта көмегімен хат алысуға оқыту. Offline және  Onlaine оқыту.
Ерекшеліктері мен кемшіліктері.

Электрондық ресурстарды қолдану арқылы информатиканы оқыту әдістері

Электрондық ресурстары қолданып жоғары оқу орындарында информатиканы
оқытуды ұйымдастырудағы оқытушылар мен ресурстарды жасаушылардың қарым-
қатынасының ерекшеліктері мен тәртібі.
Жоғары оқу орындарында студенттерге информатиканы оқытуда электрондық
ресурстарды қолданудың ерекшеліктері.
Электрондық ресурстарды қолданып информатиканы тиімді оқытуда қажетті
оқу материалдары жинағын қалыптастыру және таңдау.
Информатика оқытушысының өз ақпараттық кеңістігін ұйымдастыру.
Интернет-технологияларды қолданып білім алушы мен оқытушының қарым-
қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда электрондық ресурстарды
қолдану арқылы оқу іс- әрекетін жүзеге асырудың әдістемелік тәсілдері.
Интернет – лекциялар. Интернет-семинарлар. Оқу зерттеу жобалары. Ғылыми
зерттеу жобалары. Оқу ойындары.
Электрондық ресурстарды қолданып информатиканы оқыту негізіндегі
студенттердің жеке және топтық жұмысы.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытудың нәтижелерін бақылау және
өлшеуде электрондық ресурстарды қолдану. Аралық және қорытынды бақылауды
жүргізу әдістері мен технологиялары. Электрондық ресурстар және МАБ.
Элекетрондық ресурстарды қолдану арқылы жүргізілетін, студенттерге
информатиканы оқытудың сапалық бағасы.
Информатика оқытушысының кеңестік қызметі.

Оқытушылардың дайындық және қайта даярлау сапасын анықтайтын осындай
бағдарламалы курстардан жоғары оқу орындарының информатика оқытушыларының
барлығы өту керек. Шындығында, білім беру электрондық ресурстарын қолдану
арқылы студенттерге информатиканы оқытудың кәсіби дайындығын оқытушылардың
бойында қалыптастыратын негізгі жол болып табылады.

1.2 Ақпараттық есеп ретінде сабақ кестесін құру жүйесін
автоматтандыру

Жүйе аясында бір мезгілде бірыңғай тұтас ретінде, сан алуан
элементтердің жиынтығында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүддесімен
біріктірілген ретіндегі кез – келген нысан ұғынылады.
Жүйені сондай–ақ нақты қолданбалы міндеттерді шешу үшін есеп айырысуды
құжаттау мен басқаруды жүргізуді процедураларымен толықтырылған көптеген
бағдарламалар саналады. ''Жүйе'' ұғымына ''ақпараттық'' сөзін қосу оның
құрылу және қызмет ету мақсатын бейнелейді. Ақпараттық жүйе кез–келген
саладағы міндеттерге шешім қабылдау процесінде қажет ақпараттарды жинау,
сақтау, өңдеу, іздестіру, беруді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйе – алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүддесіне
ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын құралдар, әдістер мен
адамдарды” жиынтығымен өзара байланысты.
Ақпараттық жүйені қазіргі ұғыну жеке компьютерде ақпаратты өңдеудің
негізгі техникалық құралы ретінде пайдалануды көздейді. Ұйымдастыру
дегеннен ортақ мақсатпен біріккен материалдық өндіріс пен ақпараттық
өнімдер қызмет үшін жалпы материалдық және қаржы көздерін пайдаланатын
адамдар қауымдастығы ұғынылады.
Компьютер мен ақпараттық жүйенің арасындағы айырмашылықты ұғыну қажет.
Арнайы мамандандырылған бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютерлер
ақпараттық жүйе үшін техникалық база және аспабы болып табылады. Ақпараттық
жүйені компьютермен және телекомуникациямен өзара іс-қимылдағы адамсыз
ойлай алмайсыз.

Ақпараттық жүйені ендіруден нені күтуге болады?
Ақпараттық жүйені ендіру мыналарға қалыптастырады:
▪ математикалық әдістер мен ақыл – ой жүйесін тағы басқа ендіру есебінен
басқару міндеттерін шешудің ең тиімді варианттарын алу;
▪ қызметкерлерді жұмыстарын автоматтандыру есебінен ауыр жұмыстан азат
ету;
▪ ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету;
▪ қағаз пайдаланушыларды магниттік дискілерге немесе ленталарға
алмастыру, бұл ақпаратты компьютерде өңдеуді мейлінше тиімді
ұйымдастыруға және қағаздағы құжаттар көлемін азайтуға әкеледі;
▪ ақпараттар ағынының құрылымын және фирмадағы құжат айналымының жүйесін
жетілдіреді;
▪ өнім өндіру мен қызметке шығынды кемітеді;
▪ тұтынушыларға қолайлы қызмет ұсынады;
▪ жаңа нарықтық жаңалықтарды іздестіреді;
▪ фирмаға сатып алушылар мен жеткізіп берушілерге түрлі жеңілдіктер мен
қызметтер ұсыну есебінен тартады.

Жалпы ережелер

Кез – келген ұйым үшін ақпараттық жүйені құру мен пайдалану төмендегі
міндеттерді шешуге бағытталады:
1. Ақпараттық жүйенің құрылымын, оның қызметтік тағайындалуы ұйым алдындағы
мақсатқа сай болуы тиіс. Мысалы, коммерциялық фирмада - тиімді бизнес.
Мемлекеттік кәсіпорындарда - әлеуметтік және экономикалық міндеттерді
шешу;
2. Ақпараттық жүйені адамдар бақылауы тиіс, олар түсініп, негізгі
әлеуметтік және этикалық принциптерге сәйкес пайдаланылуы тиіс;
3. Сенімді, дәл, дер кезіндегі және жүйелі ақпаратты өндіру. Ақпараттық
жүйенің құрылысын үй құрылысымен салыстыруға болады. Кірпіш, шеге, цемент
және басқа материалдар бірлестігінде үй бітпейді. Оған үй пайда болу үшін
жоба, жерге орналастыру, құрылыс, т.б. қажет.

Ақпараттық жүйені құру мен пайдалану үшін ұйымдастырудың құрылымын,
қызметін және саясатын, басқару мақсаты мен қабылданатын шешімдерді,
компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін алдымен түсініп алу керек.
Ақпараттық жүйе ұйымдастырудың бөлігі болып табылады, ал кез – келген
ұйымның өзекті элементі – басқару құрылымдары мен органдары, стандартты
процедуралар, адам, субмәдениет. Ақпараттық жүйенің құрылысы ұйымның
басқару құрылымын талдаудан басталуы тиіс.

Ақпараттық есеп ретінде сабақ кестесін құру жүйесін бөлу процесін
автоматтандыру

1. Мұғалімдердің сағат жүктемесі ғылыми дәрежесіне қарай төмендегі кесте
бойынша бөлінеді:

Кесте 1 - сағат жүктемесі
№ Ғылыми дәрежесі сағат
декан: 500
кафедра меңгерушісі: 700
декан орынбасары: 500
кафедра меңгерушісінің орынбасары: 700
аға оқытушы: 850
оқытушы: 900

Және олардың ішінде мына төмендегілері міндетті түрде аудиториялық болуы
міндетті:
а) декан орынбасары: 150 сағат;
ә) кафедра меңгерушісі: 210 сағат;
б) аға оқытушы: 420 сағат;
в) басқаларға: 450 сағат.

2. Профессор - оқытушылардың оқу ғылыми дәрежесіне қарай бөлінетін
сағаттар саны.

Лекциядан біріктіру бойынша төмендегіше түсініктер бар:
а) тіл бойынша;
ә) пән бойынша;
б) мамандық бойынша;
в) адам саны 70-тен аспауы керек (аудиторияның себебінен).

Бұл жағдайда мұғалімге 1 лекцияның сағаты жазылады, бірақ емтихан
коэффициенті лекциядағы студент санына көбейтіледі.

3. Төмендегі топтар практикаға және лабораторияға бөлінбейді:
Топ студенттерінің саны:

а) 15-30 аралығында болса, онда топ 2-ге бөлінеді;
ә) 30-дан көп болса топ 3-ке бөлінеді;
б) Физика және гуманитарлық пәндер бойынша практикаға бөлінбейді.

4. Аттестация бойынша бөлінетін сағат саны
а) емтихан – 1 студентке – 0,35 сағат;
ә) сынақ - 1 студентке – 0,25 сағат;
б) Дипломдық жұмыс – 1 студентке – 3 сағат;
в) бақылау жұмысы – 1 студентке – 0,75 сағат;
б) диплом – 1 студентке – 30 сағат.

1.3 Берілген дипломдық жұмыстың маңыздылығы мен мазмұны

Сабақ кестесін құрған кезде біз ЖОО-ның барлық оқу жоспарымен танысып
кетуіміз керек. Себебі, әр факультеттің негізгі және сервис пәндері болады.
Негізгі пәндер дегеніміз сол факультеттің өзіне тиісті мамандық бойынша
тереңдетіліп өтілетін пәндері, ал сервистік пәндерге сырттан, яғни басқа
мамандықтарға шолу ретінде өтілетін пәндер болып саналады. ЖОО-ның барлық
оқу жоспарынан сервистік пәндерді теріп қарау қиын және көп уақыт алатын
жұмыс. Сондықтан оқу жоспарының ішінен факультетке тиісті пәндерді
автоматтандырып алсақ жұмыстары біраз жеңілдеп қалады.
Факультет мұғалімдерінің тізімі және олардың ғылыми дәрежесі, ғылыми
дәрежесіне байланысты берілетін сағаттар саны, оқу жылындағы факультеттің
орындау сабақ кестесін құру, оқу жоспарының қалай нақты құрылуын түсіну,
қойылған тапсырманың құрылымын қандай типте бастау, жиналған ақпаратты
біріктіру және топтастыру, мәліметтер тобын және оларды объекттермен
байланысын ойластыра отырып бағдарламалық комплексін құру қажет.
2 Сабақ кестесін бөлу процесін автоматтандырудың ақпараттық
моделі

2.1 Сабақ кестесін бөлудің инфологикалық моделінің концепциясы

2.1.1 МББЖ (мәліметтердің базасын басқару жүйесінің) архитектурасы

Мәліметтер базасы және оларды құру мен жүргізудің бағдарламалық
құралдары (МББЖ) көп деңгейлі архитектураға (сәулетке) ие, ол туралы 1
суреттен түсінік алуға болады.

Сурет 1 - МББЖ басқаруымен МБ мәліметтерді көп деңгейлі ұсыну

Мәліметтер базасын мәліметтер ұсынудың канцептуальді, ішкі және сыртқы
деңгейлері айырады, ол ұқсас белгіленген үлгіге сәйкес келеді.
Концептуальді деңгей пәндік салада интеграцияланған түрде мәліметтер
ұсынудың логикалық аспектіге сәйкес келеді.
Концептуальді үлгі мәліметтер базасының логикалық құрылымына МББЖ
талаптарына сәйкес құрастырылған мәліметтердің түрлі типтерінің көптеген
даналарынан тұрады.
Ішкі деңгей сақтау ортасында талап етілген мәліметтерді ұйымдастыруды
бейнелейді және мәліметтер ұсынудың физмкалық аспектісіне сәйкес келеді.
Ішкі үлгі сыртқы жеткізушілерде физикалық сақталатын жазбалардың жеке
даналарынан тұрады.
Сыртқы деңгей нақты пайдаланушы талап ететін жеке мәліметтер ұсынуды
қолдайды. Сыртқы үлгі концептуальді үлгінің көбейтілуі болып табылады.
Мәліметтер бойынша сыртқы үлгілерді қиып өтуі мүмкін. Жеке қосымша үшін
мәліметтердің жеке логикалық құрылымы (міндеттері) немесе пайдаланушыға
сыртқы үлгі немесе МБ схемасы сәйкес келеді.
Сыртқы үлгілердің көмегімен қосымшалардың МБ мәліметтеріне
санкцияланған қол жеткізу қолдау жасалынады (қосымшадан қол жеткізілетін МБ
концептуальді үлгідегі мәліметтер құрамы мен құрылымы шектеулі, сондай – ақ
бұл мәліметтерді өңдеудің жол берілген тәртібі берілген: енгізу,
редакциялау, алып тастау, іздену).
Қолда бар қосымшалардың ақпараттық тұтынушылығының жаңа немесе
өзгеруінің пайда болуы олар үшін түзетілген сыртқы үлгілердің анықтау талап
етіледі, мұнда мәліметтердің концептуальді және ішкі үлгі деңгейінде
өзгерістер болмайды. Мәліметтердің жаңа түрлерінің пайда болуымен туатын
концептуальді үлгінің өзгеруі сыртқы үлгіде бейнеленуі тиіс немесе
өзгермейтін концептуальді үлгісі оның сипаттамаларын жақсарту мақсатында МБ
сыртқы үлгісін дербес түрін өзгертуі мүмкін (мәліметке қол жеткізу уақыты,
сыртқы құрылыстағы жадта жұмсау, т.б.). Осылайша МБ мәліметтерді логикалық
және физикалық ұйымдастырудан қатысты тәуелсіз принципті іске асырады.
Білімді бақылауды компьютерлік жүйесі, яғни инфологиялық үлгісі
жасалған, оның схемасы 1-суретте көрсетілген.
Әр блокты жекелей қараймыз.

Сұрақтар банкі. Талапкерлерге білімін тексеру кезінде берілетін барлық
сұрақтар мен тапсырмалардың сақтау орны. Әрбір тақырып бойынша банкіге
талапкерлерге қанағаттанарлық баға алуға және одан да жоғары бағадан
үміткер талапкерлер үшін көтеріңкіге есептелген төменгі деңгейдегі сұрақтар
мен тапсырмалар енгізіледі.
Аталған деңгейдегі екудің әрбірі үшін бірыңғай қиындықтағы сұрақтардың
едеуір саны белгіленеді, олар бір тақырып бойынша теориялық сабақ пен
практикалық сабақтардың барлық мазмұнын жабады.
Сұрақтар мен тапсырмалар, ережедегідей жауаптардың бірнеше (әдетте 5)
үлгісімен бірге банкіге енгізіледі. Бұл үлгілер талапкерге бір мезгілде
тапсырманы белгілеумен хабарланады, ал талапкер олаодың сенімдісін таңдауы
тиіс. Бәлкім, толық дұрыс жауап келтірілген үлгілердің бірқатар санын
таңдау болып табылады.

2. Мәліметтер базасы

Мәліметтер базасының дерекқор жүйесі бойынша қазіргі кезде кеңінен
қолданылып жүрген бағдарламлар көп кездеседі.
Өндірісте, ауылшаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде
және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі
кездеседі.
Оларды сақтаудың көп тараған әдісі-компьютерде берілгендер қоры түрінде
сақтау. Берілгендер қоры-құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған
арнайы форматтағы файл. Көбінесе, берілгендер қорында сақталатын
берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни, дискілік файл-берілгендер
қоры, оған енгізілетін кесте-берілгендер құрамында сақталушы обьект.
Берілгендер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген
бағдарламалар дайындалған. Оларды берілгендер қорын басқару жүйелері деп
атайды.
Мәліметтердің интегралдық тұжырымдамасына негізделген қазіргі ақпараттық
жүйе сақталған мәліметтердің, күрделі ұйымдастырудың орасан зор көлемімен,
көптеген пайдаланушылардың сан–алуан талаптарын қанағаттандыру қажеттігімен
сипатталады.
Кез–келген ақпараттық жүйенің мақсаты – нақты әлем нысандары туралы
мәліметтерді өңдеу. Мәліметтер негізгі сөзі кең мағынасында – бұл әлдебір
пәндік салада нақты әлемнің нақты нысаны туралы мәліметтердің жиынтығы.
Пәндік сала аясында басқаруды ұйымдастыру және түпкі есепте, мысалы
кәсіпорынды, ЖОО-ны, т.б. автоматтандыруды ұйымдастыру үшін зерттеуге
жататын нақты әлемнің бөлігін ұғыну қабылданған.
Мәліметтер негізін (базасын) құра отырып, пайдаланушы ақпаратты түрлі
белгілері бойынша реттеуге және белгілерін өз бетінше үйлестіріп тез
сұрыптап алуға ұмтылады.
Мәліметтер негізін пайдаланушылар түрлі қолданбалы бағдарламалар,
бағдарламалық кешендер, түпкі пайдаланушылар деп аталатын тұтынушылар мен
мәліметтер көздері рөліндегі пәндік саланың мамандары бола алады.
Мәліметтер базасының қазіргі технологиясында мәліметтер базасын жасау,
оны қолдау және пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету болжанады,
арнай ақпараттық құралдармен мәліметтер базасын басқару жүйесінің көмегімен
жүзеге асырылады.
Мәліметтер базасы (МБ) – бұл белгілі бір пәндік салаға қатысты
құрылымдық мәліметтердің атаулы жиынтығы.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – бұл мәліметтер базасын жасау,
олардың өзекті жағдайын қолдау және оларда қажет ақпаратты іздестіруді
ұйымдастыру үшін қажетті бағдарламалық және тілдік құралдар кешені.
Мәліметтер базасының ұғымы - өріс, жазба, файл сияқты құрылымдық
элементтердің ұғымдарына тығыз байланысты.

Өріс – ақпараттың бөлінбейтін бірлігі – реквизитке сай келетін
мәліметтерді логикалық ұйымдастырудың элементарлық бірлігі. Өрісті жазу
үшін төмендегі сипаттамалар пайдаланылады.
Аты, мысалы, аты-жөні, әкесінің аты, туылған күні;
Тип, мысалы, символьдық, сандық, күн тізбелік
Ұзындық, мысалы, 15 байт, ол символьдардың мейлінше мүмкін санымен
анықталатын болады;
Сандық мәліметтер үшін дәлдік, мысалы санның бөлшектік бөлігін бейнелеу
үшін екі ондық белгі.

1 өріс аты 2 өріс аты 3 өріс аты 4 өріс аты


Сурет 2 - МБ-ның негізгі құрылымдық элементтері

Жазба – логикалық байланысқан өрістер жиынтығы. Жазбаның данасы – оның
өрістерді нақты маңызы бар жазбаларды жеке тарату.
Файл (кесте) – бір құрылымдағы жазбалар даналардың жиынтығы.
Файл жазбасының құрылымында өрістер көрсетіледі, олардың мағынасы
кілттер: бастауыш (БК), ол жазба даналарын теңестіреді, және екінші (ЕК),
ол іздестіру немесе топтық белгілердің рөлін орындайды (екінші кілттің
мағынасы бойынша бірнеше жазбаларды табуға болады).

3. Мәліметтер үлгілерінің түрі. Жалпы ережелері

Кез – келген мәліметтер базасының өзегі мәліметтер үлгісі болып
табылады. Мәліметтер үлгісі өзімен бірге көптеген мәліметтер құрылымын,
тұтастықты шектеулер және мәліметтер күрделі әдістерінің операцияларын
білдіреді. Мәліметтер үлгісінің көмегімен пәндік сала нысандары және
олардың өзара байланысы көрсетіледі.
Мәліметтер үлгісі – мәліметтер құрылымдарының және мәліметтерді күрделі
өңдеу операцияларының жиынтығы.
МББЖ иерархиялық, желілік немесе реляциялық үлгілерін, бұл үлгілердің
комбинациясында немесе олардың көбейтілуінің кейбірінде пайдалануға
негізделеді.
Ақпараттық нысан – бұл реквизиттерге (ақпараттық элементтерге) логикалық
байланысты жиынтық түрінде бірқатар мәнін (нақты көлемі, құбылыс, процесс,
оқиға) жазу. Мұндай мәндер ақпараттық нысандар үшін цех, қойма, материал,
ЖОО, студент, емтихан тапсыру, т.б. қызмет етеді.
Белгілі бір реквизиттік құрам мен құрылымының ақпараттық нысанын класс
(тип) құрайды бірден–бір аты (символдық белгіленуі) беріледі.
Ақпараттық нысан көптеген тарату – даналарға ие, олардың әрбірі
реквизиттердің нақты мағыналарының жиынтығымен көрінеді және кілттің
мағынасына теңестіріледі (қарапайым – бір реквизит немесе құрамдас бірнеше
реквизиттер). Мұнда бір ақпараттық нысандарда сол реквизиттер кілті, ал
басқаларда – суреттелетін болады. Ақпараттық нысан бірнеше кілтке ие бола
алады.
Барлық ақпараттық нысандар пәндік салада өзара байланысты.

4. Мәліметтерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтан оқыту теориясы
Геологиялық модельдеуді масштабтау
Оқу бағдарламасын басқарудағы автоматтандырылған бағдарламаны қолдану
Ұяшық - деректерді қамтитын кестенің негізгі элементі
Орта білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану әдістемесі
Мектептің меңгерушісінің ажо жасау
Қашықтан оқыту жүйесі
Павлодар Мемлекеттік Университеті негізінде Elvis II оқу-зертханалық қондырғысын еңгізу
Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
Пәндер