Аудиттің түрлері мен нұсқалары



КІРІСПЕ
1 Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің даму тарихы
1.2 Аудит жүргізудің принциптері
1.3 Аудит орындайтын функциялары
2 Аудит және аудиторлық қызмет түрлері
2.1 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу
2.2 Аудиттің сатылары және негізгі қызмет түрлері
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.[1,25б]
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық принциптерді басшылықа алу керек.
Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
1. Ажибаева З.Н., Байболтаева Н.А., Жумагалиева Ж.Г. Аудит. Алматы: Экономика, 2006 -423с
2. Абленов Д.О. Основы аудита. Алматы: Экономика,2005-214с
3. Абленов Д.О. Аудит: теория и практика. Алматы: Экономика,2005-512с
4. Ержанов М.С. Аудит. Алматы: Экономика, 2005-321с
5. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. Алматы: Экономика, 2005-214с
6. Нурсейтов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях / Учебное пособие. – Алматы:Экономика, 2007-523 с
7. Радостовец В.К., Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: Экономика, 2002-412с
8. Сайдахметова Ф. Современный бухгалтерский учет. Алматы: Экономика, 2005-321с
9. Формы первичных учетных документов.-Алматы: ИД «БИКО», 2007г.
10. Стандарты бухгалтерского учета. - Алматы: Издательство «LEM», 2007 г.
11. Международные стандарты аудита.- Алматы : Раритет, 2003.- 672 с.
12. Сборник бухгалтерских проводок. - Алматы: Издательство «LEM», 2008 г.
13. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник. - Алматы: Экономика, 1995 г.
14. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учеб. пособие -Алматы: Қаржы Қаражат, 1998г.
15. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. - Алматы: Гылым, 1994.
16. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. - Издание 5 переработанное и дополненное. - М.:ИИД «Филинъ», 2000 г.
17. Нитецкий В.В., Зайнетдинов Ф.В. Практикум общего аудита. Учебное пособие. - М.: Дело, 2000г
18. Нурсейтов Э.О., Нурсейтов Д.Э. Международные стандарты финансовой отчетности: теория и практика/ Справочное руководство. - Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2007 г.
19. Сборник ситуации по дисциплине «Аудит». – Шымкент: Университет Мирас, 2006 г.
20. Подольский В.И. Аудит.-М: Юнити, 2002.- 240 с.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.[1,25б]
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық принциптерді басшылықа алу керек.
Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.
Аудит компоненттері: бірінші компонент- бұл экономикалық обьект. Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпаратгізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.
Екінші компонент -- өндірістік жағдаймен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субьектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды.
Үшінші копонент бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзіретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білу керек және осы фактілерді бағалйтын өлшемдерді жете білу қажет. Одан тәртіптің белгілі бір нораларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап,қысым көрсетілушілікке қарсы тұра білу керек.
Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны боып табылатын фактілерді алумен бағалау жатады. Фактісіз қандайда бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.
Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер алдыға шығады.
Аудиттің алтыншы компоненті аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы,шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін оңайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.
Аудит принциптері. Аудит өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылықа алу керек адалдық, обьективтілік, кіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық және т.б.
Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Ғылымиялық принциптің мағынасы аудиттің қорытындылары аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін білдіреді.
Жариялық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруге пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор.
Халықаралық аудиторлық қызметтің нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде сақталуы қажет басқада принциптер аталады. Негізгі принциптердің маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады.

1 Аудиттің теориялық негіздері

1.1 Аудиттің даму тарихы

Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдеріәр түрлі анықталады. Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.
Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ, Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп отырған. [2,65б]
Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде апаруға болады деп санайды, бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы ғылыми кітапты белгілі итальян математигі Лука Почелли (1445-1515) жазғаны белгілі. 1494 жылы жарыққа оның "Счеттар мен жазбалар туралы трактат" атты еңбегі шықты. "Қалай, неге және кіммен көп жерледе көпестік кітаптар куәландырылады" атты 7-тарауында Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде көпестер үшін арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро қызметкерлері бұл кітаптың бірінші бетінде оларды өзінің жазуымен куәландырып мөрмен бекітеді. Бұл жоғары мақтауға тұратын жағдай деп атап көрсетеді Лука Почелли. өйткені, біреуін сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік осы кітаптарға негізделе отырып олар ант береді. Егер кітапты, бюроға тіркеуге тапсыратын болса, өтірік айту, соныменен өзіңнің жақындарыңды да алдау соншалықты оңай емес. Осы кітаптар мұқият белгіленіп, дұрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне барып, өзінің істеріңді жазуды бастай бер деп жазады.
1773 жылы Шотландия астанасы-Эдинбургтің адрестік кітабында жеті аудитордың есімі жазылған. Кейінірек, 1854 жылы мұнда бухгалтер-аудиторларды біріктірген. "Бухгалтерлер қоғамы" құрылды. Бұл жеке авторларға "батыс елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды деген қорытынды жасауға негіз болды. К.А. Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар. Оның пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды басқарумен тікелей шұғылданатындар мен оның қызметіне инвесторлардың көзқарастары арасында бөліну туындаған уақытқа кетеді. Осы уақытта акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор (ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында болуында"-дейді.
Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер, кредиторлар және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы акционерлік қоғамда пайда болды.
Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ компаниялары жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде тексеріліп отырылуы белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен белгілі бір кезең үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады. Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім артуы қауіпті еді, өйткені соңғы нәтижесінде акционерлер мен пай қосушылар немесе кредиторлар өздерінің капиталын жоғалтатын кәсіпорынның банкрот болып қалуы кездесті. Бұл жағынан, акционерлер мен кредиторлардың, екінші жағынан, салық органдарының бухгалтерлік баланс пен табыс жайлы қорытынды есептерге сенімсіздігі акционерлік қоғамның қорытынды есебін зерттеп, талдайтын және оның дұрыстығы жайлы кәсіптік қорытынды беретін бухгалтер-аудиторлардың пайда болуына көмектесті. Акционерлердің жалпы жиналысындағы қоғамның жылдық қорытындыесебін талқылауда аудитордың қорытындысы тыңдалатын және тек осыдан кейін ғана қорытынды есеп бекітіліп (бекітілмей) және қоғамды бақылау ісіне баға берілетін. [3,25б]
Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар кәсіпорынның баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар екендігіне кепіл болатын болды. Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене отырып, мәліметті пайдаланушылар "кіммен жұмыс жасауға болатынын" өздері шеше алады.
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латыннның "audio" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық-жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" едп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: "бет көрсе-жүз ұялады",-деген ұлы сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тыңдаушы" мен саған "сенемін"-деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді"-деп жазған. [4,35б]
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда-ревизор, Францияда-бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда-шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қортыныды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмыспен шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп- атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр үрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

1.2 Аудит жүргізудің принциптері

Нарық экономикасына көшу кезінде тексеру жүйелерінің ішінде аудитрлік қызметке зор көңіл бөлінді, себебі олар кәсіпорынның бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін талдау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.
Аудит- клиенттің қалауын бойынша жүргізілетін тәуелсіз түрде кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі жөніндегі бухгалтерлік есептер мен шоттарды тексеретін мамандандырылған қаржылық бақылау түрі.
Аудит, бұл негізінен қаржылық есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген бекітілген заңдармен белгіленген нормативтік актілерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.
Аудит пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізінде және бухгалтерлік отчетты талдау және тексеру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті- отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективті түрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субектіде қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру. [5,25б]
Аудитор- квалификациялық сұранымдарды қанағаттандыратын, заңды органдармен тәртіп бойынша белгілі мүмкіндіктермен міндеттелген және квалификациялық аудиторлық аттестаты бар жеке тұлға. Квалификациялық аудиторлық аттестат- бұл жоғарғы білімі бар, экономикалық профил бойынша кем дегенде 3 жыл стажы бар, қосымша экзамендерді тапсыру бойынша мамандандрылған білім алу мақсатында куәландыратын арнайы құжат.
Аудиторлық тексеру жүргізу барысында аудитор тәуелсіздік таныта отырып, аудиторлық дәлелдерді және құжаттарды тура бағалай білуі керек. Қаржылық құжаттарды тексере отырып аудитор барлық құжаттармен дәлелдердің толықтығын қадағалауы керек.
Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.
Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі.
1. Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шын-дықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.
2. Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болуы керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорынның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеушілікке жол бермейтін дәлелді болуы қажет.
3. Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше дербес деп танылған. Оған себеп ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол одан төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша анықтайтыны комитетін құру.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір кәсіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз. өйткені, оны тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит принциптерін сақтамау жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторладың дербестігін қадағалап отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру АҚШ-та көп тараан. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысынан арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министрлігі, аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет.
4. Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп іс жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпейінше ешқандай қорытынды жасамауы керек.
5. Сенімділік, сөзге берік болу (конфиденциальность). Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана хаюарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы.
6. Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез, тиянақты орындалудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру. Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытымен есептелінеді.
Кәсіпорын шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген шешім болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты және даму келешегін жақсы білетін адам болуы керек. Басқару-ол шешім қабылдау. Ол үшін басқарушы бар білімін, талапкерлігін басқарушылық шешім қолдануға жұмсауы қажет. Яғни тиімді, тиянақты басқару жүргізу үшін арнайы дайындық жасау керек.

1.3 Аудит орындайтын функциялары

Көптеген авторлар шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері деген сөз құрамын көо келтірген. Біздің ойымызша бұлтүсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның шаруашылық-табыстылық көрсеткішімен байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің "Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита" кітабында "аудит - тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту", -- деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс "Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау" - деп анықтама берген.
Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясынды "Аудит - ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту" - деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордын ойын корытындылайтын болсақ, англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көосетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғарыдеп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз. [6,25б]
Белгілі, АҚШ-тың аудит теорияасын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда айтылған "мәліметтік күдік" - деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп, аудит түрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәліметпайдаланушылардың кәсіпкелігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол "Мәліметтік күдікті" бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз падалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап көрсеткен.
Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор "кәсіпкерлік күдік" - деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығандағы күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму жолындағы кауіпптілігі деп түсенугі болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі, салық төлемінің толқымалығы немесе көбеюі, сату процесіндегі бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуіл жасауы мен тағы басқа көптеген себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын " кәсіпкерлік күдіктің" мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз шаруашылығын жүргезу үшін тиімді шешім қабылдай алады. "Кәсіпкерлік күдік" аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді.
АҚШ-тың аудит мамандары Э:А. Аренс және Дж. К. Лобск өздерінің жазған оқулықтарында мынадай анықтама береді: "Аудит ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздіқ жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру". Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы сонғы анықтама басқаларына карағанда біздің ойымызша аудитті толық қарастырған сияқты
К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: "аудит - дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде түсініктеме қызметін атқару " - деген. Автордың ойынша осы анықтамада аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден - тәуелсіз дербестігі көрсетілген, үшіншіден - аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның қатшылық жағдайы анықталып, даму жолына сәйкес ұсыныстар берледі, төртіншіден - аудиттің консалтингтік қызмет көрсету жағы айтылған.
Біздің ойыиызша, аудит дегеніміз - дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету -- деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі - объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты - аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы дірден-бір мақсаты - аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады.
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен беруді ойластырдық .
1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсету.
2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек
Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді.
3. мемлеке, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тақанын, қанша салық төлейтінін анықтайды анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.
Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит "осы үшбұрыштың төбесін" қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, аудит қорытындысы арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Лизинг берушіде лизингтік операциялар аудитінің бағдарламасы
Аудиторлық процедуралар, олардың түрлері мен аналитикалық процедуралардың сипаттамасын беріп, тәжірибеде қолдануын талдау
Сыртқы және ішкі аудит
Аудит туралы түсінік
Аудит және бизнесті категориалдық талдау
Аудитордың мәнділік деңгейін қарастыруы
Тауарлы балықтарды өсіру
Қорлар есебінің талдауы
Нақты бір ұйымдағы өнім өндірісі шығындарының есебін, оған әсер ететін факторларды анықтап, талдау жүргізу
Пәндер