ҚР қаржылық бақылау жүйесін, аудиторлық қызмет пен аудиттің түрлерінің жіктелуі
КІРІСПЕ
1 Аудитті ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Аудиторлық қызмет пен аудиттің түрлері
1.2 Ішкі және сыртқы аудит, олардың өзара байланысы және ерекшеліктері
1.3 Ішкі аудитордың жұмыстарының тестілеу және бағалау
2 ҚР қаржылық бақылау жүйесі
2.1 ҚР.ы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен құрылымы
2.2 ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР .ғы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативті . құқықтық актілер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Аудиторлық тексеріс нәтижелерін пайдаланушылар – шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қорытындысына мүдделі жақтар: мемлекеттік салық пен республика Жоғарғы Кеңесінің басқа да өкілетті органдары, шаруашылық жүргізуші субъектінің меншік иелері, несие берушілер, инвесторлар және қолданылып жүрген заңға сәйкес мұндай ақпарат алуға құқығы бар және басқалар. Аудиторға берілетін мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығына шаруашылық жүргізуші субъектінің бастығы жауап береді.
Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру кызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволык) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады. Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит үғымының аясы кен, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау жэне қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ак артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру максатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады. Курстық жұмыстың мақсаты – Аудиттің дамуы мен қалыптасуының мәні мен ролін қарастырып, ҚР аудиторлық қызмет туралы заң, оның мазмұны мен ерекшеліктерін көрсету болып табылады.

1. Ажибаева З.Н., Байболтаева Н.А., Жумагалиева Ж.Г. Аудит. Алматы, 2006г.
2. Абленов Д.О. Основы аудита. Алматы. 2005г.
3. Абленов Д.О. Аудит: теория и практика. Алматы. 2005г.
4. Ержанов М.С. Аудит. Алматы. 2005г.
5. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. Алматы, 2005г.
6. Нурсейтов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях / Учебное пособие. – Алматы, 2007г.
7. Радостовец В.К., Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы, 2002 г.
8. Сайдахметова Ф. Современный бухгалтерский учет. Алматы, 2005 г.
9. Формы первичных учетных документов.-Алматы: ИД «БИКО», 2007г.
10. Стандарты бухгалтерского учета. - Алматы: Издательство «LEM», 2007 г.
11. Международные стандарты аудита.- Алматы : Раритет, 2003.- 672 с.
12. Сборник бухгалтерских проводок. - Алматы: Издательство «LEM», 2008 г.
13. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник. - Алматы: Экономика, 1995 г.
14. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учеб. пособие -Алматы: Қаржы Қаражат, 1998г.
15. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. - Алматы: Гылым, 1994.
16. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. - Издание 5 переработанное и дополненное. - М.:ИИД «Филинъ», 2011 г.
17. Нитецкий В.В., Зайнетдинов Ф.В. Практикум общего аудита. Учебное пособие. - М.: Дело, 2013г
18. Нурсейтов Э.О., Нурсейтов Д.Э. Международные стандарты финансовой отчетности: теория и практика/ Справочное руководство. - Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2007 г.
19. Туребаева Ж.К.Сборник ситуации по дисциплине «Аудит». – Шымкент: Университет Мирас, 2014 г.
20. Подольский В.И. Аудит.-М: Юнити, 2012.- 240 с.

Тақырыптың өзектілігі. Аудиторлық тексеріс нәтижелерін пайдаланушылар
– шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қорытындысына мүдделі жақтар:
мемлекеттік салық пен республика Жоғарғы Кеңесінің басқа да өкілетті
органдары, шаруашылық жүргізуші субъектінің меншік иелері, несие берушілер,
инвесторлар және қолданылып жүрген заңға сәйкес мұндай ақпарат алуға құқығы
бар және басқалар. Аудиторға берілетін мәліметтер мен құжаттардың
дұрыстығына шаруашылық жүргізуші субъектінің бастығы жауап береді.
Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,
серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы
түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру кызметі жүзеге асырылмаған
деп айтуға болмайды. Операциялық мазмұны жағынан бір-біріне
жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит
бақылаудың шығармашылық (творчестволык) дамуын білдіреді. Ол экономикалық
бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады. Тексеру
және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит үғымының аясы кен, өйткені бұл
ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана
білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру
үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін
қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде,
бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау жэне қаржылық есеп берулердің жағдайын
тексеретін, сондай-ак артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың
тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру
максатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде
анықтама беруге болады. Курстық жұмыстың мақсаты – Аудиттің дамуы мен
қалыптасуының мәні мен ролін қарастырып, ҚР аудиторлық қызмет туралы заң,
оның мазмұны мен ерекшеліктерін көрсету болып табылады.
Аудиторлық бақылау қаржылық бақылаудың тәуелсіз түрі. Ол – тәуелсіз
аудиторлық фирма мен компания, банк, сақтық компаниялары иелері жасалған
келісім-шарт негізінде қаржы-шаруашылық қызметтің жай күйін тексеру.
Аудиттің басты міндеті – тексерілген компанияның қаржы жағдайы туралы
қорытынды беру. Қорытынды заңмен белгіленген тәртіпте ресми балансқа және
пайда мен шығындар жөніндегі есепке қоса компания қызметінің нәтижесі
туралы есеп ретінде жарияланады. [1,45б]
Аудитор мен аудиторлық фирмалар өзінің қызметін жүргізген кезде заң
және басқа нормотивтік актілер талабын басшылыққа алады, аудиторлық
тексеріс жүргізген және қорытынды жасаған кезде тексерілген шаруашылық
жүргізуші субъектіге, сондай-ақ кез келген үшінші жаққа тәуелді болмайды.
Аудиторлық қызмет нәтижесі- ол жайында жазылған қорытынды,
шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп-қисаптарының,
баланстарының және басқа құжаттарының бухгалтерлік есеп пен есеп–қисап
жасауды жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәліметі бар
аудитор куәландырған, құқықтық мәнге ие ресми құжат.
Курстық жұмыстың мақсаты – ҚР қаржылық бақылау жүйесін, аудиторлық
қызмет пен аудиттің түрлерінің жіктелуін қарастыру.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- Аудит түрлері мен аудиторлық қызмет пен аудитордың түрлеріне шолу
жасау;
- ҚР аудиторлық қызмет нарығының қазіргі жағдайына талдау жүргізу;
- ҚР-ы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен
құрылымын жіктеу;
- ҚР Аудиторлық қызмет туралы заң және ҚР –ғы аудиторлық қызметті
реттейтін басқа да нормативті – құқықтық актілерге шолу жасау.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу
жұмысындағы ұсыныстар мен қорытындылар халықаралық стандарттарға сай ҚР
қаржылық бақылау жүйесін бақылауды жетілдіруге арналған. Зерттеу
нәтижелерін сыртқы және ішкі аудитті ұйымдастыруда, ұйым басшыларын нақты
ақпараттармен қамтамасыз етуде пайдалануға болады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 Аудитті ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Аудиторлық қызмет пен аудиттің түрлері
Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің
түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" Заңына,
аудиттің № 4 Аудит немесе оның түрлері стандартында аудиттің 2 түрі
көрсетілген:
1. Міндетті
2. Бастамашылық
Міндетті аудит заңда көрсетілген және субъектінің өздерінің қаржы
шаруашылық жұмыстарын тексеру үшін аудиторларды немесе аудиторлық
фирмаларды шақыруға міндеті . Міндетті жыл сайын аудитордық тексерілу
объектілері :
- банктер;
- несиелік серіктестіктер;
- жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар;
- сақтандару ұйымдары, жинақталуы зейнетақы қорлары, инвест қорлар ;
- табиғи монополия субъектілері;
- шетел қатысушылылары бар кәсіпорындар;
- ашық халықтық қоғамдастықтар.
Бастамашылық аудит соған қажетті тапсырысшылардың тапсыруы бойынша
жүргізіледі , егер бұл тексеру заң жүзінде көрсетілмесе . Мұндай тексерудің
көлемі клиенттердің талабына байланысты .
Аудит объектілері бойынша ; банктік аудит, сақтандыру ұйымдарының
аудиті т.с.с. түрлері бар. Бұл аудит түрлерін жүзеге асыру үшін
сәйкесінше лицензиясы болуы қажет. [2,25б]
Мақсаты бойынша аудит бірнеше түрге бөлінеді:
Қаржылық есеп беру аудиті – субъектінің қаржылық есеп беруін бекітілген
крейтерилер мен бухгалтерлік есеп ережелеріне сәйкетігін тексеру. Аудит
нәтижесі жарияланады – акция иелеріне , кредиторларға , мемлекттік реттеу
органдарына .
Салықтық аудит – бұл салықтың есептелуінің дұрыстығымен төлеу
дұрыстығын , салық саясатының сақталуын тексеру .
Бағалық аудит – тапсрысқа бекітілген бағаның дұрыстығын тексеру.
Бұл дамыған мемлекеттерде бюджеттің шығындарын негіздеу үшін жүргізіледі.
Басқармалық аудит - кәсіпорындарда басқару мен ұйымдастыруды
жетілдіру мен тексеру. Кәсіпорынның өндірістік қызметтің тиімділігін
бағалау, құралдарда пайдаланудың ұтымдылығымен өнімділігін арттыру бойынша
шешімдер қабылдау .
Басқармалық аудит – бұл клиент үшін оның қуаты мен ресурстарын
тиімді пайдалануды арттыру бойынша кеңес беру қызметінің түрі.
Арнайы аудит – шаруашылық субъектінің қызметін нақты аспектілерін
тексеру. Оның қызметінің заңдылығы т. с. с. жақтары тексерілуі мүмкін
(салықтың есеп беруді дайындау әлеуметтік қорларда пайдалану т. с.с. )
Нарықты қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын қызметі де,
тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын
орны да ерекше.
Аудит түрлерін зерттеудің методикалық жағынан маңызы өте зор.
Өйткені аудитті қандай түрлерімен жүргізу және олардың әрбір жағдайларда
тигізетін әсерлерін анықтау қажет.
1.2 Ішкі және сыртқы аудит, олардың өзара байланысы және ерекшеліктері
Ақпаратты пайдаланушылар бойынша аудит ішкі және сыртқы болып екіге
бөлінеді.
Сыртқы аудит аудиторлық фималар мен немесе жеке аудиторлармен шарт
бойынша субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын және қаржы мүмкіншіліктерін
тәуелсіз түрде бағалау үшін жүргізіледі. [3,45б]
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындалған жұмыстарына тәуелсіз
экспертиза, берудің нәтижесінде аудиторлар қаржы жағдайын жақсарту,
жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде керек болған жағдайда өз
ұсыныстарын береді . Сонымен қатар субъектінің төлем қабілеттілігіне және
қаржы тұрақтылығына баға береді . Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырыс
берушілердің мүддесіне қарай жасалынады . Сыртқы аудиттің басты міндеті –
субъектінің отчетына тәуелсіз түде баға беру, көрсеткіштерінің дәлдігін
анықтап , сол жайында тапсырыс берушілерге өз пікірін айту . Сыртқы аудит
өз жұмысын заңдарға, стандарттарға, бухгалтерлік есеп принциптеріне,
нормативтерге сүйене отырып жүргізеді.
Жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы осыған дейін
көптеген түсінікитер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне
тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар
мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі
мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық
көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның
қаржылық жағдайына түсініктее беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен
кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына
экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағыитын көрсетіп,
оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді,
пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның
қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы
қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.
Сыртқы аудиттің объектісі-ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің
мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар -кәсіпорын,
мемлекеттік құрылым және қаржы, млік егелері. Мемлекеттік құрылымның
тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық
мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік
егелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді. Оған
себеп, олар шаруашылығын пайда табуға тиімді жолмен жүргізсе, мемлекетке
салық төлемі көбейеді, әрине ол өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік
қаржысын, бюджетін толықтыруда өз үлесін қосады. [4,65б]
Шаруашылық субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгенде, оның негізгі
мақсаты бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілуі жағдайы, оның
көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына
сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.
Сыртқы аудит қызметін атқарушылар-жеке аудиторлар және аудит
фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің
мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржы қандай
жағдайда іске асырылуда?-деген сұрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит
қызметін осы тұрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар.
Біріншіден, кәсіпорын басшылары өзінің және кәсіпорын жұмысын, оның
қаржылық жағдайын тек қана жақсы жағынан, мүмкінділіг болса өсіріп
көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты,
нақты шаруашылық жағдайын ешқандай фирма, кәсіпорынның нақты жағдайын
білмей сыбайлас болып қарым-қатынастыққа бармайды.
Сыртқы аудиттің мазмұнын кеңірек түсіндіру үшін төмендегі схеманы
келтіреміз.
Сыртқы аудиттер өз жұмысын сол елдегі заңды түрде қабылданған аудит
стандартына, бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес жүргізеді. Фирмалардың,
кәсіпорындардың балансы басылымға, тек қана аудитор өз қорытындысын
бергеннен кейін және балансқа мөрін басқаннан кейін ғана щығады. әрине,
аудитор қорытындысы кәсіпорын ақпаратының дұрыстығын, қаржы
көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана қорытынды бергеннен
кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процестердің басылымға
шығуының үлкен мағынасы бар.
Ақпаратты басылымға шыққан фирмалар, кәсіпорындар біріншіден, өзінің
дербес шаруашылық субъектісі екеніне кепілдік алып, одан әрі
кәсіпкерлігімен айналысуға ерікті болғанын дәлелдейді. Олай дейтін
себебіміз, аудит қорытындысы сол кәсіпорынның өткен уақытта тапқан табыс
сомасы ақпаратта дұрыс көрсетілген, салық сомасы дұрыс есептелінген деп
анықтама жасайды. Яғни, шаруашылық субъектісі мемлекет алдында заң
тұрғысынан салық төлеу процесін дұрыс жүргізген субъект болып табылады.
Үшіншіден, аудит қорытындысымен шаруашылық жүргізуге кепілдік алған
кәсіпорындар сол елдің экономикасының бір қалыпты дамуына негіз болады.
Тұрақты халықты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Қалыптасқан экономика
құрылымына айналады.
Төртіншіден, қалыптасқан экономика құрылым болған елде тиянақты
нарықты қатынас заңдылығы қалыптасып, сол заңдылыққа сәйкес ол елде тауарға
нарықты қатынас бағасы тұрақты бір жүйеге келеді. Соның нәтижесінде сол
елдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы тұрақты даму жолына түседі. Яғни,
аудиторлық тексеру кәсіпорынның тиянақты кәсіпкерлік жасап, даму барысын
қамтамасыз ететін механизм. Дамыған елдердің экономикасының тұрақты дамуын
қамтамасыз етіп отырған-ол бірден бір нақты механизм аудитор қызметі.
Сондықтан да оған шет елдерде өте үлкен мағына беріледі.
Сурет 1. Сыртқы аудиттің сипаты
Аудиторлық тексеру жүргізбей шаруашылық субъектісі басылымға шықпайды,
яғни өзінен-өзі экономикалық қыспаққа түседі. Біріншіден, мемлекет алдында
өзінің шаруашылық субъектісі ретінде құқысын қорғай алмайды. Екіншіден,
сыбайлас кәсіпорындар қарым-қатынас жасамайды, үшіншіден банкілер
сенімсіздік білдіріп несие беруін тоқтатып, жалпы есеп айырысу процесін
тежей бастайды. [5,45б]
Сыртқы аудит өзінің жұмыс процесінде ішкі аудит жұмысының сомасына
баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінің тиімділігін, сенімділігін,
оның аудит барысындағы рөлін анықтайды. Ондағы негізгі мақсат ішкі аудит
қаншалықты аудит күдігін жіберетінін, аудит стандартын қандай дәрежеде
дұрыс қолданатынын анықтау. Ішкі аудит жұмысын тексерген сыртқы аудит
өзінің ойын, жетістіктерін жазбаша түрде анықтап басшыларына тапсырады.
Сыртқы аудит соңғы жылдары тек қана қаржы ақпаратын тексеріп қана
қоймай кәсіпорын шаруашылығына экономикалық талдау жасап, оның
кәсіпкерлігінің табыс сомасына баға береді, оның жұмысының табыстылық және
экономикалық тиімділігін анықтайды. Сыртқы аудитті қазіргі кезде "Заңды
аудит" деп атайды. Себебі, ол тапсырушы алдында тәуелсіз, тек қана сыртқы
мәлімет пен пайдаланушылар алдында ғана жауапкершілікте.
Жоғарыда келтірілген сыртқы аудит туралы берілген түсінік негізінде
шет елдерде толығымен қолданылады, оның принциптері жұмыс бабында толық
іске асырылуда. Қазір Қазақстан Республикасында аудит қызметі жаңадан ғана
дамып, қалыптасып келе жатыр. Осы орайдағы ең өкініштісі-аудит қызметі
толық міндетті түрде таратылған жағдайда еліміздегі жүргізіліп жатқан
реформаның әлдеқайда сәтті жүргізілуіне, нарықты қатынас заңдылықтарының
кәсіпорын шаруашылығында тез қалыптасып кетуіне көптен-көп көмегі тиетіні
сөзсіз. Мысалы, аудит міндетті түрде барлық шаруашылық субъектілеріне
жүргізілсе салық төлеу, өндіру проблемасы түгелдей жойылар еді. әрине,
ұйымастыру, мамандар дайындау, моралдық, этикалық аудит принциптерін бірден
іске асыру өте ауыр жұмыс. Мысалы, бір ғана фактор. Біздің халқымыздың
психологиялық түсінігі бойынша, ақша төлеп тексерушіні шақыру деген ол тек
қана ауру немесе есі түзу емес адамның есе деп түсінеді. [6,75б]
Сондықтан Қазақстан Респуликасында аудит қызметі жан-жақты таратылуы
қажет, бірақ біздің елдің өзіндік экономикалық, әлеуметтік, тарихи даму
ерекшеліктеріне сәйкес аудит принциптерін лайықты түрде қарастыру қажет.
әрине, рның ішінде ұйымдастыру, құрылымы туралы көптеген өзгерістер енгізу
өте қажет.
1.3 Ішкі аудитордың жұмыстарының тестілеу және бағалау
Ішкі аудит субъектінің ішінде жүргізілетін жұмыстарға тәуелсіз түрде
баға беру , оларға қызмет көрсету б.т. Ішкі аудиттің мақсаты субъектінің
экономикалық саясатын дұрыс жүргізуіне, ішкі бақылаудың дұрыстығына,
барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жұмыстың орындалуына эксперттік түрде
баға беру. Ішкі аудит – кәсіпорында басқармалық бақылаудың ажырамас
бөлігі, ол тәуелсіз бола алады, яғни кәсіпорынның атқарушы органына емес
ішкі құрылтайшыларға бағынуы мүмкін. [7,45б]
Ішкі аудит - экономикалық субъектілердің құрылымдарының
қызметінің тиімділігін бақылаудың бір әдісі Ішкі аудитті қажеттілік
үлкен кәсіпоындарда басшылар күнделікті кәсіпорын қызметін және төменгі
басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақылай алмағандықтан
туындайды.
2 кесте. Ішкі және сыртқы аудит ерекшеліктері
Факторлар Ішкі аудит Сыртқы аудит
Міндеттің қойылуы Басқару қажеттілігіне Тәуелсіз жақтар ара-сындағы
байланысты басқарма немесекелісімен анықталады:
меншік иелерімен аныталадыкәсіпорынмен немесе
2-ші кестенің жалғасы
аудиторлық фирмамен
Объект Басқарманың жекелеген Ең бастысы кәсіпорын-ның
функционалдық мақсат-тарынесеп жүйесі мен есеп беруін
шешу, кәсіпорын-ның тексеру
ақпараттық жүйесін тексеру
немесе өңдеу
Мақсаты Кәсіпорын басшылығымен Аудит бойыншазаң мен
анықталады анықталады : есеп берудің
дұрыстығын бағалау немесе
заңдылықтың сақталу-ын
бекіту .
Құралдары Өз еркімен таңдалынады Аудитордың стандарттармен
анықталады
Қызмет түрі Атқарушылық қызмет Кәсіпкерлік қызмет
Жұмысты ұйымдастыруБасқарушылардың нақты Аудиторлар өз еркімен
тапсырмасын орындау жалпыға танымал ауд-қ
тексеру нормаларын мен
тәртібіне сай анықтайды
Классификация Кәсіпорын басшылығы-мен Мемлекетпен реттеледі
анықталады
Төлем ақысы Штаттық кесте бойынша Келісм бойынша көрсетілген
еңбек ақы есептелінеді қызметке төленеді
Жауапкершілігі Басқарушылар алдында Клиент немесе үшінші тұлға
міндеттерін орындауға алдында, заң мен нормативтік
құжаттарға сай .
Әдістері Бірдей міндеттерді шешу
бірдей болуы мүмкін
(дұрыстығын бағалау )
Есеп беру Меншік иелері мен Аудиторлық қортындысының
басқарушылар алдында бөлімі жариялануы мүмкін,
талдамасыз бөлім клиентке
беріледі.
Ішкі аудит фукциялары:
- бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін тексеру осы
жүйелерді жақсарту бойынша ұсыныстар жасау;
- бухгалтерлік және оперативті ақпаратты тексеру, есеп берудің
жекелеген баптарын , операцияларды бух. шоттардағы қалдықтарды тексеру.
- заңдар мен өзге де нормативтік актілердің, осы саясатта
талаптарының, басшылар мен меншік иелерінің нұсқауларының сақталынуын
тексеру;
- басқарудың түрлі звеноларының қызметін тексеру;
- ішкі бақылау механизмінің тиімділігін бағалау, экономикалық субъект
мүлкінің сақталуын барын, қамтамасыздығын тексеру;
- анықталған кеншіліктерді жою бойынша ұсыныстар беру және басқарудың
тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау;
Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды
және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік
құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық кон-
ференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар
бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші
Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға
көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім
қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық
тексеру жүргізудің аудитімен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит
методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан,
осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді
анықтайды. [8,115б]
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:
-жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;
-аудит өткізудің барлық кезендері (сатылары) бойынша регламентті
анықтайды;
-аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін
қамтамасыз етеді;
-Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық
экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;
-аудиг өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты
тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу
міндеттерін шешеді;
-аудиторлық тексеру жүргізу іс-тәжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктерді
енгізуге ықпал етеді;
-ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процессін
түсінуге көмектеседі;
-кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;
-мемлекет тарапынан бақылауды жояды;
-аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;
-аудит өткізу процессінің жекелеген элементтерінің байланысын
қамтамасыз етеді.
Жалпы стандарттар - аудитор өзінің алдында тұрған міндеттерді тиімді
әрі кәсіби деңгейде орындауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір
қасиеттер мен кәсіптік дәреже (ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік,
тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті кеңіл бөлу талап
етіледі).
Жұмысшы стандарттар—аудиттің алдында тұрған міңдеттерді (жос-парлау,
көзбен шолып байқау және бақылау, дұрыс мәліметгерді жинау және ішкі
бақылау жүйесіне тиісінше зерттеу жүргізу және бағалау) орындау кезінде
аудиторлар басшылыққа алатын ережелер.
Қорытынды есеп және аудиторлық қорытынды жасау стандарттары—
аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша материалдардың нысаны, мазмұны,
орналастырылуы және тапсырылуына қатысты стандарттар. Аудиторлық
қорытындыда қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп талаптарына
сәйкестігі керсетілуге тиісті.
Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) дайындаған—Халықаралық
аудиторлық практика жөніндегі комитет (ХАПК). Аталмыш комитет 1997 жылы Нью-
Йорк қаласында негізі қаланған бухгалтерлердің халықаралық федерациясының
Кеңесі жанындағы тұрақты комитет болып табылады.
Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының мүшесі болу автоматты
түрде, Лондон қаласында негізі қаланған, халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттары жөніндегі Комитетке мүше болуға құқық береді. Бұл екі ұйым бір-
бірінен тәуелсіз, біріншісі аудитке қатысты болса, соңғысы — бухгалтерлік
есеппен байланысты. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының басқа
тұрақты комитеттері этика, білім беру, қаржы және басқару есебі,
мемлекеттік сектор, ақпараттық технология және мүшелікке алу мәселелерін
қарастырады.
Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі халықаралық комитет аудит пен соған
жалғас қызметтердің бүкіл әлемдегі бірегейлік дәрежесін көтеру үшін солар
бойынша стандарттар мен ережелерді жарыққа шығарды. [9,45б]
Қазіргі кезде қолданыста жүрген халықаралық аудит стандарттарын
әзірлеу ХХ-ғасырдың 70-ші жылдары басталған болатын. Үш таңбалы номерге
олар 1994 жылы ие болды. Соңғы жылдарда болған маңыздырақ өзгерістердің
арасынан 1998 жылғы жинақта басылып шығып, 1999 жылғы 1 шілдеден бастап
күшіне енген, аудиттегі ішінара тексеруге қатысты халықаралық аудит
стандартының жаңа нұсқасын атап айтуға болады. Халықаралық аудит
стандартының баяндалу стилі хабарлай айту үлгісімен берілген және онда
аудиторға бірнеше альтернативтік іс-әрекеттерді қарастыру жиі ұсынылатын
көптеген мысалдар мен ұсыныстар қарастырылған.
Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын
нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің,
кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың
құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етеді. Экономикалық
реформалар механизімінің жетілдірілуіне қарай аудиторлық стандарттарды
уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта қарап отыру
қажет. Республикамызда халықаралық бірлескен фирмалар қызметінің дамуына,
сонымен бірге аудиторлық қызметтің аймақтарда енгізлуіне байланысты аудитті
халықаралық масштабта үйлестіру қажеттілігі туындады. Тәжірибе
көрсеткендей, аудиторлық қызметтің алыс және жақын (ТМД) шетелдердегі даму
жолы бірдей, сондықган аудиттің кезекті мәселелерін шешуші қандай-да бір
елдің аудиторлық фирмалары оның методологиясына, ғылыми және практикалық
маңыздылығына көңіл аударды және экономикалық құрылыстың ерекшеліктерін
ескере отырып аудит стандарттарын жасайды.
"Қазақстандағы Халықаралық аудит стандарттары" версиясы бух-галтерлер
мен аудиторлардың Еуразия аумақгық Халықаралық федерациясының шешімімен
негіз етіп алу үшін ТМД елдеріне ұсынылған.
2 ҚР қаржылық бақылау жүйесі
2.1ҚР-ы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен
құрылымы
Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға
негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби
аудиторлық ұйымдармен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz