Қара малдың кератиті және оның емдері



Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1Негізгі бөлім ... .9
1.1 Кератит . көздің қасаң қабығының қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Қабақтың қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Көздің дәнекер қабығының қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Қасаң қабық жарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5Қасаң қабықтың уытты жарасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.6 Кератит ноғала ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 Өзіндік зерттеу . ауру тарихы ... 14
2.1Proanamnеsis ... .14
2.2 Anamnesis vitae ... ... 14
2.3 Anamnesis morbi ... 14
2.4 Status praesens communis ... .. ... .15
2.5 Status prаesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.6 Diagnosis ... 16
2.7 Decursus morbi et therapia ... 16
2.8 Epicrisis ... ... ..24
3 Техникалық қауіпсіздік ... 26
Қорытынды ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Тақырыптың өзектілігі. Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті орындалуы оның атқарылу техникасының дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатынын сөзсіз екеніне құбылыс деп есептеуге болмайды, керісінше ол организмнің барлық жүйелерін терең қозғайды. Осыған байланысты оперативтік хирургияны толық зерттеу үшін, студенттерге анатомия, физиология, дерттік физиология, фармакология және басқа да пәндерден толық білім алу қажеттілігі зор.
Хирургия XX ғасырда ветеринарияның жеке саласына айналды. Ветеринариялық хирургияның жетістіктері, Ұлы Отан Соғысы жылдарында жараланған жылқыларды емдеуге зор мүмкіндіктер туғызды. Осы күнгі хирургияның - оперативтік, жалпы, ортопедия және офтальмология сияқты бөлімдері дамуда. Хирургияның мағынасы гректің "Сһeur ergon" деген екі сөзінен алынған. «Қолмен әсер етейін» деп аударуға болады.
Қасаң қабық қабынуы, не кератиттің, пайда болу себептері ноғаладағыдай.
Мал жарыққа қарай алмайды, көзінен жас ағады, блефароспазм, қан тамырларының перикорнеальды иньекциясы қасаң қабықтың бозаруы, оның бетінің жылтыры мен біркелкілігі бұзылады.
Кератиттің негізгі түрлері: беткей (катаракталы және іріңді), паренхиматозды, не терең (іріңді емес және іріңді). Беткей каратитте қасаң қабыққа дәнекер қан тамырлары жабысады (олар қып-қызыл, ағаш тәрізді бұтақтанып, бір-біріне ұштасып жатады), ал терең кератитте склералды тамырлар жабысады (бұлар бұтақтанбайды, бір-біріне ұштаспайды және қасаң қабықта ғана көрінеді). Мал беткей катаракталы кератиттен айығады, ал басқа түрлерінен оның айығуы да, айықпауы да мүмкін.
Көз дәрілер ретінде кортикостероидтік гормондарды және антибиотиктерді жүйесіз кең қолдануы микрофлораны беймделіп олардың тіимділігін жоққа әкеледі. Келесіде толық емделмегендіктен дерт рецидивтеніп, қабыну процессі қайтадан өршіп және жергілікті иммунитет бұзуылып, патогендік микрофлораның антибиотиктерге сезгіштігі төмендеп, ауру асқынып, қайталап ұзақ уақытқа созылтын сатыға кешіп өтеді.
Аурудың ұзақ ағымы ұлпалардың патологиялық өзгертүін жүргізеді – оған токсико - аллегориялықты компоненттері қосылып, процесс ағымын ұлғайтады және емдеу нәтижелерін недәуір мөлшерде шиеленістіріп және көз алмасын панофтальмитке ұшыратуы мүмкін.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді, білумен қатар әр ағзалардың, жүйелерді және жалпы организмнің күй жайын, яғни қызметін атқару күйін, күш қабілет мүмкіндігін анықтайды 1,2].
Курстық жұмыстың мақсаты - қара малдың кератитіне дұрыс диагноз қойып, оны хирургиялық жолмен емдеу.
1 Семенов Б.С. Ветеринарная хиругия, ортопедия и офтальмология:/ Семенов Б.С. Стекольников А.А., Высоцкий Д.И Москва, 2003.
2 Мырзабеков М., Оперативтік хирургия:/ Мырзабеков М., Есенқұлов Ә Алматы 1998ж 358б
3 Hаметов А.М. Препараты, используемые при лечений хирургических ран животных: учебник для вузов /Маметов А.М., Б.К.Ілиясов, А.А.Абдулла Москва, «Колос» -1971.-130с.
4 Поваженко И.Е. Общая ветеринарная хирургия: учебник для вузов /Поваженко И. Е., Братюха С. И. Москва «Колос» -1971.-134с.
5 Плахотин М.В. Справочник по ветеринарной хирургии:/ Плахотин М.В – М.Колос, 1977г
6 Авроров В.Н.Ветеринарная офтальмология:/ Авроров В.Н., Лебедев А.В. М, Агропромиздат, 1985 г.
7 Ильясов Б.К Ветеринариялық хирургия /Ильясов Б.К М. Алматы, 2009.- 237-239б

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
‭ ‬ Аннотация‭

Ветеринариялық хирургия‭ ‬пәнінен‭ ‬жазылған‭ ‬Қара малдың кератиті және оның емдері‭ ‬атты‭ ‬курстық‭ ‬жұмысым‭ ‬28‭ ‬беттен‭ ‬тұрады.‭
Курстық жұмыс титул парағы,‭ ‬аннотация,‭ ‬мазмұны,‭ ‬нормативтік сілтеме,‭ ‬анықтама,‭ ‬белгілер мен қысқартулар,‭ ‬кіріспе,‭ ‬негізгі бөлім,‭ ‬өзіндік зерттеу,‭ ‬техника қауіпсіздігі,‭ ‬қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.‭ ‬қамтиды.
‭ ‬Курстық жұмыстың негізгі бөлімінде‭ ‬көз аурулары,‭ ‬көздің қасаң қабығының қабынуы,‭ ‬қабақтың қабынуы,‭ ‬көздің дәнекер қабығының қабынуы,‭ ‬қасаң қабық жарасы,‭ ‬қасаң қабықтың уытты жарасы,‭ ‬торлы қабықтың ажырауы‭ (‬қабатталуы‭) ‬қамтылған.
Қорытынды бөлімінде жүргізілген жұмыстың нәтижесі көрсетілген.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1Негізгі бөлім‭ ‬ ... .9
1.1‭ ‬Кератит‭ ‬-‭ ‬көздің қасаң қабығының қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9‭
1.2‭ ‬Қабақтың қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3‭ ‬Көздің дәнекер қабығының қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10‭
1.4‭ ‬Қасаң қабық жарасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5Қасаң қабықтың уытты жарасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12‭
1.6‭ ‬Кератит ноғала ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12‭
2‭ ‬Өзіндік зерттеу‭ ‬-‭ ‬ауру тарихы‭ ‬ ... 14
2.1Proanamnеsis‭ ‬ ... .14
Anamnesis‭ ‬vitae‭ ‬...‭ ‬ ... 14
Anamnesis morbi‭ ‬ ... 14
Status‭ ‬praesens‭ ‬communis..‭...‬.‭ ‬ ... .15
2.5‭ ‬Status prаesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.6‭ ‬Diagnosis‭ ‬ ... 16
Decursus morbi et therapia‭ ‬ ... 16
Epicrisis‭ ‬ ... ... ..24
3‭ ‬Техникалық қауіпсіздік‭ ‬ ... 26
Қорытынды‭ ‬ ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

‭ ‬Нормативтік‭ ‬сілтемелер

Осы‭ ‬курстық жұмыста‭ ‬келесі‭ ‬нормативтік‭ ‬құжаттарды‭ ‬қолдануға‭ ‬сілтемелер‭ ‬жасалған:
‭ ‬МЖМБС‭ ‬2.104‭ ‬-2006‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Негізгі‭ ‬жазбалар.
МЖМБС‭ ‬2.301‭ ‬-68‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Форматтар.
МЖМБС‭ ‬2.601‭ ‬-2006‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Пайдалану‭ ‬құжаттары.
МЖМБС‭ ‬2.304-81‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Сызбалық‭ ‬шрифттер.
МЖМБС‭ ‬2.701-84‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Схемалар.Түрлері‭ ‬мен‭ ‬типтері.Орындауға‭ ‬қойылатын‭ ‬жалпы‭ ‬талаптар.
МЖМБС‭ ‬2.321-84‭ ‬КҚБЖ‭ (‬ЕСКД‭)‬.Әріптік‭ ‬белгілеу.

‭ ‬Ф.7.04-03‭

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

‭__________________________‬кафедра сы

‭__________________________________ _‬пәні бойынша‭

Курстық жұмыс

Пәні‭ ___________________________________ ____________________
Жұмыс‭ ‬тақырыбы:‭________________________ _____________________
Мамандығы:‭________________________ _________________________

Орындаған‭ _______________________________
(студенттің аты жөні,тобы‭)
Жетекші‭ ___________________________________ __________
(оқытушының аты‭ –‬жөні,ғылыми дәрежесі,‭ ‬атағы‭)

Жұмыс‭ ____________
бағасы
бағасына қорғалды
‭_____________‬2013ж.

Норма бақылау:
‭_______________
қолы,‭ ‬аты‭ –‬жөні‭

Комиссия:
‭_______________
қолы,аты‭ –‬жөні‭
_______________
қолы,аты‭ –‬жөні

‭ ‬Шымкент‭ ‬2013‭ ‬ж.‭
Ф.‭ ‬7.‭ ‬05‭ –

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

‭______________________________‬каф едрасы

‭ ‬Бекітемін‭
Каф.меңгерушісі‭ __
_________2013ж.‭

№____Тапсырмасы

‭__________________________________ _‬пәні бойынша курстық жұмыс
Студент‭ _______________________________
(тегі,аты-жөні‭)
Жұмыс‭ ‬тақырыбы‭ ___________________________________ ___________

Бастапқы мәліметтер‭ ____________‬______________________ ________


Курстық жұмыстың мазмұны
Орындалу‭
мерзімі
Көлемі‭
(парақ саны‭)
1

2

3

4

5

6

Ұсынылған әдебиеттер:‭ ‬1.‭___________________________________ _______________________
.‭___________________________________ _______________________
.‭___________________________________ __________________________

Тапсырма берілген күні‭ _________‬жұмысты‭ ‬қорғау күні‭________________

Жұмыс жетекшісі‭ ___________________________________ ______________
(қызметі,‭ ‬тегі,аты‭ –‬жөні,‭ ‬қолы‭)
Тапсырманы орындауға қабылдаған‭________________________ _______
( күні,‭ ‬студенттің қолы‭)

Ф.‭ ‬7.‭ ‬04‭ –

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

‭ ___________________________________ ____‬ факультеті
‭___________________________________ __ ____‬кафедрасы

‭ ‬Бекітемін‭
Кафедра меңгерушісі
‭_____________________
(қолы,аты‭ –‬жөні‭)
_______________2013ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы‭ №____

___________________________________ ___________________пәні
студент‭___________________________ __‬тобы‭_________________________

Курстық жұмыс тақырыбы‭ ___________________________________ __
___________________________________ ______________________________

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:‭
1.‭___________________________________ _____________________________
2.‭___________________________________ _____________________________
.‭___________________________________ _____________________________

Курстық жұмысты‭ ‬орындау кезінде алынған‭ ‬балл‭ (‬60‭ ‬мүмкіндіктен‭) _____‬,‭ ‬қорғау бағаланды‭ (‬40‭ ‬мүмкіндіктен‭)_____‬балл.
Сомалық баллы‭______
Жұмыстың бағасы‭____________

Курстық жұмыс‭ ‬жетекшісі‭________________________ ____________
Комиссия мүшелері‭___________________________________ _____________
Комиссия мүшелері‭___________________________________ _____________
Қорғау күні‭__________‬2013ж.

‭ ‬ Анықтамалар

‭ ‬Кератит‭ ‬-‭ ‬көздің қасаң қабығының қабынуы‭
Конъюнктивит‭ –‬көздің кілегей қабығының қабынуы
Панофтальмит‭ –‬көз алмасыынң барлық ұлпаларының іріңді қабынуы
Кератоконъюнктивит‭ –‬көздің қасаң және кілегей қабықтарының қабынуы
Экссудат‭ –‬қабыну кезінде ұсақ қан тамырлары қабырғасынан ұлпаға,‭ ‬дене қуыстарына сүзіліп шыққан сұйық
Флегмона‭ –‬май ұлпасының жіті іріңді шектелмей‭ ‬қабынуы
Склерит‭ –‬көз алмасының сыртқы қабықшасының қабынуы‭ (‬Ақ қабықша‭)
Кератит‭ ‬-‭ ‬көздің қасаң қабығының әр түрлі деңгейдегі қабынуы‭

Кіріспе

‭ ‬Тақырыптың өзектілігі.‭ ‬Оперативтік хирургияда операциялардың сәтті орындалуы оның‭ ‬атқарылу техникасының дұрыс қалыптастырылуына байланысты болатынын‭ ‬сөзсіз екеніне құбылыс деп есептеуге болмайды,‭ ‬керісінше ол организмнің‭ ‬барлық жүйелерін терең қозғайды.‭ ‬Осыған байланысты оперативтік‭ ‬хирургияны толық зерттеу үшін,‭ ‬студенттерге анатомия,‭ ‬физиология,‭ ‬дерттік‭ ‬физиология,‭ ‬фармакология және басқа да пәндерден толық білім алу‭ ‬қажеттілігі зор.
‭ ‬Хирургия‭ ‬XX‭ ‬ғасырда ветеринарияның жеке саласына айналды.‭ ‬Ветеринариялық хирургияның жетістіктері,‭ ‬Ұлы Отан Соғысы жылдарында‭ ‬жараланған жылқыларды емдеуге зор мүмкіндіктер туғызды.‭ ‬Осы күнгі‭ ‬хирургияның‭ ‬-‭ ‬оперативтік,‭ ‬жалпы,‭ ‬ортопедия және‭ ‬офтальмология сияқты‭ ‬бөлімдері дамуда.‭ ‬Хирургияның мағынасы‭ ‬гректің‭ "‬Сһeur‭ ‬ergon‭" ‬деген екі сөзінен алынған.‭ ‬Қолмен әсер етейін‭ ‬деп аударуға болады.
Қасаң қабық қабынуы,‭ ‬не кератиттің,‭ ‬пайда болу себептері ноғаладағыдай.
Мал жарыққа қарай алмайды,‭ ‬көзінен жас ағады,‭ ‬блефароспазм,‭ ‬қан тамырларының перикорнеальды иньекциясы қасаң қабықтың бозаруы,‭ ‬оның бетінің жылтыры мен біркелкілігі бұзылады.
Кератиттің негізгі түрлері:‭ ‬беткей‭ (‬катаракталы және іріңді‭)‬,‭ ‬паренхиматозды,‭ ‬не терең‭ (‬іріңді емес және іріңді‭)‬.‭ ‬Беткей каратитте қасаң қабыққа дәнекер қан тамырлары жабысады‭ (‬олар қып-қызыл,‭ ‬ағаш тәрізді бұтақтанып,‭ ‬бір-біріне ұштасып жатады‭)‬,‭ ‬ал терең кератитте склералды тамырлар жабысады‭ (‬бұлар бұтақтанбайды,‭ ‬бір-біріне ұштаспайды және қасаң қабықта ғана көрінеді‭)‬.‭ ‬Мал беткей катаракталы кератиттен айығады,‭ ‬ал басқа түрлерінен оның айығуы да,‭ ‬айықпауы да мүмкін.
Көз дәрілер ретінде кортикостероидтік гормондарды және антибиотиктерді жүйесіз кең қолдануы микрофлораны беймделіп олардың тіимділігін жоққа әкеледі.‭ ‬Келесіде толық емделмегендіктен дерт рецидивтеніп,‭ ‬қабыну процессі қайтадан өршіп және жергілікті иммунитет бұзуылып,‭ ‬патогендік микрофлораның антибиотиктерге сезгіштігі төмендеп,‭ ‬ауру асқынып,‭ ‬қайталап ұзақ уақытқа созылтын сатыға кешіп өтеді.
Аурудың ұзақ ағымы ұлпалардың патологиялық өзгертүін жүргізеді‭ –‬оған токсико‭ ‬-‭ ‬аллегориялықты компоненттері қосылып,‭ ‬процесс ағымын ұлғайтады және емдеу нәтижелерін недәуір мөлшерде шиеленістіріп және көз алмасын панофтальмитке ұшыратуы мүмкін.‭
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін морфологиялық өзгерістерді,‭ ‬білумен қатар әр ағзалардың,‭ ‬жүйелерді және жалпы организмнің күй жайын,‭ ‬яғни қызметін атқару күйін,‭ ‬күш қабілет мүмкіндігін анықтайды‭ ‬1,2‭]‬.
‭ ‬Курстық жұмыстың мақсаты‭ ‬-‭ ‬қара малдың‭ ‬кератитіне‭ ‬дұрыс диагноз қойып,‭ ‬оны хирургиялық жолмен емдеу.‭

1‭ ‬Негізгі бөлім‭

1.1‭ ‬Кератит‭ ‬-‭ ‬көздің қасаң қабығының қабынуы

Қасаң қабық қабынуы,‭ ‬не кератиттің,‭ ‬пайда болу себептері ноғаладағыдай.
Белгілері.‭ ‬Мал жарыққа қарай алмайды,‭ ‬көзінен жас ағады,‭ ‬блефароспазм,‭ ‬қан тамырларының перикорнеальды иньекциясы қасақ қабықтың бозаруы,‭ ‬оның бетінің жылтыры мен біркелкілігі бұзылады.
Кератиттің негізгі түрлері:‭ ‬беткей‭ (‬катаракталы және іріңді‭)‬,‭ ‬паренхиматозды,‭ ‬не терең‭ (‬іріңді емес және іріңді‭)‬.
Беткей каратитте қасаң қабыққа дәнекер қан тамырлары жабысады‭ (‬олар қып-қызыл,‭ ‬ағаш тәрізді бұтақтанып,‭ ‬бір-біріне ұштасып жатады‭)‬,‭ ‬ал терең кератитте склералды тамырлар жабысады‭ (‬бұлар бұтақтанбайды,‭ ‬бір-біріне ұштаспайды және қасаң қабықта ғана көрінеді‭)‬.
Болжау.‭ ‬Мал беткей катаракталы кератиттен айығады,‭ ‬ал басқа түрлерінен оның айығуы да,‭ ‬айықпауы да мүмкін.
‭ ‬Емі.‭ ‬Малды азықтандыруды және оның күтімін жақсартады.‭ ‬Ауырған жерге антисептикалық ерітінділер мен май қолданылады.‭ ‬Ауырсынуды кеміту үшін ауру басатын дәрі‭ (‬морфиннің‭ ‬1%-тік ерітіндісі не‭ ‬1%-тік майы‭) ‬береді не новокаиннен периорбиталды және субконъюктивалды блокада жасайды.‭ ‬Жалкаяқты сіңіру үшін дионың ерітіндісін береді‭ (‬1-5%-тік-ке дейін‭)‬,‭ ‬сары тұнба сынап майының‭ ‬3%-тік майы,‭ ‬қантқа қосып каломель береді.‭ ‬Көз ұлпасы ұзақ уақыттан бері қабынған жағдайда филатов әдісі бойынша ұлпамен емдеу және көздің дәнекер қабығы астына ас тұзының‭ ‬3‭—‬%-тік ерітіндісін‭ (‬1‭—‬мл‭) ‬жіберу жақсы нәтиже береді.‭ ‬Ал тұзы ерітіндісін тамшы анестезиядан кейін жібереді.‭ ‬Көз қарашығын кеңейту үшін атропиннің‭ ‬1‭ ‬проценттік ерітіндісін тамызады‭ ‬[1,2,3‭]‬.
‭ ‬

1.2‭ ‬Қабақтың қабынуы‭

Қабақтың қабынуы,‭ ‬не блефарит,‭ ‬механикалық зақымнан‭ (‬жара,‭ ‬жарақат‭)‬,‭ ‬химиялық заттар мен жылу әсерінен,‭ ‬инвазиялы және індетті аурулар,‭ ‬авитаминоз және басқа себептерден болады.
Белгілері.‭ ‬Үстіртін және терең блефарит болады.‭ ‬Үстіртін блефаритте қабақ терісі ғана,‭ ‬ал терең блефаритте тері,‭ ‬шел қабық және басқа органдар қабынады.‭
Болжау.‭ ‬Үстіртін блефарит айығады,‭ ‬флегмозды блефарит айығуы да айықпауы да мүмкін.
Емі.‭ ‬Жемшөпті жақсартады,‭ ‬рационға витаминдер мен минералдық заттар қосады.‭ ‬Үстіртін блефариттің алғашқы сатысында қабығын антибиотиктер мен антисептикалық дәрілер жағып,‭ ‬сылайды.‭ ‬Кейінгі сатыларында қабыршақтар мен қайызды жұмсартады және алып тастайды,‭ ‬уытты жараны азот қышқыл күмістің‭ ‬3‭—‬%-тік ерітіндісімен күйдіреді,‭ ‬қабақ шеттеріне түрлі майлар жағады,‭ ‬ол майлар:‭ ‬5%-тік йодоформ,‭ ‬5‭ ‬%-тік норсульфазол‭ ‬30%-тік альбуцид,‭ ‬1‭—‬%-тік сары не ақ сынап тұнбасы не‭ ‬1‭ ‬%-тік синтомицин эмульсиясы.‭ ‬Организм қызметін күшейту үшін антибиотиктер мен денсаулықты жақсартатын ем қолданылады.‭ ‬Терең блефарит болса,‭ ‬жылы компресс қолданылады,‭ ‬венаға новокаин‭ (‬малдың‭ ‬1‭ ‬кг салмағына‭ ‬0,25%-тік ерітіндінің‭ ‬1‭ ‬мл‭)‬,‭ ‬жібереді,‭ ‬піскен жараны кеседі‭ ‬[1,3,4‭]‬.

1.3‭ ‬Көздің дәнекер қабығының қабынуы

Көздің дәнекер қабығының қабынуы,‭ ‬не ноғала ауруы механикалық тітіркенуден‭ (‬жарақаттану,‭ ‬бөгде дене түсу,‭ ‬кабақтың қитар болуы,‭ ‬паразиттер‭)‬,‭ ‬химиялық заттар әсерінен‭ (‬сілтілер,‭ ‬қышқылдар,‭ ‬тітіркендіретін ерітінділер,‭ ‬бу мен газдар‭)‬,‭ ‬ауру тудыратын микробтардан,‭ (‬ірі‭ ‬қараның‭ ‬қатерлі‭ ‬катаракталы‭ ‬қызбасы,‭ ‬жылқының кеңірдегі қабынуы,‭ ‬ит обасы т.б.‭)‬,‭ ‬улы заттар мен сәуле әсерінен пайда болады.
Белгілері.‭ ‬Ноғаланың мынадай түрлері болады:‭ ‬катаракталы,‭ ‬іріңді,‭ ‬паренхиматозды‭ (‬флегмонозды‭)‬,‭ ‬фибринді‭ (‬крупозды және дифтериодты‭) ‬және фолликулярлі.
Катаракталы ноғала кезінде көзден жас ағады,‭ ‬мал жарыққа қарай алмайды,‭ ‬көздің дәнекер қабығы қызарады және ісінеді,‭ ‬қабақ ауырады және сол жердің қызуы артады.‭
Іріңді ноғаланың клиникалық мынадай белгілері бар:‭ ‬қас ісінеді және ысиды,‭ ‬көз жанары кішірейеді.‭ ‬Көздің іш жағынан ірің шығады.‭ ‬Қабақтар кейде бір-біріне жабысады,‭ ‬Көздің дәнекер қабығы қызарады және ісінеді.‭ ‬Кейде ісік үлкен болғандықтан көздің дәнекер қабығы көз шарасынан белдеуленіп шығып тұрады‭ (‬хемоз‭)‬.‭
Паренхиматозды ноғала кезінде қабақ қатты ісінеді,‭ ‬серозды-кілегейлі не кілегейлі-іріңді жалқаяқ көп шығады,‭ ‬жарыққа қарай алмайды.‭ ‬Көздің дәнекер қабығы көз сарайынан сақина тәрізденіп шығып тұрады‭ (‬хемоз‭)‬.‭ ‬Кейде оның бет жағы өлі еттенеді,‭ ‬онда қабыршақ пайда болады.
Фибринді‭ (‬крупозды және дифтеройдты‭) ‬ноғала кезінде жарыққа қарай алмайды,‭ ‬қабағы іседі,‭ ‬ауырсынады.‭ ‬Ісінген және қанталаған дәнекер қабыққа сары не сарғылт қызыл шел пайда болады.‭ ‬Крупозды ноғала кезінде бұл шелді сылып алып тастау оңай,‭ ‬дифтериодты ноғала кезінде сылып алып тастау қиын.‭ ‬Бірінші жағдайда көздің дәнекер қабығында шамалы қанайтын,‭ ‬ал екінші жағдайда‭ —‬қанайтын бітеу жара пайда болады.
Фолликулды ноғала итте болады,‭ ‬созылмалы түрде өтеді,‭ ‬көбіне үшінші қабық дәнекер қабығы ауруға шалдығады.‭ ‬Бұл ноғала кезінде үшінші қабықтың ішкі бетінде тары дәніндей қоңыр қызғылт ноқат пайда болады.‭ ‬Ауру ұзаққа созылу салдарынан үшінші қабық деформацияға ұшырайды,‭ ‬кейде қабық айналып кетеді.
Болжау.‭ ‬Катаракталы ноғала‭ —‬айығады,‭ ‬іріңді паренхиматозды фибринді және фолликулярлы ноғаланың айығуы да айықпауы да мүмкін.
Емі.‭ ‬Ноғала түрлерін мынадай әдіспен емдейді.‭ ‬Қатаракталы ноғала кезінде ауру тудырған себептерді жояды,‭ ‬ауырған көзді бор қышқылының‭ ‬3‭ ‬%-тік ерітіндісімен не калий перманганаты ерітіндісімен‭ (‬1:5000‭)‬,‭ ‬риванолдың‭ (‬1‭ ‬:‭ ‬1000‭) ‬не фурацилиннің‭ (‬1‭ ‬:‭ ‬5000‭) ‬ерітіндісімен жуады.‭ ‬Көз саңылауына альбуцидтің‭ ‬10‭—‬%-тік ерітіндісін,‭ ‬колларголдың‭ ‬3%-тік ерітіндісін тамызады не май салады‭ (‬5%-тік ксероформ,‭ ‬5%-тік йодоформ,‭ ‬15‭—‬%-тік альбуцид не‭ ‬2%-тік сары сынап майы‭)‬.‭ ‬Қабыну құбылысы бәсеңдеген кезде тұтқыр ерітінді дәрілер‭ (‬0,25‭—‬,5%-тік күкірт қышқылды мырыш,‭ ‬1%-тік резорцин,‭ ‬0,5%-тік ашудастар‭)‬,‭ ‬ал ауру созылмалы түрде өтсе,‭ ‬азотқышқылды күміс ерітіндісін‭ (‬тамызу үшін‭ ‬1‭—‬%-тік дәнекер қабықты сылау үшін‭ ‬5‭—‬%-тік ерітіндісі‭) ‬қолданылады.‭ ‬Сылау алдында көздің дәнекер қабығын дикаиннің‭ ‬1‭ ‬проценттік ерітіндісімен,‭ ‬не новокаиннің‭ ‬2%-тік ерітіндісімен жансыздандырады,‭ ‬содан кейін азот қышқылды күмістің артық мөлшерін бейтараптау үшін физиологиялық ерітіндімен жуады.
Іріңді ноғаланы емдеу үшін малды азықтандыруды,‭ ‬бағым-күтімін жақсартады.‭ ‬Антисептикалық дәрілер‭ (‬катаракталы ноғаланы қара‭) ‬және мынадай антибиотиктер қолданылады:‭ ‬синтомицин‭ —‬%-тік ерітінді,‭ ‬1‭ ‬%-тік эмульсия,‭ ‬не‭ ‬5%-тік май,‭ ‬стрептомицин‭ —‬миллилитрден‭ ‬25‭ ‬000‭ ‬өлшем,‭ ‬террамицин‭ ‬1‭ ‬%-тік ерітінді не‭ ‬1%-тік май‭; ‬биомицин‭—‬%-тік май‭; ‬тетрациклин‭ —‬%-тік ерітінді не‭ ‬1‭ ‬проценттік эмульсия.‭ ‬Катарактала ноғала кезіндегідей көздің дәнекер қабығын түгел сылу және Филатов әдісімен ұлпаны емдеу жақсы нәтиже береді.‭ ‬Көзге таңғыш таңуға,‭ ‬әсіресе,‭ ‬жылы компресс салуға болмайды,‭ ‬өйткені бұлай,‭ ‬істегенде микрофлора тез дамиды.‭
Паренхиматозды ноғалада,‭ ‬іріңді ноғаладағы тәрізді,‭ ‬антисептикалық дәрілер,‭ ‬антибиотиктер,‭ ‬сульфаниламид препараттары қоданылады,‭ ‬новокаин жіберіледі,‭ ‬ұлпаны емдейді.‭ ‬Таңғыш тартуға болмайды.
Фибринозды ноғаланы антисептикалық ерітінділермен және маймен емдейді‭ (‬катаракталы‭ ‬ноғаланы‭ ‬қара‭)‬.‭ ‬Шелді сылып алғаннан‭ ‬кейін‭ ‬оның орнына жараға протарголдың‭ ‬10%-тік ерітіндісін‭ ‬не‭ ‬азот‭ ‬қышқыл күмістің‭ ‬1‭—‬%-тік ерітіндісін жағады.‭
Фолликулярлы ноғала кезінде жоғарғы және төменгі қабақ дәнекер қабығын,‭ ‬үшінші қабақтың екі жағын да сылайды‭ (‬катаракталы ноғаланы қара‭)‬.‭ ‬Пішіні өзгерген үшінші қабақты сылып алып тастайды‭ ‬[1,2,5,6‭]‬.

1.4‭ ‬Қасаң қабық жарасы‭

Қасаң қабықтың беткей,‭ ‬терең және тесіп өткен жаралары болады.‭
Белгілері.‭ ‬Көзден жас ағады,‭ ‬мал жарыққа қарай алмайды,‭ ‬блефароспазм болады.‭ ‬Жай көзбен не үлкейткіш әйнекпен қарағанда қасаң қабық жарасы көрінеді.‭
Болжау.‭ ‬Мал беткей жарадан айығады,‭ ‬терең жарадан айығуы да,‭ ‬айықпауы да мүмкін,‭ ‬ал тесіп өткен жара айықпайды.
Емі.‭ ‬Антисептикалық ерітінділер не кокаин,‭ ‬морфин не новокаин қосылған майлар,‭ ‬қолданылады.‭ ‬Терең жара болса,‭ ‬көздің дәнекер қабығы қапшығына эзериннің‭ ‬1%-тік не ерітіндісін не пилокарпиннің‭ ‬1%-тік ерітіндісін жібереді.‭ ‬Өскен тор қабықты қайтадан орнына салады не кесіп тастайды.‭ ‬Қасаң қабық ауруға шалдыққанда,‭ ‬металл тұздарын‭ (‬мырыш,‭ ‬қорғасын,‭ ‬сынап,‭ ‬күміс‭) ‬қолданбаған жақсы,‭ ‬өйткені олардан көзге дақ түседі.‭ ‬[1,3,6,7,8‭]‬.

1.5Қасаң қабықтың уытты жарасы‭

Бұл ауру жарақаттанудан,‭ ‬химиялық заттар мен жылу әсерінен,‭ ‬іріңді кератит,‭ ‬індетті аурулардан авитаминоздан және т.‭ ‬б.‭ ‬болады.‭
Белгілері.‭ ‬Мал жарыққа қарай алмайды,‭ ‬көзінен жас ағады,‭ ‬блефароспазм болады,‭ ‬қасаң қабық бозарады,‭ ‬оның ортасында не шет жағында уытты жара шығады,‭ ‬бұл жараның пішіні мөлшері,‭ ‬тереңдігі әр түрлі келеді.
Болжау.‭ ‬Терең жатқан және өршіп келе жатқан жараның айығуы да,‭ ‬айық-ауы да мүмкін,‭ ‬ал тесіп өткен жарадан мал айықпайды.
‭ ‬Емі.‭ ‬Уытты жара этилогиялық байланысты болып келетін ауруды жоюға шаралар қолданады.‭ ‬Малды күту және азықтандыру жағдайын жақсартады.‭ ‬Антисептикалық ерітінділер мен май,‭ ‬антибиотиктер және сульфаниламидті препараттар қолданылады.‭ ‬Беткей уытты жара болса көздің дәнекер қабығының қапшығына атропиннің‭ ‬1%-тік ерітіндісін,‭ ‬ал өрши түскен және терең жара болса,‭ ‬эзериннің‭ ‬1%-тік ерітіндісін не пилокарпиннің‭ ‬1%-тік ерітіндісін жібереді.‭ ‬Сол сияқты ауырсынуды кемітетін майлар пайдаланылады,‭ ‬новокаин блокадасын жасау,‭ ‬әсіресе,‭ ‬филатов әдісі бойынша ұлпа көмегімен емдеу өте пайдалы.‭ ‬Мырыш,‭ ‬қорғасын,‭ ‬сынап тұздарын сирек қолданған дұрыс,‭ ‬өйткені одан көзге дақ түсуі мүмкін.‭ ‬[3,6,7,9‭]‬.

1.6‭ ‬Кератит ноғала‭

Көздің дәнекер қабығы мен қасаң қабығының бір мезгілде ауруға ұшырауы телязиоз және риккетсиоз кезінде байқалады.
Телязиозға көбіне ірі қара‭ (‬әсіресе төлі‭)‬,‭ ‬ал жылқы сиректеу,‭ ‬шошқа одан да сирек ұшырайды.‭
Телязиоз қоздырғыштары Тһ.‭ ‬rhodesi,‭ ‬Тһ.‭ ‬skrjabini және Тһ.‭ ‬gualosa.
Рикетсиоз.‭ ‬Ірі қарада болады,‭ ‬әсіресе олардың‭ ‬2‭—‬айлық‭ —‬жасар төлі бұл ауруға жиі шалдығады.‭
Ауру қоздырғышы Rikketsia conjunctivae bovis‭ —‬майда полиморфты микроорганизм‭; ‬көздің дәнекер қабығы мен қасаң қабығының эпителий клеткаларында паразиттік тіршілік етеді.
Белгілері.‭ ‬Телязиоз кезінде мал жарыққа қарай алмайды,‭ ‬көзінен жас ағады не көзінен кілегейлі және кілегейлі-іріңді жалқаяқ ағады,‭ ‬көз дәнекер қабығы қызарады және ісінеді,‭ ‬қасаң қабық бозарады,‭ ‬оның ортасында уытты жара,‭ ‬ал шет жағында жаңадан қан тамырлары пайда болады.
Риккетсиоз кезінде мынадай клиникалық белгілер білінеді.‭ ‬Алғашқы екі күнде көзден жас ағады,‭ ‬мал жарыққа қарай алмайды,‭ ‬көздің дәнекер қабығы қызарады және ісінеді.‭ ‬Аурудың‭ ‬5‭—‬күндері қабықта жергілікті жалқаяқ және жаңа қан тамырлары пайда бола бастайды.‭ ‬Кейінірек қасаң қабықта уытты жара пайда болады.‭ ‬Қасаң қабықтың пішіні өзгереді.‭ ‬Жара қасаң қабықты тесіп панофтальмитқа айналуы мүмкін.
Болжау.‭ ‬Егер уақтылы емделсе мал телязиоз бен риккетсиоздан айығады,‭ ‬терең уытты жара болса айықпайды.
Емі.‭ ‬Телязиозға ұшыраған малды емдеудегі негізгі мақсат паразитті көзден шығару.‭ ‬Оны шығару үшін дымқыл мақта антисептикалық сұйық қолданылады не мұрын каналын жуады.‭ ‬Паразиттерден арылтқан ооң зақымданған қасаң қабықты емдейді.
Риккетсиозбен ауырғанда рационға минералдық заттар мен витаминдер косылады.‭ ‬Антисептикалық ерітінділер мен майлар,‭ ‬сульфаниламид препараттар және антибиотиктер‭ (‬әсіресе,‭ ‬тетрациклин мен биомицин‭) ‬қолданылады.
‭ ‬Аурудан сақтау.‭ ‬Шаруашылыққа басқа жақтан әкелінген малды карантинге қояды және мезгіл-мезгіл тексереді.‭ ‬Ауру білінсе,‭ ‬ауру малды бөлек ұстап,‭ ‬емдейді‭ ‬[1,2,9,10‭]‬.


2Өзіндік зерттеу‭ ‬-‭ ‬ауру тарихы

‭ ‬Мен өзіндік зерттеуде курстық жұмысымның тақырыбына сай М.‭ ‬Әуезов атындағы ОҚМУ-дің‭ ‬Агроөнеркәсіп‭ ‬факультетінің‭ ‬Ветеринариялық медицина‭ ‬кафедрасының клиникасында‭ ‬қара малдың кератит ауруын‭ ‬ емдедім.‭
Қара малдың кератит‭ ‬емдеу барысында ветеринария ғылымының докторы,‭ ‬профессор Ілиясов Б.К.‭ ‬жетекшілік жасады.

‭ ‬2.1‭ ‬Ргоапаmnеsіs

1.Амбулаторлық‭ ‬журналындағы тіркеу нөмірі‭ ‬-34
.Емдік мекеме‭ ‬мекен-жайы:‭ ‬Шымкент‭ ‬қаласы,
.Емдік мекеме‭ ‬аты:‭ ‬М.Әуезов‭ ‬атындағы ОҚМУ-дың‭ ‬Агроөнеркәсіп‭ ‬факультетінің‭ ‬Ветеринариялық‭ ‬медицина‭ ‬кафедрасының клиникасы
4.Малдың түрі‭ ‬– ірі қара
5.Малдың жынысы‭ ‬-‭ ‬ұрғашы
6.Малдың жасы‭ –‬,5‭ ‬жас
7.Малдың түсі‭ –‬ақ
8.Малдың тұқымы‭ ‬-‭ ‬аралас
9.Малдың салмағы‭ ‬-‭ ‬192‭ ‬кг
10.Малдың иесі‭ –‬Алишер Мухаметжан‭
11.Ауырған күні‭ –‬.04.2013ж.
12.Сауығу күні‭ –‬.04.2013ж.
13.Иесінің мекен‭ ‬-‭ ‬жайы:‭ ‬Самал елді мекені,‭ ‬Теріскей‭ ‬көшесі,‭ ‬22-үй

‭ ‬2.2‭ ‬Anamnesis vitae

Ірі қараны иесі өз үйінде‭ ‬асыраған.‭ ‬Азықтандыруы зоотехникалық нормаға‭ ‬сай‭ ‬болған‭ (‬қоректік заттар,‭ ‬витаминдер,‭ ‬минералды заттар‭)‬.‭ ‬Ірі қараны құнарлы‭ ‬азықпен‭ (‬жем‭) ‬күніне екі рет‭ (‬азанда,‭ ‬кешке‭) ‬азықтандырған,‭ ‬жайылымда дала шөбімен қоректенген,‭ ‬судан мұқтаждық көрмеген.‭ ‬Осы уақытқа‭ ‬дейін ешқандай‭ ‬аурумен ауырмаған.


2.3‭ ‬Anamnesis morbi

Ірі қараның қоңдылығы орташа,‭ ‬дене‭ ‬бітімі қалыпты жағдайда.‭ ‬Жергілікті және жалпы температурасы көтерілген,‭ ‬39,5-40‭ ‬°С.‭ ‬Екі көзі іріңдеген,‭ ‬қатты ауырсынады,‭ ‬ісінген,‭ ‬капиллярлары қанталаған.‭ ‬Көзден іріңді экссудат ағып тұр,‭ ‬көзі аздап жұмылған.‭ ‬Жарықтан қорқады.‭ ‬Көзге көрінетін кілегейлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың конъюнктивиальды қапшығының құрамын гельминтологиялық зерттеу
Ит инфекциялық гепатит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Жұғымтал эктима ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Қара малдың көз патологиясын П. П. Гатин-Б. К. Ильясов бойынша емдеудің тиімділігі
Жұғымтал эктима ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Аса қауіпті жұқпалы аурулар
Тұяқ жүрекшесінің шіруі
Тізе буынына жасалған ота
Актиномикоз және оның емдері
Стресс, анықтамасы, жіктелуі, себебі
Пәндер