Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Жазбаша деректемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Қытай деректемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3. Отандық және шетелдік деректемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

КІРІСПЕ
Ежелгі дәуірдегі, әуелгі және кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер түрлі тілдерде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, араб, парсы, түрік тілдерінде жазып қалдырылған. Бұл түпкі деректемелердің ақпараттық деңгейі оның хронологиялық және аумақтық шектеулігі, сондай-ақ осы аймақтың халықтары мен тайпалары тарихының мейлінше әр түрлі болуы салдарынан ерекшеленеді. Сондай-ақ тарихи үрдістің дамуына қарай жазба ескерткіштеріндегі нақты материалдардың жинақталуы да өскелең бағытта жүреді. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен ұштастырып алғанда жазбаша ақпараттың сипаты мен мазмұны жөнінен бұлайша алуан түрлі болуы 2,5 мыңжылдықтан астам уақыт бойындағы тарихи оқиғаларды, Қазақстанның әр түрлі этностарының шаруашылық және әлеуметтік қатынастарын, мәдениетін, тұрмысы мен әдеп-ғұрыптарын зерттеуге мүмкіндік береді.
Деректемелердің негізі көбінесе қытай деректемелерінде кездеседі. Ертедегі және орта ғасырлардағы қытай деректемелері, сыңаржақ болғанына қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.
Біздің заманымыздағы I мыңжылдықта ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазба ескерктіштерінің құны баға жеткізсіз. Tүpiк авторлар жазған бұл жазбаша деректемелердің елеулі және даусыз екі қасиеті бар, олар — автохтондылығымен, яғни жергілікті сипатта болуымен және түпнұсқалылығымен ерекшеленеді — автор өзінің көз алдында не болғаны немесе болғанынан көп уақыт өтпеген оқиғалар жайында, өзi жақсы білетін фактілер туралы жазған. Сол арқы¬лы ежелгі түрік деректемелері түрік коғамындағы этникалық, әлеуметтік және мәдени үрдістер туралы жат жерлік байқаушылар жазған мәліметтерге қарағанда неғұрлым дәл түсінік береді. Монғолия жерінен мейлінше құнды ежелгі түрік мәтіндері табылды. Деректеметануда Енисей мен Таластан ашылған ескерткіштердің зор маңызы бар.
Жалғыз қытай деректемелеріне сүйеенбей, отандық және шетелдік деректемелері де түріктер туралы біршама мәлімет береді.

Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгіге дейін). Бес томдық. Алматы, 2010

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Жазбаша
деректемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Қытай
деректемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 4
3. Отандық және шетелдік
деректемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ...22
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .23
КІРІСПЕ
Ежелгі дәуірдегі, әуелгі және кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан
тарихы жөніндегі мәліметтер түрлі тілдерде: көне парсы, көне грек, латын,
қытай, көне түрік, араб, парсы, түрік тілдерінде жазып қалдырылған. Бұл
түпкі деректемелердің ақпараттық деңгейі оның хронологиялық және аумақтық
шектеулігі, сондай-ақ осы аймақтың халықтары мен тайпалары тарихының
мейлінше әр түрлі болуы салдарынан ерекшеленеді. Сондай-ақ тарихи үрдістің
дамуына қарай жазба ескерткіштеріндегі нақты материалдардың жинақталуы да
өскелең бағытта жүреді. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен
ұштастырып алғанда жазбаша ақпараттың сипаты мен мазмұны жөнінен бұлайша
алуан түрлі болуы 2,5 мыңжылдықтан астам уақыт бойындағы тарихи оқиғаларды,
Қазақстанның әр түрлі этностарының шаруашылық және әлеуметтік қатынастарын,
мәдениетін, тұрмысы мен әдеп-ғұрыптарын зерттеуге мүмкіндік береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Деректемелердің негізі көбінесе қытай деректемелерінде кездеседі.
Ертедегі және орта ғасырлардағы қытай деректемелері, сыңаржақ болғанына
қарамастан, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше құнды.
Біздің заманымыздағы I мыңжылдықта ежелгі түрік және түркі тілдес
тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазба ескерктіштерінің құны
баға жеткізсіз. Tүpiк авторлар жазған бұл жазбаша деректемелердің елеулі
және даусыз екі қасиеті бар, олар — автохтондылығымен, яғни жергілікті
сипатта болуымен және түпнұсқалылығымен ерекшеленеді — автор өзінің көз
алдында не болғаны немесе болғанынан көп уақыт өтпеген оқиғалар жайында,
өзi жақсы білетін фактілер туралы жазған. Сол арқылы ежелгі түрік
деректемелері түрік коғамындағы этникалық, әлеуметтік және мәдени үрдістер
туралы жат жерлік байқаушылар жазған мәліметтерге қарағанда неғұрлым дәл
түсінік береді. Монғолия жерінен мейлінше құнды ежелгі түрік мәтіндері
табылды. Деректеметануда Енисей мен Таластан ашылған ескерткіштердің зор
маңызы бар.
Жалғыз қытай деректемелеріне сүйеенбей, отандық және шетелдік
деректемелері де түріктер туралы біршама мәлімет береді.
Қазақстанның өткен тарихын отандық және шетелдік ғылымдардың көптен
бері назарын аударып келді. өлкенің ортағасырлық тарихын жазу жөнінде
Еуразия тарихнамасындағы алғашқы тәжірибелер XVII ғасырда жасалды. Жалайыр
тайпасынан шыққан түріктарихшысы Қадырәлі бек 1602 жылы ауызша айтылып
келген тарихи аңыздар мен Рашиди ад-Диннің (XVI ғ.) тарихи жинағы негізінде
Оқиғалар жинағы деген еңбек құрастырған, онда манғол шапқыншылығынан
кейінгі қыпшақ даласында болған оқиғалар суреттеледі.алдыңғы ортағасырлық
кезең үшін бірқатар түрік тайпаларының (қыпшақтардың, қарлұқтардың,
қаңлылардың, ұйғырлардың), оғыз таййпасының негізін қалаушы Оғыз ханның
тарихымен тікелей байланысты аталуының маңызы зор. Хиуа ханы Әбілғазы (XVIІ
ғ.) тарих екі шығарма: (Түріктер шежіресі және Түркімендер шежіресі)
жазған, олардың беттерінде оғыздардың, қыпшақтардың, қаңлылардың алдыңғы
және кейінгі орта ғасырларға қатысты тарихына едәуір көңіл бөлініп, түрік
этнонимдерінің этимологиясы келтіріледі, сондай-ақ Қазақстанның тарихи
географиясы жөніндегі мәселе қозғалады.
Нақ сол ғасырда түрік тарихшысы Мунеджджим-башы өзінің елеулі
шығармасында VIІІ-XІІI ғасырларда Қазақстан жерінде мекендеген көптеген
түрік тайпаларының тарихы мен этнографиясына ден қояды. Орталық Азияның
мемлекеттері мен әулеттері, атап айтқанда, Қарахандар, Салжұқтар,
Хорезмшахтар және басқалар туралы маңызды мәліметтер келтіріледі.
Мунеджджим-башы өзінің алдындағы мұсылман шежірешілерінің көптеген
шығармаларын пайдаланған.
Батыс Еуропа тарихнамасында Қазақстанның ортағасырлық тарихы
мәселелерін қамтитын алғашқы жарияланымдар XVIІ ғасырдың аяғында пайда
болады. Ориенталист д,Эбело мұсылман тобының оғыздар мен кимектер туралы
бірқатар жазбаша ескерткіштерінің мәліметтерін тарихи айналымға енгізген.
XVIІ ғасырда қытай жылнамалары мен арабтардың құрастырған азын-аулақ
шығармалары негізінде Ж. Дегинь түрік және манғол тайпаларының тарихына
жалпы шолу жасауға тұңғыш рет ірекет етті.шығыстың нарративтік
деректемелері бойыншамонғолдар тарихын жазған арабист д,Оссон ән-Нувайри
(XІV ғ.) бойынша қыпшақ тайпаларының тізбесін берген. И. Хаммер-Пургашталь
да Шығыстың ертедегі тарихын алғашқы зерттеушілер қатарына жатады.
Арабтардың кейінгі тарихнамасына еуропалық ғалымдар бірініші кезекте қол
жеткізді, ал олардың түрік тайпаларына көңіл бөлуі Еуропаның мұсылман
көршілерінің тарихынажалпы көңіл бөлу шеңберінен аспады. Олардың
еңбектерінде сирия-египет тарихнамалық дәстүрі, кейінгі жүйесіз
құрастырылған, неғұрлым алдыңғы деректемелерді зерттемейінше талдау жасауға
тым қиын болатын дәстүр көрініс тапқан. Еуропадағы ғылыми әдебиет оғыздар,
қыпщақтар мен кимектер туралы алғашқы мәліметтердің бұл проблеманы одан әрі
пысықтауға, шынына келгенде, ешқандай ықпал жасамағанына таңғалуға
болмайды.
XVIІ ғасырдың басындағы орыс ориенталистикасының алғашқы өкілі Г.
З. Байер Әбілғазының Түріктердің шежірелік тармағы деген шығармасын
аударумен шұғылданды. Түрік этностардың ортағасырлық тарихын зерттеу ісінде
Ресей тарихнамасының бастауында В. Н. Татищев, Н. М. Карамзин, С. М.
Соловьев, В. Г. Василевский, П. В. Голубовский және басқалар болды, олар
оғыздар ме қыпшақтардың (половецтердің) тарихын Киев Русінің тарихымен
тікелей байланысы болған ыңғайда қарастырды, Н. М. Карамзиннің өзі
қыпшақтардың қазақтарымен (қырғыздармен) генетикалық байланысына назар
аударды.
Түрік тайпалары мен олардың бірлестіктері айтылған ІХ-ХІІ ғасырлардағы
түпнұсқа араб деректемелеріне жүгіну ХІХ ғасырдың екінші жартысында
А. Шпренгердің, Г. Юльдің, А. Вамберидің, Х. Френнің, В. В. Григорьевтің,
В. П. Тизенгаузеннің еңбектерінде олар туралы толып жатқан анық
мәліметтерді анықтауға мүмкіндік берді. Нақ осы кезенде орыстың Шығыс
тарихнамасы нарративтік жазбаша ескертікштер мен нумизматикалық материалдар
түрінде берік тарихтану базасына ие болды.
Қазақстанның ортағасырлық тарихы жөніндегімәліметтер келтірілген
бірқатар бағалы деректемелерді ашып, ғылыми айналымға енгізуге Х. Д. Френ
(1782-1851) зор еңбек сіңірді. Ол Ресей құрамына енген халықтардың тарихын
зерттеуге араб деректемелерін бірініші болып тарта бастады. Х. Д. Френің
көптеген жарияланымдары арасында оның өзі Якут географиялық сөздігінен
(ХІІІ ғ.) тауып, көлемді түсініктеме берген Ибн Фадланның (Х ғ.) 1829 жылы
басып шығарылған Жазбалары ерекше бағалы болды; нда Ибн Хаукальдың (Х ғ.)
басқа да бірқатар араб геогрфтарының қосарластыра келтірілген араб
мәтіндері бер еді. Жазбалар бұл саладағы еңбектердің бүкіл ХІХ ғасыр
бойы еш теңдесі болмаған үлесіне айналған.
ХІХ ғасырдың орыс ориенталистикасында қазақ халқының шығу тегі
проблемаларына, оның негізгі этникалық компоненттерінің тарихына, рулық-
тайпалық құрылымына ынта-ықылас арта түсті. Ресейде Шығыс тарихына
университеттік курсты алғашқы рет оқыта бастаған В. В. Григорьев
Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Араб
саяхатшысы Әбу Дулафтың (Х ғ.) алдыңғы ортағасырлық Қазақстан тарихы үшін
зор маңызы бар деректерін, әсіресе кимектердің, қарлұқтардың, шігілдердің,
оғыздардың шаруашылығы, орналасуы, діні туралы мәліметтерді ғылыми
айналымға тұңғыш рет В. В. Григорьев қосты. В. В. Григорьев түсініктеме
беріп, әсіресе сол толықтырған К. Риттердің Шығы Түркістан деген кітабы
өзінің ғылыми маңызын әлі де жоғалтқан жоқ. Мұнда ол көшпелі сақтардың
қоныстану географиясына көңіл аудара отырып, ертедегі авторлардың
мтериалдарын, сондай-ақ ертеректегі араб геогрфтарының Қазақстан халықтары
мен тайпалары туралы, оның жерін басып өтетін сауда жолдары, ортағасырлық
қалалар мен қоныстар туралы хабарларын пайдаланды. В. В. Григорьевтің
пайымдауынша Орталық Азиядағы халқы үшін мұсылмандық түрік мемлекеті
Қарахандар мемлекеті деп аталып кеткен. Бұл мемлекеттің тарихын ол
мұсылмандық авторлардың көптеген нарративтік деректемелерін, соның бірі
сирек кездесетін және бізге дейін жетпеген қолжазбаларды пайдаланған түрік
авторы Ахмет Әпендінің деректемесі негізінде зерттеген. В. В. Григорьевтің
қарахандар державасының ұйытқысы қарлұқтар болғаны туралы пікірін кейінгі
зерттеушілер растады. А. Левшиннің, Н. И. Гродековьың зерттеулерінде қазқ
халқының құрамына кірген бірқатар рулар мен тайпалары туралы мәліметтер
келтірілді.
Орыс шығыстанушыларының Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті жөніндегі
деректеме базасын терендету мен кеңейту саласындағы тынымсыз жұмысы
жалғастырыла береді. Шығыстың жазбаша ескерткіштерін табу мен басып
шығаруға В.Г. Тизенгаузен зор үлес қосты. Оның мұсылман кол-жазбалары
бойынша көп еңбек етуінің жемісі араб және парсы шығармаларынан Алтын
Орданың тарихы жөнінде алынған үзінділер жинағы болды. Еуропа қорларында
сақтаулы тұрған әр түрлі қолжазбалардан оның анықтаған материалдары Шығыс
Дешті Қыпшақтың монғолдардан бұрынғы және монғолдар кезіндегі тарихы
жөніндегі ақпараттын аса құнды деректемесі болып табылады.
XIX ғасырдың орта шенінде Қазақстанда өз халқына ағарту және ғылым
саласында кызмет етуге құлшынған ұлттық кадрлар пайда болды. Қазақтың
тамаша шығыстанушысы Ш.Ш. Уәлихановтың түpiк халықтарының тарихы мен
мәдениеті жөніндегі енбектері мен зерттеулері орыс және дүниежүзі ғылымында
жоғары бағаланды және қaзipгi күндерге дейін өзінің ғылыми маңызын жойған
жоқ. Ш.Ш. Уәлиханов тарихи деректемелердің ғалымдарға беймәлім жаңа кабатын
— кең келемді жазбаша материалдармен бipre эпосты, аңыз-әңгімелерді ғылыми
колдануға енгізді, ол деректер қазақ халқы қалыптасуының ертедегі кезеңінің
бастауларын анықтап, онық құрылу барысында көшіп-қонудың елеулі рөл
атқарғанын атап көрсетуге мүмкіндік берген еді.
Тарих-шығыстану талдамаларының дамуына Н.Н. Пантусов өз үлесін қосты.
