Құрылыс керамикасының химиясы жəне технологиясы


Құрылыс керамикасының химиясы жəне технологиясы.
Кірпіш жəне черепица өндірісі
Құрылыс керамикасын қолдану түріне қарай қабырғалық (кірпіш, керамикалық тастар, олардан жасалған панелдер), фасадтық (беттік кірпіш, əр түрлі тақшалар), жабатын (черепица), канализациялық жəне дренаждық құбырлар, бетондар үшін керамикалық толтырғыштар (керамзит, перлит, аглопорит) деп бөледі. Құрылыс керамикасының негізгі түрі болып 250х120х65 мм өлшемді параллелепипед формалы кəдімгі сазды кірпіш (МЕСТ 530-54) саналады. Кірпіштің жылу ұстағыштық қасиетін жоғарылату үшін əртүрлі керамикалық блоктар қолдана басталды. Төбені (шатырды) жабу үшін əртүрлі типті черепицалар (жапқыш) қолданылады. Фасадтық керамикалық бұйымдарға беттік деп аталатын кірпіш (МЕСТ 7484-55), фасадтық тақшалар жатады.
Кірпіш түрлері Толық денелі кірпіш - бос көлемдері аз (13%-дан кем) материал. Ішкі жəне сыртқы қабырғаларды қалау, бағаналар тұрғызу жəне көбінесе басқа ғимараттардың салмақ көтергіш элементерін орнату үшін қолданылады. Ол сондай-ақ «құрылыс», «кəдімгі», «қатардағы» кірпіш деген аттарымен белгілі. Мұндай кірпіш майысуға, қысуға (егер құрылымға өте үлкен салмақ түссе, онда М 250, тіпті М 300 маркаларын сұрауға болады), үлкен беріктігі болу керек, аязға да төзімді болуы керек. МЕСТ бойынша осындай кірпіштің аязға төзімділігі бойынша ең жоғары маркасы - F 50, бірақ F 75 маркалы кірпішті кездестіруге де болады.
Жылу ұстағыштық қасиетін, қалауыш ерітіндімен жабысу сапасын, сонымен бірге ауа райы өзгергенде ылғал сіңіргіштігін де кеуектілігі айқындайды. Кəдімгі кірпіштің ылғал сіңіргіштігі 8%-дан жоғары болуы керек, ал сатуда бұл шаманың 20%-ға жететіндері кездеседі. Толық денелі кірпіштің жылу өтуге кедергесі көп емес, сондықтан бұл материалдан қаланған сыртқы қабырғалар қосымша жылытуды қажет етеді.
Қуыс денелі кірпіш жеңілдетілген сыртқы қабырғыларды, бөлмелерді бөлетін қабырғаларды, биік жəне көпқабатты ғимараттардың каркастар арасын қалау үшін қолданады. Қуыс денелі кірпіштердегі тесіктер тесіп өткенде, не бір жағынан жабық болуы да; пішіні бойынша - дөңгелек, квадрат, тік бұрышты жəне сопақ; орналасуы бойынша - тік (вертикалды) жəне горизонталды болулары мүмкін. Горизонталды тесіктері бар материалдар (М25…. М100) осалырақ болатын ескерту керек. Қуыстар көлемнің едəуір бөлігін (13%-дан артық) құрайды, сондықтан қуыс денелі кірпіш жасауға, толық денелі кірпіш жасауға қарағанда, шикізат аз шығындалады. Осыдан оның бағасы да аз болып, оны «үнемді» деп те атайды. Жылу техникалық сипаттарын жақсарту үшін өндіріс сатысында-ақ оған күйдіргенде, саз массивінде майда қуыстар туындатып, күйіп ұшып кететін торф, ұсақтап кесілген сабан, үгінді немесе көмір қосады. Осылай алынған кірпішті жиірек «жеңіл» немесе «жоғары тиімді» деп атайды.
Өрмелеуші кірпіш, ол «беттік» жəне «фасадтық» деп те аталады, ғимараттарды өрмелегенде қолданылады. Оның стандартты өлшемдері, кəдімгі кірпішпен бірдей - 250×120×65 мм. Кейбір кірпіш өндірушілер ені кішірейтілген (120 мм орнына 85 мм) фасадтық кірпіш ұсынады. Əдетте, фасадтық кірпіш - қуыс денелі, демек, оның жылу техникалық сипаттары жеткілікті жоғары. Нормативтер бойынша, өрмелеу жоғары суыққа төзімділікке жəне сыртқы түрі «жақсы көрінуге» ие болу керек. Түсі бірдей, қырлары - тегіс, пішіні - дəл болуы керек. Жарықшылар жəне бетінде қабыршақтар болмауы тиісті. Сазды массалардың құрамын таңдап жəне күйдірудің мерзімі мен температурасын реттеп, өндірушілер алуан түрлі түстер алады. Фактуралы (рельефті) өрмелегіш кірпіш өте қызықтырады. Оның қыры беттерінде сүрет болады. Бұл көп қайталанатын сығылып жасылған рельеф болуы мүмкін, немесе «мрамор», «антик», «ағаш» түрде (үйкелген немесе əдейі тегіс емес қырлары бар фактуралы) жасалған болуы мүмкін, бұл тапсырушыны талабына қарай.
Фасонды кірпіш басқаша фигуралы деп атайды. Оның айрықша белгілері - дөңгелетелген бұрыштары мен қабырғалары, шабылған немесе қисық қырлары. Тап осындай элементерден аркалар, дөңгелек колонналар, фасадтар əшекейлеуі жасалады. Терезе алды мен карниздар үшін арнайы элементтер болады. Фасонды кірпіштің бір түрі - лекалды кирпич , оның пішіні берілген лекало бойынша тапсырыспен жасалады.
Глазурланған немесе ангобирленген кірпіш сыртқы жəне ішкі қабырғаларды ерекше дизайнерлік өрмелегенде пайдаланады. Кең түстер гамассы кезкелген əшекейлеу идеясын іске асыруға мүмкіндік береді. Жалтыраған түсті бетті кірпіш алу үшін күйдірілген саздың бетіне глазур жағады, сосын екінші күйдіруді енді төменірек температурада өткізеді. Глазурланған кірпіш жоғары суыққа төзгіштікке ие болады, бұл мозаикалық панноларды ғимарат ішінде де, көшеге де салуға мүмкіндік береді. Ангобирленген кірпіш («екі қабатты» немесе «түсті») жасау технологиясы ерекшелеу болады, ол үшін түсті құрамды кептірілген кірпішке жағады да оны тек бір-ақ рет күйдіреді. Əшекейлегіш жағатын затты өзі де басқа. Ангоб сұйық күйде жектізілген ақ немесе бояулармен боялған саздан тұрады. Егер күйдіру температурасы дұрыс таңдалса, ол мөлдір емес күлгір түсті тегіс қабат береді.
Сыртқы түріне талаптар: түсті бетінде қаспақтар жəне жарықшалар, көпіршіктер мен төмпешіктер болмауы керек; бұдырлар мен сынықшылар болуы мүмкін, бірақ аз мөлшерде (4-тен артық емес), бұл сияқты қара нүктелерге - «мушкаларға» да қатысты (3-тен артық емес) .
Бұлар негізінен шет елдерде жəне тапсырыс бойынша шығарылады, бірақ Ресейде де өндірушілерді бар - бұл челябин зауыты «Кемма», красноярск зауыты «» жəне басқа. Ақ түсті беті бар ангобирленген кірпішті «Победа Кнауф» зауыты, қуыстылығы жоғары (43% дейін) түсті материалды - «Керамика» НПО шығарады.
Клинкерлі кірпіш цоколдерді қаптау, жол, көше, қоралар, өндірістік ғимараттар едендеріне төсеу, фасадтарды қаптау үшін қолданады. М 400 маркасына төмен шығармайды. Кірпіштің үлкен тығыздығы ерекше шикізат жəне арнайы технология арқасында жетеді. Материалдың бұл түрін өндіруде қиын балқитын саздар пайдаланылады. Оларды пісіп біріккенше, кəдімгі құрылыс кірпішін дайындауда қабылданған температураға қарағанда едəуір жоғары температураларда күйдіреді. Бұл қымбат материал, оны тым қатал жағдайларда пайдаланылатын құрылыс элементтері немесе жол төсемдеріне пайдаланған қолайлы. Кемшілігі: жоғары тығыздығы əсерінен клинкер жоғары жылуөткізгіштікке ие болады.
Шамот кірпіші жоғары температураларға шыдамды, сондықтан ашық отпен жанасатын жерлерді қалау үшін қолданылады. Оны «пеш», отқа төзімді жəне шамотты деп атайды. Бұл материал 16000C-тан жоғары температураға шыдайды. Мұндай кірпішті отқа төзімді саздан - шамоттан жасайды. Осы сазды от жалынының əсеріне пеш кұлап қалмауы үшін қалайтын ерітіндіге қосады. Шамот кірпішін классикалық, сондай-ақ трапециялық, сына тəріздес жəне арка тəрізді пішінде жасап шығарады.
Керамикалық кірпіш өндірісі Дəстүр бойынша, кірпішті керамикалық жəне силикатты деп бөледі. Олар тек өлшемдерімен ұқсас, ал материалдары жəне оларды жасап шығару əдістері бойынша мүлдем бөлек. Керамикалық кірпішті саздан (əдетте, əртүрлі функционалды қосындылармен) илейді жəне күйдіреді. Бұл екі материалдың сипаттары əртүрлі МЕСТ-армен шектеледі де, құрысшылар олардың арасында өте анық шекара жүргізеді. Керамикалық кірпіш жасап шығарудың екі тəсілі болады: пластикалық жəне жартылай құрғақ престеу. Бірінші жағдайда ылғалдығы 17. . 30% сазды массаны ленталық престен сығып шығарады, сосын кептіреді жəне күйдіреді. Екінші тəсіл аз тараған - ылғалдығы 8. . 10% саздан кірпішті қатты престеу арқылы илейді; мұндай материал есептеулі жоғары ылғалдығы бар орындар үшін қолданылмайды. Илеу тəсілі бойынша масса 12-20 % мөлшердегі сумен бекітіліп, мұқият араластырғаннан соң вакуумды ленталы преске беріледі. Қалыпталып иленген лента шикі-кірпішке кеселеді, ол одан əрі қарай кептірілуге (кептіргіш
камераларға) беріледі, соңынан 1С-қа жуық температурада пештерде (жиі
туннельді пештерде) күйдіріледі. Жартылай құрғақ престеу тəсілі бойынша ылғалдығы 8 %-дан көп емес иленетін массаны револьверлілік преске береді, онда 30 МПа дейін қысымда шикі-кірпіш қалыптанады. Пластикалық қалыптап илеудегі ылғалдықтан бастапқы ылғалдығы едəуір аз болғандықтан, мұндай кірпіш кептірілуге бермей, бірден күйдіруге жіберіледі. Жартылай құрғақ тəсіл отын шығынын 20-26%-ға, процестің еңбек сіңіру қажеттілігін 26-30%-ға, өндірістің орын қажеттілігін 30%-ға төмендетуге мүмкіндік тудырады. Технологиялық операциялар: сазды өндіру, ірілеп ұсақтау, кептіру, ұнтақтау жəне ірі фракцияларын бөлу, жүдеткіш қосындыларды ұнтау, саз бен еленген жүдеткіш қосындыларды араластыру, саз бен жүдеткішті араластыру, қоспаны ылғалдау. Пластикалық тəсілге кіреді: сазды өндіру, оны жəне жүдеткішті уату, саз бен қосындыларды араластыру жəне адын-ала ылғалдау, шихтыны майдалап ұнтақтау, сазды қамырды дайындау.
Керамикалық кірпіштің түсі саз құрамындағы темір оксидтеріне байланысты (қоныр-сарғыштан қызылға жəне қошқылқызылға дейін) . Отандық та, шет елдік зауыттар да толық денелі керамикалық кірпіштерді (пештер, каминдер, мұржалар қаластыруға жұмсалады) жəне қабырғалар қалау үшін қуысты денелі кірпішті (тесікті, саңылы) шығарады.
Қорытынды
Керамикалық кірпішке қойылатын нормативтік талаптар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz