Бұқаның кеуде аяғының тендовагинитін емдеуге арналған ауру тарихы


Аннотация
«Ветеринариялық хирургия» пәнінен «Бұқаның кеуде аяғының тендовагинитін емдеуге арналған ауру тарихы» тақырыбына арналған курстық жұмыс 37 беттен тұрады.
Курстық жұмыс титул парағы, анотация, мазмұны, нормативтік сілтеме, анықтама, белгілер мен қысқартулар, кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу, техникалық қауіпсіздік, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Өзіндік зерттеу бөлімінде, біздің практикалық дәріс барысында тендовагинитпен ауырған бұқаны емдеу жөнінде айтылған.
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС 2. 104 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2. 301 -68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.
МЖМБС 2. 601 -2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.
Анықтамалар
Хирургиялық операция - ұлпаларға және мүшелерге диагноздық, емдік, экономикалық және косметикалық мақсаттармен көбінде қанды түрде, қолданылатын механикалық әсер.
«Тендовагинит» (tendovaginitis) ауруы - сіңірдің қынабының қабынуымен сипатталатын ауру. Тендовагинит барлық ауыл шаруашылық малдарында кездесетін ауру.
«Тендинит» ауруы (Tendenitis) - сіңірдің қабынуымен сипатталатын ауру. Таңғыш - таңатын материалды немесе компрессті тұрақты бекітуіне арналған жасаулар.
Пункция - мүше қабырғасын тесу немесе организмнің қуыстарын өңір ине немесе троакармен диагноздық немесе емдік мақсатпен тесу.
Иньекция, іnjectio (лат. ендіру) - арнайы сұйықтықты организмге диагноздық немесе емдік мақсатпен енгізу.
Қан алу, missio (лат. Міssіо - шығару, sanguis, inis - қан) - күре тамырдан қажетті мөлшерде, арнайы инемен немесе күретамырды кесу жолмен қан шығаруы.
Қан кету, haemorrhagia - қан жүретін тамырларынан қан кетуі.
Диагноз -ауру малдың жағдайы туралы қысқа түсінік.
Дифференциалды диагноз - ауруды басқа аурулардан ажырататын балау.
Пальпация - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Перкуссия - мал денесінің сыртынан қағып тыңдау.
Габитус - ауру малдың сырт тұлғасын, сыртқы белгілерін, салмағын, темпераментін анықтау.
Белгілер мен қысқартулар
мл - миллилитр
см - сантиметр
% - пайыз
мин - минут
м - метр
т. б - тағы басқа
мм - миллиметр
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе . . . 8
1 Негізгі бөлім . . . 9
- Бұқаның кеуде аяқтарының анатомо-топографиялық деректері . . . 9
1. 2 Ұлпалардың соғылып зақымдануы . . . 11
1. 3 Ұлпалардың соғылып зақымдануы кезіндегі асқынулар . . . 12
2 Өзіндік зерттеу - Ауру тарихы . . . 17
2. 1 Ргоаnamnesis . . . 17
2. 2 Аnamnesis vitae . . . 17
2. 3 Аnamnesis morbi . . . 18
2. 4Status praesens communis18
2. 5 Status praesens universalis . . . 20
2. 6Status prаesens localis . . . 25
2. 7 Diagnosis . . . 26
2. 8 Decursis morbi et therapia . . . 26
2. 9 Epicrisіs. 31
3Техникалық қауіпсіздік . . . 35
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37
Ф. 7. 04-03
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
пәні бойынша
Курстық жұмыс
Пәні
Жұмыс тақырыбы:
Мамандығы:
Орындаған
(студенттің аты жөні, тобы)
Жетекші
(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«»2013ж.
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Комиссия:
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Шымкент 2013 ж.
Ф. 7. 05 - 04
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
кафедрасы
«Бекітемін»
Каф. меңгерушісі __
«»2013ж.
№Тапсырмасы
пәні бойынша курстық жұмыс
Студент
(тегі, аты-жөні)
Жұмыс тақырыбы
Бастапқы мәліметтер
Орындалу
мерзімі
Көлемі
(парақ саны)
Ұсынылған әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні
Жұмыс жетекшісі
(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
( күні, студенттің қолы)
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Дүние жүзінің әр түрлі аймағында тұратын халықтар, өзінің иелігінде жануарларды ұстауына байланысты хирургияның кейбір қарапайым жұмыстарын істеген. Тіпті алғашқы дәуірде малды пішіп емдегенді де білген. Хирургиялық емдер халық арасында кеңінен қолданылады. Мал иелері, бақташылар, ұсталар, тағы басқалар хирургиялық еммен айналысқан. Олар бір - бірінен үйреніп, кейінгі ұрпақтарға өз тәжірибесін беріп жалғастырған.
Хирургия XX ғасырда ветеринарияның жеке саласына айналды. Ветеринариялық хирургияның жетістіктері, Ұлы Отан Соғысы жылдарында жараланған бұқаларды емдеуге зор мүмкіндіктер туғызды. Осы күнгі хирургияның - оперативтік, жалпы, ортопедия және офтальмолоғия сияқты бөлімдері дамуда. Хирургияның мағынасы гректің "Сһeur ergon" деген екі сөзінен алынған. «Қолмен әсер етейін» деп аударуға болады.
Қазақстанның ветеринария хирургиясының дамуы, бұрынғы Кеңестер Одағы ғалым - хирургтардың еңбектерімен тығыз байланысты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі - малды күту, бағу.
Жалпы хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар - грек ғалымы Гиппократ (460-370 ж. ж біздің араға дейін) , атақты Рим дәрігері Цельс (1 ғасыр біздің әраға дейін) және Гален (130-200 ж. ж. біздің араға дейін) болған. Хирургияның дамуына көп үлес қосқан, мал хирургиясы жөнінде кітаптар жазған Рим дәрігері Вегеций.
Алғаш ветеринариялық хирургияда топографиялық анатомияны Петербургта А. А. Январский, Мәскеуде А. А. Петров оқыса, кейіннен Петербург Зооветинститутының кафедрасын В. И. Всеволодов басқарды.
Хирургиялық операцияларды зерттеп жасау анатомиялық деректерге тікелей байланысты.
Хирургиялық операция (латынша. орега - әрекет, жұмыс, еңбек) - малдың ағзаларға және ұлпаларға емдік немесе диагностикалық мақсаттармен қолданылатын механикалық әсерлердің жиынтығы. Кейде шаруашылық қажеттілігімен кейбір операциялар сау малға да жасалады, ол: еркек және ұрғашы малды пішу. Операция мақсаты, оны жасағаннан кейін малдан алынатын өнімділікті жоғарылату.
Әр операция жасар алдында мұқият клиникалық, зертханалық (лабораториялық), рентгенологиялық және тағы басқа арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы аурудың диагнозы қойылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - бұқаның тендинит және тендовагинит ауруларын анықтап, дұрыс диагноз қою және емдеу шараларын жүргізу.
1Негізгі бөлім
1. 1 Бұқаның кеуде аяқтарының анатомо - топографиялық деректері
Алдыңғы аяққа шынтақ буыны, сан, тізе, жіліншік, тұсаулық, бақай құндыздық, тұяқ жатады. Жекелеп тоқтасақ, алдыңғы сан кәрі жілік пен алдыңғы шынтақтан тұрады. Бұқаның алдыңғы аяғының бұлшық еттері нашар болуы да үлкен кемістікке жатады. Жіліншік алдыңғы тізе буыннан, тарамыспен өзара жалғасқан жеті сүйектен құралады. Алдыңғы тізе буыны дұрыс бітпеген бұқаның сирақтары бүккіш не маймақ келеді. Алдына қарай шығыңқы біткен тізе буынын бүккіш тізе, артына бүгіле біткенін - тар тізе, ал алдыңғы тізе буыны шығыңқы болып, аяғы дұрыс тұрмаса немесе қисық болса алшақ тізе деп атайды. Жоғарыда айтылған кемшіліктердің барлығы бұқаның алдыңғы аяғының нашар екендігін дәлелдейді. Мұндай кемшіліктер, әсіресе салт мінетін аттарда болмауға тиіс. Ауыр жүк тартатын бұқаның жіліншігі жуан, салт мінетін бұқа тұқымының жіліншігі жіңішке, ал жергілікті немесе желгіш бұқа тұқымдарының жіліншігі орташа болады. Жіліншіктің сіңірі созылуы, үзілуі сарысу жиналуына және артқы сіңір жуандауына әкеп соғады. Бұны Брондаун деп атайды [7, 10] .
Жауырыншық аумағы (regio scapulohumeralis) : жоғарғы шекарасы - жауырынның жоғарғы және үшінші орта аралығы, алдыңғы шекарасы -бұлшық еттермен жабылғандар жауырынның, жауырын иық буынының және иық сүйектің алдыңғы жақтары; төменгі шекарасы - шынтақ төбешіктің жоғарғы бөлімдеріне тең горизонтальдық жазықтық; артқы шекарасы - шынтақ сызығы. Бұқада мына аумақта сыртқы бұлшық ет төбесінің, дельта тәрізді бұдырлық және иық сүйектің үлкен төбесінің айдарының сүйек шошақтары жақсы байқалады және ұстағанда білінеді.
Шынтақ буыны және білек (regio cubitalis et antebrachialis) : жоғарғы шекара алдындағы аумақтың төменгі шекарасына сай келеді; төменгі шекара - білек сүйектердің дистальдық байлам төбешіктерінен жүрген жазықтық.
Бұқаларда білектің медиальдық беттерінің оның ортасына жақын маңда терісінде бойлаған каштан атты мүйіз құрамы болады. Шынтақ төбешіктің төбе аумағында үстіңгі фасцияның астына, бұқаларда жиі жарақаттаньш, қабынатын терінің астындағы синовиалдық дорба орналасады. Білек медиальдық беттерінде үстіңгі фасцияның астына жақсы байқалатын білек терінің асты қан тамырлары орналасады - басты және қосымшасы; соңғысы кәрі жілікті жазғыш бұлшық еттің медиальдық бетімен бойлай. Бұқада осы екі тамырлардың аралығында тері - бұлшық ет жүйкенің жіңішке тері бұтақ діңі кейде саусақтармен басып байқап қарауға болады. [9] .
Бұлшық еттерге киілетін білектің терең фасциясы волярлық бетінде жуандайды. Ол білек бұлшық еттеріне және олармен бірге өтетін жүйкелермен қан тамырларына арналған екі үлкен фацияльдық қап құрастырады: дорсальдық жазғыштарға және пальмарлық бүктеулерге арналған.
Қанмен қамтамасыз ету орталық, коллатериалдық шынтақ және кәрі жілік тамырлардың бұтақтармен жүзеге асады. Иннервациясы - қолтық асты, орталық, шынтақ, кәрі жілік және тері бұлшық етті жүйкелердің -бұтақтарымен атқарылады.
Тізе аумағы (region carpica) жоғары шекарасы алдыңғы аумақтың төменгі шекарасы, төменгі шекара алдыңғы жіліншектердің жоғары төбешіктерімен жүрген жазықтық. Тізенің латеропальмарлық беттерінде қосымша тізе сүйектері байқалады. Үстінгі фацияның астында прекарпальдық тері асты синовиальдық дорба болады. Тізенің терең фациясы жуан және тығыз жапырақша келеді, ол сіңірлер, сіңір қынаптарын, тамырлар мен жүйкелер бумаларын және 7 дәнекер ұлпа аралық каналдарын қалыптастырады (Садовский) . каналдардың ең үлкені- пальмарлық, ол буынның артқы беттерінде орналасқан. Ол саусақтардың үстіңгі және терең бүккіштердің сіңірлері жалпы қынабымен және малдың түріне тәуелді орталық немесе шынтақ жүйкесін оның қан тамырларымен бірге мазмұндайды. Тізе буынның сүйектері 3 қабат құрастырады: кәрі жіліктік-тізелік- ең үлкені және ең зор қозғалысты, тізе-аралық-қозғалысы кемірек және тізе- тұсамыс қозғалмайтын буын. Осыған орай тізе буыны 3 буын қуыстарын қалыптастырады, олардың тек қана екі екінші бірігіп қосылады. Тізе буынның синовиялдық қабығы кең пальмарлық ілгері шығуы болады.
Мына аумақ орталық қан тамырдың бұтағымен, шынтақ коллатериалдық және кәрі жіліктік қан тамырлардың (бұқа) немесе шынтақ және кәрі жілік қанмен қамтамасызданады. Мына аумақ орталық, шынтақ және тері-бұлшық еттік жүйкелерімен жүйкеленеді.
Жіліншік және саусақтар аумағы (region mttacarp3ca et digitalis) : жоғары шекара алдындағы аумақтың төменгі шекарасына қосылады. Бұқада жіліншіктің негізі болып ІІІ жіліншік сүйек келеді және ІІІ саусақ болады. Соған сәйкесінше ІІ және ІV рудиментті (грифельдік) сүйек болады.
Жіліншік аумағында фациальдық каналдар болады. Ең үлкені пальмарлық беткейде болады. Онда сыртқы және терең саусақ бүккіштері, сүйек аралық бұлшық еттер және құрт тәрізді бұлшық еті үстіңгі және терең қан тамырлары және жүйкелері болады.
Бақай. Жіліншікті бақаймен қосып тұратын тұсаулықтың көлемі және түзу болғаны қолайлы келеді. Бақай дұрыс болмай, сыртқа қарай шығып тұрса - алшақ, ал ішке қарай шығып тұрса-маймақ деп атайды. Мұның қайсысы болса да бұқа аяғының кемістігі. Бақайдың еңкіштігі бірқалыпты 40-45 градус болуы керек. Еңекіштігі бір қалыпты болмаған аяқты тік бақайдейді, мұндай бақай жер басқанда жұмсақ тимейді де, буыны мен сіңіріне зардап келеді, мал сонан тез ақсайды. Бақай ұзын да қысқа да болады, бірақ аяқтары кең, тізе сүйектері бір- біріне тиіспей тұрғаны дұрыс, ондай аяқтар алшақ та маймақ та болмайды.
1. 2 Ұлпалардың соғылып зақымдануы
Жарақат. Жарақаттанғанда зақымданған тканьде мынандай өзгерістер пайда болады: Теңбіл- ұсақ, дөңгелек пішінде қанталау; экхимоза- шағын жайылма қанталау; сугиляция көлемді жайылма қанталау; ол көбінесе тканьдерді қоректендіріп отыратын терінің шел қабығына жайылады; - қан мен сөлдің борпылдақ клетчаткаға құйылып, кейін мұнда қуыстың пайда болуы; гемотомдор- пайда болған қуыста қанның жиналуы. Бұған қоса жарақаттану салдарынан мал организмінде рефлекторлы жолмен пайда болатын үлкен өзгерістердің орын алуы мүмкін.
Белгілері. Ұлпаларға қан, сөл және қабыну салдарынан пайда болған жалқаяқтың құйылуының жарақаттанған орын ісініп кетеді және қабыну өнімдерінің әсер ету салдарынан нерв ұштарының тітіркенуі себепті жарақаттанған орын ауырады. Шел қабық неғұрлым борпылдақ болса, ісік соғұрлым үлкен болады. Ісік тез пайда болады, оның қан талауы (алғашқы сатыда), тығыздануы жіті қабыну сатысында, іркілдеу (қанды ісік кезінде) мүмкін. Тері пигменттелмеген жерінің талаурауы ықтимал. Талаурау себепті жарақаттанған орын 2-3 күннен кейін қоңырқай тартады, ол бірте-бірте өзгеріп, жасыл және сары түсте болады. Қан көп құйылып және жарақат орнының ткані езіліп зақымданса, дене қызуы көтеріледі ( асептикалық қызба), жарақаттанған орган ұлпалардың қызметі бұзылады. Аяқ ұлпалары жарақаттанса, мал ақсайды.
Емі. Бастамада жарақаттанған орынды қатты қысып таңады, жараның айналасына новакаин немесе гемо- новокаин жібереді және мұз, суық суға малынған дәкені басады. Жарақаттанған жердің ісігі қайтып, мал жарақатты ауырсынбайтын болған жағдайда ауру жерге жылу қолданылады, йодвазоген жағылады, ол массаждалады. Өздігінен таралып кетпейтін қанмен сөл жиналған ісік болса, ол троакармен тесіледі, шара болмаған жағдайда жарақат орны кесіліп, антисептиктермен және антибиотиктермен дәріленеді. Жарақаттанған жер іріңдесе не ткань өлі еттенсе операция жасалады.
Созылу. Жұмсақ ұлпалар созылғанда шандырдың, бұлшық еттің, сіңірдің, тарамыстың және нервтердің гистологиялық бір тұтастығы бұзылады, ал анатомиялық біртұтастығы бұзылмайды.
Белгілері. Мал ауырсынады, ісік пайда болады, қанталайды, бұлшық еттің, тарамыстың сіңірдің талшықтарының зақымдануы себепті органның қызметі бұзылады.
Емі. Созылу зақымы күшті болса, малға тыныштық жағдай туғызылады, новокаин жіберіледі, зақымданған орынға қысып тұратын таңығыш не қозғалпайтын гипс таңғыш салады, кейін сол жерді массаждайды, меңдуана майы қосылған йодвазген немесе меңдуана майын болмаса комфора майын сол мөлшердегі хлороформмен араластырып жағады, парофин, емдік талшықпен саз балшық таңу да пайда береді.
Үзілу. Тканьдер үзілгенде олардың анатомиялық бір тұтастығы бұзылады. Мал тайып кеткенде, сүрінгенде, секіргенде, жұмыс кезінде күшті бұлқынғанда, оқыс қимыл жасағанда, аяғы бір нәрсеге қысылып қалғанда, және кіріп кеткен кезінде ткань үзіледі. Тканьнің өздігінен үзілуі мүмкін (тканьдердің патологиялық өзгеру салдарынан) .
Белгілері. Толық үзілмеген болса, ұлпа ісіп кетеді, ауырады, зақымданған органның қызуы көтеріліп, қызметі бұзылады; ткань толық үзілген болса, жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар алғашқы кезде қолмен сипап қарағанда ойық білінеді, бұл тканьдердің үзіліп кеткенін көрсетеді.
Емі. Малды жүргізбеуге жырысады, зақымдалған жер тігіледі және гипстанғыш салынады зақымдалған жер тігіледі және гипстанғыш салынады 3-6 аптадан кейін массаж жасайды, тітіркендіруі шамалы май жағылады, жылу ұстайды, парафин танғыш байланады, йодтың ионтофорезі, диатермия қолданылады.
Жара. Терінің (не кілегейлі қабықтың) және одан тереңірек жатқан тканьдердің біртұтастығы бұзылады.
Барысы. Жараның жазылып кету проссесі үш кезеңге бөлінеді: 1) дегенеративті не гидротация кезеңінде жара маңындағы тканьдер күшті қабынады, зақымданған ткань бқлініп түседі, жара жалқаяқтанады және ол бірте-бірте тазарады; 2) регенеративті, не дигидротация кезеңінде жарадағы қабыну процесі бәсеңдейді, жара тазарады, тканьдер тығызданады және жара орны жас тканьдермен толығады; 3) жараның тыртықтанып бітуі және терінің қалпына келуі.
Жануардың әр түрінде жаралануы процесі түрліше өтеді. Бұқада жарадан серозды - іріңді не іріңді жалқаяқ ағып тұрады.
Емі. Жараны емдеу үшін патогенетикалық, этиорпатогенетикалық әдңстер және қуаттандырғыш дәрі- дәрмектер қолданылады. Бұларға мыналар жатады: 1) жараны хирургиялық жолмен өңдеу - жараны тазарту және жара маңындағы теріні дезинфекциялау, жараны тілу не кесіп, алып тастау; 2) химиялық немесе биологиялық антисептик дәрілерді қолданып, жараға енген микроптардың әсерін төмендету; 3) қуаттандырғыш дәрілерді қолдану арқылы организмнің ауруға төтеп беру қабілетін күшейту.
1. 3 Ұлпалардың соғылып зақымдану кезіндегі асқынулар
Коллапс - кенеттен пайда болған жүрек қызметінің бәсеідеу және қан тамырының қысымы төмендеу. Мұнда артериялық қысым бірден төмендеп, бүкіл организмнің өмірлік қызметтері бәсеңдейді.
Коллапс пайда болу себептеріне, жарақаттанған малдан көп қан кетіп, қансырауы, қатты ауырып тітіркендіріп жатады.
Клиникалық белгілері: жалпы әлсіздік, малдар көбінесе жатып алады, қан тамырының соғысы әлсіз, жиі, болар-болмас білінеді, дем алысы сирек, үстіртін, дене қызуы төмендейді.
Емі. Себептерін жою, организмнің бұзылған қызметін қалыпқа келтіру. Қан ағысын тоқтату. Қанды толықтырып, оның қысымын көтеру. Қан алмастырып құю немесе арнайы қан алмастырғыш ерітінділер жақсы нәтиже көрсетеді.
Шок - естен тану: басында қысқа уақыт қоздырылып, кейіннен жүйке жүйесі мен бүкіл организмнің терең қиналуға ауысатын малдың жалпы ауыр күйі. Тканьдердің соғылып зақымдануы салдарынан малдың естен тануы жиі кездеседі. Күшті жарақаттан нерв жүйесінің өте күшті тітіркенуінен, сүйектің быт-шыт болып сынуынан, тканьдердің езілуінен, нерв сабақтарының жарақаттануынан мал есінен танады. Естен тану жарақаттанған кезде болатын алғашқы естен тану және белгілері жарақттанғаннан кейін бірнеше сағаттан соң білінетін екінші реттегі естен тану деп екіге бөлінеді.
Клиникалық белгілері. Қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы нашарлайды, тынысы жиілейді, кілегейлі қабықтары бозарады, ауырсынады.
Емі. Ауырсынуды бәсеңдетуге және жүрек қан тамыр жүйесінің қызметін күшейтуге бағытталады. Малға жабу жауып, тері астына морфий, кафеин жібереді, бір шелек суға бес қасық көмір қышқыл сода қосып жылы су береді. Венаға малдың 1кг салмағына 1мл есебінен новокаинның 0, 5пайыздық ерітіндісін, глюкозаның 10 пайыздық ерітіндісін (бұқаға 3000-4000мл) жібереді, қан не қан орнына жүретін ерінтінді құяды, наркотиктер қолданылады.
Организмнің жарақатқа жергілікті әрекеті (қабыну) . Қабыну дегеніміз - жоғарғы сатыдағы жануарлардың әр түрлі сыртқы зақымдаушы әсерлерге қарсы жергілікті қорғаныс - бейімделу реакциясы.
Қабыну генетикалық және зат алмасуларынан басқа барлық аурулардың даму барысының негізі болып табылады.
Қабынудың асептикалық және инфекциялық түрлерін айырады. Асептикалық қабыну механикалық, физикалық, химиялық әсерлерден пайда болады. Инфекциялық қабыну ұлпаларға әр түрлі аурулардың қоздырғыштарының енуінен пайда болады. Қабыну экссудат құрамында лейкоциттердің көптігімен, қабынған тканьде іріңге толы қуыстардың, саңылаулардың пайда болуымен сипатталады.
Іріңдеп қабыну малдың барлық мүшелері мен ұлпаларына тән. Ол паренхималық мүшелерде, кілегейлі және сірлі қабықтарда да кездеседі. Қабыну - тамырлар арнасы кеңейіп, қанмен толудан қан сары суы бөлініп, сол арадағы тоқымаға сіңуден басталады. Одан әрі лейкоциттер зор қарқынмен қан тамырының сыртына шығып, тканьде шоғырланады. Кейін олар түйіргікті, сулану және майлану дистрофиясына ұшырайды. Бұл зақымданған лейкоциттер «ірің клеткалары» деп аталады.
Лейкоциттер ыдыраған кезде босап шыққан ферменттер және микробтар қабынған тканьді ерітіп, балқытады да, іріңмен толған саңылаулар, қуыстар пайда болады.
Ірің құрамында сары су көптеген зақымданған нейтрофиль лейкоциттер, макрофагтар, лимфоциттер, балқыған ткань заттары, ткань детриті мен микробтар болады. Қара мал іріңінде әсіресе лимфоциттер көп болады. Мұндай көрініс басқа мал түліктерінде процесс тым ұзаққа созылғанда ғана болады. Ірің сипаты әрдайым бірдей емес. Кейде қою - сарғыш, кейде ақшыл - сарғыш түсті. сондай-ақ ірің - сұйық, лайсаң, сұрғылт-жасыл болуы мүмкін. мұндай ірің негізінен сары судан тұрады, оның құрамында лейкоцит аз.
Іріңдеп қабыну абцес, флегмона, эпиема болып үшке бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz