Ш.Ш. Уәлиханов



1. Қазақтың тұңғыш тарихшы.ғалымы, этнографы Ш.Ш. Уәлиханов
2. Қазақ шежіресі
Қазақтың тұңғыш тарихшы-ғалымы, этнографы Ш.Ш. Уәлиханов (1835-1865) қазақ ұлтының төл деректері ғылыми негізделген ой айтқан қазақ ғалымдарының алғашқысы болды. Ол Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан тарихының мәселелерін, түркі халықтарының тарихын қазақтардың этногенезінің, жүздер құрылуының, қазақтардың рулық-тайпалық құрамының, орналуының мәселелерін зерттеді. Ол қазақтар мен ноғайлардың этникалық жақындығы туралы пікір айтты. «Жоңғария очерктерінде», «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының аңыз-әңгімелері» деп аталатын еңбектерінде Ұлы Жүз қазақтарына тарихи-этнографиялық сипаттама берілген, ол қазақ хандарының генеологиясы, Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасының тарихын жазды.
Ш.Уәлиханов қазақтарға байланысты этногенетикалық мәселелерге байланысты таптырмайтын дерек ретінде этнография мен фольклор мәліметтерін, қазақ аңыз-әңгімелерін жоғары бағалайды.
Х1Х ғасырдың орта шенінде Н.Я.Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы қазақ халқының этникалық тарихы үшін аса көрнекті жаңалық болды. Үш томдық еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың, усундердің, кангюйлердің, түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған/15/.
Ш.Ш.Уәлихановтың замандасы, Орыс Географиялық қоғамының мүшесі Т.Н.Потанин қазақ халқының этнографиясын зерттеуде, соның ішінде қазақ жүздерінің қашан қандай жағадйда байланысты шығуы туралы мәселерді өзінің «Очерки Северо-Западной Монголии» еңбегінде шолу жасайды/16/. Ол қазақтың арғы тегін, Ұлы, Орта, Кіші жүздердің арғы тектерін анықтауда қазақтың аңыз-әңгімелерін пайдаланады.
Алайда ол қазақ жүздерінің, арғы тегінің шығуы туралы кейбір халық арасына кеңінен тараған аңыз-әңгімелерді келтірумен ғана шектелген.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың тұңғыш тарихшы-ғалымы, этнографы Ш.Ш. Уәлиханов (1835-1865)
қазақ ұлтының төл деректері ғылыми негізделген ой айтқан қазақ ғалымдарының
алғашқысы болды. Ол Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан тарихының
мәселелерін, түркі халықтарының тарихын қазақтардың этногенезінің, жүздер
құрылуының, қазақтардың рулық-тайпалық құрамының, орналуының мәселелерін
зерттеді. Ол қазақтар мен ноғайлардың этникалық жақындығы туралы пікір
айтты. Жоңғария очерктерінде, Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының аңыз-
әңгімелері деп аталатын еңбектерінде Ұлы Жүз қазақтарына тарихи-
этнографиялық сипаттама берілген, ол қазақ хандарының генеологиясы, Қазақ
хандығы мен Ноғай Ордасының тарихын жазды.

Ш.Уәлиханов қазақтарға байланысты этногенетикалық мәселелерге
байланысты таптырмайтын дерек ретінде этнография мен фольклор мәліметтерін,
қазақ аңыз-әңгімелерін жоғары бағалайды.

Х1Х ғасырдың орта шенінде Н.Я.Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің
ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы
қазақ халқының этникалық тарихы үшін аса көрнекті жаңалық болды. Үш томдық
еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және ортағасырларда
мекендеушілердің: хуннулардың, усундердің, кангюйлердің, түрік тайпаларының
тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған15.

Ш.Ш.Уәлихановтың замандасы, Орыс Географиялық қоғамының мүшесі
Т.Н.Потанин қазақ халқының этнографиясын зерттеуде, соның ішінде қазақ
жүздерінің қашан қандай жағадйда байланысты шығуы туралы мәселерді өзінің
Очерки Северо-Западной Монголии еңбегінде шолу жасайды16. Ол қазақтың
арғы тегін, Ұлы, Орта, Кіші жүздердің арғы тектерін анықтауда қазақтың аңыз-
әңгімелерін пайдаланады.

Алайда ол қазақ жүздерінің, арғы тегінің шығуы туралы кейбір халық
арасына кеңінен тараған аңыз-әңгімелерді келтірумен ғана шектелген.

Қазақ шежіресі

Қазақтардың ру-руға бөлінуі, бұрыннан келе жатқан дәстүрден ауытқымайды
Олар шығу тектерін таратқанда, ортақ бір кіндіктен өрбитіндерін қатты
діттейді. Ру мен ру, жүз бен жүз араларындагы жол-жора бойынша да, үлкен-
кіші тәрізді салт-сана ұғымында да, о бастағы, тұқым қуалау әдеті басты
шарт болып саналады. Қазақтың қай руы болмасын жүздерден тараған ұрпақ
ретінде, ал рулардың өз ішіндегі тармаңтары; ноқта ағасы, қарашаңыраң иесі
болып жіктеледі. Сол себепті де, қай жүздің болмасын, жолы үлкен — ноқ-
таұстар ең көне руының өзі шежіре бойьшша жүздерден тараған ұрпақ болып
келеді. Осының бәрі, патриархалды-рулық тұрмыс-салтта, ата-баба жолының
үлкен-кішілігі жәйлі дүбірлі айтыстарда да көрініс тапқян... бірақ бұл
тәптіштей беретін жай емес, сондықтан да осы елдің ру-тайпалары жөніндегі
негізгі мәселемізге көшейік.

Қазақ деген ортақ атаудың аясындагы: қаңлы, шанышқылы, керейіттер Есім
ханның (шамамен 1630 жылдары жасаған) өлімінен соң қазақтардан белініп
кетеді. Уәли-ханның тұсында (XIX ғасырдың бір ширегінде.) Орта жүз
құрамынан бөлінген қоңыраттардың бір бөлігі қазіргі кезде Бұхара, Қоқан,
Ташкент, әсіресе, көбі Қаратау атырантары мен Талас бойындағы өзбек
руларына жаңын жерлерде көшіп-қонып жүр... қыпшаң, қаңлы, үйсін.., жалайыр,
найман, керей, керейіттердің ескіден келе жатқан рулар екенін айтпасам да,
ПІыңғыс-хан жорықтарынан аз-маз түсінігі барлар білуге тиіс. Қаңлы, қыпшақ
сияқты тегеурінді түркі руларын шығыс тарихшылары аты аңызға айналған,
көне, сонау Оғыз заманымен байланыстырады. Қаңлы, Әбілғазының айтуынша,
монғол шапқыншылығына дейін Ыстьқкөл жағасын, Шу, Талас өзендері бойын
жайлаған, ал қыпшақтар (Абульғази, Румянцевское издание, 49) 2 Оғыз
ааманынан Шыңғыс дәуіріне дейін 400 жыл бойы Жайық пен Еділ, Дон
аралықтарын мекендеген, сондықтан да ол жерлер Дешті Қыпшақ аталған.
Константин Багрянародный түрік елін пацинактар 3 — Атиль (Еділ), Гейк
(Жайық) және Танаис (Дон) өзендері бойындағы ежелгі тұрғындар: тіпті сол
пацинактар, қыпшақтар, уздар (оғыздар) туыстас, бір-тектес,
Византиялықтарға VII ғасырдан-ақ мәлім, ал көптеген оқымыстыларға куман
атауымен белгілі қыпшақтар болса, 1078 жылдан бергі жазба деректерде
кездеседі.

Ботандат хандық құрған кезде (Известия византийских псториков, ч. 4. с.
134) наймандар, жалайыр мен керейлер моңғол ұлыстары — халқы санатында,
шығыс тарихшыларының айтуынша, Шыңғысқа дейін-ақ, осы рулардың өз хандары —
жеке-жеке билеушілері болған. Наймандардың мекен-жайы Қарақорым
төңірегінде, жалайырлардың үлкен ордасы да, кіші ордасы да... тұратын...

Әбілғазы шежіресінде: керейлер наймандармен көршілес, түркі
тайпаларының ішіндегі ең мықтысы.

Қоңыраттар — монғолдар... Қияттар Шыңғыс ханның арғы тегімен туыстас,
кезінде саяси одақтарға ұйтқы болды. Дулаттар, суандар және үйсіндер (Рашид-
ад-диннің Жылнамаларында) дұғлат, үйшин деп аталып, монғолдың норун мен
қияттан

тарайтын 10 тайпасының құрамына кіреді. Біздің жыл санауымыздап екі
ғасыр бұрынғы қытай деректері усуньдердің солтүстік-батыс шекаралардан
қазіргі Іле округіне келіп қоныстанғанын айтады (Қазіргі Ұлы жүз жері).
Арғын руы, кейінгі деректерде, ІПағатай ұлысының құрамындағы ел ретінде
ұшырасады, Хулагудың әйелі осы арғын руынан.

Уақ-керей атауы маған белгілі көне монғол-түркі тайпаларының арасында
ұшыраспайды. Бірақ Едіге жырындағы Тоқтамыс хан бектерінің бірі уақ
руының өкілі екені айтылады.

Күрлеуіттер (ертедегі монғол тайпасы) қазір қазақ халқында қыпшақ
руының бір тармағын құрайды. Монғол құрамындағы күрлеуіттер түркі
қыпшақтарына ұқсас этникалың тарамымен таңдандырады. Бірақ Левшин олар
туралы: әр түрлі монғол, түрік тайпаларының Алтын... және Шағатай
ордаларының бірлестігі нәтижесінде пайда болған, саяси тұтастық дейді.
Монғол — түркі тайпаларының ондай біріккен одақтары тарихта аз болмаған,
мысалы: монғолдар мен ойраттардың бірлестігі, түріктер мен ұйгьғрлардың
бірлік одағы.

Сонау аласапыран замандарда, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары құрылар
алдында, Алтын Орда мен Шағатай ұлыстары құрамындары рулар өздерін сақтап
қалу мақсатында, әр түрлі елдерге, әр түрлі жерлерге қоныс аударды. Бір-
бірімен одақтасып, барған жерлерінде Шыңғыс тұқымдарын шақырып, хан
көтерді. Осындай шиеленіскен жағдайлардың нәтижесінде саяси қауымдар
құрылып, қайтадан мемлекеттік сипат ала бастайды. Сарайшық қаласы
төңірегінде — Ноғайлы елі, Ташкентте — Моғолстан, Сейхун (Сырдарияның)
солтүстік даласында — Қазақ хандыгы құрылады. Осы пікірлердің шындығына,
қазақ руларының тамаша құрамы мысал бола алады. Қазақтардың арасынан біз
Алтын Орда қыпшақтарын да, ПІағатай ұлысының арғындарын да, ұйғырлар мен
жоңғарлардың көршілестері үй-сіндерді де кездестіреміз. Қазақтардың о
бастағы шыққан тегін анықтау үшін, енді олардың аңыз-дастандарына ден
қоялық.

Бұл халық өздерін қазақ деп атайды, коршілес қырғыздар да оларды солай
атайды, Қазаңтар үш жүзге бөлінеді; (орыстар Болышая Орда, Средняя Орда,
Младшая Орда деп атайды) ¥лы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

Ұлы жүзді төрт негізгі рулар одағы құрайды: дулат, жалайы, албан, суан:
барлығы біртұтас ортақ атаймен өздерін үйсін деп атайды. Үйсендер ертте
кезде осы төрт ру одағы құрамындағы қуатты тайпа болған. Ертедегі
үйсіндердің көпшілігі ұйғырлар мен жоңғарлардың ұлыстарына сіңеді де,
қалғаны дулат руының құрамында, сары үйсіндер деп аталады.

Орта жүз қазақтарын құрайтын рулар: арғын, қыпшақ, қоңырат, найман; осы
жүзге кейініректен келіп қосылған уақ пен керейді — жетіру дейді. Кіші жүз:
әлімұлы, байұлы атты екі үлкен бірлестік пен жетірудан тұрады. Алшын бүкіл
Кіші жүздің ортақ атауы.

Қазақ немесе алаш елінің о бастағы — шығу тегі қайдан деген сұраққа,
халық арасындағы жыр-дастандардан қанағаттанарлық тәп-тәуір түсінік алуға
болады. Егер, Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы жорығы 1392 жылы басталса, сол
жылы қазақтардың алғашқы ханы —- Алаш пен оның балалары өлтірілсе, шамамен
мөлшерлеп, Алаштың XIV ғасырдың орта шенінде ғұмыр кешкені анықталады.
Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны және
орыстардан шыққан казактарға тәнті болғаны күмән кел-тірмесе керек. Олай
дейтін себебіміз, орыс жылнамалары (Псков жылнамалары) біздің сөзімізді
растайды. Рязань казактарының 1444 жылы Москваны татарлар қоршағанда,
көмекке келуі, ал Украинада 1517 жылы тарихшы Окольскийдің айтуынша: олар —
казактар гетман Предислав Ланцкоронскийдің басшылығымен Белгородңа
(Аккерман) шабуыл жаса-ған... Ал татарларда (көшпелі түркілерді айтып отыр
— ауд.) еркін өмірді аңсаушылық, шаһарларға шапқыншылық ұйымдастыру орыс
казактарына қараганда ертерек болған. Ен далада еркін өмір сүру — европа
рыцарларының серілігімен тең еді. Бөрі азығы жолда, ер азығы қомда деп, ер-
кіндік аңсаған сайыпқыраы сабаздардың орыстар жеріндегі алғаш мекені —
Украина (Окраина) болды. Запорождық, дондың, орыс казактары тым аз уақыттың
ішінде-ақ жеке халық болып қалыптаса бастаса, аласапыран кезде, Алтын
Орданың ыдырауынан дүниеге келген ұсақ хандықтар арасындағы талас-тартыстың
салдарынан ірі-ірі әр түрлі рулар далаға қоныс аударып, қауымдарын құра
бастады. Сондай-ақ, орыс-казактары да әр тектес тайпалардан одақ құрып,
казактар деген атауға ие болды. Татар (түркі дегені — ауд.) қазақтарының
шыққан тегін Алаш, Алашамен байланыстыруында да тарихи шындық жатыр.
Себебі, еркіндік аңсаған азиялықтардың да шартты түрде өз ханы, өздерінің
саяси бірлігі — мемлекеті, әр түрлі тайпалар одағын ұстап тұратындай пірі-
кесемі — сиынатындай ата-бабасы болуға тиіс еді. Қыпшақ пен Түркістан
ордаларынан босқан халықтардың есесімен, казак одағының өсіп, нығаюы бірте-
бірте, астыртын түрде болды. Тайпалар одағының қуаты мен санына байланысты
— ¥лы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деген ұғым қалыптасты. Көшпелі тұрмыс,
жаугершілікке бейімділік далалықтардың күнделікті тірлігінде ізін қалдырды.
Шайбанинама деректеріне қарағанда, қазақдеген жаңа қауым адамдары
құрметті, отырықшылардан рухани жоғары деген ұғымда баяндалады.

Қалада тұратын туыстастары. өзбек, ноғайлардан (татарлар), көшпенділер
өздерін жоғары санаған, еркіндіктің символы — қазақ деген атты мақтаныш
тұтқан. Г. Левшиннің тұжырымынша: XVI ғасырда Қыпшак, даласы мен Жетеде
(чете) екі қуатты ұлыс болды; ол Дадан мен Қазақ хандық құрған — Моғолстан.
XVI ғасырда ыдыраған Алтын Орда мемлекетінің халқынан: қыпшақ, найман,
қоңырат, жалайыр, қаңлы т. б. әйгілі рулар өз еріктерімен, не күшпен
қазақтарға келіп қосылып, Қазақ ордасын құрды... Қазақтардың соңғы ханы
тұсындағы жаңа, қосымша рулардың дүниеге келуін онша қиналмай-ақ
түсіндіруге болады, осы құбылысты, тіпті, қазақ жүздері мен байырғы
руларының қалай құрылранының үлгісі ретінде қарауға болады. Хан Абылай 1757
жылы қырғыздарды шапқанда бірнеше жүз тұтқын жесірлерді ордасына алып кеп,
арғын ішіндегі атығай арасына қоныстандыр-ды. Келе-келе, уақыт өте сол
тұтқын қырғыздар атытайлық-тармен араласып, өздерінің шығу тегін Атығайдың
түп атасы Дәуіттің (атығай ру басы) 12 баласының бірінен таратып: жаңа
қырғыз, бай қырғыз деп атап кетті. Жаңа рулардың пайда болуына тағы бір
мысал: ¥лы жүздің Керейіт атты тайпасы қазақтардан бөлініп шығып, өзбек
құрамындағы керейіттерге барып қосылды да, ал қалған аз бөлігі далаға қайта
оралып кеп, Кіші жүзге қосылып, соның бір тармағы ретінде, өздерін қарақат
бабадан таратады.

Қазақтардың өзі, мен жоғарыда атап өткендей, ру аттарын бағзы
замандарда өткен ру басыларының, бабаларының атымен байланыстырады. Ал,
қыпшақ, найман, қоңырат т. б. негізгі руларды, ертеден — Шыңғыс заманынан
келе жатқан ел деп таниды және ол тайпалар қай жүздің құрамында болмасын,
өздерінің шығу тегін де сол жүзден тараған, біртұтас-құрамдас бөлігіміз деп
санайды.

Жүздердің қалыптасуына ұйытқы болған, көне монғол заң-жораларын қатты
діттейтін қазақ батырларық қарашаңыраққа иелік ету, кенже ұлдың үлесі әдет-
ғұрыпты әлі күнге дейін бұзбайды. Кіші жүз шежірелері Алшын атын қазақтың
алғашқы биі — Майқымен байланыстырады. Он екі ата байұлының бір тармағы да
алаша деп аталады.

Түркістан өзбектері де о баста жүз-жүзге бөлінгенге ұқсайды. Бірақ
олардың жүздік одақтары қазақтарға қарағанда кең көлемде — ауқымды. Өзбек
руларыныц орналасу тәртібі былай болып келеді: қоңырат — Қаршыда, маңғыт —
Бұхарада, қытай — Жарқорғанда, қыпшақ — Талекенде, найман — Зейдинде,
жалайыр — Қорғанда, диахли, минг (мың), митан, бүркіт, бахрин, қатаған,
қарақалпақтар, чендер, т. б. Бұхарадан басқа жерлерде ру мен жүздер: жүз —
Қоқанда, лакай жүз — Гисарда, қоңырат — Жиделі Байсын мен Үргеніште,
Хивада, дұрман — Қауадианда, қаттан — Құндызда, мойтан — Күмуште,
кенегестер — Гейбак пен Ташкентте, қыпшақ — Болорда, Хива мен Қоқанда, ябу
да — Болорда. Қырым мен Кубан татарлары ішінде наймандар, қыпшақтар мен
қоңыраттар бар. Ең таңданарлығы, Кавказ ноғайларында қырғыз және қазақ
деген рулардың болуы. Башқұрттың энтикалық бір тармағы ретінде қыпшаңтар
кездеседі.

Монғол-түрік тайпаларынан құралған бұл әр түрлі үш халықта рулың дәстүр
негізіндегі одақ, достың одағқа ұласып жатқанын Шайбанинама мен
Әбілғазының өзбектер соғысы туралы жазбаларынан табуға болады. Онда,
олардың рулың жол-жораны сақтай отырып... бүкіл халықтық мүддеге қарама-
қайшы көлетін — тек жеке бір тайпаның би-батырлардың сілтеуімен кететін
сәттері жиі кездеседі. Осының бәрі — олардың Алтын орда мен Шағатай
ұлысының ыдырауынан кейінгі, әр түрлі рулардың бірлігінен пайда болған
қауым екенін дәлелдей түседі. XV ғасырда атамекенінен ауып (босып), туыстың
жағынан біріккен жақын рулар бас сауғалап, жаңа жерлерге келіп, тек келіп
қана қоймай, өздерінің рулың-тайпалық патриархалды әдет-ғұрпын ала келіп,
тұрғын халықтармен мыйдай араласып, әлсіздері әлді руларға қосылып, ірі-ірі
жүз, ру, одақтар қүрылганы байқа-лады. Хулагу өулеті маңындағы деректерге
қарағанда, қазақтардың, кейіннен, түріктер мен монғолдардың араласуынан,
монғол түп атасынан пайда болған қауым екенін ашып айтады. Бұл халықтың
әуелгі шыққан тегін ғылыми тұрғыдан дәлдікпен анықтау мүмкін емес, солай
бола тұрса да олардың аңыз-әңгімелеріндегі оқиғалар нақтылы ақиқаттығымен
таңдандырады, біраң аңыз тарихи ғылым емес. Қазақтар арасындагы әрқилы
тақырыптағы дастан-жырлар өте қызғы-лықты, біраң маңызды деп айта алмаймын.
Сол себепті де, мынаны ескерген жөн, дала жыр-дастандары өзінің қарапайым,
ұғымды шынайылығымен — нақтылы өмірден алшақтамайтындығымен құнды. Онда,
ертегідегі сенімсіз сиқырлы қимыл-әрекеттер кездеспейді. Сондықтан да
болар, халық тарихи жыр-дастандарды өте жоғары бағалайды. Аңыз-
дастандардағы тарихи оқиғалар, тегі қазаққа жақын Әбілғазы жазған Түрік
шежіресі атты және сондай-ақ әсіресе (Ждами, ат-таварих), шежіредегі
деректерден ал-шақтамайды. Ата-бабаларының ерлігі туралы тарихи жыр-
дастандарға дегенде, халықтың сүйіспеншілігіиде шек жоқ, соншалықты мол
мұраны ауыздан-ауызға, жазбасыз, баспасыз, алып даланың бір шетінен екінші
шетіне жеткізіп, ғасырлар бойы ойда сақтау, олардың суырып салма (импро-
визаторлық) ғажап қабілетінің көрінісі болса керек. Көне жыр-дастандардың
сол бәз қалпында, ұшы-қиыры жоқ даланың бір шетінде айтылатып шығараданың
оқиғасы боздаланың екінші бір шетінде айна-қатесіз қайталануы таңдандырмай
қоймайды. Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған
қазақтарда, өмірдің бар саласын қамтитын оқиғалармен байланысты адам
аттары, жер-су аттары т. б. есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады.
Осы тарихи мәні бар мол мұраны біреулер ауызша, домбырамен сүйемелдеп
әндетсе, енді біреулер мынау сонау замандарда жасаған пәленше деген
күйшінің аты өщпес күйі еді деп, сыбызгыда ойнап, қобызда тартып, өнерлі
адамдардың аты ел-жұрттың есінде мәңгі қалып қоюына себепші болады.
Қазақтардың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін — шыққан тегін,
елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи
жайларды көп жасаған ақсақалдардан иждаһатпен үйреніп, өзінің шешен-дік
өнерін шыңдауда көптеген аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды
оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайды. Сондай
дайындыға бар билерділ, аузынан шыққан сөздерді халық үйып тыңдайды, ол
нақыл сөздердің мәні өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнеге, тәлім-
тәрбиелік, патриоттық мазмұнда больп келеді.

Арғын руының атығай тармағының құдайберді атасының бәйімбет әулетінен
шыққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов – фольклоршы
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан шыңы
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – географ және саяхатшы
Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы
Шоқан Уәлиханұлы
Пәндер