Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері


Аннотация
«Ветеринариялық хирургия» пәнінен жазылған «Балонопастит, фимоз, парафимоз және оның емдері» атты курстық жұмысым 30 беттен тұрады.
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техника қауіпсіздігі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе . . . 8
1Негізгі бөлім . . . 9
1. 1Фимоз (қылүпек) . Парафимоз . . . 9
1. 2 Қуық салдануы . . . 10
1. 3 Жыныс мүшесінің салдануы . . . 10
1. 4 Хирургиялық операция туралы ілім . . . 11
1. 5 Қан кету және қансырау . . . 16
2 Өзіндік зерттеу - ауру тарихы . . . 21
2. 1Proanamnеsis . . . 21
- Anamnesis vitae . . . 21
- Anamnesis morbi . . . 21
- Status praesens universalis . . . 22
2. 5 Status prаesens localis . . . 23
2. 6 Diagnosis . . . 23
- Decursus morbi et therapia . . . 23
- Epicrisis . . . 27
3 Техникалық қауіпсіздік . . . 28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Қысқартылған сөздер мен белгілер
мл - миллилитр
см - сантиметр
% - пайыз
мин - минут
м - метр
т. б - тағы басқа
мм - миллиметр
Анықтамалар
Ауырсыну - организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі және ауырсынған жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процессінің ары карай дамып асқынуына кедергі болады.
Дегидратация - кезеңінде жарадағы бірінші кезеңдегі патологиялық процесстер бәсендеп, өлі еттерден тазарып, зат алмасуы қалыпты жағдайда өте бастайды.
Жара - терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануы.
Екінші зона - молекулярлық шайқалу немесе жартылай өлі етгену.
Бірінші зона - жара өзегі зонасы.
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2013ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2013ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2013ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті орындалуы оның атқарылу техникасының дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатынын сөзсіз екеніне құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты оперативтік хирургияны толық зерттеу үшін, студенттерге анатомия, физиология, дерттік физиология, фармакология және басқа да пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.
Хирургия XX ғасырда ветеринарияның жеке саласына айналды. Ветеринариялық хирургияның жетістіктері, Ұлы Отан Соғысы жылдарында жараланған жылқыларды емдеуге зор мүмкіндіктер туғызды. Осы күнгі хирургияның - оперативтік, жалпы, ортопедия және офтальмология сияқты бөлімдері дамуда. Хирургияның мағынасы гректің "Сһeur ergon" деген екі сөзінен алынған. «Қолмен әсер етейін» деп аударуға болады.
Дүние жүзінің әр түрлі аймағында тұратын халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп емдегенді де білген. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен қолданылады. Мал иелері, бақташылар, ұсталар, тағы басқалар хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір - бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.
Қазақстанның ветеринария хирургиясының дамуы, бұрынғы Кеңестер Одағы ғалым - хирургтардың еңбектерімен тығыз байланысты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі - малды күту, бағу.
Жалпы хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар - грек ғалымы Гиппократ (460-370 ж. ж біздің эраға дейін), атақты Рим дәрігері Цельс (1 ғасыр біздің эраға дейін) және Гален (130-200 ж. ж. біздің эраға дейін) болған. Хирургияның дамуына көп үлес қосқан, мал хирургиясы жөнінде кітаптар жазған Рим дәрігері Вегеций.
Хирургиялық операцияларды зерттеп жасау анатомиялық деректерге тікелей байланысты.
Хирургиялық операция (латынша. орега - әрекет, жұмыс, еңбек) - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу. Операция мақсаты, оны жасағаннан кейін малдан алынатын өнімділікті жоғарылату.
Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, зертханалық (лабораториялық), рентгенологиялық және тағы басқа арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы аурудың диагнозы қойылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - баланопастит, фимоз, парафимоз ауруларының емдеу жолдарын көрсету [1, 2] .
- Негізгі бөлім
1. 1Фимоз (қылүпек) . Парафимоз
Фимоз (қылүпек) . Препуция тарылуынан болады, осының салдарынан сыртқы жыныс мүшесі үпегінен шыға алмай қалады. Фимоз жылқыда, ірі қарада, итте болады, ауру себептері - препуцияның қабынуы және ісік шығуы.
Белгілері. Несептің біркелкі шықпауы, оның препуция қапшығында жиналуы, соның салдарынан препуция қапшығының қабынуы.
Емі. Препуция қуысын соданың 2%-тік жылы ерітіндісімен жуады, кішкене жараларға ляпистың 2%-тік ерітіндісін не йод-глицериннің 2 %-тік ерітіндісін жағады. Ауру асқынған жағдайда препуция қапшығының аузын операция жасап кеңейтеді, ал ісік пайда болса, оны сылып алады.
Парафимоз. Парафимоз кезінде препуция қапшығынан шыққан жыныс мүшесі басы қайтадан қапшыққа кіре алмайды, бұл көбіне жылқы мен итте болады.
Себебі. Жыныс мүшесі басының зақымдануы, ісік, үсу, піштіргеннен кейінгі асқыну, қатты шаршау, жыныс мүшесінің салдану және т. б.
Белгілері. Жыныс мүшесі салбырап тұрады, ісінеді. Жыныс мүшесінің басында кішкене жара пайда болады. Бұнан кейін жыныс мүшесінің сыртқа шығып тұрған бөлімі қысылатындыктан зақымданған органның сезімталдығы жойылады.
Емі. Ауру басталған кезде калий перманганаты не сірке қышқыл қорғасын танинның сұйық ерітінділерімен дезинфекциялап буландырады, содан кейін жыныс мүшесін орынына салады. Жыныс мүшесі қатты ісінсе, оның сыртын шабықтайды. Шіру процесі үдей түссе, жыныс мүшесінің сыртқа шыққан бөлігін кеседі.
Үрпі жарасы. Барлық түлікте кездеседі.
Белгілері. Несеп түтігінің ішіне дейін жеткен жара кезінде жарадан қан араласқан несеп шығады. Одан кейін шет аймағында ісік пайда болып, тканьдерге несеп өтеді. Көбіне несеп шығуы тоқталады.
Емі. Жара жаңа шыққан болса, жараны тазартқаннан кейін үрпінің кілегей қабығына және теріге бөлек тігіс салады. Жара асқынса, үрпі түтігін кеседі. Несеп шықпай қалса үрпіге ептеп таза кататер енгізіп, оны біраз уақыт үрпіде қалдырады.
Үрпінің қабынуы. Кататерді дұрыс қолданбау не несеп тасы үрпіге зақым келтіруден үрпі қабынады.
Белгілері. Несепті бөліп-бөліп шығаруы, үрлінің ауруы, жыныс мүшесінің басы ісінеді, оның салбырап тұруы мүмкін.
Емі. Ауруға ұшыратқан себептерді жояды, үрпіні дезинфекциялайтын сұйық ерітіндімен жуады.
1. 2 Қуық салдануы
Қуық салдануы. Мұның екі түрі бар: қуықтың аузын жауып тұрған бұлшық еттін салдануы (несептің өзінен-өзі тамшылап ағуы), қуықтан несеп шығаратын бұлшық еттің салдануы (несеп шықпай қалуы) .
Белгілері. Несеп шықпай қалатын салдану кезінде қуық мөлшері үлкейеді, оның қабырғалары керілген және үлкейген.
Емі. Тері астына стрихнин жібереді, сегізкөз-бел тұсына гальванизация мен фарадизация қолданады. Қуыққа несеп толса кататермен теседі.
Қуық түсуі. Жатырдың төменгі қабығы жыртылса, қуық түседі.
Белгілері. Қуық жатырдың жара тесігінен өтіп, сыртқа шығады.
Емі. Қуықты қайтадан орнына салады. Малды денесінің артқы жағы алдыңғы жағынан жоғары тұратындай етіп орналастырады.
Қуықтың бұлтиып шығуы. Көбіне биеде болады. Ауру себебі қуық мойнының әлсіреуі (кеңеюі) . Қуықтың бұлтиып шығуының тағы бір себебі құрсақ етіне өте көп күш түсуі (құлындау кезінде) .
Белгілері. Биенің сарпайынаң қуық бұлтиып шығып тұрады. Бұдан басқа есеп жолынан несептің тамшылап аққаны айқын көрінеді.
Емі. Қуық түскендегідей ем қолданылады.
1. 3 Жыныс мүшесінің салдануы
Жыныс мүшесінің салдануы. Мал арықтағанда жұлын ауруға шалдыққанда, жамбас және сегізкөз сүйектері сынғанда, жыныс мүшесі зақымданғанда және кейбір індетті және инвазиялы ауруларда (контактылы плевропневмония, шағылыс ауруы және басқалар) пайда болады.
Белгілері. Жыныс мүшесі салдануының, клиникалық белгілері парафимоз ауруына ұқсас.
Емі. Былау, массаж, гальванизация. Шіру процесі басталса, жыныс мүшесінің шіріген жерін кеседі.
Жыныс мүшесі мен препуция қапшығыңың ісіктері. Итте, жылқыда, ірі қарада болады. Олардың жыныс мүшесінде және препуция қапшығында мынадай ісіктер шығуы мүмкін: рак, саркома, меланосаркома, папиллома.
Белгілері. Жыныс мүшеде не препуция капшығында бір не бірнеше ісік болады, олардың құрылысы мен өсу сипаты олардың түріне байланысты.
Емі. Операция - ісік сылып алынады.
Еннің қабынуы. Орхит не еннің қабынуы барлық мал түлігінде болады. Қабыныу шыққан тегіне қарай асептикалық және іріңді, аурудың барысына қарай- жіті не созылмалы болады. Орхиттің ең жиі кездесетін себебі зақымдау. Іріңді орхит, сақау, маңқа, туберкулез, бруцеллез аурулары кезінде метастаздық жолмен де пайда болуы мүмкін.
Белгілері. Жіті жағдайда тестикулдер қамыр тәрізді болады, ісінеді, ауырады, денснің жалпы қызуы және ауырған жердің қызуы көтеріледі. Іріңді орхит кезінде ісік жұмсарады. Қаяу пайда болады, мал мең-зең болады, кейде ақсайды. Орхит созылмалы түрде өткенде, жіті қабыну -құбылысы байқалмайды, тестикулдар тығыз, онша ауырмайтын ісік түрінде кездеседі.
Емі. Асептикалық қабыну кезінде ихтиол не камфара, күкірт, сынап майларымен сынап-массаж жасайды, жылу тартады, іріңді орхит кезінде ұманы тіледі, іріңді шығарады. Жараны асептикалық ерітіндімен жуады. Көп жағдайда амалсыз піштіреді.
Ұма шемені. Ұма шемені дегеніміз қынап қабығында серозды сұйық жиналуы. Ауру себебі - ен бауында қан айналысының киындауы және серозды куыстың шеменге ұшырауы.
Белгілері. Ұма көлемінің үлкеюі, ұма түсын қолмен нұқығанда ауырсынбайды және іркілдеп тұрады.
Емі. Малды піштіреді.
Ұманың қанды ісігі (гематом) . Ұманың қанды ісігі дегеніміз - қынап қабығы қуысына қан құйылуы. Ұманың қанды ісігі ұма маңы зақымданудан болады.
Белгілері. Жарақаттанудан кейін мал ауырсынатын, алғашқы кезде іркілдек, Содан кейін қамыр тәрізді ісік пайда болып, ұманың қызуы жоғарылайды. .
Емі. Алдымен мұз ұстайды, содан кейін тітіркендіретін май жағады, жылы қолданады. Бұдан кейін қанды ісік өзінен-өзі тарап кетпесе, тіліп, жалқаяқты ағызады, не малды піштіреді.
Крипторхизм. Криптохидтар дегеніміз ендері құрсақ қуысында не шабында болатын еркек мал. Крипторхизм бір жақты және екі жақты болуы мүмкін. Сол жақ крипторхизмі жиі кездеседі.
Белгілері. Екі жақты крипторхизм кезінде ұмада тестикул болмайды, бір жақты крипторхизм кезінде - өзінің орналасқан жағындағы ұма солып қалған, қолмен сипап қарағанда онда тестикул білінбейді. Шапта болатын крипторхизмде кейде ішек арқылы тестикулды қынап қабынан табуға болады.
Емі. Операция жасау.
1. 4 Хирургиялық операция туралы ілім
Хирургиялық операция - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу, құйрықты кесу, косметикалық оггерациялар. Операция негізгі мақсаты оны жасағаннан кейін малдан алатын өнімділікті қайтадан қалпына келтіру, шаруашылық құндылығын жоғарлату немесе келбетін түзеп қалыптастыру үшін (пластикалық) . Операцияларды үйде ұстайтын ұсақ малдарға (ит, мысық т. б. ) иесінің бұйрығы бойынша немесе адамгершілікті түсініктерден, физиологиялық тәжірибе қою үшін, сонымен қатар әшекейлеп әдемілеу үшін (косметикалық) мақсаттар қисынымен жасалады.
Операция жасауға немесе жасамауға көрсетулер. Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, зертханалық (лабораторлық), рентгенологиялық т. б. арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы аурудың диагнозы қойылады.
Операция жасауға абсолютті көрсетулер болады, мысалы басталушы қатерлі ісіктер, ішкі мүшелері түсіп қалуы, ішкі мүшелердің орнынан жылжып немесе қысылып қалуы, тыныс жолдардың жіті бітеліп қалуы, қан кету, пневматоракс, месқарынның, ұлтабардың соқыр ішектің тимпаниясы, несеп шығаратын жолдардың тығындалуы және басқа жіті дерттер.
Салыстырмалы көрсетулер дерттің денсаулыққа маңызды зиянының жоғында, операция жасамау, малдан шығатын өнімділігін тәуелсіз төмендетуге алып келмейтін жағдайда (қатерсіз ісіктер, қысылмаған жарықтар, т. б. ) .
Операция жасауға қарсы дәлелдер, малдың жалпы күй - жағдайына байланысты: қоңдылығы, жасына (тым жас немесе ерекше егде), дерт құбылысы күшейген кезі, ауру кең тарап асқынып кеткен себепте, мал естен танып, терең шок немесе коллапс жағдайына ұшырағанда, терең буаздық немесе күйлеген кезінде.
Операцияларды шаруашылықта жіті ауруларға (қарасан, аусыл, шошқалардың тілме және оба аурулары, жылқының сақауы, топалаң т. б. ) карантин салынған кезде, оны алынғанға дейін жасауға болмайды, тек қана шұғыл оқиғаларға малдың өміріне қауіп туған жағдайда, дербес гигиенаның барлық ережелерін сақтап және аурудың таратылуына тыйым салып, экстрендік операцияны жасауға болады [1, 3, 4, 5, ] .
Бұқаралық операцияларды шаруашылықтарда операциядан кейін малды шектеп, уақытша күтіп ұстауға арналған жағдайы болмаса жасауға болмайды. Малды айдаудың, көшіп - қонудың алдында немесе жалпы профилактикалық вакциналар жасағанда операция жасауға тыйым салынады. Малды егу алдында 2 апта ертерек немесе еккеннен соң сол уақыт өткенше жоспарлы операцияларды жасауға болмайды.
Әр операция малдың өміріне қауіп туғызады, сол себептен операция тек қана мал иесінің келісуімен жасалады. Малдың өміріне қауіп туса, операцияның қажеттілігі күмәнсіз болса иесін күтпей, оны өз жауапкершілігіне алып, жасауға болады.
Барлық шүбәлі және қиын оқиғаларға консилиум жүргізу өте маңызды болады. Операцияны жасар алдында оның жоспарын жақсылап ойластырып және құрастырып алу қажет. Жалпы операцияларды әр түрлі тәсілдермен жасауға болады, негізгі оқиға болған кезде, операцияның нақтылы ең жарамды түрін таңдайды. Осыған сәйкес малды бекемдеу, жансыздандыру әдістерін, қажетті құралдарды, операция кезеңдерінің ерекшеліктерін белгілейді. Сонымен қатар кейде душар болуы мүмкін асқынуларды ойластырып, оларға жол бермеу және жою тәсілдерін алдын - ала ескеру, операция жасаушының тікелей міндеті.
Барлық операциялар негізгі екі топқа бөлінеді: қанды - терінің, шырышты қабықтардың бүтіндігі бұзылуымен және тамырлардан қан кетумен сипатталады, және қансыз - дененің сыртқы жамылғылардың бүтіндігі бұзылмайды (шыққан буынды орнына салу, зондирование, эндоскопия, катетеризация, таңғыштарды салу және т. б. ) .
Мақсатына байланысты операциялар емдік және диагноздық болады, олардың түрлері; экономикалық тек қана шаруашылық көрсеткіштермен (пішу) орындалады; эксперименталдық (тәжірибелік) аурулардың үлгілерін құрастыру, физиологиялық тәжірибелердің мақсатымен организмнің тіршілік әрекеті немесе оның бөлек ағзаларының қызметін зерттеу үшін жасалады. Емдік операцияларды жылдам қауырттық дәрежесіне қарай тәуелді: кідірмей шұғыл (экстрендік), жедел және жеделсіз етіп ажыратады.
Кідірмей шұғыл (экстрендік) операциялар малдың өміріне қатерлі құбылыстар келгенде істелінеді (асфиксия, қан кетуде, мүшелер қысымға түскенде, іштегі мүшелер түсіп қалғанда немесе олардың бұғылап тесілгенде, жіті тимпанияда жә т. б. ) .
Жедел операциялар сол жоғары аталған жағдайларда жасалады, егер оларды жасамай ұзақ мезгілге қалдырса, ауру жылдам дамуы мүмкін. Оларға қатерлі ісіктер жатады, олардың дамуына байланысты метастаздар өршуі болады.
Операциялардың көбісі асығыссыз, жедел емес (жоспарлы) болады, оларды алдын - ала жоспарлап, шаруашылық құндылығына және малдың денсаулығына зиян келтірмейтін мезгілде әдеттегідей өткізеді.
Операциялар бағытына қарай: радикалдық болады. Олардың мақсаты - ауру себебін толық жою; паллиативтіктер - олардың мақсаты әр түрлі жолмен аурудың қауіпті және ауыр симптомдарын жеңілдету немесе уақытша жойып ауру малдың өмірін және оның шаруашылық құндылығын ұзарту үшін. Сондай операцияларға трахеотомияны, шеменде жинаған сұйықтықты сыртқа шығару, невректомияны, уретротомия т. б. жатады. Егер инфекция түспеген ұлпа немесе ағзаларға операция жасалса оны «таза» намесе «асептикалық» дейді, басқа жағдайларда операциялар іріңді деп саналады.
Пластикалық операциялар - зақымдалған ұлпаларды немесе күйреген ағзаларды пішенін немесе қызметін қалыптастыру үшін.
Косметикалық операциялар қазіргі кезде кең орын алып келе жатқан операциялардың бір түрі - иттердің құлағын немесе құйрығын кесу, дененің әр аумағын әшекейлеп сымбаттау т. б.
Операциялардың көпшілігі бір сатыда орындалады, бірақ мал әлсіз болғанда, қан көп кету қауіпте, естен тану (шок) даму мүмкіншіліктерде және басқа асқынуларда, операцияны кейде 2 сатыда жасайды - екі кезеңді операция.
Операция орындалуы үш жүйелі әрекеттерден қосылады: оперативтік жету, оперативтік әдіс және операцияның қорытынды кезеңі.
Оперативтік жету - операцияның зақымдалған ағзаны және дерттің орнын тері немесе шырышты қабықтардың және қуыстардың бүтіндігін бұзып ашу бөлімі. Жету көлемі, ұлпалардың ең аз зақымдалып, кесілген тілім жасайтын әрекеттерге және кесуге арналған ағза көзбен шолуға болуға тиісті. Операцияларының көпшілігінде оперативтік жетудің өзіне лайықты ерекшелігі болады. Бірақ кейбір жағдайларда (ішкі мүшелер жылжығанда, операция жасайтын орнына жетуге патологиялық ошақтар кедергі болған барысында) оперативтік жету бірталай қиындықтарға соқтығысады. Сол себептен оперативтік жету және тілу орны операцияның жасалған кезіде толық шешіледі.
Оперативтік әдіс - дертке ұшыраған ағзаға әрекет ету. Мұнда зақымдалған мүшеге өте мұқият болып, оның бүтіндігін және тіршілік әрекетін бұзбай сақтауға тырысу қажет. Бұл хирургті физиологиялық ойлауға, ал операцияны анатомиялық жасауға міндеттендіреді [1, 2, 9, 10, 11] .
Операцияның қорытынды кезеңі бұл тігістерді салу, таңғыштау, дренаж (кәріз) кіргізу, кейде арнаулы (ортопедиялық) тағалау әрекеттері.
Кейде операциялардың бірінші 2 кезеңін бірінен - бірін шектеуге болмайды (абсцессті немесе қаяуды тіліп ашу, жараның тігісін кеңейту) .
Орындалатын хирургиялық операциялардың өз аттары болады, олар барлығы операция жасалатын ағзаларың жиірек латын немесе грек атаулары және терминінен қолданылатын оперативтік әдіс аталып қосылады. Осы арадан: руменотомия - мес қарынды тілу; уретростомия - жасанды несеп шығаратын тесік жасау; энтероэктомия - ішек кесіп алу; колпотомия - қынап қабырғасын кесу; гистерэктомия - жатырды кесіп алу. Сонымен қатар, оперативтік хирургияда сол немесе басқа операцияны басқа операцияны белгілеушілер мынадай терминдерді кең қолданылады, мысалы: резекция (жарым жарты кесіп алу), экстирпация (ойып алу), ампутация (кесіп аламын) - мүшелерді жартылай немесе толық кесіп алу және т. б.
Кейбір зерттеулерде немесе шағын операцияларда бір алдыңғы аяғын көтеріп бекемдейді. Ол үшін арнайы немесе қолдан жасаған тұсамыстарды қолданады.
Жамбас аяқтарын зерттегенде немесе тағалағанда бекемдейді. Көмекші жылқының аяғын көтеріп өзінің жамбасына қойып бекемдеп ұстайды. Мінезі ызақор жылқының құйрығына жіп байлап, сирағын сол жіп арқылы көтеріп бекемдейді. Бекемдеген мал жылжып қозғалмау үшін оның үстіңгі ерніне бұрау салынады. Жамбас аяқтарын арқандармен бекітіп, қайыс шығырықтарды тұсамыс буынына салып, арқандардың ұшын кеуде аяқтардың арасынан өткізіп, кеудеге орап бекітіп қояды [1, 2, 4, 6, 9] .
Малды қимылсыздандырып арнайы станоктарға бекемдейді. Станоктардың тұрақты немесе тасымалы түрлері болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz