Аудитті жоспарлау процесін ұйымдастырылу ерекшеліктерін көрсету



КІРІСПЕ
1 Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі
1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы
2 Аудиторлық таңдау
2.1 Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі
2.2 Аудиторлық тексерістердің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдау көлемін анықтау
2.3 Таңдамалы элементтерін таңдап алу әдістері. Таңдап алуға әсер ететін факторлар
3 Аудитті жүргізу этаптары
3.1 Аудитті жоспарлау процесі. ХАС 300 «Қаржылық есептіліктің аудитін жоспарлау»
3.2 Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі
3.3 Аудиттің бағдарламасын және жоспарды жалпы дайындау тәртібі
ҚОРЫТЫНДЫ
Аудит пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізінде және бухгалтерлік отчетты талдау және тексеру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті- отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективті түрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субектіде қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.
Аудитор- квалификациялық сұранымдарды қанағаттандыратын, заңды органдармен тәртіп бойынша белгілі мүмкіндіктермен міндеттелген және квалификациялық аудиторлық аттестаты бар жеке тұлға. Квалификациялық аудиторлық аттестат- бұл жоғарғы білімі бар, экономикалық профил бойынша кем дегенде 3 жыл стажы бар, қосымша экзамендерді тапсыру бойынша мамандандрылған білім алу мақсатында куәландыратын арнайы құжат.
Аудиторлық тексеру жүргізу барысында аудитор тәуелсіздік таныта отырып, аудиторлық дәлелдерді және құжаттарды тура бағалай білуі керек. Қаржылық құжаттарды тексере отырып аудитор барлық құжаттармен дәлелдердің толықтығын қадағалауы керек.
Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.
Аудит - клиенттің қалауын бойынша жүргізілетін тәуелсіз түрде кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі жөніндегі бухгалтерлік есептер мен шоттарды тексеретін мамандандырылған қаржылық бақылау түрі.
1. Адаме Р. Основы аудита. Пер. с англ. (Под ред. Л.В.Соколова) М.: Аудит, ЮНИТИ, 1995
2. Арене А., Лоббек Дж. Аудит. Пер. с англ. проф. Л.В.Соколова
3. Банковский аудит.-в 2-х частях, - М.: Бухгалтерский учет, 1994
4. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита.-М.: ИИД «Филин», 1995
5. Белобжецкий И.А. Бухгалтерский учет и внутренний аудит.- в 2-х частях.-М.: Бухгалтерский учет, 1994
6. Бухгалтерско-аудиторский портфель.-М.: Саминтэк, 1994
7. Данилевский Ю.А. Аудит: организация и методика проведения.-М.: Финансы и статистика, 1992
8. Данилевский Ю.А. Общий аудит, аудит бирж, внебюджетных фондов и инвестиционных институтов.-М. бухгалтерский учет, 1996
9. Данилевский Ю.А. и др. Аудит.-М.:ИД ФБК ПРЕСС, 1999
10. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник.-Алматы: Экономика, 1995
11. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой Курсовая работаности: Учеб.пособие.-Алматы: «Қаржы қаражат», 1998
12. Ержанов М.С. Теория и практика аудита.-Алматы: Ғылым, 1994
13. Кодекс РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет. Алматы, БИКО. 2001
14. Кармайкл Д.Р., Бенис М. Стандарты и нормы аудита. Перевод с англ. М.: ЮНИТИ, 1995
15. Камышанов П.И. Практический аудит. М.: Финансы и статистика, 1997
16. Основы подготовки и составления финансовой Курсовая работаности
17. Терехов А.А. Аудит.-М.: Финансы и статистика, 1999
18. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит: Учеб.пособие.-М.: ИНФРА-М., 1999
19. Энциклопедия общего аудита. Т.2 М: 1999
20. Подольский В.И. Аудит.-М: Юнити, 2002.- 240 с.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Аудит пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізінде және бухгалтерлік отчетты талдау және тексеру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті- отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективті түрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субектіде қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.
Аудитор- квалификациялық сұранымдарды қанағаттандыратын, заңды органдармен тәртіп бойынша белгілі мүмкіндіктермен міндеттелген және квалификациялық аудиторлық аттестаты бар жеке тұлға. Квалификациялық аудиторлық аттестат- бұл жоғарғы білімі бар, экономикалық профил бойынша кем дегенде 3 жыл стажы бар, қосымша экзамендерді тапсыру бойынша мамандандрылған білім алу мақсатында куәландыратын арнайы құжат.
Аудиторлық тексеру жүргізу барысында аудитор тәуелсіздік таныта отырып, аудиторлық дәлелдерді және құжаттарды тура бағалай білуі керек. Қаржылық құжаттарды тексере отырып аудитор барлық құжаттармен дәлелдердің толықтығын қадағалауы керек.
Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.
Аудит - клиенттің қалауын бойынша жүргізілетін тәуелсіз түрде кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі жөніндегі бухгалтерлік есептер мен шоттарды тексеретін мамандандырылған қаржылық бақылау түрі.
Аудит, бұл негізінен қаржылық есеп беруді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген бекітілген заңдармен белгіленген нормативтік актілерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитты жүргізугедеген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жақта бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты - аудитті жүргізу тәртібін қарастырып, аудитті жоспарлау процесін ұйымдастырылу ерекшеліктерін көрсету болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
-Аудиттің теориялық негіздері қарастыру;
- Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдістерін көрсету;
- Аудитті жүргізу этаптарын зерделеу;
- Аудитті жоспарлау процесі. ХАС 300 Қаржылық есептіліктің аудитін жоспарлау стандартына сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысындағы ұсыныстар мен қорытындылар халықаралық стандарттарға сай аудитті жоспарлау процесін зерттеуге арналған. Зерттеу нәтижелерін сыртқы және ішкі аудитті ұйымдастыруда, ұйым басшыларын нақты ақпараттармен қамтамасыз етуде пайдалануға болады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Аудиттің теориялық негіздері

1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша аудитке мынадай анықтама берді: Аудит- бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемде (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі.
Классикалық ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
1) кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
2) өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
3) экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
4) компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметі мұқтаж;
5) қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
6) пайдаланушылар қабылдайтын шешімдер салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да ШЖС-дің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялықмазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.[1,45б]
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибеде салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Тексерудің мақсаты - кемшіліктерді құрту жәнежамандықты жою, ал аудиттың мақсаты - кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшілік құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен қаламайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізінде шығындарды ұтымды өту мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және ШЖС-дің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады. [2,85б]
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру мақсатымен мына үш бұрыш үлгісімен беруді ойластырдым (1-сурет).



1 сурет. Аудит мазмұнының үшбұрыш үлгісі

1) аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсету;
2) шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы
керек. Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді;
3) мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты
болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.
Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит "осы үшбұрыштың төбесін" қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, аудит қорытындысы арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге, қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.
Екіншіден, аудит жұмысы үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, аудит тексеруі барысында кәсіпорынның табыс-пайда сомасы салық нақты анықтамадан қанша сома салық төлеу керек екенін, "салық есебінің" дұрыс жүргізілгенін аудиторлық тексеру арқылы анықтайды. Қандай бір елде болмасын үлкен экономикалык мәселе ол - салықтың тиісті көлемде жинау және де нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкестігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өз тарапынан "салық есебін" жүргізуге мәжбүр, оған қоса тек қана "салық есебіне" аудиттік тексеру жүргізіп, аудиторлық қорытынды алуға мәжбүр. Ондай жасамаған жағдайда салық инспекциясы қатал жаза қолданып, субъектілер айып төлейді. [3,45б]
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс-әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.
Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен ШЖС-лер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар 310 Бизнесті білу атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастыруда қолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында болатын оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудиттің озық түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.
Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру ШЖС-дің қызметін қаржылық - кредиттік, материалдық - техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық, салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бірақ осы буындардың бірде-біреуі салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы экономикалық жағдай тудыратын мүмкіндіктерімен белгілі бір өкілеттіліктері болса да елеулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.
Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, ШЖС-дің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайында бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:
1) Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;
2) Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,
бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті (потенциалды) пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және ШЖС-дің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;
3) Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпараттық базалардың мағынасын ашу, аудиторлық бакылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу. [5,115б]
Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:
oo бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;
oo шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің озық әдістерін анықтау;
oo қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
oo бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақтарту бойынша залықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;
oo бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;
oo бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭВМ-ді және экономикалық-математикалық әдістерді қолдану, ШЖС-лер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.
Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономикалық нақты секторындағы ШЖС-дің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.

1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, ШЖС-лер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі - ШЖС-дің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады. [6,45б]
Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақталған анықтамасында былай делінген: Аудит - бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңында мынадай анықтама берілген: Аудит ҚР-ның заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады.
Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оның ішінде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық экономикасындағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.
Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айыпмашылығын көрсететін ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:
1) ғылымның мақсаты мен мазмұны;
2) өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
3) зерделеу объектісі;
4) ақпарат көздері.
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады. [7,24б]
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылауы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне ШЖС-нің қаржылық қызметіне кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.
Бұл туралы ХАС (МСА) 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда былай делінген: қаржылық есеп беру аудиттінің мақсаты - белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды,салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, ШЖС-дің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыру жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен толықтырылуы мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, ШЖС-дің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса,онда мақсат - осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді керек:
1) Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа
жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2) Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3) Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
4) Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
5) Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, ШЖС-дің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6) Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
7) Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады. [8,45б]
Осылайша, аудит - бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. Тексеру термині латынның revisio сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы қайта қарау немесе қызметтерді зерттеу дегенді, ал тексеруші - тексеріс жүргізетін тұлға дегенді білдіреді.
ТМД елдерінде әдетте ревизия ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы, Н.Т. Белухинде тексеру (ревизия) - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа бақылау формаларынан айырмашылығы - объектіні тексеру барысында ріктемесі құжаттық дәлелдерге негізделген тексеру-бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әр түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), материалды жауапты тұлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы және т.б.)
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен ШЖС-лер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзгеше бір сараптамасы ретінде баяндалады.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде аудит және аудиторлық қызмет ұғымдары ажыратылып көрсетіледі. Аудиторлық қызмет бұрын қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.

2 Аудиторлық таңдау

2.1 Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі

530 "Аудиторлық іріктеу" деп аталатын Халықаралық аудит стандарты іріктеудің жиынтығы бойынша қорытынды жасау мақсатында тандап алынған баптардың кейбіреулеріне қатысты аудиторға дәлелдеулер алуға және оларды бағалауға мүмкіндік беретін шоттың қалдығы немесе операцияның тобы шеңберінде 100 %-дан төмен баптарға қатысты аудиторлық процедураларды қолдану ретінде іріктеуді анықтайды. [9,45б]
Қаржылық қорытынды есепке тексеру жүргізуді бастай отырып, аудитор кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті және ішкі бақылауды ұйымдастыруды зерттеуге, олардың нормативтік және заңдық күжатардың талаптарына жауап беретіндігіне көз жеткізуге тиісті. Кәсіпорын бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру үшін есеп саясатын құруға және оны басшылыққа алуға міндетті. Алайда, аудиторға есеп саясатының көшірмесін алу жеткіліксіз. Себебі есеп саясаты бухгалтерияның қатардағы жұмыскерлері міндетті түрде сонымен жүмыс істейтіндігіне (оны қолданатындығына) кепілдік бере алмай-ды. Аудиторға баптар бойынша белгіленген есеп жүргізу тәртібін нақгы жүзеге асырылғандарымен салыстыра отырьш, есеп саясатына өзінің сипаттамасын құру керек.
Ондай сипатгаманы жасау үшін тек бас бухгалтермен және оның орынбасарымен сұқбаттасумен шектелмей, клиенттің бухгалтерлік персоналына толық сұрақ беру жүргізілуге тиісті. Тек сұрақ беру және нақты орындаушылардың есеп жүргізу тәртібімен танысу әділірек ой-пікір қүрауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындағы есептің және ішкі бақылаудың жағдайына аудитордың берген бағасына оның алдағы уақыттағы барлық іс-әрекеті байланысты. Себебі аудиторда клиенттің қорытынды есебіне зерттеу жүргізу және персоналмен әңгіме өткізу нәтижесінде қорытынды есептің дүрыс мәліметтердің негізінде дұрыс жасалынғандығы туралы абсолюттік сенім пайда болса, онда оның қаржылық қорытынды есепті тексермей-ақ, оның дүрыстығын растауына болады.
Егер аудитор клиенттің қаржылық қорытынды есебіне зерттеу жүргізу кезінде бастапқы мөліметтердің рәсімделуінің сәйкессіздігіне, бухгалтер персоналының терең білімінің жоқтығына көз жеткізген болса, онда ол жаппай тексеру жүргізуге міндетті. Бірақ, ондай тексерулер жұмысы көп және қымбат процесс. Сондықган клиенттің қаржылық қорытынды есебінің дұрыстығына аудитор сенімінің орташа дәрежесі кеңінен тараған болып табылады.
Аудитор сенімінің орташа дәрежесін анықтау қажеттілігі бір бөлім бойынша есептің тиісті деңгейде кәсіби мамандардың күшімен, автоматтандырылған нысанда ұйымдастырылып, ал басқа жағында қараусыз қалған есептің табылуынан туындауы мүмкін.Сондықтан сенімнің орташа дәрежесін анықтау кезінде ішінара бақылау әдісін қолдану кажет. Іріктеу аудиттің барлық саласы үшін қажет болып табылмайды, бірақ оны бір типті операциялардың санының көптігі байқалатын салаларда өткізу орынды. Толық тексеру ерекше мақсатқа қол жеткізуді міндетті түрде қамтамасыз ете алмайды.Мысалы, сатып-өткізілген тауар үшін барлық шот-фактураларды тексеру барлық сатып-өткізудің есепке алынғандығын куәландырмайды (яғни, ол толықтыққа дәлел ретінде қызмет ете алмайды) және қатенің бар екендігін ескерте алмайды. [10,45б]
Іріктеу төмендегі жағдайларда тиімсіз (қолайсыз) болып табылады:
-мәліметтердің жиынтығы оның негізінде дұрыс таңдаулар (іріктеулер) жасауға аздық еткен жағдайда, яғни ондай жағдайда іріктеу жасауға уақыт өткізгенше, барлық операцияларды тексеру тезірек болады;
-қандай да бір саланың барлық операциялары маңызды болып табылса;
-мәліметтер "сезімтал" бапқа жатқызылуы мүмкін болса, мысалы көлеміне қарамастан қаржылық қорытынды есепте толық ашылып көрсетілуі талап етілетін директорлардың еңбек ақысы;
-аудит сферасы (саласы) бір типті баптардан тұрмаса, яғни мәліметтердің біртекті жиынтығы болмаған жағдайда, белгілі бір сипаттағы (мысалы, белгілі бір сомадан жоғары барлық баптар) мәліметтер жиынтығының барлық баптарына процедураларды қолдану іріктеу болып табылмайды. Себебі бұл баптар мәліметтердің барлық жиынтығынан алынған жоқ. Егер мәліметтердің жиынтығынан "түйінді" баптар іріктелетін болса, мысалы белгілі бір сомадан көп (артық) дебиторлық борыштардың барлығы, онда осы бөлік 100% тексеріледі, одан басқа мәліметтер жиынтығының қалған бөлігінен көрнекті үлгіні алуға болады.

2.2 Аудиторлық тексерістердің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдау көлемін анықтау

Аудиторлар баптардың үлгілерін олар мәліметтердің барлық жиынтығын көрнекті түрде көрсететіндей етіп іріктеп алуға тиісті. Іріктеудің негізінде дұрыс қорытынды жасау үшін мәліметтер жиынтығына тән болып табылатын үлгілерді таңдап алу қажет. Мәліметтер жиынтығының барлық баптары үшін олардың тандалып алынатындығына белгілі бір ықгималдық бар болуға тиісті.
Еркін (өз бетімен) таңдап алу. Қарапайым еркін іріктеу-бұл мәліметтер жиынтығының барлық баптарының іріктеліп алынуға бірдей мүмкіншіліктері болатын таңдап алу әдісі. Сондықтан үлгі мәліметтердің барлық жиынтығын жалпы түрде көрсетеді. Мұндай кезде компьютерлік бағдарламалардың немесе кездейсоқ сандардың кестелерінің көмегімен кездейсоқ сандардың іріктемесі пайдаланылады. Еркін таңдаудың қолайлы альтернативі -- кездейсоқ таңдап алу болып табылады. Кездейсоқ таңдап алу -- бұл жүргізілу барысында мәліметтер жиынтығын құраушы барлық баптардың таңдалып алынуына бірдей мүмкіншілік беруге аудитор ынталанатын таңдап алу процесі. Аудитор 9-тарау. Аудиттеп іріктеу баптарды тандап алу кезівде әдейі жасалынатын қарым-қатынастар мен болжамдардан аулақ болуға тырысуға тиісті. "Жеңіл" болып көрінуі мүмкін баптарға, мысалы, белгілері (таңбалары) жоқ, түзетулер (корректировка) жасалынбаған немесе жай орналаскан баптарға, артықшылық беруге болмайды. Сонымен бірге тек ағымдағы кезеңдегі баптарды зерттеуге немесе баптарды олардың көлемі үшін саналы түрде таңдап алуға не болмаса олардың ерекше көрінгендігі үшін зерттеуге жол берілмейді. Кездейсоқ таңдау еркін таңдаудың альтернативі ретінде теріс емес түсініктердің талаптарын сақтау шартымен қолданылады. [11,15б]
Құны бойынша тандап алу. Мұндай жағдайда мәліметтер жиынтығын іріктеу ретінде баптар емес, ақша бірлігінің құны пайдаланылады. Құн бойынша тандап алудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі аудит маңызы мен түсінігі. Оның ролі мен ұйымды басқару жүйесіндегі жалпы маңызы
Қаржылық есептеме аудитінің ақпараттық базасы
Аудиттің мәні, функциялары, принциптері
Аудиторлық тексеру
Аудиторлық тәуекел және оның компоненттері
Аудитті құжаттау — аудит жұмысының маңызы
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп жүйесін реттеудегі аудиттің маңызы мен қажеттілігі
Қаржылық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орнын ашып, оның ұйымдастырылу ерекшеліктерін көрсету және аудиттегі жұмыс сапасын бақылау
Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланасы
Мақта тазалау кәсіпорындарының басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды жетілдіру
Пәндер