Қаржылық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орнын ашып, оның ұйымдастырылу ерекшеліктерін көрсету және аудиттегі жұмыс сапасын бақылау
1 Аудитті ұйымдастыру ерекшеліктері
1.1Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы
1.2 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу
1.3 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары
2 Сапаны басқару жүйесі
2.1Аудитор жұмысының сапасын бақылаудың негізгі қағидалары
2.2 Аудиттің сапасын басқару процедуралары мен саясаты. Аудитордың жұмысының сапасын ішкі және сыртқы бақылау
2.3 Аудит сапасы үшін жауапкершілік. ХАС 200 «Ескі қаржылық мәліметтердің аудитінің жұмысының сапасын бақылау»
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Тақырыптың өзектілігі. Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру кызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.
Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады. Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит үғымының аясы кен, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау жэне қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ак артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру максатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақталған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».
Бизнес саласында аудит бірқатар функцияларды орындайды: бақылаушылық, сараптаушылық, басқарушылық, кеңес берушілік, өндірістік және ақпараттық.[1, 25б]
Аудитор орындайтын функциялар жүйесі ұдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К.Ш. Дүйсембаевтің еңбегінде келтірілген функциялар мен косалқы функциялар тізбері қосылады. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бакылаушылық, басқарушылық, акпараттық, тәрбиелік және әлеуметтік функциялары көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мен оның даму тенденциясына сәйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау ұсынылып отыр.
«Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кэсіби, өзін-өзі баскаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының зандарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-ІІІ заңы (өзгертулер мен толықтырулар 28.12.2016 ж)
2. ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (15.01.2015 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен)
3. Ажибаева З.Н., Байболтаева Н.А., Жумагалиева Ж.Г. Аудит. Алматы:Экономика, 2006,354бет
4. Абленов Д.О. Аудит: теория и практика. Алматы:Экономика, 2005,632с
5. Ержанов М.С. Аудит. Алматы:Экономика, 2010,523с
6. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. Алматы:Экономика, 2011,354с
7. Нурсейтов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях / Учебное пособие. – Алматы:Экономика, 2008,254с
8. Радостовец В.К., Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы, 2002 г.
9. Сайдахметова Ф. Современный бухгалтерский учет. Алматы, 2005 г.
10. Формы первичных учетных документов.-Алматы: ИД «БИКО», 2007г.
11. Стандарты бухгалтерского учета. - Алматы: Издательство «LEM», 2007 г.
12. Международные стандарты аудита.- Алматы : Раритет, 2013.- 672 с.
13. Сборник бухгалтерских проводок. - Алматы: Издательство «LEM», 2015 г.
14. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник. - Алматы: Экономика, 1995 г.
15. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учеб. пособие -Алматы: Қаржы Қаражат, 1998г.
16. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. - Алматы: Гылым, 1994.
17. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. - Издание 5 переработанное и дополненное. - М.:ИИД «Филинъ», 2016 г.
18. Нитецкий В.В., Зайнетдинов Ф.В. Практикум общего аудита. Учебное пособие. - М.: Дело, 2015г
19. Нурсейтов Э.О., Нурсейтов Д.Э. Международные стандарты финансовой отчетности: теория и практика/ Справочное руководство. - Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2007 г.
20. Туребаева Ж.К. Сборник ситуации по дисциплине «Аудит». – Шымкент: Университет Мирас, 2014 г.

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру кызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді.
Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады. Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит үғымының аясы кен, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау жэне қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ак артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру максатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақталған анықтамасында былай делінген: Аудит - бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс.
Бизнес саласында аудит бірқатар функцияларды орындайды: бақылаушылық, сараптаушылық, басқарушылық, кеңес берушілік, өндірістік және ақпараттық.[1, 25б]
Аудитор орындайтын функциялар жүйесі ұдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К.Ш. Дүйсембаевтің еңбегінде келтірілген функциялар мен косалқы функциялар тізбері қосылады. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бакылаушылық, басқарушылық, акпараттық, тәрбиелік және әлеуметтік функциялары көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мен оның даму тенденциясына сәйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау ұсынылып отыр.
Аудиторлық қызмет көрсету ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз бейүкіметтік, қоғамдық, коммерциялық кэсіби, өзін-өзі баскаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының зандарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты - қаржылық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орнын ашып, оның ұйымдастырылу ерекшеліктерін көрсету және аудиттегі жұмыс сапасын бақылау болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
-аудиттің пайда болуы және оның кезеңдерін ашып көрсету;
- ҚР аудиторлық қызмет нарығының қазіргі жағдайын талдау;
- аудиттағы жұмыс сапасын бақылау жүргізуді зерделеу;
- маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасын беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысындағы ұсыныстар мен қорытындылар халықаралық стандарттарға сай аудиттегі жұмыс сапасын бақылауды жетілдіруге арналған. Зерттеу нәтижелерін сыртқы және ішкі аудитті ұйымдастыруда, ұйым басшыларын нақты ақпараттармен қамтамасыз етуде пайдалануға болады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 Аудитті ұйымдастыру ерекшеліктері
1.1Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, ЖШС-гі қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. [2, 85б]
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі - ЖШС-нің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.

ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңында мынадай анықтама берілген: Аудит ҚР-ның заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады.
Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оның ішінде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық экономикасындағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.
Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айыпмашылығын көрсететін ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:
1) ғылымның мақсаты мен мазмұны;
2) өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
3) зерделеу объектісі;
4) ақпарат көздері.
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады. [3, 75б]
Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылауы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне ШЖС-нің қаржылық қызметіне кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.
Бұл туралы ХАС 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда былай делінген: қаржылық есеп беру аудиттінің мақсаты - белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды,салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, ЖШС-нің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыру жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен толықтырылуы мүмкін.
Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, ЖШС-нің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.
Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса,онда мақсат - осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.
Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді керек:
1) Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа
жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;
2) Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;
3) Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;
4) Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;
5) Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, ЖШС-нің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;
6) Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;
7) Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;
8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.
Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады.
Осылайша, аудит - бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері. [4, 75б]
Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. Тексеру термині латынның revisio сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы қайта қарау немесе қызметтерді зерттеу дегенді, ал тексеруші - тексеріс жүргізетін тұлға дегенді білдіреді.
ТМД елдерінде әдетте ревизия ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы, Н.Т. Белухинде тексеру (ревизия) - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа бақылау формаларынан айырмашылығы - объектіні тексеру барысында ріктемесі құжаттық дәлелдерге негізделген тексеру-бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әр түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), материалды жауапты тұлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы және т.б.)
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен ШЖС-лер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзгеше бір сараптамасы ретінде баяндалады.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде аудит және аудиторлық қызмет ұғымдары ажыратылып көрсетіледі. Аудиторлық қызмет бұрын қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.
1.2 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу
Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:
oo аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
oo құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл (ерікті), келісуші (мақұлдаушы), реттемеленген және келісімшарттық;
oo қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
oo толықтығы: кешенді (жалпы, толық), тақырыптық (локальды,жеке), функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
oo әдістемелік тәсілдемемен: есепшіліктік (счетоводческий), тестілік, объекті және циклдік бойынша;
oo жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелі, перланентті (ағымдық), ретроспективтік (тізбекті) және стратегиялық (перспективалық, яғни келешегі бар);
oo қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;
oo қатысушылар санымен, процестермен және техникалық құралдарды қолданумен: бір мазмұнды, көп мазмұнды, дәстүрлі, компьютерлік, жеке және комиссиялық;
oo аудит жүргізілетін субъектілерімен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;
oo тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингттік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер (1 кесте).
1 кесте. Аудиттің түрлері [5, 78б]
№
Критерийлер
Түрлері
1
Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты
oo сыртқы
oo ішкі
2
Заң талаптарына қатысты
oo міндетті
oo бастамашылық (ерікті)
3
Аудит объектілері бойынша
oo банктік аудит
oo сақтандыру
oo биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті
oo мемлекеттік аудит
oo жалпы аудит
4
Тағайындалуы бойынша
oo қаржылық есеп беру аудиті
oo салықтық аудит
oo сәйкестік аудиті
oo операциялық аудит
oo арнайы(экологиялық, операциялық және т.б)
Жүзеге асырылу мерзімі бойынша
oo бастапқы
oo келісілген
6
Тексеру сипаты бойынша
oo дәлелдеуші
oo жүйелі бағытталған
oo тәуекелдікке негізделген аудит
Ішкі аудитті ұйымдастыру мәселелерін қысқаша қарастырайық. Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.
Ішкі аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немес акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:
oo активтердің жағдайын бақылау, шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;
oo жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;
oo ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өңдеудің тиімділігін талдау;
oo басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады. Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттің тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.
Сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді. [6, 25б]
Аудит объектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының, биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорларының аудиті, жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді. Мемлекеттік аудиттен басқа аудит түрлеріне ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк беретін қажетті лицензиялар қажет болады.
Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге бөлінеді:
Қаржылық есеп беру аудиті - барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субъектінің қаржылық қорытынды есебін тексеру. Оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.
Сәйкестік аудиті - бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.
Ішкі резервтердің пайдаланылуының тиімділігін: тиімділігі, өнімділігі және икемділігіне қатысты ұйым шараларын, әдістерін және процедурасын талдау.
Салық аудиті - бұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұстану.
Арнаулы аудит (экологиялық, операциялық және басқалар) - субъект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бір норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.
Экологиялық аудит - қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.
Операциялық аудит - басқару үшін тиімділігін, сенімділігі мен пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизмінің жекелеген бөліктерінің қызмет етуін тексеру. Операциялық аудиттегі тексеру басқарудың өлшемдерін, ұйымдық құрылымын бағалауды, бухгалтерлік есеп, компьютерлік жүйе әдістемесі мен механикасын, маркетинг пен кез-келген басқа салалардың әдістерін ұйымдастыруды қамти алады.Жүзеге асыру уақыты бойынша бастапқы және келісілген аудитті бөліп көрсетеді:
Бастапқы аудит - осы клиент үшін алғашқы аудиторлық тексеруді жүргізу. Бұл қаржылық есеп беруді тексеру кезінде аудиторда тұтынушы бизнесінің ерекшелігі, оның ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік болмайды.
Келісілген (қайталама) аудит - бұл жыл сайын сол бір тұтынушыға аудиторлық тексеру жүргізу: бұл жерде аудиторға бухгалтерлік есеп және ішкі бақылауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтары белгілі. Келісілген аудит тұтынушымен қатар аудит үшін де пайдалы. Егер тұтынушының аудиторлары жиі ауысып отырса, бұл қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларда, сонымен бірге келесі аудиторларда күмән және сезік тудырады. [7, 45б]
1.3 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары
Аудит және оның процедурасы эволюцияның үш сатысынан (стадиясынан) өтті: растаушы аудит, жүйелі-бағдарламалы аудит, тәуекелге негізделген аудит. Бастапқы аудит бухгалтерлік құжаттар мен есеп берулерде көрініс тапқан операциялардың шындыққа жанасымдылығын тексеру және растаушы түрінде болды.
Растаушы аудитте негізінен бухгалтерлік құжаттар мен есеп берудің формаларын дұрыс жасау мәселелері қарастырылады, сол себепті де бұл кезең кітапты аудиттеу деп аталады. Аудиттің мұндай кезеңі тексеруді жүргізу кезінде аудиторлар әр шаруашылық операцияны тексеріп және дәлелдеп, бухгалтермен қатар өз есебіне алу тізімін құрады. Басқаша айтқанда мұндай аудитті есепті жүргізу немесе есепті қалпына келтіру деп атауға болады. Жүйелі бағытталған аудит шаруашылық операцияларды бақылайтын тұтынушы жүйесін бақылауды көздейді. Бұл кезде аудитор ішкі бақылауға негіз ұстайды. Ол оған жан-жақты тексеру санын қысқартуға және осы жүйеге сенуге мүмкіндік береді. Себебі ол есептегі қате мен дұрыссыздықты уақытында анықтап, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Аудитке жүйелі-бағдарламалы тәсілдеме батыс елдерінде 1960 жылдардың соңында пайдаланыла бастады әрі аудиторлар сараптаманы іштей бақылаудың негізінде жүргізді. Бұл операцияны бақылайтын жүйені қадағалауға мүмкіндік берді. Егер іштей бақылау жүйесі тиімді жұмыс істейтін болса, онда егжей-тегжейлі тексерудің қажеті болмайды, өйткені нормалардың бұзылуы мен қателерді анықтау ісінде іштей бақылау жүйесіне белгілі бір деңгейде сенім білдіруге болады. Аудиторлық фирмалар кеңес беру қызметіне, аудиторлық рәсімді нысандауды жүзеге асыруға және болатын тексерулердің сапасын арттыра түсуге көп көңіл бөлетін болды. [8, 25б]
Аудиттің жүйелі-бағдарламалы тәсілін жетілдіруге қарамастан, оның өз кемшіліктері бар. Мысалы, жүйелі-бағдарламалы аудит әкімшілікті ешкім бақыламайтын жағдайда қызметкерлердің үстінен бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Бұл арада аудиттің процедурасы басқарушы - инвесторларды емес, керісінше персонал - менеджерді алдап тұр ма, жоқ па, соны анықтауға бағдарланған.
Тәуекелге негізделген аудит - бұл кәсіпорынның жұмыс жағдайына, негізінен оның қызметіндегі тар әрі қиын межеріне қарай тексеруді іріктеп жүргізетін аудит. Аудиттің бұл түрі жұмысты тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларда шоғырландыруға және тәуекелітөмен салалардағы тексеруді қарапайымдандыруға мүмкіндік береді.Ол тексеру немесе кеңес беру барысында болуы мүмкін тәуекелдікті ескерту және оның алдын алуға бағдарланған. Тәуекелдік аудиттің айырықша маңызы - аудитордың немесе аудиторлық фирмалар өз беделін жоғалту және клиенттен айырылып қалудың ықтималдығында ғана емес, сонымен бірге, аудиторлық компаниялардың арасындағы қатаң бәсекелестікте, ірі айып-пұл мен моральдық зиянда, осы аталған қателерге ұрынып қалудың ықтималдығында болып тұр. Мәселен, мұндай жағдай үшінші бір тұлғаға немесе клиентке елеулі материалдық зиян шектіруге себеп болатын аудитордың ықылассыз және бұрыс қорытынды шығаруынан болады. Кәсіби беделден айырылу қаупі нақты аудитордың немесе аудиторлық компанияның толық күйреуімен бірдей десе де болады. Сондықтан да ЖШС-нің қызметін жан-жақты кешенді тексеруді жүргізуге мұқият дайындалып, басты назарды кадрларды іріктеуге бағдармаларды жасауға, алдағы жұмысты жоспарлауға және т.б. аудару қажет. [9, 25б]
Аудитор орындайтын функциялар жүйесі ұдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К.Ш. Дүйсембаевтің еңбегінде келтірілген функциялар мен қосалқы функциялар тізбесі қосылады. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық, басқарушылық, ақпараттық, тәрбиелік және әлеуметтік функциялары көкейкесті мәселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мен оның даму тенденциясына сәйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау ұсынылып отыр.
Аудит ауытқудың, артық шығындар мен ысыраптың алдын алу үшін оңтайлы басқарушылық шешімдерді уақтылы анықтауы қажет. Бұл субъектілер қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижелерін, іскер белсенділігін болжау ретіндегі аудиттің жаңа қосалқы функцияларының пайда болуымен шарттасылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау қабылданған этикалық және құқықтық нормаларды сақтау арқылы тәрбиелік және әлеуметтік функцияларды орындайтын. Оған қоса, нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы кәсіби аудит кемшіліктерді анықтаудың, резервтерді ашудың және ұлттық экономиканың нақты секторларында шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды негіздеудің маңызды құралына айналып отыр.
Аудиторлық қызмет тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар жүргізетін сыртқы аудит түрінде, сонымен қатар қызметі аудиторлық бақылауға алынатын ұйымның мамандандырылған бөлімшесі жүргізетін ішкі аудит түрінде жүзеге асырылады. Аудиттің екі түрінің де жалпы түпкі мақсаттары көбінесе сәйкес келеді - ол бақылау.
Сыртқы аудиттің басты міндеті - тексеру жүргізілген ұйымның дайындап тапсырған қаржылық қорытынды есебінің шындыққа сәйкестігін айқындау, оның белгілі бір кезеңдегі қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайын бағалау. Сыртқы аудит кезең сайын сырттан шақырылатын аудиторлар немесе әр түрлі аудиторлық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Аудиторлық қорытынды есеп негізінен жоғарғы тұрған ұйымдарға, акционерлерге, кредиторларға және тағы басқаларға арналған. Бұл қорытынды есепті ішкі аудиторлар да өз жұмысында қолданады. [10, 55б]
Ішкі аудитті сыртқы аудитпен салыстырғанда табиғаты, мән-мағынасы, тағайындалуы мен ұйымдастырылуы өзгеше болып келеді. Ең алдымен ескерілетіні, ішкі аудит қызметі (немесе, оны кейде ішкі ревизия қызметі, ішкі бақылау қызметі деп те атайды) ұйым ішінде құрылған бөлімше бола отырып, оның қызметін бағалау және тексеру бойынша жүйелі әрі күнделікті, жұмысты атқарады. Ішкі аудиттің басты мақсаты - басқару мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бұл үшін ішкі аудит кәсіпорын басшылығын дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін жасалған талдаудың нәтижелерімен, белгілі бір бөлімшенің қызметіне баға берумен, ұсынастармен және уақтылы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит - кәсіпорынға қызмет көрсету аясында жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін талдау үшін менеджмент арқылы анықталатын қызмет. Ішкі аудиттің көмегімен бақылау және талдау іске асырылады, сонымен қатар жүйелерді жақсартуға, жетілдіруге ұсыныстар беріледі. Оларға қызметтердің мынадай түрлері тән:
Қаржылық және операциялық ақпараттарды тексеру. Бұл сыртқы аудитордың жұмысымен сәйкес келетін үнемі жалғасатын процесс;
Операциялардың үнемділігін, тиімділігін талдау, оның ішінде қаржылық емес бақылау да бар. Кейде оны ақша құнының аудиті деп те атайды;
Заңдар мен ережелерге, менеджменттің әр түрлі сыртқы талаптары мен саясатына және басқа да ішкі талаптарға сәйкестікті талдау.Бұл үшін:
1. Активтердің қабылдануы мен есептен шығарылуының заңды болғанына және осы активтердің тиімді түрде пайдаланылуы мен сақталуы қамтамасыз етілгеніне көз жеткізу керек;
2. Міндеттемелердің ұйымның тек құқықтық операцияларына ғана қатысты бар екендігін растау.
Ішкі аудитор ұйымның жүзеге асырып жатқан операцияларының барлық типтері жайлы мәліметті білуі қажет. Бұл оның жүзеге асырылған операциялардың бірде-біреуіне сәйкес келмейтін міндеттемені тез танып білуіне мүмкіндік береді. Ол ақпараттың барлық түріне қол жеткізе алуы керек, бұған өзгеше келісім-шарттарда растап алатын хаттамалар да кіреді.
Ішкі аудит қызметінің жұмысы кәсіпорынның жоғарғы басшылығы бекіткен Ереже деп аталатын фирмаішілік актінің шеңберінде біліктілік, өз бетінше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz