Аяқ ауруларын емдеу және оның алдын алу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

«Ветеринариялық хирургия» пәнінен жазылған «Аяқ ауруларын емдеу және оның алдын алу» атты курстық жұмысым 35 беттен тұрады.

Курстық жұмыс титул парағы, аннотация, мазмұны, нормативтік сілтеме, анықтама, белгілер мен қысқартулар, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. қамтиды.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде аяқ аурулары, буын жарақаттары, тоқпан жіліктің сынуы, кәрі жіліктің және садақ сүйектің сынуы қамтылған.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе . . . 8

1Негізгі бөлім . . . ………9

1. 1 Аяқ аурулары. Буын жарақаттары. . . . ………9

1. 2 Тоқпан жіліктің сынуы . . . ……16

1. 3 Кәрі жіліктің және садақ сүйектіқ сынуы . . . 17

1. 4 Жіліншік сүйектердің сынуы . . . …17

2 Өзіндік зерттеу - ауру тарихы . . . 19

2. 1Proanamnеsis . . . 19

  1. Anamnesis vitae . . . 19
  2. Anamnesis morbi . . . 19
  3. Status praesens communis……. . . . 20

2. 5 Status prаesens localis . . . 21

2. 6 Diagnosis . . . 21

  1. Decursus morbi et therapia . . . 21
  2. Epicrisis . . . 28

3 Техникалық қауіпсіздік . . . 33

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 35

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

Анықтамалар

Остеосинтез - сынған сүйектің өзегіне әр түрлі заттардан ағаштың жас бұтағы, темір, сүйектің ұнтағынан жасалған таяқшалар т. б. жасалған таяқшаларды енгізіп бекіту

Остит - сүйектің қабынуы

Сүйек некрозы - сүйектің өлуі

Остеомиелит - сүйек миының қабынуы

Қысқартылған сөздер мен белгілер

мл - миллилитр

см - сантиметр

% - пайыз

мин - минут

м - метр

т. б - тағы басқа

мм - миллиметр

Ф. 7. 04-03

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні

Жұмыс тақырыбы:

Мамандығы:

Орындаған

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2013ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Шымкент 2013 ж.

Ф. 7. 05 - 04

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі __

«»2013ж.

№Тапсырмасы

пәні бойынша курстық жұмыс

Студент

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы

Бастапқы мәліметтер

№:
Курстық жұмыстың мазмұны: Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалумерзімі:

Орындалу

мерзімі

Көлемі(парақ саны):

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Хирургия XX ғасырда ветеринарияның жеке саласына айналды. Ветеринариялық хирургияның жетістіктері, Ұлы Отан Соғысы жылдарында жараланған жылқыларды емдеуге зор мүмкіндіктер туғызды. Осы күнгі хирургияның - оперативтік, жалпы, ортопедия және офтальмология сияқты бөлімдері дамуда. Хирургияның мағынасы гректің "Сһeur ergon" деген екі сөзінен алынған. «Қолмен әсер етейін» деп аударуға болады.

Дүние жүзінің әр түрлі аймағында тұратын халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп емдегенді де білген. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен қолданылады. Мал иелері, бақташылар, ұсталар, тағы басқалар хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір - бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.

Қазақстанның ветеринария хирургиясының дамуы, бұрынғы Кеңестер Одағы ғалым - хирургтардың еңбектерімен тығыз байланысты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі - малды күту, бағу.

Жалпы хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар - грек ғалымы Гиппократ (460-370 ж. ж біздің эраға дейін), атақты Рим дәрігері Цельс (1 ғасыр біздің эраға дейін) және Гален (130-200 ж. ж. біздің эраға дейін) болған. Хирургияның дамуына көп үлес қосқан, мал хирургиясы жөнінде кітаптар жазған Рим дәрігері Вегеций.

Алғаш ветеринариялық хирургияда топографиялық анатомияны Петербургта А. А. Январский, Мәскеуде А. А. Петров оқыса, кейіннен Петербург Зооветинститутының кафедрасын В. И. Всеволодов басқарды.

Хирургиялық операцияларды зерттеп жасау анатомиялық деректерге тікелей байланысты.

Хирургиялық операция (латынша. орега - әрекет, жұмыс, еңбек) - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу. Операция мақсаты, оны жасағаннан кейін малдан алынатын өнімділікті жоғарылату.

Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, зертханалық (лабораториялық), рентгенологиялық және тағы басқа арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы аурудың диагнозы қойылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - аяқ ауруларына дұрыс диагноз қойып, оны хирургиялық жолмен емдеу [1, 2] .

1 Негізгі бөлім

1. 1 Аяқ аурулары. Буын жарақаттары

Малды жұмысқа пайдалану кезінде буын қуысына дейін өтіп кететін буын жарақаттары малда әжептәуір жиі байқалады. Олар әдетте әр түрлі кескіш және қадалғыш заттардың буынға кездейсоқ тиюінен пайда болады.

Тканьдердің зақымдану дәрежесіне және сипатына қарай буын жарақаттары:

1) жанамалы (тангенциалды) ;

2) буын қуысына жеткені байқалмайтын бітеу;

3) буын қуысына сүйекті зақымдамай тесіп-жарып өтетін;

4) буын қуысына сүйекті және шеміршекті зақымдай тесіп өтетін жарақаттар болып төрт түрге бөлінеді.

Белгілері мен барысы. Бұлар әрдайым жарақаттың түріне және ауыр- жеңілдігіне, жараға енген патогенді микроорганизмдердің түріне, санына және уыттылығына, әр мал организмінің сезімталдық қабілеттілігіне байланысты болады. Буын тесіле-жарыла жарақаттанғанда оның жіті қабыну барысы екі түрде өтуі мүмкін: көбіне анаэробты инфекция туғызатын (септикалық артрит) қабынудың жалпы белгілері басым болып, тез асқынып қарқынды түрде өтеді немесе жергілікті бір жерде - буын немесе буынды қоршап тұратын (периартикуляр) тканьдер қабынатын, клиникалық практикада жиі кездесетін, барысы бәсең және көбінесе жіті іріңді артрит түрінде өтеді.

Буынның ашық жарақаттарына бастапқы кезде әдеттегі жараларда байқалатын сыздану, қан ағу, жараның үңірейіп тұруы сияқты клиникалық белгілер тән. Тканьге өтіп кеткен үлкен жарақаттардан көбінесе қан араласқан буын сұйығы ағады. Жарақаттанған буынның қызметі, әсіресе кішігірім жарақат байқалғанда (үшкір затпен), алғашқы сағаттарда, не тіпті тәулік бойы буында немесе буынды қоршаған тканьде қабыну процесі басталғанға дейін өзгермейді. Жылқының, кейде иттің буын жарақаттарына патогенді микробтар енудің әсерінен жара асқынса, сулы фибринді синовит, буынға ірін жиналу (іріңді синовит), бір орында немесе жайыла қабыну, немесе жіті септикалы артрит, не сүйек пен буын іріңдейтін остеоартрит ауруы дамитыны байқалады.

Ірі қараның буын қуысына өткен жара жайылып кетпейді, жай еөеді, ол фибрин тәрізденіп сәл жалқаяқтанады. Жазылу процесі, ірі қараның әдеттегі жазылатын жарасындай болып, зақымданған жердің қабыну шекарасы анықталып, қабыршақ пайда болып барып бітеді.

Анықтау. Буын жарақатанғанда оны жоғарыда айтылған клиникалық белгілерді, сол сияқты рентген және лабораториялық тексерудің нәтижелерін салыстыру арқылы анықтайды. Жарақаттанған буында тарамыс қанының немесе кілегейлі қалта зақымданғанын ажырату үшін буын ішінен және синовиттен немесе буын қалташығынан сұйық затты қуыс инемен сорып алып, оның орнына риванол ерітіндісін жібереді [1, 2] .

Болжау. Буын ішіне өтетін жарақаттар малдың зақымданудан пайда болатын ауруларының ең ауыр түріне жатады. Сондықтан малдың аурудан жазылуын алдын ала болжау бұл арада, жараның түріне, сүйектің және жұмсақ тканьдердің қаншалық бүлінгеніне, жарақаттанғаннан кейін өткен мерзімге, жараға инфекция түскен-түспегеніне, ауру малға алғашқы қолданылған емнің түріне және сапасына сондай-ақ жарақаттанған малдың жалпы күйіне және қоңдылығына тікелей байланысты.

Буынға жанаса тиген немесе тесіп өткен жарақат жілік басын (эпифизді) зақымдамаған жағдайда және жара жаңа түскен болса, оны айығады деуге болады. Буын қуысына өткен жарақат жілік басын зақымдаған кезде айығуы екі ұшты немесе күмәнді болады, ал буын сүйектері едәуір зақымданған болса, ол айықпайды. Сульфибринді синовит аурудың ем қонатын түрі болғандықтан мал көбінесе онан айығып кетеді. Буынның ішкі іріңді қабынуы (іріңді синовит) емдегенде тез қайта қоймайтындықтан одан айығу екіұшты немесе күмәнді келеді. Сүйектің асқынған іріңді қабынуы және сүйектің іріңді артриті. Сондай-ақ жіті септикалы артрит жөнді жазыла қоймайды, мал тіпті жалпы айыққан жағдайда да деформацияланып торбуындана бастаған сүйектің іріңді артриті салдарынан жарақаттанған буынның қызметі бұзылады.

Емі. Буын тканьдерінің тез бұзылатынын олардың мал организмінің қызметімен тығыз байланыстылығы еске ала отырып емдеуді неғүрлым ерте бастау керек. Буын ашық жарақаттанған кезде жара беті аса сезімтал болғандықтан ми қабығына баратын патологиялық импульстердің шығатын ошағы болады, олар миды әлсіретеді, сөйтіп ауру малдың организміне түгелдөй әсерін тигізіп, жалпы зат алмасуына және патологиялық процестердің дамуына, өту барысына әсер етеді. Буын жарақаттанғанда қолданылатын дәрі-дәрмек мүшенің бір жерінде бактерияға әсер ету қасиеті болып қана қоймай, ол ең алдымен организмнің нерв жүйесіне жалпы әсерін тигізеді, сол арқылы буындағы патологиялық процестің өтуіне әсер етуі керек [1, 2, 3] .

Осы жағдайларды ескере отырып, жараны хирургиялық емдеу шараларын жүргізумен қатар мал организміне түгелдей және патологиялық процестің барысына жалпы әсер ететін терапия әдістерін қолдану керек.

Иық буынының ревматизмге айналып қабынуы. Аурудың пайда болу себептері әлі толық анықталмаған. Кейбір авторлар ревматизмге айналған артритті инфекциядан пайда болады деп санайды, бірақ оның қоздырғышы әзірге белгісіз. Салқын тию және болдыру да бұл аурудың пайда болуына себепкер болатын тәрізді.

Белгілері. Иық буыны, кейде басқа да буындар ауырып ісіне бастайды, дене қызуы көтеріледі, аяғын қинала қозғайды, ақсайды, бірақ жүре бара ақсауы азаяды.

Емі. Жүрек қызметін жақсартатын дәрілер беріледі. Жылқыға қос көмір қышқылды натрий қосылған 50-75 г натрий салицилатын немесе антифибрин беріледі. Йодты калийдің 0, 5-1%-тік 20 мл ерітіндісін 1-2 күн аралатып бұлшық етке жібереді. Бұдан басқа жылы процедура, балшықпен емдеу, диатермия (тоқпен емдеу) және жарық сәулесімен емдеу, сондай-ақ малдың 1 кг салмағына 1 мг-нан 0, 5%-тік новокаин ерітіндісін венаға құю әдісі колданылады. Ауру малды құрғақ, жылы жерде ұстау керек.

Иық бұлшық еттерінің жарақаттанудан қабынуы. Аурудың пайда болуына өзін-өзі бір жерін ұрып алу, жығылу, зорығу т. б. себеп болады.

Белгілері. Жарақаттанған жердің бұлшық еті ауырып, тығыздалып іседі,

сол жердің қызуы көтеріледі, ауырған аяғынан ақсайды, кейде бұлшық еті дірілдеп, тартылып жиырылғаны байқалады.

Болжау. Көптеген жағдайда мал аурудан айығады.

Емі. Аурудың бастапқы кезінде малға тыныштық беру керек салқындатқыш қоспа (хлорлы аммоний - 50 г, калий нитраты - 30 г, натрий сульфаты - 80 г, тазартылған су-150 мл) қолданылады. 3-4-ші күні жылумен емдейді, сылайды, онша тітіркендіре қоймайтын және ісік тартатын сүртпе майды, сұйық майды (линимент) сіңдіре жағады. Ауру асқынған жағдайда (гематома, абсцесс) мал хирургияның жалпы ережелері бойынша емделеді.

Жауырын сүйектің сынуы. Экстраартикулярлы және интраартикулярлы сынуы мүмкін. Бұл әр түрлі жағдайда өзін-өзі зақымдау, жарақаттану және т. б. себептерден болады.

Белгілері. Кенеттен ақсай бастайды, жарақаттанған жер ауыра іседі ; Сынық (көлденең сынғанда) тайып, ығысып кетсе, онда жауырынның пішіні өзгереді, қолмен сипағанда шықырлайды.

Болжау. Жауырынның қыры, басы, алдыңғы, артқы бұрышы сәл ғана сынса, немесе жарылған болса, ол жазылып кетеді; асқынған сынық, орнынан тайған сынық бөлшектері және буын іші сынықтарының жазылуы күмәнді немесе ол жазылмайды. Ұсақ мал жауырын сынығынан көбіне айығып кетеді.

Емі. Мал тыныштық жағдайда болуы керек. Ірі малды аспалы аппаратқа орналастырып, сүйегі сынған жеріне күшті тітіркендіргіш сүртпе майды сіңдіре жағады. Ұсақ малдың сынығын гипстеп, таңады.

Тізе буынының іріңсіз қабынуы

Ол буынды ұрып-соғып созып алу, бұдыр жермен жүру және т. б. себептерден пайда болады.

Белгілері. Ақша-сүйек буынын бүккенде, оның сырт бетінде күлтілдеген, ауыратын ісік байқалады. Мал сылтып ақсайды.

Болжау. Аурудан айығып кетуі екіталай.

Емі. Аурудың жіті жағдайында малға тыныштық береді, қозғалтпай қысып тұратын таңғышпен немесе гипсті таңғышпен таңып қояды, қабынуы бәсеңдеген кезде сылайды, ихтиол, сынаптың қоңыр, немесе калийдің йодты сүртпе майын сіңдіре жағады, балшықпен, шымтезекпен емдейді, йод ионтофорезі қолданылады.

Тізенің жиырылатын тарамысының қарысуы

Жылқыда жиі, ал басқа малда сирек байқалады. Ол туа немесе жүре келе пайда болады. Жүре келе пайда болған қарысу бүккіш тарамыстардың созылмалы қабынуынан немесе сүйек артрозынан болады. Туа пайда болатын қарысудың не себептен болатыны анықталмаған, оны іште төлдің дұрыс жатпауынан, витаминнің жетіспеуінен т. б. болады деп болжайды [1, 2, 4, 5] .

Белгілері. Жиырылатын тарамыс ауырмай бұдырайып жуандайды немесе тізе буыны маңы қарысады, аяқтары әлсірейді, және дірілдейді, жиі сүрінеді, тізе жартылай бүгіліп тұрады, бір аяқтың тарамысы қарысқанның езінде мал ақсайды.

Болжау. Туа пайда болған қарысу айығады, басқа жағдайларда айығуы

күмәнді.

Емі. Аурудың бастапқы кезінде гипспен таңады, жылқыны арт жағы биік ұшты тағамен тағалайды. Созылмалы тендогенді қарысу кезінде, терең жатқан саусақ бүгетін тарамысты кеседі де таңып тастайды. Тканьдік терапияны қолдануға болады.

Тізе маңындағы жиырылатын тарамыс қынапының қабынуы

Ол қабыну жалқаяғының түріне қарай сулы, сулы-фибринді және іріңді болуы; аурудың барысына қарай - жіті немесе созылмалы болуы мүмкін. Тізені жазып-созатын кәрі жілік тарамысының, саусақтардың - үстіңгі және терең жатқан сіңірлерінің, саусақтардың жалпы және екі жақ жанындағы жазғыш сіңірлері қынаптарының қабынатыны байқалып жүр.

Тарамыс қынабының қабынуы ұрынып-соғылудан, созылудан, жарадан, плевра, өкпенің жалпы қабынуынан, инфлюэнциядан, ревматизм, сақау, туберкулез ауруларынан және дүңкіп іріңдеудің асқынуынан пайда болады.

Белгілері. Сулы, сулы-фибринді жіті қабыну түрінде баса берген аяғынан ақсайды. Созылмалы түрінде көбінесе ақсамайды.

Болжау. Іріңсіз қабынғанда айығып кетеді, іріңді қабынуда - айығуы күмәнді немесе жазылмайды.

Емі. Тарамыс қынабының іріңсіз жіті қабынуы кезінде малға тыныштық береді және ауырған жерін салқындатқыш, қысып тұратын немесе гипсті таңғышпен таңып қою керек. Жылытқыш компресс салуды, ылғалды жылы нәрсемен орауды, балшықпен емдеуді 3-4 күн қолданады, кейінірек тітіркендіргіш сүртпе майды сіңдіре жағады және сылайды. Аурудың созылмалы түрі болса сулеманың спирттегі ерітіндісін (1 : 10), күшті сүртпе май жағып, сылауға, күйдіруге, диатермия, йод ионтофорезін жасауға болады. Тарамыс кынабы іріңдеп қабынғанда оны жарып, жараның ішін зарарсыздандырғыш ерітіндімен жуып, пенициллинмен емдейді [1, 2, 3] .

Бақай бүккіш тарамыстардың үзілуі

Ол кездейсоқ жарақаттанғанда, ұрып-соғып алғанда, кедергі заттардан өткенде тарамыстың аса созылуынан және т. б. пайда болады. Тарамыстың үзілуіне онда болатын нашарлау процестері (сему, сіңір қабыну және сіңір қынабының қабынуы) себеп болады.

Белгілері. Толық үзілгенде немесе сәл ғана үзілгенде тарамыс жіті қабынады және мал басқан аяғынан ақсайды. Үстіңгі немесе әріде жатқан бүккіш тарамыс толық үзілсе, мал ауру аяғын басқан кезде оның топай буыны мүлде иіліп, тұяқ буыны төмен түсіп кетеді.

Болжау. Аурудан айығуы күмәнді немесе айықпайды.

Емі. Малды толық тыныштықта ұстау керек, гипстеп немесе құрсау салып таңып тастайды, әдейілеп тағалайды.

Саусақ бүккіш тарамыстардың және сүйек аралық бұлшық еттің қабынуы Кедір-бұдыр қатты немесе сазды жерде ауыр жұмыста жүрген кезінде сіңірге көп күш түсуден және оның созылуынан, аяғын байқамай басып, тайып кеткенде, жығылғанда, бір нәрсеге ұрып жарақаттанғанда және паразиттер еніп кеткенде пайда болады.

Белгілері. Сіңір сыздап, іседі. Зақымданған аяқ сәл алға қарай көлбеп, бақай буыннан жартылай бүгіліп тұрады, жүргенде басқан аяғынан ақсайды, жиі сүрінеді. Аурудың созылмалы түрінде сіңір жуандап, бұдырланады, аздап ауырады, бүккіш сіңірлердің қарысып-сіресіп қалатыны («ағаш аяқ») байқалады, мал тұяғын тік басады, ақсайды.

Емі. Ауыра бастаған кезінен малды тыныштық жағдайда ұстап, спиртті компресс кою керек. Ісік үлкейсе салқындатылады және қысып тұратын етіп таңады. Ауру бәсеңдеген соң камфара майын жағады, ылғалды жылы нәрсемен орап қояды, электр қуатымен емдейді, парафинді таңғышпен таңады, балшықпен емдейді. Созылмалы түрі болса, өте тітіркендіргіш сүртпе маймен сылайды, әр жерінен өтетіндей етіп күйдіреді немесе сіңірді кеседі.

Саусақ жазғыш сіңірдің үзілуі

Кедергіден өткенде, ауыр жүк тартқанда, сүрінгенде және жығылғанда сіңірге шектен тыс күш түсуден пайда болады. Сіңір көбінесе тұяқ сүйекке жалғасқан жерінен үзіледі. Сіңір кейде тұяқ сүйегінің ұшымен бірге үзіледі, оның тізе маңынан үзілуі сирек кездеседі.

Белгілері. Баса берген аяғы кенеттен ақсайды, жүріс кезінде бақай буының қинала жазады, жиі сүрінеді. Мал аяғын тұяғының ұшымен немесе оның сырт жағымен басады.

Болжау. Айығуы екіұшты немесе күмәнді.

Емі. Тыныштық жағдайда ұстайды, гипске салып таңады және арнайы тағалайды.

Жіліншік сүйектердің сынуы. Өздігінен жарақаттанудан пайда болады.

Белгілері. Сүйек мүлде сынғанда мал кенеттен қатты ақсайды, жарақаттанған жердің қозғалысы өзгеріп, сықырлап, сыздап ісінеді.

Болжау. Ұсақ мал айығып кетеді, ірі малдың айығуы күмәнді немесе айықпайды.

Емі. Сүйек сынықтарын орнына салып, гипсті таңғышпен таңады.

Топай буынының созылуы

Көбінесе малдың жығылуынан, таюынан, аяғын бір заттың арасына қысып алудан, сондай-ақ сазды жердің әсерінен, тұяқты дұрыс тазаламаудан және дұрыс тағаламаудан пайда болады.

Белгілері. Топай буыны волярлы флексия түрінде тұрады, қозғалғанда қатты ауырады, басқан аяғын едәуір ақсайды, сипап қарағанда ісіктің ауыратыны сезіледі, ол жердің қызуы көтеріледі. Созылмалы түрінде периартрит не шорбуын пайда болады.

Болжау. Аурудың жіті түрі болса айығады, созылмалы жағдайда күмәнді.

Емі. Жаңа ғана сынған кезінде қоршамалы новокаин блокадасын қолданады, гипстеп таңады, созылмалы турі болса- тітіркеңдіргіш сүртпе майды сіңдіре сылайды, йонтофорез, балшықпен емдеу тәсілі қолданылады.

Топай буынның таюы

Өздігінен жарақаттанудан болады.

Белгілері. Кенеттен ете қатты, ақсайды, буынның сырт пішіні өзгеріп, қозғалуы бұзылады және сыздап іседі.

Болжау. Айығуы екіұшты.

Емі. Тайған сүйекті (наркоз беріп) орнына салады, гипстеп таңады.

Топай буыны манындағы жалпы саусақ жазғыш сіңірдің кілегей қалташығы қабынуы

Аурудың барысына қарай жіті не созылмалы, қабыну жалқаяқтың түріне байланысты - сулы, сулы-фибринді, фибринді және іріңді болады. Аурудың себептері - қатты желіс (кебіне малдьщ жас кезінде) өздігінен жарақаттану, жаралар.

Белгілері. Жіті қабынғанда топай буынның алдыңғы жағында қамыр тәрізді немесе күлтілдеген ісік байқалады. Жүргенде басқан аяғына ақсайды.

Болжау. Іріңсіз жіті ұра айығады, созылмалы және іріңді болса осыған сәйкес екіұшты және күмәнді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру
Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу
Бізге жеткілікті ғылыми әдебиеттер бойынша жылқылардың аяқ аурулары
Варикоз ауруы
ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Бауыр ауруларының түрлері
Инсульттан кейінгі реабилитациядағы мейіргердің рөлі
Тыныс алу мүшелеріне әсер етуші дәрілік заттар
Іріңді сепсистік аурулар. Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы
Жалпы және жергілікті жансыздандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz