Локальді желілерге арналған чат жүйесі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ЖЕЛІ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ 5
1.1 Жергілікті желі 5
1.2 Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу 7
1.3 Өз компьютеріңіздің қор көздеріне желіде ортақ қатынас құру 16
1.4 Чаттар, форумдар және ISQ 18
1.5 Интернет желісіндегі серверлер 19

2 ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫН ТАҢДАУ 27
2.1 Delphi программалау жүйесі 27
2.2 DELPHI .дің басқа аналогтық программалық өнімдермен салыстырғандағы артықшылықтар. 28
2.3 Өнімнің негізгі сипаттамалары. 28
2.4 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу . 34
2.5 DELPHI және объектілі.бағытталған программалау 37

3 ЛОКАЛЬДІ ЖЕЛІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЧАТ ЖҮЙЕСІ 42
3.1 Weв.сервердің құрылымы мен құрамы 42
3.2 Чат қосымшасының жұмысын сипаттау 46

ҚОРЫТЫНДЫ 50

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 52

ҚОСЫМША 54
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл – кез келген адам дербес компьютер, Windows амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.
Мен осы жағадайды ескере отырып, жергілікті желіге арналған чат жүйесін жасауға кірістім. Ол мынандай талаптарға сай болуы тиіс: көлемі жағынан кішігірім, көп командалар жоқ, яғни тек қажетті ғана командалар болады.
Жалпы байланыс жүйелері пайда болғанна бастап әр түрлі хабар алмасу түрлері қарастырылды. Басында қонақ кітабы, хабар қалдыру беттері болған содан соң чат жүйесі де пайда болды. Қазір ондай байланыс түрлдері көптеп саналады. Қазіргі кезде интернетте өте танымал болып тұрған форум жүйесі. Қазіргі кезде M-Agent деген программаның беделі асқақтап тұр. Оны қолданушылардың саны миллиондап саналады.
Осы программа арқылы ұялы телефонға хабарлама да жіберуге болады. Бейне көріністерді де қолдайды. Сонымен қоса ойын да ойнауға, файлдар жіберуге және жаңа дос та тауып алуға болады.
Әрине бұл программаның авторы жалығз адам емес. Мен қанша тырыссам да мұндай программа жасауға әлім келмес еді. Бәрақ жергілікті желіге арналған чат жүйесін жасауға қауқарым жетеді.

МАЗМҰНЫ

кіріспе 3

1 желі ұғымы және байланыс құралдары 5

1.1 Жергілікті желі 5

1.2 Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу 7

1.3 Өз компьютеріңіздің қор көздеріне желіде ортақ қатынас құру 16

1.4 Чаттар, форумдар және ISQ 18

1.5 Интернет желісіндегі серверлер 19

2 ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫН ТАҢДАУ 27

2.1 Delphi программалау жүйесі 27

2.2 DELPHI –дің басқа аналогтық программалық өнімдермен салыстырғандағы
артықшылықтар. 28

2.3 Өнімнің негізгі сипаттамалары. 28

2.4 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу . 34

2.5 DELPHI және объектілі–бағытталған программалау 37

3 Локальді желілерге арналған чат жүйесі 42

3.1 Weв-сервердің құрылымы мен құрамы 42

3.2 Чат қосымшасының жұмысын сипаттау 46

Қорытынды 50

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 52

қосымша 54

кіріспе

Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп
жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қарқынды
дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі
компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің
барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын
салаларында қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің,
мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да
ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен
құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен
қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді
атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне
мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі
аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби
қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы
екенін дәлелдеп отыр. Бұл – кез келген адам дербес компьютер, Windows
амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі
қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық
желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.
Мен осы жағадайды ескере отырып, жергілікті желіге арналған чат
жүйесін жасауға кірістім. Ол мынандай талаптарға сай болуы тиіс: көлемі
жағынан кішігірім, көп командалар жоқ, яғни тек қажетті ғана командалар
болады.
Жалпы байланыс жүйелері пайда болғанна бастап әр түрлі хабар алмасу
түрлері қарастырылды. Басында қонақ кітабы, хабар қалдыру беттері болған
содан соң чат жүйесі де пайда болды. Қазір ондай байланыс түрлдері көптеп
саналады. Қазіргі кезде интернетте өте танымал болып тұрған форум жүйесі.
Қазіргі кезде M-Agent деген программаның беделі асқақтап тұр. Оны
қолданушылардың саны миллиондап саналады.
Осы программа арқылы ұялы телефонға хабарлама да жіберуге болады.
Бейне көріністерді де қолдайды. Сонымен қоса ойын да ойнауға, файлдар
жіберуге және жаңа дос та тауып алуға болады.
Әрине бұл программаның авторы жалығз адам емес. Мен қанша тырыссам да
мұндай программа жасауға әлім келмес еді. Бәрақ жергілікті желіге арналған
чат жүйесін жасауға қауқарым жетеді.

1 желі ұғымы және байланыс құралдары

1.1 Жергілікті желі

Егер бір бөлмеде, ғимаратта немесе жақын орналасқан ғимараттар
кешенінде пайдаланушылар қандай да бір мәселені бірігіп шешуге, мәліметтер
алмасуға немесе ортақ мәліметтерді пайдалануға тиісті бірнеше компьютер бар
болса, онда осы компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру орынды болады.
Бірнеше мысал келтірелік:

• Егер Сіздің мекемеңіздің компьютерлері желіге қосылған болса, онда
қызметкерлер арасындағы құжаттар алмасу көшіру немесе жылжыту
амалына саяды.

• Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда
жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар
одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады.
Жергілікті желі – бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін
пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе
радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы. Жұмыс
үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта
қалтасының белгішесі көрініс табады.

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде
желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс.
Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш
аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді
кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы
құрылғы – шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі
әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының
атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу
оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Компьютердің аты мен жұмыс
тобының атауын қарау үшін Менің компьютерім белгішесін тінтуірдің оң жақ
пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірдің Сипаттар тармағын таңдап, ашылған
терезеде Компьютердің атауы қосымшасына өту керек.

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық
деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге
біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас
жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді
(INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен
серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті
бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы
туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс
беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар
алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген
мүмкіндіктер ұсынады. Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады.
Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен,
навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер
көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір
веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource
Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-
сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http:www.атауы.үйшік.
Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы –
http:www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы –
http:www.government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін
белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .uk
– Ұлыбритания, .fr – Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com –
коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu – білім
беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ
пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады. Провайдер — бұл
ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания.
Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон
компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер
жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай
ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады. Өз қажетіңізге лайықты
провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал: Мәліметтерді
жеткізу жылдамдығы – уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер
саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық
мүмкіндіктеріне байланысты.

Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу – бұл
Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі
көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ
ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық
файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін.
Енді бір түрі – кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым
болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы жылдамдықпен байланысуға
мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын
жеткізуді қамтамасыз етеді. Қызметтер құны осы аталған факторларға және Сіз
пайдаланғыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты болады.

1.2 Жергілікті желінің қор көздерін қарап шығу

Желідегі қай қалталарға ортақ қатынас құруға болатынын қарау үшін
Жұмыс үстеліндегі Желілік орта белгішесін екі рет шерту керек. Егер жұмыс
үстелінде желілік орта белгішесі жоқ болса, Бастау – Желілік орта әрекеттер
тізбегін орындаңыз. Ашылған терезеде сол жақта Жұмыс тобының
компьютерлерінің көрінісі тармағын таңдаңыз. Терезенің оң жағында желідегі
компьютерлердің атаулары бар белгішелер көрінеді. Таңдап алынған
компьютердің қор көздерін қарап шығу үшін оның белгішесін екі рет шерту
қажет. Желідегі компьютерді іздеу үшін мына әмірлерді қатарымен орындау
қажет: Бастау – Іздеу – Компьютерлерді не адамдарды – Желідегі компьютерді.
Іздеу жолына компьютердің атауын енгізу және Іздеу батырмасын басу керек.

Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт
немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.

Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді
автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.

Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер
немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған
немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер
саны жүздеген мыңдармен есептеледі.

Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру
желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала,
аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

Жергілікті желінің физикалық негізі

Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі
картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен
(материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын
(разъем) болуы шарт

Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы
жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен
магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау
процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс
станциясы қабылдайды.

Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-
желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады.
Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен
шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина
бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын
аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады.
Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы
жалпы байланысты бұзады.

ЖКЖ - де ақпаратты тасымалдау үшін төмендегідей физикалық орта
қолданылады, ыңғайлы болу үшін байланыс түрлерінің салыстырмалы түрде
көрсетілген сипаттамасына көңіл бөлейік

Интернет сөзі әдетте, желінің физикалық деңгейін білдіреді, яғни бұл
сөзбен компьютерлерден, кабельдерден және де мәліметтерді тасымалдайтын
басқа құрылғылардан тұратын аппараттық жабдықтамалар жиынын атайды.

Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық
компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды
араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тіл мен – ортақ ереже мен
байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады.
Windows 2000 Professional операциялық жүйесі тұтынушыға әр түрлі қызмет
көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс станцияларын серверлермен
байланыстыруға есептелген.

Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рол атқаруы мүмкін:

Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі
компьютермен байланысса, онда бұндай компьютер жұмыс станциясы деп аталады.

Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе,
онда ол сервер деп аталады.

Серверлер әр түрлі қызмет көрсетеді:

Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);

Баспадан шығару (баспа сервері);

Факс мәліметтерін беру және алу (факс – сервер);

Электронды поштаны алу, сақтау және беру (пошта сервері);

Сайттарды орналастыру (web - сервер);

Серверлер көрсеткен жұмысты қызмет деп атайды. Бір серверде бірден
бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін.

Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін ОЖ –гі сервер құрамындағы
программаны қосу қажет.

Сервер қызметіне қатынау үшін жұмыс станциясынан клиент деп аталатын
программаны қосу қажет.

Сервері бар, қызмет көрсететін, және клиент компьютерлері бар
жергілікті желі клиент – сервер технологиясында құрылған желі деп
аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады,
бұндай компьютерлер тең қызмет атқарады. Бұндай компьютерлерді бір ранголы
деп атайды.

Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірнеше рет іске қосылғанда
операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін
іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін – бірі оңай
табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда
операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді
анықтай алатын режимге ауысады.

Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын
компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет.
Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Файлды қызмет. Файлды қызметтің міндеті басқа ДК –ге файлды оқуға,
өзгертуге немесе құруға мүмкіншілік жасау. Кейде көптеген компьютерлер бір
файлмен жұмыс істегенде олар бір - біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан
оларға тек оқуға мүмкіншілік беру қажет. Ал ол үшін файлды қызмет қатынау
құқығын шектеу механизмін қолданады. Windows XP – де клиент қатынау үшін
шексіз каталогты (папканы) қолдануға болады. Әрбір каталогтың файлды
қызметтің конфигурациясы анықтайтын аты болады және оны ресурс деп атайды.

Әр ресурс үшін қатынау режимі анықталуы мүмкін:

тек оқу – ақпаратты оқу, бірақ өзгертуге болмайды.

толық еркін қатынау – ақпаратты оқуға, өзгертуге болады.

пароль арқылы қатынау – белгілі ресурспен жұмыс істеу үшін пароль білу
қажет.

Баспа қызметі. Кейде барлық компьютерге принтер қою мүмкін емес. Осы
жағдайда бір компьютерге принтер қойылады да басқа компьютерлерге баспадан
шығу үшін қызмет атқарады. Бұндай жағдайды біз әсіресе компьютер
сыныптарында қолданып жүрміз.

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен
қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен
жұмыс істеуге болады.

Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:

Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);

Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);

Мәліметтерді беру желілері.

Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады.
Кәзіргі уақытта ТСРІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет
(Internet) баршаға белгілі.

Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық.

DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің
жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар
арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының
нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда
болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан
компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды
жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады.

Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан
компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары
Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары
қамтамасыз етілді.

Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:

І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды.
Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді
жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы
компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.

ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына
айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір
бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік
каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары
жетілдірілді.

ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен
байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен
салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік
компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа
байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды.
90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс
арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW
интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке
қосылған қолданушылар саны тез өсті.

ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-
қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік
модель VRML пайда болды.

Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі
қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы Совам Телепорт компаниясы
электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген
бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу,
жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда
болды.

Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру
қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет
компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон
жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер
иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы
ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары
бірігіп, телефон жүйесі қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни
әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай
бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық
мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон
жүйесі тәрізді басқарылады.

Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің
Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге
ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, scuba (акваланг)
жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет
берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап
беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).
Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру
қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр.
Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны
халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет
құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір – бірімен үйлесімді түрде
байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСРІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі.
(Интернеттің шығу тарихын айту қажет)

Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың
көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық
хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр
түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.

Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:

Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған;

Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens
Corporate Network)

Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер
Интернетпен интернет – провайдер арқылы байланысады.

Интернет – провайдер – бұл компьютерлік торап (узел), клиент
компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен қосуға
мүмкіншілік жасайды.

Сондықтан клиент компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс
тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.

Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның,
бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы
болып тіркеуді желі

қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі
қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс
тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар
интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне Нұрсат,
Қазақтелеком, Алтел және СА телеком жатады.

Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:

Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен
мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. Модем деген сөз осы құрылғының
қызметіне байланысты шыққан, ол модулятордемодулятор сөздерінің қысқаша
түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон
арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал
екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы
провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады.

Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден
телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір
өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың
теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбайтс (ал шын
мәнінде 1 Мбайтс).

Аумақтық (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық
(кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі
желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған
деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.

Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін
қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат
етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік
компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз
ететін бранмауэр рөлін атқарады.

1.3 Өз компьютеріңіздің қор көздеріне желіде ортақ қатынас құру

Желі пайдаланушылары үшін қалтаға ортақ қатынас құруды баптау қалтаның
мәтінмәндік мәзірі арқылы ашылады. Желінің өзге де пайдаланушылары Сіздің
компьютеріңіздегі белгілі бір қалтадағы файлдарды ашып, оқи алуы үшін мына
әрекеттерді орындаңыз.
Өзгелер қатынас құра алатын қылғыңыз келген қалтаны таңдап, оны тінтуірдің
оң жақ пернесімен шертіңіз де, ашылған мәзірден Ортақтасу және қауіпсіздік
әмірін таңдаңыз. Ортақтасу қосымшасына өтіңіз де, Желілік ортақтасу мен
қауіпсіздік бөлімінде Бұл қалтаны желіде ортақтастыру құсбелгісін
орнатыңыз. Егер өзге пайдаланушылар осы қалтадағы файлдарды өзгерте алуын
қаласаңыз, яғни, толық ортақтасуды ашқыңыз келсе, Желідегі пайдаланушыларға
файлдарымды өзгертуге рұқсат беру құсбелгісін орнатып, Қолдану батырмасын
басыңыз. Осыдан кейін желінің өзге пайдаланушылары Сіздің ортақтасу үшін
ашық қалтаңызға қатынап, оны өз жергілікті қалтасы ретінде пайдалана алады.

Желілік басып шығарғыш – бұл жекелеген пайдаланушылар ортақ қатынаса
алатын басып шығарғыш. Басқа пайдаланушылар Сіздің басып шығарғышыңызға
қатынауын ашу үшін мына әрекеттерді орындаңыз: Бастау – Басып шығарғыш пен
факстар әмірін орындаңыз, сіздің компьютеріңізге қосылған барлық басып
шығарғыштар мен факстардың белгішелері бар сұхбат терезесі ашылады. Сіз
ортақтастыруды қалаған басып шығарғыштың белгішесін табыңыз да, оны
тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіңіз және ашылған мәзірден Ортақтастыру
әмірін таңдаңыз.Ашылған терезеде Ортақтасу қосымшасына өтіңіз де, осы басып
шығарғышқа Ортақ қатынасу жағдайын орнатыңыз. Белсенді болған мәтіндік
өрісте осы басып шығарғыштың желінің барлық пайдаланушылары көретін атауын
енгізе аласыз. Жарайды батырмасын басыңыз.

Қашықтағы компьютерден басып шығарғышты қосу үшін мына әрекеттерді
орындаңыз: Бастау – Басып шығарғыш пен факстар әмірін орындаңыз. Басып
шығарғышты орнату белгішесін екі рет шертіңіз. Басып шығарғышты орнату
шебері іске қосылады. Шебер терезесіндегі Келесі батырмасын шертіңдер.
Келесі сұхбат терезесінде ауыстырып-қосқышты Басқа компьютерге қосылған
желілік басып шығарғыш жағдайына орнатыңыз. Келесі батырмасын шертіңіз.
Келесі сұхбат терезесінде ауыстырып-қосқышты Басып шығарғыштарды шолу
жағдайына орнатыңыз да, Келесі батырмасын шертіңіз. Ашылған сұхбат
терезесінде желідегі компьютердің және оған қосылған басып шығарғыштың
белгішесін табыңыз, оны таңдаңыз да, Келесі батырмасын шертіңіз.

Осыдан кейін бізге басып шығарғышқа арналған драйверді орнату
ұсынылады. Басқа терезелердің бәрінде батыл түрде Келесі батырмасын және
соңғы терезеде Дайын батырмасын басыңыз. Енді сіз кез келген компьютерден
желілік басып шығарғышта құжаттарды басып шығара аласыз. Бұндай басып
шығарғыштардың бірнешеуін орнатуға болады, олардың біреуі негізгі (әдепкіде
құжаттар басып шығару үшін соған жөнелтіліп отырады), ал қалғандары –
қосымша деп аталады.

1.4 Чаттар, форумдар және ISQ

Чат (chat) сөзі ағылшын тілінде сөйлесу дегенді білдіреді. Internet
желісіндегі Чат – бұл Сізге желінің өзге қатынаушыларымен шынайы уақыт
режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін қызмет (11.17-сурет).
Чаттарға мәзірінде Чаттар деген сілтемесі бар кез келген веб-бетінен
кіруге болады. Тілдескісі келетін әрбір адам арнаға ену үшін алдын ала
қатынас шегін айқындап алуы, яғни, өз ник-есімін (ағылш. nickname), өзін
өзгелер қалай атағанын қалайтынын көрсетуі қажет. Есім латын не орыс
әліпбиі әріптерінен құралуы тиіс. Сондай-ақ, Сіздің хабарламаларыңыз қай
түспен ерекшеленетінін, жаңарту уақытын (чат терезесінің жаңартылып отыру
жиілігін) және шығарылатын хабарлама жолдарының санын таңдауға да болады.
Арнаға қосылғаннан кейін пайдаланушы осы пікірталасқа қатысушылардың
барлығының аттарын көреді. Чатқа жөнелтілетін мәтін барлық өзге
қатысушылардың негізгі терезесінде бірден пайда болады. Бұнда әркім кез
келген тақырыпты, топты таңдауға, сөйлеуге, тыңдауға, топтағылардың
барлығына қаратып бірдеме айтуға, өз тобын ұйымдастыруға немесе біреумен
тек екеуара сөйлесуге ерікті.
Форум – бұл сайтта қатынас жасау құралы. Форумдағы хабарламалар пошта
хабарламаларына ұқсайды, олардың әрқайсысының авторы, тақырыбы және мазмұны
бар. Бірақ, форумға хабарлама жөнелту үшін қосымша бағдарлама қажет емес,
тек сайттағы өзіне сәйкес нысанды толтырса жеткілікті

Форумның міндетті қасиеті – ондағы хабарламалар тредтерге (ағылш.
thread – жіп) біріктірілуінде. Сіз форумдағы бір хабарламаға жауап берген
кезіңізде, жауабыңыз бастапқы хабарламаға байлаулы болады. Осындай
жауаптардың реті,

жауапқа жауаптың реті тағы с.с. тредті құрайды. Нәтижесінде форум
тредтерден құралған ағаш тәрізді құрылымға ие болады. Чаттарға қарағанда
форумға жіберілген хабарламалар өте ұзақ уақыт сақталуы мүмкін және
форумдағы жауап сұрақ берілген күні шығуы міндетті емес. ICQ қызметі – бұл
Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін
таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You – Мен сені іздеп жүрмін)
бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай тәсілі
болып табылады. ICQ бейнеконференциялар ұйымдастыру, интернет-телефония,
файлдарды жеткізу, SMS-хабарламаларды жөнелту, поштаны тексеру сияқты тағы
басқа да көптеген тапсырмаларды орындай алады. ICQ мүмкіндіктерінің тізімін
жеке көшіріліп, тура бағдарламаның өзінен орнатылатын қосымша модульдер
есебінен енңейтуге болады.

Өзіңізде ICQ нұсқаларының бірін орнатып алып (олардың кейбіреулері
орыс тіліне аударылған), желінің басқа клиенттерімен сөйлесіп, хабарлама
алмаса аласыздар. Бағдарламаңызды тіркеген кезде ICQ серверінде өз жеке
байланыс орталығыңызды (Personal Communication Center) ала аласыз. Ол жерде
сіз туралы басқа тұтынушылар қол жеткізе алатындай етіп өзіңіз берген
ақпарат орналасады. Байланыс орталығындағы пейджер арқылы ICQ жоқ адамдар
Сізбен байланыса алады. Сонымен қатар пайдаланушылар Сізге арнап ICQ-ға 450
таңбадан аспайтын хат жіберуіне де болады.

ICQ бағдарламасын Internet желісінен көшіріп ала аласыз. Содан кейін
көшірілген файлды іске қосып, орнату бойынша нұсқаулықтарға ере отырып,
бұрыннан бар ICQ нөмірі мен құпия сөзді енгізіңіз немесе жаңасын тіркеңіз,
қатынас парағына өз достарыңызды қосыңыз – қатынас ашық!

1.5 Интернет желісіндегі серверлер

Internet – телекоммуникациялық, компьютер жүйесінің басқа
протоколдардың бір-бірімен байланысқан және олардың аналогиялық
протоколдарының жиынтығы.
Мәліметтер алмасу протоколы – мәліметтер беру желісіне қосылған
ережелер мен келісімдер иерімі және олардың компьютерлер арасындағы
әрекеті.
Протоколдар етегі – интернетте пайдаланылған глобальды жүйенің алғашқы
протоколдарының бірі қазіргі кездегі протоколдарын есептеу жүйесіндегі өте
кең таралған етег болып табылады. ТЕР – транспорт деңгейін жалғастыруды
орнату протоколы, ал IP – интернеттің желіаралық протоколы.
1969 жылы 2-қаңтарда АҚШ ғалымдары компьютерді желіге біріктіру
аймағын зерттей бастағанда Internet пайда болды. Зерттеуді АҚШ-тың қорғаныс
министрлігінің бөлімшесі болып табылатын Advanced Research, Project Agencu
(ARPA-перспективті зерттеу басқармасы) қаржыландыруды, нәтижесінде ARPAnet
пайда болды. ARPAnet – экспериментальды иелі, Интернет желісін тұрғызуға
негізделген 70-тен аса өңделген базаларға қызмет атқаратын теориялар мен
программалық құралдар кірде.
ARPAnet жүйесі бөлініп кеткен компьютер орталығы мен ғылыми
қызметкерлері байланыстырды. 1983 жылы ARPAnet екі желіге - ARPA net және
MIL net болып бөлінді.
MIL net жүйесі әскери қолдамыс үшін кейінге сақталынды, ал ARPA net
бейбітшілік (зерттеу үшін) мақсатта қолданылды. Екі желі арасында
информация алмасу мүмкіншілігі туды, бұл деңгейінің біріктірілу Internet
деген белгілі болды. 1980 жылыдың басында басқа қоғамдастыққа топтар мен
ұйымдарға қызмет ететін жаңа желілер пайда болды. Мысалы: Вit net желісі –
академиялық ортаға арналған ұлттық масштаб желісі немесе Es net есептеу
техникасы мен программалау зерттеушілерінің бірігуі. Басында бұл желілердің
барлығы Internetтің бөлімдері болды, бірақ бертін келе пайдаланушылардың
осы желілер бойынша информация алмасуынан Internetке жалғанды.
1986 жылы Internetтің дамуына маңызды жыл болып саналды. Осы жылы
Ұлттық Ғылыми ғалымдары АҚШ территориясына бес суперкомпьютерлік орталықты
байланыстырды. Бұл суперкомпьютерлер біріккен жоғарыжылдамдықты желі деген
атпен белгілі базалық жүйені тудырды. Ол желіде хабарламалармен мәліметтер
бергендегі Internetтің негізгі жұмыстарын атқаратын басты бөлімі . Басқа
елдер бір мезгілде өздерінің компьютерлік желілерін дамытып, оны NSF net
Internetке жалғау мүмкіншілігін алды.
Жеке комерциялық аймақтық және халықаралық желілер бір-бірімен өте
күшті байланысқан жүйе құрды. Қазіргі кезде Internet “Шнцы” болып табылатын
базалық желілер: АҚШ-та MВONE мен ANS net, Eвропада NORDU net , EURJPA net
пен EUNET.
Интернет пайда бола бастағанда, оның негізгі сервистерін: электронды
почта хабарландырудың электронды тақталары, конференция серверлері мен
мәтіндік интерфейстердің басқа да программалары жатты. 1989 жылы Тим
Бернерс-Ли HTML-ды өңдеп шығарды, сонымен қатар WEВ-парақтар редакторы
коммуникациялық программалар Next жұмыс станциясында Next Step операциялық
жүйесін жасады. Бернерс-Ли Женевадағы CERN Европалық институттың элемантар
бөлшектер лабароториясында жұмыс жасап жүрген кезінде, 1991 жылы Weв-
серверді алғаш рет іске қосты және осы бір жыл ішінде түйіндердің саны 1
млн-ға жетті.
Интернеттегі клиент – бұл Интернет желісіндегі компьютер, яғни басқа
компьютер ресурстарына қатынасты (доступ) туғызды, бірігіп іске асыру.
Гипер мәтін – түрлі мәтіндер мен фрагменттер арасында тұрғызылған
байланыстардағы (гиперсілтеме) информациялар мен оларға қатнау әдістері, ал
байланысты ерекшелеу автоматты түрде мәтінге немесе мәтін фрагментіне
катынауды тудырады.
Гиперсілтеме – бұл сөздер мен бір мәтіндегі фрагменттер арасындағы
байланыс немесе мәтінде кездескен ұғымдарды нақтылау, фрагменттерді ашу.
Гипер мәтін пайдаланушыға құжаттарды тексеруге, мәтін беттеріндегі
өзіне ұнаған мағлұматтарды ретімен қарауына мүмкіндік береді. 20 ғасырдың
70-жылдарында Тед Нельсон әлемдегі барлық информацияны үлкен бір гипер
мәтіндік жүйеге біріктіруді ұсынды. Бұл идеяның нәтижесінде WWW (World Wide
Weв – бүкіл әлемдік өрмек) – информациялық гипер мәтіндік жүйесі, яғни
тараптарда (парақтарда информациялық объектілердің түрлі типтері: мәтіндер,
графика, аудио және видео доңғалақтары)бар, ал тараптар болса гипер
сілтемелер көмегімен байланысқан. WWW – бүгінде ең әйгілі, интернеттегі ең
қызықты сервис.
Интернеттегі мәліметтер ағымының жартысынан көпшіліг WWW үлесіне
тиеді. Қазіргі кезде WWW-дағы серверлер санын дәл айту қиын, кейбір
есептеулерде олардың саны 30 мыңнан асады. WWW-ның өсу жылдамдығы Интернет
желісінің өзінен де жоғары. Бүгінде WWW-Интернеттің алдыңғы қатарл ы
технологиясы.
WWW клиент сервер принципі бойынша жұмыс жасайды. Дәлірек айтсақ,
клиент серверге көп серверлер кіреді, яғни клиент сұрауы бойынша түрлі
информациядан тұратын (мәтін, дыбыс, графика, үш өлшемді объект т.б.) гипер
мәнділік құжат қайтарылады, олардың әрбір элементі басқа құжаттың сітемесі
немесе бөлімі болуы мүмкін. Weв-сервері (WWW) – WWW технологиясын пайдалана
отырып клиент сұранысын өңдейтін сервер.
Бұл сілтемелер WWW құжатында мынадай түрде ұйымдастырылады: глобалды
әрбір информациялық желісіндегі бір мезгілде жіберіледі және пайдаланушы
сол уақытта сілтеуге мүмкіншілігі бар. Мұны пайдаланушы интернет
кеңбетігінде барлық информация тен жұмыс жасай отырып байқамайды. WWW
сілтемелері тек құжаттарды көрсетпейді, сонымен қатар WWW сервисінің
спецификациясын, интернеттің информациялық ресурстарын және басқа да
сервистерді көрсетеді.
WWW программа-клиентерінің көпшілігі ( , навигаторлар) МHа
сілтемелердің желісі, электронды почталар т.б. программа-клиенті болып
табылады. Мұндай жағдайда WWW программалық құралы Интернеттің түрлі
сервистері үшін әмбебап болып табылады, ал WWW информациялық жүйенің өзі
интегралдаушы роль атқарады.
Клиент әрекет жасайтын протокол әрі WWW сервері – HTTP (Нуpertext
Transfer Protokol) – гипер көмегімен гипер мәтіндік объектілер жеткізуге
арналған Интернеттегі гипер мәтін жеткізу протоколы.
Weв-серверлердің негізгі элементтеріне: серверлік аппараттың
қамтамасыз етуі, Weв-сервер қосымшасы кіреді.
1. Аппараттың қамтамасыз етуі Аппараттық қамтамасыз ету (hardware) –
бұл физиаклық жағынан, интернет желісіне қосылған компьютердің Weв-серверін
функциональды қамтамасыз ету көбінесе аппарат платформасын таңдау
оптимальды аппарат платформасын таңдау оптимальды критерийлер қатарынан
іздеу жүйесінің нәтижесінде мыналар, мысалы құны, қолайлылығы (өнімділігі),
эксплуатация тиімділігі алынады.
Теория жүзінде аппарат платформасы ретінде кез-келген компьютерлік
архитектура қолданылады. Ал практикада веб-серверлердің жалпы мәліметтері
үшін, көбінесе Intel corparation және Sun Microsystems аппараттық
платформалары қолданылады.
2. Операциялық жүйе. Көбінесе веб-серверлер тұрғызу үшін көп
пайдаланушылар операциялық жүйесі пайдаланылады. “Желілік”-ТСРР протоколы
қолдайтын операциялық жүйесі, бұлсыз интернетте компьютердің жұмыс жасауы
мүмкін емес. “Көп-пайдаланушы” – түрлі ресурстық жүйелерге сәйкес
қатынаудың қауіпсіздікті болдырмау мүмкіншіліктерін анықтау құқығы.
Көппайдаланушы жүйесінде қатнау құқықтарын операциялық жүйенің әртүрлі
объектілеріне байланысты анықталады. Мысалы: жүйелік сервиске, жадқа
қатнау, операциялық жүйені басқару және реттеу, ал орамдық жүйе
объектісінде файлдар мен каталогтар.
Операциялық жүйе веб-серверлер үшін желідегі жұмыс қауіпсіздігіне
жауап беруі керек. Көбінесе операциялық жүйені таңдау пайдаланып отырған
аппарат платформасымен тығыз байланысты, сондықтан комплекстік программаның
аппараттық платформасы парктикалық маңызға ие. Практикада кейбір аппараттық
платформаларүшін алтернативті операциялық жүйені таңдауға болмайды. Мысалы:
( ) серверлері үшін операциялық жүйенің sun solaris-ті пайдалануда реальды
алтернативася жоқ. Apple фирмасының серверлері үшін –Mac OC System An Intel
платформасының серверлері үшін, экзотикалық операциялық жүйені таңдау
кеңінен таралған, бірақ практикада көбінесе үш түрі қолданылады: Unix,
WINDOWSNT, және WINDOWS.
3. Веб-серверлер программаның қамтамасыз ету – бұл операциялық жүйені
орындау қоснен компьютерлік жүйелердің көп көлемін тұрғызу болмаса неғұрлым
қуатты түріне алмастыру. Сипаттау терминіне масштабталушылық ені
стратегиясы кіреді: тереңнен масштабтау және көлденеңнен масштабтау.
Тереңнен масштабтау – бұл традициялық әдістеме. Кішілеу орнына
неғұрлым ірі көп процессорлы сервер табу (немесе сервер кластары). Егер бұл
жеткірең болса митифрейм, тіпті супер компьютер керек болады. Бұл
әдістемеде жетіспеушілік бар – ол көп уақытты қаржылай қорды қажет етеді.
Сондықтан тез, қарапайым стандартты серверлік модульдерін сатып алу арзанға
түсетін көлденеңнен масштабтауды қолданған ыңғайлы болыа саналады. Веб-
серверлер үшін программалық-аппарттық платформаларды таңдағанда
масштабтылықтың қажеттілігі мүмкіншіліктері қаралады.
б) Вертуальды серверлерді орналастыру. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті желінің қор көздері
Локальды желі
Ақпараттық технология
Frame Relay протоколы
Internet желісі және қауіпсіздігі
ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР
TCP/IP хаттамаларының жұмыс жасау негіздері
IP желілерде нақты уақыт режимінде ICQ хабарлар алмасу жүйесінде ақпараттық сервистерін іске асыру
Құжаттарды бір-бірімен ұқсастығы
Желілік технология енгізу пані бойынша электронды оқулық
Пәндер