Түркістан өлкесінде 30 жылдан астам уақыт бойы қызметте болған ол тарихқа,
этнографияға, нумизматикаға, Шығыс колжазбаларын оқуға ден қойды. Ертедегі
араб географтарының географиялық шығармаларынан, сондай-ақ Бабырдың
Жазбаларынан аудармалар жариялады. Г.С. Саблуков пен П.И. Демезонның
Әбілғазының ең алдымен деректеметанушылык маңызы бар Түрктер шежіресі
деген шығармасын аударғанын атап еткен жөн.
Тарих-шығыстану зерттеулерінің одан әpi дамуы, сондай-ақ география
ғылымы мен этнография жетістіктері ХІХ ғасырдың аяғына қарай орыс
ғалымдарының жекелеген шаңырағы, негізінен әскери-саяси сипаттағы
мәліметтерді түсіндіруден оларды тарихи тұрғыдан қорытуға көшуіне,
жекелеген түрік халықтарының этникалық тарихы жөнінде жиынтық еңбек жасауға
әрекет етуіне мүміндік берді. Бұл тұрғыдан Қазақстанның ортағасырлық
тарихын зерттеуде Н. А. Аристовтың түрік тайпалары мен халықтары туралы
кеңінен мәлім еңбектері ерекше орын алады. Н.А. Аристов арнаулы білім бар
шығыстанушы болған жоқ, бірақ оның ... Этникалық, құрамы туралы
заметкалары, аса көрнекті ғалым В.В. Бартольдтің сезімен айтқанда,
біздің шығыстану жөніндегі әдебиетіміздегі ең қуанышты құбылыстардың бipi
болып табылады. Н.А. Аристовтың ғылыми еңбектерінің лайықты жағы мынада:
олар зерттеліп отырған тақырып бойынша кең көлемді деректемелер мен әдебиет
негізінде жазылған. Соның нәтижесінде ол түрік тайпалары мен халықтарының,
этникалық, құрамы туралы материалдардың мейлінше толық жинағын жасай білді.
Ол қазақ, халқын бәрінен де толық қарастырды, өйткені қазақтар түрік
халықтарының бәрінен гөpi мал шаруа-шылық және кешпелі өмір салты мен рулық
тұрмысты көбірек сақтап калған, сондықтан рулық және тайпалық бөлшктер мен
олардың есімдерін олар барынша күшті және айқын ұстанады. Қазақтың үш
жүзінің этникалық құрамын анықтаған ол ежелгі түрік тайпаларын ыңатауларын
өз заманындағы рулар мен тайпалардының атауларымен салыстырады; батыс
түріктердің дулу тайпалық бірлестігін Ұлы жүздің дулаттарымен
байланыстырады; қазақтардың құрылуына каңлылар мен қыпшақтар барынша көп
қатысқан деп атап керсетеді; ғұндар империясын ежелгі түрік мемлекеті
ретінде қарастырады, мұның өзі жалпы алғанда ғұн федерациясының ішінде
ежелгі түрік тілдерінде сөйлесетін тайпалардың басым болғандығы туралы
қазіргі ғылыми әдебиетте орныққан пікірмен үйлеседі.
XIX ғасырдың орта шенінде Н.Я. Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің
ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы
синологиядағы аса кернекті құбылыс болды. Үш томдық еңбекте қытай
деректемелерінің Қазақстанды ертеде және орта ғасырларда мекендеушілердің:
хуннулардын, (сюннулардың), усундерд1н;, кангюйлердің, яньцайлар мен түрік
тайпаларының, тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған. Қытай
хроникаларының материалдарына ауқымды тарихи-филологиялық түсніктемелер
берілген. Қытай деректемелеріне негізделген нақ сондай ертедегі
зерттеулерді араб деректемелерін қоса отырып Абель Ремюза, Ст. Жюлен
жүргізген. Оларда түріктердің, эфталиттердің тарихы, Орта Азия мен
Казақстанда манихей, будда діндерініің таралуы карастырылады. Орталық жене
Ішкі Азияның ортағасырлық тарихын жасауға жол ашатын қытай деректемелерін
басып шығару өз кезінде одан әpi жалғастырылды (Э. Бретшнейдер). Қытай және
Византия деректерін салыстыру негізінде Э. Шаванн (1903) VI—VIII
ғасырлардағы Жетісудың, батыс түріктерінің тарихын зерттеді; Қытай,
Үндістан, Алдыңғы Азия және Византия арасындағы өзара қатынастар мен мәдени
алмасуды жеңілдету iciнде Батыс түріктерінің атқарған рөлін анықтады; Сюань
Цзанның маршрутын тарихи-географиялық тұрғыдан түсіндіріп береді, Сыма
Цянның Тарихи жазбаларын аударуды жүзеге асырып, оған ауқымды тарихи
түсініктемелер жазды. Біршама уақыт өткен соң де Грот (1921) хуннулар
туралы тарауды аудару және олар туралы неғұрлым толық текстологиялық
мәліметтер келтіру үшін Сыма Цянның шығармасын кайтадан қолға алады.
Орта Азия мен Қазақстанның, ежелгі дәуірінің, аса маңызды деректеме-
лерінің, бipi Авестаның ертедей діни мәтіннің мәліметтері А. Дюперрон
жүзеге асырған, кейіннен анықталғанындай, көп жағынан маңайлайтын
аударманың арқасында XVIII ғасырдың екінші жартысында еуропалық ғылымға
мәлім болды.
XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында грек және рим
авторларының (Геродот, Ксенофонт, Полибий, Полиен, Прокопий Кесарийский)
ертедегі Қазақстан мен Орта Азияның саяси және экономикалық, сондай-ақ
экономикалық және медени тарихы мен тарихи географиясы жөніндегі көптеген
құнды материалдар бар бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылды. В.В.
Латышев көптеген антик авторларының еңбектерінен алынған Скифия туралы
үзінділерді жарыққа шығарды.
Өткен ғасырдың аяғы түркология тарихында асқан зор маңызы бар оқиғамен
есте қалды — Монғолиядағы Орхон өзенінде руналык екі үлкен ескерткіш: Күл-
тегін және Білге-каған құрметіне қойылған ескерткіштер ашылды. Дат лингвисі
В. Томсеннен кейін В.В. Радлов бұл жазбаларды оқудың,
кілтін тапты. Сол кезден бастап ежелгі түрік эпиграфикасын зерттеу
түркологияның орталығы болған Петербургте маңызды салаға айналды. 1892—1903
жылдары В.В. Радловтың инициативасымен Орхон-Енисей жазбаларын зерттеудің
нәтижелері қорытылған іргелі еңбектер шығарылды. П.М. Мелиоранскийдің
Култегін құрметіне орнатылған ескерткішті тарихи-филологиялық тұрғыдан
түсіндіру жөніндегі елеулі еңбегі сол кезде жарық көрді.
Тарих ғылымының Орталық Азия халықтарының өткенін қатаң, ғылыми тұрғыда
зерттеуді көбінесе Ресейдегі ғылым өкілдерінен күтуге құқығы бар еді,
өйткені олар үшін Қазакстан мен Орта Азия тарихының, барысын анықтаудың,
таза теориялык мәні болып қана қойған жоқ. Петербургте аймактың тарихы
жөніндегі қолжазба деректемелердін, аса бай жинағының шоғырландырылуы
кездейсоқ емес еді. Алайда В.В. Бартольдтің бағалауынша, Қазақстан мен Орта
Азияның ертедегі тарихы мен алдыңғы орта ғасырлары жөнінен ғылыми
талаптарды қанағаттандыратын монографиялар XIX ғасырдың аяғына дейін болған
жоқ. В.В. Бартольдті өзіне осы елеулі кемшіліктің орнын толтыруға тура
келді.
В.В. Бартольдтің, ортағасырлық Қазақстанның тарихы жөніндегі
зерттеулерінің теңдесі жоқ ғылыми маңызы бар. Оның еңбектері отандык және
дүниежүзілік шығыстануда тарих түпнұсқа деректемелер бойынша тарихи сынның
катаң талаптарына сәйкес зерттелген алғашқы еңбектер болды.
Ол кимектер, қыпшақтар, қарлқұтар, оғыздар туралы аса маңызды деректеме
— Гардизидің Зайн әл-ахбар деген енбегінің түріктер туралы тарауларының
тусініктеме берілген аудармасын да жариялауға еңбек сіңіріп, алдыңғы
ортағасырлық Қазақстанның тарихы үшін маңызды Худуд әл-алам сияқты
деректемені түсінікті етті, сондай-ақ Орталық Азия тарихы жөніндегі аса
бағалы деректеме — Махмұд Қашғари шығармасының географиялық, этнографиялық
және тарихи деректерін мұқият пайдаланды.
В.В. Бартольд Қазақстан тақырыбына тамаша ескерткіш — оғыздардың Китаб
дэдэм Қорқуд батырлық эпосын аударуға байланысты ынта койған еді.
Оғыздардың, эпикалық аңызын тарихи және фольклорлық тұрғыдан түсіндіру
барысында В.В. Бартольд Сырдарияның алдыңғы ортағасырлық түркі тілдес
хақыьшан мұра етіп алған Қорқыт туралы оғыз (түркімен) және қазақ
аңыздарының ортақ кезі туралы елеулі тұжырым жасады.
Оның 1898 жылы Верныйда (казіргі Алматы) бірінші рет жарияланған
Жетісу тарихының очерктері деген кітабі Қазақстан тарихын зерттеуге
қосылған бағалы ғылыми үлес болды. Бұл кітап б. з. б. II ғасырдан б. з.
XVIII ғасырға дейінгі Жетісудың саяси тарихын көрсетуде ғылыми маңызын
берік сақтап қалып отыр. Оның екі бөлімнен тұратын, авторға лайықты
дүниежүзілк даңқ әперген Түркестан монғол шапқыншылығы дәуірінде деген
іргелі еңбегі Очерктермен тығыз байланысты.
Казан революциясынан кейін В.В. Бартольд қазақ тақырыбын түрік ха-
лыктарының тарихы жөніндегі жұмыстардың кең көлемді проблемалық және
хронологиялық диапазонына енгізді бұған ұлттық тарих пен ұлттық медени
дәстүрлерге деген зор ықыластың Қазақстан мен Орта Азияда революциялық
окиғалар кезеңінде оянып, 1924 жылғы ұлттық межелену кезінде ерекше күшейе
түсуі себепші болды.
Қазақтың жоғары педагогикалық институтында болған кезінде В.В. Бартольд
Tүрік-монғол халытарыньң тарихы (1927) деген лекция оқыды. Ол Махмұд
Қашғаридің материалдары негізінде халықтар мен тайпалардың Қазақстан
жepiндe орналасу көрінісін жеткілікті дәрежеде тәптіштеп көрсетіп, кейінен
қазақ халқының қалыптасуында негізгі компонент болған қыпшақтар тілдес
лингвистикалық ерекшеліктерін сипаттап берді.
1926 жылы В.В. Бартольд түркі тілдес халықтардың тарихын күрделі
процесс ретінде қорытуға, тілі бойынша туыс, бірақ экономикалық тұрмысы
жөнінен әр түрлі халықтардың кем дегенде eкі мыңжылдық бойында жүріп өткен
дербес әлеуметтік, саяси және медени даму жолын керсетуге тұңғыш рет ғылыми
негізделген әрекет жасайды. Зерттеулерінің бұл бағытты рет алдымен оның
Орта Азияның түрік халықтарының тарихы жөніндегі он екі лекция деген
еңбегінде көрініс тапты, бұл еңбегінде ол өзінің Шығыс тарихын Еуропаның
тарихы сияқты ғылыми әдістерді қолдану жолымен ғана түсіндіруге болады
деген тезисін мейлінше дәл әpi айқын қстанады.
В.В. Бартольдтің орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихын бip
жүйеге келтіріп белгіленген кезендері тарих ғылымына қосқан сөзсіз үлесі
болып табылады, ол негізгі белгілері жағынан Шығыстың тарихдамасынан берік
орыдалды. В.В. Бартольдтің еңбектері Қазақстан тарихын зерттеуде көп
жағынан негізге алынады.
XX ғасырдың бірінші ширегіндегі көрнекті шығыстадушы И. Маркварт
танымыдың кең және жан-жақты болуымен ерекшеленеді, жиналған
меәліметтерінің байлығы және алуан түрлілігі жөнінен ол мамандардың толық
көңіл бөлуіне лайық. И. Маркварт Шығыс Еуропа елдерінде мұсылман
мәліметтерін және сонымен бірге әлі де аз зерттелген үрдісін ой елегінен
өткізіп, қорытуға елеулі әрекет жасады. Ру тарихын тану бұрынғысынша
көкейтесті проблема болып қала берді. М. Тынышбаев қазақтардың негізгі
тайпалары мен руларының генеалогиясын қысқаша баяндап, тарихи
түсініктемелер жасады.
Б.Я. Владимирцовтың кітабы тарих білімінің дамуындағы маңызды кадам
болды. Онда монғолдардың XI—XVIII ғасырлар бойындағы қоғамдық каты-
настарының сипатына ауқымды нақтылы материалдар негізінде таңдау жасалады.
Б.Я. Владимирцовтың монографиясы монғолтанудың үдемелі қарқынмен
ілгерлеуінде ғана емес, сонымен қатар түрік халықтарының тарихнамасында да
зор рөл атқарды. Осыған байланысты белгілі салжұқтанушы В.А. Гордлевскийдің
мына ескертпесін көрсете кеткен жөн: Түрік халықтарыдың тарихын дұрыс
түсіну үшін монғолдарды зерттеу қажет; ол түріктердің рулық құрылысы мен
олардың әлеуметік-экономикалық жағынан ұйымдасуын да түсіндіруге тиіс.
Сондықтан Б.Я. Владимирцовтың кешпелі мал шаруашылығына негізделген
монғолдар қоғамына арналған еңбегінің көшпелі және жартылай кешпелі түрік
халықтарының тарихын зерттеумен шұғылданушы көптеген зерттеушілерге ықпал
жасауы кездейсоқ емес. 30-жылдары Шығыс қоғамдарының әлеуметтік-
экономикалық жаратылысы мен азиаттық өндіріс әдісі туралы өрістетілген
пікірсайыстар тарихи танымның epicTeyi ушщөрістету үшін көп нәрсе берді.
Бұл жылдарда да жазбаша ескерткіштердің материалдарың анықтау және
нарративтік деректемелердің жинақтарын басып шығару жөніндегі маңызды жаңа
кезең байқалады. Меселен, Қазақстан тарихы бойынша Қазақстанның өткені
деректемелер мен материалдарда деген жинақ жарыққа шықты, онда түрі мен
мазмұны жөнінен әр түрлі ертедегі және ортағасырлық: көне грек, латын,
византия, қытай, араб-парсы жазбаша ескерткіштерінің кешені болды.
Түркімендер мен Түркіменстан тарихы жөніндегі материалдар деген жинақтың
шығарылуы елеулі деректемелік базаға айналды, оның негізгі мазмұны араб,
парсы және түрік тілдерінде жазылған, VII ғасырдан XIX ғасырға дейінгі
кезеңді қамтитын шығармалардан алынған үзінділердің аудармаларыдан құралды.
Жинақ ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеушілерге орта және төменгі
Сырдария бойында, Арал өңірінде мекендеген оғыздар туралы көлемді де жан-
жақты деректер береді.
Сонымен бірге 30-жылдары Авестаны зерттеу жұмысы жандана түсті (Э.
Бенвенист, X. Нюберг, Э. Херцфельд). Осы бір ежелгі ескерткішті одан ipi
талдау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz