Қазақ жүздері


Қазақ жүздері. Олардың этникалық территориясы.
Кез келген этноәлеуметтік организмнің (ЭӘО) өз аумағы шегіңде экономикалық байланыстардың белгілі бір қауымдастығы болады. Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының құрылу, калыптасу дәуіріңдегі белгілі бір шаруашылык-мәдени үлгі (ПІМҮ), этносаяси процестер негізіндеқалыптасқан ірі этноаумақтық тайпалар бірлестіктері (немесе одақтары) - жүздер этноәлеуметгік организмнің жоғары санатгарының бірі болды. Қазақтар тарихындағы мұндай бірлесгіктер - Үлы жүз, Орта Жүз және Кіші жүз.
Жүздердің пайда болу себептері туралы әдебиет көп, бірақ олардын ен ертеректе айтылуы XVII ғасырдың аяғына жатады. Жүздердің тарихымен көптеген зерттеушілер айналысты жөне айналысып келеді, ал бұл мөселе жөніндегі пікірлер әр түрлі. Мысалы, С. А. Аманжолов ертедегі кдзақ жері үш жүзге монғолдарға дейінгі кезенде - Х-ХП ғасырларда бөлінді деп санайды. Н. А. Аристов бүл процесті жоңғар шапқыншылығы дәуіріне жаткызады. Ш. Ш. Уәлиханов қазақтардьщ «үш жүзге» бөлінуі « . . . әздері көшіп жүретін жерлерде өз құқықгарын қамтамасыз ету үшін одақтар құрған . . . » «ала-сапыран кезге» (Алтын Орданың ыдырау кезеңіне. - ред. ) байланыстырады.
Ш. Ш. Уөлихановтың жүздер пайда болуының себептері, уақыты туралы пікірі шындыққа мейлінше жақын, оған кейінгі тарихшылардың көзқарастары да жақындайды. В. В. Бартольд жүздердің пайда болу себебін қоршаған табиғатқа байланысты кешпелі мал шаруашылығын жүргізу жағдайларынын айырмашылығында деп біледі. Осындай аудандардың бірі - Жетісу жөне Сырдарияның орта ағысы, екіншісі - Сарысу өзені мен Сырдарияның төменгі ағысы, үшіншісі - кдзіргі Батыс Қазақстан аумағы болатын. В. В. Бартольдтің пікірінше, жүздердің құрылуына да осылайша оқшаулану себеп болған.
В. В. Бартольдтің пікірін М. Вяткин қолдап және одан әрі дамытып, географиялық фактормен қоса саяси процестер де зор рөл атқарғанын айтты. «Жекелеген ордалардың ерекше саяси одактар ретінде қалыптасуын . . . » М. Вяткин XVI ғасырдың аяғына жатқызады.
«Бізде, - деп жазады Т. Сұлтанов, - жүздердің қашан жөне қалай құрылғаны туралы накты мөліметгер жоқ. Шығыстын азын-аулақ деректемелерінде қазактар туралы еш нәрсе айтылмайды». Бұдан кейін Т. Сұлтанов XVI ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамы үйымдасуының бір нысаны екінші нысанымен - Ұлыс жүйесінің жүздермен біртіндеп ауысуы орын алған деп жорамалдайды.
«Жүз» терминінің шығу тегі туралы нақты пікір және қазақ жүздерінің пайда болу уақытын анықтаудағы үйлесімді келісім осы кезге дейін болмай отыр. Қазақстан тарихының осы күрделі де маңызды проблемаларын ашу мен шешу бөлігі міне осында жатқан болуы мүмкін. Көптеген зерттеушілер қазақ «жүзін» арабтың «джуз» - бір нәрсенің «басты бөлігі», «тармақ» деген сезімен сәйкестендіреді. Алайда араб деректемелерінде тайпалар одақтары (бірлестіктері) аумақтарының бір бөлігі ретіндегі жүздер туралы ешқандай мәліметгер жоқ. Олар орта ғасырлардың аса ыждағатты тарихшылары Рашид ад-Дин (ХІП-ХІҮ ғғ. ) мен Фазлаллах ибн Рузбиханидың (ХҮ-ХҮІ ғғ. ) шы-ғармаларынан да табылмайды.
Махмүд бен Уәлидің 1634-1641 жылдарда жазылған шығармасында Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр «осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады» делінген. Және одан әрі: « . . . ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы тандап алды, ол әрі Йуз-Орда ретінде де белгілі», - дейді.
В. П. Юдин Йуз-Орданы қазіргі қазақтардың «жүз-ордасына» теліп, бұл арада ертеде «йуз» терминінің болғаны туралы айтылуы мүмкін, бірақ оны жүздер уақытымен ешбір байланыстыруға болмайды дейді.
«Йуз-орда» - «жүз-орда» қоғамның ұйымдық құрылысын көрсететініне және өткен кездерге мұқият шолу жасау оның түп-тамыры Еуразия далалары кеңістігіндегі ертедегі мемлекеттердің құрылысында жатканын анықтауға мүмкіндік беретіні күмәнсіз. Б. з. б. III ғасырдың аяғы - б. з. II ғасырдың басыңда күш-қуаты кемеліне келген Ғұн державасы екі бөлікке - шығыс және батыс бөліктеріне бөлінген 24 тайпанын одағынан құралған. Әрбір тайпаның өз жері болған. Ен маңызды істер жалпы көсемді де сайлайтын жалпы ғұн кеңесінде шешілген. Ғүн әскерін ондықтарға, жүздіктерге, мындықтарға бөлу сол кездің өзінде-ақ калыптасқан.
Мемлекетті екі бөлікке бөлуді ғұн әскерлері құрылысының ондық есебімен бөліну жүйесін жуан-жуань тайпаларының қуатты одағы, ертеде ' түрік қағанаты қабылдаған. Батыс түрік елінің толис-тардуш, екі қанаттық жүйесі монғол қоғамы ұйымының негізіне алынған Шыңғысхан өз империясының, соның ішінде жаулап алынған жерлердің де әскери жүйесінің негізіне аумақтық және рулық тұрмыс негізін қалады: шаңырақтардяң жүздер, мындар, он мындар кұрадды. Монғоддардың ескі ғұрпы бойынша әскер үш белікке: орталык, - кэль, сол қанат немесе сол жак қол (шығыс жағы) - зюнгар, оң қанат немесе оң жак қол (батыс жағы) - бэрунгар бөліктеріне бөлінген.
Боғыршыны оң жақ қолдың (батыс жағының) билеушісі кызметіне тағайындаған кезде Шыңғысханның төменде келтіріліп отырған « . . . түменбасы бол да, осы батыс жағын алтын тауларға (яғни Алтайға дейін) басқар» деген сөздеріндегі «түменбасы» (он мыңцық әскер корпусының командирі) сөзіне назар аударыңыздар. Мұқалиді ол сол жақ қолдың (шығыс жағының) түмен-басы етіп тағайындаған.
Бұл арада «түменбасы» деген сөзді Шьщғысхан онын сөзбе-сөз мәніңде емес (қанатқа бірнеше корпус енген), қайта әскери-аумақтық шен мағынасында қолданған.
Мұңцай әскери мағынадағы әкімшілік-аумактық белініс Алтын Орда ыдырағаннан кейін де сақталған және қазақ халқыньщ этногенезі мен құрылуы кезеңінде де сақталғаны күмәнсіз. Кезінде Ақ Орданың Жошы ұрпақтарының сол қанаты болғанын айтудың езі жеткілікті. Баһадүр кезінде ол Йуз-Ордаға сәйкес келеді - бұрынғы оңдык жүйе сақталады.
Сонымен, Алтын Орданың ыдырауы мен жана этноәлеуметгік организмнің қүрылуы кезеңіндегі әскери-аумақтык күрылымдардың шамамен алынған схемасы мынадай болған (кеми беретін рет бойынша) : Орда - канат (жақ) -йуз-жүз (жүздің - канаттың әлдебір бөлігі мағынасында) . Уақыт өте келе монғолдардын үшке белінген әскери-аумақтық үйымының орнын этноаумактық құрылымдар басып, оларда экономикалық-географиялық және этносая-си факторлар ұйымдастыру негізіне айналады, бұл Иуз-Орда мысалынан көрінеді. Жүзге бөліну принципі кейінгі мемлекеттік кұрылымдар мен Казақ хандығының негізіне алынған.
К. А. Пищулина Ақ Орда мен Моғолстан кезеңінде (XIV ғасырдың екінші жартысы - XV ғасырдың бірінші жартысы) сол мемлекеттер тайпаларынын этникалық тұрақтануы орын алды және «Қазақстан халқы этникалык жағынан барған сайын біртекті, көпшілігі түрік тектес болды . . . » деп жазады. Қазакстан халқының XIII ғасырда монғолдардың шапқыншылығы үзген этносаяси және шаруашылық-мәдени даму дәстүрлері кайта жанданып, екі казак жүзінің:
Ұлы (Жетісу және Моғолстанньщ басты бөлігі) және Орта (Орталық Қазақстан және Оңтүстік Кдзақстанның кейбір аудандары) жүздерінін қалыптасу орталыктарына айналды. Бұған үшінші орталык - Кіші жүз қалыптасқан Батыс Қазақстанды да косу керек.
Алтын Орда ыдырағаннан кейін Маңғыт ұлысы едәуір салмакка ие болды, ол Едігенің мұрагерлері кезінде (XV-XVI ғғ. ) бұл ордада ноғайлар санынын өсуі себепті Ноғай Ордасы деп атала бастады, оның осындай салмак алуы маңғыттардың монғол тайпаларының біржола түріктенуіне әкеп соқты. Ноғай Ордасына түрік тайпалары: кыпшактар, қаңлылар, қоңыраттар, керейітгер, наймандар, арғындар және басқалар"', яғни қазак халкынын құрамына кірген тайпалар ұйытқы болды. Қазақтар мен ноғайларды тілдерінің жақындығы ғана емес, материалдык және рухани мәдениеті де туыстастырады. Бұл этностардыңжері де шектес болатын: « . . . Хвалын теңізі мен Астрахан дасында казак ордалары және Жайықтың басынан Еділге карай үлкен ноғайлар орналасқан. Ноғай Ордасындағы XVI ғасырдың екінші жартысындағы өзара қырқыстар Ноғай Ордасының ыдырауына, олардың бір бөлігінін Кавказға (Кіші Ноғай Ордасы немесе Кизи ұлысы) көшіп кетуіне әкеп соқты, ал Жайык өзенінде қалған ноғайлар (бұрын 1563 жылы бекзада Жүсіптін балалары өлтірген сұлтан Ысмайыддың қол астындағылар) қазақ халқының құрамына және оның этноаумақтық бөлігі - Кіші жүзге кірді.
Казақтардың рубасыларының сездерінен жазып алынған әскери қызмет атқарған адамдардың хабарларын деректі деректемелер тобына жатқызып, оларды өткен ғасырларға (мәселен, ХҮІ-ХҮП ғасырларға) аударуға болады, өйткені көшпелі қоғамның рулык-тайпалык құрылымы тіпті өзгерген түрінде де өздерінің негізгі сипаттамаларын сақтап қалады, ал олардың сырткы көрінісі - рулық схеманың негізгі таксономикалық деңгейлері өзгермейтін қасиеті болады.
Әскери кызмет атқаратын адамдар Т. Петров пен И. Кунициннің Қалмак даласына барған кезінде көргендері туралы «сүрап алынған сөзінде»: « . . . қазір Қалмақ жерінде қазақтардың Үлкен ордасы мен Қырғыз ордасының бодан- . . . » Бұл хабар 1616жылы айтылған және қазақтардың Үлкен (¥лы) ордасы туралы ең ертеректегі айтылған сөз болып табылады. Егер Үлкен орда болса, оның антиподы - Кіші орда өзінен-өзі сұранып тұрады. Тарихта мұндай мысалдар болған - Ноғай Ордасы ыдыраған кезде екі: Жайық езенінде - Үлкен, ал Солтүстік Кавказға кеткендерден Кіші ноғайлар (Кіші Ноғай Ордасы немесе басшысының атымен Кизи үлысы) құралғанын-ак еске алайық.
1731 жылдың аяғында қазақтардың бодандығы туралы келіссөз жүргізу үшін Кіші жүзге келген тілмаш М. Тевкелев Бөкенбай батырдың айтуынан: « . . . Қырғызқайсақ ордасы үш беліктен, атап айтқанда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады» деп жазып алған.
Орынбор экспедициясының (1734 ж. ) бастығы И. Кирилловтың хабарында Қазақ жүздері туралы жалпы түсінік бар.
XVIII ғасырдын аяғындағы құжаттарда қазақ жүздері туралы мейлінше толықтүсініктер бар, оларды неғұрлым ертеректегі ғасырлар туралы айтқанда келтіруге болады, өйткені қазақтардьщ этникалық жерінің қалыптасуы - ұзаққа созылған процесс және ол алдыңғы ғасырлар ішінде жүріп жатгы. Тайпалар шекараларының тоғысқан жерлерінде әддебір өзгерістер болуы мүмкін, бірақ жүздердің аймактары, олардың сипаты сақталып қалды, өйткені жүздер жинақтап алғанда қазақ халкының біртұтас аумағы болып табылатын салыстырмалы болса да, тұракты этноаумактық құрылым.
Орынбор генерал-губернаторы Г. Волконскийдін « жай-күйі туралы түсінігінде» және XVIII ғасырдьщ аяғына жататын «Капитан Андреевтің Орта орданың шығу тегі . . . туралы суреттемелерінен Үзіндіде» этникалық аумақ пен оны мекендеген тайпалар туралы мейлінше Қызықты мәліметтер бар.
Г- Волконскийдің мәліметтеріне қарағанда, Үлкен орда (Үлы жүз) алты тайпадан: дулат, сіргелі, сары үйсін, жалайыр, қаңлы және шанышқылы тайпаларынан тұрған. Г. Волконскийде Үлы жүздің ірі тайпалары: албан, , суан, ысты, ошақты туралы мәліметтер жоқ. Мұны Ресей бодандығына рубасыларының бәрі бірдей ықылас білдіре қоймағанымең жәңе оның үстіне Қазақстанның оңтүстік-шығысында әскери-саяси жағдайдың күрделі болуьмен түсіңдіру керек. Циңдік Қытайдың 1745 жылы Жощар хандығына күйрете соққы бергеніне қарамастан, ойратгар әлі де күшті еді. Қьггай тарихшысы Вэй Юань төрт хандық туралы хабарлаған, олардың екеуі Ұлы жүздің аумағында болған, олар: ордасы Іле өзенінде орналасқан шоростар, Үрімшідегі хошоуттар еді. Жоңғарларды қуып шьіру XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басына дейін созылды.
Г. Волконскийдің хабарлауына қарағанда, шаңырақ саны 40 000 болатьщ дулаттайпасы Қытаймен шекара маңында, Құлжа, Қашғар, Кукон ауданында, Жоңғария жерінде, сондай-ақ Талас, Ангрен, Шыршық өзендері бойында, Шыңғыс-Шаған тауларында көшіп жүрген.
Құрамында 20 000 шаңырақ бар сіргелі тайпасы жаздыгүні Түркістаннан Ақмешітке қарай, Сырдария мен Қуандарияның жоғарғы ағыстарында, Алакөл мен Аунамаз көлдерінің төңіректерінде көшіп жүреді. Бұл тайпа көшпелілерінің кыстаулары Сарысу және Қараша өзендерінін бойында болған. 70 000 шаңырағы бар сары үйсін және жалайыр тайпалары сіргелі тайпасымен аралас көшіп жүреді. Шаңырақ саны 3000 болатын қаңлы және шанышқылы тайпалары Сырдария жағалауынан Ташкент жағына көшеді.
Бұл жерде қатаған тайпасы туралы аздап айтып өту керек. Ш. Ш. Уәлиханов «Қоқан хандығы туралы жазбасында» шанышқылы (Уөлихановта «чанчклы») және қатаған тайпалары бір тайпа дейді. Бұдан әрі ол Үлкен орданың қатаған және қаңлы рулары Ташкент төңірегінде көшіп жүреді және «Ташкент аймағы әскерлерінің негізін құрайды, бұл орайда қандылар зекет төлейді және кажет болған жағдайда қосымша әскер береді деп жазады. Сөйтіп катағандар әскердің пүрсатты бөлігі болған және бұл осы тайпаның тағдырында қасіретгі рөл атқарған.
XVI ғасырдың аяғында-ақ Сұлтанғазы сұлтан бастаған қатаған тайпасының казақтары Қашғарияға кеткен. Ғазы сұлтанның ұрпақтары Қашғарияда маңызды мемлекеттік қызметтер аткарды, ал қатағандар қашғарлыктардың Есім хан қазақтарына қарсы соғысына қатысты. XVII ғасырдың бірінші ширегінде қатаған-қазақтардың қаддықтары Ташкентге билікті басып алған Тұрсын-Мұхаммедке бағынды. 1628 жылы Есім хан Тұрсын-Мұхаммедке өлтіріп, оның кдтағандарын қырып тастады. Ш. Уәлиханов катағандар деп санайтын шанышқылылар қазақтардың арасында жеке болыс болған жок, олардың бірлі-жарым шаңырақтары, олардың қанды тайпасымен бірге көшіп жүрген жағдайындағы сияқты, басқа рулардың қауымына қосылған.
Г. Волконскийдің мәліметгеріне қарағанда Үлкен ордада (Үлы жүзде) 133 000 әулет болған.
Г. Волконскийдің мөліметтерінде Орта жүздің барлық алты тайпасы ата-лады: олар - арғындар, наймандар, қыпшақтар, керейлер, уақтар және коңыраттар.
Саны 35 000 шаңырақтан түратын наймандар Қытаймен шекара манында Тарбағатай тауларында және Ертіс бойында көшіп жүрген, 900 шаңырактый жайлауы Есілдің жоғарғы ағысында, ал қыстаулары Торғай маңында, Алакөл көлінде, Жыланшық өзенінің сағасында болған, 10 000 шаңырақ Торғай мен өзендерінің кеңістігінде, Ақтуар тауларында бірге көшіп, кыс кезінде Түркістан мен Ташкент теңірегіне кеткен.
30 000 шаңырак арғындардың кыстаулары Баянауыл, Қызылтау, Далба, үкіті казлық, Шыңғыстау, Шаған тауларында, Торғайдың жоғарғы ағысы, Ұлытауда болған, ал жазда олар Ерейментауға және Нүра, Жиделісу өзендеріне көшіп барған; 9000 шаңырақ Ертісті бойлай көшіп жүрген, 4000 шанырак Ішқоныр құмы мен Шу өзені бойында қыстап, жаздыгүні Сарысу өзеніне және Есіл өзенінің жоғарғы ағысына кетіп отырған. 11000 шаңырақ арғындар Есіл өзенінің бойында, Көкшетау мен Мүқшатауда қыстап, көшіп жүрген. 80 000 шаңырақ арғыңцар Обаған өзенінің бойывда қыстап, жаздыгүні Торғай мен Тобыл бойына көшіп барған, 6000 шаңырағы Аят өзенінің бойын-да көшіп жүріп, қыста Сарыбүтан өзенінің бойындағы торғай даласында, Тосын құмдарында кыстаған.
Саны 1000 шаңырақ болатын қыпшақтар - Есіл, Обаған өзендерінің бойында, 7000 шаңырағы Тобыл, Аят өзендерінің бойывда көшіп жүрген, ал қыстаулары Ұя езенінің бойында және Степной бекінісінен Усть-Үй бекінісіне дейінгі казак линиясы тұсында болған. 3500 шаңырақ кыпшақтар жазда Орынбор линиясына қарай Аманқарағай және Белібай алкабына, ал қыста Шиқияқ және Торғай өзендерінде Қарақұмның ортасына дейін барып көшіп жүрген. 2000 шаңырақ қыпшақгар жаздыгүні Торғай, Мойынды өзендерінің бойында, Обағанның жоғарғы ағысывда кешіп-қонған.
1000 шаңырақ керейлер Үя, Тоғызақ өзендерін бойлай көшіп, Верхнеуральскіден Степной бекінісіне дейінгі линия маңывда және солардың тұсындағы далада қыстаған, 4000 шаңырақ керейлер жаздыгүні Есілдің шығыс жак жағалауын бойлай көшіп, Звериноголовск және Пресногорвковск бекіністерінің тұсындағы Обаған өзеніне қараған далада кыстайтын болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz