Жоғарғы соттың алқалары оның құрамы, құрылу тәртібі, құрылысы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ақтөбе қаласы

Бақылау жұмысы

Тақырыбы: Жоғарғы соттың алқалары оның құрамы, құрылу

тәртібі, құрылысы

Пәні: ҚР құқық қорғау органдары

Орындаған:

Тексерген:

Ақтөбе 2011 жыл

ЖОСПАР

  1. ҚР Жоғарғы Соттың өкілеттігі.
  2. Сот билігінің конституциялық негіздері .
  3. Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы.
  4. ҚР Жоғарғы Соттың алқалары.
  5. ҚР Жоғарғы Соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы,

ҚР Жоғарғы Сотының отырысы.

Пайдаланған әдебиеттер.

Сот билігінің конституциялық негіздері.
Құқықтық мемлекет белгісінің бірі - сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот - құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды.
Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.
Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен байланысты. Онда:
1) Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер енгізілген.
2) судьялар әкімшілігі - судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын;
3) облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді.
Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген сот органдары - алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.
4) сот өндірісін бір ізге салу мақсатында республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі;
5) Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады.
6) судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының күллі ісіне қатысты - Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі
Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашыұқтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге - аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.
Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы құдіретіне жатқызылады.
Сот крпусының спалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар - біліктілік емтиханың табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді.
7) судьяларға қойылатын талаптар қатайды. Заңда тәртіптік - біліктілік алқаларының өкілдері едәуір кеңейтілді.

ҚР Конституциясының 41 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады.

ҚР Жоғарғы Сот бірінші, апелляция және қадағалау инстанция бола алады.

Бірінші инстанция ретінде ҚР Жоғарғы Сот өз қарауына алған қоғамдық мағынасы мен ең маңызды қылмыстық және азаматтық істерді қарай алады.

ҚР Жоғары Соттың қылмстық істер жөніндегі және азаматтық істер жөніндегі алқалар бірінші және апелляция ретінде істерді қарай алады.

«ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» 17 бабында Жоғарғы Соттың өкілеттігі белгіленген:

2. ҚР Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:

1) өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;

2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қортындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;

3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;

4) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Айтып кеткен «ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы»Конституциялық күші бар заңда 18 бабында Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы көрсетілген.

Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.

Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша ҚР Президенті белгілейді.

Жоғарғы Соттың органдарына мыналар жатады:

1) қадағалау алқасы;

2) азаматтық істер жөніндегі алқа;

3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;

4) соттың жалпы отырысы.

Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми - конституциялық кеңес және басқа органы құрылады. ҚР Жоғарғы Соттың кестесінде былай көрсетілген:

Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы.

Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.

Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады.

Азаматтық істер жөніндегі алқа және қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқылағаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Соттың Төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады.

Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін.

Жоғарғы соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:

1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;

2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;

3) жоғарғы соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;

4) жоғарғы соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді,

5) жоғарғы соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы соттың жалпы отырысы хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді;

6) қажет болған жағдайларда бір алқанын (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;

7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;

8) Алқалардың жұмысын үйлестіреді;

9) Жоғарғы Соттың аппартына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;

11) өкімдер шығарады;

Жоғарғы Соттың төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезінде Республика Сот жүйесінің мүддесін білдіреді, сондай-ақ:

1) ҚР Президентіне уәкілетті орган басшысының кандидатурасын ұсынады;

2) Соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы, Жоғарғы сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына балама негізде кандидатуралар енгізеді;

3) Соттардың жалпы отырыстарының қорытынды негізенде соттардың жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса тіркей отырып, тиісінше жоғары сот кеңесіне немесе әділет біліктілік алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы, Жоғарғы сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтерінің бос орындарына балама негізде кандидатуралар ұсынады;

4) ҚР Президентіне заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді;

5) Заңда көзделген негіздер туындаған жағдайда, тиісінше Жоғарғы сот кеңесіне және Әділет біліктілік алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкілеттігін тоқтату мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді;

6) ҚР Президентіне судьяларды мемлекеттік наградалар мен марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныс енгізеді;

7) Республика судьяларына «Құрметті судья атағын береді» осы атақты беру тәртібі туралы ережені бекітеді;

8) Республиканың судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;

9) Заңмен өзге де нормативтік-құқықтық актілермен көзделген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Облыстық сот төрағасы
Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
ҚР-дағы сот билігі
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Қазақстандағы сот жүйесі, судьялар мәртебесі
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ ССР кезіндегі сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтарын қорғаудағы сот билігінің маңызы мен ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz