Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері



КІРІСПЕ
1 Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі
1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы
2 Аудиттің түрлері
2.1 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу
2.2 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары
3 Аудит жүргізудің принциптері және концепциялары
3.1 Аудиттің негізгі принциптері
3.2 Аудит концепциялары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Тақырыптың өзектілігі. Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Курстық жұмыстың мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында. [1,45б]
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуге болып табылады. Олар:
 экономикалық субъектілер (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
 салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
 қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
 аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті қаржылық ақпарат қажет. Сыртқа пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді.Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептіңжүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындысымен дәлелденбеген кәсіпкерліктерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлерін жіктеп көрсету
Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- Аудиттің теориялық негіздерін ашып көрсету;
- Аудиторлық қызметтің түрлерін жіктеу;
- Аудиттағы жұмыс сапасын бақылау жүргізуді зерделеу;
-Аудит жүргізудің принциптері және концепциялар ұғымының анықтамасын беру.
1. Ажибаева З.Н., Байболтаева Н.А., Жумагалиева Ж.Г. Аудит. Алматы, 2006г.
2. Абленов Д.О. Основы аудита. Алматы. 2005г.
3. Абленов Д.О. Аудит: теория и практика. Алматы. 2005г.
4. Ержанов М.С. Аудит. Алматы. 2005г.
5. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. Алматы, 2005г.
6. Нурсейтов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях / Учебное пособие. – Алматы, 2007г.
7. Радостовец В.К., Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы, 2002 г.
8. Сайдахметова Ф. Современный бухгалтерский учет. Алматы, 2005 г.
9. Формы первичных учетных документов.-Алматы: ИД «БИКО», 2007г.
10. Стандарты бухгалтерского учета. - Алматы: Издательство «LEM», 2007 г.
11. Международные стандарты аудита.- Алматы : Раритет, 2003.- 672 с.
12. Сборник бухгалтерских проводок. - Алматы: Издательство «LEM», 2008 г.
13. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник. - Алматы: Экономика, 1995 г.
14. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учеб. пособие -Алматы: Қаржы Қаражат, 1998г.
15. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. - Алматы: Гылым, 1994.
16. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. - Издание 5 переработанное и дополненное. - М.:ИИД «Филинъ», 2000 г.
17. Нитецкий В.В., Зайнетдинов Ф.В. Практикум общего аудита. Учебное пособие. - М.: Дело, 2000г
18. Нурсейтов Э.О., Нурсейтов Д.Э. Международные стандарты финансовой отчетности: теория и практика/ Справочное руководство. - Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2007 г.
19. Сборник ситуации по дисциплине «Аудит». – Шымкент: Университет Мирас, 2006 г.
20. Подольский В.И. Аудит.-М: Юнити, 2002.- 240 с.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Аудит Қазақстан Республикасы заңында
белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен
объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық
қорытынды есебін тексереді.
Курстық жұмыстың мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын
тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу
мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық
декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау
жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың
(аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында. [1,45б]
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуге болып
табылады. Олар:
– экономикалық субъектілер (фирмалар, акционерлік қоғамдар);
– салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
– қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
– аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен
бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер
мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті қаржылық ақпарат қажет. Сыртқа
пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді.Аудитке
деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда
болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де
қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.Аудитке
кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға
басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі
конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-
шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік
есептіңжүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық
жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде
болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық
қорытындысымен дәлелденбеген кәсіпкерліктерге сенім аз болады. Сенімге ие
болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік
қатынастар қажет болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – аудит, аудиторлар және аудиторлық
қызмет түрлерін жіктеп көрсету
Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит
мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз
керек.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- Аудиттің теориялық негіздерін ашып көрсету;
- Аудиторлық қызметтің түрлерін жіктеу;
- Аудиттағы жұмыс сапасын бақылау жүргізуді зерделеу;
-Аудит  жүргізудің принциптері  және  концепциялар ұғымының
анықтамасын беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу
жұмысындағы ұсыныстар мен қорытындылар халықаралық стандарттарға сай
Аудиторлық қызметтің түрлерін жіктеу арналған. Зерттеу нәтижелерін сыртқы
және ішкі аудитті ұйымдастыруда, ұйым басшыларын нақты ақпараттармен
қамтамасыз етуде пайдалануға болады.
Осы курстық жұмысты жазуға әдіснамалық нұсқаулық ретінде мемлекеттік
бағдарламалар, елбасының бухгалтерлік есептілікті жүргізу туралы бұйрығы,
нормативтік – құқықтық актілер, және сонымен қатар экономика саласындағы
әдеби кітаптар негіз болды.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Аудиттің теориялық негіздері

1.1 Аудиттің мәні
және қажеттілігі

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің
негізгі тұжырымдамасы бойынша аудитке мынадай анықтама берді: Аудит- бұл
экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің
бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемде (критерийге) сәйкестігін
алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі.
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған
тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға
байланысты артып отыр:
1) кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
2) өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
3) экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және
кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік
беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
4) компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін,
пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі
болмағандықтан аудиторлардың қызметі мұқтаж;
5) қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік
жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті
тәжірибелері жиі бола бермейді;
6) пайдаланушылар қабылдайтын шешімдер салдары өздері үшін өте
маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын
ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың,
серіктестіктердің және басқа да ШЖС-дің қызметін экономикалық талдаудың
және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау
мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда
көптеген операциялықмазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен
аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық
(творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен
түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады. [2,45б]
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты
немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің
ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында
аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибеде салаларының
рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Тексерудің мақсаты – кемшіліктерді
құрту жәнежамандықты жою, ал аудиттың мақсаты – кемшіліктерді кеміту және
қастықты шектеу.
Әкімшілік құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні
клиент өз қалауымен қаламайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз
қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас деңгейлес
байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең,
өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын
тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізінде шығындарды ұтымды өту мен табысты
оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да
әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның
ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің
жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды
пайдаланудың тиімділігін арттыру және ШЖС-дің табысын өсіру мақсатында
кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге
болады. [3,115б]
Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі
түсінікті болған сияқтыаудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға
қызмет көрсету;
1) шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек. Ол
кезінде басылымға шығуына кепілдік береді;
2)мемлекет, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын
қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі
аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша
табыс тапқанын, қанша салық төлейтінін анықтайды. Ал қажет болған жағдайда
аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни,
аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу
үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.
Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит “осы
үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет.
Біріншіден, аудит қорытындысы арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты
шаруашылығын жүргізуге, қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз
етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық
субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық
инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас
экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол
елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс
жүзінде қалыптастырады.
Екіншіден, аудит жұмысы үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Олай
дейтін себебіміз, аудит тексеруі барысында кәсіпорынның табыс-пайда сомасы
салық нақты анықтамадан қанша сома салық төлеу керек екенін, “салық
есебінің” дұрыс жүргізілгенін аудиторлық тексеру арқылы анықтайды. Қандай
бір елде болмасын үлкен экономикалык мәселе ол – салықтың тиісті көлемде
жинау және де нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкестігін қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде шаруашылық субъектілері өз тарапынан “салық есебін” жүргізуге
мәжбүр, оған қоса тек қана “салық есебіне” аудиттік тексеру жүргізіп,
аудиторлық қорытынды алуға мәжбүр. Ондай жасамаған жағдайда салық
инспекциясы қатал жаза қолданып, субъектілер айып төлейді.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс-
әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды
мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет. [4,15б]
Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен
ШЖС-лер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бойынша бірқатар
әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар 310 Бизнесті білу атты аудиттің
халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл стандарт қаржылық
есеп берулердің аудитін ұйымдастыруда қолданылады, ал аудиттің басқа
түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында болатын оқиғаларды,
процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар
тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудиттің
озық түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе
сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.
Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақтылы жүзеге асыру ШЖС-дің
қызметін қаржылық - кредиттік, материалдық - техникалық қамтамасыз етудің,
өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін және жоспардың баланстылығын арттыруға
ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына
субъектілердің өзінен басқа мемлекеттік, қаржылық, кредиттік, ведомствалық,
салықтық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін. Бірақ осы
буындардың бірде-біреуі салықтық жеңілдіктер беру, кредит және баға
саясатын жақсарту, өндірісті, отандық өнімдердің, жұмыс, қызметті өткізуді
ынталандыру есебінен бизнесті басқарудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы
экономикалық жағдай тудыратын мүмкіндіктерімен белгілі бір өкілеттіліктері
болса да елеулі көмек көрсете алмайды әрі материалдық өндіріс салаларындағы
бизнесті ұйымдастыруды жақсартуға ықпалын тигізбейді.
Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің
құрамдық бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жалпы экономикалық жағдайдың
тұрақтылығына қол жеткізбейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты
пайдалануды жақсартпайынша, ШЖС-дің жабдықтаушылық, өткізушілік және
қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайында бизнестің кәсіби аудитін дамыту
мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге
мүмкіндік тудырады:
1) Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның
бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және
түрлерімен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін
және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын,
тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының
принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу,
тұжырымдамасын әзірлеу;
2) Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау, бизнес
жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін
таңдау, экономикалық әлеуетті (потенциалды) пайдалану тиімділігіне
әсер ететін факторларды анықтау және ШЖС-дің қызметін жақсарту
бойынша әзірлеу;
3) Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау
механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпараттық базалардың
мағынасын ашу, аудиторлық бакылаушы-талдамалы қызметтердің
технологиясы мен нақты рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша
ұсыныстарды әзірлеу. [5,215б]
Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы
шарттарына жататындар:
– бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен
процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол
жеткізу;
– шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің озық
әдістерін анықтау;
– қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын
салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
– бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақтарту бойынша залықаралық озық іс-
тәжірибелерді жалпылау;
– бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын,
ұйымдық құрылымын жетілдіру;
– бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭВМ-ді және экономикалық-
математикалық әдістерді қолдану, ШЖС-лер қызметін басқару жүйесін
оңтайландыру.
Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз
байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономикалық нақты секторындағы ШЖС-
дің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде
болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның
ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді
тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.

1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне
қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен
қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға
септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен
кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ қаржылық жағдайды
тұрақтандыруға, ШЖС-лер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай
қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да
қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі
– ШЖС-дің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды
сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері
және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке,
меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және
олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы
бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша
қамтып жинақталған анықтамасында былай делінген: Аудит – бұл экономикалық
әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге
қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және
нәтижелерді мүдделік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс.
[6,65б]
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңында мынадай анықтама берілген:
Аудит ҚР-ның заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің
дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында
заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады.
Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың
қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оның ішінде аудит те бар)
мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың
нарықтық экономикасындағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның
пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың,
өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен,
техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың
өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.
Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айыпмашылығын көрсететін
ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:
1) ғылымның мақсаты мен мазмұны;
2) өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
3) зерделеу объектісі;
4) ақпарат көздері.
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде
оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз
бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар
мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына
қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі
мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру,
экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-
талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру
арқылы нақтылауы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне ШЖС-нің қаржылық
қызметіне кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен
расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы мен анықтығын тиянақты
тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен
қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру
болып табылады.
Бұл туралы ХАС (МСА) 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда
былай делінген: қаржылық есеп беру аудиттінің мақсаты – белгіленген
талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің
жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге
мүмкіндік беру. [7,115б]
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық
ресурстарды,салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды
жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, ШЖС-дің кірістері мен шығыстарын,
қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыру жақсы пайдаланатын резервтерді
анықтаудың шарттары мен толықтырылуы мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы
кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның
талаптарына, ШЖС-дің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет
белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты
сәйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін
болса,онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша
кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек
өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу
үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің
коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады,
сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді
керек:
1) Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа
жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін
ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2) Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін
жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3) Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның
ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық
қызметін жүйелі талдау;
4) Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін,
жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен
нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
5) Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің
дұрыстығын, ШЖС-дің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды
ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6) Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына
шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
7) Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа
қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер
бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін
арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері
мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны
ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне
қарай артады.
Осылайша, аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі
кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет
түрлері.
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне
тексеру жатады. Тексеру термині латынның revisio сөзінен шыққан, оның
аудармадағы мағынасы қайта қарау немесе қызметтерді зерттеу дегенді, ал
тексеруші - тексеріс жүргізетін тұлға дегенді білдіреді. [8,15б]
ТМД елдерінде әдетте ревизия ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы,
Н.Т. Белухинде тексеру (ревизия) - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның
басқа бақылау формаларынан айырмашылығы – объектіні тексеру барысында
ріктемесі құжаттық дәлелдерге негізделген тексеру-бақылау рәсімдері мен
әдістік тәсілдер, әр түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар
тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық,
оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі
(ведомость), материалды жауапты тұлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы
және т.б.)
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор
тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір
білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы
қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана
қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен ШЖС-лер
қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол
аудит анықтамасында бизнестің өзгеше бір сараптамасы ретінде баяндалады.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде аудит және аудиторлық
қызмет ұғымдары ажыратылып көрсетіледі. Аудиторлық қызмет бұрын қоса
есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді,
менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық,
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру,
қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді
қамтиды.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама
берілген: Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға
сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы
тәуелсіз пікір білдіру мақсатында занды тұлғалардың қаржылық есептілігін
тексеру болып табылады.
Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті
шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оның ішінде
аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік
қатынастардың нарықтық экономикадағы объективті экономика заңы экономикалық
теорияның пәні болып табылатьшы белгілі. Салалық экономикалық ғылым
салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші
күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген
салалардың өндірістік қатынасын
2 Аудиттің түрлері

2.1 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр
түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін
жіктеу әлдеқайда орнықты болады:
– аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы
және тәуекелге негізделген;
– құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл (ерікті), келісуші
(мақұлдаушы), реттемеленген және келісімшарттық;
– қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық,
өндірістік, маркетингтік;
– толықтығы: кешенді (жалпы, толық), тақырыптық (локальды,жеке),
функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
– әдістемелік тәсілдемемен: есепшіліктік (счетоводческий), тестілік,
объекті және циклдік бойынша;
– жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелі, перланентті
(ағымдық), ретроспективтік (тізбекті) және стратегиялық
(перспективалық, яғни келешегі бар);
– қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық,
ресурстық, сыртқы экономикалық;
– қатысушылар санымен, процестермен және техникалық құралдарды
қолданумен: бір мазмұнды, көп мазмұнды, дәстүрлі, компьютерлік, жеке
және комиссиялық;
– аудит жүргізілетін субъектілерімен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік,
ведомствалық, қоғамдық;
– тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен:
операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік
аудиті, басқарушылық аудит, маркетингттік аудит, кеңес беру және
басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер (1 кесте).

1 кесте. Аудиттің түрлері

№ Критерийлер Түрлері
1 Ақпаратты пайдаланушыларға сыртқы
қатысты ішкі
2 Заң талаптарына қатысты міндетті
бастамашылық (ерікті)




1-ші кестенің жалғасы
3 Аудит объектілері бойынша банктік аудит
сақтандыру
биржалар, инвестициялық институттар
мен зейнетақы қорларының аудиті
мемлекеттік аудит
жалпы аудит
4 Тағайындалуы бойынша қаржылық есеп беру аудиті
салықтық аудит
сәйкестік аудиті
операциялық аудит
арнайы(экологиялық, операциялық
және т.б)
Жүзеге асырылу мерзімі бастапқы
бойынша келісілген
6 Тексеру сипаты бойынша дәлелдеуші
жүйелі бағытталған
тәуекелдікке негізделген аудит

Ішкі аудитті ұйымдастыру мәселелерін қысқаша қарастырайық. Ішкі аудит
басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі
аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары
қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда
болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің
нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол
бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін
қажет.
Ішкі аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар
кеңесіне немес акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың
тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған
енетіндер:
– активтердің жағдайын бақылау, шешім қабылдау кезінде басшылық
пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
– жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
– ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өңдеудің
тиімділігін талдау;
– басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау
ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады.
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз
аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттің тағы
ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және
құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар
болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-
інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста
байланысы жоқтығында болып табылады.
Сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі
аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау
және ұсыну арқылы рәсімделеді. [10,85б]
Аудит объектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының,
биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорларының аудиті,
жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді. Мемлекеттік аудиттен басқа
аудит түрлеріне ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк беретін қажетті
лицензиялар қажет болады.
Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге бөлінеді:
Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы
туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субъектінің қаржылық қорытынды
есебін тексеру. Оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және
пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.
Сәйкестік аудиті – бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен
нұсқаушы материалының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына
арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.
Ішкі резервтердің пайдаланылуының тиімділігін: тиімділігі, өнімділігі
және икемділігіне қатысты ұйым шараларын, әдістерін және процедурасын
талдау.
Салық аудиті – бұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен
толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұстану.
Арнаулы аудит (экологиялық, операциялық және басқалар) – субъект
қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бір норма мен
міндеттемелердің сақталуын тексеру.
Экологиялық аудит – қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген
ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.
Операциялық аудит – басқару үшін тиімділігін, сенімділігі мен
пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизмінің
жекелеген бөліктерінің қызмет етуін тексеру. Операциялық аудиттегі тексеру
басқарудың өлшемдерін, ұйымдық құрылымын бағалауды, бухгалтерлік есеп,
компьютерлік жүйе әдістемесі мен механикасын, маркетинг пен кез-келген
басқа салалардың әдістерін ұйымдастыруды қамти алады.Жүзеге асыру уақыты
бойынша бастапқы және келісілген аудитті бөліп көрсетеді:
Бастапқы аудит – осы клиент үшін алғашқы аудиторлық тексеруді жүргізу.
Бұл қаржылық есеп беруді тексеру кезінде аудиторда тұтынушы бизнесінің
ерекшелігі, оның ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік болмайды.
Келісілген (қайталама) аудит – бұл жыл сайын сол бір тұтынушыға
аудиторлық тексеру жүргізу: бұл жерде аудиторға бухгалтерлік есеп және ішкі
бақылауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтары белгілі. Келісілген аудит
тұтынушымен қатар аудит үшін де пайдалы. Егер тұтынушының аудиторлары жиі
ауысып отырса, бұл қаржылық қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлар палаталарының өкілеттігі
Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
Аудиттің мәні мен мағынасы
Аудиторлық тапсырманы жасау
Аудит туралы ақпарат
Ішкі аудитті бағалау
Аудиттің мәні, мақсаттары, міндеттері және маңызы
Қазақстан Республикасындағы сыртқы аудитті реттеуші заңдар
Аудиторлық істің этикалық құқықтық механизмдері
Аудит субъектілері және құқықтық негіздері
Пәндер